Казакша психология. 56 Психология. 1. Жалпы жне жас ерекшелік психологиясы туралы жалпы тсінік
Скачать 121.06 Kb.
|
Психология — адамның дара тұлғалық психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады. Псих жан туралы ғылым адамға таныс емес құбылыстарды жан арқылы түсіндіруге тырысады. Псих сана турады ғылым ойлай алу, сезе алу, қабілеттерін сана деп аталады. Псих мінез құлық туралы ғылым тек көруге болатындарды ғана бақылау Псих заңдылықтары мен механизмдерін зерттейтін ғылым материалистік көзқарас негізінде қалыптасты. 45.Жеке адам мотивтері мотив – бұл адам санасында қаланып, оны белгілі бір қажеттілікті қанағаттандыру үшін əрекетке итермелеуші себеп күш. Адамды әрекетке келтіруші күш-қажетсіну. болмысты бейнелеудің жоғары формаларына ие адамды әрекетке келтіруші нысандар - саналы түзілген бейне не елес, ой не түсінік, идея немесе ізгі мүрат күйінде өрнектелуі мүмкін. психологияда мотив түсінігіне келесідей анықтама беріледі: мотив - бұл адам санасында қаланып, оны белгілі бір қажеттілікті қанатағаттандыру үшін әрекетке итер-мелеуші себеп күш. ал кең мәнінде мотив - шыңдыққа сай зандылық ретінде ықпал жасап, объектив қажеттілік түріңде көрінетін болмыс. ал мотивтік әрекет қылық пен іс-әрекетті психикалық реттеудің ерекше түрі (р. г. агеева). қорыта айтқанда, адамның әрқандай қылық - әрекеті оның мотивтік себеп күштеріне байланысты. сонымен, адамның қалаған іс-әрекетінің негізінде оны осы іс-әрекетке ынталандырушы мотив жатыр. бірақ адамда туындаушы және оны іс-әрекетке ойыстырушы қандай да бір мотив көзделген нақты әрекетпен шектелмейді, оның нәтижесіне жетумен адам келесі әрекетке ұмтылады, іс-әрекет барысында мотив өзгеруі мүмкін және керісінше, бір тұрақты мотив аясында бірнеше әрекет бірін-бірі ауыстырып баруы да орынды. мотив дамуы мен басталған іс-әрекет арасында қайшылық та туындайды. 46.«Тұлға» ұғымының құрылымы (Б.Г.Ананьев бойынша) Б.Г.Ананьев индивидтің бірінші және екінші қасиеттерін бөліп көрсеткен. Бірінші қасиетке адамның барлығына ортақ жас ерекшеліктерін (белгілі бір жасқа сай болу), жыныстық диморфизм (белгілі бір жынысқа сай болу), сонымен қоса, жеке-типтік сипаттамалар, оның ішінде конституционалды ерекшеліктер (дене бітімінің ерекшеліктері), мидың нейродинамикалық қасиеттері, үлкен жартышарлардың функционалды геометриясының ерекшеліктерін жатқызады. Тұлға» ұғымының құрылымы (Б.Г.Ананьев бойынша) Тұлға: Темперамент - психикалық процестердің өтуінің динамикалық ерекшеліктерін және адам мінез-құлқын,олардың күшін,жылдамдығын,пайда болуын,тоқталуы мен өзгерісін сипаттайтын қасиеттер жиынтығы. Нышандар мен қабілеттер - мидың, жүйке жүйесінің, талдағыштардың адамдар арасындағы табиғи даралық өзгешеліктерін айыруға себеп болатын тума анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктері. Мотивация (бағытталғандығы) - қолданылу ыңғайына қарай қазақша "ниет", "түрткі", "кірісу", "жігерлену", "ынталану" сөздерінің мағынасына жақын келетін, қазіргі заман мәдениеті мен гуманитарлық ғылымдарында кең қолданылатын ұғым. Мінез - адам баласының ішкі жан дүниесінің сыртқы көрінісі деуге болады. Ерік - адамның өз мінез - құлқын саналы түрде меңгере алу қабілеті. Сезім - адамның өзіне, өзге адамдарға, айналасындағы заттар мен құбылыстарға көңіл-күйінің қатынасын білдіретін және оларды бейнелейтін психикалық үрдіс. 