Главная страница

сикырлы вариативка. Сиқырлы суретші вариативка. Ересек тобына арналан "Сиырлы суретші" вариативтік компонент Тсінік хат


Скачать 51.55 Kb.
НазваниеЕресек тобына арналан "Сиырлы суретші" вариативтік компонент Тсінік хат
Анкорсикырлы вариативка
Дата18.01.2022
Размер51.55 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаСиқырлы суретші вариативка.docx
ТипДокументы
#335245
страница3 из 3
1   2   3

Ұйымдастырылған вариативтік жұмысжос пары

Күні: Вариативтік компонент: «Сиқырлы суретші» Тақырыбы: Қыстағы шуақты күн.

Мақсаты: балалар бойында байқағыштық, қысқы табиғат құбылыстары ерекшелігін сезіне білушілік, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік қасиеттерін тәрбиелеу.

Қысым-ақ, қысым-ақ,

Жібердің қысып-ақ.

Қалмаспыз біз деген,

Боранға ұшырап.

Аппақ қар жауа бер,

Риза гой саган ел!

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілінің қандай ерекше белгілері бар?

- Қыс мезгілі сендерге несімен ұнайды?

-Қыс мезгілі.

-Суық, аяз, қар жауады, боран болады. Судың бетіне мұз қатады т.б.

Сергіту сәті:

Қолды белге қояйық, Басты оңға бұрайық. Басты солға бұрайық. Бір отырып, бір тұрып, Бір отырып, бір тұрып, Біз демалып қалайық.

- Бүгін қыстың бір жайдарлы, жылы, шуақты күнін салып көрейік. Алдарыңдағы үлгі ретіндегі үлкен суретке назар аударыңдар. Жылы, аспан ашық, қыстағы шуақты күн.

— Енді өзіміз осы қыстағы шуақты күннің суретін салып үйренейік. Суретті салу жолдары, орындалу реті түсіндіріледі.

Қортынды:

қыс мезгілінің негізгі белгілері мен ерекшеліктерін біледі.

Қыс бейнесінде күнді салу арқылы көңілді, шуақты қыс бейнесін көрсете білу іскерлігін.

Әр жыл мезгілінің ерекшелігін ескеруді, қоршаған орта, табиғатқа деген қамқорлың жасаудың қажеттігін меңгереді.

Ұйымдастырылған вариативтік жұмысжос пары

Күні: Вариативтік компонент: «Сиқырлы суретші» Тақырыбы:«Түзу жолда, мен жүремін тура» Мақсаты: Балалардың бояумен сурет салуға қызығушылықтарын арттыру. Қылқаламды оң қолдарына ұстап, сурет салуға жаттықтыру, саусақтың ұсақ бұлшық еттерін дамыту. Жолақ «жолдарға» бояуды біркелкі жаға білуге дағдыландыру, қағаз бетінде кеңістікті бағдарлауға үйрету. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.


Мойныны моншақ іліп - ап,

Мысық жатыр пырылдап.

Шырылдайды шегіртке,
Мысықтың мазасын алып. -Балалар бізге бүгін қонаққа мысық әдемі болып келіпті. Көңіл бөліп қараңдаршы. Қолында бояуы бар екен.

Мысық:

  • Мен сендерге арнап үнтаспаға қоятын әуен ала келдім. Оған қоса әдемі бояу ала келдім. Бүгін бояумен сурет салуды үйренейік.

  • Кәне, балалар бояулардың

Атауын атайық:сары, ақ, қызыл, көк, дасыл, күлгін, қара.Кәне, балалар үнтаспадағы әуенді тыңдаймыз.Ой! балалар жақсы әуен екен.Кәне, балалар осы әуенді тыңдап, неше түрлі жүрістермен жүрейік.Жарайсыңдар балалар! Ал, енді мысықтың жүргісі келіп тұр.Алдымен боялған сулы қағаздың үстімен жүреді де, содан соң таза қағазды басып жүріп, ізін көрсетеді. Көрдіңдер ме мысықтар, адамдар жүрген кезде артынан із қалады.Әсіресе қыста қарды басқанда артынан із қалады.

