Казакша психология. 56 Психология. 1. Жалпы жне жас ерекшелік психологиясы туралы жалпы тсінік
Скачать 121.06 Kb.
|
Зейін — адамның психикалық әрекетінің белгілі бір нәрсеге бағытталып шоғырлануы. ырықсыз зейін деп сананы белгілі бір объектіге бағытталып, соған шоғырлануын айтамыз. Сан қилы тітіркендіргіштер ішінен күшті басым тітіркендіргіш зейінді өзіне еріксіз аударады. Мысалы, сөреде қатар тұрған кітаптар арасынан мұқабасы қызыл кітап бірден көз тартады. Мұның себебі – қызыл түстің көзге әсер ету коэфицентінің күшті екендігінде. Осы орайда, мәнерсіз жөнді аудара алмайды. Ал мәнерлі, әсерлі сөздер адамның зейінін өзіне еріксіз тартып алады. Ырықты зейін ерікті немесе активті зейін деп те аталады. Мұндай атаулардың бәрі сананың белгілі объектіге шоғырлануындағы адамның адамның шешуші ролін көрсетеді.Сананың әрекеттің белгілі шартымен байланысты болып, бір объектіге бағытталуын ырықты зейін дейміз.Ырықты зейінің психологиялық мазмұны адамның іс-әрекетіндегі алға қойған мақсатымен, ерік күшімен байланысты. Машина жүргізуші шофер, есеп шығарушы бухгалтер, тәжірибе жүргізуші ғалым алдын-ала мақсатын белгілеп,оны орындап шығу үшін соған саналы әрекетін бағыттайды. Үйреншікті зейін-зейіннің ерекше түрі.Атына көрініп тұрғандай,ол ырықты зейіннен кейін жасалады.Сонымен,үйреншікті зейін дегеніміз-қажетті әрі құнды болып саналатын объектіге адам санасының шоғырлануы. Үйреншікті зейіннің өзіндік ерекшеліктері бар.Ол қызығу негізінде қалыптасады. Кейбір адамдар ауыр деген жұмыстың өзін аса қиналмай-ақ, ойнап-күліп жүріп тындыра береді.Мұндай жағдайларда ырықты зейін үйреншікті зейінге оңай ауысады.Ондайда адам шаршағанын да байқамай қалады Зейіннің жоғарыда қарастырылған үш түрі де бір-бірімен тығыз байланысты.Адамның іс-әрекетінде зейін түрлері алма-кезек өзгеріп,бір-біріне ауысып отырады. Ұстаздар оқу-тәрбие істерінде оқушы зейінін сабаққа бағдарламау ғана шектеліп қоймай, олардың өз зейінін басқара алатындай ерік саналарың қалыптастыруға баса көңіл бөледі. 21. Өзің жақсы білетің адамның психологиялық портретін жасаңыз. Оның негізгі қасиеттерін көрсетіңіз. Өзіннің жеке қасиеттерін ескере отырып, осы адаммен қалай қарым-қатынас жасай алатыныңызды жазыңыз. Психологиялық портрет - адамның ішкі психологиялық сипаттамасы және белгілі бір мән-жайлардағы мүмкін әрекеттері туралы күрделі психологиялық сипаттамасы. Менің танысымның сипаттамасы, қасиеттері: Темперамент: Холерик- ширақ, көпшіл, қызба, сыртқы қоздырғышқа жауабы әр түрлі. Шыдамсыз, ашуланшақ болып келеді. Бір нәрсені бастаса оның тоқтату қиын. Ол тік мінезді. Бұл адамдар шешім қабылдағанда жақсы жұмыс істейді. Жағымды қасиеттері: адал, адамгершілікті, әділетті, белсенді, кекшіл емес және т.б. Жағымсыз қасиеттері: ашуланшақ, шыдамсыз, бастаған ісін аяқтамайды. Холерикпен қарым қатынас жасау: Бұл импульсивті темперамент бұлыңғыр және тыныш сөйлеуді ұнатпайды, сондықтан сіз қатты және анық сөйлеуді үйренуіңіз керек. Егер жанжал орын алса, холерикті тыныштандыруға тырыспаңыз және әңгімені жалғастырыңыз. Даулы мәселені талқылауды басқа күнге қалдыру тиімдірек болады. оны ашуландырмауға тырысуыңыз керек. 22.Қиялдың негізгі түрлері көрінетін жағдайлар туралы мысалдарды келтіріңіз (түрлі классификацияға сәйкес)
