Главная страница
Навигация по странице:

  • ДЗ атауы КР тіркелген саудалық атауы,өндіруші Фармакотерапиялық тобы

  • Жағымсыз әсері Дозалау тәртібі, балалар үшін Зиянды өзара әрекеттесулер

  • Инсулин деглудек

  • Адам инсулині Актрапид® НМ Пенфилл ®

  • Тиреотоксикозда қолданылатын препараттар Тирозол

  • Гипотериозда қолданылатын препарат. Левотироксин

  • Түйінді зобта қолданылатын препараттар

  • лекарственный формуляр. endo лек формуляр. Эндокринологиядан Дрілік формуляр ант дибетінде олданылатын дз


    Скачать 38.74 Kb.
    НазваниеЭндокринологиядан Дрілік формуляр ант дибетінде олданылатын дз
    Анкорлекарственный формуляр
    Дата13.09.2019
    Размер38.74 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаendo лек формуляр.docx
    ТипДокументы
    #86683






    Эндокринологиядан Дәрілік формуляр

    Қант дибетінде қолданылатын ДЗ



    ДЗ атауы

    КР тіркелген саудалық атауы,өндіруші

    Фармакотерапиялық тобы

    Дәрілік түрі

    Қолдану көрсеткіштер

    Қарсы көрсеткіштер

    Жағымсыз әсері

    Дозалау тәртібі, балалар үшін

    Зиянды өзара әрекеттесулер

    Фармакодинамикасы

    Дәлелдік тұрғысынан тиімділігі туралы мәліметтер және нұсқаулық деңгейі

    Метформин

    Метформин

    Қант диабетін емдеуге арналған дәрілер. Пероральді қолдануға арналған қантты төмендететін препараттар. Бигуанидтер.

    500 мг, 850 мг және 1000 мг таблеткалар

    2 типті қант диабетінде, әсіресе емдәммен емдеу және дене жүктемесі тиімсіз болған жағдайда, семіздікпен зардап шегетін емделушілерде:

    • ересектерде монотерапия ретінде немесе басқа пероральді гипогликемиялық дәрілермен немесе инсулинмен біріктірілген ем құрамында;

    • 10 жастан бастап балаларда монотерапия ретінде немесе инсулинмен біріктіріп.


    - метформинге және препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық

    - диабеттік кетоацидоз, диабеттік прекома, кома

    - бүйрек жеткіліксіздігі немесе бүйрек функциясының бұзылуы (креатинин клиренсі (КК) 60 мл/мин төмен)

    - бүйрек функциясының бұзылуының даму қаупімен жүретін жедел жағдайлар: дегидратация (диарея, құсуда), ауыр жұқпалы аурулар, шок

    - тіндік гипоксияның дамуына әкелуі мүмкін (оның ішінде, жүрек немесе тыныс алу жеткіліксіздігі, жедел миокард инфарктісі) жедел және созылмалы аурулардың клиникалық айқын білінулері,


    -Жиі:дәм сезудің бұзылуы, жүрек айнуы, құсу, диарея, іштің ауыруы, тәбеттің болмауы.

    - Сирек: эритема, қышыну, бөртпе секілді тері реакциялары, бауыр функциясы көрсеткіштерінің бұзылуы мен гепатит (метформинді тоқтатқаннан кейін осы жағымсыз құбылыстар толық жоғалады).


    Әдеттегі бастапқы доза аспен бірге немесе астан кейін тәулігіне 2 рет 250-500 мг, максимальді доза 1000 мг 2 рет/тәу.

