Главная страница

ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ СТАНДАРТТАРЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ. ТЕРМИНДЕР ЖӘНЕ АНЫҚТАМАЛАР. ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ СТАНДАРТТАРЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ. ТЕРМИНДЕР ЖӘНЕ АНЫҚТА. Ебек ауіпсіздігі стандарттарыны


Скачать 33.83 Kb.
НазваниеЕбек ауіпсіздігі стандарттарыны
АнкорЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ СТАНДАРТТАРЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ. ТЕРМИНДЕР ЖӘНЕ АНЫҚТАМАЛАР
Дата23.11.2021
Размер33.83 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ СТАНДАРТТАРЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ. ТЕРМИНДЕР ЖӘНЕ АНЫҚТА.docx
ТипДокументы
#279653

1.2. ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ СТАНДАРТТАРЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ. ТЕРМИНДЕР ЖӘНЕ АНЫҚТАМАЛАР




Еңбекті қорғауды басқару жүйелеріне қойылатын талаптар Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) əлеуметтік-еңбек қатынасының үш жақты өкілдерімен жəне басқа да қызығушылық танытқан ұйымдар арқылы анықталған көпшілік мойындаған халықаралық қағидаларына сəйкес кең ауқымды тəсілдеме негізінде жасалған. Ол үш жақты тəсілдеме мəдениеттің тұрақты дамуы мен ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі үшін күш, икемділік жəне жүйенің тиісті негізін бағамдайды. Еңбекті қорғауды басқару жүйелеріне ерікті қабылданатын талаптар жұмыскерлердің қауіпсіздігі мен денсаулықтарын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ХЕҰ-ның құндылықтары мен амалдарын көрсетеді.

Техникалық реттеу мен метрология бойынша (Ростехреттеу, 2011 жылдың маусымынан бастап Рос-стандарт) Федералды агенттік бұйрығымен 12.0.230-2007 «Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Еңбекті қорғауды басқарудың жүйесі. Жалпы талаптар» 10 шілде 2007 ж. №169 мемлекетаралық ИСО стандарты 2009 жылдың 1-шілдесінен бастап, Ресей Федерациясының ұлттық стандарты ретінде іске қосылды. Аталмыш стандартта қолданылатын терминдер мен сəйкесінше анықтамалары келтірілген.

Еңбектіқорғаукомитеті(комиссиясы)(safetyandhealthcommittee) құрамына жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің өкілдері кіретін жəне ұлттық заңдар, ережелер жəне тəжірибелерге сəйкес ұйым деңгейінде құрылып, қызмет жасайтын комитет.

Өндірістікортаныбақылау(surveillanceoftheworkingenvironment) жұмыскерлердің денсаулығына əсер етуі мүмкін өндірістік орта мен еңбек барысының факторларын анықтау жəне бағалау.

Е с к е р т п е . Бұл үдеріске жұмыскерлердің денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін, сондай-ақ жұмыскерлерге қауіпті жəне зиян өндірістік факторлар мен сол əсерлерді жою үшін жасалған қорғаныс жүйелерінің əсер етуі мүмкін еңбек шартының санитарлық-гигиеналық бағалауын, еңбекті ұйымдастыру мен жұмыс орнындағы əлеуметтік-психологиялық факторлар жатады.
Жұмыскерлердің денсаулық жайларын бақылау (workers'healthsurveillance) — нормадан ауытқушылықтарды табу жəне анықтау үшін жасалатын жұмыскерлердің денсаулық жайларын емдеу шаралары жəне зерттеулер.

Е с к е р т п е . Бұл бақылаулардың нəтижесі жеке жұмыскерлермен қатар, жұмыскерлер тобын жұмыс орнында, сондай-ақ зиянды жəне қауіпті өндірістік факторлардың əсеріне душар етілетін жұмыскерлерді қорғау мен сауықтыру үшін пайдаланылуы керек. Жұмыскерлердің денсаулығын бақылау процедураларына медициналық тексерулер, биологиялық бақылаулар, рентгенологиялық зерттеулер, жұмыскерлердің денсаулық жайлары туралы жауап алулар немесе деректерді талдау жатады.

