Главная страница
Навигация по странице:

  • Ұйымдастырылған вариативтік жұмысжос пары Күні: Вариативтік компонент: «

  • Қортынды: орамалдың не үшін қажет екенін. шаршы пішінді орамалды әшекейлеуді. бояуды біркелкі тегіс жағуды. Ұйымдастырылған вариативтік жұмысжос пары

  • Күні: Вариативтік компонент: «

  • Ұйымдастырылған вариативтік жұмысжос пары Күні: Вариативтік компонент: «

  • сикырлы вариативка. Сиқырлы суретші вариативка. Ересек тобына арналан "Сиырлы суретші" вариативтік компонент Тсінік хат


    Скачать 51.55 Kb.
    НазваниеЕресек тобына арналан "Сиырлы суретші" вариативтік компонент Тсінік хат
    Анкорсикырлы вариативка
    Дата18.01.2022
    Размер51.55 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаСиқырлы суретші вариативка.docx
    ТипДокументы
    #335245
    страница2 из 3
    1   2   3

    Ұйымдастырылған вариативтік жұмысжос пары


    Күні: Вариативтік компонент: «Сиқырлы суретші» Тақырыбы:«Түрлі түсті таспалар» Мақсаты:Балалардың бояумен сурет салуға қызығушылықтарын арттыру. Жуан таяқшаға оралған губкамен оң қолдарына ұстап түзу сызықтар сызуды, екі үш түсті бояуменсызуға үйрету. Жлақ жолдарға біркелкі бояудыжағу тәсілін үйрету. Тазалыққа, ққыптылыққа тәрбиелеу.

    Балалар ортаға шығып шаттық

    • Шеңбер құрамыз. Қолдарымыздан ұстаймыз да жылы сөздер айтамыз. Біз ақылдымыз! Біз доспыз! Біз бақытты баламыз! Балалар менде әдемі сандық бар. Сандықтың ішінде не бар екен.

    • Балалар сандықтан шыққан мынау не екенін кім біледі?

    • Мынау не балалар?

    • Иә, дұрыс айтасыңдар балалар, таспалардың түстері әртүрлі екен. Кәне бірге айтайықшы: қызыл, сары, көк, жасыл таспалар бар екен.



    • Ал, балалар қоңыр бояудың көмегімен іздің суретін салыңдар.

    • Ақ қағаз бетіне қылқаламды бояуға батырып алып, ізді саламыз.

    Жарайсыңдар балалар!

    Ал енді қолдарыңды сүртіңдер. Сергіту сәті: Тербеледі ағаштар, Алдымыздан жел есіп. Кіп – кішкентай ағаштар, Үлкен болып өседі.

    Қортынды:

    Боядың түрлері, іздердің әртүрлілігі жайында.

    Арақашықтықты сақтай отырып бірдей іздер салуды.

    Қылқаламның ұшын баса отырып бірдей бояуды дұрыс пайдалануды.


    Ұйымдастырылған вариативтік жұмысжос пары

    Күні: Вариативтік компонент: «Сиқырлы суретші» Тақырыбы:«Түлі түсті орамал»

    Мақсаты: Балаларды шаршы пішінді орамалға өрнектер салуға жаттықтыру. Өздері салған өрнектерді дамуына мүмкіндік туғызу. Бояудың түсін таңдай білуге, көркемдік талғампаздыққа тәрбиелеу.


    Балалар менің иығымда жауылып тұрған не? Мен нені

    Жамылып тұрмын?
    Бұл орамал. Оны орамалды жамылып, оранып жүгендіктен орамал деп атаймыз. Орамал әдемі ме?

    • Орамалдың түсі қызыл шаршы пішінде. Ормалдың шашақтары бар.

    Кәне, балалар шашақ, орамал деген сөздерді бірнеше рет қайталайық.

    • Балалар сендер осындай әдемі орамалдың суретін салып беріңдерші. Өйткені орамалды біздің аналарымыз, әжелеріміз жақсы көреді. Олар оны сәнді және жылы болуы үшін бастарына салады. Өз аналарыңа не әжелеріңе арнап орамалды безендіреміз.

