Главная страница
Навигация по странице:

  • 23. Терминдерге анықтама беріңіз: тератогенді әсері, эмбриотоксикалық әсері, мутагенді әсері және канцерогенді әсері

  • 24. Ерітінділердің жалпы сипаттамасы. Еріткіштер.

  • 25. М-холиномиметикалық дәрілер. Негізгі әсерлері. Қолданылуы. Мускаринмен улану белгілері және жедел жәрдем шаралары.

  • 26. Н- холиномиметикалық дәрілер. Негізгі әсерлері. Қолданылуы. Никотинмен улану белгілері және жедел жәрдем шаралары

  • 27. Гемостазды реттейтін дәрілік заттар. Анемиялық синдромында қолданылатын препараттар.

  • 28. Тромбоциттер агрегациясына және қан ұюна әсер ететін дәрілік заттар. Қолдануға көрсетпелер. Жағымсыз әсерлері.

  • Фарм эталон 2022. 1. Дрілік зат, дрілік препарат, дрілік форма туралы тсінік


    Скачать 146.17 Kb.
    Название1. Дрілік зат, дрілік препарат, дрілік форма туралы тсінік
    Дата14.05.2022
    Размер146.17 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаФарм эталон 2022.docx
    ТипДокументы
    #528528
    страница3 из 8
    1   2   3   4   5   6   7   8

    21. Вирустарға қарсы қолданылатын дәрілердің әсер ету механизімі және классификациясы.

    Вирустарға қарсы заттардың бағытталған әсері әр түрлі болуы мүмкін және вирустың жасушамен өзара әсерлесуінің әрбір кезеңіне байланысты.
Пуриндер және перимидиндердің аналогтары- ДНҚ- полимиразаны тоқтатып, вирус репликациясын тежейді вирус ДНҚ синтезі тоқтайды;
Дидезоксинуклеотетр- қайтымды транскриптазаны тежеп ДНҚ синтезі тоқтайды вирус репликациясы тоқтайды; 
Фосфоноформиаттар- пуриндердің фосфорленуін тежеп ДНҚ полимеразаның белсенділігін тоқтатады вирус ДНҚ синтезінің ақауы пайда болады.
Вирусқа қарсы дәрілердің жіктелуі
Синтетикалық заттар 
• Нуклеозидтердің аналогтары- зидовудин, ацикловир, видарабин, ганцикловир, және т.б 
• Пептидтер туындысы- саквинавир
• Адамантан туындысы- мидантан (амантадин) ремантадин
• Индолкарбон қышқылының туындысы- арбидол
• Фосфонкұмырсқа қышқылының туындысы- фоскарнет
• Тиосемикарбазон туындысы- метисазон.
Вирусқа қарсы дәрілер клинико- фармакологиялық сипаттамасы бойынша 
• Герпеске қарсы- ацикловир, валацикловир, пенцикловир, фармцикловир
• Цитомегаловирустарға қарсы- амантадин, римантадин, занамивир, озельтамивир
• Антиретровирусты- зидовудин, фосфазид, ставудин, диданозин
• Әсер ету спектрі кең препараттар- ламивудин, рибавирин.

    22. Дәрілердің сіңу механизмдері. Сіңуге әсер ететін факторлар.

    Дәрілердің сіңуі.

    Сіңірілу (абсорбция) – заттардың торша қабықшадан (мембранасынан) өтіп, қан арнасына түсуі. Дәрілер сіңірілуінің негізгі механизмдері: енжар (пассивті) диффузия, сүзілуі, белсенді тасымалдау және пиноцитоз (жұтып алу).

    Дәрілік заттарды емдік және алдын алу мақсатында қолдану, оларды ағзаға енгізуден немесе дене бетіне жанастырудан басталады. Әсердің даму жылдамдығы, оның айқындығы және ұзақтығы снгізілу жолына тәуелді. Жвке жағдайда енгізу жолы дәрінің әсер ету сипатын анықтайды.

    Енгізу жолдарын әдетте энтералды (ас қорыту жолы арқылы) және парентералды (ас қорыту жолдарынан тыс) деп бөледі.

    Энтералды жолдарына ауыз арқылы,тіластына,трансбуккалды, он екі елі ішекке, тік ішекке (ректалды) енгізу жатады.