    Метформинмен емдеуді бүйректің функциясына байланысты құрамында йод бар контрастылы заттарды қолданумен радиологиялық зерттеулерге дейін 48 сағат бұрын немесе зерттеу кезінде тоқтату керек және зерттеу барысында бүйрек функциясы қалыпты болған жағдайда 48 сағаттан ерте жаңғыртуға. Даназол: гипергликемиялық әсерінен аулақ болу үшін, даназолды бір мезгілде қолдануға болмайды. Хлорпромазин: жоғары дозаларда қабылдағанда (күніне 100 мг) инсулиннің босап шығуын төмендетіп, глюкозаның қандағы концентрациясын жоғарылатады. Диуретиктер: «ілмектік» диуретиктерді бір мезгілде қолдану бүйректің функциональдік жеткіліксіздігі мүмкіндігінен лактоацидоздың дамуына әкелуі мүмкін. Егер КК 60 мл/минуттан төмен болса, метформинді тағайындауға болмайды.Инъекция түрінде тағайындалатын бета2-адреномиметиктер: бета2-адренорецепторларды стимуляциялау салдарынан қандағы глюкоза концентрациясын жоғарылатады.


    Метформин гипергликемияны төмендетеді, гипогликемияның дамуына әкелмейді. Сульфонилмочевина туындыларынан айырмашылығы инсулиннің секрециясын стимуляцияламайды және дені сау тұлғаларда гипогликемиялық әсер туындатпайды. Шеткергі рецепторлардың инсулинге сезімталдығын және глюкозаның жасушалармен утилизациясын жоғарылатады. Бауырда глюконеогенезді тежейді. Көмірсулардың ішекте сіңуін іркиді.

    Метформин гликогенсинтетазаға әсер етіп гликогеннің синтезін стимуляциялайды. Глюкозаның жарғақшалық тасымалдағышының барлық типінің тасымалдайтын сыйымдылығын жоғарылатады.

    Одан басқа, липидтердің метаболизміне оң әсер туындатады: жалпы холестериннің, төмен тығыздықтағы липопротеиндердің және триглицеридтердің құрамын азайтады.

    Метформинді қабылдау аясында емделушінің дене салмағы тұрақты болып қалады немесе аздап төмендейді.


    Қант диабеті-В;Дереккөзі: Большой справочник ЛС/под.ред. Л.Е.Зиганщина- 2011ж-1670б

    Лизпро инсулині

    Хумалог

    Қант диабетін емдеуге арналған препараттар. Инсулиндер. Инсулиндер және тез әсер ететін аналогтары. 

    Инъекцияға арналған 100 ХБ/мл 3 мл, 10 мл ерітінді

    – глюкозаның қалыпты гомеостазының сақталуы үшін инсулинмен ем жүргізу көрсетілген ересектер мен 2 жастан асқан балалардағы қант диабетінде

    -қант диабетін бастапқы сатыда тұрақтандыруда


    – инсулинге немесе препарат компоненттерінің біріне жоғары сезімталдық

    – гипогликемия


    Өте жиі: гипогликемия

    Жиі: жергілікті аллергиялық реакциялар (инъекция орнының қызаруы, ісінуі немесе қышынуы).

    Кейде: препаратты енгізген жердегі липодистрофия.

    Сирек:

    жүйелі аллергиялық реакциялар (жайылған қышыну, тыныстың тарылуы, ентігу, артериялық қысымның төмендеуі, тамырдың жиі соғуы, қатты тершеңдік) 


    Хумалог® дозаларын пациенттің жағдайына қарай дәрігер белгілейді. Хумалог® препаратын тамақтанар алдында кемінде 15 минут бұрын немесе ас ішуден соң тез арада тәулігіне 4-6 рет (монотерапия) немесе ұзағырақ әсер ететін инсулинмен біріктіріп тәулігіне 3 рет енгізу ұсынылады.

    Хумалог® препаратына жалпы тәуліктік қажеттілік құбылуы мүмкін және әдетте күніне 0,5-1,0 ХБ/кг құрайды.

    Хумалог® гипогликемиялық әсерін төмендетеді: ішуге арналған контрацептивтер, кортикостероидтар, қалқанша без гормондарының препараттары, даназол, бета-2-стимуляторлар (ритодрин, сальбутамол, тербуталин). Хумалог® гипогликемиялық әсерін күшейтеді: ішуге арналған гипогликемиялық препараттар, салицилаттар (мысалы, аспирин), сульфаниламидтер, моноаминоксидаза (МАО) тежегіштері, серотонинді кері қармаудың іріктелген тежегіштері, ангиотензин өзгертуші ферменттің белгілі бір тежегіштері (каптоприл, эналаприл), ангиотензин II рецепторларының блокаторлары, бета-адреноблокаторлар, октреотид және алкоголь. Үйлесімсіздігі. Адам инсулинін жануар тектес инсулинмен немесе басқа өндірушілер шығарған адам инсулинімен араластыру кезіндегі әсерлері зерттелмеген. Басқа препараттарды Хумалогпен® қатар пайдаланғанда дәрігермен кеңесу қажет.


