Диспансеризация. Дені сау балаларды дисп.. Дені сау балаларды диспансерлеу принциптері
Скачать 27.09 Kb.
|
Дені сау балаларды диспансерлеу принциптері Бала денсаулығын қорғауға арналған шаралар тиімділігінің негізгі көрсеткіші баланың денсаулығы болып табылады. Ерте жастағы балалардың «денсаулық» ұғымы – дәл осы сәттегі ауру мен зақымдану жоқтығы ғана емес, бұл детерминирленген факторлар (генетикалық, эмбриологиялық, постнатальды, социальды), көрсеткіштер (физикалық және нервті-психикалық даму, функционалды жағдайы және резистенттілік, аурушаңдық) жиынтығын түзуші денсаулық деңгейі. Диспансеризация – профилактикалық денсаулық қорғау талаптарына сай келетін жұмыстың ең бір жетілген әдісі. Диспансерлік қызметке сау және ауру балаларды диспансерлеу жатады. Диспансерлеу – бұл баланың күйі мен саулығына даму деңгейіне динамикалық бақылау, орныққан лабораториялық зерттеулер арқылы баланың денсаулығындағы ауытқуларды ерте тауып, кезінде сауықтыру және түзету шараларын жүргізу және де бала дамуын тиімді жағдай жасау. Диспансеризацияның негізгі міндеттері: денсаулықты сақтау, нығайту және қалпына келтіру; баланың қоршаған ортасын, оның тұрмыс және оқу жағдайларын сауықтыру; әр түрлі жас топтарындағы балалардың физикалық және нейропсихикалық дамуын жақсарту; психоәлеуметтік бейімделу мен үйлесімді дамуды қамтамасыз ету; дер кезінде емдеу үшін патологияның жойылған нысандарын, аурулардың ерте сатыларын анықтау, ауыр формалар мен асқынулардың алдын алу; аурудың өршуінің және мүгедектіктің немесе өлімнің басталуының алдын алу үшін науқас балаларды емдеу және оңалту және т. б Денсаулық жағдайын әрбір қарау кезінде педиатр 5 негізгі белгілері бойынша бағалайды: амнезінде ауытқулар бар немесе жоқ (тұқым қуалаушылық, биологиялық, социалды) жүйелер мен ағзалардың функционалды жағдайы ағза резистенттілігі мен реактивтілігі физикалық және нервті-психикалық дамудың деңгейі мен гормониясы созылмалы ауруы және туа пайда болған патологиясының бар жоқтығы. Анте-, интра- немесе ерте постнатальды кезеңде бұзылыстар бар жоқтығының белгілері. Ата-анасынан отбасының кем дегенде 3 ұрпақта туу жайлы шежіресін жинау әдісі(генеалогиялық анамнез), даму тарихы, анықтамалар қағаздарындағы ақпараттарды көшіріп алу әдісі арқылы. Биологиялық және әлеуметтік анамнез жинайды. Биологиялық – жүктілік ағымы, 1-2 үштіктегі токсикоздар, түсік қаупі, жүктілік кезіндегі анасының аурулары, бала табу кезіндегі анасының жасы 18 кіші немесе 30 асқан, ұзаққа созылған немесе тез босану, сусыз кезеңнің ұзаққа созылуы, босану кезіндегі көмек, ерте постнатальды кезең – алғашқы айғайы, Апгар межесі бойынша бағалануы, омырауға салу уақыты, кіндік бауының түсу уақыты, жаңа туған кезіндегі аурулары және т.