Казакша психология. 56 Психология. 1. Жалпы жне жас ерекшелік психологиясы туралы жалпы тсінік
Скачать 121.06 Kb.
|
1.Жалпы және жас ерекшелік психологиясы туралы жалпы түсінік Жалпы психология – психология ғылымының іргелі теориялық және эксперименталды категорияларын, жалпы заңдылықтарын, әдістерін және түсініктерін зерттейтін психология бөлімі. Жалпы психология қалыпты ересек адамның психикалық қызметінің неғұрлым жалпы заңдылықтарын зерттейді. Сондай ақ ғылымның негізгі принциптері, оның әдістері, психологияның әр саласында өткізілген зерттеулер негізінде талданып қорытылған және абстракцияланған ұғымдар жүйесі де жалпы психологияның мазмұны болып табылады. Сонау Аристотель мен әл-Фараби, Абай Құнанбаев, Жүсіпбек Аймауытов еңбектерінде жалпы психологияның мәселелері үш топқа бөлінген. Олар: танымдық процестер: зейін, түйсік, қабылдау, елес, ес, ойлау, сөйлеу, қиял; сезім-эмоция мәселелері ерік-жігер, қажыр-қайрат мәселелерін баяндайды. Жас ерекшелігі психологиясы - адамның психикалық процестерімен психологиялық қасиеттерінің уақытқа қарай өзгеру онтоногенезін зерттейді. Жас ерекшелік психологиясы фундаменталды теориялық пән бола отырып, мынадай мәселелерді қарастырады: адамның психологиялық және жекелік даму деңгейлерін,олардың статистикалық жас ерекшелік даму нормаларына сәйкестігін, әр түрлі факторлардың психика мен адамның жасаралық дамуына әсерін талдау, онтогенездегі әр түрлі өмір этаптарындағы адамның психикалық даму жолын болжау,т.б. 2. Жалпы және жас ерекшелік психологиясындағы зерттеу әдістері. Психологияның зерттеу әдістері - психологияда қолданатын әдістері мен әдістерінің арысындағы байланыс. НЕГІЗГІ: Бақылау әдісі – әр түрлі табиғи жағдайда жеке тұлғаның іс-әрекеті мен қылықтарын қабылдаудың негізінде мақсатты зерттеу. Бақылау табиғи жағдайда жүргізіледі. Ескеретін мәселе, бақылау жүргізілген кезде сол қадағалау нысаны болып отырған адам бақылау жүргізіліп жатқанын білмеуі керек, егер сезген жағдайда шынайылық жоғалады. Аралас бақылау зерттеушінің зерттеуші топпен етене жақын қатынастар әрекетінде болуы. Сырттай бақылау әлеуметтік психологиялық құбылыстарды шеттен, зерттеуші адам не топпен қарым қатынасқа түспей ақ зерттеп, мәліметтерді жинақтайды. Өзіндік бақылау (интроспекция) адамның өзін өзі бақылап, өзінің ішкі жан дүниелік үдерістерін тану жолы. Эксперимент әдісі - Егер бақылауда зерттеуші өзін қызықтыратын психикалық үрдістердің байқалуын бейжай күтетін болса, ал экспериментте зерттеуші өзіне қажетті жағдайда жасайды. Эксперименттің барысында арнаулы құралдар мен аппараттардың көмегімен психикалық үрдістер өзгерістерінің уақытын дәл көрсетуге болады, мәселен, жауап беру (реакция), оқу, еңбек, дағдылардың қалыптасу жылдамдығы. Зертханалық эксперимент арнайы ұйымдастырылып, құралдар мен аспаптарды қолдану арқылы жүргізіледі. Зертханалық эксперимент адамның психикалық ерекшеліктерінің физиологиялық тетігін зерттеуде ерекше. Бұл әдіс жекелеген таным үрдістері мен психикалық қалыпты тиімді зерттеу үшін қолданылады, ең алдымен, түйсіктер, қабылдау, ес, зейін зерттеледі. Мәселен, қабылдаудың жылдамдығы, зейіннің көлемі, ес ассоциациясының ерекшелігі қарапайым немесе электрондық тахистас көп сияқты құралдар көмегі пайдаланылады. Табиғи эксперимент – еңбек, оқу қарым қатынастың әдеттегі жағдайларда жүргізіледі, ал адам өзінің эксперименттік сыналуында екенін сезбейді. ҚОСАЛҚЫ: тест, анкета, сауалнама, математика статистикалық, тренинг, іс әрекет нәтижесін талдау 3 .Қазіргі жалпы және жас ерекшелік психологиясындағы ғылым салалары Жалпы психология – психология ғылымының іргелі теориялық және эксперименталды категорияларын, жалпы заңдылықтарын, әдістерін және түсініктерін зерттейтін психология бөлімі. Жас ерекшелігі психологиясы - адамның психикалық процестерімен психологиялық қасиеттерінің уақытқа қарай өзгеру онтоногенезін зерттейді. Жас ерекшелік психологиясының мынадай салалалары бар: Балалар психолоиясы Жасөспірім психологиясы Балаң жас психологиясы Акмеология (кемелдік ) Геронтопсихология ( кәрілік) «Қиял түрлері мен формалары» кестесін құрастыру.
