Радиактивті сәулелерді иондаушы сәулелер немесе қысқаша радиация. Радиактивті сулелерді иондаушы сулелер немесе ысаша радиация деп те атайды. Шыарылан сулені жтылан дозасы деп жтылан энергияны сулеленген затты массасына атынасын айтады
Скачать 20.66 Kb.
|
Радиактивті сәулелерді иондаушы сәулелер немесе қысқаша радиация деп те атайды. Шығарылған сәуленің жұтылған дозасы деп жұтылған энергияның сәулеленген заттың массасына қатынасын айтады. D= E/ m Si жүйесінде шығарылған сәуленің жұтылған дозасының өлшем бірлігі – 1 Гр(грей) Массасы 1 кг сәулеленген затқа иондаушы сәуле шығарудың 1Дж энергиясы берілгенде шығарылған сәуленің жұтылған дозасы бір грэйге тең; 1Гр= 1Дж/кг Іс жүзінде сәулеленудің экспозициялық дозасы деген шама қолданылады. Ол рентгендік және гамма - сәулелердің құрғақ ауаны иондау эффектісі бойынша өлшенеді. Оның Si жүйесінен өлшем бірлігі рентген – 1Р 1Р = 2, 58 *10 - 4 Кл/кг Радияцияны өлшейтін дозиметрлерде 1Р= 0, 01Гр деп есептеледі. Тірі организмдердің сәулеленуден зақымдануы сәуле шығарудың түрлеріне байланысты. Иондаушы сәулелердің биологиялық әсерін рентгендік және гамма - сәулелердің биологиялық әсерлерімен салыстыру қабылданған. Сондықтан сәуле шығарудың тірі организмдерге әсерін арнайы шама - эквивалентті дозамен сипаттайды. Шығарылған сәуленің жұтылуының эквивалентті дозасы деп жұтылған дозаның биологиялық эффективтік (тиімділік) коэффициентіне көбейтіндісіне тең шаманы айтады: D= k*D K – биологиялық эффективтік коэффициенті, ол тәжірибелік жолмен анықталады. Рентгендік,- сәуле β - сәуле, γ - сәуле үшін k =1, жылулық нейтрон үшін k= 2, 3, шапшаң нейтрон k =10, 0, α - сәуле үшін k=20, 0 қабылданған. Радиоактивті сәулелердің әсеріне біз жиі ұшыраймыз. Бұндай радиацияның көзі - ғарыш сәулелері, Жердегі радиоактивті заттар ғимараттар, рентгендік қондырғы, телевизор, адамның денесі (біздің денемізде 0, 01г радиоактивті 4013 К). Өндіріс орындарының кейбір аймақтарында (мысалы, теледидар мен дисплейлердің экраны жарқырап тұру үшін) радиоактивті заттар осы күнге дейін пайдалануда. Қысқа толқынды және төмен толқынды сәулелер барлық жерде бізді қоршап тұрады: ол теледидарлар, спутниктер, милициялық хабарламалар, электронды ойыншықтар. Бұл сәулелер олардың қабаттарынан электондарды шығарып тастамайды, бірақ белгілі бір мөлшерде біздің денсаулығымызға кері әсерін тигізуде. 1986 жылы сәуірдің 26-сында Чернобыль атом электр станциясында болған апат салдарынан адамзатқа радиактивті сәулелердің аса қауіпті екенін көрсетті. Семей полигоны-КСПО ядролық сынақ полигондарының бірі, аса маңызды стратегиялық объектісі болды. КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мың адам осы сынақтан азап шекті. Біздің тұрып жатқан Курчатов қаласының тарихы ядролық қару базасының құрылу тарихымен ажырамас байланыста. Курчатов сынаушылардың бас лабораториялық-эксперименттік базасы болып саналды. Семей ядролық полигоны еліміздің басына қасірет болып жабысқан отаршылдық саясаттың тағы бір қылмысы. 