Главная страница
Навигация по странице:

  • Ойлау

  • Казакша психология. 56 Психология. 1. Жалпы жне жас ерекшелік психологиясы туралы жалпы тсінік


    Скачать 121.06 Kb.
    Название1. Жалпы жне жас ерекшелік психологиясы туралы жалпы тсінік
    АнкорКазакша психология
    Дата27.12.2022
    Размер121.06 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла56 Психология.docx
    ТипДокументы
    #865845
    страница2 из 5
    1   2   3   4   5

    Тұлғаның қалыптасуының жасқа байланысты сатылары: сәби, ерте балалық шақ, мектепке дейінгі, ерте мектеп жасы, жасөспірім, ерте кезеңгі жастық шақ

    Жеке тұлға адамның қоғамдық, тарихи нақтылы жағдайында,оны оқыту мен тәрбиелеуде қалыптасады. Психология тарихын бүл мәселені шешуде екі бағыт қалыптасты: биогенетикалық және социогенетикалық.

    Биогенетикалық бағытта жеке тұлғаның дамуы биологиялы тұқым қуалау факторымен анықталады.

    Сондықтан да жеке тұлғаның дамуы спонтандық (өз еркімен) сипатта болады. Биогенетиктердің айтуынша адам табиғатынан эмоциялық реакция жүруінің кейбір ерекшеліктеріне бейімділік аңғартып қана қоймайды, сонымен қатар оларға белгілі түрткіле; жиынтығына бейімдік береді. Социогенетикалық көзқарас бойынша жеке тұлғаның дамуықоршаған әлеуметтік ортаның тікелей ықпалының нәтижесіретінде қарастырылады. Социогенетиктер биогенетиктер сияқтыдаму үстіндегі адамның өзіндік белсенділігін жоққа шығарады, оған селқос рөл беріледі, тек қоршаған ортаға бейімдеушілік қызметін ескереді. Сонымен, биогенетикалық және социогенетикалық тұжырымдамаларды да жеке тұлғаның даму заңдылықтарын түсіндіруге негіз етіп алуға болмайды. Биогенетикалық бағыт та, социогенетикалық бағыт та психикалық дамудың қозғаушыкүштерін анықтауға қабілетті емес.

    13. Мәліметтерді есте сақтау және жаңғырту әдісін қолданудың мысалдарын келтіріңіз

    Есті материалды есте қалдыру, есте сақтау және қайта жаңғырту қызметін атқаратын психофизиологиялық үрдіс ретінде анықтауға болады. Мысалы, кейбір адамдар өте қиын есте қалдырады, бірақ оның орнына қайта жақсы жаңғыртады және есінде қалған материалды есінде ұзақ сақтайды. Бұл адамдарды ұзақ мерзімді есі жақсы дамыған. Кейбір адамдар бар, керісінше тез есте қалдырады, бірақ оның орнына есте қалдырғанын тез ұмытады. Оларда қысқа мерзімді және жедел ес күшті дамыған болады.

    Материалды есте қалдыру және есте сақтау ұзақтығы бойынша қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді және жедел ес деп бөледі.

    Қысқа мерзімді ес— материалды есте сақтау белгілі аз кезеңге шектеулі ес. Қысқа мерзімді ес ұзақтығы үлкен емес (бірнеше секунд немесе минут), бірақ қазір ғана қабылданған заттар мен құбылыстарды дәл қайта жаңғырту үшін жеткілікті үрдіс.

    Мысалы, сіз біро адамның телефон нөмірін белгілі бір жағдайға байланысты, бір сәтке жаттап алдыңыз. Кейін оны қайталамасаңыз оны оңай естен шығарып аласыз.

    Қысқа мерзімді естеліктердің ұзақтығын ақпаратты дауыстап немесе ақылмен қайталау сияқты жаттығу стратегияларын қолдану арқылы көбейте аласыз.