    Хумалог® адам инсулинінің аналогы болып табылады және инсулиннің 28 және одан 29 В-тізбегі қалпында пролиндік және лизиндік амин қышқылы қалдықтарының кері бірізділігімен ғана ерекшеленеді. Негізгі Хумалог® әсері глюкоза метаболизмін реттеу болып табылады. Бұдан басқа, барлық инсулиндер организмнің көптеген тіндеріне анаболикалық және антикатаболикалық әсерін көрсетеді. Бұлшықет тінінде және басқа тіндерде (миды қоспағанда) Хумалог® глюкоза мен амин қышқылдарының жасушаішілік тез тасымалдануын туындатады, анаболикалық үдерістерді жеделдетеді және ақуыздар катаболизмін тежейді. Бауырда Хумалог® глюкоза мен гликоген түріндегі глюкозаның қорларының сіңірілуін арттырады, глюконеогенезді тежейді және глюкозаның артық шамасының майға өзгеруін жеделдетеді. Хумалог® препаратына глюкодинамикалық жауап бауыр мен бүйректің функционалдық жеткіліксіздігіне байланысты емес. Балалардағы Хумалог® фармакодинамикасы ересектердегі осындайға ұқсас.

    Қант дибеті 1 тип-В; қант диабеті-2тип; Дереккөзі: Большой справочник ЛС/под.ред. Л.Е.Зиганщина- 2011ж-1088б

    Инсулин деглудек

    Тресиба® Пенфилл®

    Қант диабетін емдеуге арналған дәрілер. Инсулиндер.

    Инсулиндер және ұзақ әсер ететін аналогтары.


    Инъекцияға арналған 100 ӘБ/мл ерітінді

    - ересектер, жасөспірімдер және 1 жастан асқан балалардағы қант диабетін емдеуде


    препараттың белсенді затына немесе қосымша заттарының кез келгеніне жекеше жоғары сезімталдық

    Сирек: аса жоғары сезімталдық реакциялары, есекжем.

    Өте : гипогликемия.

    Жиі емес: липодистрофия, шеткері ісінулер.

    Жиі: енгізген жердегі реакциялар.

    Тресиба® Пенфилл® препараты ұзақ әсер ететін инсулин аналогы түрінде болады. Тресиба® Пенфилл® препаратының күнделікті ұсынылатын бастапқы дозасы 10 ӘБ құрап, кейіннен препараттың жекеше дозасы та Тресиба® препаратын жасөспірімдер мен 1 жастан асқан балаларға қолдануға болады ңдалады.

    Инсулинге қажеттілікке ықпал ететін бірқатар дәрілік заттар бар.

    Инсулинге қажеттілікті азайтуы мүмкін: ішуге арналған гипогликемиялық препараттар, глюкагон тәрізді пептид-1 (ГТП-1) рецепторларының агонистері, моноаминоксидаза (MAO) тежегіштері, іріктелмеген бета-адреноблокаторлар, ангиотензин өзгертуші фермент (АӨФ) тежегіштері, салицилаттар, анаболикалық стероидтар және сульфонамидтер.

    Инсулинге қажеттілікті арттыруы мүмкін: ішуге арналған гормональді контрацептивтік дәрілер, тиазидті диуретиктер, глюкокортикостероидтар, тиреоидты гормондар, симпатомиметиктер, өсу гормоны және даназол.

    Бета-адреноблокаторлар гипогликемия симптомдарын бүркемелеуі мүмкін.

    Октреотид/ланреотид организмнің инсулинге деген қажеттілігін арттыра да, төмендете де алады.

    Этанол инсулиннің гипогликемиялық әсерін күшейтуі де, азайтуы да мүмкін.