23. Белгілі сезімдерді тізіңіз және оларды топтарға жеткізіңіз. (интеллектуалдық, адамгершілік және эстетикалық) Ақыл-ой сезімі адамның таным қажеттіліктерімен тығыз байланысты. таным қажеттіліктерін оятатын көркем әдебиет, теледидар, өнер, компьютер бағдарламалары. кітап арқылы адам өзін және басқа адамдарның эмоциялық әлемін танид, өзінің эмоционалды күйін бағалайды және реттейді, өзін өзгертеді, өмір талабына сай қалыптастырады. бірақ кітап адам өмірінің барлық кезеңін көрсете алмайды, тек ерекше, есте қаларлық жағдайларды береді. ол адамдардың эмоциялық қуаттарын - қалыптасқан ойларды жинақтайды, тұтынушы, насихаттаушы және ұйымдастырушы қызметтерін атқарады. қоғамның эмоциялық жағдайларына бағыт-бағдар береді. «махаббат (кең және тар мағынада), жанашырлық, мейірімділік, адамгершілік, адалдық, т.б. эмоциональной сферы человека. журнал ңмир психологииң эстетикалық сезім адамдардың сұлулыққа, әсемділікке, табиғатқа деген сезімін ояту. өнер, музыка, көркем шығармалар, шешендік өнер, поэзия, республикада кең таралған көрермендердің көңілінен шыққан, жүрегіне жол тауып баурап алатын ақындар сайысы, адамның жан дүниесін тереңдетіп оны шабыттандыра түседі. таңдану, қызығушылық, күмән, жаңалық ашу қуанышы, шындықты сүю және т.б. адамгершілік сезім демократия және гуманистік, гуманитарлық үстемдік ететін қоғамдағы адамгершілік сезімдер - борыш сезімі, әр адамның өз халқы алдындағы азаматтық қасиеттерін құрмет тұтуы. мысалы, адамзатқа белгілі тарихи тұлғалар өздерінің кең рухани байлықтарымен және адамсүйгіштік қасиеттерімен қадірлі болған. олар сократ, платон, аристотель, мухаммед пайғамбар, ибн-сина, әл-фараби, абай, алтынсарин, шоқан, ыбырай т.б. қазіргі кезенде өріс алып кетуіне байланысты жастарымыздың сана-сезімін уландырып, ұлттық менталитетімізге жат жәйттерді, құбылыстарды болдырмау үшін жасөспірімдердің жоғарыда айтқандай биік сезімдерін жаңа білім, тәрбие технологиялары арқылы сусындап, қаруландыруымыз қажет. 24. Әртүрлі жастағы адамдардың өміріндегі ойын функцияларының нақты мысалдарын көрсету. Ойын – адамдар әрекеті мен өзара қатынастарының тектік әдістері, бекіген іс-әрекеттің ерекшеленген түрі; бала ойын барысында адамзат жинақтаған қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің ақыл-ес (когнитивті), тұлғалық және адамгершілікті дамуын қамтамасыз етеді. Бала үшін рольдік ойындар өте маңызды. Әлеуметтік-мәдени функция. Ойын – баланы әлеуметтендіруде ең күшті құрал. Ол тұлғаның, оның қасиеттерінің, мінез-құлқының, еркінің қалыптасуына әсер етеді; балалардың білім, білік, құндылықтарды, тәртіп нормаларын, қарым-қатынас амалдарын меңгеруге көмектеседі. Ұлтаралық коммуникация функциясы. Ойындар – жалпы адамзаттық құндылықтар банкісі. Олар - әмбебап, әртүрлі ұлт қоғамдастығы оларды жеңіл меңгереді. Бұл - бір-бірімен қарым-қатынас жасуға жағдай жасайтын жалпы қабылданған тіл. Ойындар өмірдегі әртүрлі жағдаяттарды модельдеуге, келіспеушіліктен шығуға мүмкіндік береді, эмоцияны түрлендіріп отыруға үйретеді, сезімнің бүкіл бір гаммасын бойға сіңіреді. Бұл адамның тұлға ретінде өзін-өзі