Главная страница

латын тілі 3с. Дауыссыз дыбыстарды оылу ерекшеліктері


Скачать 18.38 Kb.
НазваниеДауыссыз дыбыстарды оылу ерекшеліктері
Дата17.11.2021
Размер18.38 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлалатын тілі 3с.docx
ТипДокументы
#274713

Дауыссыз дыбыстардың оқылу ерекшеліктері.

B,d,f,g,m,n,p,t,v дауыссыз дыбыстарына қазақ тілінде баламалары (эквиваленттері) бар, және дәл сол әріптер сияқты айтылады.

Bb – (б) bene(бэне)-жақсы, brachium(брахиум)-иық

Dd – (д) da(да)-бер, duodenum(дуоденум)-ұлтабар

Ff – (ф) folium(фолиум)-жапырақ, femur(фэмур)-сан сүйегі

Gg – (г) gutta(гутта)-тамшы, gemma(гемма)-бұршақ

Mm – (м) mamma(мамма)-сүт безі, manus(манус)-қол

Nn – (н) nomen(номэн)-аты, niger(нигэр)-қара

Pp – (п) papaver(папавэр)-көкнәр, piper(пипэр)-бұрыш

Tt – (т) tincturа(тинктура)-тұндырма, tonsilla(тонзилла)-бадамша без

Vv – (в) ventriculus(вэнтрикулюс)-асқазан

Кейбір дыбыстардың ерекше айтылуы

НҺ – г сияқты немесе қазақша һ сияқты оқылады:

Herba(гэрба) - шөп

Homo(гомо) - адам

Kk сирек, көбінесе латын тілінен шықпаған сөздерде кездеседі және (к) деп айтылады

Kalanchoe(каланхоэ)- каланхоэ

Ll – жұмсақ ль сияқты айтылады

Labium(лябиум) – ерін

Lumbus(люмбус) – бел

С әрпі е, і, у дауысты дыбыстар алдында және ае, ое дифтонгтар алдында – ц болып оқылады. Мысалы

cerebrum(церебрум) – улкен ми

cito(цито) – тез , жылдам

caecum(цекум) – соқыр ішек

Ал a, o, u дауысты дыбыстары, барлық дауыссыз дыбыстардың алдында және сөз аяғында – к болып оқылады, мысалы

costa(коста) – қабырға

cranium(краниум) – бас сүйек

lac(ляк) – сүт.

S әрпі көбінесе с болып оқылады, мысалы

septum(сэптум) – перде

sternum(стэрнум) – төс сүйек

Ал екі дауысты дыбыстардың арасында немесе дауысты және дауыссыз m, n арасында – ұяң з болып оқылады. Мысалы

dosis(дозис) – мөлшер

gargarisma(гаргаризма) - шаю

Сөздік

Латынша

Қазақша

Орысша

Cellula

Columna

Calvaria

Cornea

Corona

Crista

Fissura

Fovea

Gingiva

Gravida

Incisura

Medulla

Medulla ossium

Medulla spinalis

Membrana

Nucha

Orbita

Palpebra

Patella

Pulpa

Retina

Sclera

Substantia

Sutura

Tuba

Ruptura

Comissura

Tunica

Fistula

Agua

Gutta

Herba

Tabuletta

Tinctura

Massa

Жасуша

Бағана

Бас сүйек күмбезі

Мөлдір қабық(көздің)

Тәж

Қыр, жота

Саңылау

Шұңқыр

Қызыл иек

Жүктілік

Ойық

Ми

Сүйек миы

Жұлын

Жарғақ

Шүйде, қарақұс

Көз ұясы

Қабақ

Тізе қалқаны

Ұлпа

Тор қабық(көздің)

Ақ қабық(көздің)

Зат, негіз

Тігіс

Түтік

Жыртылу, жарылу

Жабысып қалу

Қабықша

Жыланкөз, терең жара

Су

Тамшы

Шөп

Таблетка

Тұндырма

Салмағы

Клетка

Столб

Свод черепа

Роговица

Корона

Гребень

Щель

Ямка

Десна

Беременность

Вырезка

Мозг

Костный мозг

Спинной мозг

Мембрана

Затылок

Орбита

Веко

Надколенник

Пульпа

Сетчатка

Склера

Вещество

Шов

Туба

Разрыв

Спайка

Оболочка

Свищ

Вода

Капля

Трава

Таблетка

Настойка

Вес



написать администратору сайта