пед. Дипломды жмыс таырыбы Бастауыш сынып оушыларыны оу белсенділігін ойын технологиясы аркылы дамыту
Скачать 141.32 Kb.
|
2-бөлім. Бастауыш сынып оқушыларының оқу белсенділігін ойын технологиясы арқылы дамытудың зерттеу тәжірбиелік жұмысының мазмұны және нәтижесі 2.1 Оқушылардың оқу белсенділігін ойын технологиясы арқылы дамыту барысындағы әдістер мен сыныптан тыс сабақ жоспары. Мен №167 жалпы білім беретін мектепте 13.01.2020-21.02.2020 күндер аралығында ғылыми зерттеу жұмысының әдістемесі бойынша практикадан өттім. Мектеп директорының орынбасары маған 3 «А» сыныбын ұсынды. Өзімнің курстық жұмысымның тақырыбы бойынша оқу белсенділігін ойын технологиясы арқылы дамыту барысында , әр түрлі ойындар мен әдістерді қарастырдым, сыныпттан тыс сабағын өттім және сауалнама жүргіздім. Ойындар мен әдістердің ішінде тоқталғаным интербелсенді әдістер. Олар: «Жыланша әдісі», «Бәйге», «Кім жылдам», «Тіл өнері», «Тапқыр», «Ойлан тап», «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі, “Аяқталмаған сөйлемдер” әдісі. Бұл әдістердің басты мақсаты ойын арқылы оқушылардың оқу белсенділігін ойын технологиясы арқылы дамыту болып табылады . Енді қолданған әдістерге тоқталып өтсем: «Жыланша» әдісі. Оқушылар айнала отырады. Сосын бірі бастап,келесі адамның кезекпен қолын алып, тілегін айтады. Оның соңынан келесісі ереді. Ойын осылайша қашан барлығы бір-біріне тілек айтып болғанша жалғасып кете береді. «Тапқырлық» әдісі. 2-3 оқушыны шығарып, әрқайсысына әріп айтады. Қойылған сұрақтарға олар сол әріптен басталатын жауап айту керек. «Екі жұлдыз, бір тілек». Сыныптастарды бағалау үдерісінде оқушылардан екі жұлдыз қоюды және бір тілек айтуды сұраңыз. Екі жұлдыз = жұмыс істеген кезде оларға ерекше ұнаған 2 зат Бір тілек =бұл жақсартуға болатын нәрсе. «Аяқталмаған сөйлемдер» әдісі. Мұғалім оқушыларға тақырыпқа қатысты аяқталмаған сөйлем ұсынады. Оқушылар топпен не жеке (жұппен) бірлесе сөйлемді өз ойларымен аяқтайды. Мұны әр түрлі тақырыпта сергіту сәті ретінде де алуға болады. “Аяқталмаған сөйлемдер” Бүгін мен…………………. білдім …………….. қызықты болды. …………………….. қиын болды. ………………… тапсырманы мен орындадым. ……………………. екенін түсіндім. Мен енді………………….. білемін. Мен…………………………. сезіндім Мен………………………………. білім алдым. Мен………………………………….. үйрендім. …………………………… менің қолымнан келді. Мен……………………………….. жасай алдым Мен……………………………… жасап көруге талпынамын. ……………… мені таң қалдырды Ойындар оқушылардың танымын, ақыл—ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып, олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді, әрі пысықтауды көздейді. Бұл ойындар балалардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың пәнге қызығушылығын оятып, ынта —ықылыас қоюына баулиды және оқушылардың зейінін, ойлау қабілеттерін дамытады. Ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді. Қызығуды туғызу үшін ойын түрлерін пайдаланудың орны бөлек. Тиімді пайдаланылған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап отырады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез серігіп тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады. Ойындар барлық сыныптарда қолданылады. Сабақ жоспары
Сабақтың өту барысы:
2.2 Сауалнама «Ойын технологиясын қолдану» Менің дипломдық «Бастауыш сынып оқушыларының оқу белсенділігін ойын технологиясы аркылы дамыту» тақырыбында практика өту барысында мектеп оқушыларынан шағын сауалнама алдым. Сауалнамамның мақсаты оқытушылардың сабақта ойын арқылы оқыту технологиясы қолдану туралы пікірлерін білу болды . Сауалнамаға 22 оқушы қатысты . Сауалнама Сен ойын ойнағанды ұнатасың ба? Иә Жоқ Мұғалімдер сабақта ойын технологиясын қолданады ма? Иә Жоқ Ойын ойнағанда белсенділік танытасың ба? Иә Жоқ Интерактивті тақта арқылы ойын ойнағанды ұнатасың ба? Иә Жоқ Танымдық ойындарды ойнаған жалықтырады ма? Иә Жоқ Ойын арқылы сабақ барысында сөздерді жаттап, мәтінді түсіне аласың ба? Иә Жоқ Ойын ойнағанда өзіңді еркін ұстайсың ба? Иә Жоқ Сабақта ойын технологиясын қолдануды құптайсың ба? Иә Жоқ Сауалнама нәтижелерін салыстыру математикалық - статистикалық әдіске сүйене отырып жүргізілді. Осындай жаңа технологияны қолдану нәтижесінде студенттер: тақырыптың мәнін өз бетімен түсінеді және білім алудың қажеттігін сезінеді; шынайы қызығады мен сезімдерін анықтайды; жүйелі ойлануға , пікірлерін еркін айтуға үйренеді өзін - өзі тануға және реттеуге , өзінің оқуы үшін жауапты болуға дағдыланады; әлеуметтік ортада табысты қарым- қатынаста болуға үйренеді, алған білімдерін тереңдетеді және шоғырландырады . Қорытынды Қорыта келе әртүрлі ғылыми мектептердегі педагог және психолог ғалымдардың еңбектеріндегі ойынның маңыздылығы туралы түсініктерін қарастыра келе, ойын туралы мынадай жалпы ережені атап өткім келеді: 1 Ойын - әртүрлі жастағы балаларды өз еркінше дамыту әрекетінің түрі. 2 Ойын - бала әрекеттерінің ішіндегі ең еркін түрі, онда айнала қоршаған әлемді тануы, сезіне білуі, жеке шығармашылығы үшін кеңістіктің ашылуы, өзін - өзі тануы және өзін - өзі көрсетуі белсенді түрде жүзеге асады. 3 Ойын - мектеп жасына дейінгі бала әрекетінің ең алғашқы баспалдағы, оның мінез-құлқының қалыптасуының бастапқы мектебі. 4 Ойын - даму тәжірибесі болып табылады. Бала ойын кезінде дамиды, даму үшін ойнайды. 5 Ойын - балалар қарым - қатынасының негізгі ортасы; мұнда құрбы - құрдастарына, үлкендерге деген өзара қарым - қатынасы қалыптасады. Бастауыш мектепте оқыту процесінде дидактикалық ойындар әрі оқу, әрі ойын қызметін қатар атқарумен ерекше орын алады. Ойын - балалар әрекетінің бір түрі. Оқушыларды оқыту және тәрбиелеу мақсатындағы қарым - қатынастың әдісі мен құралы. Ойын әрекеті естің, ойлау мен қиялға, барлық таным процесіне әсерін тигізеді. Н.К. Крупская «Қандай ойын болмасын баланы бір нәрсеге үйретеді. Ең бастысы, баланы мұқияттылыққа, еңбекке, жолдасымен ынтымақты болуға үйретеді» - дейді. Сонымен, ойын келесі маңызды міндеттерді: баланың қоғамдық қатынастарға бейімделуі, жалпы адамзаттық мәдени құндылықтар мен әртүрлі ұлт өкілдерінің мәдениеттерін меңгеруі; баланың шынайы адамгершілік коммуникацияға енуіне мүмкіндік беретін, коммуникативті іс - әрекеттердің көрініс табуы жүзеге асырылады. Баланың әр қырынан көрінуіне интеллектуалдық, шығармашылық, коммуникативтік жағынан және әртүрлі қиындықтарды жеңуге жағдай жасайды. Сабақ берген кезде ойын элементтерін қолдану сабақтың тиімділігін сөзсіз арттырады. Ойынды сабақтың барлық кезеңінде ойнатуға болады. Мәселен, жаңа тақырыпты түсіндіруде ойынды қолдану арқылы жақсы нәтижеге жетуге болады. Өтілген материалды бекіту және қорытындылау кезінде оқушыларға бұрыннан таныс ойынды ойнату арқылы