көрсетуі. Коммуникативтік функция. Балалар қауымдастығында қарым- қатынасты ұйымдастыру функциясы. Ойын – коммуникативтік іс- әрекет, онда коммуникацияның екі жоспары бар – нақты және ойындық. Ойынның диагностикалық функциясы. Ойында баланың сапалық қасиеттері, белсенділігі, білімі, білігі, оның басқалармен қарым-қатынасы, басқалардың оған көзқарасы, жанұялық ситуаци- ясы, қорқынышы, толғанысы, эмоционалдық күйі туралы барын- ша ақпараттар байқалады. Бала ойында өзінің күшін, қабілетін, өзін көрсету мүмкіндігін диагностикалайды. Ойын баланың өзін-өзі тану сезімін оятады. Ойынның терапиясы (емдік) функциясы. Бұл баланың ойнағандағы күйзелісін, толқынысын, қорқынышын сейілту функ- циясы. Ойын – басқалармен қарым-қатынаста, оқуда, тәрбиеде кез- дескен қиыншылықтарды жеңу құралы. Мысалы, әзіл-өлең, мазақ- өлең, санамақ, жаңылтпаш ойын терапиясының қуатты құралы және мәдени салт-дәстүрді жеткізуші болып табылады. 25. Темперамент және онын психологиялык ерекшеліктері. Темпераменттердің табиғи, қарапайым көріністері балалық шақта жақсы байқалады. Бала өскен сайын оның сыртқы ортамен қарым-қатынасы күрделене түседі де, оның одан алатын әсері де мол болады. Осыған орай темпераменттердің өзгеріске түсетін ерекшеліктері бүркемеленеді. Дамудың жоғары денгейінде темпераменттерді анықтаудың қиынға соғатынының тағы бір себебін бұлардың мінез сапаларымен араласып, қарым-қатынастың жаңа формаларының ішіне еніп кететіндігінен деп ұғыну қажет. Сондықтан да біз кейде темперамент көріністерін — мінез бітімі деп, керісінше, мінез бітімдерін — темперамент ерекшеліктері деп шатастырамыз. Жүргізілген зерттеулер жүйке қызметімен темпераменттің типтері өте ерте көріне бастайтындығын аңғартқан. Сөйтіп темперамент жеке адам реакциясының негізгі түрі болып келетін балалық шақта ол «таза» күйінде де кездеседі. Өмір сүру барысында жеке адамның ішкі құрылымдары сапалық өзгерістерге түсіп отырады. Даму барысында темпераменттің бір белгісінің әлсіреп, екіншісінің күшеюі, осының салдарынан мінез-құлықтың кейбір жақтарының өзгеріске ұшырап отыруы да ықтимал. Даму барысында туындайтын осындай сапалы өзгерістердің осы күрделі үрдісінің бәрі, сайып келгенде, адамның тұрмыс салтына әрекеті мен тәрбиесіне тәуелді. Өмір жағдайлары темпераменттердің материалдық негізі болып табылатын жүйке жүйесі қызметінің өзгешеліктеріне ықпал жасайды. 26.Бiлiм беру қызметiнде туындайтын сырткы және iшкi түрткілерді көрсетіңіз. Ішкі факторлар 1. түрлі оқыту мен оқу әдістерін пайдаланатын белсенді мұғалім.2. белгілі бір мағынасы бар және осыған дейін өткен тақырыппен байланысты жаттығулардын болуы.3. сабақтағы жаттығулардың күрделілігі тиісті деңгейде және барлық оқушылар орындай алатын етіп сараланған болуы.4. әр оқушыға жеке қолдау көрсету.5. көп мақтау және мұғалімнің дене қимылдарын, ымды тиімді қолдануы. Сыртқы факторлар 1. Окушылар саны 2. Оқушылардын әлеуметтік ортасы 3. Мектептін әлеуметтік статусы. 4. тб 27. Тәлім-тәрбие педагогикалык психологиясы, тармақтары.