    Кәне, балалар алдыларыңдағы орамылдың Суреті салынған, сол орамалдың ортасында дөңгелекті қызыл түспен, ал бұрыштарын сары түспен бояңдар. Артынан шашақтарын жасаңдар. Сергіту сәті: Доп –доп добым домалақ,

    Қайда кеттің домалап.

    Бір, екі деп екі ұрдым,

    Шатырға сен секірдің.

    Добым, добым домалақ,

    Қайда кеттің домалап.

    Үстел үстін бүлдірдің,

    Тарелкені сындырдың,

    Тұрмын сені жазалап.

    Қортынды:

    орамалдың не үшін қажет екенін. шаршы пішінді орамалды әшекейлеуді. бояуды біркелкі тегіс жағуды.

    Ұйымдастырылған вариативтік жұмысжос пары


    • Күні: Вариативтік компонент: «Сиқырлы суретші» Тақырыбы:« Бұлт күнді жапты» Мақсаты: Балаларды күзгі табиғат құбылыстары ерекшеліктеріне бақылау жасауға үйрету. Күннің бетін аспанда қалқып жүрген бұлттардың қалқалаған суретін дөңгелек және сопақша пішінде сала білуге дағдыландыру. Табиғатты сүюге, қастерлеуге және ұқыптылыққа тәрбиелеу. Сүр бұлт, түсі суық, Қаптайды аспан. Күз келіп дымқыл түман, Жерді басқан. Балалар далаға қараңдаршы.

    • Далалада күн бұлтты болып тұр. Бұлт күнді жиі жауып тұрады. Өйткені күз мезгілі келді.

    Кәне, балалар мына сөздерді айтып тілімізді жаттықтырамыз:сүр бұлт, ақ бұлт,күз. Мына суретке қараңдаршы. Бұл суретте ауа – райының бұлтты екенін көрсеткен. Кәне, балалар осы суретке қарап күннің көзін жапқан бұлттың суретін саламыз. Күздігүні аспан түсті болмайды. Сүр бұлтты , көк түсті болады. Алдымыздағы қылқаламды сүр түске бояп, аспанды көк түске бояймыз. Сергіту сәті: «Қуырмаш»

    Бас – бармақ, балан үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкене бөбек.

    Бір үйде біз нешеуміз?

    Біз үйде біз бесеуміз.

    Жарайсыңдар балалар!

    Қортынды

    күзгі табиғаттағы ерекшеліктерді. күн де бұлт та аспанда болатындығын. тамшыны дөңгелекке, сопақшаға ұқсатып, айландырып бояуды.


    Ұйымдастырылған вариативтік жұмысжос пары


    Күні: Вариативтік компонент: «Сиқырлы суретші» Тақырыбы:« Кілемше» Мақсаты: Балаларды тұрмыстық заттардың әдемілігін байқай білуге үйрету. Кілеммен таныстыруды жалғастыру, кілемді түзу және ирек сызықтармен әшекелей білуге үйрету, сурет салуға дағдыландыру. Әсемділікті сезінуге, көркемдік талғампаздыққа тәрбиелеу. Балалар бүгін бізге қонаққа әже келіпті.

    • Әже бізге өзінің кілемін ала келіпті. Оны неге әкелді? Қандай кілем?

    Әжей: Дұрыс айтасыңдар балалалр кілем үлкен, кіші болады. Төрт бұрыш, әдемі өрнектері болады. Қәзіргі кілемшелер суреттерімен де болады. Әр пішінде өрнектермен ілемдер болады. Түстері әр – түрлі болады.

    • Балалар мына кілемшеде қандай түстерді көріп тқрсыңдар?

    - Балалар әжейдің кілемшесі аз екен, әжейге кілемше жасап береміз бе? Ол үшін біз кілемшенің суретін салуымыз керек. Әжейде жолақшалары бар кілемше жоқ екен. Кәне, бәріміз қосылып төрт бұрыш саламыз, ал енді түзу жолақша сызық арақашықтарын бірдей, әдемі етіп саламыз.

