Главная страница
Навигация по странице:

  • Егер материалдың түсі белгіленген уақыттан кеш болса, талдау нәтижелері еленбейді.үлгіні жасағаннан кейін бір минут ішінде азопирам күлгін, қоңыр немесе сирень-қызғылт реңк алады.

  • Бұл тексерілетін медициналық бұйымдарда қанның немесе басқа қалдық элементтердің іздері бар екенін көрсетеді.

  • Мақсаты

  • Құрал жабдықтар

  • Бикстегі Материал жұмысқа жарамсыз. Индикаторды өзгертіңіз және қайтадан стерилизацияға жіберіңіз.

  • Қарсы көрсеткіштері

  • Әйел адамның жыныс мүшесін жуу алгоритмі

  • Көрсеткіштері

  • Жауабы

  • Қолдану көрсетілімдері

  • задачи экзамену. осд-ответы заданий к экзамену. Егер материалды тсі белгіленген уаыттан кеш болса, талдау нтижелері еленбейді.лгіні жасааннан кейін бір минут ішінде азопирам клгін, оыр немесе сиреньызылт рек алады


    Скачать 35.54 Kb.
    НазваниеЕгер материалды тсі белгіленген уаыттан кеш болса, талдау нтижелері еленбейді.лгіні жасааннан кейін бір минут ішінде азопирам клгін, оыр немесе сиреньызылт рек алады
    Анкорзадачи экзамену
    Дата30.06.2022
    Размер35.54 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаосд-ответы заданий к экзамену.docx
    ТипДокументы
    #621610

    № 1 тапсырма.

    1. Медбике азопирам сынамасы бойынша сапаны бақылауды жүргізген кезде ерітінді бір минут ішінде өзінің түсін өзгертпеді. Бағдарламалық жасақтама сапасын бақылауды бағалаңыз. Бұл жағдайда мейіргердің тактикасы.

    Жауабы:

    Егер материалдың түсі белгіленген уақыттан кеш болса, талдау нәтижелері еленбейді.үлгіні жасағаннан кейін бір минут ішінде азопирам күлгін, қоңыр немесе сирень-қызғылт реңк алады.

    Бұл тексерілетін медициналық бұйымдарда қанның немесе басқа қалдық элементтердің іздері бар екенін көрсетеді.

    1. Жеке ингаляторды қолдану техникасы» стандартын орынданыз.

    Мақсаты:емдік,наукаска өз өзіне жеке ингаляторды қолдануды үйрету.

    Көрсеткіштері:қан айналу ж/е тыныс алу органдарының ауруларында,дәрігердің тағайындауымен

    Құрал жабдықтар: аэрозольді ингалятор,дәррілік ерітінді (сақталу мерзімін тексеру)

    Іс әрекет алгоритмі

    1.Науқасқа емшараны тусіндіріп,оның келісімін алу.

    2.Науқасқа өзіне ингаляторды қолдануды үйрету.

    3.Науқасты отырғызу немесе тұру қалыпын жасау.

    4.Баллоншаның мундштугінен қалпакшаны аламыз.

    5.Баллоншаны аэрозольмен жоғарғы жағын төмен қаратып бұрып,бірнеше рет сілкейміз.

    6.Науқасқа асыкпай ауыз арқылы терең дем шығаруды сұраймыз.

    7.Баллоншаны аэрозольмен қолымызға алып, ауызға жакындатып,баллоншаның мундштугін еріндерімен қамтып ұстап,басын сәл артка қарай шалқайтуын сұраймыз.

    8.Науқастан терең дем алуын сұрап ж/е бір мезетте баллоншаның түбін тығыз басамыз.

    Осы мезгілде аэрозоль ішіндегі дәрілік доза ауыз қуысына түседі.

    9.Науқасқа аэрозольді ішке тартып,10-12сек демін ұстауын сұраймыз.

