Главная страница

ботаника. Ботаника пні жне оны салалары


Скачать 60.26 Kb.
НазваниеБотаника пні жне оны салалары
Дата17.12.2022
Размер60.26 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаботаника.docx
ТипДокументы
#849371

  1. Ботаника пәні және оның салалары

Ботанвка (грек, ботане - шөп, өсімдік) - өсімдіктердің ішкі және сыртқы қүрылыс зандылықтарын, жүйеленуін, тіршілік әрекетін, таралу ерекшелігін, ортамен қарым-қатынасын, өсімдіктер жабынының структурасьш зерттейтін ғылым. Зерттеу мақсатына байланысты, ботаника әртүрлі салаларға болінеді Әр саланың бағыты мен зерттеу методикасы болады. Қазіргі тақцағы ботаника көп салалы ғылым. Ботаниканың басты салалары мыналар:

  1. Морфология (грек, морфе - пішін, бейне; логос - оқу, ілім) өсімдіктердің сыртқы пішіні мен ішкі қүрылысын жай көзбен, арнаулы оптикалық қүралдармен (лупа және микроскоппен) зерттейтін сала. Бұл саланы структуралық ботаника деп те атайды. Өз кезегінде өсімдікгер морфологиясы негізі морфологиялық, бірқатар бөлімдерді қамтиды. 1) цитология (грек, цитос - клетка, түтік; логос - ілім) клетка қүрылысы мен тіршілігін зерттейді. 2) гистология (грек, гистос - үлпа) өсімдіктер ұлпасының қүрылысы мен олардың өсімдік мүшелеріндегі орналасуын зерттейді. 3) анатомия (грек, анатомео - кесемін, тілгілеймін) микроскоп көмегімен өсімдік қүрылысын зертгейді. 4) эмбриология (грек, эмбрион - үрық) үрықтың пайда болуын және оның бастапқы даму кезендерін зерттейді. Морфологияның негізгі зерттеу тәсілі, ол бақылау мен бейнелеу (суреттеу). Бірақ морфологияны тек бақылау немесе бейнелеу ғылымы деп санау жеткіліксіз, өйткені ол кең түрде сыртқы ортаның өсімдік қүрылысына тигізер әсерін тәжірибе арқылы зерттейді. Морфологияда маңызды орын алатын багыт, ол салыстырмалы төсіл, яғни қазіргі тандағы өсімдіктер мен оның байы рғы тектестерінің қүрылысын салыстыру. Бүл тәсіл өсімдіктердің әртүрлі түрлерінің қүрылыстық ерекшелігін анықтауға көмекгеседі. Өсімдіктердің құрылысы олардың жеке және тарихи дамуында зерттелуі қажет.

  2. Өсімдіктер физиологиясы (грек, физис - табиғат), олардың өздеріне төн тіршілік қүбылыстарын (зат алмасу, өсу, даму жөне басқа да заңдылықтарын) зерттейді. Физиология физика мен химияның зерттеу төсілдерін кең түрде қолданады.

  3. Өсімдіктер систематикасы (грек, система - қосу) бір-біріне өзара тыгыз байланысты екі мақсатты қамтиды: 1. өсімдіктерді туыстық топтарға жіктеу (классификациялау); 2. өсімдіктердің эволюциялық дамуының тарихи тізбегін анықтау. Бүл мақсаттарга жету жолында өсімдіктер систематикасы тек морфологиялық, анатомиялық талдау ғана емес, басқа да ботаникалық салалардың ғылыми жетістіктерін пайдаланады.

  4. Палеоботаника (грек, палайос - ертедегі) - өсімдіктердің геологиялық кезеңцердегі өзгеруінің жалпы заңдылықтарын зерттейді. Бүл ғылыми бағыттың мәліметгері, өсімдікгер өлемінің тарихи дамуының заңдылығын анықтаута біршама өз өсерін тигізеді.

  5. Фитоценология (грек, фитон - өсімдік, койнос - жалпы) - өсімдіхтер қауымының қалыптасуын жэне даму зақцылықтарын зерттейді. Фитоценоз табигатта белгілі қүрылымы бар, біршама түрақты және заңцы түрде қайталанатын, орман, дала, шөл, батпақ, тундра, тау өсімдіктерін құрайды.

  6. Өсімдіктер географиясы (грек, гео - жер, графо жазу) - өсімдік түрлері мен фитоценоздардың, жер шарыңдағы таралуының ауа райына, топыраққа және геологиялық тарихына байланысын зерттейді.

  7. Өсімдіктер экологиясы (грек, ойкос - үй) - өсімдіктердің және олардың популяцияларының бір-бірімен және олардың сыртқы ортамен қарым-қатынасын зерттейді. Демек, ботаниканың бүл бағыты өсімдіктер морфологиясына тыгыз байланысты. Кез келген өсімдік өкілі белгілі бір өмір сүру жагдайына эволюциялық даму процесінде бейімделеді. Сондықтан да олардың күрылысын, тіршілік зандылықтарын сол өмір сүрген ортасының жагдайымен салыстыра зерттей отырып, түсінуте болады. Ботаниканың басты бөлімдері бір-бірінен онша ерекшеленіп бөлінбейді, сондықтан да оларды жекелей болу, тек шартты түрде ғана.



  1. Жасушаның химиялық құрамы

Жасушаның құрамында 80-нен астам химиялық элементтер кездеседі. Олар жасушадағы зат алмасу процестеріне қатысады. Әрбір жасушаның құрамы ағзалық және бейағзалық қосылыстардан тұрады. Ағзалық қосылыстарға: нәруыздар (ақуыз), майлар, көмірсулар және нуклеин қышқылдары жатады. Бейағзалық қосылыстар: су және минералды тұздар. Ағзалық қосылыстар жасуша құрамының 20-30% үлесіне тең.

1. Нәруыздар — көміртегі, сутегі, оттегі, азот, күкірт және т. б. элементтерден тұратын күрделі ағзалық заттар. Нәруыздар 45°-80° С-да ұйиды. Олардың құрамы 20 аминқышқылынан тұрады.

2. Майлар үш элементтен құралған, олар: көміртегі, сутегі, оттегі. Майлар судан жеңіл, суда ерімейді. Май глицерин мен май қышқылынан тұрады.

3. Көмірсулар — майларға ұқсас, көміртегі, сутегі, оттегіден тұрады. Көмірсу деп аталу себебі, сутегі мен оттегінің арақатынасы сумен бірдей. Демек, сутегі атомы оттегі атомынан 2 есе көп деген сөз. Көмірсуларға әр түрлі суда тез еритін тәтті (кристаллы) қанттар жатады. Бұлардың ішінде көбірек таралғандары — глюкоза (жүзім қанты) мен гликоген (жануарлар крахмалы). Гликоген бауыр мен бұлшықеттер жасушаларында кездеседі.

Нәруыздар, майлар және көмірсулар — жасуша цитоплазмасының, ядросының және органоидтарының негізгі құрылыс материалдары болып саналады. Нәруыздардың молекулалары жасушадағы химиялық реакцияларды тездетуге қатысады. Нәруыздар мен көмірсулар ыдырағанда энергия бөлінеді. Майлар жасуша жарғақшасының құрамында көп болады, әрі энергия көзінің негізгі қоры болып табылады.

