Әдістемелік құрал. 15+Дәріс.+Әлемдік+саясат. Дріс. Халыаралы атынастар
Скачать 25.45 Kb.
|
Дәріс . ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР 1 Əлемдік саясат жəне халықаралық қатынастар ұғымы 2 Дүниежүзілік қауымдастықтың жаһандық мəселелері 3 Қазақстанның сыртқы саяси бағдарлары 1 Əлемдік саясат жəне халықаралық қатынастар ұғымы Əлемдік саяси процестердің жиынтығы ретіндегі барлық жер шары адамзаттық дамуының қазіргі замандағы жағдайында халықаралық қатынастар саясаттануы бірінші кезекке келесі мəселелерді шығарады: а) халықаралық қатынастар жүйесі жəне оның генезисі ұғымдары; б) дүниежүзілік саясат пен халықаралық құқықты қалыптастырудағы кластық жəне ұлттық қызығушылықтардың рөлі; в) дүниежүзілік əлеуметтік прогресс; г) қазіргі замандағы жаһандық мəселелер жəне оларды шешу жолдары; д) халықаралық қатынастарды демократияландыру. Халықаралық қатынастар халықтар, мемлекеттер жəне мемлекеттер жүйесі арасындағы байланыстар мен өзара байланыстар жиынтығымен сипатталады. Халықаралық қатынастар дегеніміз дүниежүзілік қоғамның барлық негізгі субъектілері арасындағы саяси, шаруашылықтық-экономикалық, ғылыми-техникалық, қаржылық-валюталық, əлеуметтік, дипломатиялық, құқықтық, гуманитарлық жəне коммуникациялық байланыстар мен қарым-қатынастардың жүйелік жиынтығы. Халықаралық қатынастардың негізгі субъектілері ретінде мемлекет пен халықаралық ұйымдар көрінеді. Олардың басты айырмашылығы болып егемендік (мемлекет) жəне егемендіктің болмауы (халықаралық ұйымдар, қозғалыстар жəне т.б.) табылады. Мемлекеттер егеменді субъектілер ретінде халықаралық өмірге ықпал етудің егізгі құралдарын өз қолына жинақтаған алпауыт жəне ұйымдасқан болып келеді. Мемлекеттер ұйымдасқан түрде əлемдік саяси процесс шеңберіндегі халықтар мен ұлттардың қызығушылықтарын білдіретін əлеуметтік институт болып табылады. Саяси ғылымда «халықаралық қатынастар», «сыртқысаясат», «дүниежүзілік саясат» ұғымдары қолданылады. Сыртқы саясат жекелеген мемлекеттердің халықаралық аренадағы іс-əрекеттері ретінде қарастырылады, ал халықаралық қатынастар барлық сыртқы саясаттардың белгілі бір жиынтығы ретінде болады. Солары əрбір мемлекеттің салымы, қосқан үлесі тек бір ғана оның сыртқы саяси жағдайларына ғана емес, басқа мемлекеттердің өзара əрекеттері мен қарама-қарсы əрекеттерінің нəтижелеріне тəуелді болатын жүйені түзеді. Əр мемлекет сол немесе басқа да сыртқы саясатты жүргізеді, дегенмен олардың барлығы дерлік халықаралық қатынастар сипатына ықпал ете алмайды. Ол дəрежесі жаңа жағдайлардың, 96 шарттардың пайда болуына байланысты өзгере алатын түрлі факторлардың үйлесуіне тəуелді. Халықаралық қатынастар жекелеген мемлекеттердің сыртқы саяси позициялары мен əрекеттерінің, олардың қарым-қатынастары мен мəселелерінің қарапайым жинағы емес, белгілі бір объективті жəне субъективті факторлармен бөлінген динамикалық дамушы жүйесі. Халықаралық қатынастар мен мемлекеттің ішкі саясаты өзара ықпалдастықта болады. Бір жағынан халықаралық қатынастар көбінесе сол немесе басқа тарихи кезеңдегі жетекші державалардың ішкі саясатын көрсетеді, ал басқа жағынан - кез