Балалар кәне бәріміз бірге «бояу, із» деген сөздерді айтайықшы:

  • Ал, балалар қоңыр бояудың көмегімен іздің суретін салыңдар.

  • Ақ қағаз бетіне қылқаламды бояуға батырып алып, ізді саламыз.

Жарайсыңдар балалар!Ал енді қолдарыңды сүртіңдер. Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар,

Алдымыздан жел есіп.

Кіп – кішкентай ағаштар,

Үлкен болып өседі.

Қортынды:

Боядың түрлері, іздердің әртүрлілігі жайында.

Арақашықтықты сақтай отырып бірдей іздер салуды.

Қылқаламның ұшын баса отырып бірдей бояуды дұрыс пайдалануды

Ұйымдастырылған вариативтік жұмысжос пары

Күні: Вариативтік компонент: «Сиқырлы суретші» Тақырыбы: « Мерекелік отшашу» Мақсаты: Балаларды қарындашты дұрыс пайдаланып сурет салуға жаттықтыру. Мерекені қуанышпен қарсы алу арқылы эмоциялық көңіл күйлерін көтеру. Үзік сызықтардыүйлестіре қосу арқылы отшашудың суретін салуға үйрету. Қоршаған ортаны бақылап, оның өзгерістерін байқай білуге үйрету. Ұқыпты жұмыс жасауға, өз өлкесіне сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.

Балалар мына бейне таспаға қараңдаршы. Бұл бейне таспада қандай мерекені көрдіңдер.

Мереке сендерге ұнайды ма?

Мереке де адамдар көңілді жүр.

Мереке де тағы не көрдіңдер?

Мереке де отшашу жаққанда айнала жап – жарық болып, әдемі түстерге боялады.Отшашу мерекенің нағыз сыйы. Адамдар көтеріңкі көңіл күймен жүреді. Балалар Сендерге отшашау ұнаса суретін салайық. Суретті бастамас бұрын сергіту сәтін жасайық.

Кәне, кәне, тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Тұрсақ енді шеңберге,

Алақанды ұрайық.

Оң жақтағы балаға,

Сол жақтағы балаға.

Шапалақта, шапалақ

Шапалақта, шапалақ.

Алдарыңдағы сурет дәптерде өзіміз тұратын қаланың суреті берілген, жақында еліміздің туған күні болып өтті. Сонда өте әдемі, жарқыраған оттары көп отшашулар атылды, Бояудың өздеріңе ұнаған түстерін пайдаланып, қылқаламмен сызық арқылы сол отшашу бейнесін салып көрейік.Балалар отшашу түрлі түсті жарыққа бөленуі үшін қызыл, сары, жасыл, көк түстерді пайдалануға болады.

Қортынды:

Мерекеде аспанда отшашулар шашылатынын.

Отшашуды тек аспанғаату керектігін.

Қарындашпен әдемі етіп түрлі түсті сурет салуды.

Ұйымдастырылған вариативтік жұмысжос пары

Күні: Вариативтік компонент: «Сиқырлы суретші» Тақырыбы: «Ұзын құлақ сұр қоян» Мақсаты:Бірнеше бөліктерден тұратын пішіндерді үлестіре біуге жаттықтыру, дөңгелек және үлкен – кіші сопақша дөңгелектерді қосу арқылы қоянның бейнесін салуға жаттықтыру. Балалардың аңдарға деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу

  • Балалар бір – бірімен қолдарын ұстасып амандасады да, жақсы көңіл күй сыйлайды.

Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын.

Ұзын құлақ, жылдам аяқты, сәбізді жақсы көретін, ол не?

Балалар мына суретке қараңдаршы.

Бұл суретте нені көріп тұрсыңдар?

Балалар қоян қайда тіршілік етеді?

