Главная страница

Терапия. терапия 8. Диагностикалы зерттеулерге дайындау тртібі Диагностикалы зерттеулерге дайындау тртібі рентгенологиялы зерттеулерге дайындау ережелері ирригоскопияны орындау шін пациенттерді дайындау Емдм


Скачать 37.33 Kb.
НазваниеДиагностикалы зерттеулерге дайындау тртібі Диагностикалы зерттеулерге дайындау тртібі рентгенологиялы зерттеулерге дайындау ережелері ирригоскопияны орындау шін пациенттерді дайындау Емдм
АнкорТерапия
Дата22.05.2021
Размер37.33 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлатерапия 8.docx
ТипДокументы
#208381

Диагностикалық зерттеулерге дайындау тәртібі

Диагностикалық зерттеулерге дайындау тәртібі рентгенологиялық зерттеулерге дайындау ережелері ИРРИГОСКОПИяны орындау үшін пациенттерді дайындау Емдәм

Емшараға дейін бір күн бұрын кез- келген тамақ ішуден бас тартқан жөн.Бір тәулік бойы газсыз, құр таза су ішу керек ( түрлі шырын, сусындар, шәй, кофе тұиынуға тыйым салынады). Бір тәулікте ішкен суының мөлшері 2 - 3 литрді құрау керек. Бір тәулік бойы ашығу арқылы емдәм шарасын қолдану - тиісті емшара кезінде жақсы көрінуін қамтамасыз етудің тек қажеттілігі ғана емес, сондай-ақ жалпы бүкіл ағза үшін пайдалы.

Клизма жасауға дайындау
Клизма жасау үшін (Эсмарх саптыаяғы) мен (35-37ºС) жылу су қажет. Тазартуды емшара басталуына дейін 5-6 сағат бұрын бастау керек. Ирригоскопия шарасын жасау таңртеңге тағайындалған болса, бір күн бұрын кешкісін клизма жасау қажет. Эсмарх саптыаяғын сумен толтырыңыз. Клизма жасау барысында аурытпай, түтік оңай ену үшін, түтіктің ұшын вазелинмен немесе креммен майлау керек. Түтікті анусқа асықпай енгізіңіз, ішек жолдарына су бару үшін, қақпақшаны ашыңыз. Бірінші рет клизма жасаған кезде саптыаяққа 1,5 – 2 литр судың мөлшерінен бастаған жөн. Ішек жолдарына суды енгізгеннен кейін, аяқтарын бүгіп, 5-7 минуттай бір жағымен жату керек, кейін басқа жағына аударылып жату керек. Клизма шарасы барысында ішекке құйылған суы тазарғанға дейін бірнеше рет жасау керек. Таза судың орнына шөптерден (түймедақ шөбінен) ерітінді жасап сумен араластырып қолдануға болады. Егерде клизма емшарасын жасауға қарсы көрсетілімдері болса (геморрой, ішек қабынуы және т.б. проблемалары болған жағдайда), тоқішекті тазартудың өзге де тәсілдерін қолданған жөн. 

Фортранс препаратын дайындау шарттары
Препараттың мөлшерін дұрыс есептеу үшін, өз салмағын 25 ке бөлу керек, сонымен клизмаға қажетті пакетиктер (сашелер) санын алуға болады. Әрі қарай 1 литр суға 1 саше (пакетик) есебімен ерітінді дайындалады. Әзірленген ерітіндіні әр 15 минут сайын 1 стакан схемасы бойынша ішіп тұрады. Ерітіндінің дәмін жақсарту үшін цитрус жидектерін қоюысыз қосуға болады.

Дәрігердің тағайындауы бойынша қабылданады.

Тұтынуға дейін нұсқауымен мұқият танысып шығыңыз!
БҮЙРЕКТІҢ кеңейтілген РЕНТГЕНОГРАФИясфияына, венаішіндегі урографиясына дайындық

Зерттеуге дейін 1 - 2 тәулікте: рационынан газ түзетін тағам түрлерін алып тастау: нан, сүт, бұршақ тұқымдастар, алма, жүзім. Метеоризм кезінде тәулігіне 3 рет — түймедақ тұнбасы.
Зерттеу барысында: тәуліктің екінші жартысынан сұйықтықты қабылдауды шектеу.
Зерттеу барысында таңертең және кешке: тазартатын клизма.
Зерттеу күні: Зерттеу процедурасының орындалуына дейін су және тамақ ішуге болмайды.

Егер де сіз тұрақты түрде дәрі-дәрмек қабылдайтын болсаңыз, өз дәрігеріңізбен кеңесіңіз.
Зерттеу алдында: дымқылдануға кеңес беріледі.

БЕЛ ОМЫРТҚАНЫҢ СЕГІЗКӨЗ БӨЛІГІН РЕНТГЕНОГРАФИЯҒА ДАЙЫНДАУ

Тексерілуден 3 күн бұрын барлық тағамдарды тыю керек, аш ішекте жоғары деңгейдегі іштің желденуін тудыратын тағамдардан бас тарту керек ( қара нан, картоп, сүт, қырыққабат)

Науқас іштің желденуіне жиі шағымданса, осы уақытта қосымша белсендірілген көмірді ішу ұсынылады (2-3 таблеткадан күніне 3 рет) немесе Эспумизан. Бел омыртқаның сегізкөз бөлігінің рентгенографиясына 2-3 күнге дейін науқасқа валериан тамырын ішу ұсынылады. Жасы үлкен адамдарға әдетте препаратты тәулігіне 3 рет 15-20 тамшыдан ішу тағайындалады. Ем қабылдаудан 1 күн бұрын кешкі тамақты 19 00 ден кеш ішілмеуі керек. Тексерілу уақытының алдында кешке тазартқыш клизма жасалады. Таңертең тексерілуге дейін қайталауы керек. Тексерілу күні науқас ештеңе ішіп, жемеуі керек. Темекі шегетіндерге темекіден бас тарта тұруы керек.