    Ұзақ мерзімді ес салыстырмалы түрде қабылданған материалды есте сақтаудың ұзақтығымен және беріктігімен сипатталады. Ұзақ мерзімді ес ақпаратты есте сақтаудың ұзақ мерзіміне есептеледі.

    Мысалы, бірнеше сағат бұрын немесе бірнеше ондаған жылдар бұрын пайда болған нәрсені еске түсірсеңіз, онда бұл ұзақ уақыттық естеліктер.

    Жедел ес дегеніміз қысқа мерзімді ес пен ұзақ мерзімді естің аралығындағы (аралық жағдайда) есті айтамыз. Ол алдын ала анықталған мерзім бойында материалды есте сақтауға есептелген.Адамның өмірі мен іс-әрекетінде қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді естің маңызы әр түрлі. Қысқа мерзімді ес іс-әрекеттің жекелеген түрлері мен әрекеттеріне қызмет етеді. Қысқа мерзімді естің ұқсас көріністері стенографистің, оператордың, тез іске асатын іс-әрекеттің басқа түрлері өкілдерінің жұмысында байқалады.

    14. Негізгі ойлау түрлері (әр түрлі жіктеу бойынша) көрінетін жағдайларды сипаттаңыз

    Ойлау – адамның танымдық әрекеті, ол шындықты бейнелеудің делдалдық және жалпылама тәсілі. Ойлаудың өнімі – ой, мағына, ұғым түрінде болады.

    Ойлау дегеніміз – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс - қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнелеуі.

    1. Көрнекті - әрекеттік ойлау – мәселені шешу жағдаятын шынайы түрлендіретін бақыланатын қозғалыстық әрекет арқылы іске асатын ойлау түрі.

    Ересектерде ойлаудың бұл түрі, мысалы, үй шаруасымен айналысқанда, бөлмедегі жиһазды қайта реттегенде немесе бейтаныс жабдықты пайдалану қажет болғанда көрінеді. Мұндай ойлау кез келген әрекеттің нәтижесін толық болжау мүмкін болмаған кезде мүмкін болады.

    1. Көрнекті – бейнелік ойлау – жағдаятты тек бейне жоспарында ғана түрленетін ойлау түрі.

    Ересектерде көрнекі-бейнелі ойлау, мысалы, пәтерді жөндеу кезінде көрінеді. Адам тұсқағаздың, төбенің түсі және т.б. қандай болатынын алдын ала елестете алады.

    1. Сөз логикалық (пайымдаушы) ойлау тілдің және тілдік құралдардыңкөмегімен шығарылатын ұғымдарды, логикалық құрылымдарды пайымдаумен сипатталатын ойлаудың негізгі түрлерінің бірі.

    Ойлаудың осы түрінің көмегімен жеке адам кейде табиғат пен қоғамдағы процестердің дамуының жалпы заңдылықтарын белгілейді, көрнекі материалды жалпылайды.

    15. Ұжым топты дамытудың жоғары нысаны ретінде. Тұлға және тұлғааралық қарым-қатынас

