Главная страница

Политология. Демократи1 Саясаттану теориясы 1 Ерте грек тілінен politicos сзіні аудармасы саясат


Скачать 51.05 Kb.
НазваниеДемократи1 Саясаттану теориясы 1 Ерте грек тілінен politicos сзіні аудармасы саясат
АнкорПолитология
Дата01.02.2022
Размер51.05 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаzhana_politologia_Sarsembaeva_G_A_1_1 (1)-1.docx
ТипДокументы
#349004
страница2 из 3
1   2   3

A) Республикалық референдум

7 Референдумға қатысу осы жастан рұқсат етілген 18

8 Төменде берілген мәселелерінің референдумға қатысы жоғын көрсетіңіз:Президентті сайлау

9 Жеке тұлғаны биліктің бастапқы қайнар көзі ретінде мойындаудан, оның әлеуметтік субъект ретіндегі дербестігін, адам құқықтары мен бостандықтарын заң билігімен қорғауды көздеуден тұрады – бұл:либералдық демократия

10 Батыс еуропалық елдердің басым көпшілігіне тән. Саясаттың басты субъектілері жеке адам да, халық та емес, әртүрлі топтар дейді. Осылайша тек топтың көмегімен жеке тұлға өз мүддесін қорғауға, өзін-өзі көрсетуге мүмкіндік алады – бұл: плюралистік демократи түрі бойынша тек халық қана, заң шығару және үкімет қызметін анықтау құқығына ие болуы керек дегенге саяды. Мұндай демократия түрі әлеуметтік субъект ретіндегі халықтың біртұтастығын, көпшілікке бағынуы қағидатын шексіздендіреді. Сонымен қатар, олар жеке тұлға автономдығын мойындамайды:ұжымдық демократия

12 Тікелей немесе плебисцитарлы демократия:аса маңызды саяси мәселелерді халықтың өзі шешуі керек, ал биліктің өкілетті органдарын азайтып, азаматтардың толық бақылауына бағындыру керек деуден тұрады

13 Өкілдік немесе репрезентативті демократия:халық тек тікелей ғана емес, билік органдарындағы өз өкілдері арқылы да билікке араласа алады деп есептейді. Осындай тәртіпте демократия халық алдында жауапты өкілетті басқару түрі ретінде сипатталады

14 Қатысу немесе партиципаторлы демократия:

E) негізгі идеясы халықтың басым көпшілігің тек билік органдарына өз өкілдерін сайлаумен шектеліп қоймай, басқа да биліктік, басқарулық іс-әрекеттерге тікелей қатысуын көздейді

15 Демократиялық құрылымды қалыптастыруға және бекітуге бағытталған саяси және әлеуметтік процестер:демократияландыру

16 Әлемнің демократияландыру себептерін көрсетіңіз:

Е) авторитарлық саяси жүйелерді либерализациялау

17 Төменде берілген себептерінің демократизацияландыру процесіне қатысы жоғын көрсетіңіз:

D) индустрияландыру, модернизацияландыру, урбанизацияландыру процестері

18 Демократиялық процесс толқындары теориясын жасаушы, ғылыми айналымға «демократияландыру толқындары», «демократияландырудың ғаламдық толқыны» ұғымдарын еңгізген ғалым: С. Хантингтон

19 Демократияның белгілерін шығарған ғалым: Р. Даль

20 Демократияның белгілеріне қатысы жоғын көрсетіңіз:барлық азаматтардың интеллектуалдық саяси элитасына бағынуы
9 Саяси сана және идеология

1 Өмірдегі саяси қатынастарды бейнелейтін, оларды түсініп-сезінетін, адамдардың бұл саладағы іс-әрекеттеріне бағыт-бағдар беретін әлеуметтік сезімдер, түсініктер, көзқарастар жиынтығы:саяси сана

2 Саяси сананың қызметтері:когнитивті, коммуникативтік, идеялық

3 Қарапайым саяси сана – бұл:қалыптасып жүйеге түспеген, күнделікті саяси өмірден туған әдет-ғұрып, дағды, дәстүрлі нанымдар, тағы сол сияқтылардың жиынтығы

4 Теориялық сана – бұл:жағдайлардың мән-мағынасын анықтап, оларды айтарлықтай жоғары дәрежеде теориялық тұрғыдан жинақтап бейнелейді. Сондықтан ол тұжырымдамалар мен көзқарастардың жүйесі болып келеді