біз оқушылардың пәнге деген қызығушылығын оятамыз, сабақты жандандырамыз, оқушыларды ынталандыра түсеміз. Тіпті ойын арқылы бастауыш сынып оқушыларының мінез - құлықтарын дұрыстай аламыз, өз - өздерін басқаруды қалыптастырып, жетілдіре аламыз. Ол үшін, алдымен, бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастыру үшін ойынның әртүрлі формаларын таңдап ала отырып, оларды тиімді ұйымдастыруға көңіл бөлгеніміз шарт. Өткізілетін ойын түрлері оқушылардың жас және дербес ерекшеліктеріне, оқу материалдарының мазмұны мен оқытудың мақсатына сай болуы қажет. Бастауыш сынып сабақтарының қызықты да, әсерлі етіп, түрлендіріп өтуі мұғалімнен шығармашылық ізденісті, педагогикалық шеберлікті талап етеді. Жалпы негізгі тақырып «Бастауыш сынып оқушыларының оқу белсенділігін ойын технологиясы аркылы дамыту» болғандықтан , мен «Ұшқыр ой мен шешен тіл» интеллектуалды ойын тақырыбы аясында сыныптан тыс сабақ жоспарын құрдым . Бұл сабақтың өтілу ерекшелігі оқушылардың белсенділігі , ізденімпаздығы, сабақты айрықша қызығушылықпен қабылдануы. Менің байқағаным, оқушылар ойын технологиясы арқылы ойынды өзгеше ыкыласпен, тамсаныспен, білуге деген ұмтылыспен, әр қойылған сұраққа өз бетімен жауап іздей алуымен өтті. Бұнда оқушылар өзімен пікірлес топтармен бірігіп, өзін қандай болмасын ортада еркіндікте ұстап, айтар ойын дұрыс жеткізіп, кез - келген мәселеге деген көзқарасын емін - еркін білдіруді үйренеді. Ол өз кезегінде, өз ісінің шебері, бәсекелістікке қабілетті, қоғамдағы қайталанбас орны бар азамат болып шығуына міндетті түрде әсер етеді . Алайда, осындағы атап өтетін кемшілік – мектеп қабырғасында әрбір сабақты осы ойын технологиясымен өте алмаймыз, өйткені әр жаңа ақпарат ойын құрып, рөлдермен бөліп қарауды қажет етпейді. Қорыта айтқанда, аталған технологиямен сабақты өткізу әлдеқайда ұтымдырық және нәтижені тез арада береді . Бірақ оны дәстүрлі сабақпен катар алып жүру көбірек нәтижеге әкеледі деп ойлаймын . Қолданылған әдебиеттер тізімі 1. Қоянбаев «Педагогика». Алматы 2000ж. 2. Мамырбаева «Жаңа технологиялар сабақта». Бастауыш мектеп 7-2004ж. 45бет. 3. Қазенова Г. «Ойын арқылы оқыту». 4-2001ж. 4. Адамтаева Г.А. Бастауыш сыныпта қолданылатын ойын түрлерінің маңызы. Бастауыш мектеп. – 2012. 5. Оңғарова Ақмарал. Ойын технологиясының элементтерін қолдану тиімділігі. Қазақстан мектебі. – 2009. 6. С. Қарапаев. Шығармашылық тапсырмалар арқылы оқытуда ойын элементтерін пайдалану. Бастауыш мектеп. – 2010. 7. Резуанова Ғ.Қ., Шнайдер В.А. Қазақ тілі сабағында қолданылатын ойындар. Оқу - әдістемелік құрал. - Павлодар: Павлодар университеті, 2006. 8. Жораева Г.Б. Оқыту үрдісінде дидактикалық ойын түрлерінің жіктелуі. Бастауыш мектеп. – 2010. 9. Асқарова Ж. «Интелектуалды ойын». Бастауыш мектеп 2-2002ж. 10. Ақбаева «Дидактикалық ойындар». Бастауыш мектеп 3-2000ж. 11. Мұхамеджан Ү. «Қимыл - қозғалыс ойыны». 2002ж. Қосымша Сауалнама нәтижесі: 1. Сен ойын ойнағанды ұнатасың ба? 2. Мұғалімдер сабақта ойын технологиясын қолданады ма? 3. Ойын ойнағанда белсенділік танытасың ба? Интерактивті тақта арқылы ойын ойнағанды ұнатасың ба? Танымдық ойындарды ойнаған жалықтырады ма? Ойын арқылы сабақ барысында сөздерді жаттап, мәтінді түсіне аласың ба? Ойын ойнағанда өзіңді еркін ұстайсың ба? 8. Сабақта ойын технологиясын қолдануды құптайсың ба? |