    А.С.Макаренконың айтуынша ұжым бұл – бұл мақсат мүдделері, кӛзқарастары ортақ белгілі бір салт дәстүрі бар, ӛзін-ӛзі басқара алатын әлеуметтік адамдар тобы. Топтың жоғары дәрежеде ұйымдасқан түрі ұжым деп аталады. Ұжым адамдардың тобы болғандықтан, оған топтың белгілері тән. Алайда ұжымның топта жоқ белгілері де болады. Сондықтан қандайда болмасын ұжымды топ деп атауға болады, ал топтың бәрі бірдей ұжым бола алмайды. Ұжым байланысына қарай контактілі және негізгі ұжым болып бӛлінеді. Контактілі ұжым – ол ұжымдық белгілірі бар бастапқы топ. Негізгі ұжым контактілі ұжымдардың бірігуі. Мысалы, студенттер тобы контактілі ұжым, ал факультетті негізгі ұжым деп қарауға болады. Тұлға ұжымнан оқшау болмайды. Ол ұжымның басқа мүшелерімен байланыста болады. Топтардың ӛзі шартты және нақты болып 2-ге бӛлінеді. Шартты топ шынында болмайтын жалған топтар. Адамдардың тек қағаз жүзінде ғана бар қауымдастығы шартты топ деп аталады. Мысалы, спорт тақырыбына жазатын журналистер әлемнін таңдаулы футболшыларынан команда құрады. Олар әр елдің ең таңдаулы футболшыларын бір тізімге тіркейді. Бұл ойыншылардың ешқашан басы қосылмайды және олар ешқашан бір командада жарысқа түспейді. Бірақ құрама команда құрылды және ол шартты түрде бар деп есептелінеді. Яғни, шартты топта адамдар қатынаста болмауы мүмкін. Бірақ та бұл адамдар нақты топ ішінде ӛзара қарым-қатынасқа түседі. Ал, нақты топ дегеніміз біршама тұрақты, жалпы мақсат арқылы ӛзара байланысқан, ӛздері белгілі бір кеңістікте, азды-кӛпті мерзім ішінде аралас-құралас жүретін адамдардың нақты ұйымы. Бұл топтағы

    адамдардың 1-ден мақсаты бір, 2-ден мүшелері бір-бірін жете білуі керек. 3-ден мақсатқа жету жолында бір-бірімен тығыз қарым-қатынас жасайды.

    Топтар үлкен (макро), кіші (микро), ресми, бейресми, ұйымдасқан, ұйымдаспаған, контактілі, оқшауланған, референт т.б. болып бӛлінеді.

    Тұлға — жеке адамның өзіндік адамгершілік, әлеуметтік, психологиялық қырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым.

    Тұлға психологияда өзінің өмір жолын белгілей алатын, қайталанбас даралық ерекшелігін сезінетін субъект. Тұлға адам ұғымынан гөрі нақты мағынаға ие. Өйткені адам тұлғалық сипатты иелену үшін өз “менің” өзге “менен” ажыратып, есейіп, өз бетінше дербес әрекет ету мүмкіндігін ашуы керек. Яғни, белгілі бір мәнді іспен айналысатын, азды-көпті білімі, өмірлік тәжірибесі, дүниетанымы мен сенімі бар адамды тұлға деп атайды.

    16. Белгілі эмоционалдық жай-күйлер тізімін жазып, оларды жіктеңіз

    Американдық психолог К.Изард фундаменталды он эмоциялардың түрлерін көрсеткен.

    қызыгушылық-қозу жағдаяттарга сыйю, ой-өрісті кеңейту, білу, зерттеу ықыласы, біреуге немесе бір нәрсеге әуескойлық және сезім қүшағында күйзелу. тиімді, әсіресе, танымдық мотив (түрткі) іс-әрекеттің мағынасына сәйкес және күштілігі жеткілікті көрінеді.

    қызығушылыққа қарама-қарсы эмоцияны зерігу деп атаймыз . монотондық жағдайда туады. субъектінің тиісті пәнімен немесе ақпараттармен ерекше қарым- қатынас және жаңа жағдаяттармен қақтығысқанда қызығушылық эмоция күшейеді. таңырқау, қызығу эмоциясына жақындау, қарама-қайшылық, ерекшелік, жаңа ұқсас жағдаяттарда туады. бірақ, тез уақытта отетін эмоция болып көрінеді. күшті танымдық мотив ретінде көрінеді, соңғы әрекеттерді итермелейді, яғни, айқындау, білу, аныктау, кез жеткізу т.б.

    қуаныш эмоциясы адамның мүмкіншіліктері және негізгі тұлғалық касиеттерін жүзеге асыруда пайда болады. қоршаған әлеммен және басқа адамдармен,өзімен қанағаттану сезімімен және өмірге қанағаттану күйі. оптимизм және мүмкіншілігін кеңейту күштің көбею сезімінен байқалады.