5 Саяси психология – бұл:саяси өмір жағдайының ортақтығы негізінде адамдар ұжымдарында, әлеуметтік топтар, таптарда, жеке адамдарда туындайтын сезімдер, көңіл-күйдің, әдет-ғұрыптардың, мінездің ерекше белгілерінің жиынтығы

6 Адамдардың үлкен әлеуметтік топтарының іс-әрекетіне бағдар беріп, олардың мақсат-мүдделерін білдіретін және қорғайтын идеялар мен көзқарастар жүйесі: саяси идеология

7 Саяси идеология қызметтері: танымдық, бағдарламалық, жұмылдыру, амортизациялық, бағалау

8 Идеология түрлері:либералистік, консервативтік, социалистік, фашистік

9 Ең жоғарғы құндылық әрі басымдық ретінде жеке еркіндікті ұстанатын идеология: либералистік

10 «Liberalis» сөзінің аудармасы:еркін

11 Бұл саяси идеология 17 ғ. Ұлыбританияда пайда болды: либералистік
12 Төменде берілген белгілерінің либералистік саяси идеологиясына қатысы жоғын көрсетіңіз:өзінің мақсаты мен идеалдары ретінде әлеуметтік әділеттілік, теңдік, бостандық пен адамдардың шығармашылық даму бірлестіктерін дамытуды жариялайды

13 Өзінің мақсаты мен идеалдары ретінде әлеуметтік әділеттілік, теңдік, бостандық пен адамдардың шығармашылық даму бірлестіктерін дамытуды деп есептейтін идеология түрін табыңыз:социалистік

14 «Socialis» сөзінің мағынасы:қоғамдық, жолдастық

15 Әлемдегі ең бірінші социалистік мемлекет?КСРО

16 Бағдарлардың, ұстанымдардың, қоғамның мемлекеттік-саяси жүйелерінің өміріне қатысты, ондағы адамның орнын анықтауға байланысты құндылықтардың әлеуметтік-философиялық және идеологиялық тұжырымдар жиынтығы консервативтік

17 «Conservo» сөзінің аудармасы: сақтаймын, қорғаймын

18 Төменде берілген белгілерінің консервативтік саяси идеологиясына қатысы жоғын көрсетіңіз:тұлғаның еркін дамуын шектемейтін және әрбіріне мемлекеттік-құқықтық қорғау, адам құқы мен азамат бостандығын сақтау кепілдігін беретін қоғам құруды көздейді

19 Төменде берілген белгілерінің фашистік саяси идеологиясына қатысы жоғын көрсетіңіз: қоғамда орнығып қалған дәстүрлер мен құндылықтарды сақтау

20 Бұл саяси идеология 1919 ж. Италияда пайда болды. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін басқа елдерге, оның ішінде Германияға лезде таралып, национал-социализм аталуы:

фашистік
10 Адам және саясат

1 Қоғамдық өмірдің нақтылы тарихи жағдайлары қалыптастырған, саналы іс-әрекет ете алатын, өз әрекетіне жауап беретін, еңбек етіп қарым-қатынас жасаушы, айналадағыны танып-білуші жеке адам тұлға

2 Грек тілінен аударғанда «просопон» осы мағынаны білдіреді жеке тұлға, персона

3 Белсенді іс-әрекет жасаушы, сана мен жігері бар жеке адам немесе әлеуметтік топ

субъект

4 Субъектінің танымдық және басқа іс-әрекеті неге бағытталса, соны айтады объект

5 Саясатқа қатысу шамасында қарай тұлғаның деңгейлері барлық жауаптар дұрыс

6 Саясатқа қатысу осы формада болуы тиіс барлық жауаптар дұрыс

7 Жеке тұлғаның әлем қауымдастығы мойындап, халықаралық-құқықтық құжаттарда бекітілген, әлеуметтік және құқықтық тұрғыдан қамтамасыз етілген, ешкім шек қоймайтын немесе тыйым сала алмайтын ерешеліктері адамның құқықтары мен бостандықтары

8 Грек философы, адам құқықтарын «табиғи» және «шартты» деп екіге бөлген

A) Аристотель

9 Адамның мемлекеттің саяси және қоғамдық өміріне араласу мүмкіндіктері

D) адамның саяси құқықтары

10 Адамның құқықтары мен бостандықтары туралы халықаралық маңызы бар ең бірінші құжат адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы

11 Адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын жария еткен бірден-бір халықаралық-құқықтық құжат адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы

12 Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясын БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы осы жылда қабылдаған 1948 ж.