    Ауызынан мундштукті шығарып,сосын науқас ауырын мұрын арқылы дем шығарады

    10.Баллоншаның мундштугіне қорғаныс қалпақшасын кигыземыз.

    № 2 тапсырма.

    1. Сіз емшара кабинетінің мейіргерісіз. Әмбебап төсемі бар КФ залалсыздандырылған қорабын ашу кезінде индикатордың түсін өзгертпегенін анықтадыңыз. Сіздің тактикаңыз.

    Жауабы:

    Бикстегі Материал жұмысқа жарамсыз. Индикаторды өзгертіңіз және қайтадан стерилизацияға жіберіңіз.

    1. Қуықты катетеризациялау әдісі» стандартын орынданыз.

    Мақсаты:емдік,қуықтағы зәрді дер кезінде шығару,кейіннен қалыпты табиғи несеп шығаруды қалыпына келтіру,қуықты жуу

    .

    Көрсеткіштері: жедел ж/е созылмалы зәр бөлінудің тоқтауы,қуықты жуу ж/е дәрілік ерітінділерді енгізу,операциядан кейін кезең, эндоскопиялық зерттеу алдында, клиникалық ж/е бактериологиялық зерттеуге зәрді алу,қалдық зәрді алу.

    Қарсы көрсеткіштері:уретранын жарылуы,гематутрия,жедел уретрит,зәр шығару каналының қабынуы ж/е тарылуы

    Асқынулары:уретралды қызба,қуықтың шырышты қабығының закымдануы,асептика ережелерін сақтамағанда жукпалы ауруларды енгізу.

    Құрал жабдықтар: залалсыздандырылған катетер,2 дана анатом.пинцеттер,корнцанг,лоток,салфетка,2дана қолғап,вазелин, фурацилин ерітіндісі,тері антисептигі,йод ерітіндісі,несеп жинайтын ыдыс, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс,судно,алжапқыш,клеенка, жаялық,керме,науқастың жыныс мүшелерін жууға арналған құрал жабдықтар,қжкжк

    Іс әрекет алгоритмі

    1.Емшараның барысын түсіндіріп,науқастың келісімін алыңыз.

    2.Науқасты кермемен оңашалау.

    3.Науқасты арқасына жаткызамыз,тізесінен бүгілген екі аяғын аздап қана жан-жақа ажыратуға көмектесеміз.

    4.Бөксе астына клеенканы,оның үстіне жаялыкты төсеп судноны береміз.

    5.Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп,қолымызды антисептикпен өңдеп,қолғап пен алжапқышты киу.

    6.Жыныс мүшені жууға арналған құрал жабдықтар дайындап, науқастың жыныс мүшесін жуамыз.

    Әйел адамның жыныс мүшесін жуу алгоритмі

    Мақсаты:жыныс муше аймағын тазалықта ұстау,науқастың жеке бас тазалығын сақтау,зәр бөліп шығару жолдарындағы жұқпалы аурулардың алдын алу

    Көрсеткіштері:Науқастың ауыр халі

    Құрал жабдықтар: 37°-38° ішінде жылы суы бар Эсмарх кружкасы, фурацилин ерітіндісі бар құмыра, залалсыздандырылған қолғап,бетперде,корнцанг,лоток,салфеткалар,клеенка,жаялық,судно,клеенкалы алжапқыш,керме, зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдыс, Қжкжк

    Іс әрекет алгоритмі

    1.Түсіндіру,келісімін алу

    2.Егер процедура палатада өтетін болса науқасты кермемен оңашалау.

    3.Науқасты шалқасынан жатқызып,жамбас астына клеенканы,жаялықты төсеп, сегіз көзінің астындағы клеенкаға судноны қоямыз.

    4.Аяқтары тізесінен бүгіліп аз ғана жан жақа ажыратылған болуы керек.

    5.Жылы суы бар Эсмарх кружкасын дайындау

    6.Гигеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп,қолғапты киу,халаттын үстінен алжапқышты киу.