    Сергіту сәті:

    Кілемшеге отырып,

    Аралаймыз бәрін біз.

    Оңға – солға шайқалып,

    Күлімдейміз шаттанып.

    Керемет . Жарайсыңдар балалар!

    Қортынды

    қонақты қалай құрметтеп қарсы алуды.

    кілемдер әртүрлі екенін, соның ішінде жолақша кілем болатынын.

    арақашықтарын бірдей сақтап, түзу сызықтарды сыза білуді.


    Ұйымдастырылған вариативтік жұмысжос пары

    Күні: Вариативтік компонент: «Сиқырлы суретші» Тақырыбы: «Кесені әшекейлейміз» Мақсаты:Балалардың қазақтың ою – өрнектері туралы түсініктерін қалыптастыру. Кесені әшекейлегенде «тұмарша», «ерексу» ою- өрнек элементтерін пайдаланып салуды үйрету. Шығармашылық қабілеттерін дамыту. Тазалыққа, салт – дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу. Балалар шеңберге тұрып, «жүрек жылуы» ұшырады.

    • Балалар мына қоржынды шопан атай жайлаудан беріп жіберіпті.

    • Кәне, балалар қоржынды бірге ашайықшы.

    • Балалар ішіндегі хат бар екен. Сендерге оқып берейін.

    • «Балалар қалдарың қалай? !

    Жайлауда қозы – лақтар секіріп ойнақтап жүр. Барлығы жақсы. Бірақ бір мәселе болып тұр. Мереке болса жақындап қалды, соған көп қонақтар келеді, ал менің наурыз көже құйып беретін кеселерім аз. Сендер тура осындай кесені маған жасап бересіңдер ме?»


    Балалар мына суретке қараңдарщы. Бұл кеселердің сыртындағы үлгілері әр – түрлі. Балалар көбінесе кеселердің сыртында гүлдердің суреті болады, және ою – өрнектердің суреттері әшекейленген. Кеселер әр – түрлі болады: үлкен және кіші мына тақтада «қой ізі» мен «тұмарша» оюының суреті ілініп тұр.

    «Тұмарша» деген ою үш бұрышты тұмарға ұқсағандықтан «тұмарша» деп атайды.Ал, «қой ізі» деген ою, қойдың ізіне ұқсағандықтан «қой ізі» деп атайды.

    Кесе сыртын «қой ізі» оюымен қөрнектейміз.

    Қоңыр түсті гуашьпен көрсетілген сұлбаны бастырамыз, бұл ізге ұқсастықтан арақашықтарын сақтаңдар.

    Саусақ жаттығуы.

    Саусақ жаттығуларын жасайды.

    Екі қолмен қайшылайды.

    Медуза қимылын жасайды.

    Жұм – аш жасайды.

    Қортынды:
    Керемет жарайсыңдар! шопандар жыл мезгіліне байланысты қоныс аударып, жазда жалауда тұратынын.

    Қазақтың әр-түрлі ою - өрнектері ішінде

    «тұмарша» мен қой ізі өрнектерін жасауды.

    «Қой ізі» өрнектерін салуды, атаға көмектесуді, жақсылық жасауды.

    Ұйымдастырылған вариативтік жұмысжос пары


    Күні: Вариативтік компонент: «Сиқырлы суретші» Тақырыбы: «Сүлгіні әшекейлеу» Мақсаты: Сәндік қолданбалы өнермен таныстыруды жалғастыру, тік төртбұрышты пішіннің ортасына «тұмарша» оюын дұрыс орналастыра білуге үйрету, сүлгінің шетіне шашақтарды түзу сызықпен сызуға жаттықтыру. Эстетикалық тәрбие беру. Балалар бүгін бізге қонаққа Алма келіпті. Алма жақында әжесінің туған күні болатынын айтады. Алма әжесіне сүлгі сыйлағысы келеді екен. Ол сендерден көмек сұрап келіпті.