Жасуша органоидтары (грекше «organon» – мүше, «eіdos» – түрі) – жасушалардың тұрақты арнаулы бөлігі.

1. Эндоплазмалық тор (ЭПТ) – жасушаның ішін түгелдей бір-бірімен тығыз байланысқан түтікшелермен торлап жататын 2 жарғақшалы түзіліс. Сыртқы жарғақшаларына рибосомалар бекінсе – түйіршікті ЭПТ, бекінбесе тегіс жарғақшалы ЭПТ дейді. Тегіс жарғақшалы ЭПТ майлар мен полисахаридтердің алмасуына қатысады. Түйіршікті жарғақшалы ЭПТ рибосомаларында нәруыздар синтезделеді. ЭПТ торланған түтікшелері жасуша ішіндегі басқа органоидтардың қатынас жасауына көмектеседі.

2. Рибосома – цитоплазмада бос күйінде, жарғақшаға (ЭПТ) бекінген күйінде болатын нәруызды дән тәрізді өте ұсақ органоид. Ол нәруыз синтезіне қатысады.

3. Митохондрия (грекше «mіtos» – жіпше, «chondrіon» – дән) – барлық тірі жасушаларда болады. Пішіні таяқша, жіпше, дән тәрізді түзіліс. Жасушада ондаған, мыңдаған митохондриялар кездеседі. Сыртын 2 қабатты жарғақша қаптайды. Сыртқы жарғақшасы тегіс, ішкі жарғақшасы қатпарлы. Митохондриялар –май қышқылдарын синтездеп, жасушаларды энергиямен қамтамасыз ететін энергия жинақтаушы құрылым. Ішкі жарғақшадағы ферменттер глюкоза мен аминқышқылдарын ыдыратып, май қышқылдарын тотықтырады.

4. Лизосома (грекше «lysіs» – еріту, «soma» – дене) – домалақ немесе сопақша пішінді, бір қабатты жарғақшалы түзіліс. Құрамындағы ферменттердің әсерінен нәруыз молекулаларымен полисахаридтерді ыдыратады. Жасушаға түскен бөгде заттарды ерітеді.

5. Гольджи жиынтығы – ядроға жақын, жасуша орталығын (центриоль) айнала қоршап жататын көпіршік, түтікше тәрізді түзіліс. Жасушада заттардың тасымалдануына, қажетсіз соңғы өнімдердің жасушадан шығарылуына қатысады.

6. Жасуша орталығы – центриоль (латынша «centrum» – орталық нүкте, орталық) Гольджи жиынтығына жақын орналасқан цилиндр пішінді 2 денешік. Жасуша бөлінуінің алғашқы кезеңінде 2 центриоль бір-бірінен екі полюске қарай ажырайды. Ортасында ұршықша жіпшелер пайда болады. Жасушалардың бөлінуіне қатысады.

3. Жасушаның бейорганикалық қосылыстары

Жасушада әртүрлі химиялық реакцияларға қатысатын бірнеше мың заттар бар. Жасушада жүретін химиялық процестер оның өмір сүруінің, дамуы мен жұмыс істеуінің негізгі шарттарының бірі болып табылады.

Жасушаның құрамына кіретін химиялық заттар:

  • Бейорганикалық-жансыз табиғатта да кездесетін қосылыстар: минералдарда, табиғи суларда;

  • органикалық-құрамында көміртек атомдары бар химиялық қосылыстар. Органикалық қосылыстар өте алуан түрлі, бірақ олардың тек төрт класы ғана жалпы биологиялық маңызы бар: белоктар, липидтер (майлар), көмірсулар, нуклеин қышқылдары, АТФ.

Жасушаның бейағзалық заттары — су мен минералды тұздар. Жасуша цитоплазмасында су мөлшері аздау болады. Сондықтан цитоплазма — қоймалжың, жартылай созылмалы сұйықтық. Су жасушаға еріткіш ретінде өте қажет. Себебі жасушадағы түрлі химиялық реакциялар тек еріген заттардың арасында жүреді. Қорек заттары жасушаға тек сұйық (еріген) күйінде қабылданады. Жасушаның 80%-ы су. Оңдагы кажетсіз өнімдер мен зиянды заттар су арқылы сыртка шығарылады.

Жасуша цитоплазмасында тұздардан көбірек кездесетіндері: хлорлы натрий, хлорлы калийден баска натрий, калий, кальций, магнийлердің фосфорлы және көмірқышқылды тұздары. Минералды тұздар судың жасушалар мен жасушааралық заттардың арасында теңдей бөлінуін қамтамасыз етеді.

Бейорганикалық қосылыстар

  • Су-жер бетіндегі ең көп таралған және маңызды заттардың бірі. Суда басқа сұйықтықтарға қарағанда көбірек заттар ериді. Сондықтан жасушаның Сулы ортасында көптеген химиялық реакциялар жүреді. Су метаболизм өнімдерін ерітіп, оларды жасушадан және жалпы денеден шығарады. Судың жылу өткізгіштігі жоғары, бұл дене тіндері арасында жылудың біркелкі таралуына мүмкіндік береді. Судың үлкен жылу сыйымдылығы бар, яғни.өз температурасының минималды өзгеруімен жылуды сіңіру мүмкіндігі. Осының арқасында ол жасушаны температураның күрт өзгеруінен қорғайды.

  • Минералды тұздар-жасушада, әдетте, катиондар (K+, Na+, Ca2+, Mg2+) және аниондар (hpo42 -, H2PO4 -, cl -, HCO3 -) түрінде болады, олардың арақатынасы жасушалардың тіршілік әрекеті үшін маңызды РН ортасының қышқылдығын анықтайды.

Көптеген жасушаларда орта сәл сілтілі және оның рН әрең өзгереді, өйткені ол катиондар мен аниондардың белгілі бір қатынасын үнемі сақтайды.

4. Жасушаның органикалық қосылыстары

Алгашқы синтездеу барысында органикалық заттар минералъді заттардан тузіледі. Мұндай қүбылысқа фотосинтез жатады, бұған алғашқы қүрылысгық материалдар болып көмір қышқыл газы мен су алынады. Фотосинтездің алғашқы өнімі, ол крахмал. Өзінің қалыптасу табигатына байланысты, оны алгашқы өнім деп атайды. Қайта сшггездеу - алгашқы органикалық өнімдерді өзгерту, жаңадан жасау. Бүган қанттардан крахмал, амин қышқылдарынан белокты, майлардан жөне оның туындыларынан басқа да органикалық заттарды қайта синтездеу мысалы бола алады. Алғашқы синтез тотыгу қүбылысынан бөлінетін жарықтың энергиясымен жүреді. Алгашқы синтез өсімдіктерге ғана төн. Жануарлар организмінде тек қайта сшггезделу жүреді. Өсімдіктегі синтездеу өрекетінің нөтижесінде, олардың клеткалары өсіп, одан өрі дифференцияланады. Сингездің кейбір өнімдері клеткада жинақталып - қосындылар деп аталады. Бүл өсімдікгегі клеткалар өмірінің бір қалыптылыгынан туындайды. Органикалық заттардың түзілу ригмі, өсудің, клеткалардың бөліну т.б. осы заттарды түтынатын қүбылыстардың ригміне сай келмейді. Сондықтан да, бүл өнімдер уақытша қорекгік заттар қоры ретінде жинақталады.