ІШ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ БҮЙРЕКТІҢ ЖӘНЕ ЖАМБАСТЫ КОМПЬЮТЕРЛІК ТОМОГРАФИЯҒА ДАЙЫНДАУ

Томография өтер уақытында асқазан-ішек жолы толығымен босатылуы қажет. Диагностика ашқарынға жүргізіледі, егер ол:

Таңертең жүргізілсе- жеңіл, сұйық кешкі ас ішу ұсынылады;

Түс уақытында- 5 сағат бұрын жеңіл таңғы ас ішуге болады;

Кешке-науқас жеңіл, сұйық таңғы ас ішіп , түскі астан бас тартуы қажет.

Тағам жұтқыншақтан 2 күндей өтетін болғандықтан, осы уақытта, желденуді тудыратын, сонымен қатар ауыр тамақтардан, газды сусындардан, сүт қышқылды, ашытылған көкөністерден, алма мен қырыққабақтан, ашытқыдан жаслған тағамдардан, қиын қорытылатын тағамдардан бас тартқан дұрыс. Процедура алдында тазартқыш клизма жасалады, немесе процедура алдында кешкісін ішекті Фортранс ерітіндісімен тазалауға болады. Қуық аздап толып тұруы мүмкін.

КТ-ның алдында кешкі уақытта тең дәрежеде 4 литрге дейін газдалмаған суды, ішінде 20 мл-ден 2 ампула 76 пайыздық ерітілген Урогрофин препаратын ішу керек.

Дәрігер нұсқауымен ұсынылады. Қолданар алдында нұсқауды мұқият танысып шығыңыз! Егер сіз қандай да бір дәрілік препаратты ұзақ уақыт ішіп жүрсеңіз, дәрігермен ақылдасыңыз. Қант диабетімен ауыратын науқастар процерудаға 48 сағатқа дейін метаморфин тұтынудан бас тартуы қажет.

Венаішілік контрасттау мен КТ-ға дайындау:

КТ-ангиографиясында рентген сәулелері қолданылатынын есептегенде, тамырға контраст жарығы енгізіледі. Бұл процедураның белгілі бір қаупі мен асқынулары болуы мүмкін.

КТ зерттеу жүргізілерде әйел пациенттер диагностиканың асқынуларын алдын алу үшін жүкті болса немесе ана сүтімен қоректендіретін баласы (яғни, контрастты препарат ана сүті арқылы шығарылуы мүмкін) болса дәрігерге хабарлау керек. Контрасттың балаға кері әсерін болдырмау үшін анасы тексеруден өткеннен кейін бірнеше күн, организмнен контраст толығымен шығарылғанша, қосымша, жасанды сүт арқылы қоректендіруі керек және ана төсіндегі сүтті сыздықтатып ағызып алу арқылы сауып алуы керек.

Сонымен қатар, пациент дәрігерге хабарлауы керек:

· құрамында йоды бар препараттарға аллергиялық реакциясы болса;

· жүрек жетіспеушілігінен пайда болған жүрек ауруы болса;

· құрамында метморфины бар қант диабетіне қарсы препараттарды қолданса;

· бүйрек ауруы болса;

· бронхты астма;

· қалқанша безі аурулары болса;

· миеломалық (қан өндіретін тіндер ісігі) ауруы болса;

· 3-4 күн бұрын барий, висмут құрамдас препараттармен рентгенологиялық зерттеуден өтсе;

· денесінде электромеханикалық құрылғылар болса (кардиостимулятор, дефибриллятор, нейростимулятор);

· клаустофобия болса, яғни жабық кеңістіктен паникалық қорқынышта болса. Мұндай пациенттерге алдын ала тыныштандыратын дәрі беріледі;

Мұндай зерттеулер құсу, жүрегі айнуды алдын алу үшін аш қарынға жүргізіледі.

Зерттеу алдында

Бағалы бұйымдарды, металл заттарды үйге шешіп, тастап кету керек

Емшара барысында

Томограф үстеліне пациент қозғалмай жатуы талап етіледі. Шынтақтық венаға контрастты затты енгізу үшін канюля орнатылады. КТ ангиографиясы барысында пациентке жүрек жиырылуын сирететін бета-блокаторды қабылдау сұралады. Компьютерлік томографтың жұмысы толықтай автоматтандырылған, пульт арқылы басқа бөлмеден қадағаланады. Зерттеу барысында дәрігер пациентті арнайы терезе арқылы бақылап, онымен таңдамалы байланыста болады. Аппарат іске қосылғаннан кейін пациентке томографтың шуылы мен тырсылы естілуі мүмкін, бұл дыбыстар аппарат сканерлеп жатқан кезде шығады. Зерттеуді жүргізіп жатқан рентгенолог дәрігер жұмыс барысында пациенттен бірнеше уақытқа демін ұстауын сұрайды.

Зерттеуден кейін

Контрастты препаратты ағзадан тезірек шығару үшін күніне 3-4 литр сұйықтық ішу ұсынылады.

Контрасттаумен қатар МРТ-ға дайындау

Радиолог-дәрігер дұрыс әрі дәл қорытынды жасау үшін және МРТ түсірілімі анық көріну үшін кеуде қуысының органдары алдын ала жақсы дайындалған болуы керек.

Пациент қозғалыс анық көрінетін ыңғайлы металл элементтерінсіз киімде болуы керек.

Көкбауырды, ұйқыбездіжәне бауырды зерттеуден 2-3 бұрын көмірсусыз диета тағайындалады.

Зерттеуден бір тәулік бұрын рационнан газды сусындарды, кофе, шай, көкөніс, жеміс, қара нан және газ мөлшерін көбейтетін тағамдарды алып тастау керек.

Кеуде қуысының МРТ-сын жүргізер алдында 7-8 сағат бойы тамақтанбау керек. Газ пайда болуының алдын алу үшін «Эспумизан» , белсендірілген көмір сияқты препараттар қабылдау керек.

Ал зерттеуден 4-5 сағат бұрын сұйықтықтар қабылдаудан аулақ блолу керек.