    Алмаға көмек береміз бе?

    Алмаға сүлгіні әшекейлеуге көмектесеміз.

    Балалар сүлгі бізге не үшін керек?

    Сүгіні төртбұрыш, үшбұрыш өрнектермен өрнектеуге болады.
    Ал енді ортасына үшбұрышты өрнегін саламыз. Артынан шеттеріне шашақтарын жасаймыз.

    Сергіту сәті:

    Ақ матадай түгі бар,

    Қызыл – жасыл гүлі бар.

    Жұмсақтығы мамықтай,

    Сүртінесің жалықпай.

    Тазалықтың досы-

    Сүлгі деген осы.

    Қортынды:

    Сүлгігің әртүрлерін, тазалық үшін маңызын

    Маңайындағы адамдарға, достарға көмек көрсету қажеттігін.

    Қылқаламды, мөртаңбаны пайдаланып сүлгіні әшекейлей білуді.

    Ұйымдастырылған вариативтік жұмысжос пары


    Күні: Вариативтік компонент: «Сиқырлы суретші» Тақырыбы: «Тікенекті кірпі» Мақсаты: Балалардың тікенекті кірпі туралы түсініктерін жетілдіру. Қысқа түзу сызықтырды сызу арқылы кірпінің суретін салуға жаттықтыру. Жануарларға, аңдарға қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу. Балалар бүгін бізге тиын қонаққа келіпті. Ол өзінің досы туралы жұмбақ жасырғысы келетінін айтады:

    Бір мақұлық бар екен төрт аяқты,

    Таңыпты арқасына мың тікенді.

    Ашуланса аяқ-қолын көрсетпей ді,

    Көресің көзің салсаң ғажайыпты.

    Балалар мына суретке қараңдаршы кірпінің тікенектері көп болады. Ол бірдеңеден қорықса домаланып жиырылып қалады.Кірпі орманда көп жүреді. Ол алманы, саңырауқұлақты және басқалармен қоректенеді.

    Сөздік жұмыс: тікенекті кірпі. Балалар тиын сендерге өзінің кірпі досының суретін салып беруді сұрайды. Тиынға салып береміз бе? Балалар алдыларыңда үзік сызықпен көрсетілген кірпінің суреті берілген, сол суретті бастырып шығасыңдар. Ал, енді ішін бояңдар. Балалар кірпінің несі жетіспей тұр. Дұрыс айтасыңдар тікенектері жетіспей тұр.Олай, болса тікенектерін салыңдар.Тікенектерді тік сызықтармен арақашықтарына қарап сызасыңдар. Сергіту сәті: Ал, балалар, тұрайық, Үлкен шеңбер құрайық. Оңға қарай иіліп, Солға қарай иіліп, Жоғары – төмен қарайық, Орнымызды табайық.

    Қортынды:
    Тікенекті кірпі туралы түсінікті.

    Достардың әрқашан бір – біріне көмектесуі қажет екендігін.

    Үзік сызықтарды қосып, қысқа, түзу сызықтарды сызу арқылы кірпіні салуды.

    Ұйымдастырылған вариативтік жұмысжос пары


    Күні: Вариативтік компонент: «Сиқырлы суретші» Тақырыбы: «Тәрелкені әшекейлеу» Мақсаты: Балаларды шеңберге өрнек сала білуге үйрету, бояу реңктерін таңдауға және үлгіге қарай отырып оны сақтауға дағдыландыру, жқмыс кезінде сызбаны пайдалану, әсемдікті сезіне білу арқылы эстетикалық тәрбие беру. Балалар бізге бүгін қылқалам қонаққа келіпті. Қылқалам: Балалар сендер қандай ою түрлерін білесіңдер?Балалар мен өзіммен бірге дайын табақтар ала келдім, ол табақтардың шетінде, ортасында ою – өрнектермен өрнектелген.Балалар табақты не үшін пайдаланады?Балалар табаққа көңіл бөліп қараңдаршы.
    Балалар мына суретке қараңдаршы мына суретте дөңгелек, үшбұрыш пішіндермен өрнектелген.Балалар табақ шетінде сызықпен жүргізілген.

