Тіс ұлпасының өміршеңдігін анықтау мақсатында электроодонтометрия
}
Емханаға ауыз қуысының санациясы мақсатында ата-анасы 4 жасар баласын әкелді. Қарап тексергенде: 7.4 тістің шайнау бетінде тіс қуысымен байланысатын тісжегі қуысы анықталды. Қағып және шұқып тексергенде ауырмайды, қызылиегінде вестибулярлы жағынан жылан көз бар.Төменде аталған нақтамалардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
{
Терең тісжегі
Жедел жалпы пульпит
Созылмалы жәй пульпит
=Созылмалы гранулденген периодонтит
Созылмалы гранулематозды периодонтит
}
6 жасар балада 7.1 тістің аймағында тіл жақтан 4.1 тіс жарып шығуда.Қандай ем тактикасы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
{
Диспансерлік бақылау
Алмалы протезбен протездеу
Ортодонттың кеңесі
=7.1 тісті жұлу
4.1 тісті жұлу
}
Профилактикалық тексеру кезінде 12 жастағы баладан жоғарғы жақсүйегінен 5.4, 6.4 тістері анықталды.Ауыспаған тістерге байланысты дәрігердің емдеу тактикасы қандай?
{
Жергілікті жансыздандырумен тістерді жұлу
Тісті жұлып, ұяшықты тығыз тампонадалау
Тісті жұлып, кейін жақсүйекті протездеу
Тісті сақтап, диспансерлік бақылау
=Тұрақты тістердің адентиясының бар-жоғын тексеру мақсатында рентгенологиялық зерттеу жүргізу
}
Емханаға 10 жасар бала келді. Ауыз қуысын қарап тексергенде: 5.5 тістің шайнау бетінде тісжегі қуысы бар, перкуссияда ауырады, қызылиек ісінген. Рентгенограммада тіс түбірі бифуркациясында сүйек ыдыраған, кортикальды пластинканың деструкциясы байқалады.Қандай емдеу тактикасы НЕҒҰРЛЫМ тиімді?
{
Дренаждау
=Тісті жұлу
Периостотомия жүргізу
Витальды пульпотомия
Девитальды пульпотомия
}
Уақытша тісті жұлу операциясының ерекшеліктері қандай?
{
Компактостеотомиямен тісті жұлу
Қызылиекті кеңінен ажырату, қысқыш ұрттарын терең енгізу
=Қысқыштарды тіс-қызылиек сайына дейін ғана енгізу, қатты бекітпеу, тісті жұлу қозғалыстары байсалды жүргізу
Қысқышты тіс мойнына салу, тісті жұлу қозғалыстары тез
Қызылиекті кеңінен ажырату, қысқыштарды тіс сауытына қою
}
13 жасар баланың 1.6 тісін өткізгіштік жансыздандырумен жұлғаннан кейін, келесі күні дене қызуы көтеріліп, жалпы жағдайы нашарлады. Ауыз қуысын қарап тексергенде жоғарғы жақсүйектің өтпелі қатпары қызарған, жоғарғы жақсүйек төмпешігінің артында ауыру сезімі бар. Жансыздандыру нәтижесінде туындайтын асқынуды атаңыз:
{
Жоғарғы жақсүйек төмпешігінің ажырауы
Альвеола өсіндісінің сынуы
Гаймор қойнауы түбінің перфорациясы
Жоғарғы ұяшық өрімінің парезі
=Қанат-таңдай аймағындағы қабыну инфильтраты
}
Рентгенологиялық зерттеу жүргізгенде ауыз ішілік рентген суретінде 8.4 тіс аймағында шекарасы тегіс емес деструкция ошағы бар, кортикальды пластинка бұзылған, түбір резорбциясының белгілері бар. Осы өзгерістер тістің қандай ауруына НЕҒҰРЛЫМ тән?
{
Жедел жалпы пульпитке
Созылмалы деструктивті остеомиелитке
Созылмалы оссифицирлеуші периоститке
=Созылмалы гранулденген периодонтитке
Созылмалы гранулематозды периодонтитке
}
Уақытша тістерді жұлу кезінде қандай асқыну НЕҒҰРЛЫМ ауыр болады?
