Фарм эталон 2022. 1. Дрілік зат, дрілік препарат, дрілік форма туралы тсінік
Скачать 146.17 Kb.
|
38. Вирустарға қарсы қолданылатын дәрілердің әсер ету механизмі және классификациясы. Вирусқа қарсы қолданылатын препараттар. Оларға биологиялық препарат тар — гамма-глобулин, интерферон, сондай- ақ кейбір химиялық заттар жатады. Гамма — глобулинқан сарысуының белоктық фракцияларының бірі болып табылады; бұл препараттың құрамында микроорганизмдерді — ауру қоздырғыштарды өлтіруге көмектесетін қорғаушы антителолар бар. Оларды қан берушілердің, олардың ішінде белгілі бір жұқпалы ауруға қарсы вакцина егілген қан берушілердің қанынан, вакцина егілген малдың, т. б. қанынан алады. Гамма-глобулин препараттарын тұмау, Боткин ауруы, қызылша, энцефалит, құтыру, және басқа вирустық аурулардың, сондай-ақ бактериялар тудыратын кейбір аурулардың (стафилококк жұқпалы ауруы, көкжөтел, т. б.) алдын алу және оларды емдеу үшін қолданады. Гамма-глобулин организмнің түрлі ауруларға жалпы қарсылық көрсет у д де күшейте алады. Оның аллергиялық әрекеттер және басқа құбылыстар туғызуы мүмкін, сондықтан ол тек дәрігердің ұйғаруымен ғана енгізілуге тиіс. Лейкоцитті интерферон — организм клеткаларында вирустың енуіне қарсы жетілетін қорғаушы белоктар. Кейбір вирустық аурулардың алдын алу және оларды емдеу үшін пайдаланылады. Тұмаудың алдын алу үшін — ауру етек ала бастаған кезде оны мұрынға күніне 2 рет (ең алдымен 3 айға дейінгі нәрестеге) тамызу керек. Химиялық препараттар да: ремантадин мен оксолинде вирусқа қарсы әрекет етеді. Ремантадинді ересек адамдардың тұмауын бастапқы кезінде емдеу және оның алдын алу үшін қолданады; Вирусқа қарсы дәрілердің жіктелуі. 1. Синтетикалық өкілден: Пуриндер және пиримидиндердің аналогтары - ацикловир, ганцикловир, рибавирин, видарабин, идоксуридин. Дидезоксинуклеотидтер - зидовудин, дидзоксицитизин, дидезоксиинозин. Адамантанаминдер - амантадин, ремантадин, мадинтан, тромантадин. Фосфоноформиаттар - фоскарнет, фосфорлы сірке қышқылы кислота. Тиосемикарбазон туындылары - метисазон . Пентадтар - санквинавир. Оксолин қышқылының туындылары - оксолиниевая май. 2. Биогенді өкілден: Иммуноглобулиндер - иммуноглобулин, интраглобин, гамимун, пентаглобин, сандоглобулин, гистаглобулин, цитотект. Интерферондар: а-(лейкоцитарлы): - рекомбинантты - интрон-А, роферон-А, алферон, вэллферон, реальдирон; - синтетикалық - полудан; в- (фибробластты): - рекомбинанты - ребиф, фрон; - синтетикалық - бетаферон; у - (Т-лейкоцитарлы) - гаммаферон, иммуноферон 39)Рецепт,құрылысы. Рецепттерді құрастыру ережелері. Рецептуралық бланктердің түрлері. Рецепттердің официнальді және магистральді түрде жазу ерекшеліктері. Рецепт — дәрігердің фармацевтен дәрілік затты науқасқа дәріханадан белгiлi бiр дәрілік қалыпта, дозада, колдану әдістерін көрсетіп, дайындауды және босатуды сұраған жазбаша өтініші. Амбулаторлық науқастарға рецепт жазу және жазылған рецепт бойынша дәрілік затты босату ережесi бар. Рецепт арнайы рецептуралык бланктерде латын тілінде,науқасқа немесе медицина қызметкеріне үшін ұйғарым