    Енгізудің ең көп тараған жолы - ауыз арқылы (ішке; per os). Бұл енгізудің ең қолайлы және қарапайым түрі болып табылады. Бұл кезде, препараттардың стерилдігін қажет етпейді. Бірқатар дәрілік заттардың (мысалы, ацетилсалвцил қышқылы, барбитураттар және басқа кышқылдық қасиеті бар, әлсіз электролиттер) сіңуі (абсорбция3) жартылай асқазанда4 жүреді. Бірак дәрілік заттардың басым көпшілігі негізінен аш ішекте сіңеді. Бұған ішектің шырышты қабатының сорылу бетінін үлкендігі (шамамен 200 м2) және оның қанмен қарқынды қамтамасыз етілуі жағдай жасайды. Сіңудің келесі негізгі механизмдері белгілі:

    1. Жасуша мембранасы арқылы пассивті диффузиялануы. Дәрілік

    заттың концентрация градиентімен анықталады. Осындай жолмен липофилдік

    дәрілік заттар (негізінен полярлы емес) оңай сіңеді. Дәрілік заттың

    липофилділігі неғұрлым жоғары болған сайын, олар жасуша мембранасы

    аркылы жеңіл өтеді.

    2. Мембрана саңылаулары арқылы сүзілу (фильтрация). Ішек

    эпителиінің мембранасындағы санылаулардын диаметрі үлкен емес (шамамен

    0,4 нм1 немесе 4 Г). Сондықтан олар арқылы су, кейбір иондар, сонымен

    қатар ұсақ гидрофилді молекулалар (мысалы, мочевина) өтеді.

    3. Белсенді тасымалдану (бұл урдіске жасуша мембранасының

    тасымалдаушы жүйесі қатысады) белгілі бір косылысқа тандамалылығымен,

    екі заттың бір тасымалдаушы механизмге бәсекелесу мүмкіндіктерімен,

    қанықтырылуымен (дәрілік заттың жоғарғы концентрациясында),

    концентрация градиентіне қарсы тасымалдану және энергия жұмсау

    мумкіндіктерімен (метаболиттік улар белсенді тасымалдануды тежейді)

    сипатталады. Белсенді тасымалдану гидрофилдік полярлы молекулалардың,

    бірқатар бейорганикалық иондардың, қанттардың, амин қышқылдарының,

    пиримидиндердің сінуін қамтамасыз етеді.

    4. Пиноцитоз кезінде2 жасуша мембранасында инвагинация (ойыс)

    пайда болып. артына}і көпіршік тузіледі (вакуолдер). Соңғысы улкен

    молекулалы заттармен ұсталған сұйықтықпен толтырылған. Көпіршік

    цитоплазма бойынша жасушаның қарама-қарсы жағына карай кешеді

    (миграция), онда экзоцитоз жолымен көпіршік құрамы сыртқа шығады.

    Дәрілік заттың мембрана аркылы өтуінің келтірілген механизмдерінің кең сипаты бар және тек заттың сінуі үшін ғана емес, сонымен бірге олардың ағзада таралуы мен шығарылуы үшін де маңызды.

    Дәрілік заттың аш ішекте негізгі сіңу механизмі пассивтік диффузия болып табылады. Белсенді тасымалдану аз рөл атқарады. Жасуша мембранасының саңылаулары арқылы сүзілудің практикалық маңызы жоқ. Кейбір белоктардың және цианокобаламиннің (витамин Вр) Каслдің ішкі факторымен бірігіп (кешен түзіп) сіңуі, сірә пиноцитоз жолымеп жузеге асатын болуы керек.

    23. Терминдерге анықтама беріңіз: тератогенді әсері, эмбриотоксикалық әсері, мутагенді әсері және канцерогенді әсері

    Тератогенді әсер-Дәрілік заттардың болуы мумкін тератогенді әсерлеріне бірқатар елдерде талидомидті қолданумен байланысты қайғылы оқиға назар аудартты. Бұл препарат медицина практикасына тыныштандырғыш және ұйықтатқыш зат ретінде енгізілген болатын. Бірақ, анықталғандай талидомидтің айқын тератогенді қасиеттері бар. Оны қабылдаған кезеңдерде бірнеше мыңдаған балалар әртүрлі аномалиялармен (фокомелия2, амелия, беттегі гемангиома, асқазан-ішек жолы жағынан аномалиялармен және басқалар) туылды. Бұл оқиғалар тек жаңа препараттарға емес, сонымен бірге бұрыннан белгілілеріне де ерекше сақтықпен қарауға мәжбүр етті.