    эмоция азабы өмірлік мақсатқа жетуге ұмтылысқа кері әсерін тизе отырып туындайды. азапқа, жеке ар-намысқа тию, адамдардың қорлауы, алаяқтық, қуаныш күйін талдау, адам құндылықтарын келеке етуіне себеп болуы мүмкін. адамдарғы азапқа қарысы болып, кек алу мақсаты күш береді. күшті азап аффектіге және ашық күреске айналып кетуі мүмкін. бұл жағдайда адам өзіндік бақылауын, саналы түрде басқару мүмкіншілігі шектеледі, тіпті өз әрекетін жоғалтады. көп жағдайда азап басқа адамдарға қарсы бағытталуы, сондай-ақ ол бағыт өзіне бағытталуы мүмкін.

    Ұялу эмоциясы субъект өзіне, көзқарасына, ойына, тұлғалық қасиетеріне, қатынастарына, сыртқы ерекшелігіне сәйкес емес әрекеттерін жасаған кезде туады. бұл күйзелісте субъект өзін басқалармен салыстырғанда жаман, қолынан ештеңе келмейтін, әлсіз, кішкентай, ешнәрсеге жарамайтын, ақымак, тартымсыз, жол болмағандай сезінеді. оған басқалар оның

    кемшіліктерін көріп, жек көретіндей көрінеді. сондықтан ол басқа адамдардан өзін алшақ ұстап, жат жүруге даяр болады, өялудың жеңіл формасы қызару. өялу интеллект жұмысын тоқтатады, адамның әрекеті мен қылықарына қатты әсер етеді, сананы жаулап алады, тұлғаны қорғаныш механизмдері белсендіреді. өмірдегі түрлі жағдайлар ұялу мен одан адамгершілік деңгейде құтылу - түлғалық борыш.

    өялуға қарама-қарсы эмоциялық күй - мақтаныш "моциясы. ол моральдық- эстетикалық талаптардың жогары деңгейінде туындайды. ол өзінің мағыналығын, артықшылығын, күндылығын басқа адамдардан жақсы лебіздер естіген кезде сезінеді. өялу мен мақтаныш эмоциясы негізінде адамда өзіне қатысты тұрақты дамуы жүреді.

    айну эмоциясы субъектінің моральдық-эстетикалық талабына сәйкес емес жағдайларда, объектілерге, құбылыстарға немесе адамдарға туындайды. бұл адамның қылықтары, ойлары, тілектері, нақты заттары, іс-әрекет кемістігі және т.б. айну эмоциясы сәйкес объектіні өзгертуді, жақсартуды, жетілдіруді, жою немесе алшақ жүруді тудырады.

    Жек көру эмоциясы айнуға мағынасы ұқсас келеді, бірақ өзінің қосымша ерекшелігі бар. ол сәйкес объектіні өзгертуді, жақсартуды, жетілдіруді, жою немесе алшақ жүруді тудырады. сонымен қатар ол жек көрген адамнан немесе топтан өзін алшақ ұстап, өзінің артықшылығын, ар-намысын сезінеді.

    өзін кінәлау эмоциясында адам өзінің кінәсін мойындайды, өзінің оған қатысын немесе шығынға жауапкершілігін, басқа адамдардың жайсыздығын, жолының болмауына өзін кінәлі сезінеді. бұл кезде ол өзін-өзі кінәлайды және өкінеді (үлгерген жоқпын, істей алмадым, ескерте алмадым, кең пейілдік көрсете алмадым және т.б.), көбінесе өзінің кінәсін ақтауга тырысады (зардап шегінуге көмектесу, кешірім өтіну, түсіндіруге тырысу). тұлғаның негізгі кемелдену көрсеткіші - ол өзінің қылығына жауап беру және кінә сезімін сезіну, кінәсін ақтауға тырысу.

