Главная страница

сессия дайындык. "Банк ісі" пнінен емтихан сратары 1дегей


Скачать 83.95 Kb.
Название"Банк ісі" пнінен емтихан сратары 1дегей
Дата17.05.2023
Размер83.95 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файласессия дайындык.docx
ТипДокументы
#1139686
страница1 из 3
  1   2   3

"Банк ісі" пәнінен емтихан сұрақтары

1-деңгей



  1. Коммерциялық банктің мәнін олардың тарихи даму тұрғысынан ашып көрсетіңіз

.Коммерциялық банктің мәнін олардың тарихи даму тұрғысынан ашып көрсетіңіз.

Коммерциялық банктер- жеке клиенттердің салымдары түрінде тартылған негізгі түрде ақша капиталдары мен сақталған ақша есебінен барлық саладағы кәсіпорындар үшін әмбебап банкілік операцияларды жүзеге асыратын кредиттік мекемелер,кредиттік жүйенін негізгі звеносы

Коммерциялық банктер — банк жүйесі мен олардың қызметінің негізгі буыны. Коммерциялық банктердің атқаратын келесі қызметі — несие беруде делдал болу. Бос ақша қаражат иесі мен қарыз алушының арасында тікелей несие қатынастарының туындауына кедергі болатын жайттар: ұсынатын капитал көлемінің қарызға қажетті көлемге сай келмеуі, капиталдың айналыстан босау мерзімінің қарыздарға қажет мерзімге сай келмеуі.

Коммерциялық банк тарихи дамуы: Біркатар алымдардын пікірінше, алгашкы

банктер капитализм дамуынын мануфактуралык сатысында - XIV жане XV асырларда Италияда несие катынасынын кен аукымды дамуымен байланысты пайда болган.

Банк сезі устел матынасын беретін италияндык banco сезінен шыккан.

Х тасырда Италия элемдік сауданын орталытына айналды, сол себепті де ездерінін ерекше банко-устелдері бар айырбастаушы банкирлер ойгілі болады, эрі олар Ежелгі Грецияда,Ежелгі Вавилонда жане баска да елдерде кенінен тарайды.

1619 жылы Венеция каласындаы корамдык серіктестік жиробанк деп аталады. Металдык монеталар телемі мен оны қағаз орынбасарларына ауыстыру олардын айналысатын негізгі операциялары болды. Еуропа мемлекет курган экономикалык

кызметке, банктердін пайда болуына тан акшалай операциялардын туракты ену

орталытына айналды.

Банк ісін жургізудін италияндык тэжірибесі езіндік банктерді курудын тек ынталандырушы факторы тана болды. Амстердамда айырбастаушы банк курылды, содан сон ол депозиттік банкке жане жиробанкке, акыр аятында ссуда банкісіне айналды. Германияда италиандык сауда уилерінін филиалдары негізінде неміс сауда уйі курылып, оданалгашкы неміс банктері, ал Францияда француз банктері пайда болды жане т.б. XVII тасырдын ішінде банктер Еуропанын букіл мемлекеттерінде пайда болып улгерді. Ежелгі банктердін кредит операцияларымен катар трансферит деп аталатын операциянын комегімен есеп айырысу да біртіндеп дамыды, ягни акшалай каражатты бір кестеден екіншісіне ауыстыру кезінен колданыла бастады. Банктер клиенттермен озара жоне клиенттер арасында келісімшарттар бекітіп, сауда момілесінде делдал ретінде алга шыкты. Есеп айырысуды камтамасыз ету ушін ежелґі банктер акшамен тен дорежеде айналыста журетін банк билеттерін (hudu - гуду) шытарды. Осылайша, кредит, акша жене есеп айырысу операциялары бір орталыкка Шотырлана бастады. Акша шаруашылырынын бул даму кезенінде банк секілді аса ірі кредит мекемелері пайда бола бастады. XVII асырдын 40-шы жылдарынан бастап, банктердегі эмиссиялык операциялар Англияда да жузеге асатын болды жане XIX тасырдын басында отан елдін эмиссиялык банкісі деген атак берілді. Онын банкноттары телемнін эмбебап, занды куралына айналды. 1846 жылы Германияда жергілікті 33 эмиссиялык банктерді біріктірген елдін орталык банкісі ретінде Пруссиялык банк курылды.

  1. Коммерциялық банктің қызметтерін атаңыз: депозиттік, несиелік, төлемдер мен есеп айырысуларды жүргізу, несиедегі делдалдық

Коммерциялық банктердің қызметтерін атаңыз: депозиттік,несиелік,төлемдер мен есеп айырысуларрды жүргізу,несиедегі делдалдық

Есеп-шоттардан төлемдер жасау мен есеп айырысулар кезіндегі делдалдық қызмет клиенттердің тапсырмасы бойынша банктің ақша аударымдарын жасауы кезінде, елде шаруашылық операцияларын жүзеге асыруы жағдайында есеп-шоттар арқылы төлемдер жасаған кездерінде көрінеді. Коммерциялық банктер төлем тетіктерін қамтамасыз ете отырып, есеп айырысу қағидаларын көздейді, есеп айырысу – төлем операцияларын жүргізу кезінде нарықтық қызметтерді дамыту, ақша айналымы саласындағы тәуекелдерді азайтуға мүдделілік танытады.