Қауіп(hazard) жарақаттар, асқынған аурулар немесе денсаулықтың кенеттен қатты нашарлауының себептері болуы мүмкін қоршаған орта мен еңбек үрдісінің факторлары. Сандық сипаттар мен əрекет ұзақтығына байланысты жұмыс ортасының бөлек факторлары қауіпті болуы мүмкін.

Қауіпті бағалау (risk assessment) — жұмыста бар қауіптер жəне олардың жұмыскерлер денсаулығының қауіпсіздігі мен сақталуына əсер етуін анықтаудан туындаған қауіптерді талдау үдерісі.

Жұмыскерлердіңөкілдері(workers'representative) ұлттық заңнамаға жəне қолда бар тəжірибеге негізделе осылай танылған кез келген тұлға.

Е с к е р т п е . Жұмыскерлердің өкілдері бола алады:

а) кəсіби одақтар немесе сондай кəсіподақтардың мүшелері тағайындаған немесе таңдаған тұлғалар;

б) ұлттық заңдар, ережелер немесе ұжымдық келісімдердің талаптарына сəйкес ұйым жұмыскерлері еркін таңдаған, сəйкесінше мемлекетте кəсіптік одақтардың тікелей айрықша құзіреті ретінде мойындалған тұлғалар.

Еңбектіқорғаубойыншажұмыскерлердіңөкілдері(workers'safety and health representative) — жұмыс орнында еңбекті қорғау бойынша жұмыскерлердің мүддесін ұсынатын ұлттық заңдар немесе қолда бар тəжірибеге сəйкес таңдалып немесе тағайындалған кез келген тұлғалар.

Тексеру (audit) — жүйелі, тəуелсіз, құжат түрінде рəсімделген орнатылған өлшемдерді алу үдерісі жəне ұстану дəрежесін əділ бағалау.

Е с к е р т п е . Термин міндетті түрде тəуелсіз сыртқы тексеруді білдірмейді (тексеруші немесе сырттан тексеруші жүргізетін).

Өндірістік телім (worksite) — жұмыс берушінің бақылауында болатын, жұмыскердің болуы тиіс немесе еңбек міндеттерін атқару үшін баруы тиіс негізгі аймақ.

Жұмыскер(worker) жұмыс берушімен еңбек қатынасына түскен жеке тұлға.

Жұмыс беруші (employer)— жұмыскермен еңбек қатынасына түскен жеке немесе заңды тұлға (мекеме).

Қатер (risk) — осы оқиға тудырған еңбек қызметі үдерісінде адам денсаулығына қауіпті жағдайлар мен ауыр жарақаттардың (немесе басқа да зақымдар) пайда болу мүмкіндігінің үйлесімі.

Діріл — адам денесіне басқа да қатты заттармен берілетін жəне оның денсаулығына зиян болып табылатын немесе қандай да бір басқа қатынаста қауіпті болып саналатын кез келген ауытқу (29 наурыз 1988 жылы бекітілген 8694 XI «Еңбектенушілерді ауаның ластануымен, жұмыс орындарындағы шу мен дірілден туындаған кəсіби қатерден қорғау туралы» ХЕҰ 148 Конвенциясының 3-бабы).

Зияндыеңбекжағдайлары жұмыс жасаушы ағзасы мен (немесе) оның ұрпағына жағымсыз əсер келтіретін зиянды өндірістік факторлардың болуымен сипатталатын еңбек жағдайы (Р басшылығы 2.2.2006—05).

Демалысуақыты жұмыскердің еңбек міндеттерінен босатылатын жəне өз қалауынша пайдаланатын уақыт аралығы (РФ ЕК).