қазақша немесе басқа ұлттық тiлде жазылады. Рецепт түсінікті, анық жазбамен, формалык бланкте жазылады. Рецепт ешкандай түзетусiз жазылуы тиiс. Рецептте жазылған күні (күні, айы, жылы), наукастың аты-жөні, фамилиясы, жасы, дәрігердің аты-жөні, фамилиясы жазылады. Рецепт термині латын тіліндегі recipere (алу) сөзінен шыккан, себебі, фармацевтке өтініш recipe ал (кыскаша 1 Rp.) сөзінен басталады. Рецептің құрамына кіретін дәрілік затардың аттары ілік септiгiнде, олардын дозасы көрсетіліп жазылады. Рецепт кыскартылған және толық түрде жазылады. Дәрілік заттарды қысқартылған түрде жазғанда алдымен дәрілік калпы (Solutionis... Epiтiндiсi..., Suspensionis... Суспензиясы...; Unguent... Жағылмасы... және т.б.), содан кейiн дәрілік заттың аты, концентрациясы (кажет болса) және жалпы саны көрсетіледі. Толық түрде жазылғанда құрамына кіретін барлық заттары, олардын дозасы немесе саны, содан кейiн фармацевтке кандай дәрiлiк калыпты дайындау жөнiнде нұсқау көрсетіледі. Рецепттiн курамына бiрнеше заттар кiретiн болса әсер көрсететiн негiзгi зат - Basis əркашанда бiрiншi жазылады, содан кейiн қосалқы немесе косымша заттар - Adjuvans жазылады. Кейде рецептте негiзгi заттын жагымсыз иісін, дәмін жоятын түзетушi зат Corrigens жазылады. Бiркатар жағдайда дәрiлiк калыпы дәрiлiк зат болып табылады. Дегенмен кейде калып беретiн заттар - Constituens қажет болуы мүмкін. Дәрiлiк қалып беретiн зат рецептте негiзгi және косымша заттардан кейiн жазылады. Әрi карай белгiленген терминмен (Subsripcio) - фармацевтке арналған нұскау жазылады (мысалы, Misce ut fiat unquentum -Араластыр, жағылма тузiлсiн т.с.с.). Казiргi уакытта өнеркәсіпте шығарылған дәрілік заттар (мысалы, драже, таблетка, жағылма, ампуладағы, флакондағы дәрілік заттар) жиі қолданылады, оларды рецептте қысқартылган түрде жазады. Рецепттiн онында белгілеу - S. (Signa. Signetur - Белгiлеу. Белгiленетін болсын) белiмiнде дәрігер науқасқа немесе медицина кызметкерiне препараттың қолдану әдістері бойынша ұсыныстар жазады. Рецепттiң сигнатура (Signatura) бөлiмiнде қыскаша және түсiнiктi түрде көрсетеді: 1) дозасын (1 ұнтақтан, 1 таблеткадан, 1 ас қасыктан, 20 тамшыдан және т.б.); 2) кабылдау уақытын, жиiлiгiн (күнiне қанша рет, тамаққа дейiн немесе тамақтан кейiн, ұйықтар алдында және т.б.); 3) препаратты қолдану тәсілі (көк тамырға, тері астына, баяу енгiзу және т.б.) Рецепттi науқаска бермес бұрын, дәрiгер өзiнiн қолын койып, жеке мөрiн басады. Құрамында улы немесе наркотикалық заттар болса бiр рецептуралық бланкіге бір дәрілік зат жазылады, қалған жағдайларда бiр бланкiге 2 дәрілік затқа жазуға рұқсат етiледi. Дәріге тәуелділік тудыратын (нашақорлық) арнайы тiзiмге енген (морфин, промедол, кокаин және т.