13 Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы консультативті кеңесші орган

Адам қүқықтары жөніндегі комиссия

14 Адам қүқықтары жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен осы жылда құрылған 1997 ж.

15 Көпшіліктің ой-пікірі, көзқарастарына икемделу, әсіресе билік басындағы адамдардың ығына жығылып, бейімделу конформизм

16 Саяси өмірдегі қалыптасқан тәртіпті қабылдамайтын және оған бағынбаушылардың типін белгілейтін түсінік нонконформизм

17 Сайлауға қатысудан бас тартуды абсентизм

18 Белгілі бір бағытты қолдаушылардың келісімі консенсус

19 Дәстүрлі саяси мәдениеттің элементерінің қазіргі заманғы саяси құралға ауысуы – бұл

C) эволюционизм

20 Қоғамдық тәртіппен келіспеушілікті тура және жанама түрде білдіру – бұл оппозиция
11 Cаяси элита

1 Әлеуметтік стратификация жүйесіндегі ең жоғарғы стратасы элита

2 «Элита» сөзінің мағынасы таңдаулы, іріктелген

3 Элита терминін әлеуметтануға және ғылыми айналымға енгізген философ В. Парето

4 Саясаттанушы, саяси элитаны «түлкілер» мен «арыстандарға» бөлген В. Парето

5 В. Парето басқаруға қатыспайтын саяси элитаны белгілеу үшін ғылымға осы түсінік енгізді контрэлита

6 Қазіргі элита теориялары түрлеріне қатысы жоғын көрсетіңіз әлеуметтік

7 Бұл элита теориясында биологиялық-генетикалық белгілеріне байланысты адамдарды аса көрнекті және қатардағы, белсенді және енжар, ақыл-есі дұрыс және кеміс деп бөлуге негіз бар биологиялық

8 Бұл элита теориясында әрбір адамның психикалық ерекшеліктеріне, оның өмірінің әлеуметтік факторларына байланысты өзгерген мінез-құлықтың әртүрлі типтерін мойындауға баса назар аударылды әлеуметтік-психологиялық

9 Қазына-байлықты, қаржы-қаражатты бөлуге байланысты және тағы басқа саяси маңызды шешімдер қабылдауға қатысты жоғары мәртебесі мен ықпалы бар ұйымдасқан тобы саяси элита

10 Билікке иелігіне қарай саяси элитаны былай топтастыруға болады

A) басқарушы және оппозициялық

11 Жаңару, қайта жасақталу тәсіліне сай саяси элитаның түрлері

ашық және жабық

12 Билік ету қорына байланысты элитаның түрлері дәстүрлі және қазіргі

13 Қазіргі элитаның түрі барлық жауаптар дұрыс

14 Бұл элита түрінде басқарушы қызметке үміткердің ерекше қасиеттері, көпшілік жұртқа ұнай білу қабілеті басты орын алады. Мұнда кандидаттың байлығына, кәсібіне, біліміне, мамандығына онша мән берілмейді антрепренерлік элита

15 АҚШ-тың президенті Рональд Рейган, губернаторы Арнольд Шварцнегер осы элитаға жатады антрепренерлік элита

16 Осы элитада үміткер билік сатысы бойынша баяу болса да анық көтеріліп отырады. Мұнда жоғары лауазымды қызметке үміткерге көптеген талаптар қойылады. Оған кандидаттық білімі, адамдар арасындағы жұмыс тәжірибесі, партиялық стажы және т.б. жатуы мүмкін гильдиялық элита

17 Бұрыңғы социалистік елдерде кең тараған номенклатуралық элитаның түрі

E) гильдиялық элита

18 Қазіргі оппозицияның басшысы Ж. Тұяқбай осы элитаның өкілі

C) билеуші емес

19 Биліктің құзырлығының көлемі бойынша Қазақстанда жоғарғы саяси элитаның құрамына кірмейтін өкілі

E) облыс әкімі

20 Элитаның технократиялық концепциясы тұрғысынан қарағанда басқарушы элитаға енуді осы себептер қамтамасыз етеді