Балалар қоянның құлағы неге ұзын?

Қоян қалай жүреді?


Дұрыс айтасыңдар балалар қоян өте сезімтал, жылдам секіріп жүреді, Қояндар қорқақ болады. Балалар қоянның түсі қандай?

Олай болса ұзын құлақ сұрқоянның суретін салайық

Қоянның дене мүшелерін: басын дөңгелек, денесін үлкен сопақша, аяқтарын кіші сопақша дөңгелектер болады.

Балалар осы көсетілген үлгілер бойынша қоянның суретін саламыз.

Балалар сурет әдемі болу үшін сұр түсті қарындашпен немесе бояумен солдан оңға қарай бояуға болады.

Сергіту сәті. Қояным, қояным, Орныңнан тұршы, Айнаға қарашы, Шашыңды тарашы. Бетіңді жуушы, Қолыңды жуушы, Орныңда секірші!
Қортынды:

Қоянның дене мүшелерінің атауларын. Қоянның дене мүшелерін, жейтін азық түрлерін. Суретті түрлі түсті қарындашпен біркелкі етіп бояуды.

Ұйымдастырылған вариативтік жұмысжос пары

Күні: Вариативтік компонент: «Сиқырлы суретші» Тақырыбы: «Аққала» Мақсаты: Балалардың қыс мезгілі және қысқы ойындар туралы түсініктерін кеңейту, Аққаланың бейнесін үзік сызықтарды бір – бірімен қосу арқылы салуды үйрету, сурет салуға деген қызығушылықтарын арттыру. Эстетикалық талғамын дамыту.

Балалар қәзір жылдың қай мезгілі?Қыс мезгілінде ауа- райы қандай болады?Балалар қыста қар жауады. Балалар қармен ойнайды. Сырғанақ ойнайды.

Аққала туралы жұмбақ:

Мені ешкім өсірген жоқ,

Мені қардан жасаған.

Мұрным – сәбіз, ернім – ағаш,

Аппақ қармын, мәссаған!

Үп – үлкенмін, сұп – суықпын,

Ал, атымды айтады кім?

Балалар бөлмеде Аққала бар, соны тауып беріңдерші. Балалар алдыларыңда үзік сызықпен көрсетілген Аққаланың

Суреті берілген, сол суретті бастырып, бояймыз. Балалар сызықтың сыртына шығармай бояңдар.

Сергіту сәтіі:

Ауыл алды аққала,

Ақша қарда балалар .

Соғып жатыр Аққала,

Жалқауы жоқ жұмысқа.

Керемет, Жарайсыңдар балалар!

Қортынды:

Қыста болатын өзгерістер жайлы .

Акққаланы үлкен – кіші дөңгелектерді қосу арқылы салуға болатындығын.

Қылқаламмен дайын дөңгелектердің ішін сызықтан шығармай бояуды..

Ұйымдастырылған вариативтік жұмысжос пары

Күні: Вариативтік компонент: «Сиқырлы суретші» Тақырыбы: «Қысқы шыршалар» Мақсаты: Балалрдың сурет салу іскерлік дағдыларын жетілдіру, тіс пастасымен жұмыс істеуге жаттықтыру. Табиғатты сүйе білуге, аялауға, қорғай білуге, ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелеу.


Аппақ, аппақ жапалақтап,

Қар жауады тынбастан.

Қалың орман, қар жамылған,

Маужырайды түңгі аспан.
Балалар терезеден далаға қараңдаршы.Даладағы ағаштардың бәрін қар жауып қалған.Қыста ауа – райы суық, аяз болады. Орманды да аппақ қар жауып қалалды, орманда ақ қардың бетінде аңдардың ізі қалады


Балалар сендерге ақ ұлпа қарлар ұнайдыма?

Ормандағы шыршаны аппақ қар жапқан көрініс ұнайды ма?

Олай болса сурет дәптерде ормандағы шыршалардың суреті берілген, сол суретті тіс пастасымен ақ қардың суретін саламыз.