    Үйлеспеушілігі

    Кейбір дәрілік

    Тресиба® Пенфилл® препараты – Saccharomyces cerevisiae штаммы пайдаланылатын рекомбинантты ДНҚ биотехнологиясы әдісімен өндірілген ұзақ әсер ететін адам инсулинінің аналогы. Инсулин деглудек адамның эндогенді инсулині рецепторымен спецификалық үлгіде байланысады, әрі онымен өзара әрекеттесіп, адам инсулині әсеріне ұқсайтын өзінің фармакологиялық әсерін жүзеге асырады. Инсулин деглудектің гипогликемиялық әсері инсулиннің бұлшықет және май жасушалары рецепторларымен байланысуынан соң глюкозаның тіндермен көп жойылуымен және бауыр глюкозасын өндіру жылдамдығының бір мезгілде төмендеуімен жүзеге асады.



    Қант дибеті 1тип-А; Дереккөзі: Большой справочник ЛС/под.ред. Л.Е.Зиганщина- 2011ж-1085б

    Адам инсулині

    Актрапид® НМ Пенфилл®

    Қант диабетін емдеуге арналған заттар. Инсулиндер және тез әсер ететін аналогтары.

    Инъекцияға арналған ерітінді 100 МЕ/мл

    Қант диабетін емдеу

    -гипогликемия

    - адамның инсулині мее препараттың басқа да компонентіне жоғары сезімталдық


    Жиі: гипогликемия

    Жиі емес: есекжем, бөртпе, диабетикалық ретинопатия, липодистрофия. жергілікті аллергиялық реакциялар (инъекция орнының қызаруы, ісінуі немесе қышынуы).

    Сирек: анафилактикалық реакциялар, перифериялық нейропатия, рефракция бұзылысы.

    Әр адам үшін доза индивидуальді тағайындалады. Әдетте 0,3-ден 1 МЕ/кг/тәу дейінАктрапид® НМ Пенфилл® қысқа уақыт әсерлі инсулинге жатады. Препарат тамақтануға дейін 30 минут бұрын енгізеді.

    Инсулиннің гипогликемиялық әсерін жоғарылатады: пероральді гипогликемиялық препараттар, моноаминооксидаза ингибиторлары, ангиотензин алмастырушы фермент ингибиторлары, карбоангидраза ингибиторлары, селективті емес бета-адреноблокаторлар, бромокриптин, сульфонамидтер, анаболикалық стероидтар, тетрациклин, клофибрат, кетоконазол, мебендазол, пиридоксин, теофиллин, циклофосфамид, фенфлурамин, препараты лития,этанол құрамды препараттар. 

    Инсулиннің гипогликемиялық әсерін төмендетеді: пероральды контрацептивтер глюкокортикостероидтар, тиреоидты гормондар, тиазидты диуретиктер, гепарин,

    Сыртқы цитоплазмалық жасуша мембранасының арнайы рецепторымен өзара байланысады және инсулин-рецепторлық кешенді құрайды. (Май жасушаларының және бауыр жасушаларында) цАМФ биосинтезі іске қосылғаннан кейін немесе, тікелей (бұлшық) еніп торға, инсулин-рецепторлық күрделі, соның ішінде, жасушаішілік процестерді ынталандырады бірқатар негізгі ферменттер синтезі (геккокиназ, пирувват киназы, гликоген синтетазы және т.б.). қандағы глюкоза азаюы жасушаішілік алмастыруды арттыру, өсіп сіңіру және ассимиляциялық ұлпалардың, липогенеза ынталандыру, гликогеназаa, ақуыз синтезі арқылы бауырдың глюкоза өндіру қарқыны төмендетеді.

