Фарм эталон 2022. 1. Дрілік зат, дрілік препарат, дрілік форма туралы тсінік
Скачать 146.17 Kb.
|
1.Дәрілік зат, дәрілік препарат, дәрілік форма туралы түсінік. Дәрілік заттар деп – химиялық және физикалық құрылымнан құралған, емдік мақсатта қолдануға болатын, адам ағзасына енгізуге болатын дәрілік сипаты бар заттарды атайды. Дәрілік заттардың көп дәрежеде қасиеттері химиялық құрылысына, функционалдық белсенді топтастардың бар болуына,олардың молекуласының өлшеміне байланысты болады.Зат рецептормен өзара тиімді әсерлесу үшін оның рецептормен тығыз жанасуын көбірек қамтамасыз ететін,дәрілік заттардың құрылымын және рецептормен жанасу дәрежесін молекулалық байланыстың беріктігіне тәуелді болады.зат рецептормен өзара әсерлесу үшін,олардың әсіресе кеңістікте сәйкес келуі, яғни комплементарлығы өте маңызды. Дәрілік заттардың әсерлеріне байланысты бөлінуі: 1)Сандық 2) Сапалық Дәрілік заттардың қасиеттері көп дәрежеде олардың химиялық құрылысына, функционалдық белсенді топтастардың бар болуына,олардың молекуласының қалыбына және өлшеміне байланысты болды. Заттардың химиялық құрылысы және олардың химиялық биологиялық белсенділігі арасындағы тәуелділікті анықтау жаңа препараттарды алуда аса маңызды бағыттардың бірі болып табылады.Сонымен қатар бірдей типті әсерлі әр түрлі топтың қосылыстары үшін оптималдық құрылысын сәйкес келтіру үшін дәрілік заттар өзара әсерлесетін рецепторлардың құрылысы жөнінде мәлімет алуға болады. Дәрілік препарат бұл құрамында бір немесе бірнеше дәрілік заттары бар және белгілі бір дәрілік формада шығарылатын препарат. Дәрілік форма қолдануға ыңғайлы етіп шығарылатын дәрілік препараттың түрі. Дәрілік формалар қатты, сұйық және жұмсақ болып бөлінеді. Қатты түрдегі дәрілік формаларға:таблетка, драже, ұнтақтар жатады. Бұлардың ішінде таблетка мен драже кеңінен қолданылады, олар қолдану және сақтау үшін қолайлы. Қазіргі кезде ішуге арналған дәрі дәрмектердің көпшілігі таблетка және драже түрінде шығарылады, тек таблетка немесе драженің құрамында дәрілік заттардың қажетті мөлшері болмаған жағдайда ғана ұнтақ түрінде беріледі. Сұйық түрдегі дәрілік формаларға:ерітінділер, эмульсиялар, суспензиялар, тұндырма мен қайнатпалар, тұнбалар, экстракттар, микстуралар, линименттер жатады. Жұмсақ түрдегі дәрілік формаларға:майлар, паста мен ем балауыздар жатады. 2.Рецепт, құрылысы. Рецепттерді құрастыру ережелері. Рецептуралық бланктардың түрлері. Рецепттерді официнальді және магистральді түрде жазу ерекшеліктері. Рецепт – дәрігерлердің фармацевттерге арналған жазбасы. Осы жазған дәріні белгіленген түріне, мөлшеріне байланысты науқастарға тағайындау ұсынысы. Рецепттің ресми жазбасы тек латын тілінде жазылады, ал дәріні қалай қолдану керектігі жөніндегі түсініктемесі, науқас тілінде жазылады. Рецепттік бланкте уақытын (күні, айы, жылы), аты-жөнін, жасын (16-дан 60 жасқа дейін жазылмайды, өйткені орташа емдік мөлшермен байланысты), содан соң дәрігердің аты - жөні жазылуы тиіс. Рецептуралық тәжірибе жазбасында бірнеше мәліметтер болады. 1) Ресми жазба фармакопея арқылы заңды түрде өзгеріссіз жазылады. Бұл жазба жиі кездеседі, анықтамалық кітапша бойынша жазылады. 2) Магистральдық жазба - дәрігердің ұсынысымен жазылатын жазба, бұл өте қажет жағдайда анықтамада жоқ болғандықтан жазылатын рецепт. 3) Қарапайым жазба - рецепттің ішінде бір ғана емдік дәрі жазылуы. 