Несие берудегі делдалдық, банк үшін ең айқындаушы қызмет болып саналады, өйткені уақытша бос ақша қаражаттарын шаруашылық жүргізуші субъектілерге саудаға беру жолымен қайыра бөле отырып, одан ол пайда табады. Банктің осы қызметі «несие категориясын» көрсетуге үлкен әсерін тигізеді. Мұндай кезде несие қаржыны тиімді пайдалануға несиеберуші мен қарыз алушы бірдей мүдделілік танытады. Коммерциялық банк үшін несие төлеуге қабілетті қарыз алушыларға ссудалар беру көп кіріс келтіретін операциялар болып саналады.

Жинақтарды жұмылдыру мен шоғырландыру қызметі жеке адамдардың ұсақ шашыранды ақша қаражаттарын жинақтай отырып, ақша ресурстарының ортақ қорын құру арқылы оларды экономиканың неғұрлым тиімді салаларына бағыттауға болатындығын растайды. Өз ақшаларының жоғары өтімді (ликвидті) формада сақталуына және пайыздық үлес алуға деген салымшылардың қызығушылығы банктер арқылы қамтамасыз етілуі тиіс және ол үшін соңғы жауапкершілікті өзіне алады

Банктердің бағалы қағаздармен операциялар жасау кезіндегі делдалдық қызметі қосымша кірістер алу, өзінің өтімдігін (ликвидтілігін) ұстап тұру мақсатындағы бағалы қағаздарды сатып алу кезіндегі операцияларды жүзеге асыру жағдайында көрінеді. Банк бағалы қағаздарды сатып ала отырып, оларды мемлекеттік билік органдары алдындағы салымдар бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету түрінде пайдаланады

  1. Коммерциялық банк қызметінің қағидаттарын атаңыз

Коммерциялық банктер - банк жүйесі мен олардың қызметінің негізгі буыны. Коммерциялық банктер мәртебесі, мақсаты және бағыттары бойынша тендей емес, бірақ барлық банктердің балансының және оның құрылымының болуы; негізгі қызметтер мен операциялардың сипаты, өзінің қызметінен кірістер алу сияқты орталық негіздері бар.
Коммерциялық банк қызметінің принциптері.
1. Нақты қолда бар ресурстар шегінде жүмыс істеу. Коммерциялық банктер өзінің ресурстары мен кредит салымдарының арасын сандық арақатынаспен қамтамасыз етіп қана қоймай, банк активтерінің сипатын жұмылдырылған ресурстардың өзіндік ерекшелігіне сәйкестендіруге ұмтылуы керек.
2. Банктердің өз қызмет нәтижесі үшін экономикалық түрғыдан жауап беруін ұйғаратын толық экономикалық дербестік.
3. Банктердің клиентпен арадағы өзара байланысы нарықтық қатынастың негізінде құрылады.
4. Коммерциялық банктің жұмысы тек жанама экономикалық әдістермен реттел

  1. Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасы банк жүйесінің құрылымы

Банк жүйесі - нарықтық экономиканың маңызды және ажырамас құрылымдарының бірі. Банк жүйесінің құрылымы Нарық жағдайында банк жүйесі екі денгейде болады: Орталық банк (эмиссиялық) және коммерциялық (депозиттік) банк. Коммерциялық банктердің негізгі функциясы несие беру және салымдарды өсіру. Осындай шаралардың нәтижесінде коммерциялық банктер ақша ұсынысын кеңейтеді. Банк жүйесі құнды қағаздарды алып-салумен де айналысады.Орталық банк ұлттық валютаны айналымға шығарады, мемлекеттің алтын резервтерін сақтайды, коммерциялық банктердің міндетті резервтері банктер арасындағы шот айыру ретінде пайдаланылады. Орталық банк халықаралық ақша

нарығында сатушы және сатып алушы қызметін орындайды және шет мемлекеттердің және банктерінің істерін үйлестіреді.Барлық мемлекеттерде орталық банк ақша-несие саясатын қалыптастырады және жүзеге асырады, коммерциялық банктердің іс-әрекетін қадағалайды және ұйымдастырады. Орталық банк пен коммерциялық банк операцияларының және банктен тыс секторлардың шешімдері нәтижесінде экономикадағы ақша ұсынысының өзгеруіне ықпалын тигізеді

  1. Қазақстан Республикасында банк қызметін реттейтін заңды және нормативтік құжаттарды атаңыз және ашып көрсетіңіз

  2. Банктің біріншілікті және екіншілікті капиталына түсініктеме беріңіз

Банк капиталы бірінші деңгейдегі капиталдан және екінші деңгейдегі капиталдан тұрады, ал бұл екі негізгі резервтік тип бірнеше жағынан сапалық жағынан ерекшеленеді (бұрын үшінші түрі болған, ыңғайлы түрде үшінші деңгейдегі капитал болған).
Бірінші деңгейдегі капитал банктің негізгі капиталы болып табылады және банктің қаржылық есептілігінде пайда болатын резервтер мен меншікті капиталды қамтиды. Бұл ақша – банктің тұрақты жұмыс істеуі үшін пайдаланатын және қаржы институтының күшінің негізін құрайтын қаражат.