Қабылдаудың негізгі қасиеттерінің әртүрлі өміріндегі және кәсіби жағдайларындағы көріністердің мысалдарын келтіріңіз. Қабылдау – бұл заттар мен құбылыстардың өздеріне тән белгілерінің мәнін түсінуден оларды тікелей тұтас күйінде сезімдік бейнеге түсіру. Қабылдаудың қасиеттері:Тұтастығы: Заттарды қабылдағанда біз оны белгілі бір құрамға ие тұтас зат деп түсінеміз. Мысалы: телефон арқылы сӛйлескенде кейбір дыбыстарды шала естісек те, әңгіменің мағынасын түсінеміз. Егер «Қыз Жібек» операсындағы «Гакку» ариясының бір бӛлшегін құлағымыз шалса да біз «Гакку» әнін толық қабылдайтын боламыз. Тӛрт аяқты столдың суретте 3 аяғы салынса да, оның 4-ші аяғын елемей, 4-аяқты стол есебінде қабылдаймыз. Қабылдаудың мағыналылығы мен жалпылау. Адам ӛзі үшін белгілі маңызы бар заттарды қабылдағанда, мысалы: ӛзіміз түсінбейтін тілде сӛйлеген сӛзді мүлдем ұқпайтын болсақ, азын – аулақ хабарымыз бар тілді шала – шарпы қабылдаймыз. Мысалы: кӛпшілік арасынан таныс адамды бірден тану, кӛп киімнің ішінен ӛз пальтоңды бірден тану оңай болдаы. Әрбір жеке заттарды немесе құбылыстарды қабылдаумен бірге біз оларды жалпылап, ұқсас заттардың тобына енгізіп, жіктеп, топтап отырамыз. Мысалы: біз шортанды қабылдағанда, оның балық екенін еске алып, балық тобына қосып қабылдаймыз. Қабылдаудың таңдамалылығы.Адамға әсер ететін заттар мен құбылыстардың молдығы сонша біз олардың барлығын бірдей бір мезгілде қабылдап, жауап қайтара алмаймыз.Толып жатқан объектінің ішінен біреуін іріктеуіміз (оның қасиетін, сапасын) қабылдаудың таңдамалылығы делінеді. Қабылдаудағы зат пен фон. Мұғалім оқушылардан үй тапсырмаларын сұраған кезде оған бір баланың жауабы ерекше ұнайды. Бұған ол аса зейін қояды. Сонда мұғалімнің объектісі сол бала болады, қалғандарының жауабы жӛнді еленбейді. Жаңағы жауап берген баланың жауабы, қабылдаудың заты, ал қалғандарыныкі соның фоны болады. Осы жағдайды мына сурет жақсы кӛрсетеді. Мәселен, мұндағы суреттің бірінде қара түстегі 2 адамның профилі байқалады, ақ түс жай кӛрініс деп қабылданады; ал екінші жағдайда керісінше. Осы суреттегі ақ ваза затқа айналады да; оның тӛңірегіндегі қара түс фон болады. Мұнда фон мен заттың орны ауыстырылып отыр. Қабылдаудың заты мен фоны жылжымалы. Қабылдау заты болған нәрсе қажет болмай қалса, фонмен құйылысып кетеді, фондағы нәрсенің бірі белгілі бір уақытта қабылдаудың затына айнала алады. Қабылдаудың тұрақтылығы (константтылығы).Константтылық деп сыртқы жағдайдың ӛзгеруіне қарамастан, заттардың кейбір қасиеттерінің бірқалыпты болып қабылдануын айтады. Мысалы: ақ қағазға жасыл лампочканың жарығы түссе де, қызыл лампочканың жарығы түссе де бәрі бір ақ болып қабылдана береді. Жас ерекшелік психологиясының әдістері. «Даму», «Оқыту» терминдеріне түсіндірме. «Әдіс» сөзі ғылыми білім жүйесін түзу мен негіздеудің жолын біл- діреді, сонымен бірге болмысты тәжірибелік және теориялық тұрғыдан игерудің тәсілдері мен қимыл-әрекеттер тобын танытады. Кейбір басқа да ғылымдардағыдай, психологиядағы зерттеу әдістерінің негізгілері – бақылау және эксперимент. Бақылау – зерттеудің ғылыми әдісі – деректі суреттеп баянда- удан оның ішкі мәнін түсіндіруге өту үшін қажет. Бақылау әдісінің негізгі тиімділігі – психикалық