Главная страница

АҚ жАІЖҚ гос сұрақтары (2). Экзаменационные билеты по государственному экзамену Азаматты ы жне Азаматты іс жргізу ыы


Скачать 56.62 Kb.
НазваниеЭкзаменационные билеты по государственному экзамену Азаматты ы жне Азаматты іс жргізу ыы
Дата28.02.2023
Размер56.62 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаАҚ жАІЖҚ гос сұрақтары (2).docx
ТипЭкзаменационные билеты
#959176

«Қазтұтынуодағы Қостанай жоғары колледжі» Мекемесі

Учреждение «Костанайский высший колледж Казпотребсоюза»

«Бекітемін/«Утверждаю» / «Affirm»

Директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары

Заместитель директора по учебно-методической работе

The deputy director of educational-methodical work

_____________________________Китаева Л.Г.

«___»___________________20 ж/г


Мемлекеттік емтихандар бойынша емтихан билеттері

Экзаменационные билеты по государственному экзамену

«Азаматтық құқық және Азаматтық іс жүргізу құқығы» пәні бойынша

по дисциплине: «Гражданское право и Гражданское процессуальное право»

мамандық 0201000 «Құқықтану»

по специальности: 0201000 «Правоведение»

Топ/группа Пк-15

күндізгі оқу/по очной форме обучения

2021-2022 оқу жылы/учебный год
Билеттерді құрастырған оқытушы:

Билеты составлены преподавателем:

Курмангалиева Б.Х.

Құқықтық пәндер кафедрасының

отырысында қаралды.

Расмотрено на заседании кафедры

правовых дисциплин

Хаттама № ____________

Протокол № ___________

от «» _____________ 20 ж/г

Кафедра басшысы:

Руководитель кафедры:

____________ Мусаинов С.К.

Мемлекеттік емтихан

«Азаматтық құқық» және

«Азаматтық іс жүргізу құқығы»

пәнінен

Мамандығы: 0201000 «Құқықтану»
№ __ билет

  1. Азаматтық құқығының ұғымы, пәні, жүйесі, әдістері.

  2. Соттық дәлелдемелер және дәлелдеу.



билетке тапсырма

Атасының қайтыс болуынан кейін 10 жасар Арман Сариевтің меншігіне «Жигули» автокөлігі өтеді. Автокөлік гаражда тұрды және баланың атасы қайтыс болғаннан екі жылдан астам уақыт ешкім де пайдаланған жоқ болатын. Біраз уақыт өткен соң Арман салық инспекциясына шақырылады, ол жерде оған көлік иелерінен алынатын салықты төлеу ұсынысы жасалады. Арманның ата-анасы оны әрекетке қабілетсіз, салықтарды өз бетімен төлей алмайды және салық қарым-қатынастарының субъектісі бола алмайды деп айтқан.

Салық инспекциясы құжаттарды заң кеңесшісінің қарауына жібереді. Істі шешіңіз.

Мемлекеттік емтихан

«Азаматтық құқық» және

«Азаматтық іс жүргізу құқығы»

пәнінен

Мамандығы: 0201000 «Құқықтану»

№ __ билет

  1. Азаматтық құқықтың қатынастардың ұғымы және мазмұны.

  2. Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін жауаптылық шаралары.



билетке тапсырма

12 жасар Дәулет Қашқынбаев көркем фильмді түсіруге қатысқан болатын, ол үшін 5 мың теңге көлемінде сыйақы төленеді. Сол ақшаға ол кеңсе заттарын: автоқалам, қаламсауыт және жазу кітапшасын сатып алады. Дәулеттің ата-анасы оны ақшаны қалай-болса солай жұмсады деп санап, сатып алынған заттарды қайтадан дүкенге апарады да меңгерушіден оларды қайта қабылдап алуды және ақшасын қайтаруды талап етеді. Дүкен меңгерушісі Болаттың өз еңбегімен тапқан ақшаға заттар сатып алғанын, ал кәмелетке толмағандардың өз табысын еріктері бойынша жұмсауға болатынын айта отырып, ата-ананың талабын орындаудан бас тартады.

Дүкен меңгерушісі дұрыс істеді ме?


Мемлекеттік емтихан

«Азаматтық құқық» және

«Азаматтық іс жүргізу құқығы»

пәнінен

Мамандығы: 0201000 «Құқықтану»

№ __ билет

  1. Азаматтық құқықтың субъектілері.

  2. Сот өкілдігі, талап мерзімінің түсінігі, маңызы, түрлері.


билетке тапсырма

Тұрғын үй – құрылыстық кооперативінің мүшесі Жұматов пәтер үшін жарналық төлемін толығымен төлейді. Шет елге тұрақты қоныс аударуға байланысты Жұматов пәтерді сатпақшы болып, сатып алушымен келісіп қояды. Жұматов пәтер оның меншігінде екені туралы анықтама қағаз алу үшін кооператив басқармасына барғанда, оның сұранысы орындалмайды. Басқама бас тарту себебі, Жұматовтың пәтері орналасқан тұрғын үй кооператив жарғысы бойынша, кооператив меншігі болып табылады, сондықтан да тек қана кооператив пәтерді сатуға құқылы. Кооператив Жұматовқа пәтерді сатудан түсірген сомманы төлеуге келісімін береді.

Басқарма әрекеттері заңды ма? Меншік құқығының пайда болуының қандай негіздерін білесіздер?

