Главная страница

Экскреторлы урография. Экскреторлы урография жасауа крсеткіштері


Скачать 35.85 Kb.
НазваниеЭкскреторлы урография жасауа крсеткіштері
Дата04.05.2022
Размер35.85 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаЭкскреторлы урография.docx
ТипДокументы
#511949

Экскреторлы урография – бұл қарапайым, сенімді ақпаратты және сәулелік диагностикада кеңінен қолданылатын әдіс. Оны кеңінен қолдану үшін көктамырға 40-50 мл йод құрамды контрастты зат жіберіп, іш қуысы мен жасбас сүйектері суреттерін сериялы түрде түсіреді. Суреттер әр 5-7; және 25-30 минут сайын түсіріледі. Контрастты зат 5-7 мин жасалған суретте контрастылаудың нефротикалық фазасы анықталады. 10-15 мин кейін несепағардың алдыңғы бөлімі мен түбекшесі контрастіленеді. Несепағарлар мен қуық контрастты затпен толық 25-30мин толады.

Контрасты зат 5-7 минуттан кейін жасалған суретте контрастылеудің нефротикалық фазасы анықталады. 10-15 минуттан кейін несепағардың алдыңғы бөлімі мен бүйрек түбекшесі контрастіленеді. Несепағарлар мен қуық контрасты затпен толық 20-30 минутта толады.

Экскреторлы урография жасауға көрсеткіштері:

  1. Гематурия;

  2. Бел аймағындағы ауырсынулар;

  3. Зәр шығару жолдарының инфекциялық аурулары;

  4. Зәр тас ауруына күдік туғанда;

  5. Несепағар обструкциясы

  6. Туа пайда болған аномалияларда;

  7. Жарақаттар

Экскреторлы урография жасауға қарсы көрсеткіштері:

  1. Йоды бар заттарға аллергиясы болса;

  2. Жедел гломерулонефрит;

  3. Бүйрек жеткіліксіздігі (жедел және созылмалы);

  4. Тиреотоксикоз;

  5. Қант диабетімен ауыратын науқастарда (глюкофаж қабылдаған жағдайда);

  6. Феохромоцитома


Бүйректің обзорлы рентгенография- Контрасты затты жібермей тұрып, алдымен құрсақ қуысының шолу рентгенограммасы жасалады. Бұл суретте құрсақ қуысының және іш қуысы кеңістігінің жағдайын зерттеп, рентгеноконтрасты конкременттердің бар жоқтығын анықтайды.
Инфузионды урография- Экскреторлы урографияның бір түрі болып табылады. Зимницкий сынағы бойынша зәрдің салмақ үлесі 1015 аспаған жағдайда жасалынады. 60 мл суда еритін контрасты затты 80 – 100 мл 5% глюкозаны араластырып, көк тамырға 5 – 7 минут аралығында енгізеді. Суреттер экскреторлы урографиядағы схема түрінде алынады.
Ретроградты пиелоурография- Бұл зерттеу әдісі несепағарға (уретра және қуық арқылы) катетер енгізіліп, зәр шығару жолдарының контрастануы жүзеге асады. Тостағанша-түбекше жүйесі және несепағарларды толық морфологиялық зерттеу әдісі. 3-5 мл контрасты зат енгіземіз, тостағанша көлемі 5мл, қуықтың сиымдылығы500 мл.
Антеградты урография
Бұл зерттеу әдісінде контрасты затты теріасты пункциясы немесе дренажды трубка арқылы тостағанша-түбекше жүйесіне жібереді. Экскреторлы урография, ретроградты пиелография әдісін жасауға мүмкіндік болмаған жағдайда жасалынады.
Цистография

Суда еритін контрасты зат арқылы қуықты зерттейтін әдіс. Цистографияны төмен және жоғары болып бөледі. Төмен цистография – экскреторлы урография зерттеу әдісіне ұқсас, көк тамырға контрастты зат енгізгеннен кейін 30' зерттеледі (қуыққа контрастты зат енгенен кейін). Жоғары цистография –контрасты затты катетер арқылы ретроградты жүргізіледі. Керек болған жағдайда жоғары цистографияда газ жіберіледі (пневмоцистография).

