Практика отчет. Арипбай_Нұрғазы_отчет-1[1]. Диплом алды тжірбие (тжірибе трі) жшс Отстік Жары Транзит (ндіріс жне тжірибе орны)
Скачать 1.9 Mb.
|
Қазақстан Республикасы Ауыл Шаруашылығы Министрлігі «С.Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық Университеті» Факультет: Энергетика Кафедра: Электрмен жабдықтау ТӘЖІРИБЕ ЕСЕБІ Диплом алды тәжірбие (тәжірибе түрі) ЖШС «Оңтүстік Жарық Транзит» (өндіріс және тәжірибе орны) ________________ (баға) Комиссия мүшесі Жетекші ____________________________ ___________________________ (лауазымы, ғылыми дәрежесі) ( лауазымы, ғылыми дәрежесі) ____________________________ ___________________ ______ _________ ________ _________ ________ (қолы) (күні) (қолы) (күні) Бақылаушы Білім алушы ____________________________ __________________________ (лауазымы, ғылыми дәрежесі) ____________________________ ___________08-062-19-07_____ (топ) _________ ________ _________ ________ (қолы) (күні) (қолы) (күні) Нұр-Сұлтан 2023 МазмұныКіріспе 3 Кәсіпорынның қысқаша сипаттамасы 5 Кәсіпорынның негізгі электр тізбегі 16 Қорытынды 30 Қолданылған әдебиеттер тізімі: 31 Кіріспе 3 Аудан жайлы ақпарат 4 Кәсіпорынның қысқаша сипаттамасы 5 Қосалқы станциялардың түсінігі және ерекшеліктері..............................................9 Мекемеде орнатылған электр жабдықтар 10 Кәсіпорынның негізгі электр тізбегі 15 Жеке тапсырма 10 Қорытынды 11 Қолданылған әдебиеттер тізімі 12 КіріспеМен, Арипбай Нұрғазы Алимұлы, 4-курс студенті диплом алды практиканы Шымкент қаласына қарасты ЖШС «Оңтүстік Жарық Транзит» қосалқы станциясында өттім. Энергетиктерге қоятын талабы – нормативтік құжаттардың тізбесін заңнаманың нормалары мен талаптарына және кәсіпорынның ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес іс-әрекет жасайды. Сапалы электр энергиямен сенімді жабдықтау, бұл үшін энергетикалық нысандарды реконструкциялау және техникалық қайта қаруландыру жөнінде тұрақты және мақсатты жұмыс жүргізу қажет, компания басшылығы алғашқы кезекте осыған көңіл бөледі. Қазіргі таңда электр энергетикасын тұтынатын адамдардың көп болуына байланысты осы салада жұмыс жасайтын мамандарды көбейту керектігін де атап айту қажет. Энергия – бұл адамзат тіршілігінің дамуына жағдай жасаушы және ынталандырушы бірден-бір табиғи қайнар көз. Энергия социумдар үлгісінің сақталуын қамтамасыз етеді, ол көптеген аспектілерді біріктіретін ұғым ретінде бүкіл әлем мен адамзатқа тікелей қатысты қызықты сауалдарды туындатады. Қоғамның энергия көздеріне қол жеткізу олардың әлеуметтік, экономикалық және экологиялық тұрақты дамуының нақты жағдайларын тікелей түрде аңықтайды. Технология саласындағы әр түрлі қуат көздерін оңтайландырумен байланысты ғылыми зерттеулер мен жетістіктер қоғамдастықтардың функционалды тәсілдерін аңықтап, энергетикалық тұрақты даму болашағын қалыптастырады. Астанада «Болашақ энергиясы» ұранымен өткен ЭКСПО 2017 көрмесі кең ауқымды және барлығын қамтушы жоба ретінде ойластырылды, оның тақырыбы жан-жақты терең қызығушылық танытатың, қоғамдастықтардың тіршілігін анықтайтың және осы қоғамдастықтардағы адамның күнделікті тұрмыс – ахуалын айқындайтын фактор ретінді қарастыруға мүмкіндік беретін энергия болып табылады. Аумақ жайлы ақпарат Шымкент — Қазақстандағы қала, Республикалық маңызы бар қала, 2018 жылдың 19 маусымына дейінгі Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы. Қалада 1.121.809 адам тұрады (1 қазан 2019). Қазақстанның басқа қалаларымен салыстырғанда тұрғыны жөнінен 3-ші орында. Осымен қатар, Шымкент Қазақстанның негізгі өнеркәсіп, сауда және мәдени орталықтарының бірі болып