Главная страница
Навигация по странице:

  • Дисконттау

  • Дисконттау коэффициенті

  • =

  • Инвестициялық жобалар түрлері

  • Пайыздық қойылым тәсілдері

  • ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ ТИІМДІЛІГІН АНЫҚТАУ-лекция. Дисконттау ртрлі уаыттаы аржы тсімдерін аымдаы нны пайызды ойылымы (дисконт ойылымы) негізінде бір уаыт кезеіне келтіру дерісі. Дисконт ойылымы


    Скачать 30.6 Kb.
    НазваниеДисконттау ртрлі уаыттаы аржы тсімдерін аымдаы нны пайызды ойылымы (дисконт ойылымы) негізінде бір уаыт кезеіне келтіру дерісі. Дисконт ойылымы
    Дата11.05.2023
    Размер30.6 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаИНВЕСТИЦИЯНЫҢ ТИІМДІЛІГІН АНЫҚТАУ-лекция.docx
    ТипДокументы
    #1123370

    КӘСІПОРЫННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІ
    Инвестиция – әртүрлі мақсаттарға жұмсалған күрделі қаржы.

    Күрделі қаржы жұмсалымы – жаңа құрылыстарға, қайта құруға, технологиялық қайта жарақтандыруға жұмсалған бір мезеттік шығындар. Экономикалық нәтиже бұл өнімнің өзіндік құнын төмендетуден алынған үнем, жалпы және таза пайда, ұлттық табыстың және пайда өсімі ретінде тұлғаланған шаралар жүргізудің нәтижесі.

    Инвестициялар – бұл ақша қаражаттары, мақсатты банк салымдары, пайлар, акциялар және басқа да бағалы қағаздар, технологиялар, лицензиялар, тауар белгілері, несиелер және мүліктік құқық, интеллектуальдық құндылықтар және пайда табу мақсатындағы кәсіпкерлік іс-әрекеттің объектісіндегі салымдар.

    Инвестор – инвестицияны жүзеге асырушы жеке адам немесе мекеме, ұйым және мемлекет.

    Жұмсалған инвестициялардың кәсіпорын өндірісіне қаншалықты экономикалық пайда келтіретінін білу үшін алдын-ала талдау, жобалау жұмыстары жүріледі.

    Инвестициялық жобалар ерекшелігі, олардан түскен пайда мен шығындары әдетте әртүрлі уақыт кезеңдерінде орындалады. Сондықтан дисконттау деп аталатын үрдісті қолдану қажет.

    Дисконттау – әртүрлі уақыттағы қаржы түсімдерін ағымдағы құнның пайыздық қойылымы (дисконт қойылымы) негізінде бір уақыт кезеңіне келтіру үдерісі.

    Дисконт қойылымы – инвестициялар бойынша балама шығындар, яғни, қор нарығында айналысқа түсетін сенімді бағалы қағаздардағы инвестициялардың пайда нормасы.

    Дисконттау коэффициенті – ағымды құнды есептеу үшін болашақта алынатын құнға көбейтілетін коэффициент. Келесі формуламен өрнектеледі:
    Кд = 1/(1+r)n , (1)

    мұнда r – дисконт қойылымы, ал n – кезең бойынша жыл саны.

    Дисконттау әдісі менеджерлерге немесе инвесторларға болашақта алынатын қаржы ағымдарын қазіргі кездегі ағымды құн бойынша бағалауға мүмкіндік береді.

    Инвестицияның экономикалық тиімділігі ең алдымен оның өтелу мерзімімен анықталады Ток:

    1-әдісте

    Ток = (2)
    Sдо, Sпосле –күрделі қаржы жұмсалғанға дейінгі және кейінгі бірлік өзіндік құн;

    К – күрделі қаржы;

    Qпосле - күрделі қаржы жұмсалғаннан кейінгі өндіріс көлемі.

    2-әдісте

    Ток = (3)
    Өтелу мерзімі жобаның шығындарын жабу кезеңін көрсетеді. Бұл критери бойынша таңдау жасауда басты көңіл – жобалар ішінен өтелуі минимальді мерзімдісін анықтау.

    Халықаралық практикада инвестициялық жобалардың тиімділігін анықтауда келесі көрсеткіштер қолданылады: NPV – жобаның таза ағымды дисконтталған (келтірілген) құны (NPV – net present value). Таза дисконтталған құн NPV келесі түрде анықталады:
    NPV= (4)
    Р- әртүрлі кезеңдердегі ақша түсімдері

    r – дисконт қойылымы, %

    IC – инвестиция немесе күрделі салым.

