Главная страница

Казахский. Каз яз 0_1. Часть речи, которая обозначает предмет и отвечает на вопросы кто что Трлері (Виды существительных) рамына арай


Скачать 297.21 Kb.
НазваниеЧасть речи, которая обозначает предмет и отвечает на вопросы кто что Трлері (Виды существительных) рамына арай
АнкорКазахский
Дата22.09.2021
Размер297.21 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаКаз яз 0_1.docx
ТипДокументы
#235584


Алфавит.

Алфавит казахского языка состоит из 42 букв, из которых 33 буквы русского алфавита и 9 букв специфические: Ә, Ғ, Қ, Ң, Ө, Ұ, Ү, һ, І. 

В казахском языке 9 частей речи:

1) Зат есім (имя существительное) Пример: бет (лицо), қол (рука)

2) Сын есім (имя прилагательное) Пример: қызыл (красный), биік (высокий)

3) Сан есім (имя числительное) Пример: бір (один), жүз (сто)

4) Есімдік (местоимение) Пример: мен (я), сен (ты)

5) Етістік (глагол) Пример: бару (идти), жазу (писать)

6) Үстеу (наречие) Пример: тез (быстро), таза (чистый)

7) Шылау (послелоги) Пример: үшін (для), туралы (про)

8) Еліктеу сөз (слова-подражания) Пример: күмп (бултых), тарс-тұрс (подр.грохоту), ыржың-ыржың (кривляться)

9) Одағай (междометие) Пример: алақай (ура), тәйт (цыц), құрау-құрау (заплата на заплате)

Зат есім

Аттың атын білдіріп Кім? Не? сұрақтарына жауап береді.

Имя существительное — часть речи, которая обозначает предмет и отвечает на вопросы кто? что?

Түрлері (Виды существительных):
құрамына қарай:

  • Дара (простое – один корень)

Мысалы: дала, бас, қалам.

  • Күрделі (сложное – несколько корней)

Мысалы: мекенжай, балабақша.


тұлғасына қарай:

  • Негізгі (непроизводное – нет суффикса)

Мысалы: мектеп, мысық.

  • Туынды (производное – есть суффикс)

Мысалы: әнші, аспаз.


мағынасына қарай:

  • Жалпы (нарицательное)

Мысалы: теледидар, үстел.

  • Жалқы (собственное)

Мысалы: Алматы, Татьяна, Қазақстан.

  • Деректі (конкретное)

Мысалы: үй, өзен, сиыр.

  • Дерексіз (абстрактное)

Мысалы: ақыл, ой, күн.

  • Жанды (одушевленное)

Мысалы: оқушы, мұғалім, адам.

  • Жансыз (неодушевленное)

Мысалы: кілем, тақта, қарындаш.

Сын есім (Имя прилагательное)


Заттың сыны сапасын, түсін білдіріп Қандай? Қай? сұрақтарына жауап береді.

Имя прилагательное — часть речи, которая обозначает признак предмета и отвечает на вопросы какой? чей?

Сын есім түрлері (Виды прилагательных):


құрамына қарай:

  • Дара (простое – один корень)

Мысалы: әдемі, қызыл, ыңғайлы.

  • Күрделі (сложное – несколько корней)

Мысалы: қып-қызыл, жап-жасыл, өте көрікті.


тұлғасына қарай:

  • Негізгі (непроизводное – нет суффикса)

Мысалы: алтын, ауыр, кең.

  • Туынды (производное – есть суффикс)

Мысалы: ақылды, пайдалы.


мағынасына қарай:

  • Сапалық (качественное)

Мысалы: ыстық, қоныр.

  • Қатыстық (относительное)

Мысалы: таулы, өткір.

Сын есімнің шырайлары (Степени сравнения прилагательных):


  1. Жай (простая)

Мысалы: ауыр, жеңіл.

  1. Салыстырмалы (сравнительная)

Мысалы: әдемілеу, үлкенірек.

  1. Күшейтпелі (усилительная)

Мысалы: жап-жасыл, қап-қара.

  1. Асырмалы (превосходная)

Мысалы: ең жақсы, өте үлкен.

Сан есім (Имя числительное)


Заттың санын ретін білдіріп Неше? Қанша? сұрақтарына жауап береді.

Имя числительное — самостоятельная часть речи, обозначающая число, количество и порядок предметов. Отвечает на вопросы: сколько? который?

Сан есім түрлері (Виды числительного):


құрамына қарай:

  • Дара (простое – один корень)

Мысалы: бір, екі, жүз.

  • Күрделі (сложное – несколько корней)

Мысалы: бес мың, он төрт.


тұлғасына қарай:

  • Негізгі (непроизводное – нет суффикса)

Мысалы: бір, екі, елу.

  • Туынды (производное – есть суффикс)

Мысалы: бірінші, біреу, ондай.


мағынасына қарай:

  • Есептік (количественное)

Мысалы: бір, жүз, жиырма мың.

  • Заттың нақты санын білдіреді. (обозначает конкретное количество предмета) Қанша? Неше? –Сколько?



