Главная страница
Навигация по странице:

  • Жергілікті анестетиктер (синтетикалык) химиялық құрылымы бойынша 2 топқа бөлінеді

  • 15. Дәрілерді екінші рет қайта қолданғанда әсерлері (дәрілерге үйрену, кумуляцияның дамуы, сенсибилизация). Дәрілердің өзара әрекеттесуі. Дә

  • 16.Органикалық және бейорганикалық тұтқырлаушы дәрілер (вяжущие). Қаптаушы дәрілер. Адсорбциялаушы дәрілер. Тітіркедіргіш дәрілер. Әсер ету механизмі және қолданылуы. Стоматологияда қолданылуы.

  • 17.Терминдерге аңықтама беріңіз: тахифилаксия, дәрілерден аллергия, синергизм, антагонизм, кумуляция. Тахифилаксия

  • Антагонизм

  • немесе

  • 18.Холинергиялық дәрілердің классификациясы.

  • 19.Адренергиялық дәрілердің классификациясы.

  • 20. Қатты дәрілік түрлерге анықтама беріу ( ұнтақтар, таблеткалар, дражелер, капсулалар, гранулалар)

  • Фарм эталон 2022. 1. Дрілік зат, дрілік препарат, дрілік форма туралы тсінік


    Скачать 146.17 Kb.
    Название1. Дрілік зат, дрілік препарат, дрілік форма туралы тсінік
    Дата14.05.2022
    Размер146.17 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаФарм эталон 2022.docx
    ТипДокументы
    #528528
    страница2 из 8
    1   2   3   4   5   6   7   8

    13.Сығындылар өсімдіктерден дәрілік затты алу әдістері. Тұнба және қайнатпалар. Дайындау әдістері. Рецепте жазу ережелері.

    Сығынды (Extracta) – өсімдік өнімінен экстрагент көмегімен (спирт, эфир және хлороформ) алынған құнарландырылған сығынды түрде жасалады. Сығындылар үш түрлі болады: сұйық (Extractі fluidі), қою (Extractі spissі) және құрғақ (Extractum siccum). Мысалы: Итжидектің құрғақ сығынды түріндегі жазбасы.

    Recipe: Extracti Belladonnae sicci 0,015

    Sacchari 0,3

    M.f.pulv.

    Da tales doses №12 in charta cerata

    Signa. Күніне 1 ұнтақтан 3 рет.

    Тұнбажәнеқайнатпа (Infusa et Decocta) – дәрілік өсімдік өнімдерінен алынған сулы сұйық дәрілік түр. Тұнбаны көбінесе өсімдіктің биологиялық белсенді құрамдарынан жеңіл алатын жұмсақ бөлігінен (жапырағынан, гүлінен) жасайды, яғни үгіп алып, суға бір рет қайнатып, бұқтырып және сүзіп алғаннан кейінгі дайын ерітінді, ал өсімдіктің қатты бөлшегінен, яғни қабығынан, тамырынан 10-15 минуттай қайнатып, содан соң бұқтырып және сүзіп алынған ерітіндіні қайнатпа дейді. Бұлар ас қасықпен ішуге арналған.

    1) Термопсис шөбінің тұнба түріндегі жазбасы.

    Recipe: Infusi herbae Thermopsidis 0,6 – 180 ml

    Da Signa. Күніне 3 рет 1 ас қасықтан ішуге.

    14. Жергілікті анестетиктер классификациясы, әсер ету механизмі (лидокаин, новокаин, бупивакаин) және осы топ препараттарына қойылатын талаптар. Жағымсыз әсерлері. Стоматологияда қолданылуы.

    Жергілікті анестетиктер деп жүйке ұштарының сезімталдығын уақытша немесе қайтымды төмендететін немесе жүйке талшықтарының бойымен козудың өтуін тежейтін заттар аталады.Бұл класс заттарының әсер ету тізбегі мынадай: олар ең алдымен ауыру сезімін жояды, егер анестезияны тереңдетсе, температура және тактильді сезімталдық, ең соңынан жанасуға, қатты басқанға рецепция жоғалады (терең сезімталдык). Жергілікті анестетиктердің ең маңызды қасиеті олар қайтымды және адам санасын сақтай отырып әсер етеді.