Адам сана-сезiмi мен психикасының қалыптасуы және дамуы. Тәрбие педагогикалық психологиясы - балалар ұжымының, баланың іс-әрекетін мақсаттылық ұйымдастыру жағдайыңда жеке адамның дамуын зерттейтін бөлім. Тұлғаның мотивациялық саласының мазмұнын, оның бағыттылығын, құндық бағдарлануын, сондай-ақ әр түрлі жағдайда тәрбиеленіп жатқан балалардын өзіндік сана-сезімдеріндегі айырмашылықты, балалар ұжымы мен бозбалалар ұжымының құрылымын, олардың жеке тұлғаның қалыптасуындағы рөлін, психикалық депривацияның жағдайы мен салдарын зерттейді. Психиканың пайда болуы туралы бірнеше теориялар бар. Атап айтқанда: антропопсихизм, яғни психика тек адамға ғана тән: панпсихизм – барлық табиғатқа: биопсихизм – тек тіршілігі бар материяға нейропсихизм – тек нерв жүйесі барларға. Бұл теориялар психикаға біржақты қарап, қарапайым түсінік береді. Тіршіліктің пайда болуы – материя дамуының жаңа сатысы, ол өзінің құрылысы жағынан күрделі және ерекше қасиеттерге ие болды. Бұл қасиеттің бірі – тітіркенушілік, яғни сырттан тиетін әсерлерге организмнің беретін жауабы. Бұл тірі табиғаттың бейнелеу организмінің жалпы түрі. Оның жеке көрністерінің түріне мыналар жатады: настия, тропизмдер оның өзі - фототропизм, хемотропизм, термотропизм болып бөлінеді. Психиканың дамуы , адамның табиғи мәні, оның қоғамдық ролі, және тарихи дамудың негізгі субьектісі екендігі. К.Маркс пен Ф.Энгельс, Л. Фейербах шығармаларында материалистік тұрғыдан баяндалады, адам қоғам мен табиғат жағдайына бейімделіп, өзінің белсенді іс-әрекеті арқылы барлық қажеттіліктерін өтейтін ақыл – ой иесі ретінде анықталады. Сөйтіп, 19 ғасырда адам жан жүйесін зерттейтін, ғылым сапалық жаңа мәнге ие болды, адамның табиғатпен, қоғаммен тығыз қатынаста болып, оған үнемі бейімделіп отыратындығы нақтылы іс-әрекеттер арқылы жүзеге асып, оның шынайылығы айқындалды. Ғылымның мұндай жетістіктері психологияны дербес ғылыми пәнге айналдырды, оның өзіндік мақсат – міндеттері мен зерттеу әдістерін анықтады. Психология 19 ғасыр ортасында дербес ғылыми пәнге айналуының табиғи ғылыми негізі - физика мен химия, физиология мен биология , дарвинизм мен рефлекс туралы ілім, сезім мүшелерінің психофизиологиясы мен психофизиологиялық зерттеулердің нәтижесі. Психология пәнін өзге ғылыми пәндермен салыстыра келе , бұл пәннің тәжірибелік ( эксперименттік ) ғылым екендігін айқын сезіне аламыз. 28. Инстинкт түсiнiгi (салыстыру) Инстинкт(лат. іnstіnctus – түйсік) – организмнің сыртқы және ішкі тітіркендіргіштерге жауап ретінде пайда болатын туа біткен реакцияларының (мінез-құлық актілерінің) жиынтығы; күрделі шартсыз рефлекстер. Априори, ең көп таралған түсініктеме - инстинкт мұрагерлік және туа біткен нәрсе, және біз онымен бірге туамыз. Біз мұны көптеген жануарлармен, соның ішінде сүйікті үй жануарларымен тексере аламыз. Тамақ берген кезде олардың итінің сілекейі ағып кеткенін кім көрмеді? Жануарлар әлемінде инстинкттер сақталып, олардың өмірлік функциясын орындайтыны анық сияқты. Алайда ... адамдарға не болады? Мысал алайық: тамақтану инстинкті. Бұл инстинкт барлық тірі организмдердің энергия мен демалысқа деген қажеттіліктерін теңестіруге мүмкіндік береді. Әзірге жақсы. Бірақ, мысалы, анорексия немесе булимия сияқты бұзылулар туралы не деуге болады? Адам - өзінің ішкі түйсігі табиғатына қарсы тұруға қабілетті жалғыз жануар. Біз жалғыз тірі жанбыз өз түріміздің мәңгілікке қарсы әрекет ете алады. Бұл сонымен қатар тіршілік ету инстинктінен басқа ешкімге ұқсамайтын инстинктті абсолютті бұзады. 