4) Күрделі жазба – рецепттің ішінде бірнеше емдік дәрі және басқа да заттар жазылуы. 5) Қысқаша жазба - рецептте тек емдік дәрі ғана көрсетілуі. 6) Толық жазылатын рецепт - емдік дәрімен бірге қоспалы заттардың ( индиференттік) да жазылуы. 7) Мөлшерлі жазба - дәрінің керекті емдік мөлшерінің жазылуы. 8) Мөлшерсіз жазба - дәрінің жалпы салмағы және көлемінің жазылуы. 2.4. Рецепторлық бланктер. Рецептті жазғанда 3 түрлі рецепторлық бланкпен жазады. 1-ші бланк - дәрілерді бүкіл бағасына дәріханадан сатып алуға арналған рецепт жазылады. 2-ші бланк- тегін немесе жеңілдікпен (мысалы, 50%) берілетін дәрілер жазылады, бірақ көшірмесі болу керек, ол дәрігерде қалады. 3-ші ресми бланк - улы және ересектер дәрілерін жазуға арналған және тегін немесе жеңілдікпен дәріханадан алуға болады. Дәрілердің басым бөлігі тек рецепт арқылы алынады, бүкіл шет елдерде осындай заңды тәртіп енгізілген 3.Доза жайлы түсінік, дозаның жіктелуі. Жас балалар және қарт адамдарға дәріні дозалау принциптері. 3. Доза жайлы түсінік, дозаның жіктелуі. Жас балалар және қарт адамдарға дәріні дозалау принциптері. Доза — емдеуге (әдетте бір доза) тағайындалған заттар мөлшері. Концентрация— сұйықтығы белгілі бір мөлшердегі зат. Бұл параметрлердің арасында тікелей тәуелділік бар. Доза мөлшеріне байлаиысты оның каркындылығы, ұзақтығы, кейде әрекет сипаты өзгереді. Дәрілік заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасына эсер ететін факторлар қолдану санына, дозалар кестесіне байланысты төмендегідей бөлінеді: • Бір реттік доза — бір реттік қабылдауға арналған заттар мөлшері. • Тәуліктік доза — тәулігіне қабылдайтын заттар мөлшері. • курстық доза —• бүкіл емдеу курсына. • Соққылы доза — бірінші доза кейінгіден асып кеткен кезде, қажет болатын жағдайда тез арада ағзадаты препараттың жоғары коицентрациясын жасау үшін. Әсер түріне байланысты: • Терапиялық доза: - Ең төменгі; - орташа мәнді; - ең - жоғары; • уды доза; • өлім дозасы болып бөлінеді. Ең томенгі терапевтік доза — дәрілік зат фармакологиялық белсенділік көрсететін доза. Орташа терапевтікдоза — орташадәрежелі әсер тудыратын доза. Ең жоғарғы емдік доза — ең жоғарғы терапиялық әсер тудыратындоза. Улы және жоғары белсенді заттар үшін жоғары терапиялык доза немесе тәуліктік доза (бұл бір реттік немесе күнделікті кабылдауға ең жоғарғы доза) тағайындалады. Уытты доза — улану тудыратын зат мөлшері. Өлім дозасы — өлімге соқтыратын доза. Дәрілік заттардың белсенділігін салыстыру үшін, терапиялық әсер кеңдігін анықтау қабылданған, бүл — ең төменгіулы және ең төменгі терапевтік доза арасындағыдиапазон болып табылады. Препараттың көрсеткіші жоғары болған сайын, қауіпсіз әрі белсенді болады.Кішкентай балалар суда еритін препараттардың жоғары дозаларын (дене салмағының әр кг-на шаққанда) қажет етеді, себебі су олардың дене салмағының үлкен пайызын құрайды. Керісінше, жасы ұлғайған сайын балалар улы әсерлердің алдын алу үшін суда еритін препараттардың төмен дозасын қажет етеді, өйткені жасушадан тыс сұйықтықтың көлемі азаяды. 4.Фармакологияның аңықтамасы, бөлімдері. Фармакологияның мазмұны және оның медициналық- биологиялық ғылымдар арасындағы орны. Фармакология — (рһагтасоп — дәрі, logos — ілім) дәрі ретінде қолданылатын химиялық заттардың тірі ағзамен әсерлесуін және жаңа тиімді дәрілік заттарды іздестірумен айналысатын ғылым. Фармакология дәрілік заттардың әсері олардың физика- химиялық құрылымына, мөлшеріне, концентрациясына, ағзаға енгізу орны мен әдісіне, және ағзаның алғашқы қалпына және т.