Главная страница
Навигация по странице:

  • Экологиялық менеджмент

  • Экологиялық басқару Экологиялық менеджмент

  • Экологиялық басқару

  • Экологиялық менеджмент

  • Экономиканы экологизациялау дегеніміз

  • Экологиялық менеджменттің міндеттері

  • Экологиялық менеджменттің әдістері

  • №5_Дәріс_Экологиялық_менеджмент. Дрісті таырыбы 5 Экологиялы менеджментке кіріспе. Сабаты жоспары


    Скачать 25.25 Kb.
    НазваниеДрісті таырыбы 5 Экологиялы менеджментке кіріспе. Сабаты жоспары
    АнкорДәріс
    Дата19.10.2022
    Размер25.25 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла№5_Дәріс_Экологиялық_менеджмент.docx
    ТипДокументы
    #741669

    Дәрістің тақырыбы №5: Экологиялық менеджментке кіріспе.
    Сабақтың жоспары:

    1. Экологиялық менеджмент түсінігі және оның мәні

    2. Экологиялық менеджменттің міндеттері мен принциптері

    3. Экологиялық менеджменттің әдістері


    1. Экологиялық менеджмент түсінігі және оның мәні

    Ғылыми-техникалық прогрестің дамуымен бірге адам қоршаған табиғатты тамашалап қана қоймай, оның байлығын дүниежүзілік экологиялық апатқа әкелетінднй масштабта қолдана бастады. Табиғи және әлеуметтік-табиғи экожүйелердің құрылымы мен жұмыс істеу шарттарын бұзу барған сайын әртүрлі әлеуметтік-экономикалық зардаптарға соқтыра бастады.

    Адамзат үнемі шиеленісіп келе жатқан қайшылықтарға тап болады, яғни адамзаттың қажеттіліктері күннен – күнге өсіп келеді, ал биосфера өзінің тұрақтылғын сақтап, адамзаттың мұқтаждықтарын қанағаттандыруға қабілетсіз болуда. Адамдардың іс-әрекеттерін басқаруда ұтымды тәжірибеге көшу қажеттілігі туындады, яғни қазіргі экологиялық мәселелерді терең ғылыми түсіну арқылы басқару.

    Егер биосфера өзінің тепе-теңдігі мен тұтастығын сақтай отырып өз бетінше басқаратын болса, қазір оған тән бұл міндет адамзат қоғамына толықтай бағытталды, оның өндірістік қызметінің жаңа бағытына айналды.

    Мұның бәрі адамның ғылыми және тәжірибелік қызметінде жаңа бағыттың, яғни «экологиялық менеджменттің» пайда болуына себепкер болды. Экологиялық менеджмент - адамдардың өсіп келе жатқан қажеттіліктері мен ғаламдық экожүйенің шектеулі мүмкіндіктері арасындағы қарама-қайшылықтарды ескеруге және жоюға, тұтыну деңгейлері, өндірісті дамыту және қоршаған орта факторлары арасындағы ұтымды байланысты анықтауға бағытталған.

    Осыған байланысты экологиялық менеджменттің тікелей міндеті: табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және биосфераның тұрақтылығын сақтап, қоршаған ортаға зиян келтірмей заманауи өндірісті басқару процесі болып табылады. Оны қарау, табиғатты пайдалану экономикасы, экологиялық маркетинг, экологиялық саясат пен ақпарат, экологиялық және корпоративтік мәдениет, ынталандыру, сондай-ақ қоғаммен өзара қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асырылады.

    «Экологиялық менеджмент» - термині ағылшын тілінен енген. Термин шетелде EMAS (Environmental Management and Audit System - экологиялық менеджмент және аудит жүйесі) жүйесі ретінде қолданылады және экологиялық менеджмент деп аударылған.

    Экологиялық менеджмент - бұл кез-келген экономикалық табысты, рационализацияның кез-келген жетістігін, тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін еңбек өнімділігінің кез-келген өсуін пайдалануды көздейтін постиндустриалды кезеңнің стратегиялық басқару тұжырымдамасының бөлігі. Экологиялық менеджмент басқару объектісінің биологиялық ерекшеліктерімен де, басқарушының әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктерімен де анықталатын табиғи процестерді экологиялық қауіпсіз басқару ретінде түсіндіріледі.

