7 ЕСЕП. Диагноз Жедел постстрептококты гломерулонефрит, нефритикалы синдроммен, бастапы кріністер кезеі
Скачать 18.55 Kb.
|
Диагноз: Жедел постстрептококты гломерулонефрит, нефритикалық синдроммен, бастапқы көріністер кезеңі Иммунологиялық зерттеулер: -О антистрептолизиннің жоғарылауы – стрептококковтан кейінгі БЖҮГ; -С3 – комплементінің төмендеуі – МПГН/С3ГН пен қызыл жегілі нефрит, жіті Аспаптық зерттеулер: -Бүйректің УДЗ: бүйрек тінінің эхогендігінің көтерілуі, олардың көлемінің қалыпты немесе үлкейтілген болуы; -Бүйрек тамырларының УД-допплерографиясы: қан айналымының төмендеуі; -Экг -Пункциялық бүйрек биопсиясы. Экзогендік немесе эндогендік сипаттағы факторлардың сүзгі мембранасына патогендік әсері салдарынан оның қанның формалық элементтеріне өткізгіштігінің жоғарылауы, гематурияның дамуы. Бастапқы несепке қанның нысанды элементтерінің енуі, сиаломуциндердің электрөткізгіш әсерінің салыстырмалы түрде сақталуы есебінен ақуыз сүзілуінің шамалы күшеюі Гиперпротеинемия мен Na жиналуының нәтижесінде ісіну пайда болады. Ісіну сұйықтықтың сақталуына байланысты пайда болады. Бастапқыда олар таңертең пайда болады және оянғаннан кейін бірнеше сағат ішінде жоғалады, біртіндеп тұрақты бола бастайды және ұзақ уақыт сақталады. Ісінудің ауырлығы осмотикалық фактор ретінде әрекет ете алатын тағамдарды – тұзды және ащы тағамдарды қолдануды күшейтеді РААС жүйесінің іске қосылуы нәтижесінде АҚ жоғарылайды. Дәрі-дәрмексіз емдеу: -тәртіп: төсектік – ауыр артериальды гипертензия кезінде; палаталық - шамалы артериальды гипертензия, ісінулер кезінде. -теңгерімделген диета, калорияларды, ақуызды (1,5-2г/кг) дәлме-дәл енгізу; Артериальды гипертензия мен ісінулері бар емделушілерге тұзды алып тастау (1-2 г/тәулік. дейін). Дәрі-дәрмекпен емдеу: иммуносупрессивті терапия индукциялық мен қалыпта ұстайтын терапиядан тұрады Индукциялық саты -Метилпреднизолон 600-800мг/м2, Максимальды мөлшері 1г т/і №3-5, сосын преднизолон 1,5-2мг/кг тәу. ішу арқылы 4-6 апта 0,5мг/кг/тәу. дейін мөлшерлемесін азайтумен 3 ай барысында -Циклофосфамид 500-1000 мг/м2/мөлшері әр 4 аптада т/і №3-6 немесе 2мг/кг/тәу ішу арқылы 8 апта Қалыпта ұстайтын саты Преднизолон 0,5-1 мг/кг/48сағ, мөлшерлемені жай азайтумен. Микофенолат мофетил 800-1200мг/м2 /тәу. 12-24 ай Синдромды терапия: Ісінулерді емдеу Диуретиктер: Ұзаққа сақталатын ісінулер болғанда фуросемид 2-6 мг/кг/тәулігіне тамырішілік күніне 3-4 рет біркелкі аралықпен тағайындалады. Спиронолактон балаларға-тәулігіне 1 кг салмаққа 3 мг есебінен. Артериальды гипертензияны емдеу: -ААФи: фозиноприл 5-10мг/тәулігіне. ШСЖ 30мл/мин/1,73м2 кем азайғанда ААФи тағайындалмайды. -БРА: валсартан 0,4-3мг/кг/тәулігіне., максимальды мөлшерде 160мг/тәу., лозартан 0,7-1,4мг/кг/тәулігіне., максимальды 100мг/тәулігіне. . -β-блокаторлары: атенолол 1-2мг/кг, максимальды мөлшерде 100мг/тәу. -кальций арналарының блокаторлары : Амлодипин 0,1-0,2мг/кг/тәулігіне, максимальды доза 0,6мг/кг немесе 20мг/тәу. нифедипин 0,5-2мг/кг/тәулігіне 2-3 қолдану. Диспансерлік бақылаудың мақсаты: Қайталану мен асқынулардың алдын алу. Стационардан шығарылғаннан кейін емханалық кезеңде: режимді сақтау тоңазуды, күйзелісті, физикалық жүктемені жою, диета; инфекция ошақтарын санациялау, гипертензияға қарсы терапия 5 жыл бойы диспансерлік бақылау (бірінші жылы – тоқсан сайын АҚ өлшеу, қан, зәр анализі, қан сарысуы креатининінің құрамын анықтау және креатинин бойынша КЖҚ есептеу – Шварц сынамасы). |