б.) және оларға теңестiрiлген дәрілік заттарға рецепт белгiленген үлгі бойынша дайындалған арнайы бланкiге жазылады, емдеу мекемесiнiң дөңгелек мөрі, дәрiгердiң мөрі басылады. Сонымен қоса, емдеу мекемесінің бас дәрігері немесе бөлім меңгерушісінің қолы қойылады. Науқасқа дәрілік затты шұғыл түрде босату кажет болса рецептуралық бланктiң жоғарғы жағына «Cito» (жедел) немесе «Statum» (шұғыл, тез) деген көрсетулер жазылады. Бұл жағдайда дәрілік зат кезек күттірмей тез дайындалып, босатылады. Дәрігер дәрілік затты рецептте өзі қолдану үшiн жазса, рецептте көрсетіледі: Рго auctore - Автор үшiн немесе Рro me - Өзім үшін. Дәрілік заттар официнальды және магистральды жолмен дайындалады. Официнальды — қолдануға дайын фармацевтикалық өнер кәсіпте дайындалған дәрі-дәрмектер, рецептте қысқартылған түрде жазылады. Жекелеген препараттар аз мөлшерде дәріханада және дәріханалық кәсіпорындарда дайындалады. Магистральды² - дәрігердің рецепттісі бойынша дәріханада дайындалады, рецептте толық түрде жазылады. Дәрілік қалыптар дозаланған және дозаланбаған болуы мүмкін. Бiрiншi жағдайда дәрілік заттың бір рет қабылдауға арналған дозасын (қажет болса Constituens) көрсетедi, содан кейін «Дозаның мынандай саны берілсін» -«Da tales doses» (D.t.d.N.) жазылады. Осындай рецепт бойынша дәріханадан әрбір қабылдауға дозаланған дәрілерді дайындайды немесе босатады. Дозаланбаған дәрілік заттың рецептте жалпы қабылдауға арналған мөлшері көрсетiлiп жазылады. Науқас оны сигнатурада көрсетілген қабылдау санына беледi. Рецептте танымал терминдерді қыскартып жазуға болады, дауыссыз дыбыстан кейiн қыскартуға рұқсат етiледi. Мысалы, Aqua purificarae - кыскаша - Aq.purif. 40. Рецепт түрінде жазыңыз: Қысқа әсері бар, өткiзгiш анестезияда қолданылатын жергілікті анестетик (иньекцияға арналган ертiндi). Recipe: Solutionis Novocaini 1%-10ml Da tales doses N10 in ampullis Signa. Өткізгіштік анестезия үшін. 41. Рецепт түрінде жазыңыз: Резобциялык әсер еттетін м- холиномиметик (көз тамшысы). Recipe: Solutionis Pilocarpini hydroсhloridi 1%-10ml Da.Signa:Көз тамшылары 1-2 тамшыдан күніне 2-3рет. 42. Рецепт түрiнде жазыңыз: Артериалды қысымды жоғарлататын а-адреномиметик (инъекцияға арналған ертінді). Recipe.Solutionis Mesatoni 1%-1ml Da tales doses N10 in ampullis Signa. 1 ампуланы 40 мл 40% глюкоза ерітіндісін араластыру. Венаға баяу енгізу 43. Рецепт түрінде жазыңыз: Антиагрегациялык әсерi бар қабынуға қарсы дәрі (таблетка). Recipe: Tabulettae Acidi acetylsalicylici 0.5 Da tales doses N10 Signa. Ішке ½ таб 1 рет күніне ұйқы алдында 44. Рецепт түрінде жазыңыз: Тіс түбірінің каналдарының ирригациясына қолданылатын галоген тобының антисептик (ертінді). Recipe: Solutionis Natrii hypochloridi 3%-100 ml a Da.Signa:антисептикалық ерітінді үшін 45. Рецепт түрінде жазыныз: Уланғанда колданылатын адсорбциялаушы дәрілік зат (ұнтақ). Белсендірілген көмір Recipe: Carbo Activatii 30,0 Da Signa: Қолданар алдында унтакты 100 мл суға араластырып ішу. 46. Рецепт түрінде жазыңыз: Пародонт ауруларында инфекциялык кабыну түрлерінде қолданылатын аминогликозид тобының антибиотик (инъекцияға арналған ертінді). Recipe:Solutionis Centamycini sulfatis 4% - 2ml Da tales doses N 10 in ampullis Signa: бұлшықетке 2 мл ден күніне 2 рет салу (7 күн) 47. Жедел ринитте қолданылатын α-адреномиметик (мұрын тамшысы). Recipe: Solutionis Naphtyzini 0.1%-10ml Da.Signa: мұрынға 1 тамшыдан күніне 3 рет 48. Ашық бұрышты глаукоманы емдеугеарналған α- адреномиметик(көз тамшысы). Recipe: Solutionis Clophelini 0.25%-5ml Da. Signa:Көзге 1 тамшыдан күніне 2 рет тамызамыз. 