Главная страница

СЖ Тапсырмалар Буын трлеріне тсінік беріп, мысал келтірііз


Скачать 23.26 Kb.
НазваниеСЖ Тапсырмалар Буын трлеріне тсінік беріп, мысал келтірііз
Дата25.03.2022
Размер23.26 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла3.docx
ТипДокументы
#416128

СӨЖ № 3. Тапсырмалар

  1. Буын түрлеріне түсінік беріп, мысал келтіріңіз.

Буын- сөзді айтқан кездегі дауыс толқыны. Буын сөздегі дауысты дыбысқа негізделеді. Яғни сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.

Қазақ тілінде буын ішіндегі дыбыс саны төрт түрлі болады:

1) Бір дыбысты буын, жалғыз дауыстыдан тұратын буын: а-ла,ә-ке,о-рақ,ұ-ран; ат,ер,ін.

2) Екі дыбысты буын: ба-ла, ше-ше,да-ла.

3) Үш дыбысты буын: көз,бас,төс,ұлт,ант.

4) Төрт дыбысты буын: төрт,қант,тарс,жұрт.

Дауысты дыбыстардың жуан,жіңішкелігімен байланысты буындар жуан және жіңішке болып та бөлінеді. Сөйтіп, айтылғанда үзіліп-үзіліп шығатын, құрамында

дауысты дыбыстың қатысымен бөлініп айтылатын сөздің бөлшегі буын деп аталады. ба-ла-лар, ә-ке, а-та, ат-ты.

Қазақ тілінде дауысты дауыстар мен дауыссыз дыбыстардың алмасып отыруына байланысты буын үш түрге бөлінеді:

  1. Ашық буын дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталады немесе дауыстыдан басталып дауыстыға дыбысқа бітеді. Мысалы: а-на, ә-же, қа-ла, да-ла, ба-ла т.б.

2.Тұйық буын дауысты дыбыстан басталып,дауыссыз дыбысқа аяқталады.Мысалы: ас-та-на, ек-пін, ек-ше, ар-шы т.б.

1-буында: ат,ет,от,ант,өрт.т.б.

2-буында: ки-ік,ти-ін т.б.

3-буында: тұң-ғи-ық, а-қи-ықт.б.

4-буында: әдеби-ет, мәдени-етт.б.

3.Бітеу буын дауыссыз дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталады. Мысалы: бал-шық, бат-пақ, бөл-шек, таң-дау, сақ-тау, көк-тем, жар-ғақ,бал-дыр-ған, бал-мұз-дақ,бір-лес-тікт.б.

Қосымша:

Сөз ішінде келген үнді дауыссыз дыбыстар у,й,ң буынға бөлінгенде, келесі буынның бірінші әріпі болады.Мысалы: қа-уын,қа-йық, қо-ңырт.б.

Қатар келген үш дауыссыз дыбыс буынға бөлінгенде, алғашқы екеуі бірінші буында қалады.Ал, үшінші дауыссыз дыбыс екінші буынға кетеді.Мысалы: құмырс-қа, жұмырт-қат.б.

Қазақ тілінде бір даустыдан тұратын буын сөздің басында (а-та),ортасында (ки-е-лі) және соңында (әули-е) келе береді.

  1. Абайдың екі шумақ өлеңін жазып, буынға бөліңіз, буын түрін көрсетіңіз.

4 3 4

Ақ киімді,/ /денелі,/ /ақ сақалды,/

      4                              3   4

/Соқыр, мылқау/ /танымас/ /тірі жанды./

       4                    3          4

/Үсті-басы/ /ақ қырау,/ /түсі суық,/

           4      3     4

/Басқан жері/ /сықырлап/ /келіп қалды./

                                                                        (Абай)

  1. Буын мен тасымалдың ара қатысын қалай түсінетіңізді айтыңыз.

Сөздегі дауысты дыбыстың қатысымен бөлініп айтылатын бөлшегі буын деп аталады ба-ла-лар, ә-ке, а-та, ат-ты.

Қазақ тілінде үш түрлі буын ьар

Ашық буын дауыссыздан басталып, дауыстығааяқталады, нетек дауысты дыбыстан тұрады а-на, ә-же, қа-ла, да-ла, ба-лат.б.

2.Тұйық буын дауысты дыбыстан басталып,дауыссыз дыбысқа аяқталады ас-та-на, ек-пін, ек-ше, ар-шы т.б.

3.Бітеу буын дауыссыз дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталады бал-шық, бат-пақ, бөл-шек, таң-дау, сақ-тау, көк-тем, жар-ғақ т.б.

Тасымал.

Сөздің жолға сыймаған бөлігін келесі жолға көшіру тасымал арқылы буын жігінен жасалады.Мысалы,қа-лам, қа-зір, мек-теп сияқты сөздерді тасмалдау қажет болса, осы көрсетілген буын жігінен бірінші буынды жазып, екінші буынды келесі жолға тасмалдауға болады. Сөзде бірнеше буынболғанда да, сыйған буындар жол соңына жазылып, қалған буындарыкелесі жолға тасмалданады. Мына сөздерді осы көрсетілгендей буын жігінен түрліше тасмалдауға болады ақыл-дастық, ақылдас-тық, ха-барландыру, хабар-ландыру, хабарлан-дыру т.б.

Тасымалдауға болмайтын жағдайлар да бар

Бір дауысты әріпті жол соңында қалдырып, сөздің қалған бөлігін тасымалдауға болмайды. Мысалы: әке, ана, әже, ата, осы, өмір, өнер, әзір сияқты сөздер тасымалданбайды.

Сол сияқты сөздің ең соңғы бір дауысты әріптертұратын буынын тасымалдауға болмайды. Мысалы, армия, Жәния сияқты сөздердегі соңғы я әрпі келесі жолға тасымалданбайды.

Бас әріптен қысқарған сөздер тасымалданбайды: МТС, РТС т.б.


написать администратору сайта