    қорқыныш эмоциясы адамның тұлғалық немесе дене бітіміне өмірінде қауіптің төнуі кезінде пайда болады. қауіп төну деңгейіне байланысты сенімсіздік жағдай, мазасыздану, жамандықты сезіну, қауіптілігін қамтамасыз ете алмау, қауіп, күшті қорқыныш бақылауға келмейтін аффектіге айналуы мүмкін. адам өзінің күштілігі немесе батылдығы осы сезімдерден өткенде багалайды.

    17. Мүмкіндігінше көптеген мінез белгілерін тізімдеңіз және оларды жіктеңіз

    1. Мінездің еңбекке байланысты қасиеттері: еңбексүйгіштік, адалдық, еңбекке жауапкершілікпен қарау, жалкаулық, немқұрайлылық т.б.

    2. Ұжымға, адамдарға қатысты касиеттер: қайрымдылық, сергектік, талап қоюшылық, асқактық, менсінбеушілік.

    3. Өзіне-өзінің қатынасы: өркөкіректік, даңғойлық, тәкәппарлық , мактаншақтық, өзімшілдік, қарапайымдылык, кішіпейілділік.

    А.Бен, Т.Рибо, И.Кант, М.Фуле, А.Е.Личко, К.Леонгард сынды ғалымдар мінезді зерттеп, бірнеше түрге, типтерге бөліп қарастырды.

    1. Гипертимді тип. Қозғалысқа бейім тип. Тым көп қозғалатыны әсерінен тәртіпсіздікке де бой беріп жатады. Шулы ортаны, көпшілік жиналған жерді жақсы көреді. Өзгелердің алдында артықшылықтарын көртесіп қалғысы кеп тұрады, сөзшең. Мақтауды жаны сүйеді, өзінің де

    мақтаншақтығы бар. Көп нәрсеге аса қызығушылық танытады. Отбасылық, қоғамдық міндеттеріне жауапкершілікпен қарамағандықтан, қақтығысқа түсіп жатады. Жестері мен мимикалары айқын, оптимист. Бойында күш-қуаты мол.

    2. Циклоидті тип. Көп жағдайда бейжай күй танытады. Жалғыздықты жаны сүйеді. Кез келген жағдайды, сөзді жүрегіне жақын қабылдайды. Сондықтан өзгелер ескерту жасағанын еш ұнатпайды.

    3. Лабильді не дистимді тип. Көңіл күйі ауа райынан өткен құбылмалы. Өзіне өзгелердің көзқарасы қандай екенін бірден байқайды, оған тәуелді кездері де болады. Көңіл күйі нашарлаған кезінде жақындары жанынан табылып, қолдау көрсеткені абзал. Бұл типтегі жандар достарының қолдауын аса жоғары бағалайды. Көп сөйлей бермейді, баяу ойланады. Үйде, жалғыздықта болуды жаны қалайды. Ұрыс-керістен бойын аулақ салады. Әділ, байсалды, тиянақты.

    4. Астено-невротикалық тип. Ақыл-ой жұмысынан тез жалығып, шаршайды. Көп жағдайда қалжыраған, көңілсіз күйде жүреді. Қырсықтық қасиеті де бар. Топпен жұмыс істей білмейді. Қақтығысқа бейім. Жай уақытта таза, ұқыпты, балаларды жақсы көреді. Ашуы келгенде дүниені төңкеріп тастауға бар.

    5. Сензитивті не тежелгіш тип. Көпшілік жиналған жерді, үлкен компанияларды ұнатпайды. Ондай жерде өзін жайсыз сезінетіндіктен сырт көзге тұйық боп көрінеді. Бейтаныс ортаға бейімделуі қиын. Ал достарының арасында ашық жарқын, әзілқой. Жолдас таңдауда қателікке бой ұрмайды. Ірілік, ерлік мінезі бар. Құмар ойындарға жаны қас. Басқа балаларға қарағанад ата-анасына тым жақын келеді. Өзіне де, өзгелерге де жоғары талаптар қояды. Мойнына алған жұмыстан нәтиже шығармай қоймайды. Өзіне сенімді, сезімтал, қызғаншақ. Ар-намысты бәрінен жоғары қояды.