  • Реттік (порядковое)

Мысалы: бірінші, екінші, бесінші. Бір+інші, алты+ншы, тоғыз+ыншы
Заттың реттік қатарын білдіреді. (обозначает порядковый номер предмета)
Нешінші? Қаншасыншы? – Который?



  • Жинақтық (собирательное)

Мысалы: біреу, екеу,.. жетеу. үш+еу, төрт= төрт+еу, бес= бес+еу, алты =алт+ау

  • Заттың жинақталған санын білдіреді. (обозначает собира - тельное кол-во предмета) Нешеу? –Сколько? Бірден жетіге дейін есептік сан есімдерге –ау – еу – жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. (образуются при помощи данных суффиксов от порядковых числительных : 1-7)



  • Топтау (группирующее)

Мысалы: бірден, екіден, он бестен. Алты+дан, он екі+ден, 10-10-нан,15-15-тен т.б.

  • Заттың санын топтап көрсетеді.(обозначает коли –чество предметов, объединенных в равных частях)Нешеден?Қаншадан? – По сколько ?

  • Болжалдық (приблизительное)

Мысалы: бірер, ондаған, үш-төрттей.

  • Заттың санын дәл білдірмей, шамамен болжамдап көрсетеді. (обозначает предположительное количество предм) Қанша? Неше? Қай шамалы?Қаншадан? Қаншадай? – Сколько?

  • даған-деген-таған-теген-лаған-леген-
    лап-леп-дап-деп-тап-теп-дай-дей-тай-тей
    жұрнақтары арқылы жасалады. (образуются при помощи данных суффиксов)

  • Бөлшектік (дробное)

Мысалы: екіден бір, үш бүтін жүзден он төрт.

  Есімдік (Местоимение)


Есім сөздердің орнына қолданылатын есімдік деп атаймыз.

Местоимение – самостоятельная часть речи, которая указывает на предметы, признаки, количество, но не называет их.


Есімдік түрлері (Виды местоимений):

құрамына қарай:

  • Дара (простое – один корень)

Мысалы: мен, сен, ол.

  • Күрделі (сложное – несколько корней)

Мысалы: бірнеше, кейбіреу, қай-қайсысы.


тұлғасына қарай:

  • Негізгі (непроизводное – нет суффикса)

Мысалы: бұл, міне.

  • Туынды (производное – есть суффикс)

Мысалы: біреу, мынау, барлық.


мағынасына қарай:

  • Жіктеу (личное)

Мысалы: мен, сен, сіз, ол, олар, біз.

  • мен, сен, сіз, ол, біз, сендер, сіздер, олар (я, ты, вы, он, мы, вы, они)
     Сұрақтары: кім? кімдер? (кто?) не? нелер? (что?)
    Тәуелденгенде –нікі-дікі-тікі жұрн. қосылады.
    При образовании форм притяжательности к личным местоимениям прибавляются суффиксы –нікі-дікі-тікі. мен – ме+нікі, сен – се+нікі, біз- біз+дікі, олар – олар+дікі

  • Сілтеу (указательное)

Мысалы: бұл, сол, мынау, осы, міне, анау.

  • бұл, осы, сонау,ол, мына, анау, әне, міне, мінеки т.б. (это, этот, тот и т.д)
    Сұрақтары: қай? қайсы? (который?)
    Түбір тұлғаға –дай-дей – жұрнақтары жалғанып, туынды тұлға жасалады. /мына+дай, сон+дай/.При помощи суффиксов -дай-дей образуются другие формы указательных местоимений.
    В предложении в основном выполняют роль определения)

  • Сұрау (вопросительное)

Мысалы: кім? не? неше? қай? қалай? қашан? қандай? қанша?

  • Жауап алу мақсаты мен сұрау мағынасында қойылады Вопросительные местоимения применяются с целью получения ответа.

  • Өздік (возвратное)

Мысалы: өз, өзім, өзі. өзің, өзіңіз, өзіміз, өздеріңіз
 Сұрағы: кім?



  • Белгісіздік (неопределенное)

Мысалы: кейбіреу, әлдеқайда, әлдеқандай, әрқалай. бір, біреу, бірдеңе, бірнеше, кейбір, біреу-міреу, қайбір, қайсыбір, әркім, әрне, әрқайсы, әрқалай, әрдайым, әрқашан, әлдекім, әлдене, әрнеше, әрқалай, әлдеқашан т.б.

  • Сұрақтары: кім? не? қанша? қашан?
    қалай? қай? т.б. Мысалы: бір – бір+еу, әр - әр+кім, әлде - әлде+не т.б.



  • Болымсыздық (отрицательное)

Мысалы: ешкім, ешқашан, ешқайда, ешқандай.еш, ешбір, ешбіреу, ештеме, дәнеме, ештеңе, ешқайсысы, түк, дәнеме, дым, бірде-бір т.б.
Сұрақтары: кім? не? қайда? қашан?  қайсы? т.б.

Болымсыздық мағынаны білдіреді. Жіктелмейді.(Используются в роли отрицания.)