{
Қанталау
Жақсүйектің сынуы
Қантамыр-нерв шоғырының жарақаттануы
=Тұрақты тістің фолликуласын жарақаттау
Жақсүйек маңы тіндерінде қабыну үрдісінің дамуы
}
9 жасар баланың ауыз қуысын қарап тексергенде 8.4 тістің шайнау-апроксимальды бетінен тісжегі қуысы анықталды, перкуссияда күрт ауырады, Рентгенограммада тістің түбірі аймағында сүйектің ыдырауы, 4.4 тіс фолликуласы кортикальды пластинкасының деструкциясы, 8.4 тіс түбірінің сорылу белгілері байқалады.Төменде аталған болжам диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрыс ?
{
=Созылмалы периодонтиттің өршуі
Жедел диффузды остеомиелит
Жедел лимфаденит
Жедел іріңді периостит
Жедел жалпы пульпит
}
Бала емханаға төменгі сол жағындағы бұзылған тісіне шағымданып келді. Дәрігер тісін жұлып, ұяшық жиектерін қысып, тығыз тампондап тастады. Қан тоқтамағаннан соң, оны тоқтату мақсатында ұяшыққа кетгутпен тігіс салып, йодоформмен тампон қалдырды.Дәрігердің қандай әрекеті қате болған?
{
=Ұяшық жиектерін қысу және тығыз тампонадау
Қан тоқтату заттарын қолдану
Қабынуға қарсы ем тағайындау
Қызылиекті жақындату тігісін салу
Ұяшыққа жеңіл тампонада жасау
}
Жедел іріңді периоститке неғұрлым сәйкес келетін клиникалық белгілер болып табылады
{
Қабақтың ісінуі
Ауызды ашудың шектелуі
Тіл асты біліктерінің ісінуі
Барлық тістердің қозғалғыштығы
=Ауыз қуысы кіреберісіндегі өтпелі қатпардың шырышты қабатының домбығуы, ісінуі мен қызаруы
}
Баланың тісін жұлу кезінде тері жабындысының бозаруы мен қысқа уақытқа естен тануы байқалды. Клиникалық көрініске сәйкес қандай асқынудың болғанын айтыңыз:
{
Есекжем
=Естен тану
Ларингоспазм
Бронхиальды астма ұстамасы
Қателесіп басқа дәрілік затты қолдану
}
Қабылдау бөліміне бала жалпы жағдайының нашарлауына, дене қызуының көтерілуіне шағымданып келді.Аурудың анамнезінен-күндіз ерте 6.4 тістің жедел іріңді периоститіне байланысты себепші тіс жұлынған,тұзды-содалы ерітіндімен ауыз қуысын шаю тағайындалған. Дәрігердің жіберген қателігі?
{
Физиоем тағайындау
Тісті сақтап қалу қажет еді
Тіс ұясының тексеруін жүргізу
=Периостотомия жүргізу қажет еді
Десенсибилизациялық ем тағайындалмаған
}
11 жастағы науқас 3 күн бұрын тісін жұлғаннан кейін 1 күн өткеннен кейін үшкіл нервтің бойымен таралатын,тұрақты қатты ауру сезіміне шағымданып келді. Объективті: аймақтық лимфа түйіндері ұлғайған,ауыздан жағымсыз иіс шығады,ісінген,қызарған,жұлынған тістің айналасындағы тіндері ауру сезімді, ұяшық ерітілген ұйынды қанмен толтырылған.Сіздің диагнозыңыз?