Емшара басталуына жарты сағат қалғанда «но- шпа» сияқты тыныштандыратын дәрі қабылдау керек.

АСПАПТЫҚ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІНЕ НАУҚАСТЫ ДАЙЫНДАУ

ҚҰРСАҚ ҚУЫСЫН УЛЬТРАДЫБЫСТЫҚ ЗЕРТТЕУГЕ ДАЙЫНДАУ

Тексеріске 1-2 күн қалғанда тамақ рационынан көкөністерді, жемістерді, шырындарды,қара нан мен сүт өнімдері сияқты іштің желденуіне әкелетін тағамдарды алып тастау керек. Зерттеу міндетті түрде аш қарынға жүргізіледі, ас қабылдау мен сусындар ішу – зерттеуге 12 сағат қалғанда тоқтатылуы қажет. Егер зерттеу таңғы уақытта болмаса немесе науқаста инсулинтәуелді қант диабеті болса, онда қантсыз шай мен кептірілген ақ нанды тағамға қосуға болады.

НАУҚАС ӘЙЕЛДЕРДІҢ КІШІ ЖАМБАС МҮШЕЛЕРІН УЛЬТРАДЫБЫСТЫҚ ЗЕРТТЕУГЕ ДАЙЫНДАУ (ҚУЫҚАРАЛЫҚ АКУСТИКАЛЫҚ ӘЙНЕКТІ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ)

Тексеріске 1-2 күн қалғанда тамақ рационынан көкөністерді, жемістерді, шырындарды,қара нан мен сүт өнімдері сияқты іштің желденуіне әкелетін тағамдарды алып тастау керек.

Зерттеуге 1 сағат қалғанда сусынды шамамен 1 литрдей ішу керек. Зерттеу толық қуыққа жасалады. Циклдің кез келген фазасында, кейбір көрсеткіштер бойынша белгілі бір фазаларда жүргізіледі.

НАУҚАС ӘЙЕЛДЕРДІҢ КІШІ ЖАМБАС МҮШЕЛЕРІН УЛЬТРАДЫБЫСТЫҚ ЗЕРТТЕУГЕ ДАЙЫНДАУ (ТРАНСҚЫНАПТЫҚ ЖОЛДЫ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ)

Зерттеуді бос қуыққа жасайды. Онымен қоса, зерттеу алдында жыныс мүшелерін гигиеналық тазалау қажет.

ҚУЫҚ ПЕН ҚУЫҚ АСТЫ БЕЗІН УЛЬТРАДЫБЫСТЫҚ ЗЕРТТЕУГЕ ДАЙЫНДАУ ( ҚУЫҚАРАЛЫҚ АКУСТИКАЛЫҚ ӘЙНЕКТІ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ)

Зерттеуге 1 сағат қалғанда сусынды шамамен 1 литрдей ішу керек. Зерттеу толық қуыққа жасалады.

ҚУЫҚ ПЕН ҚУЫҚ АСТЫ БЕЗІН УЛЬТРАДЫБЫСТЫҚ ЗЕРТТЕУГЕ ДАЙЫНДАУ (ТРАНСРЕКТАЛДЫ ЖОЛДЫ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ)

Зерттеу күні таңертең тазартқыш клизманы жасау қажет.

МАММОГРАФИЯ

Етеккір циклі басталғаннан кейін 8-10-күнге жасалады.

ТАМЫРЛАРДЫ - ҚҰРСАҚ АОРТАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТАРАУЛАРЫН, ТӨМЕНГІ ҚУЫҚ ВЕНАСЫН (ТҚВ) ЖӘНЕ ЦДК-МЕН БҮЙРЕК ТАМЫРЛАРЫН УЛЬТРАДЫБЫСТЫҚ ЗЕРТТЕУГЕ ДАЙЫНДАУ

Зерттеуге 3 күн қалғанда іш кебуді және ішектегі газ жиналуды болдыратын тағамдарды (сүт, қара нан, картоп, орамжапырақ, жүзім, алма, бұршақ тұқымдастар және т.б.) рационнан алып тастау керек. Зерттеу күні эспумизанды күніне 3 рет тамақтану кезінде 2 капсуладан және таңертең ашқарынға 4 капсула немесе белсендірілген көмірді күніне 3 рет 2 таблеткадан ішу керек. Зерттеу- ашқарынға жасалады.

БАС ПЕН МОЙЫН ТАМЫРЛАРЫН, ШЕТКІ БӨЛІМ АРТЕРИЙЛЕРІНІҢ БАС ПЕН МОЙЫНҒА ДУПЛЕКСТІ СКАНЕРЛЕУІН, ШЕТКІ БӨЛІМ АРТЕРИЯЛАРЫН УДЗГ-ҒА ДАЙЫНДАУ

Зерттеу - тамырларға арналған дәрілік заттарсыз (гипотензивті, тамыркеңейткіш, спазмолитиктер) жүргізіледі. Зерттеуге 6 сағат қалғанда ерекше көрсетулер болмаған жағдайда, аталған дәрілерді қолдануды тоқтату керек.

Егер сіз белгілі-бір дәрі-дәрмектерді үнемі ішсеңіз, онда дәрігермен кеңескен абзал.

СТРЕСС-ЭХОКАРДИОГРАФИЯ ЖАСАУҒА ДАЙЫНДЫҚ

Зерттеуге 24 сағат қалғанда нитраттар тобы мен β-блокаторлар сияқты дәрілік заттар қолданылмайды.
Өзімен бірге бір тәуліктен аспаған «жаңа» ЭКГ болуы қажет.

ЭКГ мен ЭЕМ-нің холтерлік мониторингі болуы керек (егер зерттеу мәліметтері тіркелсе).
Егер сіз белгілі-бір дәрі-дәрмектерді үнемі ішсеңіз, онда дәрігермен кеңескен абзал.

