Главная страница

Жедел аллергиялық реакциялар. Жедел аллергиялы реакциялар Себептері Клиникасы Жедел кмек Анытамасы. Жіктелуі


Скачать 6.72 Mb.
НазваниеЖедел аллергиялы реакциялар Себептері Клиникасы Жедел кмек Анытамасы. Жіктелуі
Дата06.09.2022
Размер6.72 Mb.
Формат файлаppt
Имя файлаЖедел аллергиялық реакциялар.ppt
ТипДокументы
#663883

Жедел аллергиялық реакциялар Себептері Клиникасы Жедел көмек

Анықтамасы. Жіктелуі


Анықтамасы. Жіктелуі
Жедел аллергиялық реакциялар – сезімталдық өсуіне байланысты тез дамитын жедел көмекті қажет ететін реакциялар
Барлық жедел аллергиялық реакциялар негізгі 2 топқа бөлінеді:
генерализацияланған (жайылмалы) түрі – анафилактикалық шок және токсико-аллергиялық реакциялар (Лайела және Стивенс-Джонс синдромдары)
жергілікті түрі – терілік (есекжем, Квинке ісігі) және респираторлы (Тыныс демікпесі)

Себептері


Себептері
Тұрғын үйлер аллергендері ингаляциясы (үйдегі және кітапханалар шаң-тозаңы, кене)
Эпидермальды аллергендер (жануарлар, әсіресе мысықтар жүні тозаңдары)
Әртүрлі өсімдіктер шаң-тозаңдары
тағам аллергендері (сүт, жұмыртқа, балық, жаңғақтар, теңіз өнімдері)
Дәрілік препараттар (антибиотиктер, қызуды түсіретіндер, анестетиктер)
Жәндіктердің шағуы (аралар, соналар)


!!! Аллергиялық реакциялардың тым тез (өте тез, айқын белгілері бар –
бірнеше минутта) дамитын және біртіндеп дамитын (бірнеше күн бойы
қалыптасатын) түрлері бар

Есекжем


Есекжем
Кенеттен пайда болады. Терінің зақымдалған жерінде айқын анықталатын дөңгелек пішімді, жиектері көтеріңкі зритематозды, ортасы қуқыл тартқан қатты қышитын күлбіреуіктер, бөртпелер пайда болады. Олар 1-3 тәулік бойы сақталуы мүмкін, соңынан пигментация қалмайды.


Генерализацияланған (жайылған) есекжем.
Кенеттен терінің барлық жерінде пайда болатын айқын анықталатын дөңгелек пішімді жиектері көтеріңкі, ортасы қуқыл тартқан, қатты қышитын эритематозды бөртпелер пайда болады, келесі 2-3 тәулік бойы жаңа бөртпелер пайда болуы мүмкін.


Есекжем ісігінде және жайылған есекжемде көрсетілетін жедел көмек:
дәріні қабылдауды тоқтату тағам алларгиясында энтеросорбенттер (ақ көмір, энтеросгель және т.б.) қабылдау, асқазанды жуу, ішті жүргізетін дәрілерді қабылдау жәндіктер шаққан болса улану себебін (мысалы, жәндік тісін алу) кетіру теріге тиген аллерген болса, теріні тітіркендіретін нәрсені кетіру.
!!! Келесі шара медикаментозды дәрілерді қабылдау.


Есекжем ісігінде және жайылған есекжемде көрсетілетін жедел көмек:
Есекжемде антигистаминді препараттарды қабылдау алгоритмі:
Гистаминді блокаторлардың 2-і өкілдерінің стандартты мөлшерінен бастау:
Лоратадин (кларитин, ломилин) – тәулігіне 10 мг
Фексофенадин (телфаст) – тәулігіне 150 мг
Эбастин (ксизал) – тәулігіне 10 мг
Дезлортадин (зиртек, Зодак) – тәулігіне 10 мг
Егер тиімділігі болмаса аталған препараттар (дене массасын ескеріп 4 ретке дейін) мөлшерін көтеру
1 және 2-і шаралар көмектеспесе, аталғандарға тағы бір антигистаминді препараттың 2-і өкілін қосу.
Препараттардың бірінші өкілін тағайындау:
Дефингидразин (димедрол, аллергин) – 25-50мг, тәлігіне 4-6 рет
Супрастин – 25-50 мг таблетка түрінде не 20-40 мг егу түрінде. Тавегил 1 тб тәулігіне 2 рет не 2мг-нан 2 рет егу
Акривастин 8 мг 3 рет
Ципрогептадин 2-4 мг 3 рет


Есекжем ісігінде және жайылған есекжемде көрсетілетін жедел көмек:
Антигистаминді препараттар көмектеспесе гормондарды қолдану қажет:
Преднизолан 20 мг 2 рет 4 күн бойы не преднизолон
50 мг 3 күн бойы
Дексаметазон – тәулігіне 4-20 мг
Аутоиммінды есекжемнің ауыр түрінде не антигистаминді препараттарға оң жауап болмаса пациенттерге иммунодепресанттар тағайындалады. Көбіне циклоспорин қолданылады.
Циклоспорин тәулігіне 1 кг салмаққа 4 мг-нан есептелінеді. Препараттың жағымсыз әсерлері бар.

