Главная страница
Навигация по странице:

  • "Педагогика" терминi гректің екi сөзiнен: "пайс" - бала және "егейн" - баланы басқару, тәрбиелеу, бағу ұғымдарынан шыққан.Адам бүкiл өзiнің өмiрi бойында тәрбиеленедi және қайта тәрбиеленедi.

  • 2. Үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесі. Үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесінің мақсаты мен міндеттері. Үздіксіз білім беру деңгейлері және оларды сипаттау.

  • Үздіксіз білім алу нәтижесінде білім алушы бірқатар мүмкіндіктерге ие бола алады

  • 3. «ПОПС» формуласын пайдаланып мұғалімнің оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруында тұтас педагогикалық үдерістің негізгі заңдылықтары мен қағидаларын есепке алуының маңыздылығын көрсетіңіз.

  • Себебі, мен оны былай түсіндіремін

  • Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын


  • Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім

  • 1 АҒЫМДЫҚ БАҚЫЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ. Дипломнан соы білім педагогикасы ебек педагогикасы жоары мектеп педагогикасы Жас кезедер педагогикасы


    Скачать 86.39 Kb.
    НазваниеДипломнан соы білім педагогикасы ебек педагогикасы жоары мектеп педагогикасы Жас кезедер педагогикасы
    Дата16.11.2020
    Размер86.39 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла1 АҒЫМДЫҚ БАҚЫЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ.docx
    ТипДиплом
    #150951


    1 АҒЫМДЫҚ БАҚЫЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ:

    Тапсырмалар:

    1.В.Ф.Шаталовтың тірек - сызбамен оқыту технологиясын негізге алып, оқу материалының логикалық байланысын сақтай отырып «Педагогика гуманитарлық ғылым ретінде» тақырыбына Smart Art қолдану арқылы құрылымдық –логикалық сұлба құрастырыңыз.

    "Педагогика" терминi гректің екi сөзiнен: "пайс" - бала және "егейн" - баланы басқару, тәрбиелеу, бағу ұғымдарынан шыққан.Адам бүкiл өзiнің өмiрi бойында тәрбиеленедi және қайта тәрбиеленедi.




    Жалпы педагогика



    Дипломнан соңғы білім педагогикасы еңбек педагогикасы

    жоғары мектеп педагогикасы

    Жас кезеңдер педагогикасы


    Адам тәрбиесі заңдылықтарын зерттеп, барша типтегі тәрбиелік мекемелердегі оқу-тәрбие процесінің жалпы негіздерін теориялық тұрғыдан қарастыратын іргелі ғылыми пән.

    Еңбек педагогикасымен тығыз байланыста мамандық көтеру, сонымен бірге нарықтық экономикаға орай көкейкесті болып тұрған халық шаруашылығының әртүрлі салаларында қызмет етіп жатқан жұмысшылардың қайта маманданумен шұғылданады



    Педагогиканың мектепке дейінгі және мектептік жүйелерін өз алдына бөліктеп қарастырады.

    Ғылыми пәндер ішінде ересектердің педагогикалық проблемаларымен айналысып, қарқынды даму жолына түскен


    Әрбiр ғылымның өзiне тән зерттейтiн саласы және ғылыми ұғымдары бар. Мысалы, философияда "болмыс", "материя", "қозғалыс", саяси экономияда - "қоғамның өндiргiш күштерi мен өндiрiстiк қатынастары", ал педагогикада - "тәрбие", "бiлiм беру", "оқыту", ұғымдары жатады.




    Педагогика үнемi дамып отыратын ғылым. Халық ағарту жүйесi тәрбие мен бiлiм берудің барлық салаларын ғылыми болжам жасау мақсатында және негiзгi проблемаларды ғылыми-теориялық, практикалық жағынаң терең талдау үшін педагогика ғылымында мынандай зерттеу әдiстерi бар:






    2. Үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесі. Үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесінің мақсаты мен міндеттері. Үздіксіз білім беру деңгейлері және оларды сипаттау.

    «Үздіксіз білім» туралы ұғым өткен ғасырда-ақ атақты француз, поляк, ағылшын, орыс педагогтарының еңбектерінде айтылған болатын. А.Л.Смиттің айтуынша, «...ағарту ісін тек таңдаулыларға ғана арналған институт деп және тек адамның толысу кезеңіндегі қысқа уақытқа қатысты жұмыс деп санамай, білім алуды барлық жандарға арналған іс деп және ол өмір бойы атқарылатын шаруа деп қарастыру қажет»- деген орамды пікірі білім алу өмір бойы екенін аңғартып үрғандай.