47. Тұлға теориясының психологиялық бағыты. Тұлға деп жиі әлеуметтік даму барысында бойына әлеуметтік және өмір үшін маңызды қасиеттерді жинаған адамды түсінеді. Тұлға психологиясының дамуы 3 кезеңнен тұрады: Философиялық-әдеби. Зерттеулердің бірінші кезеңі көне ойшылдардың жұмысынан басталып, ХIХ ғ-ң басына дейін жалғасқан. Бұл кезеңдегі тұлға психологиясының негізгі мәселелеріне адамның өнегелік және әлеуметтік табиғаты жөніндегі сұрақтар жатады. Клиникалық. ХIХ ғ-ң бірінші он жылдығында тұлға писхологиясының мәселелерімен философтармен қатар дәрігер-психиатрлар да айналыса бастады. Олар ең бірінші рет клиника жағдайында науқасқа тұлға ретінде жүйелі түрде байқаулар жүргізіп, оның жүріс-тұрысын, өзін өзі ұстауын жақсырақ түсіну үшін өмір тарихын зерттей бастаған. Психикалық ауруларды диагностикалау және емдеумен байланысты кәсіби қорытындылар ғана жасалып қоймай, адамзат тұлғасының табиғаты жөнінде жалпы ғылыми қорытындылар да келтірілген. Тәжірибелік. ХХ ғ-ң басына дейін тұлға философиялық-әдеби және клиникалық тұрғыдан ғана зерттелсе, кейін бұл іске таным процестері мен адамның күйін зерттеумен айналысқан психологтар кірісті. Ғасыр басында психологияда тәжірибелік зерттеулер қарқынды дамып, гипотезаларды нақты тексеру және айқындалған фактілерді алу мақсатымен психологтар зерттеулерге мәліметтерді математикалық-статистикалық өңдеу әдістерін енгізуге тырысқан. Осыған байланысты психологтар ұзақ жылдар бойы қалыпты тұлғаны сенімді және валидті тесттер арқылы зертеу тәсілдерін жетілдіруді өз алдарына мақсат етіп қойған. 48. Тұлға теориясындағы гуманистік бағыт. Психологиядағы ірі бағыттардың бірі – гуманистік психология. Ол бихевиоризмге және психоталдау теорияларына қарсы бағытталған. Гуманистік психологияның негізін салушылардың басты мақсаты адам мәселесін түсіндіруде бихевиоризм мен фрейдизмнің кемшіліктерін түзеу және бірден-бір дұрыс, өмірлік психологияны таңдау болып табылады. Тұлға теориясындағы гуманистік бағыт екіге бағытталған. Біріншісі: «клиникалық», американ психологы К.Роджерс көзқарасымен, Екіншісі: «мотивациялық», өкілі: Маслоу. Осы екі бағыииың арасындағы кейбір айырмашылыққа қарамастан оларды көптеген ортақтықтар біріктіреді. Гуманистік бағыт бойынша, адам өзінің табиғатында жақсыға және өзін-өзі жетілдіруге ұмтылады. Адамның туа берілген табиғаты тұрақты дамуға, шығармашылыққа, өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылады. Маслоу теориясының негізгі тезистерінің бірі - ол индивидтің тұтастығы. Маслоу психология ғылымының неғұрлым универсалды негізі ретінде психикалық ешқандай ауытқуы жоқ, өзін -өзі өзектендіретін адамды зерттеу керек дейді. 49. Органикалық түйсіктер. Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарыaaның жеке қасиеттерінің, сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болған мидағы бейнелерді туйсік деп атайды. Органикалық түйсіктер - адам ашыққанда, шөлдегенде, сусыны қанғанда, жүрегі айнығанда, шаршағанда пайда болатын сезіну. Органикалық түйсіктердің рецепторлары ішкі мүшелерінің қабаттарында өңеш, қарын, қан тамырларында, өкпеде орналасқан. Ішкі органдарда болатын процестер интрорецепторлардың тітіркенгіштері болып табылады. Адам тоқ, дені сау, сергек болған жағдайда органикалық түйсіктер байқалмайды.