Микционды цистография- Балаларда қуық-несепағар рефлюксіне күдік болған жағдайда жасалынатын зерттеу әдіс. Қуыққа контрасты зат жібергеннен кейін, зәр шығару кезінде суреттерге түсіріледі. Контрасты зат қуықтан несепағарға өткенін анықтауға мүмкіндік беретін зерттеу әдісі. бұл зәр шығару актісі кезінде қуық пен зәр шығару жүйесінің іргелес мүшелерін рентгенологиялық зерттеу әдісі Зәр шығару процесінде радиоконтрасты емес зат несепағарға енеді (латынша уретра), сондықтан бұл диагностикалық әдіс несепағар мен қуықтың күйін бағалауға мүмкіндік береді.
Бүйректердің ангиографиясы- Жекелеген қиын диагностикалық жағдайларда, негізінен емдеу шараларында бүйрек тамырларына селективті ангиография жүргізіледі. Арнайы катетермен сан артериясы арқылы бүйрек артериясына контрасты зат жібереді. Енгізу кезінде сериялы кинотүсіруді жүзеге асырады.

Керек болған жағдайда арнайы құралдармен кейбір ем-шаралар жүргізіледі. Мысалы, бүйрек артериясының қысылуы кезінде стентирлеу жасалынады. Контрасты зат-уротраст урографин

1ерте магистралды кезен

2кеш магистр кезен

3Капиляр-артериялы кезен

4 экскреторлы кезен

Контраст заттың енгізілу әдісіне қарай транслюмбалдық аортография және ретроградтық аортография деп екіге бөлінеді. Транслюмбалдық аортографияда қолқа мен оның тармақтарын рентгенконтрастық затпен толтыру бел жағынан қолқаны пункциялay жолымен жүргізіледі. Ретроградтық (трансфеморальдық) аортография кезінде контрастық зат қолқаға сан артериясын пункциялау арқылы енгізіледі. Мұнда қолқадан бүйрек артериясы тарайтын деңгейге дейін ( I бел омыртканың денесінің ортасы) сан артериясына катетер жүргізіледі. Бүйрекангиографиясының бұл екі әдісі қазіргі уақытта бәрінен гөрі жиі қолданылады.

Сериялық бүйрек ангиографиясының нәтижесінде контрастық сұйықтың бүйректегі және несеп жолдарындағы циркуляциясының төрт фазасы туралы пайымдайтын мүмкіндік бар. Бастапқыда бүйрек артериялары мен олардың тармақтарының бейнесі — артериограмма алынады, одан әрі тығыз көлеңке түрінде бүйрек паренхимасының бейнесі — нефрограмма шығады, бұдан әрі қарай контрасттық сұйықтың веналар бойымен кері ағыс моментін тіркеу — венограмма мүмкін болады және ақырында экскреторлық урограмма алынады. Бүйректегі контрастық сұйық циркуляциясының барлық стадияларын зерттеудің диагностикалықүлкен мәні бар.
Удз-сагитальді түсіреміз

УДЗ әдісі кең тараған әдіс болып табылады. Бұл сонограмма арқылы зәр шығару жүйесінің барлық бөлімдері жақсы көрінеді. УДЗ әдісі инвазивті емес, қолдануға ыңғайлы. УДЗ бел аймағы арқылы трансабдоминальді қарайды, себебі құрсақ қуысы бүйір бөлігінде бүйрек суреті айқын көрінеді. Бұл әдіспен бүйрек капсуласын (ол гиперэхогенді полоска түрінде көрінеді), қыртысты және милы қабаттарды, тостағанша және түбекшеге баға береміз.Әдістің негізгі кемшілігі тек зерттейттін дәрігердің квалификациясына байланысты

Бүйректердің қан тамырлар жағдайын және қан ағасының түстік допплерлік картирлеу арқылы да зерттейді.

Өзгермеген несепағарларды ультрадыбысты әдіспен зерттеу мімкін емес.

Зерттеу қуық толық толуымен болған жағдайда жүргізіледі. Негізгі зерттеу алдыңғы іш қуысының қабырғасы транабдоминальді арқылы жүзеге асады. Трансректальді және трансвагинальді зерттеуде қажет болған жағдайда арнайы датчиктер қолданылады. Алдыңғы іш қуысы арқылы жүргізілген эхограммаларда, көлдеңен орналасқан қуық сопақ түрінде көрінеді. Қалыпты жағдайда қуықта эхогенді құрлымдар болмайды.