    7.Науқастың он жағынан турып,Кружканың ұштығын сол қолымызға ұстап,он қолымызға дәке салфеткалары қыстырылған корнцангты алып,жылы суды жыныс мүшелеріне қуйамыз

    Ал салфеткалармен жоғарыдан төмен қарай(қасагадан анал тесігіне қарай)қимыл жасап сүртеміз.

    Жыныс мүшелерін келесі ізбе ізділікпен жуамыз(қасаға аймағы,бұт аралығы, үлкен жыныс еріндері,анал тесігі

    Әрбір жоғарыдан төмен түскен қимылдардан кейін салфеткаларды ауыстыру .

    8.Құрғақ салфеткалармен жыныс мүшелерін ж/е бұтаралықтың терісін тура жоғарыдағыдай ізбе ізділікпен құрғатып сүрту

    9.Салфеткаларды жыныс мүшелерін ж/е бұтаралықтың терісіне қойып,сол қолдың 1-2саусақтарымен жыныс еріндерімен ажыратып зәр шығару каналының кіре беріс тесігіне он қолыңызбен пинцетпен антисептик ерітіндісіне малынған дәке салфеткасын ұстап 1минутқа қоямыз.

    10.Баздалудың алдын алу үшін сүрткіге салынған вазелин майын шат іркестеріне және аналь тесігі аймағына жағамыз.

    11.Қолданылған корнцаннгты зарарсыздандыру ерітіндісіне саламыз.

    8.Катетрлеуге құрал жабдықты дайындаймыз

    9.Тырнақ пластинкаларын1%йод ерітіндісімен өңдеп, залалсыздандырылған қолғаты киеміз.

    10.Сол қолдың 1ж/е 2ші саусақтарымен үлкен ж/е кіші жыныс еріндерін ажыратып,зәр шығаратын түтіктің сыртқы тесігін ашамыз.

    11.Фурацилинге малынған дәке салфеткасын пинцетпен алып,оң қолымызға ұстаймыз.

    12.Несеп шығаратын тесікті ерітіндімен тазалап,кіші жыныс еріндерінің арасын жоғарыдан төмен қарай қимыл жасап жуыңыз.

    13.Дәке салфеткасын алмастырып, фурацилин ерітіндісіне малынған дәке салфеткасын несеп шығаратын каналдың тесігіне 1 минуттай басып ұстаймыз.

    14.Қолданылған дәке салфеткаларын ҚЖКЖК ға өтелдеп,пинцетті зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салып, Пинцетті ауыстырамыз.

    15.Ораудың саңылаусыздығын оның жасалған мерзімін қараймыз,Ораудан ашып катетерді пинцетпен аламыз.

    16.Оң қолдағы пинцетпен жұмсақ резеңке катетердің ұшынан 5см қашықтықта,қаламсап сияқты қылып ұстаңыз.

    17.Катетердің сыртқы ұшынан алакан үстінен айналдырып алып,он қолдың 4-5саусақ арасына қысып ұстаймыз.

    18.Катетердің туйык жағына вазелин майын құйамыз.

    19.Сол қолмен жыныс еріндерін ажыратып,он қолмен абайлап катетерді несеп шығатын каналға 4-6см ге несеп шыққанша енгіземіз.

    20.Катетердің бос ұшын зәр жинайтын ыдыска саламыз.

    21.Пинцетты зарарсыздандыру ерітіндісіне саламыз.

    22.Зәр бөлінуі аяқталғаннан соң катетерді шығарыңыз,сол қолмен іштің алдыңғы бетін басамыз.

    23.Зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа катетерді саламыз

    24.Қолғапты шешіп,қолғапты,сүрткілерді мақта шариктерін ҚЖКЖКға өтелдейміз

    25.Алжапқышты 2 рет 15минут аралығымен сүртеміз.

    26.Қолымызды жуып кептіреміз

    27.Науқасқа физикалық және психикалық тыныштықты қамтамасыз етеміз.