Мақта оралған таяқшаның көмегімен тіс пастасын алып, шыршаның төбесіне бояңдар. Қар жамылған бейнесін бейнелеңдер. Сүйкеп жағу арқылы жағады.

Негізгі көрініс аясын көкшіл түспен бояуға болады.

Сергіту сәті:

Ақ көрпесін жапты да,

Аяз кенет аптыға,

Айналаны үрледі,
Ақ бораны гуледі.

Қортынды:

Қыста ағаштардың қар жамылатынын, қардың ағаштарға пайдасын.

Қыста ағаштың жапырақтары болмайтынын.

Мақта оралған таяқшамен сүйкей жағу арқылы қардың суретін

Ұйымдастырылған вариативтік жұмысжос пары

Күні: Вариативтік компонент: «Сиқырлы суретші» Тақырыбы:«Сиқырлы таяқшалар» Мақсаты: Балаларды қағаз түрлерімен және түрлі түсті қарындаштармен таныстыруды жалғастыру. Сурет салуға қызығушылықтарын арттыру, қарындашты оң қолмен ұстауға үйретіп жаттықтыру. Шығармашылық қабілеттерін дамыту, дөңгелек, таяқшаларды салуға үйрету. Ұқыптылық пен тазалыққа тәрбиелеу.


Кел, балалар күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Күлкі көңіл ашады,
Күліп – күліп жүрейік. -Балалар бізге бүгін Айсана қонақа келіпті.

- Сәлеметсіңдер ме балалар!

- Балалар мен жолда келе жатып, сиқырлы қорапша тауып алдым, ол қорап біздерді сурет салуға үйретеді. Сендер сурет салғанды ұнатасыңдар ма?

Қорап ішінде неше түрлі таяқшалар бар. Бар сиқыр осы қарындаштың қшында екен. Бұл сиқырлы таяқшалар.Балалар қарындашты алып қатты баспай әдемілеп сызықтар сызамыз. Қызыл, сары, жасыл, көк түстерімен сызамыз.Ол үшін бізге қатты қағаз керек. Қарындашты оң қоға, үш саусақпен ұстап, қатты баспай сызықтар, нүктелер, дөңгелектер сызамыз. Балалар Айсананың досы күлдіргіштің қолындағы шарларының жіптері үзіліп қалыпты. Шарлар жеңіл болғандықтан ұшып кетуі мүмкін. Өздерің қалаған түспен шарды бояимыз да, жіп тағып сызып қоямыз. Сергіту сәті: Оң саусағым шаршады, Сол саусағым шаршады. Саусақтарым бірігіп, Билеп, билеп алады. Жарайсыңдар балалар! Қортынды: Қарындашпен дұрыс сурет салуды, қарындашты үш саусақпен ұстауды. Әртүрлі суреттер салуға болатындығын. Сызықтар, дөңгелектер салуды.

Ұйымдастырылған вариативтік жұмысжос пары

Күні: Вариативтік компонент: «Сиқырлы суретші» Тақырыбы: «Қар кесегі» Мақсаты: Балалардың қыс мезгілі, қар туралы түсініктерін кеңейту. Көк түс пен ақ түстің бір – біріне үйлесімділігіне көңіл бөлуді үйрету. Тіс пастасын сұқ саусақты малып, қар кесегін салуды үйрету. Табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.


Аппақ, аппақ жапалақтап,

Қар жауады тынбастан.

Қалың орман, қар жамылған,

Маужырайды түнгі аспан.

Балалар сендер балабақшаға келе жатқанда жерде нені көрдіңдер?

Қардың түсі қандай?

Қардың түсі аппақ, өзі суық. Балалар сендер қолдарыңа қарды ұстасаңдар, қолдарың тоңып қалады.