    Балалар алдыларыңда табақтың суреті берілген, сол табақтың сыртында, ортасында сызықпен өрнек көрсетілген. Табақты өрнекпен әшекейлеңдер.Балалар өрнектерді бастырып шығыңдар, артынан жасыл, көгілдір түсті гуашьпен, табақтың шетіне солдан оңға қарай мөртаңба арқылы орындалатын үшбұрышты өрнекті салыңдар.

    Балалар өрнекті мақта оралған таяқшамен салуға болады. Балалар бұл өрнекті «тұмарша» деп атайды. Балалар табақтың ортасына үлкен дөңгелекті, артынан кіші дөңгелекті салыңдар. Ал, енді табақтың шетіне «тұмарша» өрнегін салып шығыңдар.

    Сергіту сәті:

    Жалғыз саусақ тіпті де,

    Ұстай алмас жіпті де,

    Екі саусақ бірікті,

    Ине қолға ілікті.

    Үш саусағым орамды

    Жүгіртеді қаламды,

    Өнерлі екен он саусақ!

    Қала салсақ, жол салсақ.

    Қортынды:

    Ою – өрнек элементтерінің атауын.

    Тәрелкенің не үшін қажеттігін.

    Мөртаңба, қылқалам, мақталы таяқшамен жұмыс істеу дағдыларын.

    Ұйымдастырылған вариативтік жұмысжос пары

    Күні: Вариативтік компонент: «Сиқырлы суретші» Тақырыбы: «Сүйікті ойыншықтар (мұнара, көлік) Мақсаты: Балалардың ойыншықтар жайлы түсініктерін кеңейту. Өз ойыншықтарын сипаттап әңгімелету арқылы сөздік қорын молайту. Сүйікті ойыншықтарының суретін салуға жаттықтыру. Сурет салу дағдыларын қалыптастыру, Ойыншықтарына ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.


    Аю, қасқыр жолбарыс,

    Арыстанмен піл барыс.

    Ойыншықтар тұрыңдар,

    Ойын – сауық құрыңдар.

    Кәне, балалар ойыншық бұрышынан өздеріңе ұнайтын ойыншықтарды алып, сипаттап беріңдерші.

    Сөздік жұмысы: жаңа ойыншықтардың атауылары. Балалар мына суретке қараңдаршы. Осы суреттегі ойыншық атауларын атаңдар.

    Ал, балалар енді осы ойыншықтардың түріне, түсіне, пішініне талдау жасайықшы.

    Балалар алдыларыңда мұнара мен көліктің суреті берілген. Ол сурет үзік сызықтармен берілген.

    Балалар енді осы екі суретің біреуін таңдап, қарындашпен бояңдар, артынан сыртына шығармай бояумен бояңдар. Cергіту сәті:

    Ал балалар тұрайық,

    Алақанды ұрайық.

    Бір отырып, бір тұрып,
    Біз тынығып алайық.

    Қортынды:

    Ойыншықтар не үшін қажет екендігін.

    Ойыншықтар туралы түсініктерін тереңдетеді.

    Сүйікті ойыншықтарының суретін салуды, түрлі түсті қарындашпен тегіс бояуды.

    Ұйымдастырылған вариативтік жұмысжос пары

    Күні: Вариативтік компонент: «Сиқырлы суретші» Тақырыбы: «Құстар» Мақсаты: Құстар туралы түсініктерін кеңейту. Құстардың үнін, қимыл – қозғалысын бейненлеп, дене бөліктерін ажырата білуге үйрету. Құстардың бейнесін сала білуге үйрету, сурет салуға деген қызығушылықтарын арттыру. Құстарға қамқорлық жасап, қорғай білуге тәрбиелеу.

    Торғай, торғай торғайсың,

    Таяу келіп қонғайсың.