    № 3 тапсырма.

    1. Сіз аға мейігерсіз. Жұмыс ерітіндісінің жарамдылығын анықтау кезінде қан дақтарына азопирамның екі тамшысы түсті. Бір минут ішінде түс өзгерген жоқ. Сіздің тактикаңыз.

    Жауабы:

    Реагентті қолдануға болмайды, себебі ол жарамсыз.Азопирамның тең көлемін және сутегі асқын тотығының 3% ерітіндісін араластыру арқылы жаңа жұмыс ерітіндісін дайындаңыз, оны 1-2 сағат ішінде қолданыңыз.Қолайлы шешім қанға қызғылт сирень түс береді .

    1. мұрын катетері арқылы оттегін беру» стандартын орынданыз

    Мақсаты: жүрек-өкпе реанимациясынан кейін, ұлпалардағы гипоксияны азайту, жедел және созылмалы тыныс жетіспеушілігінде, ауыр операциядан кейін, қанды оттегімен қаматамасыз етуді жақсарту,.

    Қолдану көрсетілімдері: қан айналу және тыныс алу жүйелері ауруларында, ауыр жағдайларда дірігердің тағайындауы бойынша қолданылады.

    Құрал жабдықтар: Бобров аппаратын, дистилденген суды немесе 70% спиртті, залалсыздандырылған: науаны, мұрын катетерін, пинцетті, шпательді, дәке, қолғапты, вазелин майын немесе глицеринді, жабысқыш пластырды.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Егер мүмкіншілік болса, науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз.



    1. Гигиеналық деңгейде қолыңызды жуыңыз. Залалсыздандырылған қолғапты киіңіз.



    1. Науқасқа Фаулер қалпына келтіріңіз.



    1. Бобров аппаратын жұмыс істеуге дайындаңыз:

      • Таза шыны ыдыстың 2/3 көлеміне температурасы 30-400С дистилденген суды, өкпе ісігінде 70% спиртті құйыңыз;

      • Жалғанған жерлердің саңылаусыздығын тығындыдағы бұранда көмегімен қамтамасыз етіңіз;

      • Ұзындығы 60 см артық емес резеңке түтікті Бобров аппаратының шыны түтіктеріне кигізіңіз.



    1. Катетерді енгізер алдында жоғарғы тыныс алу жолдарының өткізгіштігіне көзіңізді жеткізіңіз.



    1. Катетерді енгізетін бөлігінің ұзындығын (құлақтың кеуілжір қалқаны түбіндегі бүртіктен (томпақтан) мұрын ұшына дейін шамамен 15 см) анықтап, белгі (ұзынша сопақ жабысқақ пластырмен) қойыңыз.



    1. Катетердің енгізетін бөлігіне залалсыздандырылған вазелин майын немесе глицерин құйыңыз немесе натрий хлорид изотониялық ерітіндісімен немесе дистилденген сумен ылғалдаңыз.



    1. Катетердің енгізелетін ұшын 3-4 см қашықтықта жазатын қаламұштай ұстаңыз.



    1. Катетерді төменгі мұрын жолымен жұтқыншақтың артқы қабырғасына дейін (белгіленген белгіге дейін) еңгізіңіз.



    1. Тілдің түбірін шпательмен басып, жұтқыншақты қараңыз. Катетердің ұшы жұтқыншақтың артқы қабырғасында көрініп тұрғанына көзіңізді жеткізіңіз.



    1. Катетердің сыртқы бөлігін жабысқыш пластырмен науқастың жағына, самайына немесе маңдайына жапсырыңыз.



    1. Енгізілген мұрын катетерінің резеңке түтік арқылы Бобров аппаратының қысқа шыны түтігіне жалғастырыңыз.



    1. Бобров аппаратының ұзын шыны түтігін резеңке түтік арқылы орталық жүйеден берілетін оттегі шүмегіне немесе оттегі баллонына жалғастырыңыз



    1. Оттегі шығатын шүмекті ашыңыз (Бобров аппаратында оттегі көпіршігі суда пайда болады). Оттегін беру жылдамдығын реттеңіз (2-3 л/мин).



