Главная страница
Навигация по странице:

  • Сынып Мектеп Президенттігіне үміткерлердің тегі , аты

  • Президенттігіне үміткерлер үшін берілетін лауазым

  • Мектептегі сайлау комиссиясының төрағасы : директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: З. Шомит Ғ. Жанабек Комиссия хатшысы

  • «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі «Ұланбасы» сайлауы туралы ЕРЕЖЕ 20 2 2

  • 2 бөлім. Сайлау органдары

  • 3 бөлім. Сайлау бөлімшелері

  • 4 бөлім. Сайлау күнін белгілеу, үміткерлерді тағайындау

  • 5 бөлім. Сайлауалды ақпараттық насихат жұмысы

  • 7 бөлім. Дауыс беру нәтижелерін анықтау

  • Ұланбасы сайлау ережесі. Е. Машев атындаы жоббм кмм мектеп Президентін сайлаудаы дауыс беру нтижелері туралы Мектепті сайлау комиссиясыны Хаттамасы


    Скачать 1.95 Mb.
    НазваниеЕ. Машев атындаы жоббм кмм мектеп Президентін сайлаудаы дауыс беру нтижелері туралы Мектепті сайлау комиссиясыны Хаттамасы
    Дата09.02.2023
    Размер1.95 Mb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаҰланбасы сайлау ережесі.doc
    ТипДокументы
    #927970



    «Е. Мұқашев атындағы ЖОББМ » КММ

    Мектеп Президентін сайлаудағы дауыс беру нәтижелері туралы

    Мектептің сайлау комиссиясының

    Хаттамасы
    Дауыстарды санау нәтижесінде Мектептің сайлау комиссиясы

    АНЫҚТАДЫ:

    1/ Мектеп сайлаушылардың жалпы саны_____________________________
    2/ Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың жалпы саны___________________

    Олардың ішінде дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс дауыс берген сайлаушылар саны__________________________________________________
    3/ Жойылған бюллетендер саны_______________________________________
    4/ Жарамсыз деп танылған сайлау бюллетендерінің саны__________________

    5/ Мектеп Президенттігіне кандидаттар үшін берілген дауыстар:



    Президенттігіне_үміткерлердің_тегі_,_аты'>Сынып

    Мектеп Президенттігіне үміткерлердің тегі, аты

    Мектеп Президенттігіне үміткерлер үшін берілген дауыстар

    саны / %

    Мектеп Президенттігіне үміткерлер үшін берілетін лауазым

    1.

    7 а

    Каримова Айзада







    2.

    8 а

    Бейсенбаева Сұлужан







    3.

    8 б

    Калиниченко Алина







    4.

    9 а

    Дулатова Дария







    5.

    9 б

    Руденко Ангелина







    6.

    9 б

    Комашева Аяулым









    Мектептегі сайлау комиссиясының төрағасы:

    Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: З. Шомит

    Ғ. Жанабек

    Психолог: А. Кульсаринова

    Комиссия хатшысы : М. Тусупова
    «Е. Мұқашев атындағы ЖОББМ» КММ

    Мектеп сайлау комиссиясының

    2022 жылғы

    ШЕШІМІ

    Мектеп Президенті сайлауының қорытындылары туралы

    2022 жылғы ____қыркүйектегі мектеп Президентін сайлаудағы дауыс беру қорытындылары туралы хаттаманың негізінде Мектептің сайлау комиссиясы

    ШЕШТІ:

    1/ 2022 жылғы қыркүйекте өткен мектеп Президентін сайлауы өтті және жарамды деп табылсын.

    2/ ________________________________ «Е. Мұқашев атындағы ЖОББМ» КММ-нің ___- сынып оқушысы _________________________________ мектеп Президенті болып сайланған деп есептелсін.

    Мектептегі сайлау комиссиясының төрағасы:

    директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: З. Шомит

    Ғ. Жанабек
    Комиссия хатшысы: М.Тусупова

    «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі


    «Ұланбасы» сайлауы туралы

    ЕРЕЖЕ

    2022

    1 бөлім. Жалпы ережелер
    Берілген ереже Қазақстан Республикасы мектептерінде «Ұланбасыны» сайлау жұмысын ұйымдастыру мен өткізуге байланысты іс-шараларды реттейді.

