Главная страница
Навигация по странице:

  • Білім беру ұйымының атауы

  • Педагогтің аты-жөні: Мұхтарова Әсел Маратқызы К үні

  • Сабақтың тақырыбы: Электр тогы, электр тогы көздері

  • Сабақтың мақсаты Барлық оқушылар істей алады

  • Көптеген оқуышылар істей алады

  • Сабақтың барысы Сабақтың кезеңі//уақыты Педагогтің әрекеті

  • Ұйымдастыру

  • Миға шабуыл .

  • Топтық бірлескен жұмыс.

  • Зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы болу керек;

  • Өрісті туғызатын ток көздері керек;

  • Электр тогының әрекеттері: 1. жылулық әрекеті2. химиялық әрекеті3. магниттік әрекеті4. физиологиялық әрекеттеріТоктың жылулық әрекеті.

  • Токтың химиялық әрекеті.

  • Токтың магниттік әрекеті.

  • Ток көзінің шартты белгісі

  • «АВС» әдісі Жеке жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар: І деңгей

  • Бағалау критерийлері

  • 3 т. Электр тогы, ток көздері. Электр тогыны анытамасын, ток кздері туралы біледі, токты жру шарттарын біледі


    Скачать 38.96 Kb.
    НазваниеЭлектр тогыны анытамасын, ток кздері туралы біледі, токты жру шарттарын біледі
    Дата24.02.2023
    Размер38.96 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла3 т. Электр тогы, ток көздері.docx
    ТипДокументы
    #952480

    Қысқа мерзімді жоспар

    Сабақтың тақырыбы: Электр тогы, электр тогы көздері

    Білім беру ұйымының атауы

    №15 Сүлеймен Карабалин атындағы жалпы орта білім беретін мектеп

    Пәні:

    Физика

    Бөлім:

    8.3 А Тұрақты электр тогы

    Педагогтің аты-жөні:

    Мұхтарова Әсел Маратқызы

    Күні:

    9.01.2023 ж

    Сынып: 8 «А, Б»

    Қатысушылар саны:

    Қатыспағандар саны:

    Сабақтың тақырыбы:

    Электр тогы, электр тогы көздері

    Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

    8.4.2.1 – электр тогы ұғымын және электр тогының пайда болу шарттарын түсіндіру

    Сабақтың мақсаты

    Барлық оқушылар істей алады: Электр тогының анықтамасын , ток көздері туралы біледі, токтың жүру шарттарын біледі .

    Көптеген оқуышылар істей алады: Электр тогының әрекетін түсінеді, ажыратады, электр қозғаушы күш шамасының физикалық шамасын түсінеді

    Кейбір оқушылар істей алады: Электр тогын түсіндіре алады, деректерді жинап, талдап, іріктей алады. Өз болжамдары мен қорытындыларын жасай алады.

    Сабақтың барысы

    Сабақтың кезеңі//уақыты

    Педагогтің әрекеті

    Оқушының әрекеті

    Бағалау

    Ресурстар

    Ұйымдастыру

    Өзін-өзі тексеру


    Өткен білімді еске түсіру
    Сабақтың басы

    10 минут

    Жаңа білім

    10 минут

    Бекіту


    15 минут

    Сабақтың соңы.

    Кері байланыс

    10мин


    Бағалау

    Үй тапсырмасы


    Ұйымдастыру

    Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Топқа бөлу.

    Үй тапсырмасы Электр құбылыстары тарауы бойынша білімін

    Сұрақ –жауап әдісі бойынша аламын

    1.Электр өрісі деген не? Қасиеттері

    2.Кулон заңын тұжырымдаңдар

    3.Потенциал, электр өрісі жұмысының формулалары

    4.Конденсаторлар деген не?

    Үй тапсырмасын тексеру./ауызша/

    Электр сөзі қай тілден алынды?

    Электрон заряды қандай?

    Атомның құрылысын зерттеген ғалым?

    Зарядтардың неше тегі болады?

    Электриктер деп нені айтады?

    Электр тогын өткізетіндерге мысалдар келтір?

    Қандай зарядтар бір-бірінен тебіледі?

    Миға шабуыл . Бейнематериалдар арқылы .Электрондық оқулықтан

    «Электр тогы» тақырыбындағы бейнематериал көрсету.

    Мағынаны тану-топтық жұмыс Топтық бірлескен жұмыс. Кіші жоба қорғау.