    1. Науқастың мұрынның шырышты қабығын қараңыз. Науқастың хал-жағдайын бағалаңыз.



    1. Мұрынның шырышты қабығында тітіркену белгілері айқындалса, мұрынға майлы ерітінді тамызыңыз.



    1. Катетерді алап тастаңыз.



    1. Катетерді, шпательді зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.



    2. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.


    № 4 тапсырма

    .

    1. Сіз аға мейіргерсіз. Сапаны бақылау туралы қорытынды бойынша Зарарсыздандыру сипатталған, онда, алтын түстес стафилококк, көкірінді таяқша және бактерия тобының- ішек таяқшасының өсуі анықталмаған.

    Зарарсыздандырудың сапасын бақылауды бағалаңыз.

      • Әмбебап және стандартты сақтық шаралары:

    Жауабы:

    Стандартты сақтық шараларына қолдың гигиенасы және ағымдағы қауіп-қатерді бағалауға сәйкес тиісті жеке қорғаныс құралдарын (ЖҚҚ) пайдалану, инъекциялар кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары, қалдықтарды қауіпсіз жою, тиісті төсек-орын жабдықтарын пайдалану, қоршаған кеңістікті тазарту және медициналық көмек көрсету кезінде қолданылатын жабдықты зарарсыздандыру кіреді.

    Әмбебап сақтық шаралары-бұл қанмен және басқа да биологиялық орталармен байланыста болған кезде пациент пен медицина қызметкері арасында инфекциялардың берілу қаупін азайтуға бағытталған іс-шаралар кешені.

    Әмбебап сақтық шараларын орындау барлық пациенттердің қаны мен биологиялық сұйықтықтарын ықтимал жұқтырған деп санауды және олармен жұмыс істеу кезінде әрдайым тиісті қорғау шараларын қабылдауды білдіреді.

    1. “муляжда тері инъекциясының ішінде орындау техникасы» стандартын орынданыз

    Мақсаты:диагностикалық.

    Қолдану көрсетілімдері:диагностикалықтуберкулезге (Манту. Пирке байқауы), бруцеллезге, антибиотиктерге аллергиялық реакцияны анықтау үшін, сыртқы жансыздандыруды жүргізу үшін, аллергиялық байқауларды жүргізу үшін.

    Қарсы көрсетілімдері:инъекция жасайтын жердің тері асты-май клеткаларының ісінуі және инъекция жасайтын жердегі тері аурулары.

    Асқынулар:инфильтрат.

    Енгізілетін жері:білектің ішкі беті, ортаңғы бөлігі.

    Дайындаңыз:залалсыздандырылған: сыйымдылығы 1 мл бір рет қолданылатын шприцті, ұзындығы 15 мм инені, мақта шариктерін, қолғапты, дәрігер тағайындаған дәрілік ерітіндісін, тері антисептигін, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.

    Іс-әрекет алгоритмі.

    1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз. Оны жүргізуге келісімін алыңыз.



    1. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, қолғапты киіңіз, оларды тері антисептигімен өңдеңіз.



    1. Бір рет қолданылатын орауды ашып, шприцті құрастырыңыз (стандартты қараңыз).



    1. Қажетті дозадағы дәрілік ерітіндіні (0,2-0,3 мл) шприцке сорып алыңыз, инеден қалпағын алмай, ауаны шығарыңыз, шприцті және тері антисептигімен суландырған мақта шариктерін ораудың ішкі бетіне салыңыз.



    1. Науқасты отырғызыңыз немесе жатқызыңыз, қолды яғни, білектің ішкі бетін жоғары қаратып қойыңыз.



    1. Қолғапты тері антисептигімен өңдеңіз.