Квинке ісігі


Квинке ісігі
Терінің, тері асты шелінің не кілегей қабықтардың жергілікті ісігі. Көбіне ерінде, ұртта, қабақта, маңдай, бастың шашты бөлігінде, ұмада, қол басында, аяқ бастарының дорсальды бетінде орналасады. Терідегі өзгерістермен бірге буындар, әсіресе кеңірдек және асқорыту жолдарының кілегей қабықтары ісінеді. Кеңірдек ісінуі жөтелмен, дауыстың қарлығуымен, тұншығумен, стридорозды тыныспен білінеді, тіпті асфиксиядан өлім болуы мүмкін. Асқорыту жолдарының ісінуі ішек шаншуымен, жүрек айнып, құсумен сипатталады. Сондықтан диагностикалық қателер және жөнсіз ота жасалуы мүмкін.


Квинке ісігіндегі жедел көмек:
Адреналин 0,1% - 0,3-0,5 мл тері астына;
Пифольфен 2,5% - 2 мл бұлшық етке; супрастин - 2% - 2 мл не димедрол 5% - 2 мл;
Преднизолон – 60-90мг бұлшық етке не көк тамырға;
Сальбутамол, Алупент – ингаляция арқылы;
Ыстқ аяқ былаулары;
Лазикс - 1% - 2-4 мл көк тамырға бірден натрий хлорид ертіндісімен;
Аминокапронды қышқылы - 5% - 100-200мл көк тамырға;
Контрикал (трасилол) – көк тамырға 3 Бірлік натрий хлоридінің изотониялық ертіндісімен;
Квинке ісігінің тұқым қуалайтын түрінде жаңа дайындалға қан, жаңа қатырылған плазма құю (Cl компоненті комплиментінің ингибиторы бар).

Анафилактикалық шок


Анафилактикалық шок
Артериальды гипотензия және (жеңіл түрінде) есеңгіреу, (ауыр түрінде) коллапс және естен айырылу, кеңірдек ісінуінен не бронхтар түйілуінен стридорозды тыныс түрінде тыныс алудың бұзылуы, іштің ауруы, есекжем, терінің қышуы мазалайды. Аллергенмен кездескеннен кейін клиникалық белгілер бір сағат ішінде (көбіне алғашқы 5 минутта) пайда болады.


Шок кезінде көрсетілетін жедел көмек:
қажетті медикаменттер болмаса қосымша шаралар қолданылады – асқазанды жуу, тазарту клизмасы, науқасқа 5-10 белсендірілген көмір тб, 5-10%-дық кальций хлоридінің 1 асқасығын ішкізу (препаратты көк тамырға да енгізуге болады), димедрол, супрастиннің 2-3 тб, теріге преднизолон не гидрокортизон майын мол етіп (әсіресе аллерген тиген жерге) жағу.
1) аллерген енуін (егер ол болған болса) тоқтату;
2) тілі тыныс жолын бітемеу не құсығы аспирацияланбау үшін науқасты жатқызу;
3) жәндік шаққан жерден жоғары бұрау салу не дәрі енгізу;
4) көк тамырға не бұлшық етке адреналин, норадреналин, мезатон енгізу;
5) көк тамырға бірден не тамышылатып 5%-дық глюкозамен преднизолонның 60-100 мг енгізу;
6) АҚҚ көтерілген соң антигистаминді препараттарды көк тамырға не бұлшық етке енгізу;
7) симптомды ем (эуфиллин, корглюкон,лазикс).

ДӘРІЛІК АЛЛЕРГИЯ


ДӘРІЛІК АЛЛЕРГИЯ


ДӘРІЛІК АЛЛЕРГИЯ дегеніміз – ол дәрілік препараттарға организм сезімталдығының өсуі. Оның негізі иммунологиялық механиздерде.
ДӘРІЛІК АЛЛЕРГИЯ дегеніміз ол жергілікті не жалпы клиникалық белгілермен сипатталатын дәрілік препараттарға арнайы спецификалық иммунды реакцияның өсуі.
Дәрілік аллергияда иммунологиялық механизм қатысуы оны дәрілік заттардың басқа жағымсыз әсерінен айыруға мүмкіндік береді.

