пед. Дипломды жмыс таырыбы Бастауыш сынып оушыларыны оу белсенділігін ойын технологиясы аркылы дамыту
Скачать 141.32 Kb.
|
1.2 Оқытудағы ойын технологиясының маңызы, түрлері және оны қолдану тиімділігі Ойын технологиясы – оқу–тәрбие міндеттерін шешуге бағытталған әр түрлі ойындарды қолдануды көздейтін дидактикалық жүйелер. Педагогикалық ойындар технологиясы дегеніміз — педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиыны. Ойын түріндегі жұмыстар сабақ үстіндегі қолайлы деген жағдайларда пайда болып, оқушыларды қызықтырушы құрал ретінде қолданылады. «Ойын» технологиясының мақсаты – оқушыларға жаңа білім-білік дағдыларын қалыптастыруды қамтамасыз ету, зерттеу жұмыстарына бағыттау. Ойын арқылы оқыту технологиясы – балаға варианттарды таңдап алу негізінде қойылған міндеттерді шешу біліктерін қалыптастыратын әр түрлі ойындарды қолданудың жүйесі. Ойынның мазмұны логикалық ойға құрылып, адам бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға ықпал тигізеді. Ойын – балалардың негізгі іс – әрекетінің бір түрі. Ойын арқылы бала өмірден көптеген мәліметтер алады, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады, яғни ойын арқылы бала білім алады. Бала зейіні қажет ететін, әдейілеп ұйымдастырылған ойындар оның ақылын, дүниетанымын кеңейтеді, мінез – құлқын, ерік – жігерін қалыптастырады. Аса ірі психологтардың айтуы бойынша, бала ойын үстінде қандай болса, өскенде еңбекте де сондай болады. Ойын – адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Жас сәбидің өмірі, қоршаған ортаны танып, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Балалар ойын барысында өздерін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекеті (сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою, ерік арқылы байқалады.) Түрлі психологиялық сезім әрекетіне сүңгиді.Ойын үстінде бала бейнебір өмірдің өзіндегіндей қуаныш пен реніш сезімінде болады. Балаға таңдалған білім баланың ақылына лайықтап, талабын шабыттандыратындай, ойын оятарлық іскерлігін дамытарлықтай, бастаған істің нәтижесіне жетуге тырысарлықтай нәрлі болуы керек. Халық өзінің қоршаған дүниенің қыры мен сыры егжей-тегжейлі білуді баланың санасына ойын арқылы жастайынан сіңіре білуді көздеген. Ойын бала табиғатымен егіз. Өйткені бала ойынсыз өспек емес, жан-жақты дамымақ емес. Мектепалды даярлық тобында балаларға ойын арқылы сабақтың сапасын арттыруға толық мүмкіншілік бар. Ойын арқылы бала түрлі логикалық жаттығуларды орындауға төселеді. Бұл жөнінде белгілі психолог – ғалым А.А. Люблинская «Зейін баланың белсенді әрекетінде туындап қана қоймай, олардың жақсы ұйымдастырылған іс – әрекетінде. Бәрінен бұрын олардың ой еңбегінде де қолдау табатынын айтады». Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін, әрі тәрбиелейтін де негізгі іс – әрекет ойын. Ойын арқылы бала қоршаған ортамен, адаммен, олардың еңбегімен, қарым – қатынасымен танысады. Ойын арқылы олардың ой-өрісі дамиды. Ойын үстінде балалар әртүрлі рөлде жолдастарымен қарым – қатынас жасауға, ойын үстінде ойлана отырып жауап беруге, қиялдауға, елестетуге қабілеттері қалыптасады. Сөздік ойындары балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытады. Ойыншықтарды пайдалана білуге үйренеді. Арнайы ойын ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің мазмұнына қарай танымдық, дамытушы ойындарды, тапсырмаларды қолдану, балаларды заттарды бір – бірімен салыстыруға, оларды қасиетіне қарай ажыратуға және оны танып білуге үйретеді. Сөйтіп бала топтағы жасына сәйкес бағдарламалық міндетті меңгереді. Ойын ұйымдастыруда балаларға жетекші бола отырып, ойнай білуге,ойын ережесін сақтауға, әрі оларды ойната отырып ойлануға бағыттайды, заттың атын немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады, ойынға қызықтыра отырып зейінін, қиялын дамытады. Ойынға қойылатын әдістемелік талаптар: - Ойынның мақсаты нақты және керекті көрнекіліктер мен материалдар күн ілгері дайындалып, оңтайлы жерге қою. - Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібін оқушыларға әбден түсіндіру. - Ойынға сыныптағы оқушылардың түгел қатысуын қамтамасыз ету. - Ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеу. - Ойын түрлерін бағдарламаға сай іріктеп алу. - Ойынды баланың жас ерекшелігіне қарай түрлендіріп пайдалану. - Қарапайым ойыннан қиын ойынға көшу. - Міндетті түрде ойынның қорытындысын жариялау қажет. Ойын түрлерінің жіктелуі: — грамматикалық; — психологиялық; — тірек-сызбалар; — логикалық; — техникалық; — дене–еңбек. Грамматикалық ойындар Оқушылардың грамматиканы толық меңгеріп, жазу тілін дамытуларына мол мүмкіндік береді. Синтаксистік, морфологиялық талдаулар үдерісі үздіксіз дамып отырады. Сонымен қатар фонетикалық заңдылықтарды да еркін меңгере алады. Олардың қатарына : 1) әріптік, буындық кеспелер; 2) диктант түрлері; 3) жаттығу түрлері; 4) шығарма, мазмұндамалар; 5) әңгіме, мәтін құрастыру; 6) сөздіктер. Психологиялық ойындар – көбіне таныс емес тақырып кездескенде сұрақ қою арқылы ойналады. Ол оқушылардың ой–пікірлерін бөлісуге, маңызды мәселелерді шешуге, материалдарды қалай түсінгендерін ашық айта білуге септігін тигізеді. Олардың қатарына : 1) психологиялық сынау, сауалнамалар; 2) сурет салу, құрастырулар; 3) пікірталастар; 4) сұрақ – жауаптар; 5) сөздіктер(диалог, монолог). Мектеп табалдырығын аттап, ең алғаш партаға отырған оқушыларға қалам мен қағаз беріп, «Қолыма тұңғыш қалам ап» тақырыбында сынақ ойынын жүргізуге болады. Ойын аяқталған соң оқушылардың барлығына психологиялық мінездеме жазылып, зерттеу жұмысын жасауға болады. Тірек сызба ойындар – бұл ойындар атынан көрініп тұрғандай көбіне сызу, суреттеу, жобалау, әскездеу боп табылады. Ойын грамматикалық ойынмен тығыз байланысты. Олардың қатарына: — ойықжазбалар; — суретті жұмбақтар; — сөзжұмбақтар, аннаграммалар; — суретпен бейнелеулер жатады. Логикалық ойындар – оқушылардың ой–өрісін, тіл, сөз байлығын кеңейтеді. Ойын ойланғыштыққа, іздемпаздыққа, тапқыштыққа, шапшаңдылыққа, жауапкершілікке итермелейді. Ойын