үдерістерді табиғи жағдайларда зерттеу мүмкіндігінің мол болуы. Араласа бақылау – зерттеушінің зерттелуші топпен етене жақын қатынастар әрекетінде болуы. Сырттай бақылау – әлеуметтік-психологиялық құбылыстарды шеттен, зерттелуші адам не топпен қарым-қатынасқа түспей-ақ зерттеп, мәліметтер жинақтау. Өзіндік бақылау (интроспекция) – адамның өзін-өзі бақылап, өзінің ішкі жан дүниелік үдерістерін тану жолы. Эксперимент - психологиялық деректердің ашылуына жағдайлар жасау мақсатында зерттеушінің сыналушы адамның не топтың іс- әрекетіне белсенді араласуы. Зертханалық эксперимент – арнайы жағдайларда жүргізіледі, арнайы жабдықтар пайдаланылады, сыналушының әрекеттері нұсқаулармен белгіленеді, сыналушы экспериментке түсетінін біледі, бірақ оның толық мәнін аңғармауы да ықтимал. Табиғи эксперимент – еңбек, оқу, қарым-қатынастың әдеттегі жағдайларында жүргізіледі, ал адам өзінің эксперименттік сыналуда екенін сезбейді. Тестілеу әдісі – адамның белгілі психикалық сапаларын сынақтан өткізіп, анықтау. Психологиялық тест – сыналушының жеке басының кейбір ерек- шеліктерін анықтау үшін орындалатын, әдетте, қысқа мерзімді шағын стандартты сынақ тапсырмалары беріледі. Құжаттарды талдау әдісі – адамның қызмет, іс-әрекеттік өнімдерін талдауға арналған жалпы психологиялық әдістердің бір түрі. Құрастырып жобалау әдісі – осы күнгі психологиялық зерттеулер- де кең қолданымдағы жалпы ғылымдық әдіс. Оның мәні – психикалық құбылыстарды таңба күйіне келтіру немесе адам іс-әрекеттерінің әрқилы түрлерін жасанды құрастырылған ортада ұйымдастыру. Сауалнама әдісі – әлеуметтік-психологиялық зерттеулерде кең қолданылатын әдіс. Оның мәні – объектив не субъектив деректер жөнінде сауалға тартылған адам аузынан ақпар топтау. Өмірнамалық әдіс – кейінгі уақыттары тұлғаны зерттеуде көп қолданылатын әдістердің бірі. Мұнда жеке адамның қалыптасуындағы өзекті жағдаяттар, оның өмір жолы, дамуындағы дағдарысты кезеңдер, әлеуметтенуіндегі ерекшеліктер анықталады. Даму - жүйені немесе оның элементтерін өзгертудің қайтымсыз, табиғи процесі . Өзгеріс көзі әрқашан объектінің ішінде жатыр, ал оның нәтижесі өзгермелі объектінің сапалы жаңа күйі: жаңа ішкі байланыстардың пайда болуы немесе ескілерінің түрленуі.Даму әрқашан бір күйден екінші күйге, қарапайымнан күрделіге, ескіден жаңаға өту болып табылады. Білім беру(Оқыту) – оқушылардың білімді, іскерлік пен дағдыны меңгерудегі, шығармашылық қабілеттері мен моральдық этикалық көзқарастарын дамытудағы белсенді оқу-танымдық қызметін ұйымдастыру мен ынталандырудың мақсатты педагогикалық процесі. «Ойлау түрлері, олардың ерекшеліктері» схемасын құрастырыңыз. Ойлау – адамның танымдық әрекеті, ол шындықты бейнелеудің делдалдық және жалпылама тәсілі. Ойлаудың өнімі – ой, мағына, ұғым түрінде болады. Ойлау дегеніміз – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс - қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнелеуі. Ойлау түрлері: тәжірибе - әрекеттік ойлау – мәселені шешу жағдаятын шынайы түрлендіретін бақыланатын қозғалыстық әрекет арқылы іске асатын ойлау түрі. Көрнекті – бейнелік ойлау – жағдаятты тек бейне жоспарында ғана түрленетін ойлау түрі. Сөз логикалық (пайымдаушы) ойлау тілдің және тілдік