Жұмбақ:

Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тоңады,
Ол не? Балалар иллюстрациялық суреттерді көрейік.Балалар қар жылдың қай мезгілінде жауады?Қыс мезгілінің басқа мезгілден айырмашылығы неде?Балалар сендер қармен далада не істейсіңдер?Қайтып ойнайсыңдар?Дұрыс қар кесегімен ойнайсыңдар. Ал енді қарт кесегін көз алдыларыңа елестетіп, қолдарыңа ұстап, жентектеп бір – біріне лақтырған қимылды жасаңдар.Балалар енді сурет дәптерде берілген қар кесегінің суретін, сұқ саусақты иіс пастасына батырып қар кесегінің бейнесін салыңдар. Қарды көп салып, үлкен қар үйіндісін жасайсыңдар.

Сергіту сәті: Ақ көрпесін жапты да, Аяз кенет аптыға, Айналаны үрледі, Ақ бораны гуледі,

Қортынды:

Қыс мезгіліндегі табиғаттағы құбылыстарды.

Қардан әртүрлі бейнелер жасауға болатынын.

Сұқ саусақпен қар кесегін салуды.

Ұйымдастырылған вариативтік жұмысжос пары

Күні: Вариативтік компонент: «Сиқырлы суретші» Тақырыбы: Атама арналған тымақ.

Мақсаты: балаларды ер адамға арналған баскиімнің түрлерімен, олардың ерекшеліктерімен, баскиімнің басқа да киімдерден өзгешелігімен таныстыру, қазақ халқының салт-дәстүрін сыйлап-қадірлеуге тәрбиелеу.

Балаларға қонаңқа қарт атай

(жоғары сынып оқушысына рөл

ойнатуға болады) келеді. Ол өзімен

бірге балаларға сыйлыңқа құрт ала келеді. - Балалар, атай сендерді дұрыс ести алмай отырған сияқты, себебін сұрап та үлгердім. Атай баскиімсіз

жүрем деп, құлағына суық тигізіп алыпты. Атайдың құлағы жақсы естуіне көмектескілерің келе ме?Атай сендерге сыйлығын алып асығып келе жатқанда, боран басындағы тымағын ұшырып,ол қалың болғандыңтан, тек қыс айларында ғана қолданылады. Өзінің пішініне қарай ол бас пен желкені, мойынды суықтан, қатты желден қорғайды. Себебі құлақшалары болады. Тымақ жануарлар терісінің сыртынан қалын матамен қапталып тігіледі. Сергіту сәті: Ал, балалар, тұрайық, Алақанды ұрайық. Бір отырып, бір тұрып Біз тынығып алайық. - Балалар, енді үлгі ретінде ілінген суретке қарап отырып, тымақтың суретін салып, қонаққа келген атамызға тарту етейік. Зер салып қарап алыңдар, тымақ неше бөліктен тұрады? Оның әрқайсысын жеке салған дұрыс па, әлде біріктіріп саламыз ба? Ата балаларға алғысын білдіреді. Тапсырманы жаңсы орындаған балаларды тәрбиеші ерекше атап шығады. Тымақ деген қандай болатынын білесіңдер ме?Адамдарға арналған баскиім.

Қортынды: Ер адамның баскиімі тымақ туралы мәліметтерді, оның қандай бөліктерден құралатыны туралы біледі. Тымақтың суретін салу дағдысын игереді. Тымақтың түрімен бірге құлақшадан тұратынын және оның тері сыртынан қалың матамен қапталып тігілетінін меңгереді.