{
Жақтардың шектелген жедел остеомиелиті
Жақтардың жедел ошақты остеомиелиті
Ұяшық нервісінің жарақаттық невриті
Тіс ұясының жедел остеомиелиті
=Альвеолит
}
Мандибулярлы анестезияны ауыз сыртынан жасау әдісі:
{
=төменгі жақ асты аймағы
торусальді
Егорова бойынша бет сүйегі астынан
инфроорбитальді
туберальді
}
11 жастағы баланы алдын ала қарау барысында дәрігер-стоматолог алдыңғы тістердің вестибулярлы бетінде көп мөлшерде жұмсақ қақтар бар екенін анықтады, алдыңғы тістер түйістіргенде бір-бірімен түйіспейді. Ауыз қуысының гигиеналық жағдайының қанағаттанарлықсыз себебін айтыңыз:
{
=Тістемнің бұзылуы
Сорылу қызметінің бұзылуы
Тіл үзеңгісінің қысқа болуы
Ішкі ағзалардың патологиясы
Ауыз қуысының кіреберісінің таяздығы
}
Ауыз қуысын сауықтыру мақсатымен анасы 4 жастағы баласымен келді.Қарап тексергенде: 8.4 тістің шайнау бетінде пигменттелген тығыз дентинге толы тісжегі қуысы бар, жиектері тегіс, дентин құрғақ, зондпен шұқып тексергенде кіреуке-дентин шекарасында ауырады. Төменде көрсетілген пломбалық материалдардың қайсысын қолданған НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
{
Компомер
=Шыны-иономерлі цемент
Цинк- фосфатты цемент
Силикатты- фосфатты цемент
Химиялық қатаятын композит
}
Балалар стоматологиялық емханасына анасы 8 жастағы баласымен ауыз қуысын сауықтыру мақсатымен келді.Қарап тексергенде: 4.6 тістің шайнау бетінде ашық түсті, оңай алынатын, ылғалды дентинге толы терең тісжегі қуысы бар. Зондпен шұқып тексергенде кіреуке-дентин шекарасында ауырады. Индекс КПЖ+ кп =6. Төменде көрсетілген емдеу тәсілдерінің қайсысын қолданған НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
{
Емдік төсем, дентин қойыртпағы
=Аралық төсем, эвикрол
Емдік төсем, композит
Кетак- моляр
Фосфат-цемент
}
Қалалық балалар стоматологиялық емханасына ата-анасымен 7 жастағы баласымен ауыз қуысын сауықтыру мақсатымен келді.Қарап тексергенде: 7.5 тістің шайнау бетінде ашық ылғалдығ оңай алынатын дентинге толы тереің тісжегі қуысы бар. Зондпен шұқып тексергенде кіреуке – дентин шекарасында ауырады, индекс кп=8. 5.5, 6.5 тістері ертеде емделіп,ұлпасы ауырған, пломбалық материалының жартысы сақталған. Виноградова Т.Ф. бойынша тісжегі үрдісінің белсенділігінің қайсысына НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?
{
прогрессирлейдтін
=декомпенсирленген
субкомпенсирленген
компенсирленген
регрессивті
}
5 жастағы қыздың анасы дәрігер- стоматологқа ауыз қуысын сауықтыру мақсатында алып келді.Қарап тексергенде: 5.5 тістің шайнау бетінде тығыз пигменттелген дентинге толы тісжегі қуысы бар, зондпен шұқып тексергенде кіреуке –дентинде шекарасы ауырады. Индекс кп=2. Виноградова Т.Ф. бойынша тісжегі үрдісінің белсенділігінің қайсысы осы жағдайда қолданғанға НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?
{
Регрессирлеуші
Декомпенсирленген
Субкомпенсирленген
=Компенсирленген
Қалыпты
}
7 жастағы бала жоспарлы ауыз қуысын сауықтыру мақсатымен келді.Қарап тексергенде: тұрақты азу тістің шайнау бетінде бор тәрізді дақтар бар, зондпен шұқып тексергенде ауырмайды. Төменде көрсетілген әдістердің қайсысы нақтам қою үшін НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?
{
Транслюминация әдісі
Құрғату әдісі
Рентгенологиялық зерттеу әдісі
=Витальды бояу әдісі
электроодонтометрия әдісі
}
Төменде көрсетілген тісжегіні емдеу тәсілдедерінің қайсысы ART-әдісіне НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?
{
Сәулемен қатаятын композитпен пломбылау
=Аспаптық некротомия, пломбылау
Химиялық композитпен пломбылау
Герметикалық уақытша пломбылау
ШИЦ пломбылау
}
Төменде көрсетілген тәсілдердің ішінде балалардың тісжегісін кейінге қалдырып емдеуге қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?