ӨҢЕШТІҢ ЭХОКАРДИОГРАФИЯСЫН ЖАСАУҒА ДАЙЫНДЫҚ

Өңештің патологиялық тарихында өңештің ЭхоКГ-не дейін болса, онда фиброгастроскопия немесе контрастирлеумен бірге өңеш рентгеноскопиясын жасау қажет. Зерттеу жасалатын күні 8 сағат қалғанда сусын мен тағамды ішпеу керек, яғни зерттеу ашқарынға жасалады.

Өңештің ЭхоКГ-сы алдында өңеште арнайы құрылғының болуына байланысты ауырсынуды максималды басу үшін медикоалды шаралар жасалынады:

1.Бұлшықетке құсуға қарсы Церукал деген дәрі енгізіледі;
2. Қажет жағдайда седативті әсер ететін сибазон, реланиум сияқты дәрілер пайдаланылады.

ТРЕДМИЛ ТЕСТІН ӨТКІЗУ ҮШІН ЖАСАЛАТЫН ДАЙЫНДЫҚ

Тексеріс алдында науқасқа алдымен диагностиканың басқа түрлерінен өту керек, мәселен, ЭКГ, холтерлік (1 тәулік) ЭКГ мониторингі, жүректің УДЗ-ы.
Зерттеуге бір тәулік қалғанда дәрігердің рұқсатымен ЖСЖ-не әсер ететін және коронарлы қантасымалдауды жақсартатын ( β-адреноблокаторлар, нитроглицерин және оның аналогтары) дәрмектерді пайдаланбайды.

эндоскопиялық зерттеулерге дайындық ережесі

колоноскопияны орындау үшін пациенттерді дайындау

Фортранс дәрі-дәрмегімен ішекті дайындау клизмасыз колоноскопияға дайындықтың маңызды стандарты болып саналады. Фортранстың орнына Лавакол немесе Флит фосфо-сода дәрі-дәрмектерін қолдану мүмкін.
Дәрі-дәрмектер дәрігердің нұсқауымен қолданылады.
Қолданар алдында нұсқаулықпен мұқият танысыңыз!

Зерттеуге дейін 3 күн алдын: қалдықсыз емдәм ұстану.
Зерттеуге дайындық күні эндоскопия қарсаңында: түссіз сұйықтықтарды күні бойы шексіз мөлшерде ішу.
18.00-20.00: Фортранс 2 л (1 қапшық 1литр суда сұйылтылады, сұйықтықтың мөлшерін азайтуға болмайды). Ерітіндіні әр 15 минут сайын 250 мл-ден бірте-бірте ішкен жөн.
Ерітіндіні қабылдағаннан кейін шамамен 1 сағаттан соң ауыртпалықсыз сұйық дәрет пайда болады. Фортранстың соңғы мөлшерінен кейін 2-3 сағаттан соң ішектің босауы түссіз немесе аздап боялған сұйықтықтың бөлінуімен аяқталады.
19.00: Эспумизан дәрі-дәрмегінің 30 мл
Зерттеу күні:
5.30-7.30: Фортранс 2 л
6.00: Эспумизан 30 мл (сумен ішуге болады).
Фортрансты қабылдауды зерттеудің басталуына дейін 3-4 сағат алдын аяқтау ұсынылатындағын есте сақтау маңызды!
Егер колоноскопия таңертеңге тағайындалған болса, онда дайындық 14.00-ден кешіктірілмей Фортрансты қабылдаудың басталуы қарсаңында жүргізіледі, 4 л ерітіндінің барлығын ішу қажет.
Фортрансты қабылдау барысында жүру, денемен айналмалы қозғалыс және іштің алдыңғы бөлігіне жеңіл массаж жасау ұсынылады. Дәмін жақсарту үшін жұмсақ етсіз цитрус шырынын ерітіндіге қосуға болады.

ЭЗОФАГОГАСТРОДУОДЕНОСКОПИяға, БРОНХОСКОПИяға, ЭРПХГ-ға пациенттерді дайындау

Зерттеу қарсаңында соңғы тағамды қабылдау сағат 18-19.00-ден кешіктірілмеу ұсынылады, зерттеу күні ештеңе ішуге және жеуге болмайды (соның ішінде және таблеткалық дәрі-дәрмектерді де), шегуге болмайды. Зерттеу аш қарынға жүргізіледі.
Егер сіз үнемі қандай да бір дәрі-дәрмектерді қабылдайтын болсаңыз, өз дәрігеріңізбен ақылдасыіыз.

РЕКТОСКОПИяны және АНОСКОПИяны жүргізуге пациенттерді дайындау

Зерттеуді жүргізуге дейін бір тәулік бұрын қалдықсыз емдәм ұсынылады.
Кеш қарсаңында микроклизма орындалады: Микролакстың 1шприц-тюбигі. Таңертең зерттеу күні: Микролакстың 1шприц-тюбигі. Микролаксты қабылдағаннан кейін тоқ ішектің сол жақ жартысы құрамындағысынан жақсы босап, тік және сигматәрізді ішекті егжей-тегжейлі қарауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ колоноскопия үшін Фортранс, Лавакол, Флит фосфо-сода дәрі-дәрмектерімен дайындық мүмкін.
Дәрі-дәрмектер дәрігердің нұсқауымен қолданылады.
Қолданар алдында нұсқаулықпен мұқият танысыңыз!

Қан тапсыру» процедурасына пациентті дайындау

  1. Бір қатар талдаулар аш қарынға жасалады. Мысалы, биохимиялық (глюкоза, холестерол, билирубин және басқалар)  және серологиялық тесттер (сифилис, гепатит В), гормонддар (ТТГ, паратгормон) және басқалар. «Аш қарынға» — соңғы қабылданған ас пен қан алу арасында 8 сағаттан кем болмауы тиіс  ( мүмкіндігінше — 12 сағаттан астам). Шырын, шай, кофе, әсіресе қантпен — ол да тамақ, сондықтан шыдау қажет. Су ішуге болады.

  2. Тек аш қарынға (12-сағаттық ашығудан кейін) келесі параметрлерді анықтау үшін қан тапсыру қажет: липидтік  профильді: холестеролды, ЛПВП, ЛПНП, триглицеридтерді.