    Инвестициялық жобаның тиімділігін NPV бойынша талдау кезінде келесі шарттар қолданылады:

    NPV >0 жобаны жүзеге асыруға болады, жоба тиімді

    NPV <0 жобаны жүзеге асыруға болмайды, жоба тиімсіз

    NPV =0 жоба пайдалы да зиянды емес.

    Инвестиция рентабельдігі:

    Rинв = (Таза табыс / Инвестиция) х 100 (5)

    Рентабельділік индексі IR

    IR=PV / CI (6)
    PV –келтірілген түсімдер

    CI - келтірілген шығындар

    PV= (7)

    Егер IR>1, онда жоба рентабельді

    Егер IR<1, онда жоба тиімсіз

    Егер IR=1, онда басқа көрсеткіштерге назар салу керек.

    Келесі көрсеткіш жобаның Ішкі табыстылық нормасы IRR. Тағы бір атауы рентабельділіктің ішкі қойылымы.

    IRR – бұл пайыздық есептік қойылымының әдісі NPV=0 болғандағы дисконт қойылымы. Басқаша айтсақ, рентабельділіктің ішкі қойылымы - келтірілген түсімдер келтірілген шығындарға теңескен кездегі дисконт қойылымы. Жоба тиімді, егер rIRR ≥ r шарты орындалса.

    0= кезіндегі r =IRR (8)

    Жобаның IRR көрсеткішін табу кезінде есептеу әрекеті кері ретпен орындалады. NPV=0 болғандағы дисконт нормасын көрсетуге негізделген.

    Егер IRR > r жоба рентабельді

    IRR < r онда жоба қабылданбайды

    IRR = r онда жоба пайдалы да зиянды да емес

    Жобаның IRR дегеніміз – күтілетін табыстылық деңгейі: одан артық болу мүмкін емес, және кем болмағаны дұрыс.

    Егер NPV >0, онда IRR > r шарты орындалады.

    Басқа жағынан, егер IRR капитал құнынан аз болса, онда мұндай жобаны таңдау акционерлердің ағымды капиталының азаюына әкеледі. Тек IRR қасиеті инвестициялық жобаларды бағалауда талдау жасаушылардың қолданатын - зиянсыздық нүктесін көрсетеді.

    Рентабельділіктің ішкі қойылымы нақты жобаның тиімділігі белгісі ретінде инвесторлардың жеке және сондай-ақ мемлекеттік секторларда кеңінен қолданатын статистикалық көрсеткіші болып табылады. Бірақ, бұл көрсеткіш кейде инвестицияның пайдалылығын білдіргенімен инвестициялық шешімдердің сенімді критериі бола алмайды. IRR мәнін табу NPV есептеу формуласы бойынша сынау және қателіктер әдісімен NPV 0-ге теңескенге дейін r-дің кездейсоқ мәндерін қою арқылы орындалады.

    NPV және IRR есептеулерінің нәтижелері бір қорытындыға алып келді, себебі, екі әдіс те бір формулаға бағытталған (егер NPV = 0, онда IRR= r).

    IRR көрсеткіші жобаның қауіпсіздігі туралы ақпарат береді.

    Инвестициялық жобалар түрлері:

    Альтернативті жобалар – тиімділік көрсеткіштері арқылы талдау жүргізіліп, өзара салыстырылатын, және ең тиімдісіне таңдау жасауға мүмкіндік беретін жобалар жиыны.

    Тәуелсіз жобалар – жүзеге асуы дербес жүрілетін, пайда алу мақсатындағы күрделі қаржы жұмсалған жобалар.

    Өзара байланысты жобалар – бір инвестициялық жобаның орындалуы келесі бір жобаны жүзеге асыру арқылы болатын, бір-біріне тәуелді жобалар.

    Пайыздық қойылым тәсілдері:

    Ақшаның болашақтағы өспелі құндарын келесі формулалармен есептейміз:

    а) жай пайыздық қойылым әдісі FV =PV(1+n x r) (9)

    FV- Ақшаның болашақтағы өспелі құны

    PV –ақшаның қазіргі уақыттағы құны

    n – уақыт кезеңі; r – пайыздық қойылым, %

    б) күрделі пайыздық қойылым әдісі: (10)


    написать администратору сайта