Главная страница

Дәріс Гипоксия (1). Дріс Гипоксия. Гипоксия жасушаларды оттегі жетіспеушілігінен туатын лпаларды декструктивтік згерістеріне келетін патологиялы процесс


Скачать 115.66 Kb.
НазваниеДріс Гипоксия. Гипоксия жасушаларды оттегі жетіспеушілігінен туатын лпаларды декструктивтік згерістеріне келетін патологиялы процесс
Дата06.11.2020
Размер115.66 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаДәріс Гипоксия (1).docx
ТипДокументы
#148497

Дәріс Гипоксия.

Гипоксия – жасушалардың оттегі жетіспеушілігінен туатын ұлпалардың декструктивтік өзгерістеріне әкелетін патологиялық процесс. Оттегінің ұлпаларға тасымалдануының бұзылуында және тыныс алу жүйесінің клеткаларының оттегін шығаруы бұзылуында пайда болады.

Ұйқы кезіндегі функциональды салмақ интенсивті жұмыс істеп тұрған ағзалардың орташа гипоксия дамуы мүмкін. Бұл гипоксия организмнің қалыпты физиологиялық беімделу реакциясын қалыптастырып, оның дамуын жоғарылатады.

Эмоциясына байланысты гипоксия түрлері:

- экзогенді

- респираторлы

- циркуляторлы

- гемикалық

- біріншілік – ұлпалық

- салмақ түсудегі гипоксия

- аралас этиологиялы гипоксиялар.

Гипоксияның көрінісі, оның пайда болу жылдамдығына, узақтылығына, сатысына, организмнің реактивтілігіне байланысты.

Экзогенді гипоксия – тыныс алу ауасында О2 мөлшерінің азаюында пайда болады.

А) Нормобариялық гипоксия – атмосфералық қысым қалыпты жағдайда (шахтада, құдықта, ауасы тар кіші бөлмеде көп болған кезде).

Б) Гипобариялық гипоксия – атмосфералық қысым төмендеген жағдайда (таулы аймақта). Негізгі түздіруші фактор өкпе гипервентиляциясы және көмір-қышқыл газын көп мөлшерде болу кезінде түзілетін – гипокампния мен газды алкалоз.

Жаттықпаған адамдар таулы аймаққа көтерілген кезде пайда болатын гипоксемия мен гипокапния оларда тау ауруының дамуына әкелуі мүмкін. Тау ауруының дамуы мына факторларға байланысты:

1. Таулы аймақтың климаттық жағдайына – ауа дымқылдығы, түнгі және күндізгі температура айырмашылығы, қар жамылғысының қалыңдығы т.б.

2. Өрге шығу жылдамдығына.

3. О2 жетіспеушілігіне төзімділігінің өзіндік ерекшелігіне.

2000 м биіктікте Нв (гемоглобиннің) оттегімен тойымдылығы 92 %, 4500 м – 70-75 %, 5000 метрде гипоксия қауіпті.

Тау ауруының жедел түрінде адамда бас ауруы, тыныс алудың жетіспеушілігі, тері қабаты бозғылт, ерні көгеріп, жүрегі айнып құсуы мүмкін, ұйқысы бұзылады. Ми ісіп, өкпе ісуі мүмкін.

Респираторлы гипоксия – сыртқы тыныс алу бұзылғанда пайда болады. Туғаннан және жүре пайда болған өкпе ақайларында, тыныс алу бұлшықеттерінің қабынуында, миокардиодистрофияда айқындалатын альвеолярлық вентиляцияның жетіспеушілігінде түзіледі. Нейрогенді миопатияларда (полиомиелит, столбнык, ботулизм) қабырға аралық бұлшықеттер мен көкетті жүйкелендіретін перифериялық нейрондар зақымдалады да кеуде қуысының дем алған кезде кеңеюі төмендейді, альвеолаларға баратын ауа көлемі азаяды. Созылмалы бронхит, өкпе эмфиземасында, бронхиальды астмада тыныс алу кезінде, тыныс алу жолдарының кедергісі жоғарылап өкпе вентиляциясы төмендейді. Тыныс алу орталығының нейрондарына улы заттар әсер еткенде тыныс алудың ритмі бұзылады (диабеттік, бауыр комаларында). Инсульт және шокта альвеолярлы гиповентиляция дамиды. Қалыпты жағдайдағы альвеолярлы вентиляцияның минуттық көлемінің өкпе арқылы 1 минут ішінде өтетін қан көлеміне қатынасы 0,8-1,2. Бұл санның төмендеуі альвеолярлы гиповентиляцияны көрсетеді.

Циркуляторлы гипоксия – қан айналу жүйесінің жетіспеушілігіндегі ағзалар және ұлпалардағы қан және оттегі жетіспеушілігінде дамиды. Қан қысымының жүйелі төмендуінде көптеген ағзаларда қан және О2 жетіспеушілігі түзіледі.

Жергілікті циркуляторлы гипоксия қантамырларының атеросклерозы кезінде дамиды. Даму аймағына байланысты клиникалық көріністері әр-түрлі жүректің ишемиялық ауруы, ишемиялық инсульт, перифериялық артериялар ауруы. Артериялық қанда О2 нормада, веналық қанда О2 төмен болады.

Гемикалық гипоксия – қанның оттегілік көлемі азайғанда дамиды (анемия, сүйек миында эритропоэз төмендегенде, эритроциттер гемолизінде, бүйрек ауруларында). Артериялық қанда О2 көлемінің азаюымен сипатталады. Эритропениялар тек қана гемоглобиннің төмендеуімен ғана емес, сапасының өзгеруімен сипатталады, кең таралған түрі – орақ клеткалы анемия, талассемия (ген деңгейінде зақымданулар). Жүре пайда болған карбоксигемоглобин (гемоглобиннің көміртегі оксидімен қосындысы). Метгемоглобинемия анилин, бензол, кейбір дәрілер (амидопирин, сульфиниламид, фенацетин) әсерінен пайда болады. Артериялық қанда О2 көлемінің азаюымен сипатталады.

Біріншілік – ұлпалық гипоксия – оттегінің клеткамен сіңірілуі бұзылғанда дамиды. Мысалы: цианидтермен уланғанда цианидтер тыныс алу тізбегінің соңғы ферментін жояды. Организм жоғарғы физикалық жұмыс істегендегі гипоксия.

Әр-түрлі этиологиялы гипоксия – жиі кездеседі. Мысалы: қатерлі ісік кахексиясында пайда болатын ұлпалық гипоксия респираторлық, циркуляторлық, гемикалық гипоксиялармен қатар жүреді.


написать администратору сайта