|
Гулдер пневмония. Дрілік формуляр
Дәрілік формуляр Пневмония
|
| ДЗ атауы
| КР тіркелген саудалық атауы,өндіруші
| Фармакотерапиялық тобы
| Дәрілік түрі
| Қолдану көрсеткіштер
| Қарсы көрсеткіштер
| Жағымсыз әсері
| Дозалау тәртібі, балалар үшін
| Зиянды өзара әрекеттесулер
| Фармакологиялық әсері
| Эффективтілігіне қарай дәлелдеу деңгейі
| Амоксиклав
| Амоксициллин+Клавулан қышқылы
| Бактерияларға қарсы бета-лактамдық препараттар - Пенициллиндер. Бета-лактамаза тежегіштерімен біріктірілген пенициллиндер. Клавулан қышқылы+Амоксициллин
| Көктамыр ішіне енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған 0.5 г + 0.1 г; 1.0 г + 0.2 г ұнтақ.
| тыныс жолдарының жоғарғы бөлімдерінің жұқпаларында (соның ішінде ЛОР-ағзалардың): жедел және созылмалы синуситте, жедел және созылмалы ортаңғы отитте, жұтқыншақ артының абсцесінде,тонзиллитте- тыныс жолдарының төменгі бөлімдерінің жұқпаларында: бактериялық супержұқпамен жедел бронхитте, созылмалы бронхитте, пневмонияда- несеп-жыныс жүйесінің жұқпаларында: пиелонефритте, пиелитте, циститте, уретритте, простатитте, жұмсақ шанкрде, созда- абсцесте, флегмонада, жара жұқпаларында- сүйек және дәнекер тіндердің жұқпаларында- өт жолдарының жұқпаларында: холециститте, холангитте- одонтогендік жұқпаларда, пост-хирургиялық жұқпаларда, сезімтал микроорганизмдерден болған жұқпалардың алдын алуда, асқазан-ішек жолының патологияларын хирургиялық емдеуде
| - пенициллиндерге немесе препараттың кез келген компонентіне жоғары сезімталдық
- басқа бета-лактамдық антибиотиктерге (цефалоспориндерге, карбапенемдерге, монобактамтарға) белгілі асқын сезімталдық
- Амоксициллин+Клавулан қышқылын немесе бета-лактамдық антибиотиктерді қолдану аясында пайда болатын сарғаю немесе бауыр қызметінің бұзылуы
- жұқпалы мононуклеоз (соның ішінде қызылшаға ұқсас бөртпе пайда болғанда)
| Жиі (≥1/100,<1/10)
- диарея
- кандидоз
Жиі емес (≥1/1000, <1/100)
- бас айналу, бас ауыру
- жүректің айнуы, құсу, диспепсия
- бауыр ферменттері деңгейінің орташа жоғарылауы
- тері бөртпесі, қышыну, есекжем
Сирек (≥1/10000, <1/1000)
- қайтымды лейкопения (нейтропенияны қоса), тромбоцитопения
- мультиформалы эритема
- инъекция жасаған жерде тромбофлебит
Өте сирек(<1/10000)
- қайтымды агранулоцитоз және гемолитикалық анемия, қан кету уақытының және протромбин индексінің артуы
- ангионевротикалық ісіну, анафилаксия, сарысу ауруына ұқсас синдром, аллергиялық васкулит
- қайтымды жоғары белсенділік және құрысулар
- гепатит, холестатикалық сарғаю
- Стивенс-Джонсон синдромы
| Балалар
Дене салмағы 40 кг-нан төмен болатын балаларда нәрестенің дене салмағына қарай дозалау қолданылады. Клавулан қышқылының артық дозалануына жол бермеу үшін Амоксициллин+Клавулан қышқылын енгізу арасындағы 4 сағаттық аралықты сақтау керек.
3 айға дейінгі балалар
Салмағы 4 кг-ға дейінгі балалар: әрбір 12 сағат сайын 50/5мг/кг.
Салмағы 4 кг-нан асатын балалар: жұқпаның ауырлығына байланысты, әрбір 8 сағат сайын 50/5мг/кг.
3 айдан 12 жасқа дейінгі балалар
Жұқпаның ауырлығына байланысты әрбір 6-8 сағат сайын 50/5мг/кг.
| Бактерицидтік антибиотиктер (соның ішінде аминогликозидтер, цефалоспориндер, циклосерин, ванкомицин, рифампицин) синергидтік әсер береді; бактериостатикалық дәрілік заттар (макролидтер, хлорамфеникол, линкозамидтер, тетрациклиндер, сульфаниламидтер) – қарама-қайшы.
Препаратты метотрексатпен бір мезгілде қолданғанда соңғысының уыттылығы жоғарылайды.
Дисульфираммен бір мезгілде қолдануға жол бермеген жөн.
Құрамында қан, протеиндер, липидтер, глюкоза, декстран, бикарбонат бар ерітінділермен фармацевтикалық тұрғыда үйлеспейді. Еккіште немесе инфузиялық құтыда басқа дәрілік заттармен араластыруға болмайды. Аминогликозидтермен үйлеспейді.
| Бактерицидті әсер береді, бактерия қабырғасының синтезін тежейді.
| Дәлелдеу деңгейі А
| Азитромицин
| Азитромицин
| Жүйелі қолдануға арналған бактерияға қарсы препараттар. Макролидтер. Азитромицин.