49. Артериальды қысымды жоғарлататынα-адреномиметик (инъекцияға арналғанертінді). Recipe: Solutionis Mesatoni 1%-1ml Da tales doses N10 in ampullis Signa. 1 ампуланы 40 мл 40% глюкоза ерітіндісін араластыру. Венаға баяу енгізу 50. бұлшық еттің ауруында қолданылатын тітіргендіргіш препарат (спирт ерітіндісі) Recipe: Solutionis Mentholi Spirituosae 1%-50 ml D.S. теріге жағуға арналған 51. Ауыз-қүсын шаюға қолданылатын қармаушы дәрілік зат (қайнатпа). Recipe: Decocti cortices Quercus 20.0-200ml Da.Signa.ауыз шаю үшін күніне 2рет 52. Пародонт ауруларында инфекциялық қабыну түрлерінде қолданылатын аминогликозид тобының антибиотик (инъекцияға арналған ертінді). Recipe: Solutionis Centamycini sulfatis 4% - 2ml Da tales doses N 10 in ampullis Signa: бұлшықетке 2 мл ден күніне 2 рет салу (7 күн) 53. Барлық анестезия түрлерінде қолданылатын дәрілік зат (инъекцияға арналған ертіндісі). Recipe: Solutionis lidocaini Hydrochloridi 10 % 2 ml Da tales doses: N 10 in ampullis Signa:Инфильтрациялық анестезия үшін; өткізгіш анестезия үшін 54.Беткейлік анестезияда қолданылатын дәрілік зат (мазь) Recipe: Ungenti Anaesthesini 5%-25.0 Da Signa. Жансыздандыру аймағына жағыңыз 55.Рецепт түрінде жазыңыз: Қабынуға қарсы әсері бар гормональды препарат (инъекцияға арналған ертінді). Recipe.: Solutionis Prednisoloni 1ml Da tales doses № 3 in ampullis Signa. 20 мл. 0,9% натриq хлоридінің ерітіндісімен көк тамырға тамшылатып, күніне 1 мезгіл 3 күн. 56.Рецепт түрінде жазыңыз: Атриовентрикулы блогінда атриовентрикулярлық өткізгіштікті жақсартатын β-адреномиметик (аэрозоль). Recipe: Solutionis Isadrini 0,5%-25 ml Da Signa. Күніне 3-4рет ингаляция үшін 57.Рецепт түрінде жазыңыз: ЦОГ-2-ні таңдамалы түрде тежейтін анальгетик (таблеткада). Recipe: Tabulettae Celecoxibi 0,2-№ 20 Da Signa. 1 таблеткадан күніне 2 рет 58.Рецепт түрінде жазыңыз: Пародонт қалтарын жуу үшін қолданылатын галоген тобының антисептик (ертінді). Recipe: Solutionis Natrii hypochloridi 3%-100ml Da Signa. Ауыз-қуысын шаю үшін. 59.Рецепт түрінде жазыңыз: Ұзақ әсері бар, өткізгіштік анестезияда қолданылатын жергілікті анестетик (инъекцияға арналған ертіндісі). Recipe: Solutionis Bupivacaini hydrochloridi 0,5% - 5 ml Da tales doses №10 in ampullis Signa: Жергілікті инфильтрациялық анестезия үшін, қызыл иекке 5 мл-ден 60.Рецепт түрінде жазыңыз: Гипертензиялық кризда, өкпенін және миыдын ісінуіде қолданылатын ганглиоблокатор (инъекцияға арналған ертіндісі). Recipe: Solutionis Bezohexonii 2,5% - 1 ml Da tales doses №10 in ampullis Signa: бұлшық етке 1мл-ден 1 рет 61.Рецепт түрінде жазыңыз: Медикаментоздік глоссите қолданылатын аллергияға қарсы препарат (инъекцияға арналған ертінді). Recipe: Solutionis Dimedroli l%- 1,0 Da tales doses № 10 in ampullis Signa: бұлшық етке 1мл-ден 1 рет 62.