келген мемлекет өзара қатынастың қалыптасып қалған əлемдік болмыстарды, халықаралық құқықтың нормалары мен принциптерін, «əлемдік саяси ойынның ережелерін» ескеруге мəжбүр. Сөз сыртқы факторлардың кез келген елдің ішіндегі қатынастарға артып отырған ықпалында болып отыр. Бұл экологиялық жəне шикізат мəселесінің ушығуынан, əлеуметтік теңдіктің бұзылуынан, əлемнің түрлі аймағындағы салмақты қақтығыстардан, дүниежүзілік қауымдастықтың əлсіз дамыған елдердің кедейшілік жағдайларына жауаптылығының артуынан, ең бастысы мемлекеттердің (дүниежүзілік қауымдастыққа мүше) өзара тəуелділігінің артуынан туындап отыр. Қазіргі кездегі халықаралық қатынастар сипаттамасынан нені ескеруіміз қажет? Біріншіден, ХХ ғасырдың 90-шы жылдары түбегейлі өзгерістер орын алды: КСРО-ның, социализмнің əлемдік жүйесінің ыдырауы, Варшавалық Келісім мен Экономикалық Өзара Көмек Кеңесінің тарауы,«суық соғыстың» аяқталуы, посткеңестік кеңістікте жаңа жас ұлттық мемлекеттердің пайда болуы жəне т.б. Екіншіден, НАТО-ның Шығысқа ықпалының кеңею процесі жүріп жатыр. АҚШ пен НАТО-ның Югославияға қатысты саясаты - ашық əскери əрекетке барған жағдайлар НАТО-ның БҰҰ Жарғысын бұзғандығына дəлел. Үшіншіден, Ресей мен Чечня арасындағы қақтығыс. Төртіншіден, адамзатты күтіп тұрған жаһандық мəселелер. Осы шешімнің дұрыс жолдарын талап ететін, аталған мəселелер мен міндеттердің тізімі заманауи халықаралық қатынастар тəжірибесінде түрлі векторларға ие белгілі бір заңдылықтардың бар екендігін көрсетеді. Ғалымдар ұлттық қауымдастықтар дүниежүзілік аренада өздерін тең құқылы субъект ретінде білдіріп жатқанда, халықаралық қатынастарға қатысушылардың мемлекеттілігі мен егемендігін неғұрлым тарату тенденциясын баса айтуда. Бір уақытта халықаралық қатынастардың қатысушыларының артып келе жатқан санын интеграциялауды, кең саяси, əлеуметтік-экономикалық жəне гуманитарлық ынтымақтастықтың институционалдық формаларын күшейтуді нығайту тенденциясы əрекет етеді. Халықаралық қатынастар бүгінгі күні жаңа қауымдастықтың қалыптасу процесі диалектикалық тұрғыда өзара қызығушылықтар сияқты, түрлі мемлекеттердің қарсы күресі мен бəсекелестігін де ескеру негізінде ынтымақтастықтың кеңеюін біріктірген кездегі өтпелі жағдай тұрғысынан сипатталады. Осылайша, халықаралық қатынастар ішкі жəне сыртқы саясат 97 принциптері жүзеге асатын, мемлекеттер арасындағы, мемлекеттік ұйымдар арасындағы, партиялар, түрлі мемлекеттердің жекелеген тұлғалары арасындағы интеграциялық байланыстардың жиынтығы ретіндегі орта болып саналады. Халықаралық (əлемдік) саясат дегеніміз соғыс пен бейбітшілік, ортақ қауіпсіздік, жаһандық, аймақтық жəне ұлттық қақтығыстарды реттеу, қоршаған ортаны қорғау, бүкіл адамзаттық тірі қалуы, артта қалушылық пен кедейшілікті, аштық пен ауруды жеңу, əлемде əділетті тəртіпті орнату сияқты мəселелерді шешуге жəне адамдардың қызығушылықтарына байланысты халықаралық құқық субъектілерінің мақсатқа бағытталған саяси іс-əрекеттерін білдіреді. Саясаттың халықаралық қатынастардағы жетекші ролі мыналарға шартты негізделген: а) дүниежүзілік саясат субъектілері барлық қоршаған əлемге ықпал ете