б. 1-ші критерий — денсаулықты анықтайтын белгілері, ал қалғандары денсаулық жағдайын сипаттайтын белгілері. Бірінші белгілері бойынша бағалау: - Анамнезінде ауытқулар жоқ -Биологиялық анамнезінде өзгерістер бар -Әлеуметтік анамнезінде өзгерістер бар. -Гениологиялық, әлеуметтік және биологиялық анамнезінде өзгерістер бар. 2-ші критерий бойынша бағалау — ағзаның функционалды жағдайы. -Функционалды жүйелердің қалыптымен салыстыру арқылы анықталады (жүрек соғу жиілігі, тыныс алу жиілігі, артариалды қан қысымының көтерілуі, қандағы гемоглобин) және де тәртіп сипатына қараймыз. Екінші критерилерді бағалау: - Қалыпты — көрсеткіштер жасына сай, өзгеріссіз. - Нашарлауы – жастық нормалардың ең жоғарғы немесе ең төменгі шегінде (көрсеткішке байланысты) , тәртібінде аздаған ауытқулар. - Нашар – көрсеткіштер деңгейі жоғары немесе төмен (көрсеткішке байланысты); тәртібіндегі айқын ауытқулар . 3-ші критерий бойынша бағалау – организм резистенттілігі мен реактивтілігі . Баланың алдыңғы қаралу кезіндегі мен қазіргі келіп отырған ауруының арасындағы уақытпен анықталады. Үшінші кезең критериін бағалау: Жоғары — жыл ішіндегі жедел аурулар жоқ болуы. Орташа – сирек ауру ( жылына 1-3 рет) Төмен — жиі жедел аурулар ( жылына 4-7 рет) Өте төмен – өте жиі жедел аурулар (3 реттен көп). 4 критерий бойынша бағалау — физикалық және нервті-психикалық дамудың деңгейі мен гормониясы. Нервті –психикалық дамудың топтар деңгейін анықтау жүктілік кезіндегі негізгі диагностикалық даму линиялары арқылы анықталады. Төртінші критерий бойынша бағалау: Қалыпты деңгей – дамудың 1 тобы Бастапқы ауытқулар – дамудың 2 тобы. Айқын ауытқулар – дамудың 3 және 4 топтары. 5 критерий бойынша бағалау — созылмалы ауруы және туа пайда болған патологиясы бар. Педиатр, дәрігер-маман қарауымен, параклиникалық әдістермен анықталады. Бесінші белгілері бағалау: -Созылмалы ауруы немесе туа пайда болған ақауы бар (ауру) -Шекаралық жағдайлар анықталған (қауіп тобы) -Созылмалы ауруы немесе туа пайда болған ақауы жоқ (сау) ; 1-ші денсаулық тобы - сау балалар, физикалық және психикалық дамуы қалыпты, анатомиялық ақауы жоқ, функциональді және морфофункциональді ауытқусыз; 2-ші денсаулық тобы – созылмалы ауруы жоқ, бірақ функциональді және морфофункциональді бұзылыспен. Ауыр және орташа ауыр дәрежелі жұқпалы аурумен ауырған, эндокринді ақауы жоқ физикалық дамуында кідіріс бар (биологиялық дамуында кідіріс бар,қысқа бойлы), дене салмағы аз немесе артық, ЖРВИ мен жиі ауыратын балалар, денсаулық қызметі өзгермеген бірақ артүрлі жарақат алған балалар. 2 а топша- биологиялық және әлеуметтік анамнезінде қауіп факторы бар балалар. 2 б топша — функционалды ауытқулары бар, физикалық өзгерістер басталуымен, бірақ созылмалы аурулары жоқ. 3 денсаулық тобына : созылмалы аурулары бар клиникалық ремиссия кезеңінде, сирек асқынуларымен, компенсирленген функциональды мүмкіншілігі бар, негізгі ауруының асқынусыз жүретін науқас балалар жатады. Сонымен қатар, бұл топқа жарақаттар мен операциядан кейінгі физикалық жетіспеушілікпен ауыратын балалар жатады. Компенсация дәрежесі баланың оқуына және еңбектенуіне кедергі келтірмеу керек. 