    Экологиялық менеджмент - табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау саласындағы іс-әрекеттерді кәсіби түрде жүзеге асыратын тәуелсіз бөлім, ол тиісті экономикалық механизмді пайдалану арқылы нарықтық жағдайда қоғамның тұрақты даму мақсаттарына жетуге бағытталған.

    Жалпы, экологиялық менеджменттің өндірістік экологиялық басқарудың дәстүрлі формаларынан, айырмашылығын анықтайтын маңызды белгілер бар, мысалы:

    Кәсіпорын басшылығының жария түрде декларацияланатын экологиялық қызметтің негізгі қағидаттарын, басымдықтары мен бағыттарын экологиялық саясатты негіздеуі және саналы қабылдауы;

    Іс жүзінде қол жеткізуге болатын барлық жерде дәйекті жақсарту процестерін дамытуға бағытталған нақты экологиялық мақсаттар мен міндеттердің болуы;

    Мақсаттар мен міндеттерге сәйкес экологиялық қызметті тиімді жоспарлау және ұйымдастыру; негізгі өндірістік және табиғатты қорғау қызметі арасындағы байланыс;

    Барлық қызметкерлерді табиғатты қорғау шараларына тарту; экологиялық проблемаларды шешу үшін барлық қолда бар мүмкіндіктер мен құралдарды барынша пайдалану;

    Экологиялық «ашықтық (прозрачность)»; қызметтің экологиялық аспектілеріне мүдделі барлық тұлғалармен және тараптармен, акционерлермен, инвесторлармен, серіктестермен, тұтынушылармен, жеткізушілермен, халықпен, тұрғындармен қатынастар мен конструктивті диалогты дамыту.

    ISO 14001: 1996-да аударылған құжаттарда «экологиялық менеджмент» термині «экологиялық басқару» терминімен ауыстырылды. Сонымен қатар, осы ұғымдар үшін бірқатар маңызды айырмашылықтарды ажыратуға болады (1 кесте).
    1 Кесте - «Экологиялық менеджмент» және «экологиялық басқару» түсініктеріндегі айырмашылықтар:

    Экологиялық басқару

    Экологиялық менеджмент

    Мемлекеттік билік органдары мен экономикалық субъектілер жүзеге асырады

    Оны тек экономикалық субъектілер жүзеге асырады

    Табиғат қорғау заңнамасының талаптарымен айқындалатын сырттай дәлелді қызмет

    Ең алдымен, экотиімділік және экотәуелділік қағидаттарымен айқындалатын ішкі уәжді (мотивированный) қызмет

    Өз негізіндегі міндетті қызмет

    Өз негізінде бастамашыл және ерікті қызмет

    Қызмет - қызметтік міндеттер мен нұсқаулықтар шеңберінде жүзеге асырылады

    Қызмет түрлері менеджердің жеке қызығушылығына байланысты және оның біліктілігімен, тәжірибесімен және өнерімен анықталады.

    Нәтижеге қарағанда басқару процесінің басымдығы. Теріс нәтижелерді елемеу

    Жетістікке жетелейтін процестергегі менеджмент нәтижелерінің басымдылығы. Теріс нәтижелерді белсенді пайдалану

    Тиімді әрекеттерді имитациялау мен фальсификациялаудың салыстырмалы жеңілдігі

    Тиімді қызметті имитациялау және бұрмалаудың практикалық мүмкін еместігі



    Сонымен, жоғарыда келтірілген айырмашылықтарды ескеріп экологиялық менеджмент және экологиялық басқару түсініктеріне мынандай анықтама беруге болады:

    Экологиялық басқару - бұл мемлекеттік органдар мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің, негізінен экологиялық заңнаманың міндетті талаптарын орындауға, сондай-ақ тиісті мақсаттарды, жобалар мен бағдарламаларды әзірлеуге және жүзеге асыруға бағытталған қызмет.

    Экологиялық менеджмент - бұл экономикалық субъектілердің өздерінің экологиялық мақсаттарына қол жеткізуге және экологиялық тиімділік пен экологиялық әділеттілік принциптері негізінде әзірленген жобалар мен бағдарламаларды іске асыруға бағытталған белсенді және тиімді қызмет.