Мемлекеттік емтихан

«Азаматтық құқық» және

«Азаматтық іс жүргізу құқығы»

пәнінен

Мамандығы: 0201000 «Құқықтану»

№ __ билет

  1. Заңды тұлғалардың ұғымы, белгілері және түрлері.

  2. Сот отырысының хаттамасы.



билетке тапсырма

Астананың тұрғын үйлерінің бірінде пәтер босайды. Астанадағы аймақтық мемлекеттік мүлік комитеті мен аудан әкімшілігі арасында сол пәтерге тұрғын кіргізіп, оған ордер беруге кімнің құқығы бар деген дау пайда болады. Комитеттің пікірі бойынша тұрғын үй республикалық меншік болып табылады, сондықтан да пәтерді билеу құқығы комитетке берілген.

Орталық аудан әкімшілігі үй коммуналдық меншікке жатады деп санады.Содай – ақ ол үй ауданда берілетін ордерлер бойынша қоныстандырылатынына және үйдің аудандық тұрғын үй пайдалану ұйымдарының бірінің балансында тұрғанын алға тартады.

Істі шешіңіз.

Мемлекеттік, республикалық және коммуналдық меншіктерді қандай негіздер бойынша ажыратуға болады?

Мемлекеттік емтихан

«Азаматтық құқық» және

«Азаматтық іс жүргізу құқығы»

пәнінен

Мамандығы: 0201000 «Құқықтану»

№ __ билет

  1. Азаматтың хабар – ошарсыз кетті деп танудың және өлді деп жариялаудың тәртібі.

  2. Сот жарыссөзі.



билетке тапсырма

Азаматша Өткелова өзінің бұрынғы күйеуін өлді деп тану үшін арызбен сотқа барады. Арызда Өткеловтың қайда жүргені туралы 5 жылдан астам уақыт хабарсыз екенін, оған дейін Өткеловтың алимент төлеуден қашып, соған байланысты іздестірілгенін көрсетеді.

Сот Өткелованың арызы мен Өткеловтың соңғы тұрған жері тұрғын үй кеңсесі берген анықтама қағазы негізінде оны хабар – ошарсыз кеткені жайлы шешімнің күшке енгенінен төрт жыл өткен соң арызданушыға оны өлді деп тану жөніндегі арызбен сотқа баруға болатынын түсіндіріп береді.

Соттың шығарған шешімі дұрыспа?


Мемлекеттік емтихан

«Азаматтық құқық» және

«Азаматтық іс жүргізу құқығы»

пәнінен

Мамандығы: 0201000 «Құқықтану»

№ __ билет

  1. Заңды тұлғалардың ұйымдық – құқықтық нысандары.

  2. Сот мәжілісі хаттамасының маңызы және мазмұны.

билетке тапсырма

Қазақстандық діни бірлестіктердің бірі заңға қайшы темекі және спирт өндіру арқылы, пайда табумен айналысады. Сонымен қатар Қазақстан заңдарымен діни ұйымдарға белгіленген салықтық жеңілдіктерді пайдаланып жүйелі түрде темекі және спирт өнімдерін сатып, одан түскен барлық қаражатты тек қайырымдылық мақсатта жұмсаған.

Бұл аталған жағдай прокурорға мәлім болғанда прокурор кәсіпкерліктің бұл түрінің діни бірлестіктің жарғылық мақсатына қайшы келетініне нұсқау жасап одан заңсыз кәсіпкерлікті дереу тоқтатуды талап етеді. Алайда прокурордың бұл талабын діни бірлестік негізсіз деп бағалап оны орындаудан бас тартады. Прокурор діни бірлестікті мәжбүрлеп тарату туралы талаппен сотқа жүгінеді.

Прокурордың бұл талабы заңмен негізделген бе?

Діни бірлестіктердің кәсіпкерлікпен айналысуға құқығы бар ма?

Мемлекеттік емтихан

«Азаматтық құқық» және

«Азаматтық іс жүргізу құқығы»

пәнінен

Мамандығы: 0201000 «Құқықтану»

№ __ билет

  1. Ата – аналар құқықтарының ұғымы, айыру және шектеу негіздері.

  2. Сот шешімін шығару және жариялау тәртібі.


билетке тапсырма

Он жыл бірге өмір сүрген ерлі-зайыпты Амановтар некесін бұзады. Сот мәжілісінде бірге жиған-терген мүлікті бөлу кезінде Аманова олардың олардың бірге өмір сүрген кезеңінде күйеуі жазған кітаптың басылып шығуына байланысты, күйеуіне тиесілі қалам ақының жартысын алуға құқықты екенін мойындауды сұрайды. Амановтың ойынша, Азаматтық Кодекстің 223-бабында қаралатындай қалам ақыны ерлі-зайыптылардың ортақ жалпы меншігі деп санауға болмайды, өйткені ол қалам ақы әлі қолдарына тимеген. Аманова авторлық қалам ақы ерлі-зайыптылардың біреуінің оған ие болу сәтінен емес, оның тағайындалу сәтінен бастап ортақ меншікке айналатыны жайлы сөз етілген заң ғылымының докторы жазған мақалаға сот назарын аудартады. Тура сондай түсінік Азаматтық Кодекстің бабына талдауға берілген. Осыған ұқсас істі қарастырған көрші аудан соты алынбаған қалам ақыны бөлісу жөніндегі талап арызды қанағаттандырғанын білетінін айтады.

Осы іс бойынша шешім шығару кезінде сот нені басшылыққа алуы тиіс?