{
=Екі айға уақытша пломбылау
Химиялық композитпен пломбылау
Сәулемен қатаятын композитпен пломбылау
Түбірлері қалыптасқанша уақытша пломбылау
Түбірлердің толық сорылғанына дейін уақытша пломбылау
}
12 жастағы бала тіс дәрігеріне төменгі оң жағындағы тістерінің термиялық тітіркендіргіштерден аз уақытқа пайда болатын ауру сезіміне шағымданып келді. Қарап тексергенде: 4.6 тістің шайнау бетінде пигменттелген тығыз дентинге толы тісжегі қуысы бар, зондпен шұқып тексергенде түбі ауырады. Индекс КПЖ-5. Төменде көрсетілген емдеу тәсілінің қайсысын қолданған НЕҒҰРЛЫМ тиімді?
{
шиц пломбылау
=емдік төсем
химиялық композитпен пломбылау
уақытша пломбылау
сәулемен қатаятын композитпен пломбылау
}
Қандай пломбалық материалды уақытша тістемнің фронталды тістерінің тісжегісінің декомпенсирленген түрін емдеу кезінде қолданған НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
{
акрил шайырының негізіндегі пломбалық материал
силико-фосфатты пломбалық материал
=құрамында фторы бар цемент
композицитті пломбалық материалдар
құрамында кальциі бар
}
Төменде көрсетілген шаралардың қайсысын тісжегінің декомпенсирленген түрінде ауыз қуысын сауықтыру үшін қолданған НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
{
Емдік – алдын алу қойыртпақтарын қолдану
=альций препараттарымен ремтерапия
Қабынуға қарсы терапию
Ұтымды тамақтану
Витаминотерапия
}
Науқас 36 тісінде тіс жегі қуысына шағымданады.Науқастың бет әлпеті өзгеріссіз, лимфа түйіндері ұлғаймаған.Ауыз қуысын тексергенде 36 тісте терең тіс жегі қуысы бар,қуыс ыдыраған дентинге толы.Шұқып тексергенде тіс тіс жегі қуысымен байланыспаған.Перкуссия ,суық суға сынама теріс .ЭОД-100мкА тең.Рентген суретінде периодонт саңылауы кеңейген,түбір ұшындағы сүйек тінінің айқын шекарасы жеңіл түрде ыдыраған.Қандай ем шаралары жүргізіледі:
{
=тісті бірнеше қабылдауда емдеп,пломбалау
биопсия жүргізу
тісті жұлу
резекция жасау
тісті антисептиктермен өңдеу
}
14 жаста баланың 16 тісінде кариозды қуыс :дентин құрғақ,эмаль қыры тегіс.КПУ= 5
{
=тіс жегінің субкомпенсациялы түрі
тіс жегінің декомпенсациялы түрі
тіс жегінің компенсациялы түрі
сына тәрізді ақау
гипоплазия
}
8 жастағы бала 16 тісі түнгі мезгілде ауыратынына шағымданады.16тісті қарап тексергенде тіс жегі қуысы бар,шұқып тексергенде тіс түбінде қатты ауру сезімі байқалады.перкуссия оң.ЭОД-30-45мкА тең.Сіз қандай емдеу әдісін қолданасыз:
{
=девитальді ампутация
девитальді экстирпация
витальді экстирпация
тісті жұлу
электофорез
}
8 жастағы бала 16 тісі түнгі мезгілде ауыратынына шағымданады.16тісті қарап тексергенде тіс жегі қуысы бар,шұқып тексергенде тіс түбінде қатты ауру сезімі байқалады.перкуссия оң.ЭОД-30-45мкА тең.Ем нәтижелі болу үшін қандай қосымша зерттеу жүргізесіз:
{
=Рентгеногрофия
ЖҚА
Цитология
Биопсия
Пальпация
}
Балалар стоматологиялық емханаға анасы 7 жастағы баласын алып келді. Объективті: тжоғарғы және төменгі жақтардың тұрақты күрек тістері уақытылы жарып шыққан, уақыт өте келе тістердің сауыттарының вестибулярлы бетінде домалақ пішінді деминерализация ошағы пайда болды. Шұқып тексергенде зонд тіреліп қалмайды. Осы жағдайда дәрігердің қандай тәсілі НЕҒҰРЛЫМ дұрыс?