D) білім және кәсібилік жан-жақтылық

12 Cаяси басшы

1 Қоғамдық-саяси ұйымға, қозғалысқа, мемлекетке әрдайым және шешуші ықпал ететін тұлға саяси басшы

2 Осы басшылық теорияда адамдарды белсенді және белсенді емес, танымал және қарапайым деп жіктеуде биогенетикалық белгілер басшылыққа алынады биологиялық

3 Біреулерді ерекше, ал екіншілерді қатардағы адам ретінде көрсететін психологиялық белгілер деп есептейтін басшылық теория психологиялық

4 Әр адамның психологиялық ерекшеліктері мен оның өміріндегі әлеуметтік факторларға байланысты адамдардың мінездері де әртүрлі болатындығын мойындайтын басшылық теория әлеуметтік психологиялық

5 «Элиталардың айналу» теориясының негізін салушы В.Парето

6 «Олигархияның темірдей заңын» теориясының негізі салушы Р.Михельс

7 Саяси топ бастаушыларды топтастыруға алғаш қадам жасаған немістің әлеуметтанушысы М.Вебер

8 Ту көтерер саяси жетекшінің сипаттамасы оның өмірге өз көзқарасы, болашаққа болжамы бар және оған жету жолдарын да біледі. Ол өмірде болып жатқан оқиғалардың сипатын жақсы түсінеді, оны өзгертудің жолын, қарқынын айқындайды

9 Қызмет етуші топ бастардың ерекшеліктері

ол өзінің жолын қуушылардың мүддесін дәлме-дәл білдіре білудің арқасында құрметке бөленеді

10 Саудагер топ бастардың сипаттамасы

B) оның ерекшелігі – алдына қойған жоспарды іске асыруға соңына ергендердің бәрін жұмылдырып, сендіре білу қабілетінде

11 Өрт сөндіруші топ бастардың ерекшеліктері

A) ол уақыттың талабына сай өз жақтастарының жинақтап қойған сауалына, қысылтаяң жағдайларда шапшаң шешім тауып, жол көрсете алады

12 М.Ганди, М.Лютер, Я.Хамейни осы топ бастаушыларға жатады

A) ту көтерер саяси жетекші

13 Л.И.Брежнев, К.У.Черненко, Д.А.Кунаев осы топ бастаушыларға жатады

B) қызмет етуші топ бастар

14 Р.Рейган, Б.Н.Ельцин осы топ бастаушыларға жатады

C) саудагер топ бастар

15 Д.Буш, Б.Клинтон, Я.Арафат осы топ бастаушыларға жатады

D) өрт сөндіруші топ бастар

16 Формальды жетекші – бұл

C) белгіленген ережелер арқылы басшылық орынға тағайындалады

17 Формальсыз жетекшінің сипаттамасы

D) ондай серке кішкентай топтарға тән келеді және оны қатысушылар өздері тандайды

18 Авторитарлық серке – бұл

A) өз жұмысында күш қолдануға сүйеніп, жалғыз өзі басқарғысы келеді

19 Демократиялық жетекшінің ерекшеліктері

B) алдағы мақсатты, белгілегенде және оны іске асырғанда қасындағы адамдарды қатынастырып, олармен ақылдаса отырып шешеді

20 Күрделі мәселелерді сырттай қарағанда тартымды ұрандармен түсіндіруге тырысатын адам. Ол өзінен артық, ақылдырақ біреудің рөлін ойнайды. Ондай саяси қайраткерлер ең алдымен қалай да жұртқа ұнау, соның арқасында өзіне пайдалы саяси бейне (имидж) жасау үшін қам жейді саяси ұқсампаздар (популист)
13 Cаяси процесс

1 Әлеуметтік қауымдастықтың, саяси ұйымдар мен топтардың, белгілі бір саяси мақсатқа жету үшін бірігіп жасаған іс-әрекетінің нәтижесінде қоғамның саяси өмірінің бір қалыптан, жағдайдан екінші жағдайға келіп ауысуын, өзгерісін, қозғалысын айтады

B) саяси процесс

2 Саяси процестің кезеңдері (қате жауапты табыңыз)

E) дұрыс жауап жоқ

3 Саяси процестің қай даму кезеңінде жеңіске жеткен жүйе, бір жағынан, ескінің орныққан элементтерін, ұйымдарын қайта жұмыс істетеді, екінші жағынан, жаңартып, өзгертеді