4 денсаулық тобына :созылмалы ауруы бар балалар, клиникалық ремиссияның белсенді және тұрақты емес кезеңімен жүретін үнемі асқынуы болып тұратын аурулар тобы. Сонымен қатар функционалдық мүмкіндігінің компенсациялануы немесе функционалдық қызыметінің сақталуы. Созылмалы аурулардың ремиссия сатысында функционалдық мүмкіндігі шектелген балалар. Сонымен қатар, бұл топқа жарақаттар мен операциядан кейінгі физикалық жетіспеушілікпен ауыратын балалар жатады. Компенсация дәрежесі баланың оқуына және еңбектенуіне кедергі келтірмеу керек. 5 денсаулық тобы . Ауыр созылмалы аурулары бар балалар жиі клиникалық ремиссиясы бар, жиі асқынулары бар, үздіксіз қайталаушы ағыммен ағза қызметтерінің айқын декомпенсациялануы. Негізгі аурулардың асқынулары. Үнемі терапияны қажет ететін балалар. Сонымен қатар, бұл топқа жарақаттар мен операциядан кейінгі физикалық жетіспеушілікпен ауыратын балалар жатады. Компенсация дәрежесі баланың оқуына және еңбектенуіне кедергі келтірмеу керек. Дәрігер-педиатрдың профилактикалық қабылдауды жүзеге асыру кезінде тағайындаулары бала жеке ерекшеліктеріне байланысты 10 негізгі нақты кезектілікті пунктімен аяқталады. Тағайындаулар қысқартылған аттармен нақты сандармен толтырылып, ана-аналарға түсіндіріледі. 1.Режим (Р). Режим номері бала жасына сай тағайындалады. 2.Тамақтану (Т). Ерте жастағы балаларды тамақтандыру әдістемелігіне байланысты тағайындалады. 3.Физикалық тәрбие (Ф.Т.)- сәйкесінше комплексті массаж, гимнастика және шынықтырушы шаралар тағайындалады. 4.Тәрбиелік әсерлер (Т.Ә.) Дені сау 1 жасқа дейінгі балаларды диспансерлік бақылау 1 жастағы балаларды профилактикалық тексерудің міндеті - рахит, анемия, жұқпалы аурулардың алдын алу, туа біткен патологияны анықтау және емдеу - тиісті режимді ұйымдастыру және ұтымды тамақтандыру болып табылады. Өмірдің бірінші жылында дені сау баланы педиатр 14 рет, оның ішінде клиникада - 12 рет, міндетті түрде ортопед, офтальмолог, невропатолог және басқа мамандар тексеруі керек. Учаскелік медбике айына 1 рет үйде балаға барады. Баланың дамуын медициналық бақылау өмірдің 1 жылының әртүрлі кезеңдеріндегі жеке ерекшеліктерді ескере отырып жүргізіледі. Алғашқы 3 айдағы балалар үшін маңызды: ауруханадан шығару, жаңа өмір жағдайларына бейімделу, алғашқы серуендердің басталуы, рахиттің алдын-алу, гипогалактияның алдын-алу және емдеу, тамақтануды ұйымдастыру, гипотрофияның алдын-алу.Баланың жалпы жағдайына баға бергенде: баланың дене салмағы мен бой ұзындығына,кеуде және бас щеңберіне,жүйке-психикалық және физикалық даму жағдайына, тісінің жарып шығуына,өзін-өзі ұстауына,сүйек-бұлшықет жүйесіне ,ішкі ағзалар ,БЦЖ вакцинасынан кейінгі қалдық реакцияны,туа пайда болған аурулар мен даму ақаулықтарына ерекше мән беріледі. 3 айдан 6 айға дейін профилактикалық егулерге, тамақтану мен қосымша тамақтануды түзетуге ерекше назар аударылады. 6 айдан 9 айға дейін тыныс алу жолдарының инфекцияларының, ішек аурулары мен жарақаттардың алдын алу қажет. 