Екінші деңгейдегі капитал – бұл банктің қосымша капиталы.Бұл қаражатты ашылмаған резервтер, реттелген мерзімді қарыздар, гибридті қаржы өнімдері және басқа баптар құрайды

  1. Меншікті капиталды қалыптастыратын негізгі элементтерді ашып көрсетіңіз

Бұл саясат корпороцияның жалпы қаржылық стратегиясын және оның өндірістік – коммерциялық қызметінің қалыптасу жағдайын көрсетеді. Меншік капиталының қалыптасу саясатының мақсаты бар:
меншік капиталының көлемінен айналымнан тыс активтерді (негізгі меншік капиталы НМК) қалыптастыру

  1. Депозиттік операциялардың мәнін анықтаңыз

Депозиттік операциялар – бұл қайтымдылық және сыйақы төлеу жағдайында заңды және жеке тұл¬ға¬лар¬дан ақша қаражаттарын тарту бойынша жүзеге асы¬ра¬тын банктердің операциялары.

Экономикалық мазмұны бойынша депозиттерді мына-дай 4 топқа топтастыруға болады:

талап еткенге дейінгі депозиттер – бұл қайтарылатын мерзімі көрсетілмеген депозиттер, яғни мерзімі шек¬тел¬ме-ген, депозитордың бірінші талап етуі бойынша толық не¬ме-се жартылай қайтарылады;

шұғыл депозиттер – бұл қайтаратын белгілі мерзімі көрсетілген депозиттер.

Сақтық кассалары – бұл салымшыға сақтық (жинақ) кітапшаларын жазып беру арқылы жүзеге асырылатын, же-ке тұлғалардың салымдары. Сақтық салымдарының мына-дай түрлері бар: бағалы қағаздар салымдары (депозиттік сертификаттар, банктік векселдер, валюталық векселдер).

  1. Талап етілгенге дейінгі депозиттер, олардың сипаттамаларын атаңыз

Талап етілетін депозиттер – бұл салым иелерінің бастапқы талап етуіне байланысты əр түрлі төлем құжаттар арқылы қолма-қол ақшаларын алатын əр түрлі шоттардағы қаражаттар.

• Отандық банктік тəжірибеде талап етілетін депозиттерге мыналар жатады :

 - мемлекеттік, акционерлік кəсіпорындардың, сондай-ақ əр түрлі шағын коммерциялық құрылымдардың ағымдық шоттарындағы сақталатын қаражаттары;

 - əр түрлі мақсатқа тағайындалған қорлардың қаражаттары;

 - есеп айырысудағы қаражаттар;

 - жергілікті бюджеттер қаражаттары жəне олардың шоттарындағы қаражаттар;

 - басқа банктердің корреспонденттік шоттарындағы қаражат қалдықтары.

 Талап етілетін депозиттік шоттардың артықшылығы олардың иелері үшін жоғарғы өтімділігіне байланысты сипатталады. Талап етілетін депозиттік шоттарға қаражаттар, шаруашылық жəне басқа да операциялардың жүзеге асырылуы барысында түседі жəне пайдаланылады.

Ал, кемшілігі – бұл шот бойынша пайыз мүлде төленбейді немесе біршама төменгі мөлшерде төленеді.

  1. Коммерциялық банктердің депозиттік операцияларының түрлерін сипаттаңыз

Депозиттік операциялар активті және пассивті болып бөлінеді. Активті депозиттік операциялар – банктің уақытша бос ақша қаражаттарын басқа корреспондент-банктердегі шоттарда орналастырумен байланысты операциялар. Олар банктің өтімді активтері ретінде, яғни жалпы активтердің өте аз бөлігін алады.

Пассивті депозиттік операциялар – клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттарын белгілі уақытқа және пайыз төлеу шартымен тартумен байланысты операциялар. Бұл операциялар көмегімен тартылған депозиттер пассив жағының көп бөлігін алады және банктік ресурстар қалыптастырудың негізгі көзі.

  1. Банкаралық несиелердің негізі мен олардың ресурстық базаны қалыптастырудағы ролін ашып көрсетіңіз

Банкаралық несие - бұл коммерциялық банктердің бір-біріне беретін несиелері.

Банкаралық несие бұл басқа ресурстармен салыстырғанда өте қымбат ресурс болып табылады.

Банкаралық несиенің негізін банкаралық депозиттер құрайды. Банкаралық депозиттер – бұл банктердің бір-бірінде ашқан корршотындағы қаражат қалдықтары.

