Созылмалы пиелонефрит. Реферат. Жіктемесі Аымы бойынша
Скачать 26.85 Kb.
|
Созылмалы пиелонефрит жедел нефриттен соң дамып, бүйрек тінінің склерозымен және оның бүрісіп қалуымен сипатталады. Даму механизмдері қарап созылмалы пиелонефриттің екі түрін ажыратады: 1) созылмалы обструктивті пиелонефрит; 2) созылмалы рефлюкстік пиелонефрит. Созылмалы обструктивтік пиелонефриттің дамуы несеп тас ауруында немесе уретра патологиясында байқалады. Несеп жолда-рында іркіліп қалған несеп бактериялардың өсіп-өнуі үшін және таралуы үшін өте қолайлы жағдай болып есептеледі. Созылмалы рефлюкстік пиелонефрит балалардың жас кезінен басталып, туа пайда болган везикоуретралдық немесе бүйрекішілік рефлюкске инфекцияның қосылуынан дамиды. Пиелонефрит сырқаты әйелдерде еркектерге қарағаңда бірнеше рет жиі кездеседі, бүл жағдай әйелдер уретрасының қьі£қалығьі-мен, инфекцияның қуыққа тез таралуымен түсіндіріледі. Аурулардың тең жартысында пиелонефрит бір бүйректе ғана дамиды. Бүйректің беті кедір-бүдырланып капсуласы қалындап қыртысты қабатпен жабысып қалады. Бүйрек түбекшесі де қалың-дап, склерозданады. Сырқат асқынғанда бүйректе некроз, экссудация үрдістері күшейеді. Микроскопией көргенде, бүйрек тініде склероз ошақтары, лимфоциттер мен плазмалы жасушалардан түзілген сіңбелер, бүйрек эпителиінің метаплазиясы байқалады (135-сурет). Кейде бүйректе сырты қалың қабықпен оралган созылмалы абсцестер табылады. Бүйрек өзектерінде әртүрлі дистро-фиялық, атрофиялық өзгерістер, олардың ішінде қоюланган эозинофильді массалар жиналып, көрінісі қалқанша без түзілісіне үқсап қалады ("қалқанша без тәрізді бүйрек"). Созылмалы пиелонефриттің морфологиялық ерекшеліктеріне олардың біржақтылығы, осыган байланысты бүйректердің әртүрлілігі, үлкенді-кішілігі, бүйрек түбекшесінің деформаци-ясы мен склерозы жатады. Асқыну турлері. Пиелонеф-рит-тің асқыну түрлеріне мына-лар жатады: 1) бүйректің созылмалы абсцесі; 2) бірнеше абсцестер қосылып карбункул тузыуі; 3)пионефроз Жіктемесі: 1. Ағымы бойынша: жіті, созылмалы. 1.1. Асқынған (дамудың туа біткен ақауы көрсетілсі); 1.2. Асқынбаған. 2. Бүйрек функциясының жағдайы бойынша – бүйректік созылмалы ауруының халықаралық жіктемесі (БСА), K/DOQI: - І стадия, ШФЖ (шумақтық фильтация жылдамдығы) – ≥ 90 мл/мин; - ІІ стадия, ШФЖ – 89-60 мл/мин; - ІІІ стадия, ШФЖ – 59-30 мл/мин; - IV стадия, ШФЖ – 29-15 мл/мин; - V стадия, ШФЖ –15 мл/мин аз (ТХПН). Қауіп-қатерлі факторлар Қауіп-қатерлі факторлар Макроорганизм тарапынан: 1. Иммундық тапшылық жағдайлары. 2. Тұқым қуалау бейімділігі. 3. Бүйрек дамуы мен несеп шығару жолдарының ауытқулары, тастар. Микроорганизмдер вируленттілігі факторлары: 1. Адгезивлығы. 2. Токсикалығы. 3. Госпиталды штамдар. Диагностикасы Диагностика критерилері Шағымдар мен анамнез: 1. Температураның жоғарылауы. 2. Бел аумағындағы ауырсыну. 3. Макрогематурия эпизоды (ТИН). 4. Әлсіздік, шаршағыштық. Физикалық тексеру: 1. Уыттану. 2. Қызба. 3. Бүйрек прооекциясында пальпация кезінде ауырсыну. 4. Беттің, тізенің ісінуі. 5. Тері жабындыларының бозғылттығы. Инструменталдық зерттеулер: 1. Бүйректі УДЗ: туабіткен даму ақаулары, киста, тастар. 