б. жағдайларға тәуелді болатынын айқындайды. Фармакологияны 2 бөлікке бөліп қарастырамыз: жалпы және жеке. Жалпы фармакология дәрілік заттардың ағзамен әрекеттесуінің жалпы заңдарын зерттесе, жеке фармакология нақты фармакологиялық топтар мен жеке препараттарды қарастырады. Фармакологияның бір басты саласына фармацияжатады, зерттейтін саласына фармацевтикалық химия, фармакогнозия, әртүрлі түрдегі препараттарды дайындау технологиясы және рецепт жазу кіреді. 5.Дәрілердің әсерлері. Жергілікті, рефлекторлы, резорбтивті, талғамды, тікелей, жанама, жағымсыз әсерлері. Этиотропты, патогенездік және симптомдық терапия түрлері. Этиотропты ем аурудың себебін тоқтатуға бағытталған. Симптоматикалық емнің басыты мәселесі жағымсыз симптомдарды жою болып табылады, ол негізгі патологиялық үрдістің ағымына да айтарлықтай әсерін көрсетеді. Осыған байланысты көптеген жағдайларда сипмтоматикалық ем патогенетикалық рөл атқарады. Дәрілік заттардың жағымсыз (теріс) әсерлерінің түрлері. Көптеген дәрілік заттар терапиялық әсер көрсете отырып, жағымсыз реакциялар тудыруы мүмкін, нәтижесінде ауыр асқынулар, тіпті өлімге әкеледі. Жанама әсерлер терапиялық дозада пайда болып, әдетте ағзаға колайсыз болып табылады. Бірақ кейде жанама әсерлердің өзі емдік мақсаттар үшін пайдаланылуы мүмкін. Жергілікті әсер – дәрілік препараттың қолданылатын жері. Резорбтивті әсер – препараттардың қанға еніп, бүкіл ағзаға әсер етуі. Рефлекторлы әсер - сезімтал рецепторларға тітіркендіргіш препараттарды қолданып, орталық жүйке жүйесіне қоздырғыш импульс өткізеді, ал орталық жүйке жүйесінен дертке шалынған органға барады, сол арқылы оның жұмысын өзгертеді. 6.Антибиотиктердің әсерінің механизмі бойынша классификациясы Антибиотиктерді әсер ету механизміне байланысты 4 топқабөледі. 1.клетка қабырғасының синтезін бұзатын антибиотиктер. Бұл топқа мысалы, в-лактамды жатқызымыз. 2.клетка мембранасының синтезін және молекулалық ұжымын бұзатын антибиотиктер. Мысалы, полимиксин, полиендер. 3.белок синтезін бұзатын антибиотиктер. Бұл топтың өкілдері: аминогликозидтер, тетрациклиндер, микролидтер, левомицетин. 4.НҚ синтезін тоқтататын антибиотиктер .Бұл топқа мысалы, ісікке қарсы антибиотиктер – актиномициндер (РНҚ синтезін тежейтін) және ДНҚ синтезін тежейтін- рубомицинжатады. 7.Концентрациялар, дозалар, дозалардың түрлері (бір реттік, тәуліктік, бір курстық). Доза – салмақтық, көлемдікжәнешарттық (биологиялық) бірліктер өрнегінде анықталатын дәрілік заттардың белгілі саны. Дозалау емдеу, диагностикалу және аурулардың алдын алу мақсатында ағзаға енгізіледі. Қабылдау тәсіліне байланысты дозалаудың келесі түрлері бар: 1) бір реттік қабылдау 2) тәуліктік дозалау Бір ретқабылдауға арналған дәрінің санын мөлшер депайтады (әдетте бірреттікмөлшер сияқты белгіленеді). Тек бір реет қабылдауға (prodosi) есептелген ғана мөлшер емес ,сонымен бірге тәуліктік мөлшер (prodie) жөнінде де хабардар болу қажет. Емдік әсеркеңдігі бұл минималды уытты және минималды емдік мөлшер арасындағы аралық 8.