алатын керемет мүмкіндіктер мен қорларға ие, олар саяси тəрізді, саяси емес те халықаралық процестерді басқарудың күшті тетігіне ие; б) халықаралық қатынастар жаһанданудың нақты көрінетін тенденциясына ие, ол реттеуші халықаралық саяси механизмдерді жетілдіруді талап етеді. в) заманауи ядролық кезең адамзаттың қауіпсіздік жəне өмір сүру проблемаларын ерекше орынға қояды, ол əлемдік саясаттың басты бағытын анықтайды; г) заманауи əлем бір уақытта қарама-қайшы жəне бірлікте, өзара байланысты жəне өзара тəуелді. б) дамушы елдерде (Азия, Африка, Латын Америкасы) қарама қарсы процесс байқалады - демографиялық жарылыс, ол бір жағынан, жұмыс күшін, еңбек ресурсының артуын қамтамасыз етсе, екінші жағынан, экономикалық артта қалушылықты жеңу үшін күрестегі қосымша қиындықтарды тудырады, көптеген əлеуметтік мəселелерді шешуді қиындатады (жұмыссыздық, зейнеткерлікпен қамтау, сауатсыздық жəне т.б.). Мазалайтын басты мəселе демографиялық жарылыс емес, дамушы елдерде сақталып қалған қолайсыз əлеуметтік-экономикалық жағдайлар, артта қалушылықты жеңбей жатып, халық санының артуы оларды одан да үлкен қайыршылыққа, кедейліктің артуына əкеледі. 2 Дүниежүзілік қауымдастықтың жаһандық мəселелері ғасырдың 60-шы жылдарында ғылымда глобалистика деген бағыт пайда болды. Əдебиетте жаһандық мəселелердің бірнеше негізгі топтарын бөліп көрсетеді: а) халықаралық əлеуметтік-саяси мəселелер ядролық соғыстардың алдын алу, қарулы күштер жарысының деңгейін төмендету, аймақтық, мемлекетаралық шиеленістерді реттеу, барлығына ортақ қауіпсіздік жүйесін нығайту негізінде зорлық - зомбылықсыз əлемді қалыптастыру; 98 б) халықаралық əлеуметтік-экономикалық жəне экологиялық проблемалар: дамушы елдердің артта қалуын жеңу (аштық, қайыршылық, сауатсыздық), энергетикалық, шикізаттық, азық- түліктік дағдарыстарды шешу, демографиялық жағдайларды оптимизациялау, өндірістің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, космос пен Əлемдік мүхитты бейбіт мақсатта игеру; в) адамның мəселелері: негізгі құқықтар мен еріктерді сақтау, адамзаттың тіршілік етуінің қажетті жағдайларын қамтамасыз ету, қоғамдық қатынастарды демократияландыру, адамның саясат пен халықаралық қатынастардан шеттетілуінен арылу. Өзіндік сипаты бойынша жаһандық мəселелер əр түрлі, дегенмен олардың бəрі адамзаттың географиялық бірлігі мен тіршілік етуі қағидасына тəуелді. Қазіргі кездегі жаһандық мəселелердің пайда болу себептері қандай? Оларды азайту факторлары қандай? Біріншіден, ол əлемде орын алған ғылыми-техникалық төңкеріс. Екіншіден, ғылыми-техникалық төңкеріс елдердің индустриялық дамуын тездеткен ірі əлеуметтік өзгерістермен, қоғамдық прогреспен сəйкес келді. Үшіншіден, қоғамдық дамуды, бəрінен бұрын энергияның, электрдің, атом энергиясының жаңа түрлерін, космосты, Əлемдік мұхиттың құпияларын жəне оның байлықтарын қолдануды игеруге əкелетін өндірістік күштерді дамытуды жеделдету. Жаһандық мəселелерге мыналар жатады: Бейбітшілік жəне қарусыздандыру, жаңа дүниежүзілік соғыстың алдын алу проблемасы. Демографиялық мəселе. Қазіргі кезде 5 млрд. аса адам бар екен. БҰҰ болжамы бойынша 