  3. Қанның жалпы талдауын жүргізу алдында соңғы асты талдауға дейін 1 сағат бұрын қабылдау қажет: Таңғы асқа тәттісіз шай,  сүт  және май  қосылмаған ботқа , алма  жеуге болады.

  4. Тексеру алдында 1-2 күн бұрын рационнан майлы, қуырылған  тағамдарды және алкогольды  алып тастау қажет: бір күн бұрын отырыста болсаңыз — зертханалық тексеруді 1-2 күнге қалдырыңыз. Талдауға дейін 1 сағат бұрын темекі шегуден бас тартыңыз.

  5. Қанның жалпы талдауының құрамында тәуліктік өзгерістер орын алуы мүмкін,сондықтан бір қатар талдаулар үшін қанды тәуліктің нақты бір кезінде тапсырған жөн. Мысалы, кейбір гормондарға  (ТТГ және паратгормон) және қандағы темірге қанды таңғы 10-ға дейін тапсырады.

  6. Көктамырлық қанды тапсырғанда талдаудың нәтижесіне әсер ететін факторларды шектеу қажет: физикалық жүктеме (жүгіру, баспалдақпен көтерілу), эмоционалдық күйзеліс. Сондықтан, процедураның алдында  қабылдау бөлімшесінде 10 — 15 минут  тынығып, демалу қажет.

  7. Кейбір кезде дәрігер тағайындаған зерттеуге пациент қандай да бір себептермен (сыртқаттану, жүктілік, уақыттың жетіспеушілігі) медициналық кеңсеге келе алмады:  Зерттеуге қанды дәрілік препараттарды қабылдауға дейін тапсырады (мысалы, антибактериальдық немесе химиотерапевтикалық) немесе олардың қабылдауын жойылған күнінен 10 — 14 күннен кейін зерттеу жүргізед /қандағы дәрілік заттың мөлшерін анықтау жағдайларын есептемегенде   (мысалы, вальпроев қышқылын, антиконвульсанттарды)/. Дәрі қабылдап жүргеніңіз туралы дәрігерге міндетті түрде хабарлаңыз.

  8. Рентгенографиядан, ректальдық зерттеуден немесе физиотерапевтикалық процедуралардан кейін талдау жасауға болмайды..

  9. Репродуктивтік жастағы әйелдердің (шамамен 12 — 13 жастан бастап климактерикалық кезеңнің басталуына дейін) гормоналдық зерттеулердің нәтижелеріне менструалдық циклдің кезеңдеріне байланысты физиологиялық факторлар әсер етеді.  ФСГ, ЛГ, пролактин, эстриол, эстрадиол, прогестерон гормондарына зерттеу жүргізу алдында циклдың фазасын көрсету қажет. Жыныстық гормондарға зерттеу жүргізу кезінде менструалдық циклдың күні жөніндегі емдеуші дәрігердің нұсқауын қатаң сақтау қажет.

  10. Инфекцияны анықтау үшін зерттеу жүргізгенде инфекциялану кезеңіне және иммундық жүйенің жағдайына байланысты әрбір науқастың талдауы теріс нәтиже беруі мүмкін.  Бірақ, теріс нәтиже инфекцияның болмауын растамайды. Толық анықтау үшін талдауды қайта жасау қажет.

  11. Әртүрлі зертханаларда зерттеудің түрлі әдістері және өлшеу бірліктері қолданады. Сіздің нәтижелеріңіз дұрыс болсын десеңіз зерттеулерді  бір зертханада және бір уақытта жасаңыз.  Осындай талдауларды дұрыс салыстыруға болады.

 Қанның зерттеулері

 Гемостазиологиялық зерттеулер үшін — әйелдерге менструациядан  7 күннен соң ғана тапсыруға болады;  гинекологиялық отадан кейін келесі менструацияны күту керек және аяқталғаннан кейін 5 күннен соң тапсырады.

Гормондардың деңгейін анықтау үшін қанды сағат 11 дейін тапсыру қажет.  Қан тапсыру алдында тынығу қажет  (30-40мин,   АКТГ, кортизол, пролактин және гомоцистеинге қан тапсыру алдында). Зерттеу жүргізу кезінде менструалдық циклдың күні жөніндегі емдеуші дәрігердің нұсқауын қатаң сақтау қажет.

Биохимиялық зерттеулерге қанды аш қарынға тапсырады  (соңғы тамақтанудан кейін 8 сағаттан соң тапсырылады). Сағат 11-ге дейін тапсырады.Артық тамақтануға болмайды.

 Холестеринге, ЛПВП, ЛПНП, триглицеридтерге зерттеу кезінде қанды тек аш қарынға тапсырады, 12 — 14  сағаттық ашығудан кейін.

Глюкозаға тексеру жүргізу алдында тіс пастасымен тістерді шаюға, сағыз шайнауға болмайды.   Инфекцияларға және басқа антиденелерге тексеру жүргізу үшін қанды аш қарынға тапсырған жөн, қан тапсыруға дейін 4 сағат бұрын соңғы асты қабылдайды.

 Зәрдің талдауы

Зәрді жинау алдында сабынды, гельді және түрлі антисептиктерді қолданусыз жыныс органдардың гигиеналық тазалауын жүргізу керек. Тексеру алдында зәрдің түсін өзгертетін жеміс-жидектерді  жеуге (қызылша, сәбіз), диуректиктерді қолдануға болмайды. Әйелдерге менструация кезінде және одан кейін (2-3 күн) зәр тапсыруға болмайды, бірақ, қажет болғанда, зәрге шығыстардың түсуін болдырмау үшін іншекке тығын салады.

Жалпы клиникалық зерттеулер үшін  түні бойы жиналған ең бірінші таңғы зәр алынады. Бірінші бөлігін унитазға жібереді (бірнеше миллилитр), содан кейін, 50-100мл зәрді контейнерге жинау қажет.