    Жем берейін тойып ал,

    Сонда аязға тоңбайсың.

    Балалар бері жақын келіп терезенің алдына келіңдерші. Даладағы құсатардың сайраған дауысына көңіл бөліп тыңдайық.

    Балалар бұл көктем мезгілінің келгенін білдіреді. Көктемде күн жылынып, құстар жылы жақтан ұшып келеді.Құстардың сайраған дауыстары жақсы естіледі.Балалар құстар қанаттарын қағып ұшады.Құстар қалай сайрайтынын бәріміз қосылып дыбыстайықшы.

    Балалар құстарға қамқор болу керек. Оларға жем беру керек. Ұя жасап ағашқа іліп қою керек. Балалар мына суретке

    қараңдаршы. Бұл құстардың суреттері. Қандай құстарды көріп отырсыңдар атайықшы: торғай, қарлығаш, көкек, шымшық, қарға, тоқылдақ.

    Ал балалар осы суретке қарап құстардың бейнесін салыңдар.

    Кәне, балалар суретке қарап құстың денелері қандай пішінде болатынын айтайықшы.

    Денесі сопақша, басы дмалақ, тұмсығы, қанаттары үшбұрыш, аяқтары жіңішке таяқша сияқты болады екен.Ал, енді балалар торғайдың бейнесін ауа да салып көрейікші.Балалар алдыларыңда торғайдың суреті берілген, сол суретті біркелкі, сыртына шағармай бояңдар.

    Cергіту сәті: Торғай болып ұшайық, Ұшып – ұшып алайық. Бүркіт болып аң аулап, Қыран құс боп самғайық. Қортынды: Құстарды қорғап, қамқорлық жасау керектігін. Құстардың көктемдегі тіршілігі жайындағы түсініктерді. Құстың суретін сызықтың сыртына шығармай біркелкі бояуды.

    Ұйымдастырылған вариативтік жұмысжос пары

    Күні: Вариативтік компонент: «Сиқырлы суретші» Тақырыбы: «Жапалақтап алғашқы қар жауды тұр» Мақсаты:Балалардың алғашқы табиғи құбылыстарға қуана біуіне ықпал ету, қоршаған ортаға – үйлерге, заттарға, ағашқа, жерге қарай қардың қалай әдемі болып жауатындығын бақылату. Көк түс пен ақ түстің бір – бірімен үйлесімділігіне көңіл бөлуді үйрету. Таяқшаларды пайдаланып тіс пастасымен қар салуды үйрету. Табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.

    • Балалар терезенің алдына келіңдерші. Далада не жауып тұр?

    • Дұрыс айтасыңдар қар жауып тұр. Даланың бәрі аппақ болып, әдемі болып тұр.

    • Балалар қәзір қай мезгіл?

    • Қыс мезгілінде ауа – райы қандай болады?

    • Қардың түсі қандай?

    Дұрыс айтасыңдар айнала аппақ, қар жауып тұр.Ауа – райы суық, аяз.

    Балалар мына суретке қараңдаршы. Бұл орманның суреті . Орманда айнала аппақ, тып – тыныш

    Балалар ал енді көз алдыларыңа қарды елестетіп, тыныс алу жаттығуын жасаңдар.Балалар енді бәрің бірге сурет дәптерге жауып тұрған қардың суретін саласыңдар. Қарды сүйкеп жағу арқылы жағасыңдар.Бұлттардан жауып келе жатқан қарды қылқаламмен, жердегі жатқан қарды тіс пастасымен саласыңдар. Сергіту сәті:

    Қар жауыпты далаға,

    Қар жауыпты қалаға.

    Сырғанаймыз енді біз,

    Отырып ап шанаға.

    Қортынды:

    Қыс мезгілі басталғанда алғашқы қар жауатынын.

    Қар аспаннан жерге қонақтап, жер бетін басып қалатындығын.

    Таяқшамен жағу арқылы қар суретін салуды.
    1   2   3


    написать администратору сайта