ойлау шеңбері арқылы жүзеге асады. Сондықтан көбіне сұрақ–тапсырмалар арқылы беріледі. Олардың қатарына: 1) жұмбақтар; 2) логикалық сұрақ–тапсырмалар; 3) лездік тапсырмалар; 4) әрі қарай жалғастырулар т. б. жатады. Техникалық құралдармен ойналатын ойындар – қазіргі заман талабына сай қағидаларды негізге ала отырып ойналатын ойындардың түрі. Бұл ойындарды ойнау барысы қоғамда, тұрмыста, үйде, болашақта көп көмегін тигізетіндігі дәлелденген. Олар: 1) лингофон құрылғылары; 2) компьютер; 3) «Сега», «Дэнди»; 4) тир, автоматтар; 5) кодоскоп, диапроекторлар; 6) магнитофон, музыкалық орталық; 7) караоке. Дене–еңбек ойындары — бұл ойындардың көбісі күш жұмсап, тер төгіп еңбек ету нәтижесінде жүзеге асады. Ол дене шынықтыру пәнімен тығыз байланыса отырып, мұғалім шеберлігімен жүзеге асады. Олардың қатарына: 1) сергіту сәттері; 2) тыныс алу жаттығулары; 3) спорттық ойындар; 4) ұлттық ойындар жатады. Компьютерлік ойындардың түрлері мен оларды тиімді қолдану ерекшелігі Оқу үрдісінде дидактикалық мақсатқа жету үшін пайдаланылатын ойындар көп орайда дидактикалық деп аталады. Дидактикалық компьютерлік ойын дегеніміз – бұл оқу мақсатына жетуге бағытталған компьютерлік ойын. Мұндай ойынның қалыптасқан дәстүрлік ойыннан айырмашылығы: ойынды ұйымдастырушы (ойын жағдайын жасау және оның барысын қадағалау), тағы да біреудің, яғни компьютердің болуы. Осындай жайтпен компьютерлік ойында компьютер бірнеше қызметті: ойын жетекшісі үлкеннің, партнер – ойыншының, ойынның дидактикалық материалдарын іріктеу қызметтерін қатар атқара алады. Компьютердің осындай бесаспаптығы және осы қызметтерді атқарудағы шектеулі мүмкіндіктері дәстүрлік ойындармен салыстырғанда, өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері бар бірегей ойын деп саналады. Компьютерлік ойынның негізін логикалық құрылым құрайды, онда үш деңгей айрықша көрсетілген: а) оперативтік; ә) тактикалық; б) стратегиялық. Оперативтік деңгей термині аясында ойын ішінде атқарылатын әрекет- операциялар жиынтығының екеуара ойнағандағы үрдістің жалғасы деп түсіндіріледі. Оперативтік деңгей әрекетінің нәтижесі дисплей экранындағы барлық ауысымдар мен өзгерістердің бейнеленуі болып табылады. Егер компьютерлік ойынды іс–әрекет деп санасақ, онда бұл деңгей адамның тек тетік басатын операциялық төмен деңгейіне сәйкес келеді. Тактикалық деңгей қандай да бір шектелген мақсатқа ойын жеткізетін әрекеттерінің жиынтығы ретінде анықталады. Жоспарлы тактикалық әрекет нәтижесінде жекелеме операциялардың қойылған мақсатпен сәйкестігі жүзеге асып, ойнаушы ойынды жақсы (немесе керісінше) жағдайға ие болады. Стратегиялық деңгейдің артықшылығы мынада: мақсат пен ұтысқа қол жеткізу үшін барлық ойынның алдын-ала жоспарлануы. Бұл деңгей тактикалық жоспар әрекетін бір жүйеге келтіріп, адамның жоғарғы іс–әрекетінде ойнаушының әрекетін бір ғана мақсатқа жұмылдыруға мүмкіндік береді. Ойнаушының барлық іс–әрекеті компьютердің тетіктерін басуға ғана келіп тіреледі. Ойнаушы ойынның ережелері мен шарттарын