табылады. Шымкент қаласы ТМД-ның 2020 жылғы мәдени астанасы мәртебесіне ие болды. Облыста Қазақстан бойынша республикада өндірілетін өнеркәсіп өнімінің 3,0 пайызын өндіретін 163 ірі және орта кәсіпорындар жұмыс істейді. Облыста 2197 өнеркәсіп кәсіпорындары тіркелген, оның ішінде, кен өндіру саласында – 155 кәсіпорын, өңдеу өнеркәсібінде – 1635, электр энергиясын, газ бен суды өндіру және бөлу секторында – 156. Өнеркәсіп саласында жұмыс істейтіндердің саны 40,2 мың адамды құрайды, кен өндіру саласында жұмысшылар саны - 6,5 мың адам, өңдеу өнеркәсібі саласында жұмысшылар саны - 25,6 мың адам, электр энергиясын, газбен суды өндіру және бөлу секторында - 8,0 адам. Инвестициялауға ұсынып отырған инвестициялық жобалар Бүгінде транспорттық-экономикалық, еңбек ресурстарына бай, заманауи телекоммуникациялық жүйемен қамтамасыз етілген, көрші мемлекеттерге жақындығымен танылған, сонымен бірге шетелдік және отандық инвестицияларды салуға өзінің бизнеске қолайлылығымен танымалы аймақ. Кәсіпорынның қысқаша сипаттамасы«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС 8 шілде 2005 жылы «Оңтүстік Жарық» ЖШС серіктестік қатысушысы шешімімен құрылды. Серіктестік заңды тұлға ретінде ОҚО Әділет Департаментінде тіркеліп, 27 сәуір 2009 жыл №24017-1958-ЖШС заңды тұлға ретінде мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлік алды. 4.2 Жарғының тармағына сәйкес, Серіктестіктің әрекетіне мыналар жатады: • Электр энергиясын тарату; • Электр энергиясын таратудағы технология түрлерімен байланысты өзге де қызметтер; "Оңтүстік Жарық Транзит" Түркістан облысы мен Шымкент қаласының тұрғындарын сапалы және үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз етеді. Абоненттердің жалпы саны 670 мыңға жуық. Оның ішінде Шымкент қаласы бойынша-238 мың 449. Тұтынушылар 100% есептеу құралдарымен қамтамасыз етілген. "Оңтүстік Жарық Транзит" ЖШС 2016-2022 жылдарға арналған қабылданған инвестициялық бағдарламада 2021 жылға жоспарланған іс-шараларды орындады. Бұл нысандарды, сондай-ақ электр желілерін қайта құру, жөндеу. Солардың бірі-Түркістан облысы Сайрам ауданында ең көп қоныстанған Қожақорған тұрғын алабындағы "Тәуелсіздікке 30 жыл" атындағы 35/10 кВ қосалқы станциясы. Компания 5 жылға бекітілген инвестициялық бағдарлама шеңберінде өткен жылы Еламан тұрғын алабында 0,4-6 кВ желілерін салуды жүзеге асырды. Трансформатордың қуаты 250 кВА, елді мекенде жалпы ұзындығы төрт шақырымнан асатын электр беру желісі салынды, 116 тірек орнатылды. Заманауи жабдықтар тұтынушыларға үздіксіз сапалы электр жарығын алуға мүмкіндік береді, деп атап өтті сала мамандары. Сонымен қатар, инвестициялық бағдарламаға сәйкес, өткен жылы қаланың әл — Фараби ауданындағы Ақбастау көшесінде 1981 жылы пайдалануға берілген қуаттылығы 160 кВА трансформатор қуаттылығы 400 кВА трансформаторға жаңартылды. Жұмыс барысында 86 дана тозған ағаш тіректер заманауи темірбетонға ауыстырылды. Ұзындығы 2 шақырымға жуық электр беру желілері де жаңғыртылды. Айта кетейік, 2016-2022 жылдарға арналған "Оңтүстік Жарық Транзит" инвестициялық бағдарламасы биыл аяқталады. 