    Жергілікті анестетиктер (синтетикалык) химиялық құрылымы бойынша 2 топқа бөлінеді:

    • ароматты қышқылдардың қүрделі эфирлері: новокаин (про­каин), дикаин (тетракаин), анестезин, кокаин; Күрделі эфирлер белсенділігін жоғалтып, қысқа уақытқа әсер етеді, тиімділігі қабыну үдерістерінде айтарлықтай төмен.

    • амин қышқылдарының туындылары: лидокаин (ксикаин), тримекаин, пиромекаин, бупивакаин (марками), артикаин (ультракаин). Артықшылығы: әсерінің ұзақтығы, аллергиялық реакцияларды аз тудырады.

    Новокаин (прокаин) — бұрын белгілі және кеңінен қолданылатын жергілікті анестетиктердің бірі. Беткей анестезия үшін де қолданылады, өйткені іс жүзінде зақымданбаған тері және шырышты қабык арқылы енбейді. Ол тіндерді тітіркендірмейді, тамырларды тарылтпайды. Гипотензивті, сондай-ақ аз деңгейде аритмияға қарсы әсер көрсетеді. Тегіс салалы бұлшықеттің спазмын азайтады. Новокаинді дәрілік заттарды ерітуде, әр түрлі блокада жасауда және шокқа қарсы, қышуға қарсы зат ретінде қолданады.

    Жанама әсерлері көбіне аллергиялық реакциялар түрінде анафилаксиялық шокқа дейін баруы мүмкін. Артериялық қан қысымының күрт төмендеуі мен коллапс туындауы мүмкін екенін ескеру кажет.

    Лидокаин (ксикаин). Бұл жергілікті анестетик әмбебап, яғни жергілікті анестезияның барлық түрлерінде пайдаланылатын, ең кең тараған түр. Новокаиннен 2—5 есе белсенді және 2 есе ұзақ (шамамен 60 минут) әсер етеді. Оның улылығы новокаиннен сәл жоғары болып табылады. Тіндерге тітіркендіргіш әсер көрсетпейді, қарашықтың мөлшеріне және тамырлардың тонусына әсер етпейді. Препарат тұрақты, оны бөлме температурасында ұзақ мерзімде сақтауға болады. Аритмияға қарсы және тырысуға қарсы әсері бар. Жанама әсерлері:гипотония, ұйқышылдық, бас айналу, амнезия, тырысулар, тремор, уытты тахиаритмия, көрудің бұзылуы, тыныс алу жеткіліксіздігі.

    Бупивакаин (маркаин) — әсері баяу басталатын препарат, бірақ анестезия ұзаққа созылады (10 сағатқа дейін). Көбіне анестезия үшін және операциядан кейінгі кезеңде, созылмалы ауырсыну син­дромы т.с.с. кезде пайдаланылады. Жанама әсерлері — уыттылығы, құрысулар, жүрек қызметінің төмендеуі

    15. Дәрілерді екінші рет қайта қолданғанда әсерлері (дәрілерге үйрену, кумуляцияның дамуы, сенсибилизация). Дәрілердің өзара әрекеттесуі.