    Қант диабеті 1 тип-А; Қант диабеті-2 тип-А; диабетикалық кетоацидоз-В;

    Дереккөзі: Большой справочник ЛС/под.ред. Л.Е.Зиганщина- 2011ж-1085б

    Тиреотоксикозда қолданылатын препараттар




    Тирозол

    Тирозол

    Антитиреоидты зат


    Пленкалық қабатпен қапталған таблеткалар 5 мг және 10 мг. 1 қаптамада 10 немесе 25 таблеткадан


    -тиреотоксикоз;
    -тиреотоксикозды хирургиялық емге дайындау;
    -тиреотоксикозды радиоактивті йодпен емдеуге дайындық кезінде;
    -радиоактивті йод әсерінің латентті кезіндегі терапиясы. Радиоактивті йод әсер етуіне дейін жүргізіледі ( 4-6 ай аралығында);
    -йод препараттарын тағайындаған кездегі тиреотоксикоз профилактикасы (құрамында йод және рентгеноконтрастты заттар бар)



    латентті тиреотоксикоз кезінде, автономды аденома немесе анамнезінде тиреотоксикоз болған жағдайда.

    -тиамазолға, тиомочевина және басқа препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық;
    -карбимазол және тиамазолмен жүргізілген терапиядан болған агранулоцитоз;
    -гранулоцитопения;
    -емнің алдында холестаз;
    тиамазол және левотироксин натримен бірге жүргізілген жүктілік кезінде.

     -агранулоцитоз

    -инсулинді атоиммунды гипогликемия

    -бас айналу ,неврит ,полинейропатия

    -сілекей безінің ұлғаюы , құсу

    - холестатикалық сарғаю , токсикалық гепатит

    -аллергиялық реакциялар

    0 ден 2 жасқа дейінгі балаларға пайдалануға болмайды. 3 тен 17 жасқа дейінгі балаларға Тирозол® препаратын бастапқы доза 0,3 — 0,5 мг/кг дене салмағына екі-үш тең дозаға бөледі. Максимальды қажетті доза дене салмағы 80 кг балаға — 40 мг/тәул.
    Демеуші доза: күніне 0,2 — 0,3 мг/кг дене салмағына

    Препаратты тағайындаған кезде құрамында йод бар және рентгеноконтрастты заттары бар препараттармен бірге қолданған кезде Тирозол® препаратының әсері төмендейді. Йод жеткіліксіздігі Тирозол® препаратының әсерін күшейтеді. Тирозол® препаратын қабылдап жүрген науқастарға эутиреоидты жағдайдан соң, яғни қалқанша безі гормондарының қалпына келуінен соң жүрек гликозидтерін азайту қажет (дигоксин және дигитоксин), аминофиллин, сонымен қоса варфарин және басқа антикоагулянттарды қолдануын жоғарылату қажет. Литий, бета-адреноблокатор, резерпин, амиодарон тиамазолдың әсерін жоғарылатады.
    Бір уақытта сульфаниламид, метамизол натрий және миелотоксикалық дәрілермен қолданған кезде лейкопения қаупі жоғарылайды.

    антитиреоидты препарат, қалқанша без гормондарының синтезын бұзады, қалқанша безінде тиронинің иодталуы және трийод, тетрайодтиронин түзілуімен жүретін, пероксидаза ферментімен байланысты бұзады. Нәтижесінде тиреотоксикоздың симптоматикалық терапиясы жүргізіледі. Тирозол® қалқанша безі фолликулдарынан синтезирленген тиронин бөлінуіне әсер етпейді. Осы арқылы әртүрлі ұзақтықтағы латентты кезең анықталады, ол қан сары суындағы Т3 және Т4 деңгейінің қалпына келуіне және клиникалық көрінісінің жақсаруына әсер етеді.
    Ағзадағы басты зат алмасуды төмендетеді, қалқанша безінен йодид шығарылуын тездетеді, реципрокты синтез белсенділігін және гипофиз арқылы тиреотропты гормон бөлінуін жоғарылатады, ол қалқанша безінің гиперплазиясына әкеледі




    Пропранолол

    Пропранолол

    В адрено блокатор

    Таблетки 10, 40 , 80 мг 0,1% ампула 5 мл; капсула-депо (80 мг).