    Ғалымдардың «үздіксіз білім беру – ол адамның бүкіл ғұмыр жолында жеке тұлға ретінде дамып отыруы» деген қағидасы қазіргі кезде өз жалғасын табуда. Үздіксіз білім беру бұл үздіксіз оқыту мен тәрбиелеу емес немесе бекітілген оқу мерзімімен және оқу орнының қабырғасымен шектелмейді, ол – адамға білімнің белгілі бір көлемін беруге,  бағытталған білім түріне ауысу болып табылады. Тек жеке тұлғаға, субьектіге бағытталған білім ғана адамның жылдам өзгеріп жатқан қоғамдық және экономикалық өмір талаптарына сай жауап бере алуын қамтамасыз ете алады.

    Мұғалім

    Оқушы

    Жеке тұлғаға қарай бағытталған ұсынушы

    Оқыту  субъектісі

    Бағыт – бағдар беруші, кеңесші

    Мақсатқа  дербес өз іс-әрекетімен жетуші белсенді субъект

    Оқушының  жетістігін  құптаушы

    Өзін-өзі және бір-бірін оқытушы

    Ынталандырушы, мақсат қоюшы

    Өнерпаз, жасампаз еңбектің иесі

    Мақсаттарға  жетелеуші

    Өз ізденісімен  табысқа  жетуші шығармашылық  тұлға

    Үздіксіз білім алу нәтижесінде білім алушы бірқатар мүмкіндіктерге ие бола алады:

    педагогикалық:

    -                     өз бетімен білім алу мүмкіндігі;

    -                     сапалы білімге қол жеткізуі;

    -                     білім алушының танымдық ой-өрісінің дамуы;

    -                     қызмет саласында әрбір жанның өз шеберлігін жетілдіруі,

    -                     өз мамандықтарын қайта өзгерте алатындай жағдай жасауы;

    психологиялық:

    -                     жеке адамның қабілет ерекшеліктерін ескере отырып, жан-жақты толық дамуына;

    -                     психологиялық кедергілер мен проблемаларды ашу;

    -                     ауызша сөйлеу кемшіліктерін жою;

    экономикалық:

    -                     уақытты тиімді пайдалану;

    -                     шығыс көздерін азайту(оқу материалдарына кететін шығын, көлік шығындары, қағаздармен жұмыс жүргізу т.с.с);

    Үздіксіз білім беру жүйесінің негізгі құралы -  виртуалды білім кеңістігін құруға мүмкіндік беріп отырған Интернет жүйесі. Қазіргі кезде көптеген аналитиктердің айтуынша Интернет – ең арзан оқыту құралы болып табылады. Мектептерде, жоғарғы оқу орындарында оқушылар, студенттер телекоммуникациялық жүйені қолдана отырып, электронды пошта арқылы түрлі конференцияларға қатыса алады. Тыңдаушылар мен білім алушылар үздіксіз білім алуда білім беру прцесінің негізін қолайлы уақытта, ыңғайлы орында өз бетінше Интернет желісінің көмегімен ала алады. Сонымен бірге сапалы білім алу үшін жаңа ақпараттық технологияның құралдарымен жұмыс істей білуі тиіс.

    3. «ПОПС» формуласын пайдаланып мұғалімнің оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруында тұтас педагогикалық үдерістің негізгі заңдылықтары мен қағидаларын есепке алуының маңыздылығын көрсетіңіз.
    Менің ойымша, білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепте, ойшыл, зерттеуші, жаттандылықтан аулақ практикалық қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген, психолог-педагогтік диагностика қоя білетін іскер, шығармашыл ұстаз керек. 

    Себебі, мен оны былай түсіндіремін, мұғалімнің кәсіби даму шеберлігі алған дипломнан кейін әрі қарай тоқтап қалмауы тиіс. Себебі, қазіргі жаңалығы мен өзгерістері қарыштап дамыған заманда мұғалім жаһандану көшінен қалып қоймай, заман ағымына ілесіп отыруы керек. Тәуелсіз ел тірегі білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған негізгі мәселенің бірі - білім беру, ғылымды дамыту екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Ұстаз қолында адам тағдыры, болашақ ел тағдыры тұр.

    Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын, Елбасының өзі білім мен ғылым қызметкерлерінің кезекті съезінде сөйлеген сөзінде: «Болашақта еңбек етіп өмір сүретіндер -бүгінгі жастар. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады» -деген болатын.

    Осы орайда «Халықпен халықты, адаммен адамды теңестіретін нәрсе білім», - деп ұлы жазушымыз М.Әуезов айтқандай, еліміздің басқа мемлекеттермен экономика, мәдениет, саясат жағынан тең дәрежеде тұрып, олармен бәсекеге түсе алуы адамдардың білімді де білікті болуын талап етеді

    Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім, оқу процесінің  жаңаруына қажетті шарт кез-келген педагогикалық жүйенің басты тұлғасы болып табылатын мектеп мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін, педагогикалық шеберлігін арттыру арқылы үлкен нәтижелерге қол жеткізуге болады.


    написать администратору сайта