Клеткадағы қоректік заттар қоры органикалық қосындылар түрінде (белокгар, майлар, углеводтар) кездеседі. Қорекгік заттар қоры түқымда, жемісте және вегетативгік мүшелерде жинақталады. Углеводтар қоректік затгар қоры ретінде, қангтар, крахмалдар, жартылай клетчатка және басқада қосындылар түрінде болады. Қанттар мен инулин қорга жинақталмайды, өйткені екеуіде суда жақсы ериді де, сондықтан олар клетка шырынында жинақталады. Крахмал суда ерімейді де, клеткада “дәндер” түрінде кездеседі. Крахмал - жоғаргы молекулалы полимерлі қосынды. Қышқылменнемесе арнайы ферменттермен толық гидролизденгенде, онан глюкоза түзіледі. Крахмалды оңай анықтауға болады, ойткені ол иодпен айқын боялады. Шығу тегіне қарай крахмалдың үш түрін ажыратады - ассимиляциялық, транзиттік және қорлық. Ассимиляциялық крахмал - алгашқы. Негізінен крахмалдың бүл түрі фотосинтез нәтижесінде хлоропласта синтезделеді де, оның алгашғы өнімі болып саналады. Хлоропласта алгашқы крахмал көп уақыт сақталмайды, өйткені ол қантқа айналадыда, жапырақтан түтьгаатын орындарға (мүшелерге және оның үлпаларына) агады немесе қорга жинақталады. Транзиттік крахмал қанттың агыс жолында қаЛыптасады да, уақьггша болады. “Қант-крахмал” - дардың бір-біріне айналу барысында қанттардың ағыс жолыңдағы қажетгі конце нтрациясын қамтамасыз етеді. Крахмал қоректік зат қоры түрінде, көп мөлиіерде кейбір үлпаларда ж инақталады (тұқым эндоспермінде, түқым жарнагында, көп жылдық өсімдікгердің тамыр сабағында, жерасты түйіндерінде, пияздарында). Өсімдіктегі өсу қүбылысы қайта басталганда, қорлы қ крахмал қанттанады да, зат алмасуға қатысады. Клеткада углевод пен қатар белокгарда кездеседі. Қоректік зат қоры түріндегі белоктар конституциялық белоктарға қараганда молекулярлық салмағы аз және амин қышқылдар қүрамы біршама басқаша болады. Өсімдік клеткаларындагы қорлы белоктар әртүрлі бейнелі. Суда немесе минералды түздардың ерітіндісінде еритін белокгар 29 клетка шырынында болады. Олардың бірін-альбуминдер, екіншісіы-глобулиндер деп атайды. Цитоплазмадағы ерімейтін белоктар кристалл түрінде кездеседі. Қорлы белоктардың турі - алейрон дөндері (грек, “алейрон ” - үн) көіггеген түқымдарға төн. Бүлар түқымдардьщ пісіп жетілген кезіңде қалыптасады. Бүл кезде кейбір заттар клетка шырынынан цитоплазмаға түседі де, осында полим ерленіп, жоғарғы молекулярлық қорлы заттарға айналады. Ал қалган клетка шырынының құрамды бөліктері алейрон дәндеріне қалыптасады. Алейрон дөндерінің химиялық қүрамы күрделі. Оның негізін әртүрлі белоктардьщ аралас қоспалары құрайды да, біреулері аморфты, енді біреулері кристаллы түрде болады. Кристаллы белоктар майкене дәнінің ірі алейрон дөндерінде жақсы байқалады. Бүдан басқа, алейрон дөндерінен шар тектес дене-глобоидгі коруге болады (3-сурет). Алейрон дөндері астық тұқымдастардың дәнінің эндоспермінің сыртқы қабатында, бүршақ түқымдастарда-түқым жарнагында қорлық үлпалардың клеткалары нда крахмал дәндерімен бірге кездеседі. Аса ірі алейрон дәндері өсімдіктердің майлы түқымдарына тән. Қорекгік заттар қоры ретіңде майлар түқымдарда, жемістерде, спораларда кездеседі. Цитоплазмада майлар тамшы түрінде жинақталады . Жекелеген өсімдіктер түқымында майдың мөлшері біршама жоғары; күнбағыста — 29-56%, зыгырда — 30-47%, көк нәрде - 45%, майкенеде — 60%. Мүндай өсімдіктер май алу үшін, мәдени дақылдар ретінде өсіріледі Клетка тіршілігінің барысыңда, химиялық қүбылыстарға одан әрі қатысы жоқ заттар екшеленеді. Бұл алмасудың соңғы өнімдері немесе катаболиттер Бүларға жататындар; шырын, шайыр, глюкозидтер, эфир майлары, каучук, гуттаперча және т.б. Суда еритін өнімдер клетка шырынында, ал-еримейтіндері арнайы маманданған куыстарда клеткааралықтарда, жеке немесе клеткалар жүйесінде жинақталады. Кейбір өсімдік клеткалары, өзінің тіршілік барысында онімдерін сыртқы ортаға бөліп шыгарады. Бүларға шірнеліктер, бөліп шығарушы (“безді”) түктер және гидатодтар жатады. Өсімдік клеткаларында өртүрлі органикалық қосындылардан басқа, минеральды қоспалар да болады. Олар кристалл пішінді. Бәрінеқде жиі қалыптасатын кальций оксалаты СаС20 4 (3-сурет).

Кальций оксалаты кристаллдарыньщ орналасуында бірыңғай заңцылық байқалады. Олар белсенді зат алмасу жүретін ұлпаларда; сабақ қабыгында және тамырда, өткізгіш шоқ маңайында шеңбермен қоршай флоэмаға түйісе, аналық түйінде және түқымбүрде жинақталады. Кальций оксалатының кристаллдары өте кең тараган, крестгүлділер түқымдастары өкілдерінен басқа, өсімдіктерде кездеседі. Олардың пішшдері әрбір өсімдік түрінде, ұрпақтық түрақтылық байқатады. Кальций оксалаты ның физиологиялық мөні әлі белгісіз. Қазіргі кездегі жорамал бойынпіа, кристаллдар зат алмасудың сощ ы өнімі, сол түрінде олар өсімдікте улы қымыздьіқ қышқылымен байланысады да, өсімдікгі уланудан сақтаңдырады. Кристалл өте қозғалмалы, соңдықтанда өсудің белсенді кезеңшде, олар азаяды. Міне бүл, кальций оксалатының зат алмасуга қатысы бар екендігін дөлелдейді. Өсімдікте гипс кристаллдары, кремнеземдер және магний оксалаты да кездеседі Бірақ бүлар өсімдіктердің кейбір түрлерінде ғана кездеседі.