    Эмбриотоксикалық әсер-Сонымен бірге, дәрілік заттар эмбрионға және іштегі нәрестеге органогенез бұзылыстарымен байланысты емес тератогенді әсерлерге жатпайтын, жағымсыз әсер көрсету мүмкіндігін ескерген жөн. Оны дәрілік заттардың жанама және уытты әсері ретінде бағалауға болады. Ол жүкгіліктің әртүрлі сатысында көрінеді. Егер осындай әсерлер жүктіліктің 12-ші аптасына дейін пайда болса, оларды эмбриотоксикалық1, өте кеш мерзімдерде -фетотоксикалық2 деп атайды.

    Мутагенді-Жаңа дәрілік заттарды алу кезінде, сондай-ақ химиялық мутагендік және канцерогендік сияқты қауіпті жағымсыз әсерлер жиынтығының болу мүмкіндіктерін де ескерген жөн. Мутагендік3- бұл, заттың ұрық жасушасының және генетикалық аппаратының тұрақты зақымдалуын туғызатын қабілеті, ол ұрпақтың генотипінің өзгеруімен көрінеді. К а н ц е-рогендік4 — бұл, заттың қатерлі ісіктің дамуын туғызатын қабілеті.

    Заттардың жағымсыз әсерлері сондай-ақ оларды бірге сәтсіз қосқанда дәрілердің үйлеспеушілігі кезінде пайда да болуы мүмкін (жоғарыны қара).

    Канцерогенді әсер-Жаңа дәрілік заттарды алу кезінде, сондай-ақ химиялық мутагендік және канцерогендік сияқты қауіпті жағымсыз әсерлер жиынтығының болу мүмкіндіктерін де ескерген жөн. Мутагендік3- бұл, заттың ұрық жасушасының және генетикалық аппаратының тұрақты зақымдалуын туғызатын қабілеті, ол ұрпақтың генотипінің өзгеруімен көрінеді. К а н ц е-рогендік4 — бұл, заттың қатерлі ісіктің дамуын туғызатын қабілеті.

    Заттардың жағымсыз әсерлері сондай-ақ оларды бірге сәтсіз қосқанда дәрілердің үйлеспеушілігі кезінде пайда да болуы мүмкін (жоғарыны қара).

    24. Ерітінділердің жалпы сипаттамасы. Еріткіштер.

    Ерітінді — бір заттың екінші бір заттық ортада біркелкі таралуы аркылы әзірленген гомогендік жүйе кем дегенде екі компоненттерден, бірі еріткіш, екіншісі еритін зат болатын айнымалы құрамның химиялық тепе-теңдiк күйі болатын жүйе. Ерітінділер газ тәрізді, сұйық және қатты болуы мүмкін (сондай-ақ полимерлердің ерітінділері ерітінділердің үлкен тобын құрайды). Олардың ішінде жан-жақты зерттелгені және жиі қолданылатыны сұйық, әсіресе, сулы ерітінділер. Сондықтан тұрмыста ерітінділер деп, көбінесе, сұйық күйдегі молекула-дисперстік жүйелерді айтады.

    Ерітінділердің құрамы құрамдас бөліктердің концентрацияларымен сипатталады. Ерітінділер қаныққан, қанықпаған және аса қаныққан деп бөлінеді. Берілген температурада жақсы еритін заттардың ерігіштігінің де шегі бар. Еріген заттың концентрациясы белгілі бір мөлшерден асқанда, оның артығы ерімей, ерітіндінің түбіне шөгеді. Бұл кезде ерітінді мен еріген зат тепе-теңдік жағдайда болады. Мұндай ерітінділерді қаныққан ерітінділер, ал концентрациялары қаныққан ерітіндінің концентрациясына дейінгі барлық ерітінділерді қанықпаған ерітінділер деп атайды. Кейбір еріткіштің белгілі бір мөлшерінде еритін заттың ерігіштігіне сәйкес мөлшерінен де артық мөлшерін ерітуге болады. Мұндай ерітінділер аса қаныққан ерітінділер деп аталады. Аса қаныққан ерітінділердің тұрақтылығы нашар болады. Кез келген сыртқы әсерден еріген заттың артық мөлшері ерітіндіден бөлініп, тұнбаға түседі. Сөйтіп аса қаныққан ерітінді жай қаныққан ерітіндіге айналады.