    І топ. Электр тогы деген не? Электр тогының пайда болу шарттары

    ІІ топ. Электр тогының әрекеті

    ІІІ топ. Ток көздерінің түрлері. Электр қозғаушы күш деген не?

    Оқулықпен жұмыс.Топтар тақырыпты оқып қорғайды

    Өткізгіште электр тогы пайда болуы үшін және ұзақ сақталу үшін мына шарттар қажет:

    Зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы болу керек; (интерактивті тақтадан медиаобъект тамашалау)

    Қозғалысты туғызатын электр өрісі болу керек; (электр өрісі кез-келген зарядталған денелердің айналасында болады, оны көру немесе ұстау мүмкін емес; электр өрісінің бар не жоқ екендігін тек оның әсері арқылы білуге болады)

    Өрісті туғызатын ток көздері керек;

    — Ток көздеріне гальвани элементін, аккумуляторлар, генераторлар, Күн батареясын айтуға болады.
    ♦ Гальвани элементінде (эл.батареясы), аккумуляторда – химиялық реакция әсерінен зарядттар бөлінеді. Реакцияда бөлінетін ішкі энегрия электр энергиясына түрленеді. Бұл итальяндық анатом және физиолог Луиджи Гальванидің құрметіне арналған.
    ♦ генераторларда (СЭС, ЖЭС, жел, күн электр станциялары)
    магнит өрісінде өткізгішті айналдырғанда электр тогы пайда болады. Бұл жерде өткізгішіті айналдыру үшін, судың, будың, желдің механикалық энергиялары қолданылады.
    ♦ күн батареясында жылу әсерінен жартылай өткізгіш ішінде зарядтар оң және теріс полюстерге жіктеліп ток көзі пайда болады, яғни жарық, жылу энергиялары электр энергиясына түрленеді. Бұл күн энергиясын жұтатын пластинка (көрсету) Металл жылуды қабылдайды.(арнайы репортаж)

    Электр тогын өндіру

    СЭС-40 ٪ Генераторларда магнит өрісінде өткізгішті айналдырғанда электр тогы пайда болады. Бұл жерде өткізгішті айналдыру үшін судың механикалық энергиялары қолданылады.

    ЖЭС-40 ٪ Жылумен қаланы қамтамасыз етеді. Трубиналарда будың энергиясын электр энергиясына айналдырады.

    Жел, күн-5 ٪ Жер мен ғарыштың ортасында бағаналар жоқ. Сондықтан ғарышкерлер күн энергиясымен қоректендірілген батареяларды қолданады.

    АЭС-15 ٪Атом бомбасын бейбіт мақсатта реактордың ішінде жарады. 1г атом 1600т көмір жанған кезде бөлінетін жылуды береді, өте үнемді.

    Өткізгіште токтың бар-жоғын оның әрекетінен байқауға болады.
    Электр тогының әрекеттері:

    1. жылулық әрекеті

    2. химиялық әрекеті

    3. магниттік әрекеті

    4. физиологиялық әрекеттері

    Токтың жылулық әрекеті. Өткізгіш бойымен ток өтсе, онда ол қызады. Бұл тұрмыстық техникада (электр шамында, үтікте, электрплиткада, қайнатқыштарда, электр лампасы, шашкептіргіштерде) кеңінен қолданылады. (оқушыларға көрсету)
    Токтың химиялық әрекеті. Химиялық ерітіндіге батырылған өткізгіш арқылы ток өткенде ерітінді құрамындағы заттар бөлінеді. Осы тәсілмен таза мыс алуға, металл бетін күміспен қаптауға болады. (сыртына күміс шеңбер, гүл салынған стақанды көрсету, бейнеролик тамашалау)
    Токтың магниттік әрекеті. Өткізгіштен ток өткенде оның айналасында магниттік қасиет пайда болады. Темір заттарын магнит сияқты тартады. (бейнеролик тамашалау)
    Токтың физиологиялық әрекеті. Жануарлар денесінен ток өтсе, онда бұлшықеттер жиырылады. Итальяндық анатом және физиолог Луиджи Гальвани атмосферадағы электр тогының бақа еттеріне әсерін зерттеген.