Мемлекеттік емтихан

«Азаматтық құқық» және

«Азаматтық іс жүргізу құқығы»

пәнінен

Мамандығы: 0201000 «Құқықтану»
№ __ билет

  1. Азаматтардың құқықтық және әрекет қабілеттілігі.

  2. Хаттама жүргізу тәртібі мен әзірлеу мерзімдері.



билетке тапсырма

Манарбаев құрамында көне алтын ділдәлар мен алтын қасықтар, шанышқылар, сонымен бірге марқаның қолжазбалық туындылары бар мұраға ие болады. Заңды бұзып алам ба деп күмәнданған Манарбаев, өзінің ие болған алтын ділдәлары мен мұра қалдырушының қолжазбаларына ие болу құқығын түсіндіріп беруін сұрап, заң кеңесшісіне барады.

Қандай түсініктеме берілуі тиіс?

Мемлекеттік емтихан

«Азаматтық құқық» және

«Азаматтық іс жүргізу құқығы»

пәнінен

Мамандығы: 0201000 «Құқықтану»
№ __ билет

  1. Заңды тұлғаның құрылуы, қайта құрылуы және тоқтатылу тәртібі.

  2. Бұйрықты және сырттай іс жүргізу.



билетке тапсырма

Азаматша Әлібаева мен оның бұрынғы күйеуі өздерінің арасында жасасқан келісімді куәландыру үшін нотариусқа барады. Ол келісім бойынша ажырасқан ерлі-зайыптылар кішкентай балаларын асырау жөнінде бір-біріне қандай да бір талап қоюдан бас тартады, күйеуі ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлуге дәметпейді, ал әйелі балалар кәмелетке жеткенше жаңа некеге тұрмауды міндет етіп алады. Нотариус бұл мәмілені куәландырудан бас тартады.

Нотариустың әрекеті дұрыс па?


Мемлекеттік емтихан

«Азаматтық құқық» және

«Азаматтық іс жүргізу құқығы»

пәнінен

Мамандығы: 0201000 «Құқықтану»
№ __ билет

  1. Мемлекет пен әкімшілік – аумақтық бөлініс азаматтық құқықтық қатынастардың субъектісі.

  2. Апелляциялық шағым мен наразылық бойынша қарау тәртібі.

билетке тапсырма

«АТФ» коммерциялық банкінде шоты бар Айтжанова аяқ астынан қайтыс болды. Оның тікелей мұрагерлері күйеуі мен қызы банкке барып, Айтжанованың жинақтаушы кітапшасын, оның қайтыс болу туралы куәлігін және оның туысқан екендігі туралы басқа да құжаттарын ұсынып, оның шотындағы ақшаны беруді талап етеді. Бұл талаптан банк бас тартады, банкте тікелей жасалған мұрагерлік өкімде басқа тұлға мұрагер болып көрсетілген, тіпті банк оның есімін айтудан бас тартты.

СҰРАҚТАР:

Қайтыс болған Айтжанованың тікелей мұрагерлеріне ақшаны беруден «АТФ» коммерциялық банкінің бас тартуы заңды ма?

Айтжанованың күйеуі мен қызы банктен кімнің пайдасына мұрагерлік жасалғанын білуге құқығы бар ма?


Мемлекеттік емтихан

«Азаматтық құқық» және

«Азаматтық іс жүргізу құқығы»

пәнінен

Мамандығы: 0201000 «Құқықтану»
№ ___ билет

  1. Азаматтардың құқықтық объектілерінің ұғымы және түрлері.

  2. Азаматтық іс жүргізу құқығының ұғымы, пәні және жүйесі.


билетке тапсырма

Тәңірбергенова жеке меншігіндегі екі бөлмелі пәтерін өзінің жиені Ескеноваға сыйламақшы болады. Ескенова салық инспекторына сыйлау шартының жасалу жағдайында оның қандай салық төлеу керектігін түсіндіріп беруін сұрайды.

Сату сатып алу шарты кезінде салықтың төмен болуын біліп алған Ескенова, Тәңірбергенованы сату сатып алу шартын жасауға үгіттейді. Пәтер Ескенованың атына жазылғанын анықтаған салық инспекторы сыйлау тәртібінде берілетін мүлікке салық төлеуді талап етеді. Ал сату сатып алу шартының жүзеге асырылғаны анықталғанда, ол мәмілені жарамсыз деп тану және түсірілген табыстың бәрін мемлекет пайдасына өткізу үшін құжаттар дайындайды.

Салық инспекторының әрекеті дұрыс па? Ескенованың Тәңірбергеноваға пәтер құнының жартысын төлеуінің маңызы бар ма? Егер Ескенова еш бөлігін төлемесе, бірақ екі жылда оны жасайтын болса, шешім өзгере ме?


Мемлекеттік емтихан

«Азаматтық құқық» және

«Азаматтық іс жүргізу құқығы»

пәнінен

Мамандығы: 0201000 «Құқықтану»
№ ___ билет

  1. Мәмілелердің ұғымы және түрлері.

  2. Азаматтық іс жүргізу құқығының қағидаттары.