B) саяси жүйенің өзін-өзі жаңартуы

4 Бұл саяси процестің түрінде халық тікелей және өкілдері арқылы билейді

B) демократиялық 5 Осы саяси процесте билік авторитарлық көсем, монархтың, бір билеуші партияның, әскери топтың қолында болады

A) антидемократиялық

6 Бұл саяси процесте азаматтар, топтар билік институттарымен үздіксіз кездесіп, мақсат-мүдделерін білдіріп отырады. Билік органдары қоғамдық пікірді зерттеп, саралап, олардың талап-тілектерін ескеріп, соған орай саяси бағытына түзетулер еңгізеді

C) ашық

7 Осы саяси процесте бүкіл билік орталықтарын қолында, жергілікті жердің ой-арманымен санаспайды, стратегиялық мәні бар саяси шешімдерді қабылдаудан шеттетіледі жасырын

8 Бұл саяси процесте билік институттары өтімді, сенімді жұмыс істейді, азаматтар да саяси іске белсенді қатынасады жасырын

9 Бұл саяси процесте қоғам өмірі күйзеліске ұшырап, тығырыққа тірелген шағында пайда болады. Оған халықаралық қатынастардағы шиеленістер, соғыстағы жеңіліс, өндірістің ұзақ уақыт құлдырауы, көпшілік халықтың әл-уақатының нашарлап, төмендеуі және т.с.с. әлеуметтік кекілжіндер себеп болады тұрақсыз

10 Өмір сүріп отырған әлеуметтік құрылымның негіздерін сақтай отырып, қоғамдық өмірдің кейбір қырларын өзгертіп, қайта құру реформа

11 Қоғамдағы биліктің, саяси жүйенің толық, түбегейлі өзгеруі революция

12 Саяси үстемдік етуші топтың, мемлекет органдарының шектен тыс іс-әрекетіне жауап ретінде туады. Революциямен салыстырғанда ол үйымдаспаған, стихиялық түрде келеді, анық-айқын мақсаты болмайды бүлікшілік

13 Бір топ адамның мемлекеттік төңкеріс жасау мақсатымен жасаған іс-әрекеті. Оны көбіне әскери топ өз диктатурасын орнату үшін пайдалануға тырысады путч

14 Қоғамдық-саяси көңіл-күйді, талаптарды, наразылықтарды, ынтымақтастықты көрсететін бұқаралық шеру демонстрация

15 Жалднбалы жұмысшылардың өз саяси, экономикалық талап-тілектерін жүзеге асыру мақсатында ұйымдасқан түрде бір немесе бірнеше мекемелерде жұмыс істеуді тоқтатуынан көрініс табатын негізгі күрес құралдарының бірі ереуіл (забастовка)

16 Бір мәселені талқылауға арналады. Ол саяси биліктің не саяси серкенің шешімін қолдау немесе қолдамау болуы мүмкін. Оған көп адам қатысып, өз көзқарастарын білдіреді

C) бұқаралық жиналыс

17 Жалпыхалықтық дауыс берудің бір түрі. Халықаралық қатынастарда даулы аумақтағы халықтың дауыс беруі арқылы қай мемлекетке қарайтынын анықтау. Немесе басқа елдің жерін күшпен қосып алған жағдайда, халықтың пікірін білу үшін өткізіледі плебисцит

18 Мақсаты мен нәтижесі белгілі бір уақытқа басқару және шешім қабылдау қызметтерін жүзеге асыратын адамдарды сайлау жолындағы іс-әрекеттің жиынтығы сайлау

19 Институционалданып реттелген демократияның элементтері

A) сайлау, референдум, плебисцит

20 Тікелей қатысу процестің түрі институционалданып реттелген демократия

14 Әлемдік саясат және халықаралық қатынастар

1 Мемлекеттердің және басқа халықаралық субъектілердің әлемдік сахнадағы іс-әрекетінің жиынтығы әлемдік саясат

2 Халықтар, мемлекеттер, мемлекеттік жүйелер арасындағы дүниежүзілік деңгейде жүргізілетін саяси, экокномикалық, құқықтық, демократиялық. әскери, мәдени байланыстар халықаралық қатынастар

