Главная страница

Акпаратты коргау. Ф со пгу 18. 205 азастан Республикасы Білім жне ылым министрлігі


Скачать 423 Kb.
НазваниеФ со пгу 18. 205 азастан Республикасы Білім жне ылым министрлігі
Дата04.09.2022
Размер423 Kb.
Формат файлаdoc
Имя файлаАкпаратты коргау.doc
ТипДокументы
#662024
страница5 из 13
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Өзіндік қорғау құралдары


Өзіндік қорғау құралдарын төмендегідей сұлба арқылы бейнелеуге болады:

Өзіндік қорғау



құжаттау машиналық код сүйемелдеу шектеулі тапсырыспен авторлық

қолданыс жобалау құқық
Сур.2. Өзіндік қорғау

Бағдарламалық жабдықты сүйемелдеуші құжат авторлық құқық субъектісі болып саналып, қорғау функцияларын орындай алады. Бағдарламалық жабдық құжатсыз толық бағалы түрде қолданыла алмайды.

Бағдарламалық жабдыққа есептеуіш жүйенің бейімделуі қажет болған кезде бағдарламаны өңдеуші тарапынан сүйемелдеудің маңызы ерекше.

Шектеулі қолданыс пайдаланушылар шеңберін шектейді, бағдарламалық жабдық санаулы қолданушылар шеңберінде пайдаланылады.

Тапсырыспен жобалау – бағдарламалық жабдықты арнаулы мақсатқа өңдеу. Егер бағдарлама сирек қолданылатын болса, онда бағдарламаның коммерциялық мақсатта ұрлану қаупі де аз болады.

Стандартты бағдарламалық модульдер бағдарламаны сәйкестендіретін, авторлық құқық беретін ерекше белгімен жабдықталады. Жеке таңбалау құны сауда-саттық түсімінен күтілетін түсіммен шамалас болуы керек.


Сұрау салу арқылы ақпаратты қорғау


Қосымша ақпараттың жұмысына парольдер, нөмірлер, кілттер түрінде талап етілетін бағдарламалар сұрау салу арқылы ақпаратты қорғау түріне жатады.


Қосымша ақпаратты сұрау салу арқылы қорғау



Сур.4. Ақпаратты сұрау салу арқылы қорғау

Парольдер – жүйеге ену үшін қажетті кілттер ретінде қарастырылады және ақпарат тұтастығын сақтауды қамтамасыз етеді бірақ, олар басқа мақсаттар үшін де қолданылады, мысалы, дискіенгізгіште жазуды бұғаттауда, мәліметтерді шифрлеу командаларында, т.б.

Парольдерді 7 негізгі топтарға бөледі:

  • қолданушы орнататын парольдер;

  • жүйемен генерацияланатын парольдер;

  • енудің кездейсоқ кодтары;

  • жартылай сөз;

  • кілттік фазалар;

  • “сұрақ -жауап” түріндегі интерактивті тізбек;

  • “қатаң ” парольдер.

Шифрлер - ақпаратты түрлендіруге арналған криптографиялық әдістерді пайдалану. Шифрлер криптоаналитиктер үшін қарапайым болу керек, бірақ кәдімгі пайдаланушылар үшін файлға қол жеткізуді қиындатады. Бағдарламаларды, идентификациялық белгілерді шифрлеуге болады. Бағдарламаны қорғауға арналған шифрдың негізгі сипаттамасы - кілттік шифрдың үзындығы болып саналады.

Сигнатуралар – қорғаныс үшін пайдаланылатын және бағдарламалық тәсілмен тексерілетін электронды есептеуіш машинаның бесаспап сипаттамасы.

Қорғау аппаратурасының көмегімен бағдарламны қорғаудың негізгі принципі – тұрақты есте сақтау құрылғысымен оперативті есте сақтау құрылғысынан бағдарламаларды рұқсатсыз көшіру кезінде бағдарламның өздігінен жойылып кетуіне арналған сигналдарды өндіру.

Арнайы микропроцессорлар (МП) – арнайы оптикалық құрылғы, стандартты интерфейс арқылы қосылады, сұрау салуға кейбір сандық реттілікпен үндеседі. Кемшілігі – бағдарламамен басқарылады.

Электр интеллектісімен қорғау – күрделі қорғаныс алгоритмін таратушы арнайы микропроцессоры бар электронды қорғаныс құрылғыларының бірі.

Тікелей қорғау құралдары-егер құпия ақпараттардан тұратын модульды бұзатын болса, тікелей қорғау динамикалық жады қорегін бұғаулайды да, құпия ақпараттарды жояды.

Активті қорғау құралдары



Активті қорғау құралдары екі топқа бөлінеді: компьютер құрамындағы және оған қатысты емес ішкі және сыртқы активті қорғау құралдары. Ішкі құралдар бағдарламаны бұғаулайды немесе жояды. Активті қорғаудың ішкі құралдарына уақытқа, күннің жадына құрылған қорғау кілттері жатады немесе рұқсатсыз қатынас құруға қарсылық, ескерту, еске салу немесе бақылауды ұйымдастыру түрінде болады. Активті қорғаудың сыртқы құралдары - жалпы қабылданған дабыл сигналдары, авторлық этикетті басып шығару, дыбыстық ескертулер, бақылау, иемденуші жөнінде деректерді басып шығару сияқты белгілерден тұрады.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


написать администратору сайта