  1. Банктік несиелеу жүйесінің негізгі элементтерін тізімдеңіз

  2. Коммерциялық банк активтерін басқарудың экономикалық мазмұнын түсіндіріңіз

  3. Банктік несиелердіңі қайтымдылығын қамтамасыз ету тәсілі ретінде кепіл мен кепілдіктің мәнін түсіндіріңіз

  4. Банкаралық есеп айырысулар операцияларының негізгі ережелерін айтыңыз

Банкаралық есеп айырысулардың жиынтығы және оларды жүзеге асыру механизмі жүйені құрайды. Бұл жүйе несиелік ұйымдарға келесі операцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді:
• клиенттердің талаптары бойынша олардың контрагенттерінің шоттары басқа банктерде орналасқан жағдайда ақша қаражатын есептеу және есептен шығару операцияларын жүргізу;

• екі және одан да көп банктердің қаржылық талаптары мен міндеттемелерін өзара есепке алу;
• уақытша бос ақша қаражатын орналастыру мақсатында банкаралық кредиттер беру;
• уақытша бос ақша қаражатын тарту мақсатында банкаралық депозиттерді ашу;
• қайта қаржыландыру тәртібімен орталық банктен кредиттер алу;
• халықаралық консорциалдық кредиттер беру;
• шетел валютасын сатып алу-сату;
• бағалы қағаздарды және борыштық міндеттемелерді сатып алу-сату (меншік иесіне тиесілі болуына қарамастан – жеке немесе мемлекеттік);
• мемлекетаралық қарыздар беру.

  1. Коммерциялық банктің банктік менеджмент негіздерін қарастырыңыз

Банктік менеджмент – клиенттердің қаржылық дамуына неғұрлым қолайлы жағдай жасау мақсатында алуан түрлі банк қызметтерін көрсету мен операциялар жасау және жаңа нарықтар қалыптастыру үшін банктің, жекелеген орындаушылардың мүдделеріне әсер ету процесі болып табылады.Банктік менеджмент – жаңа нарықтар құру үшін банктің, жекелеген орындаушылардың қызығушылығына әсер ету және клиенттердің қаржылық дамуына неғұрлым қолайлы жағдайлар жасау мақсатында алуан түрлі банк қызметтерін көрсету мен операциялар жасау процесі.

Банктік менеджменттің қызметі: жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестіру, ынталандыру, бақылау.

Банктік менеджмент банктік қызмет көрсетудің жаңа нарықтарын құру, өзгерістерді басқаруға, адам және ұйымдастыру әлеуетін арттыруға, қаржылық материалдық ресурстарды сауатты пайдалануға, коммерциялық есептер мен баланстар негізінде банк қызметін коммерцияландыруға бағдарланған.

Банктік менеджменттің ерекшелігі алға қойған мақсаттарға қатысты банктік менеджменттің бірқатар сандық, сапалық және әлеуметтік көрсеткіштерді орындауға бағдарланатындығынан тұрады

  1. Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің валюталық операцияларын тізімдеңіз

Ағымдық операцияларға жататындар:

тауарлар жұмыстар және қызметтер үшiн төлемнiң не аванс төлемiнiң мерзiмiн 180 күннен аспайтын мерзiмге ұзартуды көздейтiн экспорт импорт ммлелерi бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруға арналған аударымдар;

180 күнен аспайтын несиелер беру жәе алу;

салымдар (депозиттер), инвестициялар, заем және өзге де операциялар бойынша девидендтердi, сыйақыларды және өзге де табыстарды алу және аудару;

осы заңмен капитал қозғалысына байланысты операцияларға жатпайтын барлық өзге де валюталық операциялар.

2. Капитал қозғалысына байланысты операцияларға жататындар:

инвестицияларды жүзеге асыру;

интеллектуалдық меншiк объектiлерiне ерекше құқықты толық берудi көздейтiн мәмiлелер бойныша есеп айырысуларды жүргiзуге арналған аударымдар;

мүлiктiк құқыққа және өзге де жыложымайтын мүлiк құқығына төлеуге аударымдар;

тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшiн төлемiнiң не аванс төлемiнiң мерзiмiн 180 күннен асатын мерзiмге ұзартуды көздейтiн экспорт- импорт мәмiлелерi бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруға арналған аударымдар;

180 күннен асатын несиелер беру жәе алу;

өздерi тiркелген мемлекеттрдiң заңдары бойынша банк операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар шетел банктерiне және өзге де қаржылық ұйымдарда салымдарды жүзеге асыру;

зейнетақы активтерiн жинақтауға байланысты мәмiмелер бойынша халықаралық аударымдар,

жинақтау сипатындағы сақтандыру жәе қайта сақтандыру шарттары бойынша халықаралық аударымдар.

  1. Банктің меншікті капиталының қалыптасу тәртібі мен оның қорғау қызметін түсіндіріңіз

Банктің меншікті капиталы – банктің қаржылық тұрақтылығын, коммерциялық және шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін құрылған банктің әр түрлі қорлары мен сол сияқты ағымдағы қызметінің нәтижесіне байланысты және өткен жылдардағы бөлінбеген пайдасы.