2022 жылғы іс-шаралардың орындалуы бойынша есепті компания міндетті түрде жақын арада ұсынады. Нақтырақ айтқанда дәл осы компания арқылы көптеген жас мамандар өз біліктілігін арттырып, тәжірибе жинай алады. «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС қызметінің қосымша мәні: - электр энергиясын беру; -электр энергиясын беру жөніндегі қызмет түрімен технологиялық байланысты өзге де қызмет түрлері; - ҚР заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да қызмет түрлері. Компания қызметі үдерістік тәсілге негізделеді және шартты ресімдеу кезеңінен бастап электр энергиясын сапалы және мерзімінде жеткізуге дейін тұтынушылармен жұмысты тұрақты жетілдіруге және жақсартуға және объективті куәліктердің негізінде біздің клиенттеріміздің жаңа талаптарын талдау түрінде жалғастыруға бағытталған. Компанияның материалдық-техникалық базасын дамыту-өндірісті қайта құру және техникалық қайта жарақтандыру, жаңа техника, жабдықтар сатып алу. Электр энергиясының тұтынылатын орны көп. Ал оның өндірілетін орны көп емес, отын жіне гидроресурс көзіне жақын орындар. Электр энергиясын көп мөлшерін жинап сақтау (консервілеу) қолдан келмейді. Оны шығарып алысымен бірден тұтынып, іске жарату керек. Сондықтан электр энергиясын алысқа жеткізу қажеттігі туды. Оңтүстiк Жарық Транзит Қосалқы станциялардың түсінігі және ерекшеліктері Электр қосалқы станциясы - трансформаторлардан немесе басқа электр энергиясын түрлендіргіштерден, басқару құрылғыларынан, тарату және қосалқы құрылғылардан тұратын электр энергиясын қабылдау, түрлендіру және тарату үшін арналған электр қондырғысы. Күшейткіш трансформаторлары бар қосалқы станция ток күші сәйкесінше төмендеуімен электр кернеуін арттырады, ал төмендететін (немесе төмендететін) қосалқы станция ток күшін пропорционалды арттыру арқылы шығыс кернеуін төмендетеді. Ашық тарату құрылғысы (ОРУ) – жабдығы ашық ауада орналасқан тарату құрылғысы. Сыртқы тарату құрылғыларының барлық элементтері бетон немесе металл негіздерге орналастырылған. Элементтер арасындағы қашықтық ПУЭ-ге сәйкес таңдалады. 110 кВ және одан жоғары сыртқы тарату құрылғыларында жылжымалы құрастыру және жөндеу механизмдері мен құрылғылары, сондай-ақ жылжымалы зертханалар үшін өту қарастырылуы керек. Қазақстандық электр энергетика кешенін тұрақты дамыту және қуаттылықты тұрақты өсіру республиканың басты міндеттерінің бірі болып табылады. Халықтың, сол сияқты бизнестің де ішкі қажеттіліктерін тиімді қанағаттандыру, сонымен қатар ел экономикасының әрі қарайғы тұрақты прогресі және электр энергиясын экспорттауға арналған мүмкіндіктерді ұлғайту электр энергетикасымен тығыз байланысты. Саланың ағымдағы жай-күйіне жасалған талдаулар электр энергетикасының қолда бар даму әлеуетін барынша көптеп пайдалану қажет екенін, сонымен қатар электр станциялары мен желілері жабдықтарының тозуын азайту мәселелерін шешу, саланың инвестициялық тартымдылығын жоғарылату қажеттігін көрсетті. Қазіргі уақытта көмірді пайдаланып электр энергиясын өндіру 69 % құрайды, ал газдың үлесі 20 % және мұнай өнімдерінің (мазут) үлесі – 2 % (ЖЭО пайдаланылады), гидроэнергетика 9% энергия өндірсе, жаңармалы энергия көздерінің үлесі – небәрі 1%. Бүгінде Қазақстандағы электр энергиясын әртүрлі меншік нысанындағы 76 электр станциясы жүзеге асырады. Қазақстанның электр станцияларының жалпы белгіленген қуаттылығы 20 844 МВт, қолда бар қуаттылық шамамен 16 945 МВт. Энергияны алыс қашықтықтарға азғантай шығынмен жеткізу - күрделі мәселе. Қазіргі кезде бұл мәселе жоғары кернеулі электр тогының көмегімен шешілуде. 2 суретте электр энергиясын тарату көрінісі бейнеленген. 2 сурет. Өнеркәсіп электр энергиясының негізігі тұтынушысы болып табылады, оның үлесіне өндірілетін электр энергиясының 70%-ға жуығы тиеді. Сондай-ақ транспорт та ірі тұтынушы болып табылады. Ұжымшарлар мен кеншарлардың барлығы дерлік өндірістік және тұрмыстық қажеттер үшін электр энергиясын электр станцияларынан алады. Электр энергиясын тұрғын үйлерді жарықтандыруда және тұрмыстық электр аспаптарында пайдаланатынын әркім-ақ біледі. Пайдаланылатын электр энергиясының басым көпшілігі қазір механикалық энергияға айналдырылады. Өнеркәсіптегі механизмдердің түгелін дерлік электр қозғалтқыштары қозғалысқа келтіреді. Олар ыңғайлы, шағын, өндірісті автоматтандыруға мүмкіндік береді. 