Сурет салу техникасының бастапқы дағдыларына ие;
| Сызықтарды, штрихтарды, дақтарды, бояуларды ретімен қолдана біледі;
| Негізгі түстерді дұрыс атайды;
| Қарапайым сюжеттік композицияларды құрайды, қағаз бетіне бейнені тұтас орналастыра алады;
| Пішіндерді бояудың бастапқы дағдыларын игерген; сурет салудың дәстүрден тыс техникасына қызығушылық танытады:
| Сазбалшықтың, ермексаздың және қамырдың кейбір қасиеттерін біледі;
| Мүсіндеудің әртүрлі тәсілдерін пайдаланады;
| 1-3 бөліктен тұратын заттарды жая алады;
| Мүсіндеуге қажетті негізгі техникалық дағдылар мен біліктерді игерген.
| Желімдеу техникасының бастапқы дағдыларын игерген;
| Бейнеленетін заттарға сәйкес түрлі – түсті қағаздардан дайын пішіндерді таңдай алады;
| Ересектер даярлаған ірі және барынша ұсақ элементтерді орналастырады және желімдейді;
| Оюдың әсемдігін, орналасуын байқайды, оларды бөліктерге бөледі;
| Желім қалдықтарын жою үшін майлықты пайдаланады.
| Таныс әндерді, пьесаларды біледі;
| Музыканың сипатын сезінеді: ән, марш;
| Музыкалық және шулы ойыншықтардың, балаларға арналған аспаптардың дыбысталуын ажыратады;
| Билейтін әуендерге сәйкес қарапайым қимылдар орындайды.
|