Сондықтан И.М.Семенов түйсіктердің бұл тобын "Көмескі түйсіктер" деп атаған органикалық түйсіктер ішкі органдардың қызметі бұзылған жағдайда ғана пайда болады. 50. Қабылдауың негізгі ерекшеліктері. Қабылдау – заттар мен құбылыстардың мида тұтастай бейнеленуі. Қабылдау заңдылықтары — әрбір адамның қабылдау кезінде жекелеген ерекшелігін айтады. Яғни адам заттар мен құбылыстарды өз мағынада қабылдайды немесе қатар жібереді. 1. Қабылдаудың тұтастығы. Қабылдау объектісі жеке қасиеттерден, бөлшектерден тұрғанымен біз оларды бүтіндей тұтас қабылдаймыз. 2. Қабылдаудың тұрақтылығы. Біз өзіміздің тәжірибемізге, білімімізге байланысты заттар мен құбылыстарды тұрақты түрде қабылдаймыз. Қабылдау кезінде қабылданатын заттар мен құбылыстардың кейбір белгілері , түрлері, формалары өзгерсе де біз оларды бұрынғы қабылданған күйінде қабылдаймыз. 3. Қабылдаудың таңдамалылығы . Бізге қабылдау кезінде бірнеше заттар немесе құбылыстар әсер етуі мүмкін. Бірақ біз өзіміздің қажеттілігімізге байланысты біреуін ғана қабылдаймыз. Қабылданған зат қабылданғанның объектісі деп аталады. Ал объектіден тыс қалған заттар қабылданғанның фоны деп аталады 4. Аперцепция. Қабылдаудың тәжірибеге, білімге, сенімге, іс-әрекеттің нәтижесіне және мамандыққа тәуелді болуын аперцепция деп атаймыз. Аперцепция 2-ге бөлінеді: тұрақты және уақытша. Тұрақты түрі - адамның дүниеге көзқарасын, мамандығына, іс-әрекетіне және табандылық көрсетуіне байланысты. Уақытша түрі – адамның қабылдау кезіндегі көңіл-күйіне және психикалық қалпына тәуелді болады. Аперцепция жеке адамның қабылдауына белсенділік сипат береді. Қабылдау кезінде кейде қате қабылдауларда кездеседі . Мұны психологияда элюзия деп атайды. Элюзияның ішінен көру элюзиялары көбірек, жиі кездеседі. Көру элюзиясы деп – заттардың алыстығын , түрін, көлемін қате қабылдау. 51. Естің психологиялық теориялары. Психологиялық теория негізінде назар не объектіге немесе субъектіге аударылады. Ассоциацияның үш түрі бар: Іргелестік – бір біріне іргелес жатқан заттар мен құбылыстардың біреуін қабылдаса, екіншісі өзінен өзі еске түсіреді. Ұқсастық ассоциация – бұл ұқсас сипатты екі құбылысты біріктіреді. Қарама қарсылық – бұл қарама қарсы екі құбылысты байланыстырады. Қабылдау бейнелерi немесе белгiлi елестер бiздiң санамызда бiр белгiсi бойынша қарама-қарсы елестер туғызады.Мысалы, ''ыстық'' дегенде суықты, ''су'' дегенде отты еске түсiремiз. Физиологиялық теория сы Павловтың жоғарғы нерв қызметінің заңдылықтарымен байланысты. Есте сақтау бұл нерв системасының мидың икемділігіне байланысты болады. Ми икемділігі түрлі жағдайларға байланысты не жақсаруы не нашарлауы мүмкін. Физикалық теория бойынша нерв импульстері, нерв клеткалары арқылы өткенде өзінен кейін физикалық із қалдырады. Іздердің сақталуы қозудың нерв клеткасы екіншісіне өткенде оның ұзақ уақыт сақталуымен сипатталады. Биологиялық теория. Іздердің сақталуы биологиялық өзгерістермен байланысты. Еске сақтау процесі екі сатылы болады: Бірінші саты бірнеше секундқа немесе бірнеше минутқа созылады. Ол қысқа мерзімді есте сақтау болып табылады. Екінші саты бұл ұзақ мерзімді есте сақтаудың негізі болып табылады. 