  • Жалпылау (определительное)

Мысалы: бәрі, бүкіл, барлық, бүтін, түгел. күллі, бүтін, барша, бар, бүткіл, тегіс т.б.
Сұрақтары: кім? кімдер? не? несі?
қанша? қандай? т.б.
Заттар мен құбылыстарды жалпылап, жинақтап айту үшін қолданылады Используются в роли обобщения.

  

 

Етістік (Глагол)

Заттың іс-әрекетін қимыл білдіріп Не істеді? Не істеп жатыр? Не істейді? сұрақтарына жауап береді.


Глагол — часть речи, которая обозначает действие и отвечает на вопросы что делать? что сделать?


Етістік түрлері (Виды глаголов):

құрамына қарай:

  • Дара (простое – один корень)

Мысалы: сөйле, жаз, әкел.

  • Күрделі (сложное – несколько корней)

Мысалы: бара жатыр, сатып алды.


тұлғасына қарай:

  • Негізгі (непроизводное – нет суффикса)

Мысалы: кел, бар, айт.жаз, отыр, оқы

Заттың қимылын білдіретін төл етістік. Сөздің түбірі қосымшасыз, бөлшектеуге
келмейтін етістік болады. II жақтың бұйыру мағынасында жұмсалады.
(Основа глагола – начальная форма глагола, обозначающая действие. Это – корень без аффиксов, неделимая часть слова. Используется во II лице повелительного наклонения)
Мысалы: кел, т.б.



  • Туынды (производное – есть суффикс)

Мысалы: амандас, ойнайды.

Түбір етістікке және басқа сөз таптарына сөз тудырушы жұрнақтар жалғану арқылы
жасалады. Туынды етістіктер есім негізді туынды етістіктер(түбірі есім, үстеу,
одағай) және етістік негізді туынды етістіктер(түбірі етістік)болады.
(Производный глагол – образуется путем прибавления к основе глагола или к другим именным словам словообразующих суффиксов. Производные глаголы бывают именные
производные глаголы (именной корень, наречие, междометие) и глагольные производные глаголы (основа глагола)
Мысалы: ой+ла, ой+ла+н+дыр, есеп+те, таза+лан т.б.

мағынасына қарай:

  • Болымды (утвердительное)

Мысалы: бар, кел, жаз.

  • іс-әрекеттің жүзеге асуын білдіреді.
    (Положительная форма глагола – утверждает, что действие совершилось,совершится, совершается) Мысалы: кел, сана, жаз, кет, шық т.б.



  • Болымсыз (отрицательное)

Мысалы: оқымайды, айтпайды.

  • іс-әрекеттің болмауын білдіреді. Негізгі және туынды етістікке – ма- ме- па – пе –
    ба – бе – жұрнақтарының (синтетикалық тәсіл) немесе – жоқ – емес – сөздерінің
    (аналитикалық тәсіл) тіркесуі арқылы жасалады.
    (Отрицательная форма глагола – отрицает выполнение действия.Образуется путем прибавления к непроизводным и производным глаголам суффиксов –ма - ме – па –
    пе –ба – бе –синтетический способ или слов -не – нет-аналитический способ)
    Мысалы: кел+ме, бар+ма, керегі жоқ, оқыған жоқпын, білдірген емес т.б.



  • Салт (непереходное)

Мысалы: тұрады, ойлайды.

  • өзінің алдынан табыс септігіндегі сөзді қажет етпейтін етістік.
    (Непереходный глагол – глагол, не требующий от предыдущего слова формы винительного падежа) Мысалы: үйге кел, мектепке бар т.б.



  • Сабақты (переходное)

Мысалы: оқыды, көремін.

алдындағы сөздің табыс септікте тұруын қажет ететін етістік.
(Переходный глагол –глагол, требующий от предыдущего слова формы винительного падежа) Мысалы: хат+ты оқы, үй+ді көрді т.б. сұрақ: нені?

Етістік шақтары (Времена глаголов):


Ж.Ж. – Жіктік жалғау

Т.Ж. – Тәуелдік жалғау

  • Осы шақ (настоящее время)


- нақ (Түбір + а, е, й, ып, іп, п + жатыр/отыр/жүр/тұр) + Ж.Ж.

Мысалы: оқып жатырмын, бара жатыр.

- ауыспалы (Түбір + а, е, й) + Ж.Ж.

Мысалы: отырамын.

  • Келер шақ (будущее время)


- болжалды (Түбір + ар, ер, р) + Ж.Ж.

Мысалы: барармын.

- мақсатты (Түбір + мақ/мек, бақ/бек, пақ/пек + шы/ші) + Ж.Ж.

Мысалы: көрмекшімін.

- ауыспалы (Түбір + а, е, й) + Ж.Ж.

Мысалы: орындаймыз.