Нечипоренко бойынша зәрдің талдауы. Түні бойы жиналған таңғы зәрдің ортаңғы порциясын жинайды. Зәрдің бірінші порциясын 15-20мл унитазға жібереді, ортаңғы порциясын 50-70мл алдын ала әзірленген контейнерге жинайды, қалған зәрді унитазға жібереді.

Тәуліктік зәрді жинау үшін  көлемі 2-3литр контейнер дайындау қажет.  Тәулік бойы зәр жиналады.  Бірінші күні таңертең қуықты унитазға босатады, содан кейін күні, түні және екінші күні таңертен жиналған барлық зәрді тоңызатқышта (+2+80С температурада) сақталатын ыдысқа жинайды. Жинау аяқталған соң тәулік бойы жиналған зәрдің мөлшерін белгілері бар ыдысты / құмыраны қолдана отырып өлшеу қажет.  Зәрдің жиналған көлемін жазып алады. Зәрді мұқият араластырып, жалпы жиналған зәрдің 100мл пластик контейнерге құю қажет.

Зәрді қабылдау пунктіне жеткізген кезде –  тәулік бойы жиналған зәрдің көлемін (тәуліктік көлемді) тіркеушіге хабарлайды.   

  Зимницкий бойынша зәрдің талдауы . Зерттеуге зәрді 24 сағат бойы жинайды, түнгі уақытта да жинайды.Сынама үшін 8 ыдыс дайындайды, әр ыдыста зәрді жинау уақыты (жинау уақытының интервалы) белгіленеді.  Бірінші күннің таңғы 06.00-да қуықты унитазға босатады, содан кейін, әрбір 3 сағат сайын зәрдің толық порциясын жинау уақытына сәйкес бөлек ыдыстарға жинайды (сағат 9-12:00, сағат 12-15:00, сағат 15-18:00, сағат 18-21:00, сағат 21-24:00, сағат 24-3:00, сағат 3-6:00, келесі күннің таңғы сағат 6-9:00).  Ыдыс толып қалған, бірақ, кіші дәретке барғыңыз келген жағдайда қосымша ыдыс алады, бірақ, дәл сол уақытты белгілейді.   3 сағат бойы кіші дәретке барғыңыз келмеген жағдайда тиісті уақытты көрсете отырып, ыдысты бос қалдырады. Зәрді жинау кезінде ыдысты t +2+80С сақтайды. Зәр жинауды келесі күннің таңғы сағат  9:00 бітеді. Барлық ыдыстарды, оның ішінде, бос және қосымша ыдыстарды  Қабылдау пунктіне жеткізеді.

Нәжістің зерттеуі

Жаңа жиналған нәжісті зерттеуге алады. Тексеру алдында ішті жүргізетін дәріні, белсендірілген көмірді, құрамына темір, мыс, висмут кіретін препараттарды,  тікішек супозиторийін қолдануға болмайды. Нәжіске су немесе зәр түсірмеу қажет. Әйелдерде менструация кезінде талдау жүргізуге болмайды, бірақ, қажет болғанда,  нәжіске  шығыстардың түсуін болдырмау үшін іншекке тығын салады. Нәжісті клизмаларсыз және ішті жүргізу дәрілерсіз жинау қажет. Нәжісті жинау алдында кіші дәретке отырып, гигиеналық процедураларды жүргізу қажет.

Нәжісті таңертең жинаған жөн. Нәжісті әр жерден алып, бір реттік контейнердің 1/3 көлемінен асырмай және бір шай қасығының көлемінен кем емес мөлшерде  салады.

МРТ- зерттеуі

1.МРТ зерттеуіне пациентті дайындау
а) Түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
б)  Пациенттің киімін ауыстыру .
в) Пациенттегі барлық металл заттарды алып тастау (есту құралдары, әшекейлер, пирсинг, тіс протездері)
г) Тұрақты канюляны көктамырға  орнату.
2. Пациентті тіркеу.
3.Науқасты аппаратта дұрыс орналастыру, құлаққалқандарын кигізу, катушканы орнату

4.Зерттеуді жүргізу

Пациентті зерттеуге дайындау: ішперде қуысы органдарының және ішперде артындағы аймақтың МРТ. МРТ жүргізу алдында 24 сағат бұрын көмірсуларсыз диета ұстау қажет. Зерттеуді аш қарынға жүргізеді.

Пациентті зерттеуге дайындау: кіші жамбас органдарының МРТ. Кіші жамбас органдарының МРТ жүргізу  алдында кешке қарай  тазалау клизмасын жасайды. Тексерудің алдына 2 сағат бұрын тамақ пен судан бас тарту қажет. Кейбір  жағдайда екі но-шпа таблеткасын қабылдау ұсынылады.

Қарсы көрсетімдер: абсолютті және салыстырмалы

а) абсолютті – кардиостимулятор, гемостатикалық,  металл қапсырмалары және имплантаттар, 23 аптаға дейін жүктілік.
б) салыстырмалы – клаустрофобия,  23 аптаға дейін жүктілік (өмірлік көрсеткіштері бойынша).
Дайындаудың мақсаты:   дұрыс жатудың маңыздылығын пациентке түсіндіру

Ұлтабардың, асқазанның, өңештің рентгенологиялық зерттеулері
Метеоризмнің профилактикасы үшін 2-3 күн бұрын газдың жиналуына әкелетін тағамдарды рационнан алып тастау: көкөністер, жемістер, сүт, қара нан.
Зерттеуді асқазанға жүргізеді, сондықтан, зерттеудің алдында пациент 20 сағат ас  және су қабылдамауы тиіс.  Іштің қатуы орын алған кезде дәрігердің  тағайындауы бойынша бір сағат сайын 1,0-1,5 литр сумен 2 тазалау клизмасын жасайды немесе  «фортранс» (0,5 л суға 1 пакет) қабылдайды.