    25. М-холиномиметикалық дәрілер. Негізгі әсерлері. Қолданылуы. Мускаринмен улану белгілері және жедел жәрдем шаралары.

    М-холиномиметиктер ОЖЖ және ішкі мүшелердің М-холинорецепторларын таңдамалы қоздырады. Жалпы бұл топқа пилокарпин, ациклидин, мускарин дәрілер жатады.

    М — холиномиметиктер: Пилокарпин, Ациклидин. Жүрек соғуын баяулатады, артериялық қысымды төмендетеді, бронхтарды тарылтып, асқазан бездерінің секрециясын күшейтеді, ішек пен қуықтың тонусын жоғарылатады.

    Қолданылады: ішек және қуық атониясында және көз ішіндегі сұйықтықтың бөлінуін жеңілдететіндіктен глаукомада (суқараң) көз ішілік  қысымды төмендетуге қолданады.

    М-холиномиметиктер М-холинорецепторларға тікелей ынталандырғыш әсер көрсетеді. Мұндай заттардың эталоны болып М-холинорецепторларға таңдамалы әсері бар мускарин алколоиды жүреді. Мухоморларда кездесетін мускарин жедел уланулардың себептері болуы мүмкін. Дәрілік заттар ретінде қолданылмайды.

    Мускарин — мухомор саңырауқұлақ өсімдігінің құрамында кездесетін алкалоид.

    Мускаринмен улану сипатталады миоз, бұлыңғыр көру, жоғарылаған сілекей шығару, шамадан тыс терлеу, лакримация, бронхтың бөлінуі, бронхтың тарылуы, брадикардия, іштің тартылуы, асқазан қышқылының бөлінуінің жоғарылауы, диарея және полиурия. Егер мускарин миға жетсе, оны тудыруы мүмкін діріл, құрысулар және гипотермия.Жүрек қарыншалары қамтуы керек мускаринді рецепторлар артериялық қысымның төмендеуіне әкелетін жиырылу күшінің төмендеуіне ықпал ететін. Егер мускарин көктамыр ішіне енгізілсе, мускарин өткір әсер етуі мүмкін қан айналымының жеткіліксіздігі бірге жүректің тоқтауы.[1]Мускаринге бай саңырауқұлақтармен мас болу белгілері, әсіресе Иноциб, өте тән: Симптомдар басталады, тоқсаннан екі сағатқа дейін, бас ауруы, жүрек айну, құсу және тарылу жұтқыншақ. Содан кейін сілекей, лакримация және диффузиялық тер пайда болды, миозбен үйлеседі орналастыружәне көру қабілетінің төмендеуі. Асқазан және ішек колик диареяға әкеледі, және зәр шығарудың ауыр азаптары бар. Бронхоконстрикция астматикалық шабуылдарға әкеледі және ауыр ентігу, және брадикардия біріктірілген гипотония және вазодилатация нәтижелері қанайналым шокы. 8-ден 9 сағатқа дейінгі өлім жағдайлардың шамамен 5% -ында тіркелген, бірақ жедел диагноз қою және емдеу арқылы толықтай болдырмауға болады атропин.

    26. Н- холиномиметикалық дәрілер. Негізгі әсерлері. Қолданылуы. Никотинмен улану белгілері және жедел жәрдем шаралары.

    Н- холиномиметиктер. Н- холиномиметикалық әсері каротидті шумақтың симпатикалық және парасимпатикалық ганглиилердің және бурек усті безінің ми қабатының нейрондық Н-холинорецепторларының агонистеріне тән. Н — холиномиметиктер: Цититон, Лобелин. Тыныс алу орталығын рефлекторлы қуаттандыратын шектеулі қолданылатын аналептиктер болып келеді. Улануларда, асфиксияда, тыныс бұзылыстарында жедел көмекке 1%- 0,2-0,5мл ерітіндіні тамыр арқылы енгізеді. Аналептиктерді жасанды дем беру тиімсіз болған жағдайда ғана қолдануға болады. Н- холиномиметиктер тобына жататын Табекс, Лобесил таблетка және шайнама сағыз түрінде темекіден арылуға (20-25күн) қолданады.