2. Цистография - қуықтық-зəрағарлық рефлюкс немесе антирефлюксті операциядан кейінгі жағдай. 3. Нефросцинтиграфия – бүйрек паренхимасының зақымдалу ошағы. 4. Тубулоинтерстициальді нефритте – бүйректің диагностикалық пункциондық биопсиясы. Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер: 1. Ауыз қуысы, мұрынжұтқыншақ жəне сыртқы жыныс ағзаларының инфекциясын санациялау үшін - ЛОР-дəрігер, стоматолог, гинеколог. 2. Аллергия көріністері болса - аллерголог. 3. Микроқантамырлар өзгерістерін бағалау үшін - окулист. 4. Айқын артериалдық гипертензия, ЭКГ тарапынан өзгерістер жəне басқалар - кардиолог консультациясы үшін көрсетімдер болып табылады 5. Вирусты гепатиттер, зоонозды жəне құрсақішілік жəне өзге инфекциялар кезінде – инфекционист. Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі Негізгі диагностикалық шаралар тізімі: 1. Жалпы қан анализі. 2. Жалпы зəр анализі. 3. Зəрдің бак. себіндісі. 4. Креатинин, қалдықтық азот, мочевинаны Шварц формуласы бойынша шумақтық фильтрация жылдамдығын есептеп анықтау: бойы см х коэффициент ТСЖ, мл/мин = -------------------------------------------- Қан креатинині, мкмоль/л Коэффициент: Жаңа туғандарда 33-40 Жасөспірімге дейінгі 38-48 Жасөспірімнен кейінгі 48-62 5. Зимницкий бойынша зəр анализ. 6. Бүйрек, қуық, құрсақ қуысы ағзаларының УДЗ. Қосымша диагностикалық шаралар тізімі: 1. Зимницкий сынамасы. 2. Жалпы белок, белок фракцияларын, С-реактивті белокты анықтау. 3. АЛТ, АСТ, холестерин, билирубин, жалпы липидтерді анықтау. 4. Калий/натрий, хлоридтер, темір, кальций, магний, фосфорды анықтау. 5. Қышқылдық-негіздік жағдайды зерттеу. 6. Микционды цистография. 7. Нефросцинтиграфия. 8. Тубулоинтерстициальді нефрит кезінде бүйректің диагностикалық пункциялық биопсиясы. 9. Құрсақішілік, зоонозды инфекцияға ИФА. 10. Зəрдегі бета 2- жəне альфа1-микроглобулинді анықтау. 11. Аддис-Каковский бойынша зəр анализі, коэффициент белок/креатинин. 12. Бүйрек қантамырларының допплерометриясы. 13. Гельминттер жұмыртқасына қырынды алу. Лабораторлық зерттеулер Лабораторлық зерттеулер: 1. Лейкоцитурия, аздаған протеинурия (β2 микроглобулин). 2. Бактериурия 105 микробты денелер 1 мл зəрде жəне жоғары. 3. Бүйректің концентрациялы функциясының төмендеуі. 4. Анемия. Дифференциалды диагноз Дифференциалды диагноз
Емдеу тактикасы Емдеу тəсілі Ем мақсаты: 1. Бүйрек инфекциясын жою. 2. Ауруды тудыратын факторларды жою. 3. Бүйрек қызметін қалпына келтіру. 4. Үдемелі нефропатия кезінде нефропротективті терапия. Дəрі-дəрмексіз ем: диета №5, №7 жіті жəне үдеу кезеңінде, қорғаушылық режим. Дəрі-дəрмектік ем: 1. Ингибиторлы қорғалған аминопенициллины: амоксициллин* + клавулон қышқылы - 3 айдан - 12 жасқа дейінгі балаларға тағайындалады, 20-40 мг/кг/тəу 3 рет қабылдауға, - 12 жастан жоғары балаларға – 375-625 мг тəулігіне 3 рет; ампициллин/сульбактамгназначают 50 мг/кг/тəу 2 рет қабыладуға. 