3 сурет. Өнеркәсіптің тұтынылатын электр энергиясының үштен бірі технологиялық мақсаттар (электрмен пісіру, электрмен жылыту және металдарды балқыту, электролиз, т.с.с.) үшін пайдаланылады . Электр энергиясына мұқтаждық өндірісте де, транспортта да, ғылыми мекемелерде де, сонымен қатар, тұрмыста да үнеміартып отырады. Бұл мұқтаждықты екі түрлі жолмен өтеуге болады. Бір қарағанда табиғи және бірден-бір тәсіл – жаңа қуатты жылу, гидравликалық және атом электр станцияларын салу. Алайда жаңа ірі электр станцияларын салу үшін бірнеше жыл уақыт және көп қаражат керек.Осы кезде жылу электр станциялары қалпына келтірмейтін табиғат ресурстарын көмір, мұнай және газды пайдаланады. Сонымен қатар, бұл бір мезгілде біздің планетамыздың экологиялық тепе-теңдігіне үлкен кесел келтіреді. Алдыңғы қатарлы технологиялар электр энергиясына мұқтаждықты басқа жолмен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Электр станцияларының қуатын арттыру емес, электр энергиясын пайдаланудың тиімділігін арттыру алдыңғы шепке шығуы тиіс. Электр энергиясын тиімді пайдалану мүмкіндіктері бар және олар аз емес.Соның бірі жарықтандырумен байланысты, оған мәселен, өндірілген энергияның 25%-ына жуығы кетеді. Электр энергиясын тұрмыста мұздатқыш қондырғыларды, теледидарда, компьютерлерде және т,б, пайдаланудың тиімділігін арттырудың көптеген басқа да мүмкіншіліктері бар. Үнемделген қаржыны күн энергиясын электр энергиясына айналдыратын қондырғыларды жасап шығуға пайдалануға болады. Ғалымдар басқарылатын термоядролық реакция көмегімен энергия алуына үлкен үміт артады. Мұндай қондырғы кәдімгі атомдық электр станциясы сияқты үлкен қауіп келтірмейді. Мекемеде орнатылған электр жабдықтар Трансформатор – магниттік тізбекте екі немесе одан да көп индуктивті байланысқан орамасы бар және электрмагниттік индукцияның көмегімен бір немесе бірнеше айнымалы ток жүйесін (кернеуді) бір немесе бірнеше басқа жүйелерге (кернеулерге) түрлендіруге арналған статикалық электромагниттік құрылғы. жиілігі. Трансформатор айнымалы кернеуді түрлендіруді және/немесе гальваникалық оқшаулауды әртүрлі қолданбаларда - электр қуаты, электроника және радиотехникада орындайды. Электрмен жабдықтау жүйесінде тұтынушылармен пайдаланылатын трансформаторлар күштік деп аталады. Трансформаторларды электрлік өлшеу құрылғыларында, радиотехникада, электроникада, автоматты басқару құрылғыларында және басқада техниканың жабдықтарында пайдаланылады. Тұтынушыларға электрлік станциядан электр энергиясын тасымалдау үрдісінде бір кернеудегі электр тогы сол жиіліктегі басқа кернеудегі электрлік токқа бірнеше рет түрленеді. Бұл түрлендіру күшейткіш және төмендеткіш трансформаторларының көмегімен іске асырылады. 4-сурет Электрлік реле – қабылдағыш бөлігі электр энергиясының бір түрімен әрекеттесетін реле. Электрлік релелер қабылдау бөлігінің құрылғысының принципі бойынша бөлінеді: бейтарап электромагниттік реле; поляризацияланған электромагниттік релелер; магнитоэлектрлік релелер; электродинамикалық реле; индукциялық реле; қатты күйдегі реле. Автоматтандыру схемаларын құруға арналған жалпы элементтердің бірі коммутациялық элемент - реле. Электромагниттік (контактілі) реле темір жол автоматикасында және телемеханика жүйелерінде кеңінен қолданылады. Соңғы уақытта жартылай өткізгіш құрылғыларда және магниттік өзектерде жасалған жанаспайтын реле элементтері көбірек қолданыла бастады. Бұзылған немесе жөнделуі керек трансформаторларды қарайтын арнайы ғимаратқа барып қайттым.