    «Ұланбасы» - «Жас Ұлан» көшбасшысы, оқушылардың өзін-өзі басқару органының жетекшісі болып есептеледі, мектеп оқушыларының қоғамдық қызметін басқарады, оқушылар мен мектеп әкімшілігінің өзара қатынастарын жүзеге асырады, мектеп қызметін жақсарту мақсатында өзінің және оқушылардың атынан ұсыныстар енгізеді, оқушылар мен ұстаздар арасында туындаған мәселелерді шешуге атсалысады, түрлі әлеуметтік жобалар мен шараларды ұйымдастырады.

    Мектептердегі «Ұланбасы» сайлауы жасырын дауыс беру арқылы жалпыға ортақ, бірдей және тікелей сайлау құқығын негізге ала отырып өткізіледі.

    2 бөлім. Сайлау органдары

    1. «Ұланбасы» сайлауын ұйымдастыруды дайындайтын және өткізетін сайлау органы болып мектептегі сайлау комиссиялары есептеледі. Бұл сайлау комиссиялары тиісті мектептерде «Ұланбасы» сайлауын ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етеді.

    2. Мектептегі сайлау комиссиясының құзыреттілік мерзімі: сайлау өткізілу уақыты.

    3. Мектептегі сайлау комиссиясы құрамына 5 адам кірген «Жас Ұланның» мектептегі кеңесі арқылы тағайындалады.

    4. Мектептегі сайлау комиссиясының мүшелері мектептердің өкілдері, «Жас Ұланның» мүшелері болып табылады.

    5. Сайлау комиссиясының мүшесі бола алмайды:

    1) «Ұланбасы» болуға үміткер;

    2) «Ұланбасы» болуға үміткердің сенімді адамдары;

    3) «Ұланбасы» болуға үміткердің жақын туыстары.


    3 бөлім. Сайлау бөлімшелері
    Дауыс беруді өткізу мен дауыстарды есептеу үшін «Жас Ұланның» мектеп кеңесі оқу орындарының әкімшілігімен келісе отырып мектептік сайлау бөлімшелерін дайындайды.
    4 бөлім. Сайлау күнін белгілеу, үміткерлерді тағайындау

    1. Қазақстанның барлық мектептерінде «Ұланбасы» сайлау мектепішілік оқу үрдістен тыс қыркүйек айының үшінші аптасына дейін өткізілуі тиіс.

    2. Сайлау күні туралы хабарлама оқушыларға алдын ала ескертілуі қажет.

    3. 8-10 сынып оқушылары «Ұланбасы» бола алады.

    4. Үміткерді тіркеу келесі құжаттар арқылы өткізіледі:

    1) мектептік сайлау округі бойынша сайлануға үміткер өтініші;

    2) үміткердің өмірбаяны;

    3) ұстаздар, сынып жетекшісінен, достарынан мінездемелер (3-тен кем емес);

    5. «Ұланбасы» болуға үміткерлердің саны шектелмеген.


    5 бөлім. Сайлауалды ақпараттық насихат жұмысы

    1. Сайлауалды ақпараттық насихат жұмысы келесі бағыттарда іске асырылады:

    - көпшілікке арналған сайлауалды шаралар өткізу арқылы (сайлауалды жиналыстар, көпшілік алдында сайлауалды пікірталастар ұйымдастыру);

    - ақпараттық материалдар басып шығару және тарату арқылы.

    2. Үміткерлер өзінің болашақ әрекеті туралы сайлауалды бағдарламаларымен таныстырады.

    3. Сайлау күні кез-келген сайлауалды ақпараттық-насихат жұмысы тоқтатылады.

    4. Үміткерлердің сайлау компаниясын жүргізуіне көмектесетін, сайлауалды ақпараттық насихат жұмыстарын өткізетін, үміткердің қызығушылықтарын қорғайтын сенімді адамдары болуға, ақпараттық-насихаттау тобын құруға құқығы бар (саны шектелмеген).
    6 бөлім. Дауыс беру тәртібі

    1. Дауыс беру үміткердің сайлау алды бағдарламасынан кейін сайлау күні өткізіледі.

    2. Әр сайлаушы жеке дауыс береді.

    3. Сайлаушылар 5-11 сынып оқушылары.