- Жарғылық капитал – жай акциялар (мерзімі шексіз бағалы қағаздар), ерекшелігі бар акциялар (дауыс беруге құқығы жоқ бағалы қағаздар);

- Банктік резервтер – яғни, алдағы уақыттағы әр түрлі шығындарды жабуға, дивиденттер төлеуге, қайтарылмаған қарыздардың орнын жабуға арналады;

- Қосымша төленген капитал – жай және ерекшелігі бар акциялардың сату курсы мен номеналдық курсы арасындағы айырмадан құрылады;

- Қосымша төленбеген капитал – активтерді қайта бағалаудан құрылады;

- Бөлінбеген таза кіріс – банк меншігінде қалатын, жылдан жылға жинақталатын кіріс сомасы;
Банктің меншікті капиталы, экономикалық капиталдар категориларының ішіндегі капиталдың бір түрі болып табылады. Меншікті капитал банк үшін маңызы өте зор. Себебі, банк ашу кезінде құрылтайшылар мен акционерлердің қосқан улесінен құрылған меншікті капитал, банк қызметін ұйымдастыруға және банк қызметінің аясын кеңейту үшін бастапқы және ең маңызды көзі болып табылады. Сонымен қатар банктің меншікті капиталы банк үшін әр түрлі қорғаныс пен қызметті дамыту функцияларын да орындайды. Соның ішінде:

· Банкті қаржылық тұрақсыздықтан және шексіз тәуекелділіктерден сақтайды;

· Банкті банкротқа ұшыраудан қорғайды;

· Ағымды шығындарды жабады;

· Банкке клиенттердің сенімділігін арттырады;

· Клиенттердің комерциялық және тұтыну несиелерінің сұранысын қанағаттандырады және т.с.с.

  1. Коммерциялық банктің акционерлік капиталының қалыптасу тәртібін айтыңыз

Коммерциялық банктің меншікті капиталының құрылымы:

Жарғылық капитал;

Резервтік капитал;

Қосымша капиталдар;

Банк операциялары бойынша тәуекелдерді төмендету мақсатында құрылған қорлар (резервтер);

Бөлінбеген банк пайдасы.

Банктің жарғылық капиталы банктің заңды тұлға ретінде міндетті түрде құрылуын және өмір сүруінің экономикалық негізін құрайды. Жарғылық капиталдың төменгі мөлшері Қазақстан Ұлттық банктің пруденциялық нормативтерімен реттеліп отырады. Банктің жарғылық капиталы, оның құрылтайшыларының қосқан жарналары немесе пайлары соммасынан тұрады

  1. Коммерциялық банктің меншікті капиталының құрылымын сипаттаңыз

Коммеррциялық банктің пассивтік операциялары негізінде оның қызметінің жүзеге асырылуы үшін қажетті банк ресурстары жинақталады.

«Банк ресурстары» термині «несиелік ресурсына» қарағанда кең ұғымды білдіреді. Банк ресурстары тек несиелеуге ғана емес, сол сияқты басқа да активтік немесе комиссиондық операцияларды қаржыландыру үшін пайдаланылады

• Банк ресурстары – бұл банктің пассивтік операциялары негізінде қалыптасқан және барлық активтік операциялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталатын банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы.

Нарықтық қатынатсраға көшу барысында банктік ресрурстарының құрылымында біршама өзгерістер болуда. Меншікті қаражаттар қатарына, біріншіден, коммерциялық банктің акционерлік капиталы, резервтік қоры, сол сияқты қосымша қорлары кіреді. Тартылған қаражаттардың жаңа түріне: Ұлттық банктен және басқа да несиелік мекемелерден алатын несиелер, басқа банктердің, корреспонденттік шоттағы, депозиттік шоттардағы қаражаттары, облигацияларды стаудан түскен қаражаттар, лизингтік операцияларды жүзеге асырғаны үшін алынған тауарлы-материалды құндылықтар жатады.

• Банк ресурстарының құрылымына мыналар жатады:

– Банктің меншікті капиталы

– Банктің заемдық және тартылған қаражаттары.

Банк ресурстарының құрамындағы меншікті капитал үлесі тартылған қаражаттарға қарағанда өте төмен болғандықтан барлық қаражаттарға деген қажеттілігінің 10%-ға жуық бөлігі өтелсе, ал қалған бөлігі тартылған қаражаттардың үлесіне тиеді.

  1. Банктік ресурстардың қалыптасу ерекшеліктері мен мәнін ашыңыз

Банк ресурстары – несиелік мекеменің қарамағындағы және банк қызметін жүзеге асыру үшін пайдаланылатын ақша қаражаттарының жиынтығы. Пассивті операциялар арқылы қалыптасады.Банк ресурстарының негізгі көзі — банк клиенттерінің салымы.