Рецепт түрінде жазыңыз: Жедел жүрек жетіспеушілігінде қолданылатын β1,2-адреномиметик (инъекцияға арналған ертіндісі). Recipe: Solutionis Dobutamini 0.25 Da tales doses №10 Signa: 10-мл. Ерітіндіні суға араластырып,сосын 0,9% NaCl ерітіндісін араластырып, көк , тамырға енгізу. 63.Рецепт түрінде жазыңыз: Көз қысымын төмендету үшін физостигминге ұқсас препарат (ертінді). Recipe: Solutionis Galanthamini hydrobromidi 0.25 %-1ml Da.Signa: көзге 1-2 тамшы кунине 1-2 рет 64.Рецепт түрінде жазыңыз: β1-адренорецепторларың тамдамалы қоздыратың дәрілік зат (инъекцияға арналған ертінді). Recipe: Solutionis Metoprololi 5ml Da.tales doses №10 in ampullis Da.Signa:көктамырға баяу енгизу 5 мл ден кунине 1 рет 65.Рецепт түрінде жазыңыз: Беткейлік анестезияда қолданылатын дәрілік зат (майлы ертіндісі). Recipe: Solutionis Anaesthesini oleosae 10 ml Da.Signa: беткейлик анестезия үшін 66.Рецепт түрінде жазыңыз: Қысқа әсері бар, инфильтрациялық анестезияда қолданылатын жергілікті анестетик (инъекцияға арналған ертіндісі). Recipe: Solutionis Novacaini 0.5%-10 ml Da.tales doses # 10 in ampullis Signa: инфильтрациялық анестезия үшін 67.Рецепт түрінде жазыңыз: Уланғанда қолданылатын адсорбциялаушы дәрілік зат (ұнтақ). Recipe: Carbonis activati 30,0 Da.Signa: Қолданар алдында унтакты 100 мл суға араластырып ішу. 68.Рецепт түрінде жазыңыз: Тыныс алу орталығын рефлекторлы жолмен қоздыратын дәрі (инъекцияға арналған ертінді). Recipe: Solutionis Ammonii caustici 10%-100ml Da.Signa:мактага 1-2 тамшы тамызылып мурын куысына иискету 69. Рецепт түрінде жазыңыз: Бронхоспазмды басатын М-холиноблокатор (аэрозолды баллон). Recipe: Aerosoli Atroventi 20 ml Da.Signa: Ауыз қуысына себу үшін 70. Рецепт түрінде жазыңыз: Коллапста қолданылатын симпатомиметик (инъекцияға арналған ертінді). Recipe: Solutionis Adrenalini hydrochloridi 0.1%1ml Da tales doses #10 in ampullis Signa: тері астына 1 мл 71.Рецепт түрінде жазыңыз: Естен танып қалған жағдайда қолданылатын тітіркендіргіш дәрілік зат(ертінді). Recipe:Solutionis Ammonii caustici 10%-100 ml Da Signa: Мақтаға 1-2 тамшы тамғызып иіскетіңіз 72.Рецепт түрінде жазыңыз: Ауыз қуысына жасалған отада қанның кетуін тоқтататын фибринолизды ингибиторы (инъекцияға арналған ертіндісі) Recipe: Solutionis Acidi aminocapronci 5%-100ml Da Signa. көк тамырға тамшылатып 73.Рецепт түрінде жазыңыз: Жақ-бет аймағына жасалатын кең таралған отада, қанның ұнын болдырмайтын антикоагулянтты препарат (инъекцияға арналған ертіндісі). Recipe.: Solutionis Heparini 5ml Da.tales.doses.№5in.ampullis Signa 2.5-мл бұлшықетке 74.Рецепт түрінде жазыңыз: Ауыз қуысының шырышты қабығының және пародантитті ауруларды тоқтататын бейнаркотикалық анальгетик (инъекцияға арналған ертіндісі). Recipe: Solutionis Voltareni 2.5% -3ml Da.talles.doses: N. 5 in ampullis Signa: 3мл бұлшықетке күніне (1рет),(5-күн) 75.Рецепт түрінде жазыңыз: Тіс жабынын жойғаннан кейін қызыл иек және каристі қуысты залалысыздандыратын тотықтырғыштар тобының антисептикалық препарат (сыртқа арналған ертіндісі). Recipe: Solutionis. Hydrogenii peroxydi dilutae 3%— 50 ml Da Signa. Тісжегі қуысын залалсыздандыру үшін |