    7 бөлім. Дауыс беру нәтижелерін анықтау
    1. Дауыстарды есептеу сайлау комиссиясының мүшелерімен үзіліссіз дауыс беру нәтижелерін анықтағанға дейін жүргізіледі.

    2. Әр үміткерге берілген дауыстар жеке саналады.

    3. Сайлау жәшігі ашылғаннан кейін сайлау комиссиясы бюллетендер саны бойынша мыналарды анықтайды:

    1) дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың жалпы саны;

    2) әр үміткерге берілген дауыс саны;

    3) жарамсыз деп танылған бюллетендер саны.

    4. Дауыстарды есептеу нәтижесі сайлау комиссиясымен тексеріліп, сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелері қол қоятын хаттамаға тіркеледі.

    5. Сайлау қорытындысы мектеп стендінде және мектепішілік баспасөзде жарияланады.

    6. Ең көп дауыс жинаған үміткер «Ұланбасы» болып саналады.

    Мектепішілік Парламентке өтінімдер қабылдау үшін хабарландыру



    Мектеп Президентіне үміткер оқушылардың бағдарламасы




    Мектеп Президентіне үміткер оқушылардың бағдарламасы



    Мектеп Президентіне үміткер оқушылардың бағдарламасы


    Е. Мұқашев атындығы ЖОББМ мектеп Президентін сайлау өткізілді. Мектеп Президентіне 6 үміткер қатысты.
    1. Дулатова Дария 9 А
    2. Руденко Ангелина 9 Б
    3. Комашева Аяулым 9 Б
    4. Бейсенбаева Сұлужан 8 А
    5. Калиниченко Алина 8 Б
    6. Каримова Айзада 7 А
    Мектеп мұғалімдері мен оқушылары сайлауға белсене қатысты. Сайлау қорытындысы 27.09.2022 күні жарияланады.
    Үміткерлерге сәттілік!!!


    Білім және ғылым министрлігінің білім беру қаулысында 2020-2050 жылдығына арнап мемлекет бағдарламасы негізінде білім беру ұйымдарында «Мектеп Парламент» өзін-өзі басқару органдарын дамыту тұжырымдамасы негізінде білім беру ұйымдарында «Мектеп Парламенті» ұйымы ашылуы тиіс болды.
    Парламенті негізі мақсаты: білім алушылардың бойында азаматтық белсенділік, әлеуметтік шығармашылыққа қабілетті, өзінің жеке басын қоғам мен мемлекетті жетілдіру мүддесінде әрекет ете алатын жоғары мәдениетті,гуманистік бағыттағы тұлғаны даярлау.
    Мектебімізде 26 қыркүйек күні Мектеп Парламенті ұйымына президент сайлауы өтті. Сайлауға 7-9 сынып арасында әр сыныптан 2 үздік оқушы ұсынылып, 6 үміткер таңдалып алынып, сайлауға түскен болатын.
    Үміткерлер:
    1.Каримова Айзада 7 «А»
    2.Бейсенбаева Сұлужан 8 «А»
    3.Калиниченко Алина 8 «Б»
    4.Дулатова Дария 9 «А»
    5.Комашева Аяулым 9 «Б»
    6.Руденко Ангелина 9 «Б»
    26 қыркүйек күні дауыс беру нәтижесінде Комашева Аяулым 9 «Б» сынып оқушысы басым дауыспен мектеміздің президенті сайланды.Қалған үміткерлермен белсенді оқушылар Парламенттің 8 фракция мүшесіне сайланды.
    1.Құқық фракциясы Дулатова Дария 9 А
    2.Ақпарат фракциясы Каримова Айзада 7 А
    3.Спорт фракциясы Хациева Радима 8 Б
    4.Бақыт фракциясы Калиниченко Алина 8 Б
    5.Қамқорлық фракциясы Бейсенбаева Сұлужан 8 А
    6.Мәдениет фракциясы Руденко Ангелина 9 Б
    7.Дебат фракциясы Болатова Меруерт 8 А
    8.Экология және еңбек фракциясы Рамазанова Анэля 7 Б
    Мектеп Парламентіне алдағы жұмыстарына сәттілік тілейміз.



    Мектеп парламентінің жиналысы




    написать администратору сайта