    1. Инъекция жасайтын жерді тері антисептигімен суландырған екі мақта шариктерімен тізбектілікпен бір бағытта тазартыңыз: алдымен үлкен көлемді, сосын тікелей иньекция жасайтын жерді (контейнерге мақта шариктерін салыңыз). Тері антисептигін толық кебуін күтіңіз.



    1. Оң қолға шприцті алыңыз: цилиндрдегі бөліну көріну керек, оң қолдың II саусағымен – иненің канюлясынан, V саусақпен – шприцтің поршенінен, ІІІ, IV, I саусақтармен – цилиндрден ұстаңыз.



    1. Сол қолдың саусақтарымен инъекция жасайтын жердің терісін жиырып ұстап, инъекцияға қарама-қарсы жағына тартыңыз.

    2. Иненің қиығын (кескен жер қимасын) жоғары қаратып, тері бетіне (50С бұрышпен) қатарластыра ине қиығы терендігінде (ине тек қана терінің мүйізді қабатына еніп, терінің қалыңдығынан көрінеді) енгізіңіз. Оң қолдың сұқ саусағымен иненің қалпын бекітіп, сәл иненің канюлясынан басыңыз.

    3. Шприцті бір қолдан екінші колға ауыстырмай, сол қолдың ІІ, ІІІ саусақтарымен цилиндрдің жиегінен ұстап. I саусақпен поршенді басып, 0,1-0,2 мл дәрілік ерітіндіні енгізіңіз.

    4. Дәрілік ерітіндіні дұрыс енгізгенде, инъекция жасаған жерде диаметрі 2-4 мл дей кішкентай бұршақ көлеміндей ақшыл шамалы биіктік пайда болады («лимон» қабығындай).



    1. Инені канюлясынан ұстап отырып, жылдам қозғалыспен шығарыңыз (тері антисептигімен суландырған мақта шаригін тері үстіне баспаңыз).

    2. Иненің қалпағын кигізбей шприцпен бірге қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.



    1. Қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз.



    1. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.



    1. Белгілі бір уақытта инъекция жасаған жерге су тимеу керек екенін науқасқа түсіндіріңіз.

    №5 тапсырма.

    1. Емдеу бөлмесінің мейіргері науқастан қан алғаннан кейін сол саусағын шаншып алды. Қолғап арқылы қан көрінді. Бұл жағдайда мейірбикенің тактикасы.

    Жауабы:

    Қолғапты шешіп, дезинфекциялық ерітіндіге салу керек. 2-3 тамшы қан сығып, қолын екі рет сабынмен жылы ағынды сумен жуып. 70% этил спиртінің ерітіндісімен шаншып алған аймақты сүрту содан соң 5% йодтың спирт ерітіндісін ыскыламай жағу Бактерицидті пластырьмен жабыстырып. Істі журналда тіркеу, аға мейірбикеге хабарлау және 3,6,12 айдан кейін В және С вирустық гепатиттерінің маркерлеріне, АИТВ инфекциясына құпия зертханалық зерттеу жүргізу.

    1. «Тазартқыш клизманы қою әдістемесі» стандартын орынданыз

    Мақсаты:нәжістен және газдан тоқ ішектің төменгі жағын ішек қозғалысын күшейту және нәжісті жұмсарту арқылы тоқ ішектің төменгі жағын нәжістен және газдан босату.

    Көрсеткіші:

    -іш қату;-дәрілік және тамшылы клизмалар алдында; асқазан- ішек жолдарын, зәр бөлу мүшелерді рентгенмен зерттеу алдында дайындау;-операцияларға дайындау;

    -тоқ және тік ішектерге эндоскопиялық зерттеулер жүргізу алдында дайындау.

    Қарсы көрсеткіші:

    -асқазаннан немесе ішектен қан кету;-тік ішекте немесе тоқ ішекте жедел қабыну немесе ойық жара болу;-тік ішектің қатерлі ісіктері; -тік ішек айналасында жара болу немесе тік ішектің түсіп кетуі;-қанайтын геморрой;-асқазан- ішек жолдарына операциядан кейінгі алғашқы күндері.