    -тиреотоксикоз

    -феохромоцитома

    -тиреотоксикалық криз

    -артериялық гипертензия

    -стенокардия

    -синусты тахикардия

    -субаортальды стеноз

    - инфаркт миокарда


    сезімталдық, AV-блокада II–III дәрежелі синоатриальды блокада, брадикардия ( 55 уд./мин кіші ), синусты түйін әлсіздігі, артериальды гипотензия, жедел және созылмалы жүрек жеткіздігі, стенокардия Принцметала, кардиогенды шок, бронх демікпесі.


    -брадикардия

    -гипотензия

    - лейкопения

    -астения

    - бас ауру

    - бас айналу

    - ұйқысыздық

    -жүрек айну , құсу

    -жөтел ,ентігу

    -фарингит

    -алопеция , бөртпе

    -

    -12 жастан төмен балаларға 0,5-1 мг /кг;
    -балаларға > 12 жас, ішке: 10—40 мг 3-4 рет тәулігіне

    -лидокаинның шығуына кедергі жасайды

    -Верапамил , дилтиазем теріс әсерін күшейтеді

    -глюкокортикоидты ,кокаин ,эстроген , ҚҚСЕП гипотензивті әсерін төмендетеді.

    - гепарин ,антацидтер қан сарысуындағы деңгейін төмендетеді.

    - ингибитор МАО бірге пайдалануға болмайды.


    Антиангинальды

    Антиаритмиялық

    Гипотензивті

    Тироксинннің трииодтиронинге айналуын ,

    Инсулин, глюкагон секрециясын , гликогенолиз төмендетеді.

    Диффузды токсикалық зобта қан-тамыр ,нейропсихикалық бұзылыс кезінде қолданады.ЖЖЖ төмендетеді.


    Артериальды гипертензияда-А; стенокардияда-В; миокард инфаркті-В; Диффузды токсикалық зобта-В; Дереккөзі: Большой справочник ЛС/под.ред. Л.Е.Зиганщина- 2011ж-2208б


    Гипотериозда қолданылатын препарат.




    Левотироксин

    натрий

    Эутирокс

    Тиреоидты зат

    Таблетка 25,50,75,100 мкг

    Әр түрлі этиологиялы гипотиреоз

    -эутиреодты зоб

    –оперативті емнен кейін болатын зоб рецедиві.

    Емделмеген гипертиреоз - препартқа жоғарғы сезімталдық

    Емделмеген тиреотаксикоз

    Емделмеген гипофизарлы жеткіліксіздік -емделмеген бүйрек үсті жеткіліксіздігі.

    Дұрыс таңдалған дозада жағымсыз әсері болмайды.Артық қабылдаған кезде қалқанша без гиперфункциясы байқалады:тремор,жүрек қағу,терлегіштік,алаңдаушылық,ұйқы бұзылысы,дене салмағы төмендеуі,диарея.

    Таңертен аш қарынға тамақ ішіуге дейін 30 мин кешіктірмей қабылдау керек. Емдік дозасы: 0-6 ай 10-15 мкг/кг тәулігіне, 7-11 ай 6-8 мкг/кг тәулігіне, 1-5 жастан 5-6 мкг/кг тәулігіне,6-10 жас 4-5 мкг/кг тәулігіне, 11-20 жас 1-3 мкг/кг тәулігіне.Шала туылған нәрестелер үшін – 8-10 мкг/кг тәулігіне.

    Препарат антидепресант,антикоагулянт әсерін күшейтеді,инсулин,жүрек гликозиді,пероральды гипогликемиялық препараттар әсерін төмендетеді.Эстрогенмен біруақытта қабылдағанда дозасын жоғарылату керек.Колестирамин,колестипол препарат абсорциясын төмендетеді.

    Препарат қалқанша безі гормонының жеткіліксіздігін толтырады.Аз дозада анаболитикалық әсер етеді,орташа дозада өсу мен жетілуді стимулдайды,жоғарғы дозада тиреотропин-рилизинг гормон мен гипофиздің тиреотропты гормонының өңдірілуін тежейді.Гипотиреозда клиникалық әсері препарат қабылдаған соң 3-5 күннен соң басталады.Диффузды зоб 3-6 ай қабылдаған соң кішірейеді немесе жоғалады.