Дәрілік терапияның қандай түрлерін білесіз? Дәрілік терепияның түрлері Этиотропты терапия- аурудың себептерін жоюға бағытталған. Патогенетикалық терапия- ауру процесін қысқартуға және асқынуларды болдырмауға бағытталған. Мысалы, артериялық гипертензияда антигипертензивті дәрілер, жүрек жеткіліксіздігінде жүрек гликозидтері, ревматизмде қабынуға қарсы дәрілер белгіленеді. Симптоматикалық терапия- аурудың жеке белгілерін жоюға бағытталған. Орын басутерапиясы- ағзаға гормондар,ферменттер жетіспеушілігінен туатын ауруларға қарсы қолданылатын терапия. Ол кезде гормондар, оның аналогтары және ферметтік препараттар қолданылады. Профилактикалық терапия алдын алу мақсатында бағытталған. Мысалы, антисептиктер, дезинфекциялық және вирусқа қарсы дәрілер. 9.Негізгі, жанама және жағымсыз әсерлерге анықтама беріңіз, түрлеріне сипаттама беру, мысалдар келтіру Негізгі, жанама және жағымсыз әсерлерге анықтама беріңіз, түрлеріне сипаттама беру? Дәрілік заттардың әсер ету түрлері: 1. Негізгі әсер - кез-келген дәрінің әсерінен организмде болатын өздерістер 2. Жанама әсер - ауруларды алдын-алу және емдеу үшін ұсынылған мөлшерде қолданғанда дамыған кері әсер. Жанама әсерлерінің 4 түрі бар: А-типті – ДЗ фармакологиялық белсенділігімен байланысты, кез-келген адамда кездесетін, жиі дамитын, болжамалы реакциялар; В-типті – тек сезімтал адамдарда кездесетін сирек, болжауға келмейтін реакциялар. С-типті – ұзақ уақытқа созылған терапиямен байланысты реакциялар (ДЗ тәуелділік). D-типті – ДЗ канцерогенді, мутогенді және тератогенді әсерлері 3. Жағымсыз әсер - организмге жағымсыз әсер ету немесе улану 10.Инъекцияға арналған дәрілік қалыптарға қойылатын талаптар: - төзімді, стерилді, апирогенді, бөгде қоспаларсыз болуы қажет. Иньекцияға арналған дәрілік қалыптарға қоятын талаптар: Төзімді,стерильді-,апирогенді және бөгде қоспаларсыз болуы қажет. Стерильдеу (лат,сөзіSterilis-ұрықсыздандыру)-дамудың барлық сатысында болатын микроорганизмнің барлық түрлерін обьектіде жою,өлтіру процесі болып табылады. Стеильдеу 2 түрге бөлінеді физикалық,химиялық Физикалық: Жылумен стерильдеу Ыстықпен стерильдеу Ағынды бумен стерильдеу Ультракүлгін сәулелермен стерильдеу Иондаушы сәулелермен стерильдеу Химиялық: Нипагин Нипазол Хлорбутанол Трикрезол Фенол Инъекцияға арналған судың сапасы инъекциялық препараттардың қауіпсіздігінің кепілі болып табылады Дәрілік заттардың сапасын бақылаудың биологиялық әдістеріне арналғандықтан, мен өте маңызды тақырыпқа, атап айтқанда «Бактериялық эндотоксиндер» тұрғысынан су сапасын бақылауға тоқталамын. Фармацевтикалық өндірістегі су өндірілетін дәрілік заттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін негізгі элементтердің бірі болып табылады. Бірде-бір фармацевтикалық кәсіпорын әртүрлі сапалы суды пайдаланбай жұмыс істей алмайды. Оны шикізат, көмекші материал, сондай-ақ энергия тасымалдаушы ретінде пайдалануға болады. 11.Галендік және жаңа галендік препараттар, олардың анықтамасы және өзара ерекшеліктері ГАЛЕНДІК және жаңа галендік препараттар әдетте кептірілген өсімдік шикізатынан дайындалады.Галендік препараттар дербес химиялық заттар емес,олар биологиялық белсенді заттардың комплексі болып табылады. Барлық галендік препараттарды шартты түрде,оларды алу тәсілі бойынша біріктіре отырып,мына топтарға бөлеміз: 1.Тұндырмалар экстрактар 2.Жаңа галендік препарттар 3.Органдық препараттар 4.Жас өсімдік шикізатынан алынған препараттар Жаңа галендікпрепараттарды алу келесі сатылардан тұрады. 