    Н-холиномиметиктер ішінен дәрілік заттар ретінде тыныс алуды рефлекторлы қоздыратын лобелин және цитизии колданылады.

    Лобелин- Lobelia inflata өсімдігінің кұрамында болатын алколоид. Химиялық кұрылымы бойынша үшіншілік аминдерге жатады. Каротидті шумақтардың рецепторларына (сопақша мидың басқа да орталыктарына холиномиметикалык әсер көрсетіп, тыныс алуды рефлекторлы қоздырады. Алғашында қысқа уакытқа артериялық қысымды төмендетеді (кезбе жүйкенін орталыктары мен ганглийлері белсенеді), кейіннен жоғарылайды (көбінесе симпатикалық ганглийлерге және бүйрек үсті безінің милы заттарына ынталандырғыш әсер етуімен байланысты).

    Тыныстың айкын қозуы ракитник (Cytisus laburnum) жэне термопсис (Thermopsis lanceolata) өсімдіктерінің кұрамындағы алколоид - цитизинді қолданғанда байқалады.

    Химиялық кұрылымы бойынша цитизии екіншілік аминдерге жатады.
Н-холинорецепторларды қоздыруына байланысты негізгі әссрлерінін түрлері
лобелинге ұқсас. Жоғары концентрацияда бұл алколоидтар Н-
холинорецепторларды тежейді. 0,15% цитизин ерітіндісі ц и т и т о н деген
атпен шығарылады. .

    Екі препарат та кейде тыныс алуды ынталандыру үшін (егер тыныс

    орталығының рефлекторлы қозғыштығы сақталса) қолданылады. Көк тамырға енгізсді. Әсерлері өте қысқа мерзімді.

    Сонымен қатар бұл алколоидтарды темекі шегуден айығуды женілдетін препараттардың негізгі компоненттері ретінде қолданады (цитизин -"Табекс" таблеткасында, лобелин - "Л о б е-сил"таблеткасында   бар) .

    Никотин - темекі (Nicotiana tabacum және Nicotiana rustica  ) жапырағының алколоиды, химиялық кұрылымы бойынша пиридинметилпирролидин.

    Никотинмен жедел уланганда гиперсаливация, лоқсу, кұсу, диарея байқалады. Брадикардия тахикардияға ауысады. Артериялық қысым жоғары, ентігу тыныс алудың тежелуіне ауысады. Қарашықтар басында тарылған,кейіннен кеңейеді. Көрудің, естудің бұзылыстары, сондай-ак тырысулар болады. Көмек көбінесе тыныс алуды қалыпты ұстауға бағытталған, өйткені өлім тыныс алу орталығының салдануынан болады. Никотиннің детоксикациясында қажетті уакытқа жасанды тыныспен камтамасыз еткен жөн.

    Никотинмен созылмалы улану темекі шегумен байланысты. Бірақ, темекі түтінінде басқа да уытты заттардың бар екенін ескеру кажет. Созылмалы уланудың көріністері әр түрлі. Тыныс алу жолдарының шырышты қабаттарының қабынуы, гиперсаливация байкалады. Асқазан сөлінің қышкылдығы төмендеуі мүмкін. Тоқ ішектің моторикасы жоғарылайды.

    Өзгерістердің ішінде кан айналымы жағынан артериялык қысымының жоғарылауынан және жүректің жиырылу ырғағының жылдамдауынан басқа экстрасистолия және пароксизмалды тахикардия болуы мүмкін. Никотин стенокардия ұсамаларының дамуына ықпал жасайды, кейде көруді нашарлатады. ОЖЖ-нің жоғарғы бөлімдері жағынан айтарлыктай өзгерістер байқалады.

    27. Гемостазды реттейтін дәрілік заттар. Анемиялық синдромында қолданылатын препараттар.

    1.Антиагреганттар-тромб агрегациясын(агрегация- тұну)төмендететін дәрілер: Аспирин, Курантил (Дипиридамол), ТромбоАСС, Тромбокард, Кардиомагнил, Плавикс, Пентоксифиллин (Трентал). Бұл дәрілер тромбтың пайда болу қаупінде алдын алу және қанды сұйылту үшін қолданылады.