52. Қиял және шығармашылық Қиял дегеніміз — сыртқы дүние заттары мен қүбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өндеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс. Шығармалық қиял - өзіндік жаңа образдар жасау арқылы өрекетте, жаңа өнімдер беруде көрінетін қиялды айтады. Жазушының, суретшінің, ғалымның, композитордың т. б. қиялы шығармалық қиялга жатады. Шығармашылықтағы қиялдың рөлі бірегей. Бұл шындық туралы идеяларды өзгерту және осы негізде жаңа бейнелер жасау процесі ретінде анықталуы мүмкін. Яғни, қиял бізбен кез-келген нысанды ойлап тапқан сайын, онымен тікелей байланыссыз. Шығармашылық қиял бұл көзқарастың өзгеруіне мүмкіндік береді. Шығармашылық қиялдың дамуы өз еркімен және шығармашылықтан шығармашылыққа келмейді. Басқа психикалық процестер сияқты, ол дамудың белгілі бір сатыларынан өтеді. Біріншісі - әлем туралы сиқырлы, фантастикалық идеялармен және ұтымды компоненттің болмауымен сипатталатын бала мен жастықты қамтиды. Екінші кезеңде организмнің өзгеруі мен өзін-өзі тануына байланысты күрделі өзгерістер орын алады, қабылдау үрдістері неғұрлым объективті болады. Ұтымды компонент қиялдың дамуының үшінші кезеңінде пайда болады, ол ақылға бағынуға бастайды және дәл осы себептен ересектердің жиі құлдырауына әкеледі. 53. Зейіннің психологиялық теориялары Зейін — адамның психикалық әрекетінің белгілі бір нәрсеге бағытталып шоғырлануы. Адам өмірінде зейіннің алатын орны зор. Әсіресе, таным процесінде, білім алу ісінде маңызы ерекше. Шәкірттің сабақты түсіне қоймауы, есінде дұрыс сақтай алмауы, тапсырманы орындауда қате жіберуі оған дұрыстап зейін қоймаудан болады. Т.Рибо: Назар әрқашан эмоциялардан туындайды. қозғалыс зейінді қолдайды және күшейтеді (зейіннің моторлық теориясы). Т.Я.Гальперин: зейіннің негізгі функциясы-іс-әрекеттің мазмұнын бақылау. А.И.Ухтомский: зейіннің қарқындылығы тұрақты қозу ошағын анықтайды. Д.Н.Узнадзе: 54. Эмоцияның қызметтері Эмоция (фр. emotion, лат. enoveo — толғану) — адам мен жануарлардың сыртқы және ішкі тітіркендіргіштер әсеріне реакциясы; қоршаған ортамен қарым-қатынас негізінде пайда болатын көңіл-күй. Эмоция организмнің әр түрлі қажетсінулерге қанағаттануына (ұнамды эмоция) немесе қанағаттанбауына (ұнамсыз эмоция) байланысты. Адамның жоғары әлеуметтік қажетсінулері негізінде пайда болатын тұрақты змоция. Эмоция жоғары түрі адамның іс-әрекетінің өнімді болуына мүмкіндік туғызады. Оларға қуаныш, сүйіспеншілік және т.б. эмоциялар жатады. Жағымсыз эмоция адамның іс-әрекетіне азды-көпті зиян келтіреді. Оларға қорқыныш, қайғы, абыржу, үмітсіздену, үрейлену және т.с.с. эмоциялар жатады. Эмоцияның ауыспалы қызметі жүріс-тұрыстың туа біткен формасында, шартты рефлекторлық іс-әрекетті жүзеге асыруда кездеседі. Эмоцияның бекіту қызметі. Іс-әрекетті бекіту феномені орталық орынға ие, себебі бекіту фактісіне білім, тіршілік ету, кез келген шартты рефлекстің ерекшелігі тәуелді. Эмоцияның компенсаторлық қызметі. Эмоциялық стресс кезінде вегетативті қозғалыс(жүрек қағысы, қан қысымы, қан айналысыгармондары т.