Эндокриңді бездер. Эндокриді бездер Уикипедия ашы энциклопедиясынан алынан млімет Эндокринді бездер
Скачать 43.34 Kb.
|
Эндокриңді бездер Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет Эндокринді бездер немесе Ішкі секреция бездері(glandula endocrinae, лат. glandula без, грек, endon — ішкі, krino — бөлу) — инкреттерін (гормондар) организмнің сұйық ішкі ортасына (қан, лимфа, ұлпа сұйығы) бөлетін бездер. Бұл бездер тек секрет бөлетін соңғы бөлімдерден тұрады, шығару өзектері болмайды және қан тамырларына өте бай келеді. Эндокринді бездер (ішкі секреция бездері): орталық және шеткі эндокринді бездер болып екіге бөлінеді. Орталық эндокринді бездерге: гипоталамус, гипофиз және элифиз, ал шеткі эндокринді бездерге: қалқанша, қалқанша маңы, бүйрекүсті бездері жатады. Бұлардан басқа организмде қосарлана қызмет атқаратын аралас бездер де болады. Оларға: жынысбездері, ұйқы безі, плацента және тимус (айырша без) жатады. Эндокринді бездер гормондары организмнің сұйық ішкі ортасы арқылы дене мүшелерінің дамуы мен қызметін, олардағы зат алмасу деңгейін гуморальды реттеуге қатысады.[1] Ішкі секреция бездерінен бөлінетін гормондар және олардың адам ағзасына әсері[өңдеу]
Эндокриндік жүйеУикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет Эндокриндік жүйе — ағзаның гуморальды реттелуінде маңызды рөл атқарады. Бұл жерде гуморальды реттелу дегеніміз — қанның құрамындағы гормондар және минералдық заттардың әсерлері арқылы организм қызметінің реттелуі. Ол ағзаның ішкі ортасына арнаулы биологиялық белсенді заттарды бөліп шығарады. Ішкі секреция бездері шығарған заттар гормон деп аталады. Бездер бөлген гормондар қанның ағысымен ішкі мүшелерге және мүшелер жүйелеріне келіп, олардың жұмысына әсер етеді. Организмде бездерді үш топқа бөледі: Сыртқы секреция бездері (бауыр, сілекей, ұйқы және ішек бездері); Ішкі секреция бездері (гипофиз, эпифиз, қалқанша без, қалқанша маңы бездері, тимус, бүйрек үсті бездері); Аралас секреция бездері (жыныс бездері, ұйқы безі). Мазмұны[жасыру] 1Эндокриндік жүйенің қызметі 2Гормондар 3Ішкі секреция бездері 3.1Гипоталамус-гипофиздік жүйе 3.2Қалқанша без 3.3Қалқанша маңы бездері 4Дереккөздер Эндокриндік жүйенің қызметі[өңдеу]Ағзаның гуморальды реттелуіне қатысады және барлық мүшелер мен жүйелердің қызметін бақылайды. Ішкі тұрақтылықты, яғни, гомеостазды қамтамасыз етеді. Жүйке және иммундық жүйелермен қосыла отырып: өсуді; ағзаның дамуын; жыныстық жетілуін және репродуктивті қызметін; энергияны сақтауды бақылап қамтамасыз етеді. Жүйке жүйесімен бірігіп гормондар: эмоционалды реакциялардың; адамның психикалық мансабынның қамтамасыз етілуіне қатысады. Гормондар — ішкі секреция безінің қанға бөліп шығаратын және дененің түрлі әрекетін реттейтін биологиялық заттар. Әр гормон белгілі бір мүшеге әсер етеді. Гормондардың барлығы бір-бірімен тығыз байланыста жұмыс істейді. Гормондар химиялық құрамына қарай аминдер, нәруыздар, стероидтар және май қышқылдары болып келеді. Гормондардың қасиеті: Гормондар дистантты түрде әсер етеді; Арнайы әсер; Био-физиологиялық белсенділік; Әр түрге арнайшылық; Тек тірі жасушаларға әсер ету. Ішкі секреция бездері[өңдеу]Толық мақаласы:Ішкі секреция бездері Эндокринді бездер (эндокринные железы); (glandula endocrinae, лат. glandula без, грек, endon — ішкі, krino — бөлу) — инкреттерін (гормондар) организмнің сұйық ішкі ортасына (қан, лимфа, ұлпа сұйығы) бөлетін бездер. Бұл бездер тек секрет бөлетін соңғы бөлімдерден тұрады, шығару өзектері болмайды және қан тамырларына өте бай келеді. Эндокринді бездер (ішкі секреция бездері): орталық және шеткі эндокринді бездер болып екіге бөлінеді. Орталық эндокринді бездерге: гипоталамус, гипофиз және элифиз, ал шеткі эндокринді бездерге: қалқанша, қалқанша маңы, бүйрекүсті бездері жатады. Бұлардан басқа организмде қосарлана қызмет атқаратын аралас бездер де болады. Оларға: жынысбездері, ұйқы безі, плацента және тимус (айырша без) жатады. Эндокринді бездер гормондары организмнің сұйық ішкі ортасы арқылы дене мүшелерінің дамуы мен қызметін, олардағы зат алмасу деңгейін гуморальды реттеуге қатысады.[1] Гипоталамус-гипофиздік жүйеТолық мақалалары:ГипоталамусжәнеГипофиз Гипоталамус — аралық мида орналасқан ішкі секреция бездерінің қызметін реттейтін орталық. Әдеби тұрғыда айтатын болсақ: гипоталамус ішкі секреция бездерінің «композиторы». Гипоталамус пен гипофиз тығыз байланыста жұмыс істеп, Гипоталамус-гипофиздік жүйені құрайды. Гипоталамус гипофиз безін реттейді, ал гипофиз ағзадағы барлық басқа бездердің жұмысын реттейді. Олар нейрогормондар бөліп рефлекстік және гуморальдік реттеуді жүзеге асырады. Гипоталамус гипофизге әсер ететін статин (гипофиздың гормон түзуін тежейді) және либерин (гипофиздің гормон бөлу белсенділігін арттырады) гормондарын бөледі. Окситоцин және вазопрессин гормондары гипофиздың артқы бөлігінде жиналады. Гипофиз және Эпифиз Гипофиз — аралық мида орналасқан ішкі секреция бездерінің ең негізгі жетекші орталығы. Әдеби тұрғыда бұл гормон ішкі секреция бездерінің «дирижері» болып саналады. Гипофиз - сопақша пішінді, салмағы 0,5-0,7 г. Гипофиз гормондарының барлығы химиялық құрамы бойынша пептидті (нәруызды). Гипофиз үш бөліктен тұрады: алдыңғы, артқы, ортаңғы Қалқанша безТолық мақаласы:Қалқанша без Қалқанша без — мойынның алдыңғы жағына орналасқан. Оның салмағы-15-30 г. Ол өзара байланысты екі бөліктен тұрады. Қалқанша без қанның құрамындағы йодты сіңіріп, жинақтайды. Йод бұл без гормондарының құрамына енеді. Қалқанша бездің тироксин (тетрайодтиронин, Т4) деп аталады. Сонымен қатар кальцитонин және трийодтиронин (Т3). Тироксин дененің өсу және даму, зат алмасу (нәруыз, май) әрекеттері мен жүйке жүйесінің қозуына әсерін тигізеді. Қалқанша без зат алмасуға, адамның өсуіне, дене салмағына, қимылына және ой еңбектерінің дамуына әсер етеді. Қалқанша маңы бездеріТолық мақаласы:Қалқанша маңы безі Қалқанша маңы бездері — қалқанша бездің жоғарғы және төменгі жағына жанаса орналасқан. Без паратгормон бөледі. Паратгормон - күрделі құрылысты зат. Ол денедегі кальций мен фосфаттардың алмасуын, тағамның ішектен қанға тез сіңірілуін, зәрмен бірге шығарылуын реттейді. Кальция алмасудың реттелуі паратгормонның және D дәруменінің қатысуымен болады. D дәрумені жетіспегенде сүйектің құрамында кальций азайып, оның қаттылық, мықтылық қасиеті төмендейді. Эндокриндік бездер Адам денесінде бездердің екі түрі бар: 1.Экзокриндік немесе сыртқы сөл бездері өзектері аркылы сөлін сыртқа, қуыс мүшелерге шығарады (ас қорыту, тер, май бездері). 2.