Кепілдіктер олардың көмегімен жұмыскерлерге берілген əлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы (РФ ЕК) құқықтар жүзеге асатын амалдар, тəсілдер жəне жағдайлар.

Мемлекеттіксанитарлы-эпидемиологиялықережелерменнормативтер сақтамаған жағдайда адам өмірі мен денсаулығына қауіп, сондай-ақ ауыру жəне таратылу қаупін тудыратын (өзгертулер мен толықтырулар жасалған

«Тұрғындардың санитарлы-эпидемиологиялық саулығы жайлы»

№52-ФЗ 30 наурыз 1999 жылғы федералды заңы) санитарлы- эпидемиологиялық талаптарды орнатушы нормативті құқықтық актілер (соның ішінде адам үшін қоршаған орта факторларының қауіпсіздік жəне (немесе) залалсыздық өлшемдері, гигиеналық жəне өзге де нормативтер).

Еңбек тәртібі — РФ ЕК-ге, ұжымдық келісімге жəне ұйымның жергілікті нормативті актісіне сəйкес анықталған барлық жұмыскерлерге бірдей міндетті мінез-құлық ережесіне бағыну.

Жалақы — жұмыскердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың ауырлығына, мөлшеріне, сапасына жəне талабына байланысты берілетін сыйақы, сонымен қатар ынталандырушы сипатта берілетін өтемақы (РФ ЕК).

Денсаулық кеселдер мен физикалық ақаулардың жоқтығы ғана емес, толық физикалық, рухани, əлеуметтік саулық күйі (БДҰ – Бүкілəлемдік денсаулық сақтау ұйымы Жарғысының қосымшасы).

Еңбекті қорғауды басқарудың жүйесі (occupational safety andhealth management system) — еңбекті қорғау саласында саясат пен мақсаттар жəне сол мақсаттарға жету үшін жасалатын процедураларды орнататын өзара байланысты немесе өзара əрекет ететін элементтердің жинағы.

Ағымдағықадағалау(activemonitoring) қауіптер мен қатерлерді ескерту жəне азайту шараларын, сондай-ақ, орнатылған өлшемдер бойынша еңбекті қорғауды басқару жүйесі бойынша өтілетін шаралардың сəйкестігін қадағалаудың ағымдағы қызметі.

Жұмысқабайланыстыжарақаттар,денсаулықпенсырқаттыңнашарлауы(workrelated injuries, ill health and diseases) еңбек қызметі үдерісінде жұмыскер денсаулығына химиялық, биологиялық, физикалық, ұйымдастырушылық- техникалық, əлеуметтік-психологиялық жəне басқа да факторлардың кері əсер ету нəтижелері.

Еңбектіқорғау еңбек қызметі үдерісінде жұмыскерлердің өмірлері мен денсаулықтарын сақтау жүйесі. Оған құқықтық, əлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық-техникалық, санитарлық-гигиеналық, сауықтыру-профилактикалық, оңалту жəне басқа да іс-шаралар жатады.

Еңбек жағдайлары — жұмыскердің жұмысқа қабілеттілігі мен денсаулығына əсықпал ететін өндіріс ортасы мен еңбек үдерісі факторларының жиынтығы.

Зиянды өндірістік фактор — жұмыскерге тигізетін əсері оның сырқаттануына əкеліп соғуы мүмкін өндірістік фактор.

Қауіпті өндірістік фактор — жұмыскерге тигізетін əсері оның жарақаттануына əкеліп соғуы мүмкін өндірістік фактор.

Өндірістегіжазатайымоқиға еңбек міндеттерін немесе жұмыс басқарушылар тапсырмаларын орындауда жұмыскерге қауіпті өндірістік фактордың əсер ету жағдайы.