қатаң сақтауға міндетті. Дегенмен бұл шектеулер ойын материалының ішіне бойлап енуіне, назарын дамытуға, ұқыптылық пен дәлдікке үйренуіне мүмкіндік береді. Оның үстіне компьютердің сызбалық және дыбыстық мүмкіндіктері ойнаушының ойнау қиялын жетелеп, оған кең таралған ойындарды жетілдіруге, ұстанымды түрде жаңа ойындар жасауға мүмкіндік туғызады. «Компьютерді емін–еркін меңгеру балалардың, тіпті үлкендердің өздерінің жаңа, ғалымдардың кабинеттерінде жасалып жатқан техниканың өзіне қызығуларын арттыра түседі» деп есептейді психологтар. Осындай жайтпен ойынды жүргізудің қарапайымдылығы, жекелеме режимдердің болуы, шапшаң өтілетіндігі, түрлі сценарийлер мен кейіпкерлер жасау жолындағы кең техникалық мүмкіндіктері көп жағдайда компьютерлік ойынның дәстүрлі ойыннан артықшылығын аңдатады. С. Пейперттің пайымдауынша, компьютерлік ойын баланың ойлау қабілеттерін дамытып, заттардың және т. б. бір–біріне әсерлерін өз бетімен түсінуге мүмкіндік береді деп түйіндеген. Қазіргі таңда елімізде компьютерлік ойындар өз деңгейінде қолданылып келеді. Олардың ішінде әр түрлі тақырыпқа байланысты барлық компьютерлік ойындарды бір–бірінен мазмұнына, ойынның ойналу тәртібінің айырмашылығына байланысты 8 жанрға бөлуге болады: Аркадты ойындар.«Аркадты» сөзі ойын–сауық залдарындағы ойын автоматтарының атына байланысты аталған. Бұл жанрдың ойындары баланың жылдам әрекет жасауын, жақсы көз өлшемін, уақытты үнемдеуін қажет етеді және соған тәрбиелейді. Адвентюрлік ойындар. Бұл ағылшынша «adventure» — шытырман оқиға деген сөзінен алынып және ең бірінші жасалған ойынның «adventure» атауына байланысты аталған. Қай кезде шытырман ойындар деп те атайды. Бұл ойындардағы кейіпкер өзінің алдына қойған сынақтардан өтуі керек. Сынақ ойынның барысында анықталады – оның қандай болатындығы белгісіз. Осы сынақтан өту үшін тапқырлық және ойынның барысындағы құралдарды ұтымды пайдалану қажет. Адвентюрлік ойындар мультфильмдерге ұқсас, тек қана қарапайым мультфильмдерге емес, интерактивті мультфильмді тек көріп қана қоймай, мұндай мультфильмде ойынның маңызды рөл атқаратын әр түрлі кейіпкерлер тобымен ойнауға болады. Сондықтан бұл ойындар рөлдік ойындар деп аталады. Спорттық ойындар. Бұл ойындарда ойыншы спорттық жарыстардың қатысушысы болып табылады. Мұнда жеке атлеттің рөліне кіруге немесе бірнеше команданы басқаруға болады.Спорттық ойындардың кейбір түрлері тек қана спорттық жарыстарға арналған болып қана қоймай, сонымен қатар оған дайындауға да мүмкіндік береді. Мұндай ойындарды менеджерлік спорттық ойындар деп те атайды. Оларға: футбол, баскетбол, хоккей, бейсбол, гольф. Стратегиялық ойындар. Бұл ойын жанры қорлары (ақша, қажетті құндылықтар, электр энергиясы) басқаруға арналған. Стратегиялық ойындарда ойыншыдан кездескен қиындықтарды жеңуге деген оперативті реакциядан басқа, ұзақ уақыт стратегиялық жобалауды қажет етеді. Ойыншы бұл ойында өзін әскердің генералы ретінде сезіне алады. Мысалы: « Эйфория хандығы», «Дюна 2», «Имитатор города 