1991 жылы 29-тамызда Н.Назарбаев Семейдегі атом полигонын жабу туралы жарлыққа қол қойды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Курчатов қаласы аумағында орналасқан сәйкес ғылыми ұйымдар мен объектілері және бұрынғы Семей сынақ полигоны кешенінің базасында ҚР ұлттық ядролық орталығын ұйымдастыру туралы шешімі ғылыми потенциалды сақтап қалуға себеп болды. Қазіргі уақытта біз болашағы жарқын мемлекетте еш уайымсыз өмір сүрудеміз. ІV. Жаңа сабақты пысықтау. «Ой қорыту» Деңгейлік есептер шығару. А деңгейі. 1.Натрий 23 11Na ядросының құрамы қандай? 2.Мына ядролық реакциядағы Х символын анықта. 55 25Mn + X →55 26Fe+ 1 0n В деңгейі. 1.Мына ядролық реакциядағы жетіспей тұрған белгілерді жазыңдар. А 2X+ 10 zY→ 1 1H+ 13 6C 2. Қандай радиоактивті ыдырау нәтижесінде 239 94Pu плутоний 235 92U уранға айналады? С деңгейі. 1.16 8O ядросының байланыс энергиясын және меншікті байланыс энергиясын табыңдар. 2. Мынадай термоядролық реакциякезінде қандай энергия бөлініп шығады? 7 3Zi+ 2 1H→ 8 4Be + 1 0 n; M ( 7 3Zi ) =7,01601 м.а.б. M ( 2 1H ) = 2,01410 м.а.б. M ( 8 4Be) = 8,00531 м.а.б. M (1 0 n ) = 1,00866 м.а.б. V. «Сергіту сәті» «Алфавит тізбегі» (Оқушылар жаңа сабақ бойынша алған білімдерін 1 минут ішінді алфавиттегі әріптерден басталатын сөздерді кезекпен жазып шығады. Кім көп сөз жазады, сол оқушы дауыстап оқиды. физикалық байқау / ой толғау/. 1. Ядрода протондар мен нейтрондарды ұстап тұратын күш / ядролық күш/ 2. Белгілі ядролық реакция келесі дәл сондай реакцияны туғызатын процес / тізбекті ядролық реакция/ 3. Тізбекті бөлу реакциясын тұрақты қамтамасыз ететін бөлінетін заттың (уранның) ең аз массасы / сындық масса/ 4. Нейтрондардың көбею қарқынын сипаттайтын физикалық шама k- / нейтрондардың көбею коэффициенті/ 5. Басқарылатын тізбекті бөліну реакциясын жүзеге асыратын қондырғы /ядролық реактор/ 6. Ядроның ішкі энергиясын алу жолдары:а/ ауыр ядролардың бөлінуі б/жеңіл ядроларды синтездеу 7. Тізбекті реакцияда бөлінетін ядроның энергиясын практикалық мақсатта пайдаланудың тиімді жолы 8. Баяулатқышсыз реактор / шапшаң нейтронды реактор/ 9. Атом ядросының басқа ядромен, элементар бөлшектер және гамма -кванттармен өзара әсерлесуі кезінде болатын түрленулер- / Ядролық реакция/ 10. Бөлшектер мен ядролардың реакцияға түскенге дейінгі және реакциядан кейінгі тыныштық энергияларының айырымы / Ядролық реакцияның энергетикалық шығуы/ Физикалық лото: /Экраннан сұрақ көрсетіледі, дұрыс жауап берген оқушыға карточка беріледі. Кім көп карточка алса ұпайы көп болады/ 1.Радиацияның мөлшерін өлшейтін құрал- дозиметр 2.Шығарылған сәуленің жұтылған дозасының формуласы- D=E/m 3.Белгілі ядролық реакция келесі дәл сондай реакцияны туғызатын процесс- тізбекті ядролық реакция 4.Өте жоғары температурада жеңіл ядролардың бірігіп ауырлау ядроны түзу реакция- термоядролық реакция 5.Сәулеленудің өлшем бірлігі- 1 рентген 6.Ядролардан және жеңіл электроннан тұратын иондалған газ-плазма |