5. Жасушаның ашылу тарихы

Ғылыми әлемде түңгыш рет ‘клетка’ үғымын XVI ғасырдыц 70-ші жылдарында ағылшын ғалымы Р. Гух қолданды. Клеткалық теорияның негізін қалаушылар неміс ғалымдары; ботаник М.Шлей Ден және зоолог Т.Шванн (1839). Бүл теория барлық организмдердің өте үсақ қүрылымдық элементтерден - клеткалардан кұрылатынын, олардың ірікгелген тобы (немесе жеке клетка) организмде белгілі қызмет атқаратынын дөріптеді. Жаңа клетка тек басқа клетка екіге бөлінгенде ғана пайда болатыны туралы айтылды. Клетка қүрылымын терең зерттеулер XX ғасырдың 30-шы жылдарында электронды микроскоп дүниеге келгеннен басталады.

6. Жасушаның мембранасыз органоидтары

Жасуша органоидтары мембраналы және мембранасыз болып бөлінеді. 
Мембраналы органоидтар бірмембраналық және қосмембраналық болады. Бірмембраналық органоидтарға: Эндоплазмалық тор, Гольджи комплексі, лизосомалар және вакуольдер жатады. Қосмембраналық органоидтарға: митохондриялар және пластидтер жатады.
Мембранасыз жасуша органоидтарына: рибосомалар, жасуша орталығы, микротүтікшелер және микрофиламенттер жатады.
Жасуша органоидтары - жасушалардың тұрақты арнаулы бөлігі. Жасушаның қызметі тек органоидтардың көмегімен ғана орындалады.

  •  Рибосома (рибонуклеин қышқылы, лат. soma - дене) - цитоплазмада бос күйінде, жарғақшаға (ЭПТ) бекінген күйінде болатын нәруызды дәнек тәрізді өте ұсақ органоид. Ол нәруыз синтезіне қатысады.

  • Жасуша орталығы - центриоль (лат. centrum - орталық нүкте, орталық) Гольджи жиынтығына жақын орналасқан цилиндр пішінді 2 денешік. Жасуша бөлінуінің алғашқы кезеңінде 2 центриоль бірінен-бірі екі полюске карай ажырайды. Ортасында ұршықша жіпшелер пайда болады. Жасушалардың бөлінуіне қатысады.

  • Цитоқаңқаның маңызды компоненті болып табылады, жіңішке тубулин нәруызы жіпшелерінен түзілген цилиндр пішінді іші қуыс түтікше :микротүтікшелер

Микротүтікшелерден түзілетін орталық, өте ұсақ денешік, жасушада реттелуге қатысатын негізгі құрылым: жасуша орталық

  • микрофиламенттер Микротүтікшелерден қарағанда әлдеқайда жіңішке нәруыз талшықтары. Олар актин нәруыздары молекулаларынан құрылған жалпақ шиыршықты лента, цитоплазмада екі түрлі формада болады: жеке глобулалар(шарлар) және филаменттер(жіпше) ,плюс ұшы актиннің полимеренуі есебіне өсуіне жүреді; минус ұшы жіпшелерінің деполимерлену жүреді: 
    Микротүтікшелерден жұқа микрофиламеттерден қалың нәруыз молекулалар. Цитоплазма тесіп өтетін қатты және берік нәруыз талшықтары -аралық филаменттер


7.Ұлпалардың жіктелуі

Ұлпа дегеніміз - тұрақты заңды қайгаланатын, шығу тегімен қүрылысы үқсас және бір немесе бірнеше қызмет атқаруга бейімделген клеткалар тобы (комплексі). Денесі үлпаларға дифференциациялану тек күрделі көп клеткалы өсімдікгерге ғана төн. Өсімдікгер қүрылысында миллиондаған жыддарга созылган эволюция барысында жаңа үлпалар пайда болып жөне олардың қүрамына енетін клеткалар түрі көбейді. Ұлпа туралы ғылымның негізін салған белгілі италия ғалымы М.Мальпиги
мен ағылшын ғалымы Н.Грю (1671 ж.) болған. Олардан кейін микроскопиялық техниканың даму барысында ұлпалар туралы көптеген жаңалықтар мен жаңа эксперименттік деректер жинақтала басталды.

Ұлпалар өз кезегіыде, клеткааралықтардың даму деңгейіне қарай тығыз және борпылдак болып дамиды. Демек, олар қүрамындағы клеткалардың пішініне байланы сты паренхим алы қ жөне прозен хи м алы қ клетка қабықшасыныц қалыңдауына қарай қалың жөне жүқа қабырғалы больш бөлінеді. (Үлпалар жас клеткалардың бөлінуі, өсуі және дифференциациялануынан түзіледі.

Сакс (1875) үлпалардың тек үш түрін ажыратты; жабындық, түтікшелі, түпкілікті; Габерланд 12 түрін, оның ішіңде copy жүйесі, желдету жүйесі, бөліп шыгару жүйелері және т.б. бар. Міне бүл мысалдар, үлпалардың классификациясы субьекгивті жөне шартты түрдс екендігін көрсетеді.

Американдық анатом К Эзау (1980) үлпаларды үш жүйеге бөледі; жабындық, өткізгіш және түпкілікті - негізгі.

Көптеген ботаникгер мына төмендегідей өсімдік үлпаларын ажыратады; түзуші, жабындық, арқаулық, өткізгіш. Бүл аталған үлпалардың қүрамына, шыгу тегіне және морфологиялық белгілерімен әрқилы, аралық түрлеріде қосылады.

Өсімдік ұлпаларының қазіргі жіктелуі

Соңғы ғылыми зерттеулердің нәтижелері бойынша ұлпаларды негізінен мынадай
алты топқа бөледі:
• меристемалық (түзуші),
• жабындық,
• негізгі,
• арқаулық (механикалық),
• өткізгіш және
• бөліп шығарушы ұлпалар.
Осылардың ішіндегі түзуші ұлпалардан басқалары түпкілікті ұлпалар.

8. Ассимиляциялық ұлпалар және олардың қызметі

Жасаушы (ассимиляциялық) ұлпа фотосинтез қызметін атқарады. Олардың қүрылысы қарапайым , біршама жүқа қабықшалы, біркелкі паренхималық клеткалардан құрылады. Жасаушы үлпалар бағаналы және борпыддақ хлоренхима болып бөлінеді. Баганалы хлоренхима үзынша, цилиндр пішінді, үзынынан бір-біріне қатарласа, тыгыз және бет жагы өсімдік мүшесіне перпендикулярны болыл орналасады. Борпылдак хлоренхима дөңгеленген, қалақша немесе қалақты жүлдызша пішінді, күрделі клеткааралық жүйесі бар болады. Бүл клеткаларда хлоропластар цитоплазманың қабыргаға жақьпі қабатында орналасады. Кейбір жагдайда, клеткадағы хлоропластар санын арттыру үшін, өрбір клетка қабықшасында өзінің іппсі жағьгаа қарай бағытталган қосымша қатпарлар пайда болады (мысалы, қарағай қылқанының (жапырағының) қүрылысындагы қатпарлы мезофиллдер).