Келер шақ – сөйлеп тұрған уақыттан кейін болатын іс-әрекетті білдіреді. 3 түрі бар.
(Будущее время – действие происходит после момента речи. Есть 3 вида)
1. болжалды келер шақ – іс-әрекеттің келешекте болатынын болжайды.
(Предположительное будущее время- действие предполагается)
Етістік+-ар-ер-р- + жіктік жалғау.(Глаг суфф.+лич.ок).Мысалы: бар+ар+мын т.б.
2. мақсатты келер шақ – іс-әрекет келешекте мақсат етіле орындалады.
(будущее намерения – действие должно быть совершено после момента речи)
Етістік+-мақ-мек-пақ-пек-бақ-бек-+-шы-ші-+жіктік жалғау.
(Глагол+суфф.+оконч.+личн.ок) Мысалы: бар+мақ+пын, бар+мақ+шы+мын т.б.
3. ауыспалы келер шақ – алдағы уақытта болатын іс-әрекетті білдіреді.
(переносное будущее время - выражает привычное действие в будущем) Етістік+-а-е-й+жіктік жалғау. (Глаг+суфф.+личн.ок)
Мысалы: бар+а+мын, кел+е+сің.

  • Өткен шақ (прошедшее время)


- жедел (Түбір + ды/ді, ты/ті) + Ж.Ж.

Мысалы: жақсы көрдім.

- бұрынғы (Түбір + ған/ген, қан/кен, ып, іп, п) + Ж.Ж.

Мысалы: барған.

- ауыспалы (Түбір + атын, етін, йтын, йтін) + Ж.Ж.

Мысалы: келетін.

Өткен шақ – іс-әрекет сөйлеп тұрған уақыттан бұрын біткенін білдіреді. 3 түрі бар.
(Прошедшее время – действие произошло до момента речи. Есть 3 вида)
1. жедел өткен шақ – іс-әрекет жуық арада болды. (недавно-прошедшее время)
Етістік+-ды-ді-ты-ті-+жіктік жалғау. (Глаг.+суфф.+личн.ок) Мысалы: бар+ды+м т.б
2. бұрынғы өткен шақ – іс+әрекеттің сөйлеп тұрған уақыттан бұрын болғанын білдіреді.
(действительно прошедшее время)
Етістік+-ған-ген-қан-кен-ып-іп-п-+жіктік жалғау. (Глаг+суфф.+личн.ок)
Мысалы: бар+ған+мын, же+ген+сің, кет+кен+мін, жаз+ып+пын, сөйле+п+сің т.б.
3. ауыспалы өткен шақ – іс-әрекет бұрын нақтылы орындалғанын білдіреді.
(переносное прошедшее время – действие точно произошло в прошлом)
Етістік+-атын-етін-айтын-итін+жіктік жалғау. (Глагол+суфф. + личные окончания)
Мысалы: бар+атын+мын, біл+етін+сің, жаз+атын+быз, жаз+ба+йтын+мын т.б.

2. Бұйрық рай (повелительное  наклонение)Іс-қимылдың бұйыру, талап ету,өтіну мағынасын білдіреді.(побуждает к действию, выражает просьбу или приказ) Етістіктің бұйрықты түрде жіктелуі арқылы. (глаголы в повелительном наклонении с личными окончанием) 

Бұйрық рай (повелительное  наклонение)Іс-қимылдың бұйыру, талап ету,өтіну мағынасын білдіреді.(побуждает к действию, выражает просьбу или приказ) Етістіктің бұйрықты түрде жіктелуі арқылы. (глаголы в повелительном наклонении с личными окончанием) 




Шартты рай (условное  наклонение)Іс-қимылдың орындалу-орындалмау шартын білдіреді.(действие выполняется или не выполняется при определенном условии)Шартты райдың болымсыз түрі негізгі етістікке болымсыздық жұрнақтар,сосын шартты рай жұрнақтары қосылу арқылы жасалады.(отрицательная форма образуется с помощью суффиксов ма-ме-па-пе-ба-бе, которые присоединяются к основе глагола, после них присоединяется суффикс условного наклонения) Етістік+ жұрнақ са-се+ жіктік жалғауы.(глагол+суффикс са-се +личные окончания)



Қалау рай (желательное  наклонение) Қалау, тілекті білдіреді.(выражает желание, намерение совершить действие) Етістік+ жұрнақ –ғы-гі-қы-кі +тәуелдік жалғау және көмекші етістік –кел-(гл+суф+притяж. оконч.и вспомог.глаг. –кел-
Ескерту: Төмендегі қосымшалар да қалау рай жасайды.-ғай-гей-қай-кей-са-се игі еді. Менің бар+ғы+м келді.

Тұйық етістік (Начальная форма глагола): Түбір + -У-(жұрнақ).

Мысалы: бару, жазу, айту.
Источник: https://yznaika.com/hints/20-etistik

Үстеу (Наречие)


Үстеу — қимылдың түрлі белгісін (мезгелін, мекенін, себебін, мақсатын, мөлшерін, амалын) білдіретін сөз табы.

Наречие — самостоятельная часть речи, которая обозначает признаки действий, признаки признаков.
Үстеу түрлері (Виды наречия):

құрамына қарай:

  • Дара (простое – один корень)

Мысалы: ертең.

  • Күрделі (сложное – несколько корней)

Мысалы: бүгін, биыл, таңертең.


тұлғасына қарай:

  • Негізгі (непроизводное – нет суффикса)

Мысалы: ерте.