Ирригоскопия
2-3 күн бұрын газдың жиналуына әкелетін тағамдарды рационнан алып тастау қажет: қара бидай наны, сүт, картоп, орамжапырақ, алма, жүзім.
Сұйық, тез сіңетін тағамдар ұсынылады.   Зерттеу алдында 1 күн бұрын  сағат 15.00-де «фортранс» (0,5 л суға 1 пакет) қабылдайды.  сағат 18.00 , 19.00  1,5 литр сумен   1 сағат  арақашықтықпен  2 тазалау клизмасын  жасайды.Зерттеу күні сағат 6.00, 7.00-де «таза су » нәтижесіне  дейін 1 сағат арақашықтықпен 1,5 литр сумен 2 тазалау клизмасын жасайды.  Пациент тамақ , су ішпеуі және дәрі-дәрмектерді қабылдамауы тиіс.

Гастроскопия мен бронхоскопияға дайындау

Фиброгастродуоденоскопия және фибробронхоскопия аш қарынға жасалады. Зерттеуді таңертең жүргізген дұрыс. Зерттеу алдында кешкі тамақты сағат 21.00-ге дейін қабылдау қажет. Пациент зерттеуге өзімен бірге ауыстыратын аяқ киім мен сүлгі әкеледі. Өңешке немесе трахеяға түсуді болдырмау мақсатында алмалы-салмалы тіс протездерін шешіп қою қажет.

Колоноскопияға дайындау

Зерттеуге дейін 3 күн бұрын диета ұстау қажет.

Болмайды:

ет, қара нан, жас көкөністер мен жемістер, жасыл көк, бұршақ, саңырауқұлақтар, жидектер, жаңғақтар, дәні бар тәтті қайнатпалар,  оның ішінде, майда дәні бар қайнатпалар (қарақат, бүлдірген), жүзім, киви.

 Болады:

сорпа, піскен ет, балық, тауық еті, сыр, ақ нан, май, печенье, компоттар, кисель. Ішіңіз қататын болса, өзіңіз  пайдаланатын  іш жүргізетін препараттарды қолданыңыз.

Зерттеуге дайындалған күні ашығу қажет. Сұйықтықты қалаған  мөлшерде ішуге болады (шай,  сұйық шырындар, газсыз минерал суы ).

  Фортранс препаратымен дайындау

Бір пакетті 1 литр суға ерітеді және дайындалған ерітіндіні 1 сағаттың ішінде ішеді.

Бір кезеңді дайындық  (зерттеу таңғы уақытта жүргізілетін болса): сағат  15.00-19.00-Фортрансты қабылдау – 4 л ерітінді.

Екі кезеңді дайындық (зерттеу түстен кейін жүргізілетін болса): сағат 17.00-19.00- Фортрансты қабылдау – 2 л ерітінді;  келесі күні сағат 7.00-9.00- Фортрансты қабылдау – 2 литр ерітінді.

  Флит (фосфо-сода)препаратымен дайындау

 Зерттеу таңғы уақытта жүргізілетін болса, препаратты қабылдау тәсілі 

 Зерттеу алдындағы күні:

Сағат 7.00  Таңғы астын орнына 1 стакан сұйықтық ішу (бір стаканның көлемі – 250 мл) (немесе  астам). Таңғы астан кейін бірінші флаконның ішіндегісін жарты стакан салқын сумен ерітеді. Оны ішіп, артынан бір стакан су ішу қажет.

Сағат 13.00 Түскі астын орнына үш стакан сұйықтық ішу керек.

Сағат 19.00 Кешкі астын орнына бір (немесе бірнеше) стакан сұйықтық ішеді. Кешкі астан кейін екінші флаконның ішіндегісін жарты стакан салқын сумен ерітеді. Оны ішіп, артынан бір стакан су ішу қажет.

 Зерттеу түстен кейін жүргізілетін болса, препаратты қабылдау тәсілі

Зерттеу алдындағы күні:

Сағат 13.00 Түскі ас жеңіл болуы тиіс. Түскі астан кейін ешбір қатты тағам қабылдамайды.

Сағат 19.00  Кешкі астан кейін бір (немесе бірнеше) стакан сұйықтық ішеді. Таңғы астан кейін бірінші флаконның ішіндегісін жарты стакан салқын сумен ерітеді. Ерітіндіні ішеді, артынан бір стакан су ішу қажет.  Бір кеште шамамен үш стакан су ішу қажет.

 Зерттеу күні:

Сағат 7.00 Таңғы астын орнына бір (немесе бірнеше) стакан сұйықтық ішеді. Кешкі астан кейін бірінші флаконның ішіндегісін жарты стакан салқын сумен ерітеді. Оны ішіп, артынан бір стакан су ішу қажет. Сұйықтықты сағат 08.00-ге дейін ішуге болады.

 

Фибробронхоскопияға дайындау

Фибробронхоскопия аш қарынға жасалады. Зерттеуді таңғы уақытта өткізген дұрыс. Зерттеу алдында  сағат 21.00-ге дейін соңғы тамақтану. Пациент зерттеуге өзімен бірге ауыстыратын аяқ киім мен сүлгі әкеледі. Өңешке немесе трахеяға түсуді болдырмау мақсатында алмалы-салмалы тіс протездерін шешіп қою қажет.

Функционалдық зерттеулерге дайындау ережелері  (СМАД, ЭКГ, ХМ ЭКГ, велоэргометрия, ЭЭГ)

 Велоэргометрияға дайындау

Велоэргометрияға дейін 3 сағат бұрын тамақ қабылдауға болмайды. Күйзелістер мен үлкен физикалық жүктемелерден кейін велоэргометрия жүргізілмейді.  Қандай да бір дәрілік заттар тағайындалған болса, алдын ала дәрігердің кеңесін алыңыз.