Өсімдік денесінде жасаушы үлпа көп жағдайда, тікелей эпидерманың астында орналасады. Фотосингезге қажетті газ алмасу айналымын жеңілдету үшін хлоренхима клеткаларының аралықтары үлкен, бос болады. Бүл үлпа жапырақ мезофиллінде біршама жақсы жетілген. Кейде өсімдік мүшелерінде хлоренхима терендеу орналасады, мысалы сабақта, арқаулық үлпа астында немесе талшықтыөткізгіш ш оқтарды ң айналасы нда. Хлоренхим алар соңғы жагдайдагы орналасуында, олардың басты қызметі углеводтарды синтездеу емес, тек тынысалуда оттегін бөліп шыгару. Бүл оттегіні сабақтың ішкі үлпалары, бірінші кезекте талиіықты-откізгіш шоқтардың тірі клеткалары пайдаланады.

9. Тамыр құрылысы, қызметі мен типтері

Қызметі

Тамыр - әдеттегі жағдайда, өсімдіхтің топырақтан қоректенуі қызметін атқаратын негізгі вегетативтік мүше. Тамыр ұшындағы меристема қызметі нөтижесіңде үзақ уақыт үзындыққа өсе алатын қабілеті бар, радиальды симметриялы, білікті (остік) мүше. Өркеннен айырмашылыгы - тамырда еш уақытта жапырақтар пайда болм айды жөне там ы рды ң үш ы ндағы м еристем а оймақшамен жабылган. Тамыр өртүрлі физиологиялық жөне механикалық қызметтер атқарады. Олардың ішідцегі ең маңыздылары:

  1. Топырақтан, кейде ауадан суды жөне әр түрлі заттарды сіңірш, оларды сабаққа және жапыраққа беру, бұл әрине тамырдың басты қызметі

  2. Өсімдікті субстратқа бекіту. Тамырлар үзілмейтін, орнықты түра алатын, өте берік мүше. Оның беріхтігін, желдің өсімдікті топырақтан өте сирек жүлып алатындынан көруге болады.

  3. Синтез жасау. Тамырдың бүкіл организм тіршілігі процесіндегі мақызды ролін алташқылардың бірі болып Д.А. Сабинин (1949) көрсеп і Тамырда органикалық қышқылдар, амин қышқыддары, нуклеин қышқылдары, ферменттер, пигменттер, витаминдер, гормондар, алколоидтар және т.б. заттар сингезделуі мүмкін екендігі анықталды.

  4. Бөлу қызметі. Өсімдіктердің өртүрлі қоспаларды бөліп шығаруға қабілеттілігі бар екендігі XVIII ғасырдан белгілі. Оны алғаш рет тамырдың мөрмөр плитасьш ерітіп жіберуге қабілеті бар екендігінен байқады. Тамырдан бөлініп шыққан заттардың қүрамына сапалы анализ жасау нәтижесінде, тамырдың суды, азотты , фосфорды , калийді, ф ерм енттерді, органикалық қышқылдарды, жалпы алғанда клетка ішінде зат алмасуга қатысатын барлық органикалық қоспаларды бөліп шыгара алатыны белтілі болды.

  5. 5. опырақта кездесетін организмдермен өсімдікті байланыстыру. Тамыр өзінің өр түрлі қосындыларды бөліп шығара алатындығы нәтижесінде өсімдікті топ ырақтағы саңырауқұлақтармен, бактериялармен байланыстырады.

  6. Қорлық заттарды жинау. Кейбір өсімдіктердің тамырлары қорлық заттардың жиналатын орнына айналады, мысалы, қызылша (Beta), сөбіз (Daucus), шомыр (Raphanus) т.б

  7. Вегетативтік көбею. Көптеген ағаш, бүта жоне шөптесін өсімдіктердің көлденең өсіп-тараған тамыр тармақтарында қосымша бүршікгер дамиды. Ол бүршіктерден жер бетіндегі өркендер (тамыр өркендері) өсіл шығады. Көкгерек (Populus tremula), сирень (Syringa), ақмия (Goebelia) т.с.с. тамыры арқылы вегетативтік жолмен көбеюдің мысалы бола алады.

Қүрылысы

Тамыр ұзындығына, атқаратын қызметіне байланысты келесі аймақтарға бөлінеді: тамыр оймақшасы, бөліну аймағы, созылу (өсу) аймағы, сору аймағы, өткізгіш аймағы деп бөлінеді.

  • Тамыр оймақшасы тамыр бөліміне кірмейді. Тамыр ұшындағы өсу нүктесінің сыртын қаптап тұрады. Оймақша жасушалары тірі. Сыртқы қабатындағы жасушалары топырақтағы кедергілерге үйкеліп зақымданып түлеп түседі. Оның орнына жаңа жасушалар түзіліп ұдайы жаңарып отырады. Тамыр оймақшасының сыртқы қабатындағы жасушалар шырышты зат бөледі. Ол зат тамыр ұшындағы жаңадан пайда болған нәзік жасушаларды жарақаттанудан қорғайды. Тамырдың топырақтағы қозғалысын жеңілдетеді. Тамыр оймақшасы тамырдың бөліну аймағының сыртын қаптап қорғап тұрады.

  • Бөліну аймағы атқаратын қызметіне қарай сыртқы, ортаңғы, ішкі болып 3 қабаттан тұрады. Ең сыртқы қабатындағы жасушалар тамырдың мөлдір өңі мен оймақшасын түзеді. Ортаңғы қабатынан алғашқы қабық, ішкі қабаттан орталық цилиндр түзіледі. Жасушалары дамылсыз бөлініп, басқа бөлімдерінің қалыптасуына себепші болады.

  • Өсу бөлімінің жас жасушалары бөлінбейді. Ұзынынан созылып ұзарып, тамыр ұшының топыраққа терең енуіне әсер етеді. Алғашқы өткізгіш ұлпалар осы бөлімде түзіле бастайды.

  • Сору бөлімі – өсу бөлімінен кейін орналасқан, қалың түктері бар бөлік. Тамыр түктері тамырдың сыртын қаптап жатқан жұқа өң қабықшасы жасушаларының созылуынан пайда болады. Ол алғаш жай өсінді түрінде 1-3 күнде бұртиып шығады. Қабықшасы тез созылып, түк ұшынан ұзарып өсе бастайды. 10-20 күннен соң қурап түсіп, орнына жаңа түктер шығып, жаңарып отырады. Тамыр түктерінің ұзындығы әр түрлі. Әрбір түк – жұқа қабықшасы, цитоплазмасы, ядросы және вакуолі бар жеке ұзын жасуша. Ол топырақ түйіршіктерімен тығыз жанасып, су мен онда еріген минералды тұздарды сорады. Жас тамырға тірек қызметін атқарады.

  • Өткізу бөлімі – су мен онда еріген қоректік заттарды тамырдан өсімдіктің жер үсті мүшелеріне өткізеді. Бұл бөлімде тамыр түктері болмайды, жанама тамырлар дамиды.