б.) күшейеді, ағза қажеттілігіжоғарылайды. Эмоциялық стрестің туындауы қалыпты күйден сыртқы сигнал бағалауына және оған жауап беру принципіне келеді. 55. Эмоцияның формалары және негізгі түрлері Американдық психолог К.Изард фундаменталды он эмоциялардың түрлерін көрсеткен. қызыгушылық-қозу жағдаяттарга сыйю, ой-өрісті кеңейту, білу, зерттеу ықыласы, біреуге немесе бір нәрсеге әуескойлық және сезім қүшағында күйзелу. тиімді, әсіресе, танымдық мотив (түрткі) іс-әрекеттің мағынасына сәйкес және күштілігі жеткілікті көрінеді. қызығушылыққа қарама-қарсы эмоцияны зерігу деп атаймыз . монотондық жағдайда туады. субъектінің тиісті пәнімен немесе ақпараттармен ерекше қарым- қатынас және жаңа жағдаяттармен қақтығысқанда қызығушылық эмоция күшейеді. таңырқау, қызығу эмоциясына жақындау, қарама-қайшылық, ерекшелік, жаңа ұқсас жағдаяттарда туады. бірақ, тез уақытта отетін эмоция болып көрінеді. күшті танымдық мотив ретінде көрінеді, соңғы әрекеттерді итермелейді, яғни, айқындау, білу, аныктау, кез жеткізу т.б. қуаныш эмоциясы адамның мүмкіншіліктері және негізгі тұлғалық касиеттерін жүзеге асыруда пайда болады. қоршаған әлеммен және басқа адамдармен,өзімен қанағаттану сезімімен және өмірге қанағаттану күйі. оптимизм және мүмкіншілігін кеңейту күштің көбею сезімінен байқалады. эмоция азабы өмірлік мақсатқа жетуге ұмтылысқа кері әсерін тизе отырып туындайды. азапқа, жеке ар-намысқа тию, адамдардың қорлауы, алаяқтық, қуаныш күйін талдау, адам құндылықтарын келеке етуіне себеп болуы мүмкін. адамдарғы азапқа қарысы болып, кек алу мақсаты күш береді. күшті азап аффектіге және ашық күреске айналып кетуі мүмкін. бұл жағдайда адам өзіндік бақылауын, саналы түрде басқару мүмкіншілігі шектеледі, тіпті өз әрекетін жоғалтады. көп жағдайда азап басқа адамдарға қарсы бағытталуы, сондай-ақ ол бағыт өзіне бағытталуы мүмкін. Ұялу эмоциясы субъект өзіне, көзқарасына, ойына, тұлғалық қасиетеріне, қатынастарына, сыртқы ерекшелігіне сәйкес емес әрекеттерін жасаған кезде туады. бұл күйзелісте субъект өзін басқалармен салыстырғанда жаман, қолынан ештеңе келмейтін, әлсіз, кішкентай, ешнәрсеге жарамайтын, ақымак, тартымсыз, жол болмағандай сезінеді. оған басқалар оның кемшіліктерін көріп, жек көретіндей көрінеді. сондықтан ол басқа адамдардан өзін алшақ ұстап, жат жүруге даяр болады, өялудың жеңіл формасы қызару. өялу интеллект жұмысын тоқтатады, адамның әрекеті мен қылықарына қатты әсер етеді, сананы жаулап алады, тұлғаны қорғаныш механизмдері белсендіреді. өмірдегі түрлі жағдайлар ұялу мен одан адамгершілік деңгейде құтылу - түлғалық борыш. өялуға қарама-қарсы эмоциялық күй - мақтаныш "моциясы. ол моральдық- эстетикалық талаптардың жогары деңгейінде туындайды. ол өзінің мағыналығын, артықшылығын, күндылығын басқа адамдардан жақсы лебіздер естіген кезде сезінеді. өялу мен мақтаныш эмоциясы негізінде адамда өзіне қатысты тұрақты дамуы жүреді. айну эмоциясы субъектінің моральдық-эстетикалық талабына сәйкес емес жағдайларда, объектілерге, құбылыстарға немесе адамдарға туындайды. бұл адамның қылықтары, ойлары, тілектері, нақты заттары, іс-әрекет кемістігі және т.