Ұйымдастырылған вариативтік жұмысжос пары Күні: Вариативтік компонент: «Сиқырлы суретші» Білім беру саласы: «Шығармашылық» Бөлімі:Сурет салу Тақырыбы: «Әдемі көйлек» Мақсаты: Көйлек үлгісін әшекейлеуге үйрету. Саусақпен немесе мөртаңбалармен, қылқаламмен сурет салудағдыларын қалыптастыру. Эстетикалық талғамын арттыру, әдемілікке тәрбиелеу. Билингвальды компонент: көйлек – платье, әдемі – красивая. Сөздік жұмыс: әдемі көйлек Көрнекілігі:демонстрациялық материалдар, қуыршақ Айсана. Мотивациялық-қозғаушылық


Балалар қуыршақ Айсан жылап отыр екен. Айсананы кім ренжіткенін сұрайықшы.
Маған ешкім тиіскен жоқ... Бірақ күшік досым қонаққа шақырған, қонаққа киетін әдемі көйлегім жоқ деп жылап отырмын. Балалар Айсанаға көмектесеміз бе? Ұйымдастырушылық-ізденістік Балалар әдемі көйлекті дөңгелектермен әшекейлеу үшін мөртаңбаны, қылқаламды, Саусақтарыңды пайдалануға болады.Қылқаламның көмегімен,


сұқ саусақтарыңмен пайдалануға болады. Қылқаламның ұшымен тамызып бояуға, мақта оралған таяқшалар арқылы дөңгелек түсіруге болады, Сүрткішті дұрыс пайдалану керек. Бір – бірлеріңе бөгет жасамай дұрыс отыруларың керек. Сергіту сәті: Орнымыздан тұрамыз, Белімізді жазамыз. Жоғары – төмен қараймыз. Оңға-солға, түзу тұр. Бойымызға күш жинап,
Біз демалып қаламыз.

Рефлексиялық-түзетушілік Балалар Айсана сендердің әдемі көйлек салғандарыңа қуанып, күшік досының үйіне баратындығын айтып жатыр. Сендерге рахметін айтып жатыр. Тыныс алу жаттығуымен аяқтаймыз. Күтілетін нәтиже:

Біледі: Көйлекте әртүрлі болатындығын. Игереді: маңайындағы басқа адамдарға көмектесу қажеттігін. Меңгереді: мөртаңба, қылқалам, саусақтардың көмегімен әдемі көйлекті әшекелей білуді.

Ұйымдастырылған вариативтік жұмысжос пары Күні: Вариативтік компонент: «Сиқырлы суретші» Білім беру саласы: «Шығармашылық» Бөлімі:Сурет салу Тақырыбы: «Саты» Мақсаты:Балаларға жануарлардың бейнесіне лайқты дауыс ырғағына қарай баспалдаққа орналастыруды түсіндіру. Керіктің мойынының ұзындығына қарай түрлі бағыттарға сызықтар жүргізіп, оларды қиыстырып, саты салуға үйрету. Музыканы көғіл күйлеріне қарай қабылдау сезімдерін дамыту. Жануарларға деген сүйіспеншілікке, қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу. Билингвальды компонент: Саты – лесница, керік - жираф Сөздік жұмыс:саты, баспалдақ Көрнекілігі:демонстрациялық материалдар, қиылған жануарлар суреті, металлофон Мотивациялық-қозғаушылық


Балалар мен бүгін металлофон аспабын тауып алдым. Міне аспабты таяқшамен ұрып ойнайды.Солдан оңға, біртіндеп жоғары, оңнан солға біртіндеп төмен ұрғанда әртүрлі дауыстар шығады.

Балалар сендер саты дегенді қалай түсінесіңдер?Мына суретте сатының түрлері бар.Саты баспалдақтардың санына, ұзындығына қарай
бөлінеді. Ұйымдастырушылық-ізденістік Кәне, балалар алдыларыңдаға саты тұр. Сатының баспалдақтарында жануарлардың, суреті бар. Суреттер рет – ретімен орналасқан. Кәне, балалар мен сатының баспалдақтарындағы жануарларды атап қалай дыбыстайтынын айтамыз. -Әтеш ерте тұрады. -Сондықтан ол бірінші баспалдақта тұр. -Әтеш қалай дыбыстайды? -Ал, мысық қалай дыбыстайды?


Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз,

Белімізді жазамыз.

Жоғары – төмен қараймыз.

Оңға-солға, түзу тұр.