билетке тапсырма

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік шет ел компаниясымен жекешендірілген кәсіп орындардың бірінің акциялар пакетін сату шартын жасасады. Шарт тиісті тәртіп бойынша жасалып, тараптардың қолы қойылады және брокермен куәландырылады. Шарттың орындалу барысында шет ел компаниясы өкіліне акцияларға ие болу жөнінде куәлік беріледі, серіктестік өз есеп шотына барлықтиісті сомманы түсіреді. Бір жылдан соң акционерлердің кезекті жиналысына дайындық кезінде, акционерлер тізімінде әлі күнге дейін шет ел компаниясы емес, жауапкершілігі шектеулі серіктестік көрсетілгені анықталады. Серіктестік өкілі өз тарапынан акцияларға билік ету бойынша талап етілетін әрекеттің бәрін орындағанын, ал компанияның тізім ұстаушыға барып өзгертулерді енгізуге тиіс екендігін мәлімдейді. Тізім ұстаушы бір жылдық ескілігі бар құжаттар бойынша, тізімге өзгерістер енгізуден бас тартады.

Акцияларға құқық берілмегендіктен, мәміле жасалмаған болып саналуы тиіс деген оймен, шет ел компаниясы төлеген барлық сомманы қайтаруды талап етеді.

Шет ел компаниясы талаптары заңды болып санала ма?

Мемлекеттік емтихан

«Азаматтық құқық» және

«Азаматтық іс жүргізу құқығы»

пәнінен

Мамандығы: 0201000 «Құқықтану»
№ ___ билет

  1. Мәмілені жарамсыз деп танудың салдары.

  2. Азаматтық құқықтық субъектілерінің ұғымы және түрлері.


билетке тапсырма

Қырманов сотқа өз анасының өлімінен кейін ашылған мұраны қабылдау мерзімін ұзарту жөнінде талап арызын береді. Өз өтінішін ол мұраның ашылғаны туралы тек кәзір, өлімнен кейін бір жарым жылдан соң білгенімен дәйектейді.Істі қарастыру барысында Қырмановтың соңғы жылдар бойы анасымен ешқандай қарым – қатынас жасамағаны, дәлірек айтқанда анасының материалдық көмек сұрағанына қарамастан оған көмек көрсетпегені анықталды. Анасын күтіп бағуға байланысты барлық жұмысты Қырмановтың апасы өз мойнына алады, сондықтан апасына мұрагерлік мүліктің бәрі өтеді.

Қырмановтың талап арызы қанағаттануға жата ма? Мұраны қабылдап алу мерзімдердің қандай түріне жатады?


Мемлекеттік емтихан

«Азаматтық құқық» және

«Азаматтық іс жүргізу құқығы»

пәнінен

Мамандығы: 0201000 «Құқықтану»
№ ___ билет

  1. Өкілдік және сенімхаттың ұғымы және түрлері.

  2. Азаматтық іс жүргізудегі тараптар, прокурор.


билетке тапсырма

Азамат С. Әмбебап дүкенде жүріп онда өзінің бейнесі бар футболкалардың сатылып жатқанын көреді. Бейнесі өзі жақында ательеде түскен фотосуретке дәл сәйкес болады. Азамат С. Сот бойынша өз құқығын қорғауды талап етуге құқығы бар ма деген сұрақпен заң кеңесшісіне барады.

Азамат С. қандай жауап берілуі тиіс.

Мемлекеттік емтихан

«Азаматтық құқық» және

«Азаматтық іс жүргізу құқығы»

пәнінен

Мамандығы: 0201000 «Құқықтану»
№ ___ билет

  1. Мұрагерлік құқық ұғымы және түрлері.

  2. Азаматтық істерді қараудағы ведомстволық бағыныстылық және соттылық.



билетке тапсырма

Алиев пен Бейсенова заңды неке қию орнына некелерін тіркеу туралы арыз береді. Тіркелуге екі күн қалғанда, Алиевтің анасы Бейсеноваға келіп өз ұлына некелесуге рұқсат етпейтінін айтады. Бейсенованың әдепсіз өмір сүгенін және нашақорлықпен айналысқанын құрбысынан біліп алғанын айтады.

Біраз жылдан кейін әлі күнге дейін құрбысының әділетсіз кінәсінің және жеке өмірінің сәтсіздігінің әсерінде жүрген Бейсенова, намысы мен абыройын қорғау және моральдық нұқсан орнын толықтыру жайындағы талап арызын сотқа береді. Жауапкердің қорғаушысы сотта «Адам атына кір келтіретін мәліметтерді куәгерлерсіз бір адамға хабарлау, оларды таратылу деп қарастыруға болмайды, сондықтан да талап арыз қанағаттандырылуы мүмкін емес –деп мәлімдейді». Оның үстіне оқиға болған сәтінен бес жылдан астам уақыт өткен, сондықтан талап қою мерзімінің өтіп кеткен.

Істі шешіңіз.


Мемлекеттік емтихан

«Азаматтық құқық» және

«Азаматтық іс жүргізу құқығы»

пәнінен

Мамандығы: 0201000 «Құқықтану»
№ __ билет

  1. Мұраны алу және қабылдау тәртіптері.

  2. Талаптардың ұғымы, түрлері, элементтері.



билетке тапсырма

Шопанаев «Лада» жеңіл автокөлігін Қамаловтан сатып алады. Мәмілені жасау сәтіндегі тәртіпке сәйкес олар оны комиссиялық дүкен арқылы жасайды. Комиссиялық сыйақының мөлшерін төмендету үшін тараптар көліктің сатылу бағасының жартысын сатып алушы сатушыға дүкеннен тыс қолма қол беретіні туралы келіседі.

Мәміле жасаған соң сатып алушы комиссиялық дүкенге төлеген ақшаның үстіне тағы ақша төлеуден бас тартады. Оған жауап ретінде сатушы автокөлікті тартып алады. Сатып алушы көлікті қайтару жөнінде талап арыз ұсынады.