Бұл ғимараттың ішінде трансформаторларды жөндейтін құрылғылар,оны көтеретін арнайы крандар мен тасымалдайтын жүк көліктері бар.Осы ғимаратта трансформаторларды тексерістен өткізіп қосалқы станцияларға жібереді. А спалы кран, 5-сурет Эстафеталық әрекеттің сенімділігі бойынша олар бірінші, екінші класты және сенімділіктің екінші класынан төмен релелерге бөлінеді; әрекет принципі бойынша – электромагниттік, электротермиялық және индукциялық және т.б.; тізбегіне қосу әдісіне байланысты – штепсельдік және ашасыз; қоректендіру тоғының түрі бойынша – айнымалы және тұрақты ток; тұрақты күйлер саны бойынша – екі позициялы (басымдылығы бар бейтарап және поляризацияланған релелер) және үш позициялы (біріктірілген реле және бейтарап реттеумен поляризацияланған). С енімділіктің бірінші класындағы релелер конструкциясы мен олардың дайындалу сапасы реле электромагнитінен қуат алынған кезде өзінің массасы есебінен арматураның босатылуына және алдыңғы және жалпы контактілердің сенімді ашылуына кепілдік беретіндігімен сипатталады. . Айналу осьтерінде арматураның механикалық кептелуінің болмауы үш жазықтықта бақыланатын саңылауларды және өз массасының әсерінен арматураны босатуды қамтамасыз ететін реле конструкциясымен қол жеткізіледі; арматураның өзекке жабысуы, яғни. қалдық магниттелу күштерінің әсерінен якорьді ұстау қалдық магниттелуі төмен материалдардан жасалған магниттік контурмен және қола тоқтауына байланысты арматура мен өзек арасындағы кепілдік берілген ең аз саңылауы. 6-сурет,жүк тасымал көлігі Сенімділіктің екінші класындағы релелер олардың арматурасының негізінен жанасу серіппелерінің серпімділігінің әсерінен құлауымен сипатталады. Бұл релелерді электр тізбектерінің сыни тізбектерінде олардың жақсы күйін тексеруге арналған тізбектер болған жағдайда ғана қолдануға болады. Әртүрлі басқару схемалары реленің импульстік жұмысын тексеру болуы мүмкін. Жоғары ток жағдайында контактілердің дәнекерленуін болдырмау үшін релелік контактілер бір-біріне ұқсамайтын материалдардан (күміс ұнтағы бар көмір) жасалған. Эстафетаның белгілеулері (номенклатуралары) әріптер мен сандарды қамтиды. Әріптер мынаны білдіреді: N - бейтарап; P - поляризацияланған; K - біріктірілген; - термоэлементпен, V - түзеткішпен, Ш - қосылатын модуль. А әрпі тығыздағышпен арнайы қорғаныс қаптамасындағы автоблокировканы білдіреді. Әріптерден кейінгі бірінші сандар мынаны көрсетеді: 1 - релелерде 8 тройник контактісі (8 фут), яғни 8 алдыңғы және 8 артқы үзіліс контактілері бар; 2-4 контактілер (4 фут); 3-2 тройник және 2 алдыңғы контакт (2 фут, 2 фут); 4-4 тройник және 4 алдыңғы жабылатын контактілер (4 фут, 4f); 5-2 тройник және 2 артқы ЖОҚ контактілері (2 фут, 2 т). Номенклатурадағы соңғы сандар реле орамасының кедергісін білдіреді. Мысалы, NMShM2-640 релесінің номенклатурасы келесідей дешифрленген: бейтарап қалыпты әрекет релесі, шағын өлшемді, қосылатын, баяу әрекет ететін, 4 тройник контактісі (4 фут), орама кедергісі 640 Ом. Әрбір контактілер тобының (тройниктердің) сериялық нөмірі бар: алдыңғы контактілер 2 санымен нөмірленеді, артқы - 3, жалпы -1. Кішкентай реле үшін нөмірлеу монтаждық жағынан жүзеге асырылады; солдан және жоғарыдан төменге қарай бірінші байланыс тобында келесі нөмірлер бар: жалпы-11, алдыңғы-12, артқы-13; екінші топ – 21, 22, 23, т.б. НР типті реле үшін нөмірлеу алдыңғы жағынан солдан оңға қарай орындалады. Бірінші байланыс тобында 11, 12, 13 нөмірлері бар, екіншісінде - 21, 22, 23 және т.б. К |