Негізгі үстеулер түбір мен қосымшаға бөлшектенбейді. 

Мысалы: ерте, тез, жоғары, қазір, жылдам, шапшаң, кеш.

  • Туынды (производное – есть суффикс)

Мысалы: қыстай, осыншама, жемейінше.

Туынды үстеу жасайтын жұрнақтар:

-ша, -ше:құсша, ізінше, балаша, бүркітше, жаңаша, бұлбұлша, жекеше;

-лай, -лей, -дай, -дей, -тай, -тей: осылай, жүрелей, жаздай, күндей, көктей, асықтай, жапырақтай, жұлдыздай, арыстандай, т.б.

-дайын, -дейін, -тайын, -тейін: бұлбұлдайын, бүркіттейін, жұдырықтайын, асықтайын, бүйректейін, тотыдайын, сұңқардайын, жорғадайын, балықтайын, т.б.

-шама, -шалық: соншама-соншалық, мұншама-мұншалық, т.б.

-майынша, -мейінше, -байынша, -бейінше, -пайынша, -пейінше: оқымайынша, үйренбейінше, білмейінше, жаттықпайынша, көмектеспейінше, жүгірмейінше, сөйлеспейінше, сыналмайынша, күреспейінше, т.б;

Септік жалғауларының көнеленуі арқылы жасалған үстеулер
(при помощи устаревших падежных окончаний)
ал+ға, арт+қа, кеш+ке т.б. – барыс септік
лез+де, күн+де, баяғы+да, қапы+да т.б. – жатыс септік
шеті+нен, шалқасы+нан, кеңі+нен, ежел+ден т.б. – шығыс септік
жөні+мен, кезек+пен, шыны+мен, түні+мен, күні+мен т.б. – көмектес септік
Сөздердің бірігуі арқылы жасалған үстеулер (наречия,образованные путем сращения)
жаздыгүні /жаздың+күні/, таңертең /таң+ертең,/, ендігәрі /ендігіден+әрі/, биыл /бұл+жыл/ т.б.
Сөздердің қосарлануы арқылы жасалған үстеулер (образованы путем удвоения)
жоғары-төмен, анда-санда, қолма-қол, бет-бетімен, үсті-үстіне, сөйлей-сөйлей т.б.
Тіркес түрінде жасалған үстеулер (наречия, образованные путем сочетания слов)
күні бүгін, ала жаздай, ертеден қара кешке дейін, күн ұзаққа, қас пен көздің арасында.

мағынасына қарай:

  • Мекен (место)

Қайда?– куда? қайдан? – откуда? қалай қарай?

Мысалы: ілгері, кейін, әрмен, қарай, мұнда, осында, әрі, жоғары, төмен, тысқары, артта, тұс-тұсында, одан-бұдан т.б.

Мезгіл (время)

Қашан?– когда? қашаннан бері? –с каких пор?

  • Мысалы: бүгін, былтыр, биыл, ертең, күндіз, әуелі, күні-түні, кешке, қысы-жазы, әлсін-әлі, анда-санда, ежелден т.б.

  • Себеп-салдар (причинно-следствие)

Неге? Не себепті? Неліктен? - почему? по какой причине? т.б.

  • Мысалы: босқа, бекерге, жоққа, құр босқа, лажсыздан, амалсыздан, шарасыздан т.б.

  • Қимыл-сын (действие)

  • қалай? – как? қалайша? – каким образом? қайтіп? – как?

  • Мысалы: әрең, ақырын, бірден, бірге, бірте-бірте, бұрынғыша, қолма-қол, осылай, сөйтіп, келе-сала, емін-еркін, лезде, қаннен-қаперсіз, дереу, жедел, шапшаң, тез т.б.

  • Мөлшер (размер или наречия  количества и  меры)

Қанша?  қаншама? қаншалықты? нешелеп? қаншалық? қаншадан? – сколько? по сколько?

  • Мысалы: онша, сонша, соншама, мұншама, едәуір, анағұрлым, біраз, бірталай, неғұрлым, бірен-саран, азды-көпті, солғұрлым, әжептәуір, қыруар, талай, сондайлық т.б.

  • Күшейткіш (усиление)

  • қалай? – как? қандай? –какой? қайтіп? – как?

  • Мысалы: әбден, тым, ең, ылғи, кілең, сәл, өңкей, тіпті, нақ, әнтек, мүлдем, дәл, нағыз, керемет, қанағат, өте т.б.

  • Мақсат (цель)

Қалай? Қандай мақсатпен? ((не үшін?-для чего? неге?-почему? не мақсатпен? қалай?))
Мысалы: әдейі, жорта, қасақана, көре тұра, біле тұра, әдейілеп т.б.