Талапқа қарсылық келтіре отырып, Қамалов сатып алушыға автокөлік әлі өз атында екендігін, меншік құқығы сатып алушыға әлі өтпегендігін айтады. Мәміленің өзін жасалмаған деп тану қажет, өйткені тараптар баға жөнінде келісімге келмедік.

Істі шешіңіз.

Мемлекеттік емтихан

«Азаматтық құқық» және

«Азаматтық іс жүргізу құқығы»

пәнінен

Мамандығы: 0201000 «Құқықтану»
№ ___ билет

  1. Меншік құқығының ұғымы және түрлері.

  2. Талаптардың түсінігі ұғымы, талап қоюдың тәртібі.


билетке тапсырма

Салынып бітпеген тұрғын үйдің меншік иесі Нышанов, терезелер мен есіктерді қағып тастап, ұзақ уақыт жоқ болады. Аудандық әкімшілік үйді ашуға жарлық береді, үйдің 75% салынып бітпегені жөнінде акт жасалған соң, үй тұрған жер учаскесі Кенесбаевқа құрылыс үшін беріледі. Нышановтың салынып бітпеген үйі Кенесбаевқа құрылыс материалы ретінде тегін беріледі.

Кенесбаев жаз мезгілі ішінде үйді толығымен қалыпқа келтіріп, қайта жобалап, жөндеп алады.

Күзде қайта келген Нышанов үйді кейін ұайтаруды талап етеді.Кенесбаев аудан әкімшілігіне баруды ұсынады, ол жерде Нышановтың талабы оның ұзақ уақыт жоқ болуына байланысты негізсіз деп танылады.

Іс қандай тәртіпте және қалай шешілуі тиіс?


Мемлекеттік емтихан

«Азаматтық құқық» және

«Азаматтық іс жүргізу құқығы»

пәнінен

Мамандығы: 0201000 «Құқықтану»
№ ___ билет

  1. Меншік құқығының туындауы, өзгеруі және тоқтатылу негіздері.

  2. Бұйрық арқылы іс жүргізудің ұғымы және мазмұны.



билетке тапсырма

Республикалық бюджет есебінен қаржыландыратын мемлекеттік мекеме коммерциялық іс әрекет есебінен бірнеше пәтер сатып алады да, өз қызметкерлерінің меншігіне береді. Оны білген соң, мүлікті басұару комитеті қызметкерлер меншігіне пәтерлер беру шартын жарамсыз деп тануды талап етеді, өйткені мекемеге қандай да болмасын жағдайда, қандай да болмасын негізде сатылып алынған жылжымайтын мүлікті өз ұйғарымымен билеуге құқық берілмеген. Мекеме мен комитет келісімге келмегендіктен дау төреші сотқа беріледі.

Пайда болған дауды қалай шешуге болады?

Мемлекеттік емтихан

«Азаматтық құқық» және

«Азаматтық іс жүргізу құқығы»

пәнінен

Мамандығы: 0201000 «Құқықтану»
№ ___ билет

  1. Меншік құқығын қорғау ұғымы және әдістері.

  2. Қадағалау тәртібімен іс жүргізу.


билетке тапсырма

Тұрғын үй қоры бар мемлекеттік кәсіпорын акционерлік қоғам болып қайта құрылады. Үйлері күрдеулі жөндеуді қажет ететіндіктен, ал оны жүргізу үшін аудандық әкімшіліктің де, акционерлік қоғамның да қаржысы болмағандықтан ауданның тұрғын үй пайдалану ұйымы тұрғын үй қорын қабылдаудан бас тартады.

Азаматтарды тұрып жатқан үйлерін жекешендіру құқығынан айырмай, осы үйлер кімге және қандай тәртіпте берілуі мүмкін деген сұрақ туады.

Қажетті кеңес беріңіз.

Мемлекеттік емтихан

«Азаматтық құқық» және

«Азаматтық іс жүргізу құқығы»

пәнінен

Мамандығы: 0201000 «Құқықтану»
№ ___ билет

  1. Меншік құқығының туындау негіздерінің ұғымы.

  2. Аппеляциялық шағымдану, наразылық білдіру ұғымы және тәртібі.


билетке тапсырма

Ерлі – зайыпты Кеңесовтар бірнеше жыл некеде тұрады. Кеңесова бизнеспен айналысады, Кеңесов жұмысынан айырылып, жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алып тұрады. Кеңесова күйеуіне некеде тұру кезеңі кезінде жиған мүліктерін бөлісу тәртібі бекітілген контракт жасауды ұсынады. Кеңесов ондай контракт жасалса да, оның заңды күші болмайды деп айтады. Ерлі – зайыптылар келісімге келе алмаған соң, заң кеңесшісіне барады.

Оларға қандай жауап берілуі тиіс?

Мемлекеттік емтихан

«Азаматтық құқық» және

«Азаматтық іс жүргізу құқығы»

пәнінен

Мамандығы: 0201000 «Құқықтану»
№ ___ билет

  1. Міндеттеменің орындалуын қамтамасыздандыру.

  2. Хаттама түсінігі, жасалу жолдары.



билетке тапсырма

Бақ өсіруші серіктестік мүшелерінің жеке меншігіне жер учаскілерін беру кезінде учаскені ерлі – зайыптылардың ортақ меншігіне беруге бола ма, әлде құқық меншігі туралы куәлік тек серіктестік мүшесі болып табылатын жұбайына берілуі тиіс пе деген сұрақ туады. Сонымен қатар, егер жер учаскесі өзінің көлемі жағынан азаматтардың жеке меншігіне берілетін жер учаскелерінің белгіленген нормаларынан асатын болса, қалай болады.

