Главная страница
Навигация по странице:

  • Дармаркаға қандай зат апаруға болады

  • дармарка. Дармаркаа андай зат апаруа болады


    Скачать 16.08 Kb.
    НазваниеДармаркаа андай зат апаруа болады
    Анкордармарка
    Дата14.11.2022
    Размер16.08 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файладармарка.docx
    ТипДокументы
    #787250

    Егер сіздін сөреңізде көптен бері шаң басып жатқан заттар болса, олар басқа адамдарға пайда әкелуі мүмкін. Ендеше неге олармен белісіп, басқаларды қуантпасқа?! Мұнда кез-келген адам кітаптар, киім, ойыншықтар, ыдыс-аяқтар, электроника, спорттық, жабдықтар сияқты нарселермен белісіп, қажет дүниелерді ала алады. Тек жақсы күйдегі тауарлар кабылданады.

    Барлық алынбай қалган заттар әлеуметтік дүкенге жіберіледі.

    Бұл іс-шаранын мақсаты – ойланбай тұтынуды, заттарға екінші өмір беру және қоқыс мөлшерін азайту.

    Дармарка сөзі – орыстың “дар”, “благодарить” және “ярмарка” сөздерінің қосындысынан шыққан.

    Демек дармарка –  әр адамның өзіне қажет емес затын апарып, оған екінші өмір сыйлайтын алаң. Мұндай шараға кез келген адам затын қойып кете алады және өзіне ұнаған нәрсені алуына мүмкіндігі бар.

    Дармарка экологиялық шаралардың қатарына жатады. Себебі ол тұрмысқа қажет жаңа заттардың көп өндірілмеуіне үлес қосу үшін ұйымдастырылады. Дармарка болатын күн белгіленіп, адамдар сол жерге заттарын алып келеді. Кейбірі өзіне ұнаған затын іздеп келеді, яғни дармаркаға қатысу үшін белгілі бір дүние алып келу керек деген міндет жоқ.

    Дармарка – заттарға екінші өмір сыйлайтын акция. Бұл жерде адамдар қажет емес заттарын әкеліп, орнына өздеріне керек нәрсені ала алады. Осылайша олар экология мен қоршаған ортаға зор үлес қосады дейді ұйымдастырушылар.

    Айта кетейік, бұл жерге жыртылған, сынған, бүлінген, денсаулыққа қауіпті және жеке гигиеналық заттарды әкелуге болмайды. Бұдан басқасының барлығына рұқсат. Талап – әкелген бұйым қолданысқа, әрі іске жарамды болуы тиіс.

    Дармарка Алматыда алғаш рет 2017 жылы ұйымдастырылды. Мұндай экологиялық шараны өткізуге ресейлік экотренер Роман Саблин себеп болды. Сол кезде шараны ұйымдастырушылар қалған заттың бәрін “Тепло” қайырымдылық жобасына табыстап отырды. 

    Дармаркаға қандай зат апаруға болады?

    Дармаркаға әр адам өзіне қажет болмай қалған кез келген затын апаруына болады. Мысалы, таза, жыртылмаған киім, сынбаған ыдыс, кітап, ойыншық, сөмкелер, төсек жабдықтары, интерьерге арналған заттар, спортқа қажет құралдар, әшекей бұйымдар және электроника. Ең басты талап – аталған заттар тек дармарка болатын күні қабылданады және олар таза, жыртылмаған, сынбаған, қолдануға жарайтын жағдайда болуы керек.

    Дармарка ұйымдастырудағы мақсат не?


    Дармарканың ең басты мақсаты – адамдарға кез келген затты ұқыпты әрі ұзақ қолдануға болатынын көрсетіп, тұрмысқа қажет заттардың көп өндірілуіне жол бермеу. Себебі белгілі бір заттың өндірілуіне біраз ресурс жұмсалады. Ал сол өндірілген тауар кейде қолданылмайды, тіпті сатылмай да қалып жатады.


    написать администратору сайта