2050 жылға қарай 10 млрд. жетеді. Демографиялық мəселе екі қарама-қарсы аспект ретінде көрінеді: а) бірқатар дамыған елдерде демографиялық дағдарыс байқалады, ол халықтың санының азаюына əкелуде. Демограф ғалымдардың пікірінше, бұл процесс депопуляция деп аталады; Азық-түлік мəселесі. Азық-түлік мəселесінің мəні тамақ өнімдерін өндірудің жеткіліксіздігінде емес, азық-түлік өндірісінің географиясы мен оларды тұтыну географиясының сəйкес келмеуінде Энергетикалық жəне шикізат мəселесі. Ол жер шарындағы маңызды органикалық жəне минералды-шикізаттық ресурстардың шектелуімен байланысты. Соңғы кездері ғалымдар дүниежүзілік қауымдастықты қолданыста белгілі жəне қолжетімді мұнай мен газ қорының таусылу мүмкіндігі жайлы, сонымен бірге басқа да жер ресурстарының - темір жəне мыс рудаларының, никельдің, марганецтің, алюминийдің, хромның жəне т.б. азайып бара жатқандығы жөнінде жиі ескертеді. Əлемде шикізаттың шығатын жерінің өнімділігі төмен немесе күрделі табиғи жағдайда қиын жерлерден алуға өтудің тенденциясы байқалады, ол шикізатты қатты қымбаттатады. Мұның барлығы қорды жинақтау саясатын дайындау мен екінші қосымша шикізатты қолданудың қажеттілігіне əкеледі. Дүниежүзілік мұхит мəселесі. Бұл Мұхиттың қатерлі ластану, оның 99 биологиялық өнімділігінің төмендеуі, бай минералды жəне энергетикалық ресурстарды игеру, ресурстарды əділ бөлу, тарату мəселелері. Дүниежүзілік қауымдастықтың жаһандық мəселелерін шешу халықаралық ынтымақтастықты талап етеді. Жаһандық мəселелерді шешу бойынша іс-əрекеттер ұлттық қызығушылықтарды əлемдікпен «қанаттастыруға» тура келіп отырған кезде, дүниежүзілік саясаттың барлық субъектілері арасындағы өзара əрекет пен күрестің қиын жағдайларында жүзеге асырылып жатыр. Осыған орай жаһандық сипаттағы түрлі мəселелерді шешу жолында нəтиженің түрлі деңгейіне қол жетті. Жетістіктің біразы дүниежүзілік соғыс қаупін төмендету мəселесін шешудегі қол жеткізгендері, себебі мұнда барлық мемлекеттердің базалық ұлттық қызығушылықтары сəйкес келеді. Өз кезегінде ғаламшардағы бейбітшілікті нығайту басқа жаһандық мəселелерді шешуге атсалысады. 3 Қазақстанның сыртқы саяси бағдарлары Əлемдік тəртіпті қалыптастырудың геосаяси үлгілері туралы. XXI ғасырда əлем қандай болмақ? АҚШ президенті Б. Клинтон, АҚШ Конгресінде сөйлеген сөзінде XXI ғасыр - ол Американың ғасыры екендігін айтқан. ГФР экс-канцлері Г. Коль XXI ғасырда дүниежүзілік қауымдастықтың дамуын үш орталық - АҚШ, Германия мен Жапония басшылығымен Біріккен Европа - анықтайтын болады деп айтқан болатын. Жапонияның бүрынғы премьер-министрі Накасонэ əлемдік дамуды тоғыз орталық, яғни капитализмнің жеті дамыған елдері, Ресей жəне Қытай анықтайды деп жазды. Кейбір саясаттанушылардың ойынша, XXI ғасыр екі ірі держава - АҚШ пен Қытайдың бір-біріне қарсы күрес ғасыры болады. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев бейбітшілікке, қоғамдық өмірдің барлық аумақтарындағы ынтымақтастыққа негізделетін полицентризмді қолдап, өз пікірін білдірді. Бұлар мемлекеттердің жетекшілерінің, саясат қайраткерлерінің болжамдары. Халықаралық қатынастар саласындағы мамандар да өз болжамдарын білдірді, олардың болжамдары жоғарыда айтылғандардан қаншалықты айырмашылықтары бар екен? Дүниежүзілік тəртіпті қалыптастырудың бірінші үлгісі - əлем бірполюсті-авторитарлы үлгі ретінде болады, онда АҚШ өзіндік ұлттық қызығушылықтары мен өзіндік дүниетанымын негізге ала отырып, өз еркімен жəне мəжбүрлі түрде «дүниежүзінің құрылысымен» шұғылдана бастайды. Екінші үлгі - биполярлы коллизиондық, онда АҚШ пен Қытай жетекші рөлді атқарады. Үшіншісі - көпполюсті əлем - түрлі елдердің, ең алдымен саяси ықпалды жəне мықты орталықтардың қызығушылықтарын есепке алатын тенденциямен байланысты конфронтациондық емес демократиялық жүйе. 100 Қазіргі кезде неғұрлым ықтимал жəне перспективті болып көпполюсті əлемнің үшінші үлгісі көрінеді, оның жүзеге асуыдүниежүзілік геосаяси дамудың алғашқы екі нұсқасының ықпалымен жүретіні түсінікті. Дүниежүзілік қауымдастықта Қазақстан қандай орынды иеленеді, біздің еліміздің сыртқы саясатының мақсаттары мен принциптері қандай? 1991 жылы Қазақстан халықаралық қатынастардың егеменді, жеке дара субъектісі ретінде көрінді. Дегенмен тəуелсіздікті жариялау мен егемендікке қол жеткізу көптеген мəселелерді шешуді білдірді. Қазақстан дүниежүзілік саясаттың эпицентрінде тұрды, сондықтан оған ерекше назар аударылды. Осының барлығының негізі болды, бəрінен бұрын, үлкен территория, керемет табиғи байлықтар, халықтың полиэтникалық құрамы, бұрынғы КСРО-ның ядролық потенциалының қомақты үлесі. Қазіргі кезеңде Қазақстанның тəуелсіздігін 120-дан аса мемлекеттер мойындап отыр, олардың көбісімен дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылған, 50-ден аса шетелдік елшіліктер, 20-дан аса халықаралық жəне ұлттық ұйымдардың өкілдіктері қызмет етеді, Республика БҰҰ мүше болды. Қазақстанның сыртқы саяси бағыты беделді халықаралық ұйымдар мен форумдардың бірқатар құжаттарында, жекелеп алғанда, БҰҰ Жарғысында, 1970 жылғы халықаралық құқық принциптері туралы декларацияда, 1975 жылғы Европадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық бойынша Жиналыстың қорытынды актісінде бекітілген халықаралық қатынастардың негізгі принциптерін сақтауға бағдарланған. Құжаттарды талдау халықаралық актілерде мəселе он қағида туралы екендігін дəлелдейді: Егеменді теңдік қағидасы: Басқа мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау қағидасы. Халықаралық ынтымақтастық қағидасы. Халықаралық міндеттемелерді адал орындау қағидасы. Күш қолданбау жəне қоқан-лоқы көрсетпеу қағидасы. Шекаралардың бұзылмауы қағидасы. Мемлекеттердің территориялық бүтіндігі қағидасы. Халықаралық дау-дамайларды бейбіт жолмен шешу қағидасы. Ұлттар мен халықтардың өзін өзі анықтауы қағидасы. Адам құқығы мен басты еркіндіктерін құрметтеу қағидасы. Қазақстанның сыртқы саясатының басты бағыттары Н. Назарбаевтың «Қазақстанның егеменді мемлекет ретіндеқалыптасуы мен дамуының стратегиясы» атты еңбегінде анықталған: «ТМД», «АТР» (Азия үштігі), «Азиаттық», «Европалық», «Американдық». Қазақстанның сыртқы саяси бағыты кез келген басқа мемлекеттердегідей, ұлттық қызығушылықтарға негізделеді. Геосаяси жағдайға, экономикаға, əскери