Главная страница
Навигация по странице:

  • Дамуында бұзылуы бар балалар

  • Денсаулық мүмкіндігі шектеулі балалар

  • Білім алу қажеттілігі ерекше балалар

  • Арнайы психологияның негізгі міндеттері

  • Арнайы психологияның сүйенетін қағидалары

  • Арнайы психологияның зерттеу салалары: Олигофренопсихология

  • Психикалық дамуы тежелген балалар психологиясы

  • Тифлопсихология

  • Тірек-қимыл зақымданған балалар психологиясы

  • ДӘРІС АРНАЙЫ ПСИХОЛОГИЯ. Дріс 1 Арнайы психология пні, міндеттері мен дістері. Жоспар


    Скачать 19.71 Kb.
    НазваниеДріс 1 Арнайы психология пні, міндеттері мен дістері. Жоспар
    АнкорДӘРІС АРНАЙЫ ПСИХОЛОГИЯ
    Дата22.10.2021
    Размер19.71 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаДәріс 1.docx
    ТипДокументы
    #253128

    Дәріс №1: Арнайы психология пәні, міндеттері мен әдістері.

    Жоспар

    1. Арнайы психологияның пәні мен міндеттері.

    2. Арнайы психологияның зерттеу салалары.

    3. Арнайы психологияның баска ғылымдармен байланысы.


    Арнайы психология – психикалық және дене бітімі жағынан кемістіктері бар ересек адамдар мен балалардың психикалық даму заңдылықтарын және психикалық қызметтерінің өзіндік ерекшеліктерін зерттейтін психология ғылымының дербес саласы.

    Арнайы психологияның жеке бағыттары: кемақылдар психологиясы (олигофренопсихология), саңыраулар мен нашар еститіндер психологиясы (сурдопсихология), соқырлар мен нашар көретіндер психологиясы (тифлопсихология), психикалық дамуы тежелген (ПДТ) балалар психологиясы, логопсихология, мінез-құлқы бұзылған балалар психологиясы, қимыл-тірек аппараты зақымданған (ТҚАЗ) балалар психологиясы, ерте жастағы балалар аутизмі бар (ЕЖБА) балалар психологиясы, күрделі даму бұзылуы бар балалар психологиясы.

    Арнайы психология пәні ерекше оқытуды қажет ететін балалардың психикалық дамуы болып табылады.

    Арнайы психология объектісітуа біткен және жүре пайда болған психикалық және дене бітімі дамуында ауытқуы бар балалар.

    Нормативтік-құқықтық құжаттамада арнайы білім беру жүйесіне жататын балалардың контигентін анықтайтын бірнеше ұғымдар бар.

    Дамуында бұзылуы бар балалар – бұл әр түрлі немесе бірнеше анализаторлардың (көру, есту, қимыл-қозғалыс, сөйлеу) қызметіндегі бұзылулар салдарынан, сондай-ақ, ОЖЖ органикалық зақымдануы салдарынан психикалық және дене бітімдік дамуында тежелуі (бұрмалануы) бар балалар.Термин психологиялық - педагогикалық әдебиетте арнайы білім беруді қажет ететін балалар категориясын ажырату үшін қолданылады.

    Денсаулық мүмкіндігі шектеулі балалар – бұл дамуындағы кемістіктер әлеуметтік жеңілдіктер мен жәрдемақы алуға мүмкіндік беретін, яғни бинефицитарлық статусқа ие балалар. Дәстүрлі терминологияда бұл балаларды мүгедек балалар деп атайды.

    Білім алу қажеттілігі ерекше балалар- бұл білім беруде арнайы коррекциялық көмекті қажет ететін балалар. Арнайы білім беру жағдайы тек қана арнайы мекемелерде ғана емес, жалпы білім беретін мектептер мен балабақшаларда да болуы мүмкін.

    Арнайы психологияның негізгі міндеттері :

    1.Даму кемістігі бар балалар мен қалыпты дамып келе жатқан баланың психикалық дамуындағы негізгі заңдылықтарды ашу.

    2.Даму кемістігі бар баланың әртүрлі категорияларының психикалық даму ерекшеліктерін қарастыру.

    3. Кеміс баланың даму механизмін анықтау. Бала дамуындағы механизмнің бұзылу тегін, уақытын, тереңділігін анықтау.