2000», «Теміржол магнаты», «Тақырыптық саяхат», «Өркениет», «Сауда басшысы» т. б. Иммитаторлар ойыны. Имитатор ойынында ойыншы әрбір кезде өзін жүйткіген автомобильдің, ұшақтың штурвалының жүргізушісі ретінде сезіне алады. Бұл ойында техника басқару маңызды рөл атқарады. Мысалы, «Екі әскери робот», «Формула 1». Логикалық ойындар. Көптеген балалар басқатырғыш ойындарды жақсы көреді. Басқатырғыштың стандартты емес түрлерін шешуде ойлау, тапқырлық және өзінің іс–әрекетін алдын-ала есептейтін қабілеттілік қажет. Мұндай компьютерлік ойындар ұлы математиктер ойлап тапқан сыныпикалық басқатырғыштарды шешуге мүмкіндігін тексеруге көмектеседі. Мысалы: «Тетрис» ойынын айтуға болады. Дәстүрлі (традициялық) ойындар. Шахмат ойнайтын компьютерлік ойындар өте қажет. Бірақ та тағы да басқа бірнеше ойыншыға арналған үстелдік ойындар аз емес. Кейбіреуі көптеп таратылса, кейбіреуі өте аз. Егер бала логикалық ойлауды қажет ететін үстелдік ойындарды ұнатса, жаңа ойынды ойнауға дайын деген сөз. Балалар компьютерлік ойындарды басқа келеңсіз оқиғаларға соқтырмай таңдауы үшін: — ойынның жанрын дұрыс таңдай білуі; — ойынның мазмұнын; — ойынның басқару жүйесін; — ойынның күнделілік деңгейін баптауы; — ойынның жүргізілу уақытын қадағалауы керек. Ойын арқылы оқушы нені меңгереді 1.Оқушылар нақты қызмет тәжірибесін меңгереді. 2.Оқушылар тек бақылаушы ғана емес, өздері қатыса отырып қиын мәселелерді өз бетінше шеше білуге үйретеді. 3.Оқу процесінде алған білімді нақты істе қолдана білуге мүмкіндік береді. 4.Оқушы әрекетіне негізделген оқу көлемін басқарады. 5.Уақытты үнемдеуге үйретеді. 6.Оқушылар үшін психологиялық жағымды. 7.Ойын барысында шешім қабылдау оқушылардан аса жауапкершілікті талап етеді. 8.Оқушылар үшін қауіпсіз 9.Кейде қарапайым оқу қызметімен салыстырғанда көп уақыт мөлшерін алады. 10.Ойын материалдары дәстүрлі оқу материалдарымен салыстырғанда күрделірек. 11.Кейбір ойын түрлерінде қатысушылардың саны шектеулі 12.Ойын нәтижесі, өз жетістіктері, әсерлері,алған білімі, дағдысы жөнінде оқушылар ата-аналарымен, өзге балалармен,мұғалімдермен көбірек әңгімелеседі, кітапханада өз бетімен іздене білуге,қажетті материалдарды іріктей білуге үйренеді. Ойын әрекеті балалардың бағалы өмірінің алғашқы күндерінен бастап-ақ маңызды зор Халық жасаған мұралар сан алуан. Солардың бірі ұлт ойындары... Ұлт ойындары отбасы тәрбиесінен бастап,мектептегі жеке пәндерді оқыту барысында қосымша материал ретінде баланың сол пәнге қызығушылығын арттыру үшін пайдалануға болады. Сабақта ойын түрлерін пайдалану сабақ түрлері мен әдістерін жетілдіру жолындағы ізденістердің маңызды бір буыны. Ойын түрлерін оқу процесін пысықтау, жаңа сабақты қорытындылау кезеңдерінде, қайталау сабақтарында пайдалануға болады. Ойын түрлерінің материалдарында сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса, оның танымдылық маңызыда арта түседі.Оны тиімді пайдалану сабақтың әселігін,тартымдылығын күшейтеді, оқушылардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады.Ойынмен ұйымдастырылған сабақ балаларға көңілді, жеңіл келеді. Ойынды іріктеп алуға нақтылы сабақтың мақсаты, мүмкіндіктерімен жағдайларын ескеруге ерекше назар аударған жөн.Ойыннан басталады»,-десек, баланың ойын жетілдіріп,сабаққа қызығушылығын,белсенділігін арттыру үшін бастауыш сынып мұғалімінің қолданатын басты тәсілі- ойын. Педагогикалық ойынның маңызы зор. Ойын біріншіден,білу және үйрену, екіншіден, адамның ойнай отырып, өзіндік білімін өмір тәжірибесін жинақтауға көмектеседі.Ойынның кәсіптік, әуестену,оқу-жаттығу ойындары сияқты түрлері бар.Ол дем алу,көңіл-көтеру бола тұра оқуға,шығармашылыққа, емдеуге, адам қарым-қатынасының типтерінің модельдеріне, еңбекте көрініс табады.Ойынды ерте заманнан үлкендердің іс-тәжірибелерін жеткіншек ұрпаққа жеткізу үшін пайдаланған.Ойын халық педагогикасында, мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелерде кеңінен пайдаланылады.Қазіргі мектепте ойын әрекеті ойын пәнінің тарауын және тақырыбын түсіну үшін өздік технология ретінде, жалпы технологияның элементі ретінде, сабақ немесе оның бір бөлігі ретінде, сыныптан тыс жұмыстың технологиясы ретінде қолданылады. Педагог-тәрбиеші балаларды ойынға тартуда «Көз алдыларына елестетіңдер…», «болып жатыр», «Біз … жүрміз» және т. б. тәрізді сөз тіркестерін пайдаланады. Балаларды ойынға тартуда ойынды өткізу үшін алдын-ала ойластырылған орман, мұхит, көлдің жағасы және т. б. айтарлықтай маңызы бар екенін әсте ұмытпаған жөн. Сонымен қатар, ойын мазмұны, ойын әрекеттеріне сәйкес қатысатын балалар саны да алдын-ала анықталады. Ойын нәтижелі болу үшін педагог-тәрбиеші балалардың бір-бірімен өзара қарым-қатынасының ережесі тәрбиелеуші рөлді атқарады, сонымен қатар оны дұрыс бағыттайды. Ойын ережесіне бірнеше мысал келтіруге болады, мәселен: өз жұмысыңды аяқтадың, бала досыңа көмектес: қайырымды бол, құрбы-достарыңның айтқанын мұқият тыңдай біл және т. б. Жарыс-ойындарында тәртіпті реттеу үшін айып төлеу енгізуге болады. Бұл балаларды жалпыға ортақ ережені орындаудың қажеттігін түсінуге үйретеді. Ойынның негізгі ерекшелігі — ол балалардың қоршаған өмірді: адамдардың қимылын, іс–әрекеттерін бейнелеу болып табылады. Ойында бөлме, теңіз, аспан кеңістігі де, темір жол вагоны да болуы мүмкін. Балалар жағдайға ойынның өздері ойлаған түпкі ниеті мен мазмұнына лайықты маңыз береді. Ойын іс – әрекетінің тағы бір ерекшелігі – оның әрекеттік сипаты. Балалар ойын шығарушылар, ойынды жасаушылар болып табылады. Олар ойында өздеріне мәлім өмір құбылыстары мен оқиғалары туралы білімдерін бейнелейді, оларға өзінің қатынасын білдіреді. Балалар ойынының ерекшелігі сондай–ақ бейненің, ойын әрекеті мен сөздің ұштасуымен өзара байланыстылығында. Бұл оның сыртқы белгісі емес, шын мәні. Ойында бала өзі бейнелеген қаһарманның іс–әрекетімен, сезімімен тыныстайды. Кейде бейненің баланы баурап әкететіні соншалық — ол тіпті өзін әдеттегідей шақырғанға жауап та қатпайды. Балалар үн–түнсіз ойнамайды. Тіпті бала жалғыз болғанның өзінде ойыншықтармен сөйлесіп жүреді. Ойынға қиялдағы қатысушылармен әңгімелеседі, өзі мен шешесі үшін, науқас кісі мен дәрігер үшін сөйлеседі және т. б. Сөз нақ бір ойын әрекетін сүйемелдеуші болып табылады, бейнені, оған баланың өз қатынасын толығырақ ашады.