    Гипотиреозда-А:, Эндемиялық зоб-В; Диффузды токсикалық зоб-А; қалқанша безі қатерлі ісігі-В;

    Дереккөзі: Большой справочник ЛС/под.ред. Л.Е.Зиганщина- 2011ж-1452б



    Түйінді зобта қолданылатын препараттар

    Эндемиялық зобта-А; гипертиреоз-В; Дереккөзі: Большой справочник ЛС/под.ред. Л.Е.Зиганщина- 2011ж-1164б

    Калий йодиді

    Йодомарин

    Йод препараттары.


    Таблеткалар. Бір таблетканың құрамында белсенді зат - 0,262 мг калий йодиді (0,200 мг йодқа баламалы) бар


    - йод тапшылығының алдын алуда (мысалы, эндемиялық зобтың алдын алуға және йод тапшылығынан болған зобтың резекциясынан кейін)

    - емшектегі балаларда, балаларда, жасөспірімдерде және жас ересектерде йод тапшылығынан болған диффузды эутиреоидты зобты емдеуде.


    - әсер етуші затқа немесе препараттың басқа компоненттерінің біріне жоғарғы сезімталдық

    - манифестті гипертиреоз

    - тәулігіне 150 мкг йодтан асатын дозадағы латентті гипертиреоидизм

    - қалқанша бездің уытты аденомасында, түйінді зоб (тәулігіне 300-1000 мкг дозада қолданған кезде), қалқанша бездің Пламмер бойынша блокадасы мақсатында операциядан бұрын йодпен емдеуді қоспағанда)


     Өте сирек.Қалқанша безде өте ірі автономды аумақтар бар болғанда және 150 мкг-нан астам йодты құрайтын тәуліктік дозаларда гипертиреоз манифестті түрге ауысуы мүмкін.

    - тәулігіне 300-1000 мкг йодтан асатын дозадағы препаратты қолданған кезде гипертиреоз дамуы мүмкін.


    Жаңа туғандар, балалар және жасөспірімдерге – тәулігіне ½-1 таблетка Йодомарин® 200 (ол 100-200 мкг йодқа сәйкес келеді).Жаңа туғандарда зобты көптеген жағдайда 2-4 апта емдеу жеткілікті; балалар, жасөсіпрімдер мен ересектерге әдетте 6-12 ай немесе одан да көбірек уақыт қажет етіледі.Препаратты қолдану уақытын емдеуші дәрігер қандағы йод деңгейін бақылай отырып, анықтайды.Препаратты тамақтан кейін сұйықтың мол мөлшерімен ішіп қабылдайды. Балаларға, оның ішінде жаңа туған балаларға препаратты алдын ала ұнтақтап және сүттің немесе судың аздаған мөлшерінде араластырып беру керек.


    Тиреостатикалық дәрілер, йодтың қалқанша бездегі органикалық қосылысқа айналуын тежейді, сөйтіп, зобтың пайда болуын туындатуы мүмкін. Йодтың қалқанша безге сіңуі және оның ондағы алмасуы эндогенді және экзогенді тиреотропты гормонмен (ТТГ) жақсарады.Калий йодидінің өте жоғары дозаларының калий жинақтаушы диуретиктермен біріктірілімі гипергликемияға әкеп соғуы мүмкін.


    Йод электрохимиялық (йодинация) жолымен сіңгеннен кейін қалқанша без фолликулаларының эпителиальды жасушаларында, элементарлы йод бөлініп шығатын йод-пероксидаза ферментімен катализденетін, косубстрат болып табылатын сутегінің асқын тотығымен (Н2О2) тотығады. Мұндайда глюкопротеиннің тирозинді тобының бір бөлігі (тиреоглобулин) 3 және, ішінара 5 хош иісті сақина күйінде йодталады (йодизация).

    Тотығу кондесациясы нәтижесінде тирозиннің йодталған тобы қосылып, тиронин каркасын түзеді. Негізгі өнімі тироксин (Т4) және трийодтиронин (Т3) болып табылады. Осылайша түзілген "тиронин – тиреоглобулин" кешені қалқанша без гормонының қор-түрі ретінде оны фолликуласы коллоидына бөлініп шығады






    написать администратору сайта