Эндокриндік бездердің өзектері жоқ, сөлін тікелей қанға бөледі. Сөлі гормон деп аталады. Гормон – биологиялық белсенді зат. Гормон денедегі жүйелер мен мүшелердің қызметін қан арқылы (гуморальдық жолмен) реттейді, дененің өсуіне, дамуына, ой-сананың дамуына, қалыптасуына, зат алмасуына әсер етеді. Эндокриндік бездер: бас мида – гипофиз, эпифиз, гипоталамус ядролары; мойында – қалқанша, қалқанша жанындағы бездер; кеуде қуысында – айырша без; іш қуысында – ұйқы, бүйрек үсті бездері; жамбас астауында – жыныс бездері. Дененің өсіп-дамуы, мүшелердің қызметі қалыпты жағдайда сақталу үшін қандағы гормондар қалыпты деңгейде болуы керек. Белгілі бір гормонның қандағы мөлшері көбейсе, оны бөлетін без қызметі күшейді (гиперфункция), ал азайса, қызметі төменді (гипофункция) деген сөз. Екі жағдайда да эндокриндік ауру дамиды. ҚАЛҚАНША БЕЗ мойынның алдыңғы жағында орналасқан, ересек адамда 50-60 грамм шамасында. Оң және сол бөлігі, оны қосып тұратын мойны бар. Денедегі йодтың 20%-ы қалқанша безде жиналады. Сондықтан қалқанша безді «йод жинақтаушы» деп атайды. Без іші сұйыктыққа толған қуыстардан (көпіршіктер, фолликулалар) тұрады. Сұйықтықта тироксин, үшйодтиронин гормондары бар. Гормондар зат алмасуына, әсіресе май алмасуына, жүректің қызметіне, жүйке жүйесінің қозғыштығына әсер етеді. Эндокриндік аурулардың ішінде қалқанша бездің аурулары, әсіресе жайылмалы улы түрі жиі кездеседі. Бұл ауруда бездің көлемі үлкейеді, мойынның алдыңғы жағынан томпайып көзге көрініп тұрады. Бездің гормоны қанға көп бөлінеді. Аурудың негізі белгілері: адам қатты жүдейді, бірақ тамаққа тоймай көп жейді, тершең, жүрегі жиі соғады, тез ашуланып, тез жылайды, қалтырап-дірілдейді. Ойлау қабілеті жеделдейді, бірақ ойын тұжырымдай алмайды. Жайылмалы улы қалқанша без ауруының көзге көрініп тұратын ерекше белгісі – бадырақ көздік. Яғни ауру адамның көзі шарасынан шығып үлкейеді. Қалқанша безінің қызметі әлсірегенде қанға гормонның аз бөлінуінен зат алмасуының барлык түрі төмендейді, адамның сана-сезімі бұзылады, шашы түседі, тамаққа тәбеті болмай микседема деп аталатын эндокриндік ауру дамиды. Ананың құрсағындағы шарананың қалқанша безі зақымданғанда бала туа біткен микседема ауруымен туылады. Баланың бойы өспейді, ақыл-есі дамымайды. Ересек адамда эндомиялық микседема таулы, теңізден алыс мекенде өмір сүретін адамдарда кездеседі. Аурудың негізгі себебі йод жетіспеуінен. Йод жетпеушілігі әсіресе бала, жасөспірім үшін қауіпті. Денеге йод жетіспеуінің ауыр түрінде балада кретинизм (ергежейлілік) ауруы дамиды. Баланың бойы өспейді, ақыл-ойы дамымайды. Аурудың алдын алу үшін жүкті әйел, емізулі баласы бар ана, балалар мен жасөспірімдер тағамға йодталған тұзды пайдалануы қажет. ҚАЛҚАНША ЖАНЫНДАҒЫ БЕЗ қалқанша безінің артында 2-3 жұп орналасқан, барлығының салмағы 0,05 грамдай. Без кальций, фосфор тұздарының алмасуына әсер ететін паратгормон бөледі. Жүкті әйелде, емізулі анада бездің қызметі әлсірегенде қандағы кальцийдің мөлшері азайып, аяқтың бұлшық еттері тартылады, тіс, шаш түсе бастайды. Кейбір жасөспірімдерде қалқанша жанындағы бездің қызметі күшеюі салдарынан кальций бүйрекке жиналып, зәрде «құм» пайда болады. Бүйрекүсті безі бүйрек үстіндегі май ұлпаларының арасында орналасқан жұп без, әрқайсысының салмағы 12 г шамасында. Екі қабаты – сыртқы қыртысты, ішкі – милы қабаты бар. Қыртысты қабаты 25-ке жуық белсенді заттарды бөледі. Олар екі топқа бөлінеді – глюкокортикоидтар, минералкортикоидтар. Глюкокортикоидтар көмірсу алмасуына әсер етуші кортизон, гидрокортизон, кортикостерон т.