ЭТИОЛОГИЯСЫ


ЭТИОЛОГИЯСЫ
Аллергиялық аурулардың, оның ішінде дәрілік аллергияның өсуіне ықпал ететін негізгі жалпы факторлар мыналар:
өндіріс қалдықтарымен қоршаған ортаның
ластануы;
дәрілік , вакциналардың, қан сарысуының кең
қолданылуы;
полипрагмазия;

ЭТИОЛОГИЯСЫ


ЭТИОЛОГИЯСЫ
Аллергиялық аурулардың, оның ішінде дәрілік аллергияның, өсуіне ықпал ететін негізгі жалпы факторлар мыналар (жалғасы):
Инфекциялық, празитарлық, вирустық не басқа сипатты аурулар.Олар өздері аллергендер емес, бірақ патогенезі ерекшелігіне байланысты әртүрлі аллергендер әсеріне антиденелер өнуіне ықпал етеді, м-лы, аяқ басы микозы барларда пенициллинге аллергиялық реакцияның пайда болуы;
Малды бордақылау үшін антибиотиктерді, витаминдерді қолдану халықтың тағамдарға (етке, сүтке) деген сезімталдығын арттырады;
өзін өзі емдеу.

ПАТОГЕНЕЗІ


ПАТОГЕНЕЗІ
Дәріге аллергиялық реакция, басқа аллергендерге реакция сияқты, әрдайым екіншілік иммунды реакция және ол сезімталдығы өскен организмде сәйкесті препаратпен қайталап (үшіншілік және т.б.) кездескенде дамиды. Жаңа қайта кездескендегі сезімталдылық антиденелер көбеюіне және (не) клеткалық сезімталдылық өсуіне байланысты.
Дәрі-аллерген әсерінен пайда болатын сезімталдық тез пайда болатын көтеріңкі (I-III түрлері) немесе баяу дамитын реакция түрінде шешіледі.


АЛЛЕРГИЯНЫҢ КЛИНИКАЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІ
Аллергиялық белгілер дәрілік препараттың фармакологиялық әсеріне ұқсас емес.
Препараттың ең аз мөлшеріне (кейде тіпті жұғынынан) пайда болады.
Дәрімен алғашқы кездесуден кейін сезімталдылық кезеңі өтуі тиіс (5-7 күн).
Дәрілік аллергия белгілері аллергиялық аурулардың классикалық симптомдары түрінде пайда болады.
Дәрі-аллерген келесі қайталап енгізілгенде аллергиялық симптомдар қайталайды.
Қанда эозинофилия және/не тіндік эозинофилия болуы мүмкін.
Препаратты енгізуді тоқтатқанда реакция регрессияланады.

1 Есекжем, 2. Квинке ісігі (пенициллиндер, эритромицин, карбамазепин, салицилаттар және т.б.)


Дерматологиялық белгілері
3. Аллергиялық контакталы дерматит
Дәрілік заттар – жергілікті анестетиктер, аминогликозидттер, витаминдер, никель тұздары және т.б.


Дерматологиялық белгілері
4. Тұрақталған дерматиттер
Дәрілік препараттар – висмут препараттары, сульфаниламидтер,
НПВС, барбитураттар.


Дерматологиялық белгілері
5. Көппішінді эксудативті эритема
Дәрілік препараттар: пенициллиндер, цефалоспориндер, құрыстауға қарсы барбитураттар, пироксикам, аллопуринол, туберкулезге қарсы препараттар, НПВС.


Дерматологиялық белгілері
6. Түйінді эритема
Дәрілік препараттар – сульфаниламидті препараттар, бром препараттары, контрацептивтер, пенициллин, барбитураттар, салицилаттар.


Дерматологиялық белгілері
7. Фотодерматит
Дәрілік препараттар – тетрациклин, амиодорон, фенотиазин туындылары, НПВС, гризеофульвин.


Генерализацияланған (жайылмалы) белгілері
Стивенс-Джонсон синдромы
Дәрілік препараттар: пенициллиндер, сульфаниламидтер, құрыстауға қарсы барбитураттар, пироксикам, аллопуринол, цефалоспориндер, туберкулезге
қарсы препараттар,
ә НПВС және т.б.


Генерализацияланған (жайылмалы) белгілері
2. Лайела синдромы
Науқастың сыртқы пішіні 3-і дәрежелі күйікке ұқсайды. Эпидермальды некролиз. Әр жағдайда да сепсис қосылады. Өлім деңгейі 70-80%.