    1786 жылы Гальвани бақаның табанын кесе салысымен, оны металмен жалғап, бұлшық еттерінің жиырылуын байқады. Гальванидің бұл жаңалығы түрлі салада айналысатын физик, химик, философ, дәрігер ғалымдардың қызығушылығын тудырды. (Вольта бағанасын айтып кету)

    Үлкен токтардың адам денесіне әсері қатты, сондықтан токпен жұмыс істегенде абай болу керек.

    Сонымен ток көзін жасау үшін зарядтарды бөлгенде электрлік емес күштерді қолданады. Бұл күштерді бөгде күштер деп атайды. Бөгде күштердің әрекетін сипаттау үшін ε(эпсилон) әрпімен белгіленетін электр қозғаушы күші (ЭҚК) ұғымын енгіземіз. Ол ток көзінің энергетикалық сипаттамасы болып табылады.
    ХБЖ-де ЭҚК-нің бірлігі 1 Вольт (В) болып табылады.

    Ток көзінің шартты белгісі

    Гальвани элементі мен аккумулятордың оң полюсі –ұзын сызықпен, теріс полюсі – қысқа сызықпен кескінделеді.
    Генераторлардың полюстеріне «+», «-» таңбалары қойылады.
    «АВС» әдісі

    Жеке жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар:

    І деңгей

    1.Егер бөгде күштер 10 Кл электр мөлшерін ток көзінің бір полюсінен екінші полюсіне ауыстырғанда 30 Дж жұмыс жасаса, онда ток көзінің ЭҚК-і қандай болады ?

    2.Аккумулятор мен гальвани элементінің негізгі айырмашылығы неде ?

    ІІ деңгей
    1.Егер мыс сымдарын көкөніске (картоп, пияз, сәбіз) немесе жеміске сұғып қойса, одан гальвани элементін алуға бола ма?

    2.Заряд бір нүктеден екінші нүктеге дейін орын ауыстырған кезде потенциалдар айырмасы 1 кВ өрісте 400 мкДж жұмыс атқарды. Заряд неге тең ?

    ІІІ деңгей

    1.20 нКл потенциалы 700 В нүктеден потенциалы 200 В нүктеге орын ауыстырғанда өріс қандай жұмыс істеді ?

    2.Мыс өткізгіштің екі ұшын бірдей күкірт қышқылының судағы ерітіндісіне батырса, онда электр тогы жүре ме? Неге себебін түсіңдіріз?

    Рефлексия. Маған не қиын болды, не қиын болмады. Оқушылар бүгінгі сабақ туралы өз пікірлерін стикерге жазып, кестеге іледі.
    Дескрипторларға сүйене отырып оқушылар өз білімдерін жұптасып бағалау критерий арқылы бағалау


    Зерттеу жұмысы. Электр тогы эссе жазу. Электр тогының пайдасы мен зияны

    Сұрақтарға жауап беру арқылы қызығушы

    лығы

    оянады, білімін көрсетеді.
    Оқушылар байқалған құбылысқа байланысты ой-пікірлерін білдіреді. Сабақтың тақырыбын ашады.
    Оқушылар жұмысты құрылымдауға үйренеді.


    Жаңа тақырып бойынша бойындағы білімдерін пысықтайды.

    Оқушылар деңгейлік тапсырманы орындайды

    Бағалау критерийлері
    - Электр тогын біледі

    - Электр тогының әсерін түсінеді

    - Электр тогын өмірмен байланыстырады, есептер шығарғанда қолдана алады
    Дескриптор:

    -Электр зарядын, өлшем бірлігін түрлерін біледі.

    -Қулон заңын тұжырымдайды.

    -Электр өрісінің кернеулігін,кернеуін, потенциалын,сыйымдылығын ажыратады және сипаттайды.

    Дескриптор:

    -Электр тогы ұғымын және пайда болу шарттарын біледі.

    -Электр тогының әсерін түсінеді.

    -Ток көздерінің түрлерін біледі, ажыратады.

    Жалпы балл-3


    Дескриптор:

    -Есеп шартын жазады.

    -ХБЖ-не айналдырады.

    -Формуланы көрсетеді, мәнін дұрыс есептейді

    Жалпы балл-4

    Сабақтағы тапсырмалардың жалпы бағалау критерий-10 баллдық жүйемен бағаланады.





    Дк экран

    Слайд

    Сұрақтар

    Бейнематериал

    Оқулық

    Дәптер

    Плакат



    написать администратору сайта