потенциалға, этносаяси құрамға орай, біздің еліміз дүниежүзілік дипломатияда қабылданған саяси құралдарға сүйенеді. Осы орайда стратегиялық бағыт болып территориялық жағынан жақын «көршіміз» Ресеймен өзара қарым-қатынасымыз табылады, бұл мемлекетпен қызығушылықтарымыз да көп жағынан сəйкес келеді жəне қарым-қатынасымыз 101 екі елдің даму тарихы кезінен қалыптасқан. Теңқұқылы жəне сенімді қарым-қатынастарды дамыту мен нығайту Қазақстанның тəуелсіздігі мен территориялық бүтіндігін қамтамасыз етудің маңызды шарты болып табылады. Қазақстан орта-азиялық мемлекеттермен интеграциялық процестерді белсенді түрде жүзеге асырып келеді. Жанар-жағар май-энергетикалық кешенге бірігу аймақтағы барлық мемлекеттерді жанар-жағар майдың барлық түрлерімен толық қамтамасыз етуге жағдай жасайды, сонымен қатар табиғи шикізат пен біріккен инвестиция негізінде еркін бəсекелі өнімді өндіруді ұйымдастыруға мүмкіндік беретін, сенімді экспорттық жəне жинақталған өндірістік потенциал пайда болады. «АТР» (Азия үштігі) бағыты - ол Пекин - Сеул - Токио Оңтүстік-Шығыс Азияның басқа елдеріне шығу. Оның маңыздылығы ол алғы шептегі технология елдері екендігімен анықталады, олар ірі көлемді инвестиция мүмкіндігімен несие көздерін білдіреді. Осы аймақ болашақта біздің өнімнің жəне Қазақстандағы бірқатар жобаларды жүзеге асыру үшін жұмысшы күштерді тартудың өткізу нарығы болуы мүмкін. «Азиялық» бағыт Түркиямен, Иранмен, Үндістанмен, Пакистанмен жəне Азияның басқа да мемлекеттерімен ынтымақтастықты көздейді. Азиялық саясатта басым орынды қауіпсіздік мəселесі иеленеді. Осыған байланысты Қазақстанның Азиядағы сенім шегі мен өзара əрекет мəселесі бойынша Кеңесуге шақыру туралы инициативасы нақты саяси контурға ие болады жəне халықаралық өмірдің шынайы факторына айналуда. «Европалық» бағыт стратегиялық болып табылады. Бұл, ең алдымен, Европаның əлемдегі ірі саяси, экономикалық жəне мəдени орталықтарының бірі болып табылатындығымен жəне Қазақстан Азия мен Европаның арасында орналаса отырып, европалық мемлекеттерді үміт күттіретін серіктестер ретінде қарастыратындығымен негізделеді. Европалық Одақпен ынтымақтастық инфрақұрылымды жəне мамандарды оқытуды дамыту мақсатында несиелер, техникалық көмек алу мүмкіндігін береді. «Американдық» бағытты сондай-ақ стратегиялық ретінде де қарастыруға болады. Қазақстан-американдық қатынастар саясат жəне экономика аумағында серіктестік деңгейіне шықты. Сауда - экономикалық ынтымақтастық саласында бірқатар келісімшарттарға қол қойылды, атап айтсақ, Қазақстан АҚШ саудасында елдің неғұрлым қолайлы жағдай мəртебесіне ие болған Сауда келісімі. Осылайша, Қазақстанның сыртқы саясаты қалыптасу кезеңінен сəтті өтіп, жаңа тарихи жағдайлардағы мемлекеттік саясаттың бөлінбейтін элементі ретінде нық орнықты. Қазақстанның əлемдік қоғамдастықтағы орны мен дүниежүзілік саяси процестегі оның рөліне қатысты жоғарыда қойылған сұраққа жауап беретін болсақ, біздің президенттің Қазақстан əлемдегі геосаяси жəне геоэкономикалық тенденцияларға ықпал ете алатын, ірі аймақтық держава мəртебесіне таласа алады деген пікірімен келісуге толық негіз бар. |