{
Сұйық композитті материалмен пломбылау
Компомермен пломбылау
=Реминерализациялық терапия
Винирлер дайындау
ШИЦ пломбылау
}
Шағымы: барлық тітіркендіргіштерге қысқа мерзімді ауру сезімі.Обьективті тексеруде:орташа көлемді тіс жегі қуысы,суыққа реакция оң,зондпен тексергенде эмаль-дентин шекарасы сезімтал,перкуссия ауырмайды.Диагноз қойыңыз:
{
=орта тіс жегі
терең тіс жегі
дақ сатысындағы тіс жегі
беткей тіс жегі
сына тәрізді ақау
}
Шағымы: барлық тітіркендіргіштерге қысқа мерзімді ауру сезімі.Обьективті тексеруде: терең көлемді тіс жегі қуысы,суыққа реакция оң,шұқып тексергенде қуыс ыдыраған дентинге толы,тіс түбі ауырады,перкуссия ауырмайды.Диагноз қойыңыз:
{
=терең тіс жегі
орта тіс жегі
беткей тіс жегі
сына тәрізді ақау
пульпит
}
Науқас Б. Алдын-алу байқауына келген,шағымы жоқ.Ауыз қуысын тексергенде шырышты қабығы қалыпты,11,16 тістерді ауа көмегімен кептіру барысында тістерде көлем үлкен емес ақшыл дақ анықталды.Процесс симметриялы емес .Сіздің диагнозыңыз:
{
=дақ сатысындағы кариес
орта кариес
беткейлі кариес
терең кариес
сына тәрізді ақау
}
Тіс жегі қуысын егеу барысында науқас эмаль-дентин шекарасында аурушаңдықты сезеді.ЭОД-5мкА.Термодиагностика қысқа мерзімді ауру сезімі.Сіздің диагнозыңыз:
{
=орта тіс жегі
терең тіс жегі
беткейлі тіс жегі
сына тәрізді ақау
гипоплазия
}
Науқас 16 тістегі тіс жегі қуысын егеу барысында тіс қуысының түбімен ауыратынын сезеді.ЭОД-12мкА.Термодиагностика тітіркендіргіштерді алғаннан кейін қайтадан қысқа мерзімді ауру сезімі туындайды.Сіздің диагнозыңыз:
{
=терең тіс жегі
орта тіс жегі
беткейлі тіс жегі
сына тәрізді ақау
ұлпа қабынуы
}
6 жастағы бала төменгі тісінің қозғалуына шағымданады.Қарап тексергенде бет әлпеті ,лимфа түйіндері өзгеріссіз,ұлғаймаған.Ауыз қуысында шырышты қабығы ақшыл-қызыл түсті.71 тіс сауыты бүтін,қозғалуы III-дәрежелі.Сіздің емдеу шараларыңыз:
{
=тісті жұлу
тіс қуысын ашу
УВЧ-терапия
электрофорез
тісті емдеу
}
Науқас Д.ауру сезімінің әртүрлі тітіркендіргіштерден,әсіресе суықтан пайда болатын ауру сезіміне шағымданады.Қарап тексергенде бет әлпеті симметриялы.Ауыз қуысында шырышты қабығы қалыпты.16 тісте терең тіс жегі қуысы бар,қуыс ыдыраған дентинге толы,шұқып тексергенде ұлпа мүйізшесі тұсында қатты ауру сезімі болады.ЭОД-20-30мкА.Сіздің болжам диагнозыңыз:
{
=жедел ошақты ұлпа қабынуы
жедел диффузды ұлпа қабынуы
озылмалы ұлпа қабынуы
созылмалы гипертрофиялы ұлпа қабынуы
терең тіс жегі
}
Науқас Д.ауру сезімінің әртүрлі тітіркендіргіштерден,әсіресе суықтан пайда болатын ауру сезіміне шағымданады.Қарап тексергенде бет әлпеті симметриялы.Ауыз қуысында шырышты қабығы қалыпты.16 тісте терең тіс жегі қуысы бар,қуыс ыдыраған дентинге толы,шұқып тексергенде ұлпа мүйізшесі тұсында қатты ауру сезімі болады.Диагнозды нақтылауда қандай зерттеу нәтижелі болады.
|