Бойымызға күш жинап,

Біз демалып қаламыз.

Сөздік жұмыс: саты, баспалдақ.
Биалангвальды компонент: керік – жираф, саты – лесница Сатының баспалдақтарына жанурларды даусына қарай орналастырамыз. (қораз, мысық, күшік).Балалар енді мойны ұзын жанурға, керікке саты салып берейік. Мынау күшік . Күшік үреді. Балалар сендер сатыны әдемі етіп салдыңдар

  • Сатыны кімге жасадыңдар?

-Балаларкерік сендерге рахметін айтып, ризашылығын білдірді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: жануарлардың дауыс ырғықтары әртүрлі болатындығын.

Игереді:саты баспалдақтардан құралатындығын.

Меңгереді: түзу сызықтарды сызу,бір – бііріне қосуды.


Ұйымдастырылған вариативтік жұмыс жоспары Күні: Білім беру саласы: «Шығармашылық» Бөлімі:Сурет салу Тақырыбы: «Қуыршақтың мойынорағышы» Мақсаты: Балалардың мойынорағыш туралы түсініктерін қалыптастыру. Мойынорағыштың суретін салуда сызықтарды дұрыс сызу және ұқыпты бояй білуге үйрету. Ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелеу. Сөздік жұмыс: мойынорағыш, баскиім. Көрнекілігі:демонстрациялық материалдар, қуыршақ Айсана, қуыршақ киімдері. Билингвальды копонент: мойынорағыш - шарф. Мотивациялық-қозғаушылық Шаттық шеңбері: Шаттанайын менде, Шаттанасың сенде, Шаттанайық бәріміз, Арайлап аттқан күнде. Балалар менде кішкене әдемі сандықша бар, сол сандықшаның ішінде Айсананың киімдері бар.Балалар киімдер жыл мезгіліне қарйай іәртүрлі болады. МысалыАйсананың қысқы киімдері. Мынау баскиімі, шапаны, қолғабы, етігі. Ал, балалар Айсананың мойынорағышы жоқ екен.
Айсана далаға шығамын дейді, бірақ мойынорағышым жоқ дейді. Айсанаға мойынорағыш жасап береміз бе? Мотивациялық-қозғаушылық Шаттық шеңбері: Шаттанайын менде, Шаттанасың сенде, Шаттанайық бәріміз, Арайлап аттқан күнде. Балалар менде кішкене әдемі сандықша бар, сол сандықшаның ішінде Айсананың киімдері бар.Балалар киімдер жыл мезгіліне қарйай іәртүрлі болады. МысалыАйсананың қысқы киімдері. Мынау баскиімі, шапаны, қолғабы, етігі. Балалар суреттегі мойынорағышқа көңіл бөліп қараңдаршы. Мойынорағышта әр түсті жолақтар бар. Кәне, балалар әр жолақтардың түстерін атайықшы: қызыл, сары, ақ, көк, жасыл. Балалар алдыларыңда үзік сызықпен сызылған жолақтар бар. Сол үзік сызықтардың үстінен бастырыңдар. Ал, енді жолақтарды рет – ретімен түрлі – түсті қарындаштармен бояңдар.Балалар жолақтардың сыртына шығармай бояңдар. Сергіту сәті: Тербеледі ағаштар, Алдымнан жел есті, Кіп – кішкентай балалар Кіп – кішкентай балалар Үлкен болып өседі.


Рефлексиялық - түзетушілік Балалар , сендер салған мойынорағыштар қуыршақ Айсанаға ұнады, Кім қандай түсті пайдаланды?

Балалар сендердің салған суреттерің әдемі болып шықты.
Ал, балалар енді «Қуыршақты киіндір» ойынын ойнап бүгінгі оқу қызметімізді аяқтаймыз.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: қуыршақ киімдерінің атауларын .

Игереді: мойынорағышты салуды.

Меңгереді: бояу қарындашпен біркелкі бояуды.
1   2   3


написать администратору сайта