2. II-III-IV буынды цефалоспориндер: - цефотаксим* 1 айдан жоғары балаларға – 50-100 мг/кг/тəу парентералды 2-3 енгізуге; - цефтриаксон* - 20-75 мг/кг/тəу 1-2 енгізуге, цефоперазон* - 50-100 мг/кг/тəу 2-3 енгізуге; - цефоперазон* - 50-100 мг/кг/тəу 2-3 енгізуге; - цефуроксим 10-100 мкг/тəу 2 енгізуге; - цефепим *– 2 айдан жоғары балаларға 50 мг/кг/тəу 3 рет енгізуге; - цефаклор моногидрат 250/5,0 немесе капс. 500 мг. 5 жастан жоғары балаларға тағайындалады. Альтернативті дəрі-дəрмектер: - аминогликозидтер* ( 7-10 күннен артық емес): нетилмицин* 5 мг/кг/тəу 1-2 енгізуге; - гентамицин* 3-5 мг/кг/тəу 1-2 енгізуге; - карбапенемдер: имипенем* 1 айдан жоғары балаларға 60-100 мг/кг/тəу 3-4 енгізуге; - меропенем* 3 айлық жастан бастап 10-12 мг/кг/тəу 3 рет енгізуге; 3. Ұзақ мерзімді, көптеп антибиотикпен емдеу кезінде микозды емдеу жəне алдын алу үшін 5 жастан жоғары балаларға ауыз арқылы итраконазол ерітіндісі 5 мг\кг\күніне есебінен тағайындалады. - Негізгі емдік курсының ұзақтығы 14 күн: басында дəрі-дəрмек эмпириялық, содан кейін – флораның сезімталдығы бойынша таңдалады. Антибиотиктер парентералды немесе парентералды + пероралды түрде енгізіледі; - Зəр анализінің толық қалпына келтірілгенінен соң қолдаушы ем жүргізіледі: нитрофуран -1/3 тəуліктік дозасы, 1 рет түнге карай 2 ай бойы қабылданады. Негізгі жəне қосымша дəрі-дəрмектер тізімі Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі: 1. *Амоксициллин / клавуланат 500 мг / 125 мг, 875 мг / 125 мг; флаконда 500 мл / 100 мг ұнтақ дайындайды, вена ішілік енгізуге. 2. *Цефотаксим 250 мг, 500 мг, 1 000 мг, флаконда, иньекциялық ерітіндіні дайындауға арналған ұнтақ. 3. *Цефтриаксон 250 мг, 500 мг, 1 000 мг, флаконда, иньекциялық ерітіндіні дайындауға арналған ұнтақ. 4. *Цефуроксим 250 мг, 500 мг, табл.; 750 мг, флаконда, иньекциялық ерітіндіні дайындауға арналған ұнтақ. 5. Цефуроксим аксетил - ішуге, суспензия дайындауға араналған гранулалар, флаконда 125мг / 5мл, қапталған таблеткалар 125 мг, 250 мг 6. Цефтазидим – инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ, флаконда 500 мг, 1 гр, 2гр. 7. *Цефепим 1 000 мг, иньекциялық ерітіндіні дайындауға арналған ұнтақ. 8. *Имипенем 500 мг, амп., иньекцияларға араналған ұнтақ. 9. * Фурагин50 мг, табл. 10. *Итраконазол ауыз арқылы қабылданатын ерітінді 150 мл – 10 мг\мл. Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі: 1. Ампициллин / сульбактам 750 мг инъекцияларға арналған. 2. *Нетилмицин 50 мг/мл, амп. 3. *Гентамицин 40 мг/мл, 80 мг/2 мл, амп. 4. *Меропенем 500 мг, амп., иньекцияларға арналған ұнтақ. 5. Цефаклор 250 мг / 5мл; 500 мг капс. Ем тиімділігінің индикаторлары: - лейкоцитурия, бактериурияның жоғалуы; - гомеостаз көрсеткіштерінің қалпына келуі; - асқынулардың болмауы жəне басылуы. * – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар. Алдын алуы Профилактикалық шаралар Ремиссия кезеңінде: қауіп-қатерлі факторларын жоюға дейін (ПМР жоғалуы) антибактериалды дəрі-дəрмектерінің қолдаушы дозаларымен антибактериалды дəрі-дəрмегімен емделуі жалғасады. Əрі қарай жалпы профилактикалық шаралар: - жеткілікті түрде су ішу жəне несептің шығарылу режимі. - интеркуррентті аурулардың алдын алу. - іш қатудың алдын алу. - зəрдің жəне бак. себіндісі анализіне жүйелі түрде бақылау жасау. Әрі қарай жүргізу, диспансерлеу принциптері: Реабилитация: ремиссия. Бүйректің фильтрациялық, концентрациялық функцияларын, зəр анализін, артериалдық қысмды бақылау, бүйректі УДЗ, бүйрек нефросцинтиграфиясы. |