Ойын үдерісінде сөйлесу қарым–қатынасы үлкен рөл атқарады. Сөйлесе жүріп балалар пікірлесіп, әсер алысып, ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын анықтайды. Ойында сөзбен уәделесу ұйымдастырушылық қызмет атқарады, балалар арасында өзара түсінісу мен достықтың, қоршаған өмірдің қайсыбір фактілері мен құбылыстарына бірдей көзқарастың пайда болуына және дамуына көмектеседі. С. А. Шмакова бойынша көптеген ойындарға тән ортақ белгілер деп төмендегілерді айтуға болады: — тек қана нәтижесінен ғана емес, әрекет үрдісінің өзінен де ләззат алу үшін баланың тілегімен ғана қабылданатын, еркін дамытушы әрекет (әрекеттік (процедуралық) ләззат); — елеулі мөлшерде суырып салмалық, шығармашылық, осы әрекеттің белсенді сипаты («шығармашылық аясы»); — әрекеттің эмоцияналды көтеріңкілігі, бәсекелестік, жарыс («эмоционалдық қуат»); — ойын мазмұнын, оның дамуын логикалық және мерзімдік, уақыт тұрғысынан бейнелейтін тікелей және жаңа ережелердің болуы. Ойын әрекетінің түрткісі оның еріктілігімен, таңдау мүмкіндігі, жарыс элементтері болуымен қамтамасыз етіледі. Үрдіс ретінде ойын құрылымына: — ойнаушының өзіне таңдаған рөлдері; — сол рөлдерді іске асыру құралы ретіндегі ойын элементтері; — нәрселердің ойындық қолданылуы, яғни шынайы нәрселердің шартты түрде не ойын түріне ауыстырылуы; — ойнаушылар арасындағы шынайы қарым-қатынастар; — сюжет (мазмұн) – ойын барысында шартты түрде алынатын шындық саласы. Ойындық әрекет бағдарламасын зерттеген ғалымдар пікірінше, ойын педагогикалық мәдениет феномені ретінде төмендегідей қызметтерді атқарады. Таңдап алынған ойындар оқушылардың сөз байлығына, тіл қорына сай болу керек. Мұғалім кез-келген ойынды өткізу үшін алдын-ала жоспар құрып алуы керек. Сонымен бірге мұғалім ойынға қойылатын төмендегі әдіс Әрбір ұстаздың мақсаты — сабақ сапасын көтеру, түрлерін жетілдіру, сабаққа оқушының қызығушылығын арттыру. Ойынның негізгі құрылымдық элементтері мыналар: ойынның түпкі ниеті, сюжеті немесе мазмұны, ойын әрекеттері, рөлдер, ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немесе ересектер ұсынатын ойын ережесі. Бұл элементтер өзара тығыз байланысты және ойынды балалардың өзінше бір іс–әрекеті ретінде көрсетеді. Ойынның түпкі ниеті – бұл балалардың нені және қалай ойнайтынының жалпы анықтамасы, мәселен: «дүкен», «аурухана», «әскер» және т.с.