Рұқсат наряды (наряд) — белгіленген үлгідегі арнайы бланкіде рəсімделген жəне оның мазмұнын, орнын, басталу жəне аяқталу уақытын, қауіпсіз өткізу талаптарын, бригада құрамын, сондай-ақ осы жұмыстарды қауіпсіз орындауға жауапты жұмыскерлерді анықтайтын жұмысты өндіру тапсырмасы (МС 12.1.009 — 2009).

Сәйкессіздік тікелей не жанама түрде жазатайым оқиғаға, материалды шығынға, еңбек жағдайының нашарлауына немесе кəсіпорындардағы осы факторлардың əртүрлі үйлесімдеріне əкеп соғуы мүмкін стандарттардан, техникалық уақыт тəртіптерінен, қабылданған тəжірибеден немесе жұмысты орындау процедураларынан қандай да бір ауытқушылық (МС Р 12.0.006 — 2002).

Жазатайымоқиға кəсіпорын жұмыскерлерін өлім нəтижесіне, жарақатқа немесе ауруға əкеп соғатын жағымсыз оқиға (МС Р 12.0.006 — 2002).

Қауіптіаймақ жұмыс жасаушыға қауіпті жəне (немесе) зиянды өндіріс факторлары əсер етуі мүмкін кеңістік (МС 12.0.002

— 80).

Қауіп адамға əлеуетті түрде зиян келтіруі, денсаулығын нашарлауына əкеп соғуы, жеке меншігіне, өндіріс ортасына немесе осы факторлардың əртүрлі үйлесімдеріне шығын келтіруі мүмкін көздер немес жағдайлар (OHSAS 18001 : 2007 кəсіби қауіпсіздік жəне денсаулықты басқару жүйесі).

Өндірістікжайлар үнемі (ауысымдар бойынша) немесе мерзімді түрде адамдардың еңбек қызметі жүзеге асатын арнайы белгіленген ғимараттар мен құрылыстардағы жабық кеңістіктер.

Ресей Федерациясының санитарлық-эпидемиологиялық мөлшерленген мемлекеттік жүйесі федералды санитарлық ержелер, нормалар мен гигиеналық нормативтер, өндіріс ортасының физикалық факторлары, өндірістік жайлардың микроклиматына қойылатын гигиеналық талаптар, санитарлық ережелер мен нормалар (СанЕмН 2.2.4.548 — 96).

Оқиға — жазатайым жағдайға əкеп соғатын немесе əкеп соғуы мүмкін оқиға (МС Р 12.0.006 — 2002).
Зиянды өндірістік фактордың жол берілетін шекті деңгейі

  • барлық еңбек өтілі бойынша белгіленген ұзақтықтағы жұмысты орындауда жұмыс жасаушының жұмыс барысында немесе қазіргі жəне келер буындағы өмір мерзімдерінде жарақат, сырқат немесе денсаулығында қандай да бір ауытқушылық болуына əкеп соқтырмайтын фактор дəрежесі.

Кәсіптік сырқат — жұмыскерге зиянды өндіріс факторының ұзақ əсер етуінің нəтижесі.

Еңбек гигиенасы — жұмыс жасаушылардың ағзасына еңбек үдерістері мен еңбек жағдайларының əсерін танып білу жəне еңбек үдерісі мен жағдайын жақсарту мақсатындағы санитарлық- гигиеналық жəне сауықтыру-профилактикалық іс-шараларды жасау.

Өндірістік санитария — жұмыс жасаушыларға зиянды өндіріс факторларының əсерінің алдын алатын не азайтатын, сонымен қатар кəсіпорындарда еңбек гигиенасының нормалары мен талаптарының жүзеге асуын қамтамасыз ететін ұйымдастырушы, гигиеналық жəне санитралық-техникалық іс-шаралар мен амалдардың жүйесі.

Жұмысқақабілеттілік адамның белгіленген уақыт аралығында белгілі жұмыс мөлшерін орындау қабілетін сипаттайтын, ағзасының физиологиялық жəне психикалық


написать администратору сайта