29. Іс-әрекет туралы жалпы түсінік. Іс-әрекеттің негізгі сипаттамасы болып – оның мағыналығы саналады. «Мағынасыз әрекет» деген ұғымға ешқандай түсінік берілмейді. Әр бір адам ісәрекет кезінде белгілі бір жайларға байланысты және қандай да бір мақсат кӛздеп қимыл жасаушы ретінде әрекет етеді. Іс-әрекетке жету үшін іштей талаптану жеткіліксіз. Бұл үшін іс-әрекет обьектісін білу қажет, сондай-ақ талаптануды мақсатпен ұштастыра білу керек. Мотив-мақсат болатын ортада іс-әрекеттің әлеуметтік және таптық себептері ерекше айқын байқалады. Ісәрекет арқылы табысқа жету сәтсіздікке ұшырау адамның бойында қалыптасқан ерекшеліктер арқылы електен ӛтіп барып, одан әрі іс-әрекетке әсер етеді. Табыс адамды қанаттандырады, кӛңілін ӛсіреді, 2-ден тоқмейілсу туғызады. Іс-әрекеттің қандайы болсын адамды қажытады. Қажу қызмет атқарушы орган немесе организм күшінің іс-әрекет процесінде табиғи таусылуы. Шаршау қажыған адамның кӛңіл күйі. Тынығу іс-әрекет түрін ауыстыру, күшті қалпына келтіру іс-әрекетті одан әрі жалғастыруға мүмкіншілік жасайды. Қажуда жұмыс қарқыны баяулайды және сапасы тӛмендейді. 30. Адам кажеттіліктері. 1. Негізгі қажеттіліктер Олар өмірлік қажеттіліктер, яғни қанағаттану адамның өмір сүруіне байланысты болатындар. Мысалы, тамақтану, ұйықтау, дем алу, ылғалдандыру және т.б. Бұл дененің жақсы жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін ең төменгі стандарттарды сақтауға байланысты қажеттіліктер. 2. Екінші қажеттіліктер Олар өмірлік маңызды емес, адамның қанағаттану деңгейі мен әл-ауқатын арттырады. Олар әдетте мәдени компонентке ие, сондықтан олар мәдениетке, тіпті уақыт мезетіне байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы, автокөлік бар, ұялы телефон бар. т.б. 3. Жеке қажеттіліктер Олар жеке адамның немесе адамның қажеттіліктері және олар екі түрлі болуы мүмкін: Табиғи: Олар бірінші кезектегі қажеттіліктер: тамақтану, су ішу және т.б. Әлеуметтік: Мәдени сипаттағы адамдар: сағат тағу, үйлену тойын тойлау, галстук тағу және т.б. 4. Ұжымдық қажеттіліктер Олар топтардың немесе қоғамның, яғни азаматтардың жеке тұлғалардың қажеттіліктері: қоғамдық көлік, қауіпсіздік пен тәртіп және т.б. Оның экономикалық маңызы бойынша Олардың экономикалық функциясы бар-жоқтығына байланысты қажеттіліктер ... болуы мүмкін. 5. Қаржылық қажеттіліктер Бұл оларды жүзеге асыру үшін экономикалық қызметті жүзеге асыру қажет қажеттіліктер. Мысалы, мобильді немесе тамақтану (базардан тамақ сатып алу). 6. Экономикалық емес қажеттіліктер Бұл қажеттіліктер экономикалық қызметті қажет етпейді. Мысалы, тыныс алу және коммерциялық операциялардан тыс өмірдің кез-келген саласы. 7. Тапшылық қажеттіліктері Олар егер біз оларды қанағаттандырмасақ, жетіспеушіліктің бар екендігіне сілтеме жасайды, яғни біз оларсыз өмір сүре алмаймыз. Олар физиологиялық, қауіпсіздік, байланыстырушылық және тану қажеттіліктері. Тапшылықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру жағымсыз сезімдерден немесе салдардан аулақ болу үшін маңызды. 8. Болмыстың дамуы |