3 Адамзаттың бұдан былайғы тағдыры және әлеуметтік дамуы шешілетін аса маңызды мәселелер жиынтығы ғаламдық мәселелер

4 Жалпы құзыры бар, ашық түрдегі халықаралық, мемлекетаралық, әмбебап ұйым. 1945 жылы КСРО, АҚШ, Ұлыбритания және Қытай арасындағы келісім негізінде құрылды Біріккен Ұлттар Ұйымы

5 Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым, мәдениет саласындағы бөлімі ЮНЕСКО

6 Солтүстік атлантикалық келісімге сәйкес құрылған еуропалық және солтүстік Америка мемлекеттерінің әскери-саяси одағы НАТО

7 Халықаралық үкіметтік емес ұйым, кедендік салықтарды төмендету мен халықаралық саудадағы кедергілерді жоюға бағытталған көпжақты үкіметаралық келісім ретінде 1947 ж. Құрылған Бүкіләлемдік сауда ұйымы

8 Табысының негізгі көзі мұнай және мұнай өнімдерін шығару мен экспортау болып табылатын, құрамына 11 ел кіретін халықаралық ұйым Мұнай Экспорттаушы Елдер Ұйымы (ОПЕК)

9 2001 ж. алты мемлекеттің (Қытай, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан) бастамасымен құрылған үкіметаралық халықаралық ұйым Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы

10 1968 ж. батыстық ғалымдардың бастамасымен құрылған халықаралық үкіметтік емес ұйым. 100-дей атақты әлемдік деңгейдегі ғалымдар мен қоғам қайраткерлерінің, Еуропа, Азия, Америка капиталистік елдерінің іскер топтары өкілдерінің басын қосадыРим клубы

11 Өзінің қаржылық-экономикалық әлеуетінің арқасында ғаламдық мәселелерді шешуде елеулі рөл атқаратын, бүкіл адамзатқа маңызды ықпал ететін әлемнің анағұрлым дамыған елдерінің тобы. Топтың мүшелері: Ұлыбритания, Германия, Италия, АҚШ, Франция, Жапония, Канада және Ресей «Үлкен сегіздік»

12 «Халықтар арасында әріптестігі дамытып, олардың бейбітшілігі мен қауіпсіздігінің кепілі» болуды мақсат тұтатын халықаралық ұйым. 1919-1920 жж. Париж бейбіт конференциясында құрылған ұйымның Жарғысы бастапқыда 44 мемлекетпен, оның ішінде соғыста Антанта жағында болған 31 мемлекетпен бекітілді Ұлттар Лигасы

13 Еуропадағы босқындар мен мәжбүрлі қоныс аударушыларға көмек көрсету мақсатында 1951 ж. құрылған ұйым Миграция бойынша халықаралық ұйым

14 Бейтарап және ерікті гуманитарлық ұйым. 1863 ж. құрылған. Женева конвенциясы бойынша бұл ұйым өз күшін халықаралық қақтығыстар немесе елдегі ішкі толқулар мен карулы қақтығыстар құрбандарын қорғауды қамтамасыз етуге және оларға көмек беруге бағыттайды Қызыл Крест

15 Мұсылман елдердің бір орталыққа біріктіріп отырған ұйым Ислам конференциясы ұйымы

16 Басты мақсаты «Еуропа халықтарының барынша тығыз байланысын орнату» болып табылатын ықпалдастырушы ұйым Еуропалық Одақ

17 Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан арасында құрылған халықаралық экономикалық ұйым Еуразиялық экономикалық қауымдастық

18 Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымның құрылымдық бөлімшесі. Адам құқықтарының сақталуын қадағалап, демократияны дамытып, нығайтуға қол ұшын береді Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюро

19 1955 ж. достық, әріптестік және өзара көмек жөнінде Албания, Болгария, Венгрия, ГДР, Польша, Румыния, Чехословакия және КСРО арасында келісім негізінде құрылған әскери-саяси одақ Варшава келісім ұйымы

20 Халықаралық ұйым, мүше-мемлекеттерді өмір сүру деңгейін көтеруге экономикалық және коммерциялық бағыттау, толық жұмысбастылықты қамтамасыз ету, өндірістің өсуі және тауар мен қызметтің сауда алмасуы мақсатында құрылған Бүкіләлемдік сауда ұйымы