с. болып ойнау. Ол сөзде тұжырымдалып, ойын әрекеттерінің өзінде бейнеленеді, ойынның мазмұнында қалыптасады және ойынның өзегі болып табылады. Ойынның түпкі ниетіне қарай ойындарды азды–көпті мынадай типтік топтарға бөлуге болады: — тұрмыстық құбылыстарды бейнелейтін ойындар («отбасы», «мектеп», «балабақша» болып ойнау); — жасампаз еңбекті бейнелейтін ойындар (үйлер, стадиондар тұрғызу, кеме салу); — қоғамдық оқиғаларды салу, дәстүрлерді бейнелейтін ойындар (мерекелік демонстрациялар, қонақтарды қарсы алу, саяхаттар). Ойындарды бұлай бөлу, әрине шартты ғана, өйткені ойын өмірдің алуан түрлі құбылыстарын бейнелеуді қамтуы мүмкін. Ойынның сюжеті, мазмұны – бұл оның жанды тұлғасын құрайды, ойын әрекеттерінің, балалардың өзара қарым–қатынастарының дамуын, көпжақтылығын және өзара байланысын анықтайды. Ойынның мазмұны оны қызықты етеді, ойнауға деген ықылас пен ынтаны қоздырады. Ойынның құрылымдық ерекшелігі мен түйіні — бала атқаратын рөл. Ойын үдерісінде рөлге берілетін маңызына қарай көптеген ойындар рөлді немесе рөлді–сюжетті ойындар деп аталады. Рөл әрқашан адамға немесе жануарға, ол қиялдағы қылықтарға, іс–әрекеттерге, қарым–қатынастарға қатысты болады. Солардың бейнесіне енген бала сол өзі қалап алған нәрсеге айналады, яғни белгілі бір рөлді ойнайды. Ойын үдерісінде балалардың өздері (ал кейбір ойындарда – ересектер) ойнаушылардың мінез–құлқы мен өзара қарым–қатынасын анықтайтын және реттейтін ереже белгілейді. Ереже ойынға ұйымшылдық, тұрақтылық сипат береді, оның мазмұнын баянды етеді және қарым-қатынас пен өзара қарым–қатынастың одан арғы дамуын, күрделене түсуін айқындайды. Сонымен бірге ойын ережесі жасқаншақ, ұялшақ балалардың ойынға белсендірек қатысуына көмектеседі. Сабақтың үстінде ойынды қолдану мынадай негізгі шарттарға жүгінеді: — ойын оқушылардың алдына тапсырма ретінде қойылады; — оқушылардың оқу әрекеті ойын ережесіне бағынады; — оқу материалы ойын құралы ретінде қолданылады; — оқу әрекетіне ойын жұмыс элементі ретінде кіреді; — ойын нәтижесі бірден шығарылып отырады; Осындай дайындық кезінде сабақтағы ойын элементін қолдану үшін мына мәселелерді ескеру қажет: — тәрбиелік мақсаты; — қолданылатын көрнекіліктер; — уақытты үнемдеу; — ойын қызықты бола ма?; — оқушылардың белсенділігін бақылау. Сабақ барысында оқушыларға ойынның мақсаты мен талаптары, ережесі толық түсінікті болуы өте маңызды рөл атқарады. Ойын әдісі арқылы олардың пәнге деген қызығуын арттырамыз, өз ойын, пікірін, көзқарасын білдіруге, екінші бір адамның жауабын тыңдап, оны толықтыруға, жетістіктері мен кемшіліктерін айта білуге жаттығады. Ойынға қойылатын талаптар қандай болмақ деген сұраққа төмендегі сызба негізінде жауап беруге болады. Адам әрекетінің еңбек, оқу сияқты негізгі түрлерінің бірі – бұл ойын. Ойын – бұл жағдаят жағдайында қоғамдық тәжірибені игеру және қайта туғызуға бағытталған әрекет түрі. Ойын барысында тұлғаның мінез-құлқын өзі басқаруы жетіліп қалыптасады. Отандық педагогика және психология ғылымдары саласында ойындық әрекет бағдарламасын К. Ушинский, П. Блонский, С. Рубинштейн, Д. Эльконин, шетелде З. Фрейд, Ж. Пиаже және т. б. жасады. Олардың еңбектерінде тұлғаның даму сатыларында, негізгі психикалық қызметтері дамуындағы, тұлғаның өзін-өзі басқаруы мен өзін-өзі билеуіндегі, әлеуметтену үрдісінде – адамның қоғамдық тәжірибені пайдалану және игерудегі ойынның рөлі зерттеліп негізделген. |