Бүгінгі тандағы банк ресурстары нарығының құрылуында көптеген ерекшеліктер бар деуге болады. Коммерциялық банктерінің қызметінің тұрақтылығы үшін, ең бастысы, олардың балансы өтімді болуы керек, ал оның қамтамасыз етілуі, банктік ресурстар мен несиелік жұмсалымдар арасындағы көлемі және мерзімі бойынша тепе - теңдіктің сақталуын талап етеді.

Банк ресурстары нарығының пайда болуымен қатар бағалы қағаздар нарығы қалыптасады. Сөйтіп банкте жаңа қызмет түрлері ретінде бағалы қағаздармен, факторинг, лизинг және басқа операциялар мен тікелей жұмыс жасай бастады. Бұл банктің ресурстар құрамында тек қана ақшалай қаражаттар емес, сол сияқты тауарлы материалдық құндылықтар және бағалы қағаздар кіретінін білдіреді.

Демек, коммерциялық банктер ерекше бір кәсіпорын ретінде делдалдық қызметке байланысты, банктік ресурстар нарығында ақшалай ресурстарды сатып ала отырып, оны қажет ететін кәсіпорынға, ұйымға және халыққа сатып отырады.

Банк ресурстары - бұл банктің пассивтік операциялары негізінде қалыптасқан және барлық активтік операциялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталатын банктің меншікті және таратылған қаражаттарының жиынтығы.

  1. Коммерциялық банктердің активтік операцияларының құрылымын ашып көрсетіңіз

Банк активтерінің құрылымы деп банк балансының активінің сапасы бойынша әртүрлі баптарының баланстық қорытындыға қатынасын айтады.

Әрбір банк активтердің ұтымды құрылымын белгілеу және сақтау кезінде біршама мәселелерге тап болады. Сонымен қатар, активтердің құрылымы көбінесе елде қалыптасқан ұлттық ерекшеліктерімен де анықталады.
Бірінші топқа: қолма-қол ақша және оған теңестірілген қаражаттар жатады, яғни банкте бар ақшалай қаражаттар (корреспонденттік шоттағы, Орталық банктегі міндетті резервтік қордағы қаражаттар), сонымен қатар, аз уақыт ішінде ақшалай қаражаттарға тез айналатын активтерге жұмсалған қаражаттар (мемлекеттік бағалы қағаздар, мемлекет кепілдендірген қысқа мерзімді қарыздар және тағы басқалары) жатады.

Екінші топқа: басқа кәсіпорындардың, ұйымдардың бағалы қағаздарына салынған инвестициялар жатады. Бұл активтердің өтімділік деңгейі бірінші және үшінші топтың активтерінің өтімділік деңгейіне қарағанда төмен қазіргі уақытта өтімділігі жоғары бағалы қағаздарға банктердің бағалы қағаздарын (акциялар, депозиттік сертификаттар және тағы басқаларын) жатқызуға болады.

Үшінші топқа: кәсіпорындарға, ұйымдарға берілген қарыздар жатады. Бұл активтердің өтімділік деңгейі қарыздың берілу мерзімі мен мақсатына, қарыз алушыға байланысты болады. Өтімділігі жоғары құнды қағаздарға басқа банктерге берілген және бірінші классты құнды қағаздар жатады.

Төртінші топқа: банктің негізгі құралдары жатады: ғимараттар, құрылғылар есептеу техникалары, көлік құралдары және тағы басқалары. Бұл активтер өтімділігі төмен активтерге жатқызылады. Дегенмен әрбір кезеңде елдегі экономикалық жағдайды ескеріп отыру қажет.

  1. Банктік депозиттердің түрлеріне сипаттама беріңіз және салыстырыңыз

Халықаралық банктік тәжірибеде барлық депозиттер төрт топқа бөлінеді:
1.Мерзімді депозиттер - бұл банктерде белгілі бір мерзімге және пайыз төлеу шартында орналастырылған клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттары. Бұл депозит түрі алдын ала хабарлаудан кейін немесе мерзім бойынша алынуы мүмкін. Мерзімді депозиттер чектің көмегімен пайдаланылмайды, бірақ қолма-қол ақша түрінде еркін аударылады немесе ағымдағы шотқа аударылады. Егер мерзімге дейін бұл салымды алатын болса, онда шот иесі айып пұл төлеуге міндетті. Бұл салымның ерекшелігі – талап еткенге дейінгі депозитке қарағанда, оларға міндетті резервтердің төменгі мөлшері белгіленеді.

2.Талап етілмелі депозиттер - (кейде Чектiк депозиттер деп те аталады) түрiнде қаржы тарту кезiнде банк пен салымшы арасында келiсiмшарт жасалады. Чектiк депозит - бұл міндетті түрде өтелуге тиiстi, салымшыға чек жазуға құқық беретiн шот. Чектiк депозиттердің ыңғайлылығы: олардың қауiпсiздiгi және чек жазу арқылы төлем жүргізу қарапайымдылығы. Сонымен катар, олар бiрiншi талап бойынша накты ақша алуға мүмкiндiк бередi.