    Құрал жабдықтар:

    -қолғап, халат, алжапқыш

    -таза Эсмарх кружкасы

    -клеенка, жаялық,тегене,судно

    -вазелин немесе глицерин

    -штатив

    -судно

    -су термометрі, 1,5-2 литр көлемде сумен құмыра.

    -залалсыздандырылған ұшына кигізетін түтік және залалсыздандырылған бикстегі салфетка

    -Корнцанг

    -зарарсыздандыратын ерітінді құйылған ыдыс

    -қолданылған материалдарға арналған ыдыс.

    Іс-әрекетінің алгоритмы:

    1.Процедураның мақсаты мен орындалу тәртібін түсіндіріңіз, пациенттің келісімін алыңыз. Егер пациенттің жағдайы келсе, процедураны клизма жасайтын арнайы бөлмеде орындаңыз.

    2.Халатыңызды ауыстырып, алжапқышты киіп, қолға гигиеналық деңгейде антисептикпен өңдеу жүргізіңіз. Қолыңызға қолғапты киіңіз.

    3.Эсмарх кружкасын штативке бекітіңіз, кушеткадан 1 м. Деңгейде, резеңке түтікі корцангпен жабыңыз.

    4.Судың t өлшеңіз ол 18-20º, Эсмарх кружкасын 1,5-2 литр сумен толтырыныз.

    5. Бикстен заласыздандырылған түтікшені алып және оған вазелин майын жағыңыз, Эсмарх кружкасының резеңке түтігіне жалғаңыз.

    6. Түтікшені төмен қаратып резеңке түтіктігінің корцанты ашыныз, оны суға толтырыңыз.

    7.Корцангты қысып, ұшына кигізілген түтікшемен қоса резеңке түтікті штативке бекітіңіз.

    8.Кушеткаға клеенка мен жаялықты шеттерін төмен қарай тегенеге түсіре жайыңыз ( егер пациент суды ұстай алмай қалған жағдайға).

    9.Пациентке кушетканың шетіне қарай сол жақ қырымен жатуды ұсыныңыз, аяғын ішіне тарта бүгіп (іштің еттері босап, тоқ ішекке судың өтуі жеңілдейді).Егер, пациентке қозғалуға болмайтын болса, онда оны арқасына жатқызыңыз.

    10.Сол қолыңыздың бірінші, екінші саусағымен жамбас арасын аша отырып, оң қолыңызбен ақырындап айналмалы қозғалыстар жасай отырып түтікшені тік ішекке енгізіңіз, алдымен кіндікке қарай 3-4см. Тереңдікте, ал содан соң құйымшаққа параллельді 8 10см. Тереңдікте.

    11.Корцангты ашып , түтікшені ұстай отырып, тік ішекке суды жіберіңіз. Судың тез кетпеуін қадағалаңыз, егер су тез кетсе ол ауырсыну сезімін тудырады. Эсмарх кружкасындағы су деңгейін қадағалаңыз.

    12. Кружканың түбінде су аз ғана қалғанда жауып, түтікшені алып шығыңыз.

    13. Жамбасты қысып, пациентке ішектегі суды 5 -10 минутқа ұстап тұруды ұсыныңыз,(мүмкіндігінше), нәжістің жақсы жібіп, сұйылуы үшін.

    14.Судно беріңіз немесе пациентті унитазға отырғызыңыз.

    15.Клизманың нәтижесін тексеріңіз. Сумен бірге нәжістер шықса, онда клизма сәтті болғаны.

    16.Егер клизма сәтті болмаған жағдайда процедураны 1 -2 сағаттан соң қайта қайталаңыз.

    1. Түтікшені және Эсмарх кружкасын зарарсыздандырыңыз.

    2. Қолғапты шешіп,қолды жуу.






    написать администратору сайта