б. түзеді. Минералкортикоидтар (альдостерон) минералды тұздар алмасуына әсер етеді. Бүйрекүсті безінің қыртыс қабаты қызметінің жетіспеушілігі салдарынан аддисон ауруы дамиды. Адиссон ауруында адамның тамаққа тәбеті болмайды, жүдейді, қандағы қант мөлшері азаяды, артериялық қан кысымы төмендейді, терісінің түрі боп-боз болып «қолаға» ұқсайды, сондықтан бұл ауруды «қола (бронза) ауруы» деп атайды. Сонымен бірге бүйрекүсгі безі аз мөлшерде әйел және ер адамның гормондарын бөледі. БҮЙРЕК ҮСТІ БЕЗІНІҢ МИЛЫ ҚАБАТЫ адреналин, норадреналин гормондарын бөледі. Адреналиннің әсерінен жүректің соғуы жиілейді, қызметі күшейеді, артериялық қан қысымы көтеріледі, денедегі зат алмасу күшейеді, бауырда «қор» болып жиналып тұрған гликогеннің глюкоза айналымының жылдамдауынан қандағы қанттың мөлшері көтеріледі. Адам ашуланғанда, қорыққанда адреналин көп белінеді. ҮЙҚЫ БЕЗІ аралас без, ас корыту қызметімен бірге эндокриндік қызметі қанға инсулин және глюкагон гормондарын бөледі. Екі гормон да көмірсу алмасуына әсер етеді. Инсулин жетіспегенде сусамыр ауруы дамиды. Мида эпифиз және гипофиз бездері орналасқан. Француз философы Декарт эпифиз безінде ашулану, ызалану, қуану, қорқу, қайғыру пайда болады деп болжаған. Эпифиз безі балада жақсы дамыған, негізінен тәуліктік биоритмді реттейді. ГИПОФИЗ БЕЗІ ми сауытының сына тәрізді сүйегінің «түрік ершігі» деп аталатын имегінің үстіндегі шұңқырда орналасқан, эндокриндік бездердің орталығы болып саналады. Гипофиздің салмағы 0,5-0,7 г-дай, үш бөліктен тұрады. Алдыңғы бөлігі – аденогипофиз денедегі басқа эндокриндік бездердің қызметін реттейтін гормондармен бірге соматотроп деп аталатын «өсу» гормонын бөледі. Соматотроп гормоны аз бөлінсе, баланың бойы өспей тоқтайды. Цирк ойыншысы Чарль Шервуд Страттон (1938-1983) бойы 1 м болса, дүниежүзіндегі ең кішкене әйел нидерландтық Полин Матрерс екен. Оның 19 жастағы бойы 60 см ғана. Соматотроп гормоны көп бөлінсе, баланың бойы 240-250 см-ге дейін жетеді. Гипофизарлық алыптық (гигантизм) белгісі балада, кейде жасөспірімде көріне бастайды. Гипофиздің соматотроп гормоны ересек адамда көп бөлінсе, акромегелия деп аталатын ауру дамиды. Ересек адамда адамның өсуінің тоқтауына байланысты соматотроп гормонының көп бөлінуінен тек бос мүшелер үлкейеді. Адамның төменгі жақ сүйегі, колдың, аяқтың сүйекгері, мұрын мен құлақтың, көмей шеміршектері үлкейеді. Дауыс жуандап, төмендеп акромегалияға тән дыбыс пайда болады. Эндокриндік бездердің қызметі бір-біріне тығыз байланысты біртұтас жүйе. Бұл жүйеде негізгі орынды гипофиз иеленеді. Гипофиз гормоны көптеген басқа бездердің қызметіне әсер етеді, оларды басқарады. Канаданың атақты патофизиологы Ганс Селье гипофизді «эндокриндік ми» деп атаған. Бірақ гипофиз эндокриндік жүйенің «дирижері» болса, мидағы гипоталамус эндокринді бездердің «композиторы» болып саналады. Гипоталамус гипофиз гормондарын реттейтін гормон бөледі. Дегенмен дененің барлық қызметі, соның ішінде эндокриндік жүйенің қызметі орталық жүйке жүйесінің бақылауында болады, сонымен бірге орталық жүйке жүйесінің қызметіне эндокриндік жүйенің әсері бар. Дереккөзі: «Денсаулық» журналы, - 2011(№3). – 24-25 бет. |