Қойылған сұрақтарға жауап беріңіз.


Мемлекеттік емтихан

«Азаматтық құқық» және

«Азаматтық іс жүргізу құқығы»

пәнінен

Мамандығы: 0201000 «Құқықтану»
№ __ билет

  1. Міндеттемені бұзғаны үшін жауапкершіліктің ұғымы.

  2. Талап арыздың ұғымы және беру тәртібі.



билетке тапсырма

Некеден ажырасқаннан кейін Алматыда бір пәтерде тұруға мәжбүр болған ерлі – зайыпты Аймановтар араз қарым – қатынаста болады. Екеуінің арасындағы кезекті жанжалдан соң, Айманова бұрынғы күйеуінің жақын туыстарына оның өлімі туралы хабарлап телеграммалар салып жібереді.

Алматыға Маңғыстаудан, Ақтаудан және Оралдан келген туысқандар Аймановтың аман – сау екенін көргенде қорғаушыға барып, Аймановадан авиабилеттерге, қонақ үй мен азықтануға кеткен шығындарын және оларға келтірілген моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге заңды негіздер бар ма деп сұрайды.

Қорғаушы қандай жауап беруі қа жет?

Мемлекеттік емтихан

«Азаматтық құқық» және

«Азаматтық іс жүргізу құқығы»

пәнінен

Мамандығы: 0201000 «Құқықтану»
№ ___ билет

  1. Шарттар туралы жалпы ұғым.

  2. Дәлелдемелердің ұғымы, түрлері.


билетке тапсырма

Біләлов пен Қарсақбаев жаңа үйден екі бөлмелі пәтерлерге ордерлер алады. Тұрғын үй пайдалану ұйымымен шарттар жасасу кезінде, Біләловқа берілген пәтердің бесінші қабатта, оңтүстік жақта орналасқаны, ал Қарсақбаевтың пәтері солтүстік жақтың екінші қабатында екені анықталады. Тұрғын үй пайдалану ұйымы бастығының көзінше Қарсақбаев күнгей жақта тұру үшін, екінші қабаттағы пәтерді қуана беретінін айтады, ал Біләлов сол арада оған келісімін береді. Тұрғын үй пайдалану ұйымы бастығы ондай келісімге қарсылығы жоғын білдіреді.

Жасалған келісім бойынша тұрғын үйді жалға беру туралы шарт жасау орынды ма?

Мемлекеттік емтихан

«Азаматтық құқық» және

«Азаматтық іс жүргізу құқығы»

пәнінен

Мамандығы: 0201000 «Құқықтану»
№ ___ билет

  1. Сатып алу, сату шарты: ұғымы, мазмұны, түрлері.

  2. Сот талқылауын жүргізу тәртібі.


билетке тапсырма

Цемент зауыты тауар жеткізілімі шарты бойынша осы жылдың екінші тоқсанында құрылыс трестінің атына 100 вагон цемент жіберуі тиіс еді. Іс жүзінде 80 вагон жүктеп жіберген. Құрылыс тресті өнімнің жеткіліксіз жібергені үшін зауытқа айыппұл төлетіп, жеткізілмеген жүктің шығынын толықтыруды талап етеді. Зауыт жіберген қатесі үшін айып төлегенін негізге ала отырып, трест талабынан бас тартады.

Зауыттың талаптан бас тартуға негізі бар ма?


Мемлекеттік емтихан

«Азаматтық құқық» және

«Азаматтық іс жүргізу құқығы»

пәнінен

Мамандығы: 0201000 «Құқықтану»
№ ___ билет

  1. Банктік қызмет көрсету шартының ұғымы және түрлері.

  2. Сот шығындары. Сот құрамы, қарсылық білдіру.


билетке тапсырма

Зауыт жұмысшысы Бертаев, сот шешімі бойынша, жабдықтарды пайдалану ережесін бұзу салдарынан зауытқа келтірген зиянын өтеп жатқан болатын. Жазатайым оқиға нәтижесінде ол жарақаттанып, еңбек қабілеттілігінен мүлдем айырылады. Бертаевқа тиесілі өтелу соммасын есептеу кезінде атқару парағы бойынша төлемдерді және жазатайым оқиғаға байланысты оған зауыттан тиесілі сомманы қоса есептеу мүмкіндігі қарастырылады. Зауыт әкімшілігі заңгерге кеңес сұрап барады.

Қандай түсініктеме беру қажет?

Мемлекеттік емтихан

«Азаматтық құқық» және

«Азаматтық іс жүргізу құқығы»

пәнінен

Мамандығы: 0201000 «Құқықтану»
№ ___ билет

  1. Рента шартының ұғымы және салдары.

  2. Бірінші сатыдағы сот қаулыларының ұғымы, түрлері.


билетке тапсырма

Несие шарты бойынша, қарыз алушы адам әрбір кешіккен күні үшін өз уақытында өтелмеген қаржының 20%–ын төлеуге міндетті. Қарыздың 70%-ын өтеп, қарыз алушы қалған сомманы қайтаруды үш айға кешіктіреді, соған байланысты несие беруші қарыздарға шартта қарастырылған айыпты төлеу жөнінде талап қояды.