Типтері

Тамырлар шығу тегіне қарай негізгіжанамақосалқы деп бөлінеді. Негізгі тамыр тұқымның ұрық тамыршасынан дамиды. Ол төмен қарай бағытталып, топыраққа тереңдей береді. Негізгі тамырдың жан-жағынан жанама тамырлар таралады. Топырақтан қоректік заттарды соруға қатысады. Қосалқы тамырлар сабақ пен жапырақтан өсіп шығады. Өсімдіктің топыраққа берік орнығып, қоректенуін күшейтеді. Тамыр жүйесі деп бір өсімдікте болатын әр түрлі тамырлардың (негізгі, жанама, қосалқы) жиынтығын айтады.

 

Тамыр жүйесі кіндік және шашақ тамыр болып екіге бөлінеді (2-сурет).

Кіндік тамыр жүйесінде негізгі тамыр өте жақсы жетіледі. Одан жан-жағына жанама тамырлар тарайды (мысалы: асбұршақ, асқабақ, қауын, күнбағыс, жоңышқа және т. б.).

 

Шашақ тамыр жүйесінде негізгі тамыр болмайды. Болған күнде де өте нашар дамып, жуандамай, басқа тамырлармен бірдей өседі. Жуандығы біркелкі жанама немесе қосалқы тамырлар шашаққа ұқсап топталып тұрады. Мысалы, пияз, бидай, жүгері, арпа, сұлы, тары, күріш, сарымсақ және т. б. Тамыр жүйесіндегі тамырлардың бірі – тірек, екіншісі – өсу, үшіншісі сору сияқты әр түрлі қызмет атқарады. Ол сабақ сияқты ұшынан шектеусіз өсе береді.

10. Тамырдың метаморфозы

Өсімдіктің барлық мүшелерінде сыртқы орта жағдайларының өзгеруіне байланысты түрлі ауытқулар мен өзгерістер болады. Тіршілігін сақтап қалу үшін өсімдік мүшелері əртүрлі орта жағдайларына түрін өзгерту арқылы бейімделуін "түрөзгеріс" (метаморфоз) дейді. Олар : Жемтамыр, емізік тамыр, тіреу тамыр, түйнекті тамыр.

Жемтамырлар.Органикалық заттар өсімдіктердің негізгі тамырларының жасушаларында қорға жиналып, жуандап, түрін өзгереді. Мысалы: сəбізқызылшашомыршалқан жəне т.б. Жемтамырлардағы қорға жиналған қоректік заттарды өсімдіктер көктемде пайдаланады. Жемтамырлар асханалық қызылша, сəбіз, шомыр, тарна (брюква), ақжелкен жəне техникалық (қант қызылшасы, шашыратқы) деп бөлінеді. Жемтамырлар шырынды, құрамында органикалық заттар мен витаминдер болғандықтан, күнделікті тамаққа пайдаланады. Жемтамырлы өсімдіктер екіжылдық өсімдіктерге жатады, шалғамнан басқа. Бірінші жылы жемтамыр дамыса, екінші жылы сол жемтамырдан сабақ, гүлі шығып, жеміс береді.

Емізік тамырлар – паразитті тіршілік ететін өсімдіктердің тамырлары. Бұлардың пішіні, түсі басқа өсімдіктердің тамырларына мүлде ұқсамайды. Тамырлары басқа бір өсімдіктің сабағы немесе тамырына жанасқан кезде ғана пайда болады. Емізік тамыр алдымен сабақ өңінде өсінді түрінде шығады. Ол өзіне жанасқан басқа өсімдіктің өңіне (қабығына) еніп, емізік тамырға айналады. Паразитті тіршілік ететін өсімдіктерде хлорофилл болмайды. Сондықтан емізік тамыры арқылы дайын қоректік заттарды сорады (сұңғыла, арамсояу). Емізік тамырдың өсуі паразит өсімдіктердің ерекше органикалық қышқыл бөліп шығаруынан басталады. Қышқыл – жанасқан өсімдіктің қабығын ерітеді. Паразит өсімдіктер қабығынан еніп емізік дамиды. Емізік тамырлар топырақта болмайды, екінші өсімдікке инеше қадалып тұрады. Бұл – паразит өсімдіктердің тіршілік ету жағдайына бейімделгендігінің айғағы.


Тіреу тамырлар – тропиктік ормандарда өсетін ағаштарда болатын қосалқы тамыр. Мысалы, үнді фикусы басқа ағаштың діңіне жабысып өседі. Дами келе қосалқы тамырлар шығып ұзарып, топыраққа (жерге) жетеді. Қосалқы тамырлардың саны көбейіп, жуандайды. Тіреу тамырлар ағаштың діңінен алысқа кетеді. Мұндай ағаштардың діңі өте жіңішке, сұлбасы үлкен болады. Yлкен сұлба мен жіңішке дің тіреу тамырларға сүйеніп өседі.

Түйнекті тамырлар. Нарғызгүл (георгин), батат, шырыш, таушымылдық өсімдіктерінің тарамдалған тамырлары қоректік заттарды қорға жинайды. Сондықтан жуандап, шырынды түйнекті тамырға айналады. Жемтамырдан түйнектамырдың айырмашылығы жемтамырдың тек негізгі тамырына ғана қоректік заттар жиналады. Жанама тамырлары өзгеріссіз қалады. Түйнектамырда тарамдалған тамырлардың барлығы жуандап, шырынды болады. Егер шашақ тамырлар түйнектамырға айналса, барлық тамырлары білеуленіп, жуандап, топтанып тұрады. Түйнектамырлар өсімдік қыстап шығу үшін және жыныссыз көбею үшін керек.

Тыныс алу қызметін атқаратын тамырлары бар өсімдіктер оттегі жоқ, батпақты, сазды жерлерде өседі. Ауа тамырлары болады, ол сабақтан өседі. Ұштары батпақтан шығып тұрады, қабығы жұқа болады (мангр ағашыайтұқым (плюш), монстерасауыр ағашы жəне т.б.) қосалқы тамырларға жатады. Олар ағаш қабығынан сырғып аққан жаңбыр суын сіңіреді.




11. Өркен туралы түсінік, өркен метамері

Өркен - бойында сабақ, жапырақ және бүршік орналасқан өсімдікгің негізгі мүшесі Өркеннің барлық қүрамды бөлшекгері біртүтас түзуші үлпа шоғырынан пайда болады да, бір-бірінсіз тіршілік ете алмайды. Оның тамырдан айырмашылығы жапырақ шығарады, буын және буынаралығы болады. Сабақтың жапырақ өсетін жуандау жерін буын, ал бір буын мен екінші буынның арасын буынаралығы дейді. Буынаралығы ұзын болса, ұзарған өркен, қысқа болса, қысқарған өркен деп аталады (1-сурет). Жапырақтың сабаққа орналасқан жерін жапырақ қолтығы дейді.

Өркен бойындағы буын және буынаралықтар белгілі ретпен, өсу бағытында қайталанады да, өзара үқсас, құрылымды бөлімдер метамерлер түзеді (метамерия грек. “мета ” - бірлесе, бірге: “мерис ” бөлігі, сабағы). Өркеннің мұндай құрылым бөлігі буыннан, буынаралықтан, жапырақтан, қолтық бүршіктен қүралған, жекелеген метамерлер. Демек, өркен - метамерлік қүрылымды жүйе.