б. айну эмоциясы сәйкес объектіні өзгертуді, жақсартуды, жетілдіруді, жою немесе алшақ жүруді тудырады. Жек көру эмоциясы айнуға мағынасы ұқсас келеді, бірақ өзінің қосымша ерекшелігі бар. ол сәйкес объектіні өзгертуді, жақсартуды, жетілдіруді, жою немесе алшақ жүруді тудырады. сонымен қатар ол жек көрген адамнан немесе топтан өзін алшақ ұстап, өзінің артықшылығын, ар-намысын сезінеді. өзін кінәлау эмоциясында адам өзінің кінәсін мойындайды, өзінің оған қатысын немесе шығынға жауапкершілігін, басқа адамдардың жайсыздығын, жолының болмауына өзін кінәлі сезінеді. бұл кезде ол өзін-өзі кінәлайды және өкінеді (үлгерген жоқпын, істей алмадым, ескерте алмадым, кең пейілдік көрсете алмадым және т.б.), көбінесе өзінің кінәсін ақтауга тырысады (зардап шегінуге көмектесу, кешірім өтіну, түсіндіруге тырысу). тұлғаның негізгі кемелдену көрсеткіші - ол өзінің қылығына жауап беру және кінә сезімін сезіну, кінәсін ақтауға тырысу. қорқыныш эмоциясы адамның тұлғалық немесе дене бітіміне өмірінде қауіптің төнуі кезінде пайда болады. қауіп төну деңгейіне байланысты сенімсіздік жағдай, мазасыздану, жамандықты сезіну, қауіптілігін қамтамасыз ете алмау, қауіп, күшті қорқыныш бақылауға келмейтін аффектіге айналуы мүмкін. адам өзінің күштілігі немесе батылдығы осы сезімдерден өткенде багалайды. 56. Ойлаудың психологиялық теориялары. Ойлау – адамның танымдық әрекеті, ол шындықты бейнелеудің делдалдық және жалпылама тәсілі. Ойлаудың өнімі – ой, мағына, ұғым түрінде болады. Ойлау дегеніміз – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс - қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнелеуі. Ассоциистік теория Бұл бастапқыда ақыл-ойдың мазмұнын қарапайым сезімдер немесе идеялар жиынтығына дейін төмендетуге ұмтылған философиялық теория болды, олардан күрделі идеялар олардың арасындағы ассоциациялар арқылы жасалды. Қауымдастық теориясы әрқашан қарапайым түсініктемелер арқылы күрделі идеяларды талдауға ұмтылды деген мағынада редукциялық болды. Бірақ бұл теория шығармашылық ойлау мәселесін және оның қалай қалыптасатынын және қайдан шыққанын шеше алмады. Сондықтан ойлаудың шығармашылық сипаты ассоциацияларға тәуелді емес ақыл-ойдың туа біткен қабілеті деп саналды. Гештальт теориясы Гештальт психологтары ақылды бірнеше «бірлесу заңдарының» бұлжымас әрекеттері арқылы біріктірілген қарапайым идеялардың пассивті жиынтығы ретінде түсінуге болады деп дәлелдеді. Бихевиористік теориясы Қазіргі бихевиоризм ойлауды жаңа жағдайларға бейімделу формасы ретінде анықтайды. Сондықтан, егер организм проблемалық жағдайды бастан кешірсе (немесе тапсырма алса), онда ол оған бейімделуге тырысады – яғни ол тапсырманы шешеді. Когнитивті даму теориясы Оның негізін қалаушы – Жан Пиаже. Ол ойлаудың пайда болуы қоршаған ортаға бейімделудің биологиялық процестеріне байланысты деп есептеді. Даму процесінде бала әлем туралы өз идеяларын схемалар түрінде алады. Бұл схемалар жадта сақталады және мәселелерді шешу үшін кез келген уақытта алынуы мүмкін. Дегенмен, оларды екі жолмен жақсартуға болады: Аккомодация: сыртқы оқиғалардың әсерінен субъективті схемаларды түрлендіру және түзету. Ассимиляция: сыртқы әсерлер мен оқиғаларды байланыстардың субъективті жүйесіне ретке келтіру. |