Бір затты топтан бөледі және топтарға біріктіре алады;
| Біртекті заттарды құрастырады және бөліп алады;
| Заттарды қатарға реті, шамасы бойынша оң қолымен солдан оңға қарай қояды;
| Екі қарама – қарсы және бірдей заттарды ұзындығы мен ені, биіктігі бойынша беттестіру және тұтастыру арқылы салыстырады;
| Геометриялық пішіндерді таниды және айтады: дөңгелек, шаршы, үшбұрыш; өзіне қатысты кеңістікті бағдарлай алады;
| Тәулік бөліктерін – таңертең, күндіз, кеш, түнді таниды және атайды;
| Әртүрлі түстегі және пішінді бөлшектерден қарапайым құрылыстар құрастыра біледі;
| Құрылыс бөліктерін ажыратады және атайды; өзі құраған құрылысын қуыршақтың , ойыншықтардың өлшемдерімен үйлестіреді;
| Сюжеттік ойын міндеттерін пайдалана отырып, ірі және ұсақ құрылыс материалдарынан заттар құрастыра алады;
| Түрлі тәсілдерді пайдаланып, қағаз беттерін түрлендіреді;
| Ауа – райының жағдайын анықтай алады;
| Туған өлкенің кейбір өсімдіктері туралы ұғымдарға ие.
| Кейбір көкөністер мен жемістерді дәмін ажыратады және атайды;
| Жануарлар мен олардың төлдерін өздеріне тән белгілері бойынша ажыратады және атайды;
| Құстардың мінез – құлқындағы ерекшеліктерге назар аударады;
| Табиғат бұрышының тіршілік иелеріне қызығушылық танытады;
| Табиғатта өзін ұстай білу ережелері туралы біледі.
|