Үстеудің емлесі (орфограмма наречия)
1. Негізгі , туынды және кіріккен күрделі үстеулер көбінесе айтылуынша жазылады.
(Непроизводные, производные и сращенные наречия в основном пишутся так, как говорятся)
Мысалы: қапыда, абайсызда, тікелей, мұнша, оншалық, қыстыгүні, ендігәрі, әлдеқашан т.б.
2. Қосарлану арқылы жасалған үстеулер дефис арқылы жазылады. (Удвоенные наречия пишутся через
дефис) Мысалы: жоғары-төмен, өте-мөте, күні-түні, ертелі-кеш, өле-өлгенше т.б.
3. Сөздердің тіркесуі арқылы жасалған үстеулер бөлек жазылады. (Наречия, образованные путем
сочетания слов, пишутся раздельно) Мысалы: бір күні, ала жаздай, құр әншейін, күн ұзаққа т.б.

Шылау сөздер (Служебные слова)


Шылау сөздер лексикалық мағынасы жоқ, бірақ басқа сөз таптарымен тіркесіп, сол сөз таптардың мағыналарын толықтырады және айқындайды. Сөздерді, сөз тіркестерін және сөйлемдерді байланыстыратын сөз табы. Шылаулар сөйлем мүшесі бола алмайды.

Служебные слова не имеют самостоятельного лексического значения, но сочетаясь с частями речи, дополняют и уточняют их значение, обеспечивают связь слов, словосочетаний и предложений друг с другом. Служебные слова не могут быть самостоятельным членом предложения.

Атқару қызметіне байланысты шылаулар 3 топқа бөлінеді:

В зависимости от функции служебные слова делятся на 3 группы:

  1. Септеуліктер (Послеслоги, являются аналогами предлогов)

  2. Жалғаулықтар (Союзы)

  3. Демеуліктер (Частицы)



Септеуліктер — белгілі бір септікте тұрған сөзбен ғана тіркесіп қолданылады. Сөздерді сабақтастыра (бағындыра) байланыстырады. Септеуліктер мезгіл, мақсат және себеп-салдар мағыналарын айқындап, сөзден кейін қолданылады. Зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, кейбір етістік түрлерімен тіркесе алады.

Послеслоги применяются только со словом, находящимся в определенном падеже. Связывают слова подчинительной связью. Послелоги выражают временные, целевые, причинные значения слов и находятся после слова. Могут сочетаться с именами существительным, прилагательным, числительным, местоимением и некоторыми формами глагола.

1. Атау септік
(именительный падеж)
кім? не? үшін, сайын, сияқты, тәрізді, секілді, сықылды, сынды, туралы, жайында, жайлы, жөнінде, арқылы, бойы, бойынша, шамалы, шақты, қаралы, ғұрлы, ғұрлым, құрлым, түгіл т.б.
Мысалы: Отан үшін отқа түскендер. Әкем туралы аңыз.
 
2. Барыс септік
(дательный падеж)
кімге? неге? қайда? шейін, дейін, қарай, таман, салым, тарта, жуық, таяу, сәйкес, қарсы т.б.
Мысалы:онға дейін, үйге қарай, кешке таман, соған сәйкес
 
3. Шығыс септік
(исходный падеж)
кімнен? неден? қайдан?
қалай? гөрі, соң, кейін, басқа, астам, артық, бетер, бөлек, өзге, бері, әрі, бұрын, аса, былай, бөтен, ілгері, тыс, шет, бастап
Мысалы: сабақтан соң, үйден бөлек, бестен кейін, менен басқа,  баладан бетер, бұдан әрі т.б.
 
4. Көмектес септік
(творительный падеж)
кіммен? немен? қалай? қатар, қабат, бірге, қоса
Мысалы: сенімен қатар, бізбен бірге, оқулықпен қоса т.б.

Мысалы (Пример):

  • университетке дейін - до университета

  • жыл бойына - в течение года

  • айтуы бойынша - по его рассказам

  • сабақтан соң - после урока

  • түстен кейін - после обеда

  • сен арқылы - через тебя

  • шаруашылық туралы - о хозяйстве

  • сен үшін - ради тебя

  • оқу үшін - для учебы

  • былтырдан бері - с прошлого года

  • менен бұрын - раньше меня

  • әрі отыр - сядь подальше




Жалғаулық шылау – сөздерді, сөз тіркестерін, сөйлемдерді байланыстырады. Атқаратын қызметіне байланысты жалғаулық шылаулар келесі топтарға бөлінеді: ыңғайластық, талғаулықты, қарсылықты, себеп-салдарлық, шарттық, ұштастырғыш.
(Союзы служат для связи слов, словосочетаний, частей сложного предложения, а также  предложений друг с другом. В зависимости от функций союзы делятся на следующие виды: соединительные, разьяснительно-разделительные, противительные, причинно-следственные, условные, смыкающие)
 
1. Ыңғайластық жалғаулықтар
(соединительные союзы)
 
-және-әрі-мен-пен-бен-менен-пенен-  бенен-да-де-та-те-тағы- т.б.
/-и-/ Бірыңғай мүшелерді және салалас сөйлемдерді байланыстырады.
(Связывают однородные члены предложения и однородные предложения)
Мысалы: Өз сүйгенім үшін мен отқа да,  суға да ойланбай түсемін.
 