3.Жинақ салымдары - жинақ депозит келiсiм негiзiнде ашылады. Бұл теңгелік депозиттер ішінде ең жоғары сыйақы мөлшерлемесі бар, қайтарып алынбайтын салым. Қазiргi кезде жинақ депозиттерiнің басты типi жинақ кiтапшаларындағы шоттар, жинақ салымының жағдайы туралы жазбасы бар шоттар, сондай-ақ ақша нарығының депозиттік шоттары болып табылады. Жинақ салымды ақшасын банкке ұзақ уақытқа салуды жоспарлаған және оны мерзімінен бұрын алмайтындығына сенімді салымшылар үшін өте қолайлы.

4.Бағалы қағаздар - құнды қағаздар - мүліктік құқықты куәландыратын, дивиденд және пайыз түрінде белгілі бір ақша сомасын алуға құқық беретін құжат. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (15.1. 2001) сәйкес құнды қағаздардарға “облигация, коносамент, акция және заң актілерінде немесе соларда белгіленген тәртіппен құнды қағаз қатарына жатқызылған басқа да құжаттар” жатады (130-бап). құнды қағазға өтімділік, кірістілік бағамының өзгеріп отыратындығы, сенімділік, дербес айналымдылық сияқты жалпы экономикалық сипаттамалар тән.

  1. Коммерциялық банктің депозиттік саясатын бейнелеңіз

Депозиттік саясат - банктік саясаттың құрамдас бөлігі ретінде банктің депозиттік операцияларын дұрыс ұйымдастыруға бағытталған шаралардың жиынтығын білдіреді. Депозиттік саясат салымшылар мен басқа да кредиторлардың тартылған қаражаты бойынша банктің стратегиясы мен тактикасы ретінде қарастырылып отыр және қаражат көздерінің ең тиімді комбинациясын анықтауға мүмкіндік береді.

Банктердің депозиттік саясатының мақсаты - олардың активтері мен пассивтерінің үйлесімділігі мен тиімділігін қолдау үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшалай қаражаттарын тартуды оңтайлы басқару болып табылады.

Депозиттік операцияларды жүргізген кезде, әр банк онымен жасаған депозиттік саясатты ұстанады:

1. Депозиттік операциялар болашақта пайда алу үшін жағдай жасауға әсер етуге болатындай ұйымдастырылады;

2.Банктің қызметтерін дамытуы және клиенттерге қызмет етуге, мәдениеті мен сапасын арттыру шараларын қолдану керек. Бұл депозиттерді тартуға әсер етеді ж/е т.б;

  1. Банктік ссуданы беру шарттары мен тәртібіне тоқталып кетіңіз

Банктік ссуда алуға жауап беру үшін қарыз алушының келесі шарттарын орындауы керек:
Келесі мүліктікті тәуекелдерге ие болу: банк қарыз алушының мүлікіне немесе бізнесіне немесе емтихан жасау үшін қажет болатын басқа бір несиеңе ие болуын талап еді.
Қарыз алушының төлемдері: қарыз алушы қарызды төлеуге дайын болуы тиіс. Бұл кезде банк қарыз алушының жеке мүлікін немесе төлеушілерді біреуіне қарыз беру шартында қажет болатын болуын тексереді.
Кезеңдер мен мерзімдер: банк қарыз алушының қайда және қашан төлеуі керек екенін тексереді. Келесі кезеңдер бар: қарызды алу, төлемге жіберу және жеке кезелген мерзімге дейін төлемдерді жасау.
Қарыздың құны: банк қарыз алушының туралы мәліметтерді жинап, оның несие кабілеттілігін және оның кірісін бақылауы туралы егжей-тегжейін тексеруі керек.
Сақтандыру: қарыз алушы банкқа қарыз беру үшін жауапты депозит жасауға дайын болуы керек. Осы депозит банктың келесі депозиттерге барлық мүліктерді сақтауға мүмкіндік береді.

  1. Коммерциялық банктердің депозиттерін жіктеудің белгілерін ашып көрсетіңіз

Коммерциялық банктер депозиттерді жіктеу үшін өз жұмыс тәртібін қамтиды. Бірақ депозиттердің жіктеуіне кіріспе жалпы белгілерін көрсетеміз:
Жеңілдіктер: Депозиттерге қойылатын жеңілдіктер, мисалы, төлемдердің жеңілдіктері және мерзімділіктері.
Мерзімділіктер: Депозиттерді жіктеудің мерзімі бойынша айырмашылықтары бар. Әдетте, мерзімділіктер кейінгі күні басталғанда, бір-бір жылдық депозиттер, күнделікті депозиттер мен қысқамерзімді депозиттерді арнайы ретте жіктеп алуға болады.
Мөлшерлеме: Депозиттерді жіктеу мәні, мөлшерлік бірліктер бойынша белгіленеді, мисалы, теңге, доллар, евро, фунт стерлингі және басқалар.
Жеткіліктер: Депозиттердің жеткіліктері бар, мисалы, депозиттерді жіктеудің жеткілік мерзімдері бар, бірақ олар байланысты кез келген кезде депозиттерге жіберілген табысыз сомалар болуы мүмкін.
Депозиттерді жою шарттары: Кейінгі күні басталғанда депозиттерді жою шарттары және басқа мәселелерге қарсы мүліктердің жоюын қамтиды. Бұл шарттар кредит тарихы мен кредиттің тұрақты қарауында маңызды рөл атқарады.