    Дәрілік препараттардыкайта пайдаланудан:

    • кумуляция (жинақталу) — дәрілік заттар әсерінің оларды қайталап колданғанда артуы. Кумуляцияны 2-ге бөліп карастырамыз:

    1. материалды — фармакологиялық агенттердің (мысалы, жүрек гликозидтері) жинақталуы;

    2. функционалды «жинақталу» заттардың емес, тек фармакологиялық әсерлердін жинақталуы (мысалы, этил спиртін қабылдау);

    • сенсибилизация — кайталап қабылдағанда алдыңғы қолдануға қарағанда әсері (әдетте аллергиялық сипатка ие) артық болуы;

    • үйрену — қайталап пайдалануда әсердің азаюы; үйрену баяу (мысалы, айдағыш заттар, барбитураттар) және тез, тіпті бірнеше минут болуы мүмкін (мысалы, эфедрин сияқты); тез үйрену тахифилакция деп аталады;

    • дәріге тәуелділік (құмарлық) — ағзаның қалыпты жұмыс істеуі нашарлағандықтан, препаратты қабылдауга ұмтылу болуы мүмкін.

    Дәріге тәуелділік:

    • психикалық;

    • физикалық болып бөлінеді.

    Психикалық дәріге тәуелділік — бұл препаратты тоқтатқан кезде тек эмоционалдық ыңғайсыздыктың болуы (мысалы, кока­ин, галлюциногендер).

    Физикалық дәріге тәуелділік — препаратты тоқтату (мыса­лы, морфин, героин т.б.), немесе антагонистерді енгізу кезінде абстиненцияның дамуы (соматикалық-вегетативті және неврологиялық бұзылулар, косымша психикалық өзгерістермен қатар жүретін ауыр жағдай).

    Фармацевтикалык өзара әрекеттесу ағзаға енгізу алдында, оларды бірге қосқанда дәрілік заттар арасындағы физика-химиялық реакциялардың нәтижесінде орын алады. Дәрілік зат­тарды бірге қолданғанда (шприцтегі араласу кезінде, сақтау кезінде, рецепті дүрыс тағайындамау кезінде) өзара қолайсыз әрекеттесупайда болады. Нәтижесінде, тұнба түзіліп, ерігіштік езгереді, түсі және иісінің өзгеруі — фармацевтикалық сәйкессіздікті, сондай-ақ негізгі фармакологиялық қасиеттердегі өзгерістер немесе уыттылығын, жанама әсерін күшейтеді — бұл формакологиялық сәйкессіздік.

    16.Органикалық және бейорганикалық тұтқырлаушы дәрілер (вяжущие). Қаптаушы дәрілер. Адсорбциялаушы дәрілер. Тітіркедіргіш дәрілер. Әсер ету механизмі және қолданылуы. Стоматологияда қолданылуы.

    Қармаушы заттар әсері жергілікті қабынуға қарсы препараттарға жатады. Қармаушы дәрілер шырыш қабығына, теріге қолданғанда белок қабыршығын құрып, сезгіш нерв талшықтарын тітіркендіргіш заттардан қорғайды.Тітіркендіріш заттар сезімтал жүйке ұштарын белсендіреді және тітіркендіріп қозу әрекетін арттырады.

    Қаптағаш заттардың стоматологияда қолданылуы стоматит, гигивит және басқа ауыз қуысының қабынуларында ауыз – қуысын шаю үшін қолданылады.

    Тұтқырлаушы заттар вакуольдің жасуша шырынындағы күрделі органикалық заттарға жатады. Иілік заттарды медицинада дененің, шырышты қабығы қабынғанда емдеуге пайдаланса, тері илеу өнеркәсібінде теріні жұмсарту үшін қолданады.

    Қаптағыш дәрілер сумен қосылып, коллоидты ерітінді түзейді, ол шырышты қабықшаны жауып, сезгіш жүйке ұштарына тітіркендіргіш заттардың әсеріне кедергі жасайды. Олар жергілікті қабынуға қарсы және ауыруды басатын әсер көрсетеді. Қолдану көрсеткіштері.Гастрит, асқазан мен он екі елі ішектің ойық жараларында және энтероколитте қолданылады. Дәрілермен бірге ауыруды басатын бір реттік клизма ретінде, қышқылдар мен негіздермен уланғанда ұзақ уақыт ішке шырышты қабатты жаралардан қорғау мақсатында тағайындайды.