2. Талғаулықты жалғаулықтар
(разъяснительно-разделительные союзы)

 
-не-немесе-я-яки-әлде-бірде-құй-не /я/ болмаса-біресе-мейлі-кейде-т.б.  /-или -то-то - ли- иногда и т.д./ Сөйлемдегі сөздерді бірыңғай мүше ретінде байланыстырады. (Соединяют в качестве однородных членов предложения слова, находящиеся в отношениях исключения, перечисления, чередования)
Мысалы: Бұл істі я мен бітіремін, я сен  бітіресің.
 
3. Қарсылықты жалғаулықтар
(противительные союзы)

 
-бірақ-бірақ та-алайда-дегенмен- әйтпесе-әйткенмен-сонда-ал-сонда да-сөйтсе де-әйтсе де- өйтсе де -онда да - болмаса-әйтпегенде- т.б. /-но-все таки и т.д. / Қарсылықты қатынас мағынасы ретінде сөздерді, сөйлемдерді байланыстырады. (Соединяют слова, части предложения, отдельные предложения, выражая значение противопоставления, ограничения или результаты действия)
Мысалы: Ділдә сезді, бірақ ол түк  өкінген жоқ. (М.Ә.)
 
4. Себеп-салдарлық жалғаулықтар
(причинно-следственные союзы)
-өйткені-себебі-сол себепті—сондықтан - - неге десең- сол үшін- т.б. /-потому что-по причине-так как/
 
5. Шарттық жалғаулықтар
(условные союзы)

 
-егер-егер де- алда-жалда-әйтпесе- -онда-

/- если-/Негізгі сөйлемде белгіленген іс-әрекеттің орындалу шартын айқындап, сөйлемдерді байланыстырады.
(Присоединяют предложения, в которых раскрываются условия, при которых может осуществляться действие, обозначенное в основном предложении)
Мысалы:Егер ол келмесе, жоспар өзгереді.
 
6. Ұштастырғыш жалғаулықтар  (смыкающие союзы)
-ал-ендеше-демек-яғни- /-значит-то есть-тогда-/
Жеке сөйлемдерді, абзацтарды байланыстыру үшін қолданылады. (Используются для связи отдельных предложений, абзацев)
Мысалы: Демек, жазбайсың?!


Мысалы (Пример):

  • Демалыс күндері – сенбі және жексенбі. - Выходные дни - суббота и воскресенье.

  • Ол қатал, әйткенмен әдiл адам. - Он строгий, однако справедливый человек.

  • Не мен барамын, не сен бар. - Или я пойду, или ты иди.

  • Ол таңертең телефон соқпайды, себебі уақыты болмайды. - Он не позвонит утром, потому что у него не будет времени.

  • Жаңбыр көп жауды, сондықтан егін жақсы шықты. - Дождя много было, поэтому урожай был хороший.

  • Егер олар келмесе, онда біз өзіміз барамыз. - Если они не придут, тогда мы сами пойдём.





3. Демеулік шылау - өзгермейді, түрленбейді, тіркескен сөздеріне қосымша мағына үстейді.  Демеулік шылаулары мағыналарына байланысты 6-ға бөлінеді: сұраулық , күшейткіш, нақтылық,  шектік, болымсыздық, болжалдық шылаулар.
(Частицы – не изменяются, придают словам или предложениям различные значения. В зависимости  от значения частицы делятся на 6 видов: вопросительные, усилительные, уточняющие,  ограничивающие, отрицающие, со значением приблизительности)
1. Сұраулық демеуліктер
(вопросительные частицы)
-ма-ме-ба-бе-па-пе-ше-мы -мі Сұраулық сөйлемдерде қолданылады. Сұраулық реңкін күшейтеді. (Используются в вопросительных предложениях. Им сопутствует вопросительная интонация) Мысалы: Сен бе? Марат ше? Бар ма?
2. Күшейткіш демеуліктер (усилительные частицы)
-ау-ақ-да-де-та-те-ай-әсіресе- Сөйлемдегі күшейткіш мәнді білдіреді. –ау-ақ-ай демеуліктер дефис арқылы жазылады.(Используются для усиления различных эмоциональных оттенков в предложении. Три частицы пишутся через дефис)
Мысалы: Ой, айналайын-ау! Құрғыр-ай, жағаласпа!
3. Нақтылық демеуліктер (уточняющие частицы)
-ғой-қой-ды-ді-ты-ті- Айтылған ойдың нақтылығын дәлелдеу үшін қолданылады. (Используются для подтверждения истинности того, о чем говорится)
Мысалы: Апасының баласы –жақсы бала екен ғой.
4. Шектік демеуліктер ( ограничивающие частицы )
-ғана-қана-ақ-тек- Бір іс-әрекет, сапа, қасиет тек бір сөзді ғана айқындайтынын білдіреді.(Указывают, что данное качество, свойство, действие присуще только определенному слову) Мысалы: Ол кеше ғана келді.
5. Болымсыздық демеуліктер (отрицающие частицы)
-түгіл-тұрсын-тұрмақ- Нақты болымсыздық реңкін білдіреді.
(Выражает подчеркнутое отрицание)
Мысалы: Сен түгіл мен де келдім.
6. Болжалдық демеуліктер (частицы значения
приблизительности)
-мыс-міс-ау-екеш-ды-ді-ті-ті- Болжалды демеуліктер дефис арқылы жазылады. Болжау, күдік мағыналарды білдіреді. (Пишутся через дефис. Передают значение приблизительности, сомнения и т.д.) Мысалы: Ертең ол кетпек-міс.