Өркеннің басты қызметі - фотосинтезді жапырақ орындайды, ал сабақ неіізінен арқаулық, тасымалдаушы, жерасты бөлігін, жерүсті бөлікгерімен өзара байланыстырушы қызметін атқарады.

12. Бүршік және оның түрлері мен қызмет

Бүршік (лат. gémma) — жоғары сатыдағы өсімдіктердегі өркеннің бастамасы. Бүршіктің сыртындағы қат-қабат қалың, тығыз қабыршақтар өсімдік сабағының ұшар басындағы өсу нүктесін бүркеп тұрады. Ең сыртқы қабыршақтары қоңырқай түсті, одан шайыр тәріздес жабысқақ зат бөлінеді. Олар Бүршікті ыстық-суықтан, желден, зиянкестер мен зақымданудан қорғайды. Бүршіктер көктемде өсімдікте жиналған қоректік заттармен қоректеніп толысады да, сыртындағы қалың қабыршақтары түсіп, Бүршік ашылады (жарылады). Қабыршақтың үзіліп түскен жерінде сақина тәрізді із қалады, сол арқылы өркеннің бір жылда қаншалықты өскенін біледі.

Бүршіктер орналасуына қарай төбе бүршік және қолтық бүршік деп бөлінеді. Төбе бүршік ұрықта қалыптасады, одан болашақта өркеннің барлық мүшелері түзіледі. Төбе бүршіктен өсімдік ұзарып өседі (2-сурет). Қолтық бүршік (жанама бүршік деп те атайды) жапырақ қолтығында орналасады. Өсімдік түріне қарай бір жапырақтың қолтығында бір немесе бірнеше бүршіктер (сарымсақ, қарабүлдірген) болады. Қолтық бүршіктен жан-жаққа бұтақтар өсіп таралады. Бүршіктің және бір түрі қосалқы бүршік деп аталады. Қосалқы бүршіктердің ерекшелігі олар өсімдіктің кез келген жерінен тамырдан, тамырсабақтан, сабақтан, жапырақтан дамиды. Мысалы, қалуеннің (осот) тамырынан жер бетіне қаулап өсетін атпалар (тамыр атпасы), кескен ағаштың томарының айналасына өсетін шыбықтар және т.б. Көптеген өсімдіктердің жапырақтарында дамитын қосалқы бүршіктер әсіресе бөлме өсімдіктерде анық байқалады. Мысалы, бриофиллюм (каланхое) жапырақ тақталарының жиегінде қаз-қатар тізіліп қосалқы бүршіктер шығады. Ол бүршіктердің әрқайсысы жапырақтан ажырап түсіп, өзінше жас өркендердің бастамасын береді. Көпжылдық өсімдіктерде ұсақтау қолтық бүршіктер мен қосалқы бүршіктер ашылмай тыныштық күйге ауысады. Ол бұйыққан бүршік делінеді. Бұйыққан бүршіктер тіршілік қабілетін ұзақ уақыт сақтап, өте баяу өседі. Бұйыққан бүршіктер гүлшетен, үшқат, сары қараған, ырғай, тобылғы бұталарынан басқа көп жылдық шөптесін өсімдіктерде де болады. Әсіресе бұталардың түптенуі осы бүршікке байланысты. Ағаштардың зақымдануы, басқа бүршіктердің өсуі баяулаған кезде бұйыққан бүршіктер дереу белсенді өсе бастайды. Оған ағаш дінінің кесілген бұтақтары мен кесілген ағаш түбінен өскен өркендер мысал болады.

Барлық гүлді өсімдіктерде олардан келешекте не өсіп шыгатынына байланысты бүршікгердің 3 типін ажыратады:

1) гүл бүршігі - көлемі ірі болып, тек қысқарган өркеннің бойына ғана бітеді, бүдан келешекте гүл шығады;

2) жапырақ бүршігі - көлемі гүл бүршігінен үсақ келеді де, жапырақ өсіп шығады:

3) вегетативті-генератнвтік бүршіктен келешекте вегетатативтік метамерлер, гүл немесе гүл шогыры өсіп шығады.

Қызметі. Бүршік өркеннің үздіксіз өсуін, бүтақтануын жөне өркендер жүйесінің қалыптасуын қамтамасыз етеді. Гөбелік бүршіктен басқа өркенде жанама бүршіктер болады. Олардан жанама өркендер пайда болып, бүтақтанып, өркендер жүйесі қалыптасады.

13. Жапырақтың морфологиялық құрылысы және түрлері

Жапырақ – өсімдіктің өсу мүшесі. Қызметі: 1) ауадан көмірқышқыл газы мен су буын сіңіріп, жарықтың әсерінен органикалық зат түзу (фотосинтез); 2) жасушадағы артық суды буландыру; 3) газ алмастыру; 4) органикалық заттарды қорға жинау; 5) көбеюге қатысу. Өркен мен жапырақ бірге дамиды. Алдымен жапырақ тақтасының ұшы, содан соң негізі, соңында сағағы өседі.

   Жапырақтың морфологиялық құрылысы. Жапырақтың негізгі бөліктері. Жапырақ, жапырақ тақтасы (алақаны), сағақ, бөбешік жапырақтар, қынап, тілше және т.б. бөліктерден тұрады. Бұл аталған бөліктер барлық өсімдіктердің жапырағында бірдей кездесе бермейді.    Жапырақтың негізгі бөлігі – оның тақтасы. Бұл бөліктің пішіні атына сәйкес тұқымды өсімдіктердің басым көпшілігінде тақта тәрізді болып келеді жәнеи жапыраққа тән қызметтер негізінен осында жүреді. Атқаратын қызметіне сәйкес жапырақ тақтасының пішіні, мөлшері алуан түрлі болады. Сағақ – жапырақ тақтасы мен оның негізін қосып тұратын бөлігі. Жапырақ негізі дегеніміз – жапырақ тақтасыныңсабаққа бекінетін төменгі бөлігі. Сағақ жапырақтың сабақта күннің түсу бағытына қарай орналасуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар сағақтың өткізгіш шоқтары арқылы су және онда еріген минералдық заттар сабақтан жапырақ тақтасына өтіп, онда фотосинтез жүреді. Нәтижесінде пайда болған органикалық қосылыстар сабаққа қарай жылжиды. Сағағы жоқ жапырақтар сағақсыз немесе қондырмалы жапырақ деп аталады.      Жапырақ қынабы – жапырақ тақтасының сабақты түтік тәрізді қоршап орналасқан төменгі бөлігі. Қынап жапырақты сабақпен байланыстырып қана қоймай, таяныш қызметін де атқарады және төбе бүршігін, буын аралығының қыстырма меристемасы орналасқан төменгі бөлігін ортаның әртүрлі қолайсыз жағдайларынан қорғайды. Егер қынаптың реңі жасыл түсті болса, онда ол фотосинтезге қатысады деген сөз. Реңі мөлдір, үлпек немесе қоңыр тері тәрізді(қияқөлеңдерде) қынаптар да бар. Қынапты жапырақ негізінен астық тұқымдастарға тән. 