9 айдан 12 айға дейінгі кезең емізуге, диетаны кеңейтуге, вакцинацияға сәйкес келеді. Учаскелік педиатр өзінің бақылауларын кезеңді эпикризде жазады (3, 6 және 9 ай). Клиникалық тексеруден, антропометриялық өлшеулерден, зертханалық зерттеулерден (қан мен зәрдің жалпы талдауы), профилактикалық егулер мен жыл бойы ауырған ауруларды талдаудан кейін 1 жылдың соңында физикалық, нейропсихикалық дамуын бағалаумен эпикриз және келесі кезеңде баланы одан әрі бақылау және сауықтыру жоспарын жасайды. Қосымша зерттеу әдістеріне: айына 1рет антропометрия жасау, қанның және зәрдің клиникалық талдауы 3 айлық және 1 жастағы балаға жасалады. Баланың жалпы жағдайынажәне қосымша зерттеу әдістеріне қарап дәрігер баланың денсаулығына , яғни , физикалық және жүйке –психикалық жағдайына, шығуына, өзін-өзі ұстауына, қалыптыдан функционалды және органикалық бұзылыстардаң бар –жоқтығына,балардың денсаулық тобын анықтап,керек болса,аурудың пайда болуына әкелетін қауіп –қатер тобын анықтап,баға береді және алдын-алу және емдеу шараларын ұйымдастырады. Дені сау 2 жастағы балаларды диспансерлік бақылау. Арнайы мамандардың балаларды тексеруі:тоқсан сайын 1рет педиатр бақылауы;стамотолог көрсеткіштерге сәйкес. Профилактикалық тексерістерде:баланың күн тәртібі, гимнастика және денді сауықтыруға арналған шаралар, тәрбие беру жөнінде ұсынытарды қадағалау, мешелдің алдын-алуына, мектепке дейінгі мекемелерге дайындау. Баланың жалпы жағдайына баға бергенде: баланың дене салмағы мен бой ұзындығының динамикасына,тіс формуласына,психомоторлы дамуына,өзін-өзі ұстауына,тері жамылғысының жағдайына,сүйек-бұлшықет жүйесіне ,ішкі ағзаларының жағдайына назар аударылады. Қосымша зерттеу әдістері: тоқсанына 1рет антропометрия жасау,жалпы қан ,зәр талдауы және құрттарға талдау жылна 1рет жасалады.Баланың бала бақшаға бейімделуіне болжам жасалады.Диспансерлік бақылау нәтижесіне сәйкес бала денсаулығына кешенді түрде баға беріліп,алдын-алу жен емдеу шаралары жүргізіледі. Алдын-алу және емдеу шаралары бір жастағы балалардыкіне ұқсас,сонымен қатар мектепке дейінгі мекемелерге арнайы дайындық жүргізіледі. Диспансерлік бақылаудың тиімділігін:психомоторлы және физикалық даму көрсеткіштері, клиникалық талдау нәтижелері мен аурулардың жиілігі ,бала-бақшаға бейімделуінің ауырлық дәрежесіне сәйкес баға беріледі. Дені сау 3 жастағы балаларды диспансерлік бақылау. Арнайы мамандардың балаларды тексеруі жарты жылда 1рет педиатр бақылауы;офтальмолог,невропатолог,стамотолог,хтрург,ортопед,отоларинголог жылына 1рет. Профилактикалық тексерістерде:баланың күн тәртібіне, тамақтануына,тәрбиесіне назар аударылады. Баланың жалпы жағдайына баға бергенде: баланың дене салмағы мен бой ұзындығының динамикасына,тіс формуласына,психомоторлы дамуына,тері жамылғысының жағдайына,лимфа жүйесіне,аранға,омыртқа бағанасына,майтабанның бар-жоқтығына,ішкі ағзаларының жағдайына ; Қосымша зерттеу әдістері: антропометрия жасау, көз қырағылығын анықтау,жалпы қан ,зәр талдауы және құрттарға талдау жасау. Диспансерлік бақылау нәтижелеріне сүйене отырып,бала денсаулығына кешенді баға беріліп, алдын-алу және емдеу шаралары жүргізіледі. Негізгі алдын-алу және емдеу шаралары :тәрбие жәмысын ұйымдастыру,жасына сәйкес тамақтану, гимнастика,дене шынықтыру. Диспансерлік бақылаудың тиімділігін : психомоторлы және физикалық даму көрсеткіштері, клиникалық талдау нәтижелері мен аурулардың жиілігі . |