Мысалы (Пример):

  • Сен киноға бардың ба? - Ты ходил в кино?

  • Ол айтты ғой. - Он ведь сказал.

  • Сөзде ғана, істе жоқ. - Лишь на словах, но не на деле.





Еліктеу сөздер (Подражательные слова)




Еліктеу сөздер — табиғат құбылыстары мен жан-жануарларда болатын әр алуан дыбыстарға және олардың сын-сипат, қимыл-әрекеттеріне еліктеуден туған сөздер. Қазақ тілінде еліктеу сөздердің екі түрі бар:

Подражательные слова — слова, возникшие от подражания звуковых и зрительно образных проявлений, различных природных явлений называют подражательными словами. В казахском языке они делятся на два вида:

Құрамына қарай (по составу)
1. Дара (простые) – бір ғана сөзден тұрады.(состоит только из одного слова)
Мысалы: шалп, сарт, сырт, көлбең, қайқаң , тарс, күмп, жымың т.б.
2. Күрделі (сложные) – екі сөздің қосарлануынан жасалады. (состоит из двух слов)
Мысалы: маң-маң, гүр-гүр, дір-дір, тарс-тұрс, қисаң-қисаң т.б.
Тұлғасына қарай (по способу образования)
1. Негізгі (непроизводные) – бөлшектеуге келмейтін түбір еліктеу сөз.  (подражательные слова,которые состоят из одного корня)  Мысалы: дұрс, ар, жалт т.б.
 
2. Туынды (производные) - түбірге жұрнақ жалғануы арқылы жасалған еліктеу  сөздер. Жұрнақтары: -аң-ең-ың-ің-ң
(подражательные слова,образованные посредством  корень+суффикс) Мысалы: томп+аң, елп+ең, қорб+аң, бұр+алаң, соз+алаң т.б.
Мағынасына қарай (по значению)
1. Еліктеуіш сөздер – түрлі дыбыстарға еліктеуден туындаған сөздер.  (звукоподражательные слова, образованные для подражания различных звуков)  Мысалы: тарс, ар, қарқ, сарт, саңқ, салдыр-күлдір, тасыр-тұсыр т.б.
2. Бейнелеуіш сөздер – көру арқылы сипаттайтын еліктеу сөздер.  (образоподражательные слова)
Мысалы: бүлк, қалт, селк, желп, морт, қисаң-қисаң т.б.


Одағай (междометие)

Одағай –толық мағынасы болмайтын, адамның түрлі көңіл күйін білдіретін және жан-жануарларға қаратылып айтылатын сөздер.

 Одағайға тән негізгі белгілер:

 1. Лексикалық мағынасы болмайды;

2. Сөйлемдегі басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейді;

3. Сөйлем мүшесінің қызметін атқара алмайды.

 Одағайдың үш түрі бар: 1) көңіл күй одағайлары; 2) жекіру одағайлары; 3) шақыру одағайлары.

1. Көңіл күй одағайлары шаттану, таңырқау, ренжу, өкіну, қуану мәнінде қолданылады: пәлі, алақай, пай-пай, уһ, әттеген-ай, қап.

2. Жекіру одағайлары тыйым салу, жекіру мәнінде айтылады:тәйт, тек, жә.

3. Шақыру одағайлары хайуанаттарды, жан-жануарларды қуу, шақыру мәнінде жұмсалады. Жылқыға қатысты құрау-құрау, моһ-моһ;сиырға қатысты ауһау-ауһау, әукім-әукім; қойға қатысты пұшайт-пұшайт;түйеге қатысты көс-көс;ешкіге қатысты шөре-шөреитке қатысты кә-кә, айтақ-айтақмысыққа қатысты пырс,т.б. одағайларқолданылады.

 Одағай сөйлем басында да, ортасында да, соңында да кездеседі. Соған байланысты одағайға қойылатын тыныс белгілер төмендегідей:

1. Одағай сөйлем басында келсе, одағайдан кейін үтір қойылады. Мысалы, Пай-пайтуған жер қандай ыстықҚұрау-құраукер бесті!

2. Одағай сөйлемнің ортасында келсе, одағайдың екі жағынан да үтір қойылады. Мысалы, Далаға шықсамойпырай,батыс жақ от болып жанып жатқандай...

3. Одағай сөйлемнің соңында келсе, алдынан үтір қойылады. Мысалы, Осы алған бетіңнен танбабәрекелдіКөз жасыңды көрсетпетәйт!

4. Кейбір жағдайда одағай қатысқан сөйлем соңына леп белгісі қойылады. Мысалы:

ҚазақстанПай, пай, пайардағым-ай!

Сен менің Шолпанымсың жанған ұдай.

5. Қайталанып айтылған одағайлар дефис арқылы жазылады. Мысалы, Паһ-паһ!Сөз деп осыны айт!


написать администратору сайта