құралдардыңкөмегімен шығарылатын ұғымдарды, логикалық құрылымдарды пайымдаумен сипатталатын ойлаудың негізгі түрлерінің бірі. Әр түрлі темперамент адамдарымен өзара әрекеттесу бойынша ұсыныстар жызыңыз. Темперамент- бұл қарым- қатынанс жасау барысындағы сыртқы ортаға, айналадағы жағдайға деген психикалық реакцияның сипаты. Холериктер - жарылғыш темпераменті бар адамдар, олар импульсивті және теңгерімсіз, сондықтан олармен тіл табысу қиын. Егер сіз холерик адаммен жұмыс жасасаңыз, әсіресе сіз оның бастығы болсаңыз, онда бұл адамның энергиясы көп екенін есте ұстаған жөн, одан тамаша нәтижелерге жету үшін оны ынталандырудың қажеті жоқ (ол кез келген нәрсені қабылдайды) қысым теріс). Керісінше, оған үнемі үзіліс беру керек, әйтпесе ол жүйке шаршауымен жұмыс істейді. Сангвиник адамдар көпшіл, олар басқа адамдармен қарым-қатынас ауадай қажет деп айта аламыз. Сонымен қатар, сангвиниктермен адекватты қарым-қатынас жасау үшін олардың мимикасын мұқият қадағалаңыз - барлық эмоциялар олардың беттерінде жазылған. Тиісті бақылау арқылы сіз мұндай адамның сіз туралы шынымен не ойлайтынын тез анықтайсыз, сонымен қатар оның әңгіме тақырыбын қашан өзгерткісі келетінін және онымен не туралы мүлдем сөйлеспеген дұрыс екенін дәл анықтайсыз. Меланхоликтер - ең осал адамдар, олар мұндай адамдар туралы жақсы психикалық ұйымы бар адамдар деп айтады. Олар өздерімен және айналасында болып жатқан барлық нәрсені өткір қабылдайды, содан кейін олар ұзақ уақыт бойы, тіпті ең маңызды емес себептермен алаңдайды. Сіз меланхоликтерге айқайлай алмайсыз, олар қатты және қатты дыбыстарға шыдамайды, тек оларға ғана емес, сонымен бірге оларға қамқорлық жасайтындарға да бағытталған жағымсыз хабарламалар сияқты. Бұл адамдар басқалардың сынынан және қанағаттанбауынан қорқады, сондықтан оларға көбірек адалдықпен қарау керек, ал егер әлі де айыптау қажет болса, оны тікелей айыптаусыз жұмсақ орындауға тырысыңыз Флегматикалық адамдар көбінесе басқаларға немқұрайлы және суық болып көрінеді, оларда әрдайым дерлік жеке тұлға бар , сондықтан бұл әлемде ештеңе оларды алаңдатпайтын сияқты. Флегматикалық адамдармен дәл тіл табысу қиын, өйткені сіз олардың басында не болып жатқанын және не сезінетінін ешқашан білмейсіз. Дегенмен, бұл адамдармен функционалды қарым-қатынас жасауға көмектесетін бірнеше құпиялар бар. Есіңізде болсын, олар әдетте консервативті, сондықтан сіз олардан барлық жаңалыққа дереу реакцияны талап етпеуіңіз керек - олар өзгерістерге үйрену және олармен келісімге келу үшін көп уақытты қажет етеді 9. Іс-әрекеттің психологиялық сипаттамалары. Адам іс-әрекетінің негізгі түрлері. Іс-әрекет – жалпы адамзаттың тәжірибе негізінде саналы белгіленген мақсаттардың іске асуымен болатын болмысты меңгерудің адамдық әдіс-тәсілі. Еңбектік іс-әрекет – адам қажеттерін қамсыздандыру мен әрқилы құндылықтар жасау мақсатында табиғат, заттасқан және рухани өмір дүниелерін белсенді өзгеріске келтіру үдерісі. Еңбектік іс-әрекетті психологиялық тұрғыдан зерттеу аймағы – бұл адамның еңбектік белсенділігін және оның тұлғалық қасиеттерін реттеуші психикалық процестер, жағдаяттар, қалыптар. Тұлға қасиеттері еңбек әрекетінің ерекшелігін анықтайды және оның барысында өзгеріп барады. Ойын