    6. Психо-астеникалық не педантты тип. Өз-өзіне де, өзгелерге де баға беруге бейім. Жұмыста басқаларға зор талап қояды, ал лидерлікті кейде басқаларға береді, өзіне сенімді. Интеллектісі тез дамиды. Айналасындағы жағдайларды өзгелермен талқылап жүреді, сол арқылы кез келген жайдың дұрыс шешімдерін ойластырып қойды. Аздап салғырттығы, абайсыздығы бар. Жанжал туса да бейжай, сабырлы қалпында қала береді. Өзі соқтыққанды аямайды. Тез шешім қабылдайды. Жиі ой үстінде жүреді.

    18. Жас ерекшелік психологиясының негізгі мақсаттары

    Жас ерекшелігі психологиясы- психология ғылымының саласы. Оның зерттейтін пәні- адам психикасының жас ерекшелігі динамикасы, даму үтіндегі адамның психикалық процестері мен психологиялық қасиеттерінің онтогенезі.Балалар психологиясы, төменгі сынып оқушыларының психологиясы, жеткіншектер психологиясы, балаң жас өспірімдер психологиясы, ересек адам психологиясы, героптопсихология жас ерекшелік психологиясының тармақтары болып есептеледі.

    Жас ерекшелік психологиясы психикалық процестердің жас ерекшеліктерін, білімді игерудің жасқа лайық мүмкіндіктерін, жеке адамның дамуының жетекші факторларын

    т.б зерттейді. Жас ерекшелік психологиясы педагогикалық психологиямен ажырамастай тығыз байланыста.

    Жас ерекшелік психологиясының негізгі міндеттері

    · түрлі психофизиологиялық және әлеуметтік функциялардың жас ерекшелік нормаларының анықталуы және негізделуі

    · жас ерекшелік динамикасы мен психикалық үрдістер және тұлға дамуының зерттелуі.және олардың әлеуметтік ортаға тәуелділігі

    · ересектену үрдісін оның бар қырлары мен өмір кезеңдерімен сәйкесінше зерттелуі

    · психикалық дамудың онтогенездегі түрлі кезеңдері мен психикалық дамуына әсер ететін факторлар мазмұнын болжау

    Жас кезеңдерін төмендегідей топтастыруға болады:

    1. Нәрестелік кезең / туғаннан 1 жасқа дейін /

    2. Бөбек кезең / 1 жастан 3 жасқа дейін /

    3. Мектепке дейінгі кезең / 3 жастан 7 жасқа дейін /

    4. Бастауыш мектеп кезеңі / 7 жастан 11 жасқа дейін /

    5. Жеткіншек кезеңі / 11 жастан 15 жасқа дейін /

    6. Жоғары сынып кезеңі / 16 жастан 17 жасқа дейін /

    7. Жасөспірімдік кезең / 17 жастан 20-23 жасқа дейін /

    8. Жастық шақ / 20 жастан 30 жасқа дейін /

    9. Кемелдік кезең / 30 жастан 55-60 жасқа дейін /

    10.Қартаю кезеңі / 60-70 жас аралығы /

    11.Кәрілік кезең / 70 -тен жоғары /

    19. Адамның интеллектуалды дамуындағы әр түрлі қатынас түрлерінің рөлі.

    Интеллектуалды даму - адамның ойлаудың әр түрін (эмпирикалық, бейнелі, теориялық, Диалектикалық т.б.) меңгеріп, оларды тиімді пайдалана білуі. Интеллектуалды даму - кез келген адам қызметінің маңызды құрамдастарының бірі.

