Главная страница

Ебекаы тлеуді ашалай жне заттай нышандары бар


Скачать 19.56 Kb.
НазваниеЕбекаы тлеуді ашалай жне заттай нышандары бар
Дата14.10.2022
Размер19.56 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла1.docx
ТипДокументы
#733803

Қызметкер үшін еңбекақы  оның жеке  табысының  негізі және басты бөлігі  болып табылады,  сонымн қатар еңбекақы қызметкердің және оның жанұя мүшесіндегі адамдардың  әл ауқат деңгейін  жоғарылататын  құрал болып саналады. 
 Жұмыс беруші үшін  еңбекақы өндіріс шығындары  болып саналады. Жұмыс  беруші әсіресе бұйымның  кететің  шығындарды барынша азайтуға  тырысады.
 Еңбекақы кәсіпорын  қызметкерлері үшін  маңызды ынта және еңбек төлемінің  нышаны болып табылғандықтан ұдайы өндірістік және уәждемелік  қызмет  атқарады.
 Еңбекақы төлеудің  ақшалай және заттай  нышандары бар.
 Еңбекақы төлеу негізгі және қосымша түрлерге бөлінеді.
Негізгі еңбекақыға мынадай төлемдер жатады:
- мерзімділік, үдемелі және кесімді еңбекақы  төлеу кезінде орындалған  жұмыстың  сапасы және мөлшері үшін, пайдаланылған уақыт үшін  төлемдер;
- еңбектің  қалыпты жағдайынан  ауытқуымен  байланысты  төлемдер,  яғни мерзімнен тыс жұмыстар үшін, түнгі уақыттарға, мереке күндерде және т.б күндерде

Қосымша еңбекақыға ұжымдық келісім шарттарда  және еңбек туралы заңдарда қарастырылған, жұмыс жасалмаған  уақыттар үшін төлемдер жатады:
- демалыс уақыттарына ақы төлеу;
- мемлекеттік және қоғамдық   міндеттерді орындаған уақыттары  үшін  ақы төлеу;
- кішкентай балалары бар аналарға жұмыстағы  үзілістері үшін ақы төлеу;

Жұмыстың  негізгі түрлерінің  толық  сипаттамасынан  тұратын  және өнеркәсіптің әрбір саласын құрастырылған  тарифтік  біліктілік  анықтамасының  негізінде жүргізіледі.  Анықтаманы және  оның  қолданылу тәртібін  Қазақстан Республикасының  Үкіметі  бекітеді.
 Тарифтік мөлшерлеме – бұл  жұмыс уақытының  бірлігі үшін, (сағат, күн,  ай) біліктіліктің  айқын күрделілігінде еңбек нормасын  орындаған  қызметкердің  еңбекақысының  белгіленген мөлшері.
 Тарифтік тор – бұл  разрядтардың  және оған меншіктелінген  тарифтік коэффициенттердің арақатынас мәкілі. Тарифтік тордағы разрядтардың  саны және тарифтік коэффиценттер арасындағы алшақтықтар әртүрлі және олар өнеркәсіптің әр түрлі саласында орын  иемденген нақты ерекшеліктермен және бөлінісінің дәрежесімен анықталған.

Жұмысты тарифтеу – бұл  еңбек түрлерінің күрделілігіне тәуелді еңбек түрлерін  біліктілік категориясына немесе тарифтік разрядқа жатқызу.
Тарифтік разряд қызметкердің біліктілігін  және еңбек күрделілігін қамтып көрсететін  шама және тарифтік разряд әр өндірістік операцияларда,  әр жұмыста қолданылады.

Мерзімдік-жай ақы- тарифтік мөлшерлемені немесе қызметкердің қызметықысын және жасалған жұмыс уақытының санын қолдану арқылы анықталады.Тәжірибеде бұл еңбекақыны есептелуінің 3 тәсілі бар: сағаттық, бір күндік, бір айлық . 21 разрядтты коэффициенттер колданылады, қызметкердің категориясына қарай.

  Мысалы : Мерзімдік ақы алатын 6—разрядтағы жұмысшы сағаттық тариф ставкасы   76 тенге болған кезде 182 сағат жұмыс істеген болса. Жалақы сомасын есептеуі болады :

            182 х 76 =13732 тг.