іс-әрекет – адамдар әрекеті мен өзара қатынастарының тектік әдістері, бекіген іс-әрекеттің ерекшеленген түрі; бала ойын барысында адамзат жинақтаған қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің ақыл-ес (когнитивті), тұлғалық және адамгершілікті дамуын қамтамасыз етеді. Бала үшін рольдік ойындар өте маңызды. Ойнай жүріп, сәби ересектер роліне еніп, заттарды өз мәніне сәйкестендіре қолданады. Әлеуметтік талаптарды рольдік ойындар арқылы меңгеруден бала тұлғасының әлеуметтенуі жеделдеседі, сеп-түрткілік және қажеттілік аймағы жетіле түседі. Оқу іс-әрекеті – мақсаты адамның білім, ептілік және дағдыларды игеруге бағытталған ерекше үдеріс түрі. Оқу әрекеттері ұйымдасқан формада арнайы білім мекемелерінде іске асып барады. Сонымен бірге оқу-үйрену әрекеттері ұйымдастырылмаған күйде, басқа әрекет түрлерімен қабаттаса, 27 оның қосымша нәтижесі ретінде атқарылуы мүмкін. Оқу іс-әрекетінің ерекшелігі – ол тікелей тек өкілінің психологиялық дамуының құралы ретінде қызмет етеді 10.Белгілі қажеттіліктер тізімін жазып, оларды жіктеңіз Қажеттілік – бір нәрсеге немесе біреуге қажеттілік, бір нәрсеге ие болу немесе бір нәрсеге ие болу ниеті. Қажеттілік материалдық немесе рухани болуы мүмкін. Әрбір адамда белгілі бір дәрежеде негізгі қажеттіліктер жиынтығы болады. Айырмашылық олардың күші мен санында. Психологтар қажеттіліктердің әртүрлі түрлерін ажыратады: Биологиялық . Тамақ, сусын, тыныс алу, шығару, көбею, қолайлы климаттық жағдайда өмір сүру, қауіпсіздіктегі табиғи тілектер. Психологиялық . Бейбітшілікке, қарым-қатынасқа немесе оқшаулануға ұмтылу, табиғаттың, айналадағы әлемнің көріністері мен дыбыстарынан эстетикалық ләззат алу. Этникалық . Белгілі бір этностың, ұрпақтың және ұлттың қолайлы өмір сүруінің қажеттіліктері. Еңбек . Материалдық әл-ауқатты қамтамасыз ету және ақыл-ой әрекетін дамыту мақсатында еңбек ету, шығармашылық қызметпен айналысу қажеттілігі. Экономикалық . Өмірдің барлық салаларында материалдық қолдаудың қажеттілігі. Әлеуметтік . Қоғамдық өмірге қажеттілік, азаматтық борышын өтеу, қоғам өкілдерімен қарым-қатынас жасау. Бұл сондай-ақ мәдени құндылықтарды зерттеуге және оларды пайдалануға ұмтылуды қамтиды - мұражайларға, кітапханаларға, театрларға, мәдени және тарихи орындарға бару және т.б. Әртүрлі деңгейдегі қажеттіліктерді қанағаттандыру адамға өмір сүруге көмектесіп қана қоймайды, сонымен қатар көптеген салаларда дағдыларды, білім мен дағдыларды жетілдіруге ықпал етеді. 11. «Темперамент типтерінің психологиялық сипаттамалары» кестесін жасаңыз. Темперамент- бұл қарым- қатынанс жасау барысындағы сыртқы ортаға, айналадағы жағдайға деген психикалық реакцияның сипаты.
Қорытынды: қайсы бір адам болмасын өз әректін жүзеге асыру темпераментке байланысты. Адам өзін өзі ұстай алуы темпераментке тәрбиесіне байланысты. 12. Онтогенездегі тұлғаның психикасының дамуы мен қалыптасуының заңдылықтары. «Онтогенез» түсінігі ерекше мәнге ие. Бұл психологияда адамның психикасын дамыту үдерісі. Бұл жағдайда дамудың тұрақты сипаты - адамның туылуынан бастап оның қайтыс болған уақытына дейін айтылады. Философия ғылымы биологиядан философия мен онтогенез түсініктеріне ие болды, олардың авторы - неміс биологы Э.Хеккель. |