  1. Банктік пайыздарды есептеу әдістемесін көрсетіңіз

Банктер несие бойынша пайыздарды есептеудің 2 негізгі әдісін қолданады: аннуитеттік және сараланған. Қарыз алушы үшін олардың арасындағы түпкілікті айырмашылық ай сайын төленуі тиіс сома болып табылады.

Сараланған (Дифференцированный)

Несиенің денесі, яғни несие сомасы бүкіл кезеңге біркелкі бөлінеді, ал қалған ақша сомасына ай сайын өсімақы алынады. Ең үлкен төлемдер несие алғаннан кейін бірден болатыны қисынды, бірақ ай сайын олар азаяды. Себебі несие бойынша ай сайынғы төлемнің бұл ерекшелігі, кестедегі сомалар тең емес мәндерде көрсетіледі.

Аннуитеттық

Аннуитеттік есептеу әдісімен төлем бойынша негізгі қарыз тең емес бөліктерге бөлінеді: ең аз сома мерзімнің басына, ең үлкені аяғына келеді. Сыйақы мөлшерлемесі несие органының балансында да есептеледі. Бұл ай сайынғы төлемдегі несиенің (несие сомасының) үлесі артып, тиісінше сыйақы үлесі азаяды деген сөз. Бұл ретте аннуитеттік жарна мөлшерінің өзі өзгеріссіз қалады.

Аннуитет әдісі қарыз алушыға түсінікті және оны банктер жиі қолданады. Біріншіден, оның формулалары бойынша банкке сыйақыны есептеу оңайырақ, екіншіден, қарыз алушы әр уақытта бірдей соманы төлейді.

  1. Банктік несиелерді жіктеудің белгілерін ашып көрсетіңіз

Банктік несиелер бірнеше критерийлер бойынша жіктеледі:

Өтеу мерзімі бойынша:

1. онкол

2. Түнгі

3. қысқа мерзімді

4. орта мерзімді

5. ұзақ мерзімді

Төлем әдісі бойынша:

1. мерзімнің соңында бір жолғы сомада төленуі тиіс

2. тұрақты аралықпен тең үлестермен өтеледі (бұл опция нақты күндер мен сомаларды көрсете отырып, негізгі қарызды және пайыздарды өтеу кестесін келісуді қамтиды

3. әр түрлі аралықтарда тең емес үлестермен өтеледі:

4. күрделі несие (мерзім соңында несие сомасының 20-дан 50%-ға дейін төлей отырып);

5. прогрессивті несие (несие шартының мерзімінің соңына қарай төлемдердің біртіндеп ұлғаюымен);

6. маусымдық несие (ең көп кіріс сомасын құрайтын айларда ғана төлемдері бар маусымдық салаларға берілетін несие).

Несие пайызын өндіру әдісі бойынша:

1. несиені өтеу кезіндегі төлем

2. несиелік келісімнің барлық мерзімі ішінде тең үлестермен төлеу

3. несиені беру кезіндегі төлем

4. қызығушылық жоқ

Қамтамасыз етудің болуы бойынша:

1. сенімгерлік (қамтамасыз етілмеген) несиелер

2. қамтамасыз етілген несиелер

3. үшінші тұлғалардың қаржылық кепілдіктерімен қамтамасыз етілген несиелер

Көрсетілген мақсатта:

байланысты (мақсатты) несиелер, мысалы:

1. төлем ( белгілі бір коммерциялық мәмілені жүргізу немесе уақытша қажеттілікті қанағаттандыру

2. клиент контрагенттерінің есеп айырысу (төлем) құжаттарын төлеу үшін;

3. бағалы қағаздарды сатып алу үшін;

4. аванстық төлемдер үшін;

5. бюджеттік төлемдер бойынша;

6. жалақыға (қарыз алушының несиелік шотынан чек арқылы ақша беру).

өндірістік шығындарды қаржыландыруға, яғни

1. тауарлы-материалдық құндылықтардың қорларын қалыптастыру;

2. ағымдағы өндірістік шығындарды қаржыландыру;

3. инвестициялық шығындарды қаржыландыру, оның ішінде лизингке кредиттер және т.б. операциялар (аралық).

4. вексельдерді, оның ішінде репо операцияларын есепке алу (сатып алу).

5. тұтынушылық несиелер.

6. жалпы сипаттағы несиелер (мақсатты емес, байланысты емес).

  1. Коммерциялық банктің несиелік саясатына сипаттама беріңіз

  2. Банк өтімділігі және оны анықтау факторларын айқындаңыз

  1   2   3


написать администратору сайта