15 Cаяси партия

1 Латын тілінен аударғанда «партия» қандай мағынаны білдіреді?бөлу

2 Мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде, бір идеология негізінде құралған адамдардың ерікті одағы: саяси партия 3 Бұқаралық партияның ерекшеліктері: сайлаушылары көп, мүшелері белсенділері де көп. Партиялық билеті жоқ, мүшелік жарна төлемейді

4 Кадрлық партияның белгілері: сайлаушылардың 10% ғана болатын мүше саны аз, ұйымдастырушылық жағынан жоғары деңгейде. Әр мүшесінің партиялық билеті бар. Мүшелік жарна төлейді

5 Парламенттік партияның ерекшеліктері: екі қызмет атқарады: парламентке бақылау жасайды, сайлауға дайындалады

6 Қауымдастық партиясының белгілері:ортақ көзқарас, ұқсас мүдделеріне орай маңызды мәселелерді талқылау үшін біріктіріледі

7 Консервативтік партияның ерекшеліктері: ірі буржуазияның мүддесін қорғайды. Теңсіздікті сақтағысы келеді

8 Саяси жүйедегі рөлі мен іштей ұйымдасуына байланысты саяси партияларды былай топтастыруға болады:сайлаушылар, парламенттік, авангардтық, қауымдастық

9 Саяси идеологиясына қарай саяси партиялардың жіктелуі:коммунистік, социал-демократиялық, буржуазиялық-демократиялық, консервативтік, фашистік

10 Саяси өмірдегі алатын орнына қарай саяси партиялардың топтастыруы:билеуші және оппозициялық

11 Жұмыс істеу жағдайына байланысты саяси партиялардың топтастыруы:ресми, жартылай ресми, құпия

12 Өкімет билігі үшін күрес арқылы қазіргі жағдайды өзгертуге немесе үкіметке ықпал жасай отырып, оны нығайтуға тырысқан қоғамдық күштер – бұл:саяси қозғалыс

тобының мүддесін білдіріп, қорғайтын, алдына қойған әлеуметтік мақсатқа жету үшін ерікті түрде мүшелікке кірген, оған материалдық көмек көрсететін, өзін-өзі басқаратын адамдардың бірлестігі:сяси қоғамдық ұйым

14 Кәсіподақ дегеніміз: бір мамандықтың немесе өндірістің бір саласында еңбек ететін адамдарды біріктіретін қоғамдық ұйым

15 Алғашқы кәсіподақтар осы мемлекетте пайда болды: Англия

16 Бұл саяси партия 1999 ж. қантарда құрылды. Партияның төрағасы – Назарбаев Н.Ә. Басты мақсаттары ретінде партия қоғамды одан әрі демократияландыруға бағытталған экономикалық және саяси реформалардың жүзеге асуына белсенді түрде жәрдемдесу, азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыру және т.б. деп жариялады «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы

17 Бұл саяси партияның төрағасы – Перуашев А.Т. Партия 2002 ж. 3 сәуірде тіркелген. Партияның негізгі мақсаттары – тәуелсіз, гүлденуші, демократиялық және еркін Қазақстан. Партия Қазақстанды одан әрі демократияландыру бойынша ұсынымдар жасау жөніндегі келісу комиссияларының жұмысына белсенді араласады «Ақ жол» демократиялық партиясы

18 Бұл саяси партияның төрағасы – Қалиев Ғ.Ә. Партия 2002 ж. 1 науырызда тіркелген. Өз мақсаттарымен партия аграрлық секторды мемлекеттік реттеуді және қолдауды күшейтуді, ауыл еңбекшілерінің мүдделерін қорғауды көздейді социал-демократиялық «Ауыл» партиясы

19 Бұл саяси партияның төрағасы – Сыдықов Т.С. Партия 2004 ж. 14 маусымда тіркелген. Партия Қазақстанда құқықтық демократиялық әлеуметтік мемлекет құруды, тиімді, озық және дамыған экономикалық жүйе жасауды, азаматтық қоғам қалыптастыруды өзінің басты міндеті деп есептейді «Әділет» демократиялық партиясы

20 Қазақстанның алғашқы саяси партиясы ( 1917 ж.): «Алаш»

16 Cаяси партия

1 Мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билікті жүргізуге қатысуға бағытталған, ортақ мүдде, бір идеология негізінде құралған адамдардың ерікті одағы қалай аталады
1   2   3


написать администратору сайта