Қарыз алушы, талап арызда көрсетілгенжайттарға қарсы болмай, соттан оны айып төлеуден босатуды сұрайды, өйткені айып мөлшері қалған қарыз соммасынан он бес еседей артық, қарыздың негізгі бөлігі өз уақытында өтелген, кәзіргі уақытта ол жұмысынан айырылып, материалдық тапшылық етуде.

Сот қандай шешім қабылдауға құқылы?

Мемлекеттік емтихан

«Азаматтық құқық» және

«Азаматтық іс жүргізу құқығы»

пәнінен

Мамандығы: 0201000 «Құқықтану»
№ ___ билет

  1. Зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер ұғымы.

  2. Меншікті жалдау шартының ұғымы, түрлері.

билетке тапсырма

Жалгердің кінәсінен болған өрт салдарынан қоймаға зиян келеді. Жалға беруші келесі зияндарды өтеу үшін талап арыз береді:

а) қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетін уақыт бойына жалдық ақы төлеу;

ә) өрт салдарынан қойма бағасының төмендеу соммасы;

б) құрылыс ұйымы жасаған сметаға сәйкес қайта қалпына келтіруге кеткен шығынды өтеу;

в) жалгер шарт бойынша жалға берушінің пайдасына қойма орнын сақтандыру міндетін орындағанда, жалға берушінің алатын сақтандыру соммасы.

Қандай шығындар өтелуі қажет?

Мемлекеттік емтихан

«Азаматтық құқық» және

«Азаматтық іс жүргізу құқығы»

пәнінен

Мамандығы: 0201000 «Құқықтану»
№ ___ билет

  1. Мүліктік жалдау шартының ұғымы, түрлері.

  2. Сот талқылауына істі дайындау ұғымы, мерзімі, тәртібі.

билетке тапсырма

«МИРАС» сауда фирмасы осы жылдың ақпан айында жасалған сауда – саттық шартын орындау мақсатында Фуатоваға тұрмыстық электр құралын береді. Құралдың кепілдік мерзімі алты ай. Сол жылдың қараша айында Фуатова сауда – саттық шартын бұзу, шығындарды төлету және моральдық зиянның орнын толықтыру жөніндегі талап арызбен сотқа барады, ол сатылған құралдың сапасыз жұмысына сілтеу жасайды. Фирма талапқа қарсы болады және талаптан бас тарту негіздері ішінде сату – сатып алу шартының аяқталғанын, соған байланысты арызданушының сауда – саттық шартын бұзу жөніндегі талабы негізсіз екенін айтады.

Тараптар дәйектеріне талдау жасаңыз.

Мемлекеттік емтихан

«Азаматтық құқық» және

«Азаматтық іс жүргізу құқығы»

пәнінен

Мамандығы: 0201000 «Құқықтану»
№ ___ билет

  1. Факторинг шартының ұғымы және жасалуы.

  2. Жаңа ашылған мән – жайлар бойынша істі қайта қарау негіздері.



билетке тапсырма

Азамат Ахметов А. «ВАЗ 2110» автокөлігін жүргізу үшін туысы Осиповқа сенімхат берген, алайда сенімхатқа берілген мерзімді көрсеткен жоқ.

Біраз уақыт өткен соң Осипов жол ережесін бұзған. Жол полиция қызметкерлері одан автокөліктің құжаттарын сұраған уақытта тех паспорт және сақтандыру полюсі жарамсыз деп танылған. Осы заңсыз әрекеттер үшін жол полиция қызметкері Осиповты және Ахметовты әкімшілік жауапкершілікке тартқан.

Жол полиция қызметкерінің іс әрекеті дұрыс па? Нақты жауап беріңіз.

Мемлекеттік емтихан

«Азаматтық құқық» және

«Азаматтық іс жүргізу құқығы»

пәнінен

Мамандығы: 0201000 «Құқықтану»
№ ___ билет

  1. Тасымалдау шартының ұғымы мен түрлері.

  2. Соттағы өкілдік және іс жүргізу мерзімдері.


билетке тапсырма

«Альфа» ШШС және «БОСС» ШШС өз ара құны 55 мың тұратын 40 тоңазытқышты сатып алу сату шартын жасаған. Тасымалдау шарты бойынша көлік ұжымы «Альфа» ШШС тасымалдау шартын жасайды.

Сұрақтар:

Міндеттеменің туындау негіздері қандай?

Аталмыш жағдайда азаматтық құқықтың қандай объектілері қарастырылған?

Міндеттемелердің тоқтатылу негіздерін атаңыз.


Мемлекеттік емтихан

«Азаматтық құқық» және

«Азаматтық іс жүргізу құқығы»

пәнінен

Мамандығы: 0201000 «Құқықтану»
№ ___ билет

  1. Тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің жеткіліксіздігі салдарынан келтірілген зиянды өтеу.

  2. Сырттай шешімді шығару ұғымы және тәртібі.


билетке тапсырма

«Каспий банк» ай сайын 1,5% есебінен өсім алу үшін Абишевпен салым ақша ретінде он бес мың теңгені алты айға салу үшін шарт жасасты. Салым ақша 2019 жылдың 1-ші ақпанында салынды. Егер Абишевтің қалауы бойынша шарт мерзімінен бұрын тоқтатылса банк ақшаны пайдаланғаны үшін өсім пайызын төлемейді. Шарт мерзімі бойынша ішінара алу және салым ақшаға қосып ақша салу жүргізілмейді.

Тараптарды атаңыз, міндеттеріне заңды тұрғыдан түсінік беріңіз.