    Тұлғаның интеллектуалдық дамуына тікелей әсер ететін вербальды қарым-қатынас түрлеріне мыналар жатады:

      1. Іскерлік қарым-қатынас - алуан түрлі теориялық және практикалық білімдер мен дағдыларды меңгеру және меңгеру Қабілеттерінің қалыптасуы мен дамуына ықпал етеді. Іскерлік қарым-қатынас арқылы адам ұйымдастырушылық және іскерлік Қасиеттерін дамыта отырып, басқа адамдармен қарым-қатынас жасайды.

      2. Жеке қарым-қатынас - адамның жеке басының қалыптасуына ықпал етеді, белгілі бір мінездік Қасиеттерді, әдеттерді, Қызығушылықтарды, бейімділіктерді, адамгершілік мінез-құлық нормалары мен ережелерін және т.б. Сонымен Қатар, тұлғалық қарым-қатынас толық психикалық және интеллектуалдық даму құралдарының бірі болып табылады.

      3. Материалдық коммуникация - адамның интеллектуалдық дамуының негізі болып табылатын әр түрлі іс-әрекет түрлерін жүзеге асыру үшін қажетті табысты өмір сүруге қажетті рухани және материалдық мәдениет объектілерін алуға ықпал етеді.

      4. Когнитивті (мінез-құлық) қарым- қатынас – адамның интеллектуалдық дамуының маңызды факторларының бірі ретінде әрекет етеді. Себебі, дәл осы қарым-қатынас барысында адамдар арасында білім мен ақпарат алмасу жүзеге асады, сол арқылы олардың интеллектуалдық баюы жүзеге асады.

      5. Шартты қарым-қатынас оқуға дайындық жағдайын жасауға, өз Қызметін жетілдіруге қажетті жаңа білім мен дағдыларды игеруге ықпал етеді. Осылайша, қарым- Қатынастың бұл түрі жанама түрде адамның жеке интеллектуалдық және тұлғалық дамуының факторы ретінде әрекет етеді.

      6. Мотивациялық қарым-қатынас адамның қосымша энергия көздерінің бірі болып табылады, өйткені мұндай қарым-қатынас барысында адам жаңа мотивтерге, Қызығушылықтарға, ынталандыруға және мақсаттарға ие болады, сонымен қатар өзін-өзі дамытуға ықпал ететін өзінің психоэнергетикалық әлеуетін арттырады.

      7. Белсенділік коммуникация - адамға дамып келе жатқан әсер ететін, сондай-ақ оның қызметін жетілдіретін және байытатын іс- әрекеттер, дағдылар, операциялар және дағдылардың тұлғааралық алмасу процесі.

      8. Биологиялық коммуникация адамның өзін-өзі сақтауға, оның табысты өмір сүруіне қажетті маңызды өмірлік функцияларын сақтауға бағытталған.

      9. Әлеуметтік коммуникация адамдардың әлеуметтік Қажеттіліктеріне Қызмет етеді және әлеуметтік өмір формаларының: топтардың, ұжымдардың, ұйымдардың, ұлттардың, мемлекеттердің, жалпы адам әлемінің дамуына ықпал ететін фактор болып табылады.

    Вербалды емес қарым-қатынастың арқасында адам сөйлеуді меңгеріп, Қолдана алмай тұрып (шамамен 2-3 жыл) психологиялық даму мүмкіндігіне ие болады. Сонымен қатар, вербалды емес Қарым- Қатынастың өзі адамның қарым- Қатынас мүмкіндіктерін дамытуға және жақсартуға ықпал етеді, соның нәтижесінде ол тұлғааралық байланыстарға қабілетті болады және даму үшін кең мүмкіндіктер ашады.

    20. Зейін аудару қажет болған жағдайларды сипаттаңыз.
    1   2   3   4   5


    написать администратору сайта