    Агреганттар-тромб агрегациясын(тұнуын)жоғарылататын дәрілер: Дицинон (Этамзилат), Адроксон (жергілікті). Бұл дәрілер қан тоқтату үшін қолданылады.

    Дицинон – тамыр өткізгіштігін қалпына келтіріп, микроциркуляцияны жақсартады, қанды қоюландырады.

    Қанның ұюына әсер ететін дәрілер:

    Антикоагулянттар (коагуляция- жабысу) — қанның ұюын төмендететін дәрілер:

    Қанның ұюына тікелей әсер ететін дәрілер: Гепарин, Фраксипарин, Клексан, Гирудин (қан ұю факторына әсер етеді)- протромбиннің тромбинге айналуын бұзып, тромбиннің белсенділігін жояды.

    Қанның ұюына тікелей емес әсер ететін дәрілер: Неодикумарин, Варфарин, Эскузан, Анавенол, Троксевазин. Бауырда қанды ұйытатын факторға әсер етеді (протромбиннің пайда болуын тежейді).

    Қолданылады: қанның ұюын төмендетуге тромбофлебитте, миокард инфарктісінде, тромбоэмболиялық аурулардың алдын алуда.

    2. Коагулянттар — қанның ұюын жоғарылататын дәрілер: Викасол (Вит К), кальций хлорид ерітіндісі (CaCl2)-10%-10мл ампулада, кальций глюканат. Тромбин және Тахокомб (сорғыш түрінде жергілікті қолданылады). Қолданылады: қан тоқтату үшін.

    3.Фибринолизге әсер ететін дәрілер

    Фибринолитикалық дәрілер: Стрептокиназа, Урекиназа, Алтеплаза, Фибриолизин.

    Әсері: қанда фибринолизиннің пайда болуын, белсенділігін арттырып, пайда болған фибриндерді ерітеді. Стрептокиназа мен урекиназа жаңа пайда болған тромбыларды ерітуде тиімді. Стрептокиназаны қолданғанда жалпы қанда фибринолизин көбейіп қан кету қаупі бар. Алтеплаза пайда болған тромбтағы фибринге ғана әсер етіп, ерітеді.

    Антифибринолитикалық дәрілер: Аминокапрон қышқылы 5%-100мл, Контрикал, Амбен (сорғыш).

    Әсері: қандағы фибринолизин ферментінің пайда болуына, белсенділігіне тежегіш әсер етіп белсенділігін азайтады, фибрин жіпшелері көбейеді.

    Қан жүйесіне әсер ететін дәрілерді қолданғанда 2 – 3 күн сайын қанға сараптама жасап тексеріп отыру керек.

    Анемия- қанның азаю ауруы. Анемия кезінде қан көлемі өзгермейді, тек оның құрамындағы эритроциттер саны мен гемоглобин мөлшері өзгереді. Адам қансырағанда 1-2 тәуліктен кейін қан сұйыла бастайды. Өйткені эритроциттер 4-5 тәуліктен кейін түзіліп, қанға шыға бастайды. Эритроциттердің құрамында гемоглобин көбейсе гиперхромды анемия деп аталады. Ал эритроциттердің құрамында гемоглобин азайып кетсе гипохромды анемия деп аталады. Гиперхромия кезінде эритроциттер саны азайып, жеке эритроцит ұлғайып (макроцит) гемоглобинге толады.

    28. Тромбоциттер агрегациясына және қан ұюна әсер ететін дәрілік заттар. Қолдануға көрсетпелер. Жағымсыз әсерлері.

    Қалыпты жағдайда қан қан айналымы жүйесі арқылы қозғалуын қамтамасыз ететін сұйық күйде. Жұқпалы және инвазиялық ауруларда, сондай-ақ мас күйінде оның физико-химиялық қасиеттері өзгереді, бұл метаболикалық процестерге және ішкі органдардың жұмысына теріс әсер етеді. Сонымен қатар, қан ұюының жылдамдығы биологиялық маңызды. Ол жылдамдатылған және баяу болуы мүмкін. Медицинада көптеген фармакологиялық агенттер пайдаланылады, олардың көмегімен қанның қан ұйыу жылдамдығы реттелуі мүмкін. Антикоагулянттар - бұл қанның ұю үрдісін бәсеңдететін есірткі және бұл қорғаныш реакциясын тездететін агенттер коагулянттар деп аталады.

