Прпр. Ерлан Русланлы Баймаамбетовке мінездеме ерлан Русланлы Баймаамбетов
Скачать 16.61 Kb.
|
Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультеті Қазақстан тарихы және дүниежүзі тарихы кафедрасының 5В011400 – «Тарих» мамандығының IV курс студенті: Ерлан Русланұлы Баймағамбетовке МІНЕЗДЕМЕ Ерлан Русланұлы Баймағамбетов – № 34 көпсалалы мектеп – гимназиясында 20.01.2020 – 01.03.2020 жж. аралығында өндірістік практикадан өтті. Өндірістік практикадан өту кезінде Ерлан Русланұлы Баймағамбетов өзін жақсы қырынан көрсете білді. Практиканың алғашқы күнінен бастап оқушылармен қатар мектеп ұжымымен танысып, тез тіл табысып, оларды өзінің мәдениеттілігімен, кішіпейілдігімен, қарапайымдылығымен өзіне баурай білді. Бірінші күннен бастап – ақ өз ісіне ұқыптылығымен, жауаптылығымен, тиянақтылығымен көрінді. Берілген жұмысты уақытылы және сапалы орындай білді. Күнделікті мектепке келіп өндірістік практикадан өтті. Мектепте, мектептен тыс болған іс – шараларға белсене қатысты, біліктілігін көрсетті. Мектептегі мұғалімдер ұжымымен жақсы қарым – қатынаста болды. Ерлан Русланұлы Баймағамбетов тәжірибе барысында мектепке үнемі мол дайындықпен, көп ізденіспен келеді. Студент – практиканттың орындауға міндетті қызметтерді: мектептің ішкі – тәртіп ережелерін, қауіпсіздік техникасы мен санитарлық техника ережелерін қатаң сақтады, барлық тапсырмаларды толықтай орындап, мектеп әкімшілігі мен практика жетекшісіне өндірістік практика есебін тапсырды. Практика нәтижесін анықтау мақсатында мектеп әкімшілігі, пән мұғалімдері мен оқушылармен сұхбат өткізілді. Алған теориялық білімін практика жүзінде толықтай қолдана білді деген қорытындыға келді. Ұйымдастырушылық қабілеті бар, мінезі ашық, өз жұмысына ынталы, мектептің барлық мұғалім – қызметкерлерімен тез тіл табыс алды. Ең бастысы, табиғатынан педагог мамандығы бойына беріле отырып, өз мамандығын таңдауда қателеспегендігі. Методикасы мықты педагог біле білді. Сынды дұрыс түсінеді, кемшіліктерін тез түзетуге тырысады. Сабақтарында тест тапсырмалары, топтық тапсырмалар, қызықты өткізе білуімен оқушыларды өзіне тарта білді. Өз сабағымен қатар, 8 «ә» сыныбына жетекшілік жұмысты да атқарды. Әрбір тәрбие жұмыстары жаңашылдықпен өткізіліп, оқушылар құрметіне ие болды. Өндірістік практика кезінде өткізген іс – шаралары (ашық сабақ және тәрбие жұмыстары), қорытынды есептері мен күнделіктері қаралды, есебі тыңдалды және шынайы бағаланды. Ерлан Русланұлы Баймағамбетов болашақта білімді де білікті, үлгілі еліне адал қызмет ететін азамат болатынына сенеміз. Өндірістік практиканы 100% (үздік) деп бағалаймыз. Ерлан Русланұлы Баймағамбетовтың өткізген іс – шаралар (ашық сабақ және тәрбие жұмысы) тізімі
Өндірістік практиканы 100% (үздік) деп бағалаймыз. № 34 көпсалалы мектеп – гимназиясының директоры О.Х. Хуандыкова Практика жетекшісі, тарих пәнінің мұғалімі А.М. Қадіров Сынып жетекшісі Г.К. Кусанова |