1.Шикізат пен экстрагентті дайындау 2.өсімдік шикізатын экстракциялау 3.Сығындыны тазарту 4.буландыру 5.Кептіру 6.стандарттау 7.дәрілік түр дайындау Тұнбажәнеқайнатпа (Infusa et Decocta) – дәрілік өсімдік өнімдерінен алынған сулы сұйық дәрілік түр. Тұнбаны көбінесе өсімдіктің биологиялық белсенді құрамдарынан жеңіл алатын жұмсақ бөлігінен (жапырағынан, гүлінен) жасайды, яғни үгіп алып, суға бір рет қайнатып, бұқтырып және сүзіп алғаннан кейінгі дайын ерітінді, ал өсімдіктің қатты бөлшегінен, яғни қабығынан, тамырынан 10-15 минуттай қайнатып, содан соң бұқтырып және сүзіп алынған ерітіндіні қайнатпа дейді. Бұлар ас қасықпен ішуге арналған. Тұндырма (Tincturae) – өсімдік өнімінен қыздырусыз, спирт арқылы 1-2 аптадай тұндырып, жасалған сұйық дәрілік түр. Тұнба мен қайнатпаға қарағанда тұндырма анағұрлым тұрақты, сол себепті оның сақталу мерзімі ұзақ. Көбінесе тамшы ретінде 5-тен 30-ға дейін қолданылады. Мысалы: Сасық шөптің (пустырник) тұндырмасының жазбасы. Қоспа (Микстура - Mixturae) – бірнеше дәрілік түрлерді (қатты, сұйық, майлы т.б.) сулы ерітінділерді араластырып, тек ішуге және жағуға қолданылатын сұйық дәрілік түр. Қоспа көбінесе ашық түрде жазылады. Мысалы: пепсин және тұз қышқылының аралас қоспа түріндегі жазбасы.өнімдерінен алынған сулы сұйық дәрілік түр. Тұнбаны көбінесе өсімдіктің биологиялық белсенді құрамдарынан жеңіл алатын 12.Инъекцияға арналған дәрілік қалыптар: сулы және майлы ерітінділер, суспензиялар, стерилді ұнтақтар және олардың еріткіштері Дәрілік заттарды парентеральды енгізу инъекция жолымен жүзеге асады: тері астына, бұлшық етке, күре тамырға, артерия ішіне, субарахноидальды және т.б. Инъекция арқылы әртүрлі дәрілік заттарды тері астына көбінесе сулы ерітінділер; бұлшык етке – сулы және майлы ерітінділер, сондай-ақ суспензиялар; күре тамырға – тек сулы ерітінділер енгізіледі. Кейбір ерітінділер мен суспензияларды қолданар алдында ерітіп енгізеді. Ампуладағы немесе флакондағы құрғақ (ұнтақ түрінде) түрдегі инъекцияға арналған дәрілік заттарды алдын ала ерітіп немесе араластырып алады. Инъекциялық ерітіндіге еріткіш ретінде көбінесе инъекцияға арналған су,физиялогиялық ерітіндісі , кейде сұйылған этил спиртін (33 % дейін) пайдаланады. Инъекцияға арналған дәрілік түрлер (pro injectionibus) залалсыздандырылған, тұрақты, апирогенді (дене қызуын көтермеуі қажет) және механикалық қоспалардан тазартылған болуы тиіс. Медициналық тәжірибеде инъекцияға арналған дәрілік түрлер фармацевтикалық өндірістерде көбінесе ампулада және флаконда шығарылады. Инъекцияға арналған дәрілік түрлер дәріханаларда сирек дайындалады. Дәріханада инъекцияға арналған ерітінді тығындалып жабылған 5 -1000 мл шыны құтыларда шығарылады. Құты этикеткасына “Залалсыздандырылған” деп жазылады Суспензиялар (Suspensiones) – ерімейтін, ұсақ бөлшектелінген қатты дәрілік заттардың қандайда бір сұйықтықта қалқымалы жағдайда болатын сұйық дәрілік түр. Суспензия дисперсионды орта (су, өсімдік майы, глицерин) мен дисперсионды фазадан (аталған ортада ерімейтін қатты дәрілік заттардың бөлшектері) тұратын дисперсионды жүйе. Суспензияны ішуге, жағуға және буынға егуге қолданылады. Ұнтақтар-ішке,сыртқа, немесе иньекцияға(сәйкес еріткіште еріткеннен кейін) қолданылуға арналған,себілгіштік қасиеті бар дәрілік қалып. |