Мемлекеттік емтихан

«Азаматтық құқық» және

«Азаматтық іс жүргізу құқығы»

пәнінен

Мамандығы: 0201000 «Құқықтану»
№ ___ билет

  1. Негізсіз баю салдарынан туындайтын міндеттемелер.

  2. Азаматтық сот ісін жүргізу сатылары.



билетке тапсырма

Кәсіпкер Асанов қоймадан сатып алынған қантты есептеу кезінде қолма қол ақшаларды беруге қиналды, сондықтан ол қант сатушы Хасеновке одан ұсынушыға арналған үш жинақтаушы сертификатын алуды ұсынды. Сатушы оған келісті, оған бұл мәміле тиімді болды. Бірақ сертификаттар бойынша төлеу мерзімі бір айдан кейін ғана келеді, ал Хасенов ақшаны келесі күні алғысы келді.

Сұрақтар:

Асановтың Хасеновке ұсынбалы жинақтаушы сертификаттарын беруі заңды ма?

Сертификат бойынша салымды мерзіміне дейін алуға бола ма?

Мемлекеттік емтихан

«Азаматтық құқық» және

«Азаматтық іс жүргізу құқығы»

пәнінен

Мамандығы: 0201000 «Құқықтану»
№ ___ билет

  1. Авторлық құқық және сабақтас құқықтар.

  2. Талап қою бойынша іс жүргізу ұғымы.



билетке тапсырма

«АТФ» коммерциялық банкінде шоты бар Айтжанова аяқ астынан қайтыс болды. Оның тікелей мұрагерлері күйеуі мен қызы банкке барып, Айтжанованың жинақтаушы кітапшасын, оның қайтыс болу туралы куәлігін және оның туысқан екендігі туралы басқа да құжаттарын ұсынып, оның шотындағы ақшаны беруді талап етеді. Бұл талаптан банк бас тартады, банкте тікелей жасалған мұрагерлік өкімде басқа тұлға мұрагер болып көрсетілген, тіпті банк оның есімін айтудан бас тартты.

СҰРАҚТАР:

Қайтыс болған Айтжанованың тікелей мұрагерлеріне ақшаны беруден «АТФ» коммерциялық банкінің бас тартуы заңды ма?

Айтжанованың күйеуі мен қызы банктен кімнің пайдасына мұрагерлік жасалғанын білуге құқығы бар ма?

Мемлекеттік емтихан

«Азаматтық құқық» және

«Азаматтық іс жүргізу құқығы»

пәнінен

Мамандығы: 0201000 «Құқықтану»
№ ___ билет

  1. Азаматтық құқығының жүйесі, қайнар көздері және қағидаттары.

  2. Отбасы құқығының ұғымы, пәні, қайнар көздері.



билетке тапсырма

Он жеті жасар Қараев орта мектепті бітірген соң жауапкершілігі шектеулі серіктестікке жұмысқа тұрады. Бірнеше айдан соң серіктестік бастығына Қараевтың әкесі келеді де баласының еңбек ақысын өте қымбат заттарды сатып алуға, ресторандарға барып қыдыруға және т.с.с. нәрселерге жұмсайтынын айтады. Ал олардың жанұясында одан басқа кәмелетке жасы толмаған екі бала бар болғандықтан, жанұясы ақша жағынан үнемі тапшылық көретіндігін айтқан. Оның үстіне анасы мүгедек сондықтан жұмыссыз отыр. Бастық жанұяның тапшылығын түсінеді де әкесінің қолына баласының еңбек ақысын береді.

Серіктестік бастығының істеген әрекеті дұрыс па?

Мемлекеттік емтихан

«Азаматтық құқық» және

«Азаматтық іс жүргізу құқығы»

пәнінен

Мамандығы: 0201000 «Құқықтану»
№ ___ билет

  1. Қорғаншылық, қамқоршылық ұғымы және белгілеудің құқықтық тәртібі.

  2. Соттағы істі қарауды кейінге қалдыру.


билетке тапсырма

Салимов қонақ үйде тұрып жатқан кезінде ұрланған пальтосы, костюмі мен электр ұстарасының құнын төлеуді талап етіп қонақ үйіне талап арыз береді. Салимовтың жалпы номерде жатқанына және қонақ үй әкімшілігінің жарлығына сәйкес қонақ үйде тәулік бойы істейтін сақтау камерасына өз заттарын өткізуі тиістігіне сілтеме жасап, қонақ үй талап арызға қарсылық білдіреді. Аталған жарлықта сақтау камерасына өткізілмеген заттардың қонақ үй бөлмелерінен жоғалып кетуіне қонақ үй жауап бермейді деп көрсетілген. Бұл жарлық қонақ үйдің көзге түсетін жеріне ілінген, Салимовтың қонақ үйде орнатылған ережелер жайында білмеуі мүмкін емес. Салимовтың қорғаушысы қонақ үй әкімшілігінің жарлығы нормативтік акт болып табылмайтындығына және ҚРАК 789 бабына қайшы келетініне сот назарын аударады, айтылған бабқа сәйкес, қонақ үй сақтаушы ретінде онда тұрып жатқан адаммен арнайы келіспей жатып ақ қонақ үйге кіргізілген заттардың жоғалуына, жетіспеуіне немесе зақымдануына жауап береді. Қонақ үй өкілі болса, арнайы сақтауға өткізілмеген заттар жоғалса оған қонақ үй жауапты емес делінген қала әкімі бекіткен қала қонақ үйлерінде тұру ережелерінің бабына сүйенеді.

Сот қандай шешім шығаруы тиіс.


написать администратору сайта