Компьютерлі томография- Томограмма негізінде алынған әртүрлі фазаларда үш өлшемді реконструкциялауда бүйректердің паренхимасын, түбекшелерін және тостағаншаларын, бүйректің қолқа және тамырларын, несепағар және қуықты көруге мүмкіндік береді.

Алайда, бір ағзаға қайталанып жасалынған зерттеу томографиясы пациентке сәулелік жүктеме әкелетінің есте ұстаған жөн. Сондықтан зерттеу әдісін негізгі көрсеткіштерге сүйне отырып қолданылуы тиіс. Қуықасты безін КТ әдісімен зерттеу салыстырмалы түрде аз ақпарат береді. Фронгальды сгитаьді түсіреміз
Магнитті-резонансты томография- Бүйректің және несепағардың баламалы зерттеу әдісі МРТ болып табылады. Жұмсақ тіндерді МРТ зерттеу әдісімен, бүйрек тамырларын, тостағаншалары және түбекшелерін, қыртысты және милы заттары жақсы көрінеді. Арнайы әдістерді қолданып, несепағарды және қуықты зерттеуге мүмкіндік береді. Фронгальды сгитаьді түсіреміз

Жалпы урография – несеп жүйесінің жалпы рентгендік суретін түсіру. Рентгенологиялық әдіспен зерттегенде бүйректер көрінбейді, бірақ кейбір арық адамбардың рентгенограммасында олар омыртқаның екі жағында орналасқан. Бүйректердің сопақша көлеңкелерін анықтауға жіне бүйректердің несеп жолдарының тастарын көруге болады. Бәрәнен жақсы анықталынатын тастар – калций тұздарынан тұратын оксалаттар мен фосфаттат. Несеп қышқылы тұздарының тастары жәй рентген суреттерінде көрінбейді. Шала жасалған рентгенограммада несеп шығару жолдары мен қуықтың жағдайы көрінбейді.

Сонография (ультрадыбыстық зерттеу, УДЗ) әйелдерде асқынбаған пиелонефрит кезінде басқа диагностикалық шараларға көрсеткіш бар немесе жоқтығын анықтау үшін қолданылады. Бүйрекке УДЗ жасау арқылы НШЖИ жанама белгілерін анықтауға болады: бүйректің ұлғайып ісінгендігі, дем алу акты кезі бүйрек қозғалуының шектелуін, жедел пиелонефрит кезінде қабыну ошағын, жалғыз бүйрек, екі еселенген бүйрек, гидронефроз сияқты аномалияларды, конкременттерді (0,4 см үлкен), нефрокальцинозды, кисталарды, әр түрлі ісіктерді және қуықтағы қалдық несепті көруге болады.
Несептас ауруның көп таралуы себебінен сәулелік диагностика әдістері нақтылы және уақытылы диагноз қоюда маңызы зор. Рентгендік зерттеу көмегімен бүйректерден және зәр шығару жолдарынан табылған конкременттер рентгенопозитивті (оксалатты, фосфатты) және рентгенонегативті (уратты, цистинонды, холестеринді) болып жіктеледі. Конкременттер әр түрлі өлшемді 0,5 мм -ден 5-10 см диаметрде болуы мүмкін. Түбекшелер мен тосақаншалардың аралықарын толтырған тастарды- коралл тәрізді деп атайды. Негізгі симптомы – күшті ауырсыну, ол кенет басталып, кенет аяқталады. Ауырсыну іштің аумағында немесе бел аумағында сезілуі мүмкін. Ауырсыну шап аумағына немесе аталық безге ауысуы мүмкін.
Тастар немесе несеп ағуының жолындағы кедергі келесі тәсілдермен анықталуы мүмкін: Іш қуысы ағзаларының компьютерлік томографиясы (КТ) Іш қуысы ағзаларының/бүйректің магниттік - резонанстық томографиясы (МРТ)  Іш қуысы ағзаларының шолу рентгенографиясы Көктамыр  пиелографиясы (көктамырға контрастылық заттекті енгізу арқылы рентгенологиялық зерттеу) Бүйректің УДТ (УЗИ) Ретроградтық пиелография.  