    Адборбциялаушы заттар Жануарлардан және өсімдіктерден алынатын, үлкен белсенді беткейден тұратын, нәтижесінде басқа химиялық қосылыстармен немесе дәрілік препараттармен жақсы әрекеттесіп, өздерінің бойына сіңіріп алып, жүйке талшықтарын тітіркенуден қорғайтын сорғыш дәрілер. Сорғыш дәрілер суда ерімейтін, тіндерді тітіркендірмейтін және адсорбциялық беткейлігі үлкен ұнтақ тәрізді инертті заттар. Бұл заттарға белсенді көмір, тальк және т.б. жатады. Бұлар іш өту кезінде және улы заттардың сіңірілуін тоқтату үшін қолданылады.

    17.Терминдерге аңықтама беріңіз: тахифилаксия, дәрілерден аллергия, синергизм, антагонизм, кумуляция.

    Тахифилаксия бұл бірнеше сағаттар ішінде дәріге тез үйрену. Тахифилаксия синапс ұштарындағы медиатор қорларының таусылуына негізделген.

    Дәрілік аллергия-бұл дененің белгілі бір дәрі-дәрмектерге сезімталдығының жоғарылауы. Аллергия кез-келген препараттан туыдауы мүмкін, бірақ көбінесе стероид емес қабынуға қарсы, бактерияға қарсы және антисептикалық заттарға, сарысулар мен вакциналарға жоғары сезімталдық пайда болады. Негізгі белгілері-терінің қышуы, терідегі бөртпелер мен қышу, әлсіздік, Квинке ісінуі, бронхоспазм. Қан тамырлары, буындар, бүйрек және басқа органдар мен жүйелерзақымдалуымүмкін.

    Синергизм  —екі немесе оданкөпдәрілікзаттардыңолардыңқосындыәсерінесайкелетіндейтиімділіккөрсетеотырып, бірмезгілдежекебірбағыттаәсеретуі. Қолданушызаттарбірғанаэлементтергеәсеретуімүмкін (тікелей синергизм) немесе әртүрліэлементтергеәрекетжасайды(жанама синергизм). Мысалы, хлоралгидрат пен этил спиртісинергистерретінденаркоздыкөсеретеді.

    Антагонизм дәрілікзаттардыжұптастырыпқолданғандаолардыңөзараәсерлесуінебайланыстыбір немесе бірнешедәрілікзаттардыңкейбір немесе барлықфармакологиялықәсерлерініңәлсіреуі немесе жойылуы.

    Кумуляция, дегеніміздәрілердіқайталапқолданғандаденедежиналуы. Оны екітүргебөледі: материалдық кумуляция, яғнидәрініңөзіжиналады, қызметтік кумуляция дәріәсерініңжиналуынайтады.

    18.Холинергиялық дәрілердің классификациясы.

    Холинорецепторларды ынталандыратын заттар — холиномиметик, ал тежеуші заттар — холиноблокаторлар деп аталады. Холиномиметиктер мен холиноблокаторлар жалпы холинергиялықзаттар деген ортақ атаумен біріктіріледі.

    Холинергиялыкиннервацияға әсер ететін заттардың жіктелуі

    • М және Н-холинорецепторларға әсер ететін заттар:

    • М-, Н-холиномиметиктер:

    А Тікелей әсерлі: ацетилхолин, карбахолин;

    А Тікелей емес әсер: холинэстеразаға қарсы заттар — физостигминсалицилаты, галантамингидробромиді, прозерин, армин;

    • М-, Н-холиноблокаторлар: циклодол.

    ° М-холинорецепторларға әсер ететін заттар:

    • М-холиномиметиктер (мускариномиметикалык заттар): пилокарпингидрохлориді, ацеклидин;

    • М-холиноблокаторлар (атропин тәрізді заттар): атропин сульфаты, платифиллингидротартраты, скополамингидробромиді, метацин, ипратропий бромиді.