Көптеген өсімдіктердің жапырақ негізінен ерекше өскіншелер өсіп шығады, олар бөбешік жапырақтр деп аталады.Олар кішкентай жапырақшалар, тікенектер пішіндес, үлпек қабыршақ тәріздес болада. Бөбешік жапырақтардың көлемі әдетте кішілеу (жоңышқа, беде) келеді. Ал кейбір өсімдіктерде, мысалы, асбұршақта ол кәдімгі жапырақтан ірі. Чинаның кейбір түрлерінің (жапырақсыз чина) жапырақ тақталары м үлде өзгеріске ұшыраған. Мұндай жағдайда фотосинтездің жүруі, органикалық заттың түзілуі тек қана бөбешік жапырақтардың үлесіне тиесілі. Бөбешік жапырақтар бос немесе сағаққа кірігіп, кейде жапырақтың ішкі жағына қарай ауысып, қолтығында өседі. Осыған сәйкес оларды қолтық бөбөшік жапырақтар деп атайды.                             

     Бөбешік жапырақтар негізгі жапырақ тақтасынан гөрі ертерек жетіліп, бүршік жабынының құрамын түзеді. Алайда олар бүршік ашылған кезде түсіп қалатындықтан, оларды ересек өркеннің толық жетілген жапырақтарында кездестіру қиын. 

Жай жапырақтар және күрделі жапырақтар түрлері
Жапырақтың негізгі бөлігі оның тақтасы дедік.Егер жапырақтағы тақта саны біреу болса,онда ол жай жапырақ деп аталады.Жапырақтардың түсуі кезінде жай жапырақ тұтас түсіп қалады.Мысалы,егер жапырақ сағақты болса, тақтасы сағағымен бірге үзіледі.
        Күрделі жапырақта,бір жапырақтың негізгі сағағында екі,үш немесе бірнеше жеке тақташалар болуы мүмкін.Кейде олар өз сағақшалары арқылы өсіп жетіледі де кейін әрқайсысы жеке-жеке түседі.Мұндай жапырақ күрделі жапырақ деп,ал оның жеке тақталары күрделі жапырақтың жапырақшалары деп аталады.Күрделі жапырақтың жапырақшалары орналасқан ортақ сағақ бөлімі рахис делінеді.
         Жай жапырақ тақталарының пішіні алуан түрлі.Мысалы,ине тәріздестері қылқан жапырақты.Оған шырша,қарағай,балқарағай және т.б жапырақтары жатады.Таспа немесе айыл тәрізді жапырақ астықтарға тән.Сол сияқты сыртқы пішініне қарай жапырақтар қандауыр,ромб,жұмыртқа,бүйрек,жүрек,дөңгелек,сопақ,эллипс,жебе,қалқан тәрізді  және т.б болып жүйеленеді.Жапырақ тақтасы жиегінің ерекшелігіне байланысты жапырақтар бүтін жиекті және бүтін деп бөлінеді.Бүтін жиекті жапырақтардың тақта жиегінде ешбір кедір-бұдырлары және тіліктері жоқ.Бүтін жапырақ  тақтасының жиегінде азды-көпті кедір-бұдырлары бар,олардың пішіндері: үшкір тісті,ара тісті, жұмыр тісті ойыс жиекті және т.б болып келеді.Үшкір тісті жапырақ тақтасының жиегіндегі тісшелерінің ұшы үшкір,әрбір тісше негізгі жүйкеге біршама перпиндикуляр өседі.Жиегі ара тісті жапырақ тақтасындағы тісшелердің ұшы үшкір, тіс- тісшелердің сыртқы қабырғасы ұзындау. Сондықтан тісшелер орталық жүйкеге біршама параллель өседі. Жұмыр тісті немесе дөңес, жиекті жапырақ тақтасындағы тісшелердің сырт жағы дөңес, түп жағы үшкір болып аяқталады. Ойыс жиекті жапырақ тақтасының пішіні керісінше, тісшелердің ұшы үшкір де, түп жағы ойыс.

 Күрделі жапырақтар рахисте жапырақшаларының орналасуына қарай үш құлақ, саусақ салалы, қауырсын күрделі жапырақтар болып жүйеленеді. Қауырсын күрделі жапырақтың өзі тақ қауырсын, жұп қауырсын күрделі деп, одан әрі күрделену нәтижесінде екі рет жұп, тақ қауырсынды, үш рет жұп, тақ қауырсынды күрделі жапырақтар деп жіктеледі.

Жүйкелену- жапырақ тақтасында өткізгіш шоқтардың орналасу реті. Жүйке жапырақ тақтасының астыңғы бетінен анық көрінеді және ол өзі өткізгіш шоқтардан тұратындықтан, жапыраққа суда еріген минералдық заттарды жеткізіп, жапырақтан органикалық заттарды төмен қарай өсімдіктің мүшелеріне, сабағына, тамырына таратады. Жапырақ тақтасына мықтылық қасиет беріп, жыртылудан сақтайды.

14. Өркеннің жерасты және жерүсті метаморфозы

Өркен метаморфозы деп өркен тұр өзгерістерін айтады. Олар вегетативті көбеюге қатысуы мүмкін, қор заттарын жинайды, қорғаныш қызметін атқарады.

  1. Өркеннің жерасты өзгерістеріне: тамырсабақ (ландыш, бидайық), түйнек (картоп, жер алмұрты), пиязшық (пияз, жауқазын, лалагүлі), түйнек-пиязшық (шпажник, шафран), столон (картоп) жатады.

  • Тамырсабақтың қойнаулық бүршіктерінен жерүсті өркендері немесе оның жанама тармақтары қалыптасады. Тамырсабақ буындарынан қосалқы тамырлар дамиды. Тамырсабақтың тамырдан айырмашылығы тамыр оймақшасы болмайды. Тамырсабақ моноподийлі және симподийлі бұтақтанады.

  • Түйнек - сабағы өте қатты жуандаған, қабыршақты және бүршікті өркен. Вегетативтік көбею және қор жинау қызметін атқарады.

  • Пиязшық-сағағы ықшамдалып, қысқарған, түбіршекке бөлінген, түрлене өзгерген жерасты, шырынды, етженді қабыршақты жапырақтар. Сыртқы қабыршақтары құрғақ, қорғаныш қызметін атқарады. Түбіршектің төбелік бүршігінен өркен, оның түбірінен қосалқы тамырлар дамиды. Пиязшық вегетативті көбеюге қатысады.

  1. Өркеннің жерүсті озгерістеріне тікенек, мұртшалар, столондар, кладодий, филлокладий жатады.

  • Мұртша және жер үсті столондар -тамырсабақ және кәдімгі жер үсті өркендерінің арасындағы аралық формалары. Олардың төменгі жапырақтары мен қосалқы тамырлары болмайды.

  • Кладодий- жасыл жапырақ тәрізді, жалпақ, өзгерген сабақ.

  • Филлокладий-әсуі шекті, жаиырақ тәрізді жалпайған өркен.


написать администратору сайта