    4. Дамудағы кемістіктерге байланысты өзіндік ерекшеліктерді анықтау.

    Арнайы психологияның сүйенетін қағидалары:

    1. Объективтілік қағидасы психикалық көріністерді зерттейді; демек ғылыми негізделген дәйектерге сүйену және зерттеу нәтижелерін логикалық тұрғыдан талдау және қазіргі заманғы психологиялық теорияға сүйену.

    2. Кешенділік қағидасы – дәрігерлік тексеру, психологиялық тексеру және педагогикалық тексеру болып табылады.

    3. Жоспарлылық қағидасы – баланы жүйелі түрде зерттеу.

    4. Детерминизм қағидасы –кез келген құбылыстың өзіндік себептері бар деген қағиданы ұстану.

    5. Кеміс дамудың себептерін есепке алу қағидасы.Бұл даму кемістігі бар балалардың психикалық дамуындағы ерекшеліктердің себептерін анықтау қажеттілігі.Ол үшін кемістіктің құрылымы, тегі және тереңдігі туралы медициналық білім, психологиялық-педагогикалық мәліметтер қажет.

    6. Генетикалық қағида – динамикада, яғни баланың психикасын жалпы даму барысында, іс-әрекет барысында зерттеу.

    7. Әлеуметтік және биологиялық даму деңгейінің өзара байланысын есепке алу қағидасы.Яғни бала дамуына әлеуметтік ортаның әсер етуі және керісінше.

    8. Талдау- жинақтау (анализ-синтез) қағидасы. Л.С. Выготский ілімі бойынша, алғашқы кемістікті есепке алу, негізгі симптомдар және психикалық қосымша асқынулар немесе туынды кемістіктерді талдау.


    Арнайы психологияның зерттеу салалары:

    1. Олигофренопсихология- ақыл-ой кем балалардың танымдық әрекет динамикасын және жеке тұлғалық ерекшеліктерін зерттейтін саласы.

    2. Психикалық дамуы тежелген балалар психологиясы- түзету-дамыту жұмыстарының көмегімен психикалық дамудағы тежелуді жеңілдету немесе мүлдем жою.

    3. Сурдопсихология- есту қабілетінің кемшілігі бар адамдардың психикалық дамуының өзіндік ерекшеліктерін зерттейді.

    4. Тифлопсихология- көру қабілетінің кемшілігі бар адамдардың психикалық дамуының өзіндік ерекшеліктерін зерттейді.

    5. Логопсихология- сөйлеуінде кемшілігі бар адамдардың психикалық ерекшеліктерін зерттейді.

    6. Тірек-қимыл зақымданған балалар психологиясы- қимыл-қозғалыс дамуы қалыпты және бұзылған балалардың психикалық даму заңдылықтарын зерттейді.

    7. Ерте жастағы балалар аутизмі бар балалар психологиясы- эмоционалды-ерікте саласының бұзылуы.

    8. Күрделі даму бұзылуы бар балалар психологиясы - екі немесе одан да көп бұзылуы бар адамдардың психикалық дамуын зерттейтін саласы.


    Арнайы психология пәнаралық ғылым болғандықтан, оның басқа ғылымдармен байланысын Усанова О.Н. екі деңгейде қарастырды:

    • Бірінші деңгейі- ішкі психологиялық байланыстар, жалпы психология, жас ерекшелік психология, клиникалық психология, педагогикалық психология.

    • Екінші деңгейі- сыртқы психологиялық байланыстар, философия, әлеуметтану, медицина, педагогика және т.б. адам туралы ғылымдар тұрғысынан қарастыру.


    Негізгі әдебиеттер:

    1.Қ.С.Тебенова, А.Р.Рымханова Арнайы психология Алматы, 2011ж

    2.Сорокин В. М. Специальная психология: Уч.пособие (Под науч. ред. Л. М. Шипицыной). - СПб.: Речь, 2003.

    3.Специальная психология / Под ред. В. И. Лубовского. 2-е изд., испр. – М.: Изд. центр «Академия», 2005.

    4.Сулейменова Н. А. Диагностика психического развития в раннем возрасте. - Алматы, 2000.

    5.Тебенова Қ. С. Дамуында ауытқулары бар балалар. - Қарағанды, 2003.


    написать администратору сайта