Велоэргометрия – физикалық жүктемемен ЭКГ сынамалары – жүктемелік стресс / күйзеліс

Ішперде қуысы органдарының УДЗ дайындау

УДЗ алдында ішуге және жеуге болатын тағамдар

УДЗ қалай дайындалу керек? УДЗ жүргізудің басты шарты – бос асқазан, сондықтан  зерттеуді таңертен жүргізеді. Егер зерттеуді күндіз жасаған жағдайда, жеңіл  таңертенгілік ас қабылдауға болады, бірақ , соңғы қабылданған ас пен зерттеудің арасында 6 сағат өту қажет. Зерттеудің алдында қандай да бір  сұйықтық ішуге болмайды.    Зерттеу таңертен емес, кешірек жүргізілетін болған жағдайда тәттісіз,  қою емес шай ішуге болады.

Ішперде қуысының УДЗ алдында жеуге болмайтын азық-түліктер 

Зерттеуге дейін үш күн бұрын құрамына талшықтар кіретін және газдың пайда болуына әкелетін азық-түліктерді рационнан алып тастау қажет: қара нан, сүт, сүт өнімдері, шикі көкөністер мен жемістер, газдалған сусындар, кондитерлік өнімдер, тары ботқасы.

Бұл шектеулерге төзу өте қиын болып көрінуі мүмкін, бірақ, әрқашан әрі дәмді әрі пайдалы азық табуға болады.

Осы үшкүндік дайындық кезінде ішектегі метеоризм белгілерін жою қажет,   мезим форте, микразим, фестал ұйқыбез ферменттерінен тұратын препараттар көмектеседі. Сонымен қатар, ішектегі газдарды азайтатын  белсендірілген көмірді немесе эспумизанды екі күн қабылдау қажет. Тәтті тағамдарды рационнан алып тастау қажет.

Зерттеу алдында алкоголь ішпеу, сағыз шайнамау және кем дегенде зерттеуге дейін 2 сағат темекі шекпеу қажет.

Сұйықтық ішу тәртібін сақтау  маңызды, тәулігіне 1,5 литр таза су ішу керек. Көк және тәтті қосылмаған шай ішкен жөн.

Тұрақты түрде дәрі-дәрмек қабылдайтын болсаңыз  зерттеу алдында дәрігерге хабарлау қажет.

УДЗ алдында барийді қолдану арқылы  асқазанның  немесе ішектің зерттеуі жүргізілген кезде организмнен барий толық шығып, зерттеу нәтижелеріне әсер етпеуі  үшін  шамамен 2 тәулік күту қажет.

Кіші жамбас органдарының УДЗ дайындау

Гинекологиялық аурулардың диагностикасын  жүргізу, жүктіліктің мерзімін және нәрестенің дамуын анықтау үшін әрбір әйел ультра-дыбыстық зерттеуден өтеді.   Контакттық гельмен кәдімгі УДЗ немесе трансвагинальдық датчиктің көмегімен УДЗ  жүргізуге болады.

Бірінші жағдайда алдын ала дайындық қажет, себебі, кіші жамбас органдарының зерттеуі толық қуыққа жүргізіледі. Зерттеудің алдында 1 сағат бұрын  шамамен 4-6 стакан газсыз сұйықтық ішу керек, әрбір әйелдің қуықты толтырудың өзінің мөлшері болады.

Кіші жамбас органдарының трансвагинальдық әдісі алдын ала дайындықты талап етпейді. Кейбір кезде толығырақ ақпарат алу үшін дәрігер зерттеуді екі әдіспен өтуге ұсынады.

Қуықтың және бүйректердің УДЗ дайындау

Қуықтың зерттеуін өткізу алдындағы дайындық  қуықты сұйықтықпен толтырудан тұрады, яғни, жоғарыда айтылған зерттеу тәрізді зерттеудің алдында 4-6 стакан су немесе газсыз сусын ішу қажет.  Қуық пен бүйректердің УДЗ жасау үшін баратын емханаңыз немесе жеке клиникаңыз алыста орналасқан жағдайда 1-2 стакан су ішіп, қалған сұйықтықты өзімен бірге алып, кезек күтіп отырғанда ішу ұсынылады.

Суды жеткіліксіз ішкен кезде немесе қуық толмаған кезде дәрігер зерттеуді жүргізе алмайды. Судың қажетті мөлшерін ішу қажет.

Қуықасты бездің УДЗ дайындау

Еркектерде қуықасты бездің ультра-дыбыстық зерттеуі екі әдіспен жүргізіледі, олардың біреуі трансабдоминальдық деп аталады және толық қуыққа жүргізіледі. Тазалау клизмасынан кейін жасалатын зерттеудің басқа -трансректальдық әдісі бар. Бұл ыңғайлы және ақпаратты көп беретін әдіс деп есептеледі.

Дайындықты қажет ететін зерттеулердің барлығы туралы айтылды. Ультра-дыбыстық зерттеу қалқанша бездің, жүректің, сүт бездерінің, жұмсақ тіндердің, бұлшықеттердің жағдайын қадағалауға мүмкіндік береді және осы зерттеулер алдын ала дайындалуды талап етеді.

 

Сүт бездерінің УДЗ дайындау.

Сүт бездерінің УДЗ  – циклдың күнін дұрыс есептегеннен басқа алдын ала дайындықты талап етпейді. Дәрігер  ұсынылған күндері диагностикаға жазылған дұрыс.

Зерттеу кушеткада немесе креслода жүргізіледі, сондықтан өзімен бірге бір реттік сүрткі алып келу қажет.  Сүт бездерінің УД сканерлеуін жүргізу барысында жақсы жылжуды қамтамасыз ету үшін арнайы медициналық гель  қолданлынады. Тексеруден кейін теріден гельді  сүрту үшін алдын ала сүрткі немесе орамал дайындап қою қажет.

УДЗ дайындау.

Қалқанша бездің УДЗ   өткізу   алдында зерттеуге дайылдалу қажет. Қалқанша бездің ас қорыту жүйесіне қатысы болмағандықтан арнайы нұсқаулар жоқ. Нақты тағамдарды шектеу қажет емес, бірақ зерттеу алдында тамақ ішпеу ұсынылады. Яғни, таңертен таңғы асты ішіп, түскі зерттеуге жазылуға болады, бірақ, түскі асты қабылдамаған жөн.


написать администратору сайта