Пиелонефриттің негізгі себебі-бактериялық инфекция (ішек таяқшасы, стафилококк, синегалық таяқша). Бірақ қабыну процесінің пайда болуын тудыруы мүмкін:

  • иммунитеттің әлсіреуі;

  • бүйрек құрылысының анатомиялық ерекшеліктері;

  • жыныстық өмірдің басталуы;

  • жүктілік;

  • несеп тас ауруы;

  • қант диабеті;

  • цистит;

  • венерологиялық аурулар;

 Пиелонефрит емін бастамас бұрын ерлерде кешенді урологиялық диагностика жүргізу қажет. Ауру жиі уретриттің, простатиттің, простата аденомасының созылмалы ағымымен байланысты, ол несептің ағып кетуіне және тіндердегі патогенді микроорганизмдердің көбеюіне әкеп соқтырады.

Пиелонефрит диагностикасы келесі зерттеулерден тұрады:

  • қанның жалпы талдауы (айқын лейкоцитоз, ЭЖ жоғарылауы) және несептің жалпы талдауы (несепте ауру қоздырғышының анықталуы, ақуыз), қанның биохимиялық зерттеуі, несептің бакпосеві, Зимницкий бойынша несептің талдауы;

  • шолу урографиясы;

  • экскреторлы урография;

  • Бүйрек УДЗ;

  • компьютерлік томография.




  • Гломерулонефрит организмнің иммундық жүйесіндегі бұзылыстарға байланысты болуы мүмкін. Көбінесе, оның пайда болу себебі анықтала бермейді. Шумақтарының зақымдануы бүйректен несеппен бірге қан мен ақуызды жоғалтуға апарады.
    гломерулонефриттің пайда болу қаупін арттыруы мүмкін:  Қан айналым және лимфа жүйесіндегі бұзылыстар Көміртекті еріткіштердің әсері Отбасында қатерлі ісік ауруының болу тарихы стрептококтық, вирустық, жүрек инфекциялары немесе абсцестер.
    Симптомдары Гломерулонефриттің жиі симптомдары: Несептегі қан (несептің қошқыл, тот басқандай, қоңыр түске боялуы) Несептің көпіршікті болуы (несепте ақуыздың мөлшері көп болуынан) Беттің, көздің, тобықтың, табанның, аяқтың немесе іштің ісінуі​
    Рентген-радиологиялық зерттеулерге жататындар: Іш қуысы ағзаларының компьютерлік томографиясы Бүйректің УДТ (УЗИ) Кеуде қуысының рентгенографиясы Көктамыр ішілік пиелография (рентгендік зерттеу түрі, ол несепқаптың, несепағардың және бүйрек шумақтарының бейнесін береді) ​

    Цистит — қуықтың қабырғасында (көбіне кілегейлі қабықшасында) өтетін инфекциялық-қабыну процесі — жиі кездесетін урологиялық аурулардың бірі. Цистит полиэтиологиялық ауруларға жатады, оған көптеген факторлар себепші болады. Ішек таяқшасы, стафилококк, протей, стрептококк әдетте циститті қоздырушылар болады. Қанның биохимиялық, клиникалық талдауы.

  • Зәрді жалпы, бактериологиялық зерттеу.

  • Қуықты УДЗ. Процедура зәр шығару жүйесі органының жағдайы туралы негізгі мәліметтерді алуға, қабынудың болуын растауға және оның кезеңін анықтауға көмектеседі.

  • Цистоскопия – қуық тіндерін эндоскопиялық зерттеу әдісі.

Зертханалық зерттеу кезінде созылмалы цистит кезінде қан мен зәрде лейкоциттердің жоғары мөлшерін, ЭТЖ-ның ұлғаюын анықтайды.


Уретрит – несеп шығару каналы – үрпінің ісінуі және тітіркенуі (қабынуы). Үрпі (несеп шығару каналы) – организмнен несеп шығарылатын түтік. Уретрит бактериялардан немесе вирустардан туындайды. Несеп шығару жолдарының инфекциясын туындатқан бактериялар (ішек таяқшасы) және жыныстық жолмен берілетін аурулар (хламидиоз, гонорея) да уретриттің себебі болуы мүмкін.



написать администратору сайта