    Тромбидің потенциалды және қалыптасу механизмі - бұл қанның жоғалуынан организмнің қан тамырларының тұтастығын бұза отырып қорғайтын күрделі биохимиялық процесс. Бұл процесс бауырда синтезделген протромбинмен және зақымдалған ыдыстың шеттерінің коллаген талшықтарына сүйенген тромбоциттермен жүзеге асырылады. Кальций мен плазма белоктарының әсерінен тұратын тромбопластин протромбинге қосылып, тромбинді құрайды, ол ақуызмен (фибриноген) қан тамырлары люминасын ерімейтін фибринге айналады.Тромбина, фибриноген, кальций хлориді, викасол, аминокапрой қышқылында, тромбоксинада, фибриногенде, тромбокиназа және К витаминінің синтезі бұзылғанда, қандағы кальций деңгейінің төмендеуіне, тромбоциттер концентрациясының төмендеуіне, Дайындау (қытырлақ, су бұрышының жапырақтары ). Операциядан кейінгі және босанғаннан кейінгі кезеңде тромбоциттер агрегациясының жоғарылауы тромбоздың жоғары қаупін көрсетеді. Сондай -ақ, мұндай бұзылулар инфаркт, инсульт және терең тамыр тромбозының қаупін арттырады.

    Көбінесе терең тамырларда қан ұйығыштары пайда болады төменгі аяқтар... Ауру аяқтың ауырсынуымен көрінеді, жүру кезінде күшейеді, тез шаршау, зақымдалған аяқтың ісінуі, бозаруы және цианозы.

    Бастапқы тромбоз негізінен веналарға әсер етеді балтыр бұлшықеті, содан кейін аурудың өршуімен қан ұйығыштары жоғары таралып, тізеге, жамбас пен жамбасқа әсер етеді. Тромбоздың кең таралуы және тромб мөлшерінің ұлғаюы өкпе тромбоэмболиясының қаупін арттырады.

    Антикоагулянттар - бұл қанның құюын қамтамасыз ететін және қан тамырларындағы қанның пайда болуына жол бермейтін биологиялық жүйенің белсенділігін төмендететін препараттар. Олар қанның ұюының барлық немесе кейбір фазаларын басады. Қанның сұйық күйі ерекше энзимдер мен антитрабминмен қамтамасыз етілгені белгілі. Қанның пайда болуын болдырмау үшін тікелей антикоагулянттар қолданыңыз. Олар қанның ұюы факторларына әсер етеді, бұл процесті ағзадағы немесе in vitro жағдайында кешіктіреді. Натрий цитраты (натрий цитраты) және EDTA (этилендиаминтетрацетат қышқылы) иондалған қан кальцийін байланыстырады және оны кальций цитратына немесе EDTA бар кешенге айналдырады. Кальций иондарын қан ұюы жүйесінен алып тастауға байланысты тромбин мен фибрин түзілмейді. Гепарин тромбогендік факторларды инактивтейді және протромбиннің тромбинге айналуын кешіктіреді. Антикоагулянттар - қанның құйылуын болдырмау үшін қан құю және зертханалық гематологиялық зерттеулер үшін тікелей қолданылатын препараттар, сондай-ақ тез қандардың ұюы жүретін ауруларды емдеуге арналған. Бұл препараттар тромбоэмболиялық асқынуларды алдын алу және емдеу үшін қолданылады.

    Жанама әрекеттердің антикоагулянты - дикумарин, кумарин, синкумар - қанның ұюына қатысатын ферменттердің синтезі. Олар бауырдағы тромбиннің пайда болуын тежейді. Бұл процесс ағзадағы 12-72 сағат ішінде дамиды және екі-он күн аралығында көрінеді. Бұл дәрі ұзаққа созылған әрекет. Антикоагулянттар - тромбоздың, эмболияның, тромбофлебиттың алдын-алу және емдеуге жанама әсерлерін тағайындайды.
    1   2   3   4   5   6   7   8


    написать администратору сайта