Генерализацияланған (жайылмалы) белгілері
3. Анафилактикалық шок.
Клиникасы: денеде ыстық сезім пайда болады, тері гиперемиясы, өлім қорқынышы, жүрек тұсы, іші ауруы, құсу, тұншығу, есекжем, Квинке ісігі, жабысқақ салқын тер, кейде құрыстаулар, соңынан есінен тану. Тері жамылғылары қуқыл тартқан, еріндер цианозы, қарашықтар кеңіген. Жүрек тондары тынық, пульс жіп тәрізді, жүрек ырғағы бұзылған, тахикардия, кейде – брадикардия, АҚҚ анықталмайды.
Басты белгілеріне қарай анафилактикалық шоктың мынадай түрлері бөлінген:
Гемодинамикалық түрі – гемодинамикалық өзгерістер басым;
Асфиксиялық түрі – клиникасында тыныс жетіспеушілігі басым;
Церебральды түрі – орталық жүйке жүйесі зақымдалу симптомдары басым;
Абдоминальды түрі – іш қуысы мүшелері белгілері басым;
Тым тез дамитын (найзағай тәрізді) түрі.


Генерализацияланған (жайылмалы) белгілері
4. Сарысу әсеріне ұқсас реакция
Негізгі симптомдары препаратты енгізген соң 7-10 күндері пайда болады:
Дене қызуы көтеріледі;
Уртикарлы бөртпелер пайда болады;
Лимфатүйіндері ұлғаяды;
Буын синдромы пайда болады;
Кейде талақ үлкеюі мүмкін;
Дәрілік препараттар: өзге сарысулар, пенициллиндер, сульфаниламидтер, цитостатиктер, НПВС, вакциналар.


Генерализацияланған (жайылмалы) белгілері
5. Дәрімен индукцияланған қызыл жегі синдромы
Морфологиялық негізі – васкулит
әлсіздік, қызба, артриттер, полисерозиттер тән.
бетте фотодерматит дамиды, сондықтан “қызыл жегі
көбелегі” болуы мүмкін.
кейде бүйрек нефрит түрінде зақымдалуы мүмкән.
препаратты тоқтатқаннан кейін симптоматикасы 1-2
аптадан кейін регрессиялануы мүмкін.
Дәрілік препараттар – гидралазин, новокаинамид, дифенин, аминазин, изониазид, метилдопа, хлорпромазин.


Дәрілік аллергия диагностикасы
Фармакологиялық анамнез
In vivo тестілері: Терілік диагносикалық тестілер;
арандатушы (ингаляциялық, тіластына) тестілер; лейкоциттердің табиғи эмиграциясын тежейтін тест (ТТЕЭЛ)
3. In vitro тестілері: аллергенге спецификалық IgE анықтау, Т-клетканы стимуляциялайтын тест (спецификалық аллерген әсеріне лимфоциттердің бласттрансформациясы), базофилдерден гистаминді босату тестісі, қан плазмасында гистамин мен триптазаны анықтау.
4. Дәрілік заттар элиминациясы.
Ескеретін жәй зертханалық теріс мәнді нәтиже дәрілік аллергияны жоққа шығара алмайды, ал оң мәнді тест алларгияның даусыз дәлелі бола алмайды.


Е М І
Дәрі аллергиясына себепші препаратты қолдануды тоқтату. Егер пациент бірнеше дәрі алатын болса, бәрін тоқтату.
Науқасқа міндетті түрде гипоаллергенді диета тағайындау.
Егер препарат оральды жолмен берілсе, онда тазарту клизмасы, энтерсорбенттерді қолдану.
Симптомды терапия.
Аллергиялық шокты емдеуге таңдалатын препаратқа адреналин (МНН – epinephrine) жатады, 0,1% ертіндінің 0,3-0,5 мл бұлшық етке енгізіледі, балаларға 0,01 мл/кг (салмағына қарай) анафилаксияның алғашқы белгілерінде-ақ беріледі.
Десенситизация.

ПРОФИЛАКТИКАСЫ


ПРОФИЛАКТИКАСЫ
Фармакологиялық анамнез (дәрілік заттарға , препараттар синонимдеріне реакцияны анықтау);
бұрын аллерген екені анықталған препараттарға ұқсас антигендік қасиеті бар препараттарды бермеу;
полипрагмазиядан аулақ болу;
поликомпонентті препараттарды шектеп қолдану;
шаң-тозаңға аллергиясы бар пациенттерге фитотерапияны
қолданбау;
анамнезінде аллергиясы бар пациенттерге жедел ота қажетті жағдайларда, тіс жұлу, рентгенконтрасталы ертіндіні енгізу қажет болса, міндетті түрде премедикацияны орындау.
Шарадан бір сағат бұрын көк тамырға не бұлшық етке 0,2-0,4 мл/кг дексазон не 1-2 мг/кг преднизолон не тавегилдің 1-2 тб.



написать администратору сайта