АТХ коды J01FA10
| 250 мг капсулалар
.
| Тыныс жолдарының және ЛОР-мүшелерінің жоғары бөлімінің инфекцияларында – синусит, тонзиллит, ортаңғы отит;
- тыныс жолдарының төменгі бөлімінің инфекцияларында – бактериялық және атипиялық пневмония, бронхит;
- тері мен жұмсақ тіндер инфекциялары;
- хламидиялар және/немесе гонококктар туындатқан несеп-жыныс жолдарының асқынбаған инфекциялары.
| -жоғары сезімталдық
-бауыр және бүйрек функциясының ауыр бұзылуы
-фруктоза жақпаушылығының, сахараза-изомальтаза тапшылығының немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы синдромының (құрамында сахароза болғандықтан) сирек кездесетін тұқым қуалайтын түрі
-фенилкетонурия (құрамында аспартам болғандықтан)
| Құсу,диарея,іш ауыру,жүрек айну,метеоризм,іш қату,холестатикалық сарғаю,гепатит,сезімталдық реакциясы,көру бұзылуы,кереңдік,бас айналу, дисгевзия, парестезия,құсу,қышыну, бөртпе,артралгия,қажу
| Дене салмағы 40 кг астам балалар 1 таблеткадан 375 мг тәулігіне 3 рет немесе тәулігіне 1 таблеткадан 625 мг 2-3 рет тағайындалады. Дене салмағы 40 кг төмен балалар үшін препаратты басқа дәрілік түрде (суспензия) тағайындау керек.Балалардың дозасы 3 күн бойы бір реттік тәуліктік доза түрінде 10 мг/кг құрайды.
| Антацидтер қабылдайтын пациенттерге бұл дәрілік заттарды бір мезгілде қабылдауға болмайды, қан плазмасында азитромициннің ең жоғары концентрациясы 25 %-ға төмендеген.
Нелфинавир: бірге қолдану қан сарысуында азитромицин концентрациясы жоғарылауын туындатады.
Цизапридті бір мезгілде қолдану QT аралығының ұзаруын, қарыншалық аритмия мен пируэтті тахикардияның артуын туындатуы мүмкін.
Варфаринмен антикоагуляцияны күшейтеді.
Гепаринмен фармацевтикалық қолданылмайды. Дигоксинмен оның концентрациясын жоғарлатады. .
| Бактериостатикалық әсері бар, бірақ қабыну ошағында жоғары концентрация болуы бактерицидті әсерін туындатады.
Әсер ету механизмі 50-S рибосомальді субъбірліктермен байланысу және пептидтер транслокациясының алдын алу жолымен бактерияларда протеин синтезін тежеуге негізделген.
| Дәлелдеу деңгейі А
| Цефтриаксон
| ЦЕфІІІ
| Бактерияға қарсы бета лактамды препарат.Үшінші буынды цефолоспориндер.Цефтриаксон
| Иньекция үшін ерітінді дайындауға арналған 250 мг, 500 мг ,1,0 г ұнтақ
| -Сепсис ,менингитте -Жоғарғы тыныс жолдарының инфекцияларында
-құрсақ қуысының инфекцияларынды
-сүйектердің, буындардың,жұмсақ тіндердің инфекцияларында
-бүйрек несеп шығару жолдарының инфекцияларында
-инфекциялардың операция алдындағы профилактикасы
| Жоғары сезімталдық,шала туған нәрестелер ,билирубиндік энцефалопатиямен туған нәресте,сарғаю,гипербилирубинемия, ацидоз бар мерзімі жетіліп туылған нәрестелер
| Эозинофилия лейкопения, тромбоцитопения,диарея ,бөртпе,бауыр ферменттерінің жоғарлауы.
| 6-14 жас-тамақ алдында немесе тамақтану кезінде сумен немесе жеміс шайымен 1капсуладан күніне 1рет,14жастан жоғары-1 капсуладан күніне 2-3рет. Сироп:3-7жас -5мл 1-2рет/тәул. Тамшы:5тамшы/кг 2-3рет/тәул.нәрестелер ге,төстегі балаларға,кіші жастагы балаларға.
| Рингер немесе Гартман ерітіндісі сияқты құрамында кальций бар ерітінділерді цеф 3 препаратын сұйылту үшін немесе ары қарай көктамыр ішіне енгізу үшін пайдалануға жол берлімейді, өйткені шөгінді түзілуі мүмкін.Пероральды антикоагулянттар мен препаратты бір мезгілде пайдаланғанда , К витаминнің тапшылығы артады, қан кету дамуы мүмкін.In Vitro зерттеулер кезінде препаратты хлорамфениколмен бір мезгілде қолданғанда антагонистік әсерлері білінеді.Ілмекті диуретиктердің көп дозаларын бір мезгілде қолданғанда бүйрек функцияларының бұзылулары байқалған жоқ..Амсаркинмен,ванкомицинмен,флуконазолмен үйлесімсіз.
| Грам теріс және грам оң бактерияларға әсер ету ауқымы кең. Жасуша мембаранасының синтезін төмендетеді.Бактериоцидтік әсер етеді. Жаңа туған нәрестелерде бүйрек арқылы 70 % шығады.
| Дәлелдеу деігейі А
| |
|
|