    ° Н-холинорецепторларға әсер ететін заттар:

    • Н-холиномиметиктер (никотиномиметикалык заттар): цититон, лобелингидрохлориді;

    • Н -холиноблокаторлар немесе олармен байланысқан иондық каналдар блокаторлары: 

    • ганглийтежеуші заттар: бензогексоний, пентамин, гигроний, пирилен, арфонад;

    • кураре тәрізді заттар (әсері перифериялық миорелак- санттар): тубокурарин хлориді, панкуроний бромиді, пипекуроний бромиді, дитилин.

    19.Адренергиялық дәрілердің классификациясы.

    Адренергиялыксинапстардағыкозудың берілуіне әсер ететін заттар келесі топтарға бөлінеді.

    Нейротропты заттар

    • Адреномиметиктер:

    • тікелей әсерлі адреномиметиктер:

    • а және β -адренорецепторларды қуаттандырады: адрена¬лингидрохлориді (β1,β2, α1, α2), норадреналингидротартраты (α1, α2, β1);

    • α-адренорецепторларды қуаттандырады: мезатон (α1), нафтизин (α2);

    • (β-адренорецепторларды қуаттандырады: изадрин (β1, β2), сальбутамол (β2), добутамин (β1);

    • тікелей емес әсерлі адреномиметиктер (симпатомиметик- тер): эфедрингидрохлориді.

    • Антиадренергиялық заттар:

    • тікелей әсерлі антиадренергиялыкзаттар (адреноблокаторлар):

    α-адреноблокаторлар:

    ■ селективті емес (α1, α2): фентоламин, тропафен;

    ■ селективті (α1): празозин;

    β-адреноблокаторлар:

     селективті емес (β1, β2): анаприлин (пропранолол);

    ■ селективті (β1): метопролол, атенолол;

    ❖ а, β -адреноблокаторлар: лабеталол;

    • тікелей әсерлі антиадренергиялықзаттар (симпатолитиктер): октадин, резерпин.

     

    20. Қатты дәрілік түрлерге анықтама беріу ( ұнтақтар, таблеткалар, дражелер, капсулалар, гранулалар)

    Ұнтақтар (Pulveres) – бұл ішуге және сыртқа қолдануға арналған, сеппелі қасиетке ие қатты дәрілік түр. Бұлардың өзі бірнеше түрге бөлінеді:

    а/ Қарапайым ұнтақтар – құрамында тек бір ғана зат болады.

    б/ Күрделі ұнтақтар – құрамында екі және одан да көп заттар болады.

    в/ Мөлшерге бөлінген ұнтақтар. Мөлшерлі ұнтақтың орташа салмағы 0,3 – 0,5 г болады, ал одан төмен кезінде, оған бейтарап заттар (емдік әсері жоқ зат) қосылып, ұнтақтың осы жалпы салмағына жеткізілуі керек.

    Таблеткалар (Tabulettae) – дәрілік заттарды немесе дәрілік қоспаларды және көмекші заттарды зауытта тиісті машинамен қысу және жабыстыру арқылы жасалған, мөлшерленген қатты дәрілік түр. Таблеткалар сақтауға және қолдануға ең қолайлы дәрілік түр.

    Драже (Dragee) – ішке қолдануға арналған, дәрілік заттар мен көмекші заттарды қант грануласына бірнеше рет қабаттау жолымен алынған қатты дәрілік түр. Көмекші заттар ретінде қант, крахмал, бидай ұны, какао, шоколад, тағам бояғыштары қолданылады. Драже салмағы 1,0 г. аспауы керек.

    Капсула(Capsulaе) – мөлшерленген ұнтақ, баттас тәрізді заттарды, гранулалы немесе сұйық заттар үшін, ішке қолдануға арналып жасалған қаптағыш. Капсулада жағымсыз иісі, дәмі бар немесе тітіркендіргіш әсер ететін дәрілік заттарды шығарады.

     
    1   2   3   4   5   6   7   8


    написать администратору сайта