    Экологиялық менеджменттің басты мақсаты - қоршаған ортаның сапасын жақсарту, экологиялық дағдарыстар мен апаттардың ықтималдығын барынша азайту.

    Кез-келген кәсіпорын қоршаған ортаның ластануы мен деградациясына әсер ететін, адамның экономикалық қызметіндегі бірінші және маңызды элемент ретінде әрекет етеді. Бұл жағымсыз әсерді барынша азайту үшін экономиканы экологизациялау қажет.

    Экономиканы экологизациялау дегеніміз - қоршаған ортаға экологиялық жүктемені азайтуға бағытталған басқарушылық, технологиялық, қаржылық және экономикалық шаралар жиынтығы. Сонымен бірге, бұл іс-шаралар белгілі бір қызмет саласына тән принциптерге сүйене отырып және тиісті әдістерді қолдана отырып, қолданыстағы өндіріс шеңберінде жүзеге асырылуы керек екенін ескеру маңызды.

    Экологиялық менеджменттің принциптері:

    а) ұйымның өндірістік қызметінің экологиялық ерекшеліктерін ескеру;

    ә) экологиялық даму мәселелерін уақытылы шешу;

    в) қоршаған ортаны қорғаудың бағыттылығы мен басымдылық

    мәселелері;

    г) кәсіби басқару және барлық басқару шешімдерінің экологиялық салдары үшін жауапкершілік;

    д) экологиялық даму мәселелерін шешуде дәйектілік (сабақтастық, кезең-кезеңімен);

    е) экологиялық менеджментті жалпы кәсіпорынды басқару жүйесіне интеграциялау;

    ж) экологиялық сана мен экономикалық уәждеме мотивация.
    Экологиялық менеджменттің міндеттері:

    Энергия тұтынуды тиімді басқаруды ескере отырып, озық технологияларды қолдана, экологиялық таза өндірістік процестерді әзірлеу, жобалау және ұтымды ұйымдастыру.

    Әр түрлі факторлардың қоршаған ортаға әсерін алдын-ала бағалау, барлық кезеңдерде өнімдер мен қызметтер өндірісінің экологиялық сараптамасы. Барлық салалардың экологиялық үйлесімділігін қамтамасыз ету.

    Қалдықсыз және аз қалдықты технологияларды құру және енгізу

    қоршаған ортаға минималды зиян келтіріп максималды нәтижелерге қол жеткізу.

    Экологиялық таза және қауіпсіз тауарлар өндірісін ұйымдастыру, қоршаған ортаға минималды зиянды әсер ететін қызметтерді ұсыну. Өнімдерді өндіру, тұтыну және жою процесінде табиғатқа жағымсыз антропогендік әсердің алдын алу.

    Жеткізушілердің қоршаған ортаға деген көзқарасын қалыптасыру, жеткізілетін ресурстарға қатысты сақтықты ескере отырып таңдау, яғни өсімдік материалдары, сондай-ақ қауіп төніп тұрған немесе экологиялық қолайсыз жерлерден әкелінген жануарлардың жүні мен етінен аулақ болу, тұтынушылардың сана-сезімі мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметкерлерді насихаттау.

    Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерін мемлекеттің немесе компанияның стратегиялық басымдықтарының қатарына қосу.

    Экологиялық шектеулерді өндірістік қызметтің өсуіне жаңа мүмкіндіктерге қайта бағыттау.
    Экологиялық менеджменттің әдістері

    Пікірлерді анықтау әдістері (сарапшы, сауалнама)

    Жағдайды талдау әдістері (жүйелік талдау және математикалық модельдеу, экономикалық талдау)

    Шешімдер мен жағдайларды бағалау әдістері (өндірістің ұйымдастырушылық-техникалық деңгейін бағалау, экологиялық тиімділікті бағалау, экологиялық тәуекелді бағалау)

    Аргумент әдісі (презентация, келіссөз әдісі)

    Көрнекі презентация әдістері (графикалық модельдеу, нұсқау беру).


    написать администратору сайта