Егер жұмыскер айды толықтай істесе, онда жалақысының мөлшері қызмет – ақы мөлшеріне сәйкес келеді.

Егер жұмыскер сол айдағы жұмыс календерінде толықтай жұмыс істемесе, онда жалақы нақты  жұмыс істелген уақытқа қарай  есептен шығарылады.

     Мысалы: Қызметақысы 11300, қызметкер есептік айдағы 23 жұмыс күнтізбелік күнінің 20 күнінде жұмыс істеген.

         Айдың орташа күндік жалақысы: 11300:23=491.30тг.

 Қызметкердің  жалақысы нақты істеген күніне 491.30 х 20 =9826тг. қүрайды.

  Кәсіпорын ұжымына: Кәсіпорында 100 адам жұмыс істейді, оның 80-і жұмысшы да, ал 20-сы қызметкерлер. Отыз қызметкерге еңбекақы, олардың мамандығы мен атқаратын міндеттеріне байланысты белгіленген:

10 адам - 9 разряд;

8 адам – 11 разряд;

3адам -  14 разряд;

5 адам – 16 разряд;

2 адам – 19 разряд;

2 адам – 21 разряд.

Әр түрлі  разряд бойынша қызметкерлердің  айлық еңбек ақыларын есептеу  үшін мына формуланы қолданамыз:

Айлық

 Ұйымының                                                     разрядтық тарифтік

                    =             разрядтық         х         коэффициент (бірынғай тарифтік

еңбекақы              ставкасы                     сеткаға сәйкестік, разряды бойынша)

2022 жылы бекітілген  ең төмен еңбек ақы 60000тенгені құрады. Сонда кәсіпорын жұмыс режімі жұмысына 5 күн (өткен айдағы жұмыс күні 21), 14 разряд бойынша 3 қызметкер өткен айда 18 күн жұмыс істеген.

Сонда өткен  айдың еңбекакысы былайша есептеледі:

9 разряд бойынша = 60000 х 1.78 х 10 = 1 068 000

11 разряд бойынша = 60000 х 2.05 х 8 = 984 000

14 разряд бойынша = 60000 х 2.55 = 153 000

16 разряд бойынша = 60000х 2. 95 х 5 = 885 000

19 разряд бойынша  = 60000 х 3.67 х 2 = 440 400

21 разряд бойынша  = 60000 х 4.24 х 2 = 508 800

Қызметкерлердің айлық мерзімді еңбекақысы = 695583,36тг.

 Мысалы : Қызметкердің  еңбеақысы 34000тг., айдың жұмыс  күні 22күн, ол 20қызмет істеді :

34000:22х20= 30909,09тг., екінші әдіс бойынша жұмысына 30% сыйақы бұйырық бойынша :

30909,09 х 30:100=9272,72тг., айлығы (30909,09+9272,72) = 40181,81тг.

Еңбекке мерзімдік  сыйлықақы- жұмыс істеген уақытының еңбекақысына жұмыстың нәтижесіне қарай сыйлықақы төлемі қарастырылады.

Жалақыны есептеу жұмыс  уақытын пайдалануды есепке алу табелінің негізінде жұргізіледі. Мерзімдік ақы алатын жұмысшының жалақы сомасы нақты жұмыс  істелген сағаттардың сағаттық тарифтік ставкасына көбейтіп анықталады оған кәсіпорынның ережесі бойынша белгіленген сыйақының пайызы немесе сомасы қосылады.

Мысалы: жұмысшының жалақысы тариф бойынша 14400теңге. Учаске бойынша жоспар орындалған үшін еңбекақыға 30% сыйақы төленеді. Сонда 14400 х 30% = 4320тг. + 14400 =  18720тг.   

Мысал: Кесімді ақы алатын жұмысшыға бірлігі 250.46тг. бағаланатын 30 бөлшекті әзірлеу тапсырылды. Жалақысы 30х25046 = 751380 жұмысшылардың жалақысы бригаданың, учаскенің жұмыс нәтижесі бойынша анықталады. Бағалаулар жеке (әрбір кәсіпкер) және кешенді (ұжымдық) болуы мұмкін.


написать администратору сайта