Акпаратты коргау. Ф со пгу 18. 205 азастан Республикасы Білім жне ылым министрлігі
Скачать 423 Kb.
|
Пассивті қорғау құралдарыПассивті қорғау құралдарына сақтандыру, алдын-ала ескерту, бақылау, сондай-ақ қолайсыз жағдайды болдырмау үшін көшіруді дәлелдейтін және айғақ іздейтін бағыттағы әдістер жатады. Бақылау құрылғысы-деректерге жол ашу, оқиғаларды тіркеу немесе қатынас құру құрылғыларын қорғаудың жалпы бөлігі ретінде қолданылады. Қолданушы түпнұсқадан айыра алмайтындай дәл көшірмені құруға бөгет жасайтын болғандықтан «сулы белгілерді» қолдану жасанды әдістерді қолдану сияқты ерекше орын алады. Қорғаудың психологиялық әдістері ұрланған бағдарламалық өнімде қорғау құрылғылары сақталуы мүмкін деген ойды есіне сақтауға мұқтаж етіп, бұзушыға сенімсіздік тудырып, психологиялық күш салуға негізделген. Сондықтан бағдарламалық қамтамасыз етуге қорғау механизмдері тұрғызылған деген хабар жіберу тиімді. Бағдарламаға айрықша таңбалар енгізудің көтеген қулық әдістері таралған және осының нәтижесінде өзінің барлық кілттер мен қорғау механизмдерін жойғандығына көз жеткізе алмайды, сенімсіздік пайда болады. Тақырып 4. Компьютерлер мен желілердегі ақпаратты қорғаудың бағдарламалық құралдары. Компьютерлік вирустарды жіктеу, өмір сүру ортасына жұғу тәсілдері. Вирустарды белсенді ету тәсілдері. Вирустардың бұзушылық әрекеттері. Вирустардың болу белгілері. Басқа қауіпті бағдарламалар. Антивирустық құралдар. Вирустармен күресудің болашақтағы тиімді бағыттары. Есептеу жүйесіне немесе желісіне бағдарламалық өніммен танысу, орындау, жою, ұрлау мақсатында рұқсатыз ену талаптары -компьютерлік қарақшылық деп аталады. Мұндай құбылыстың алдын-алу үшін операциялық жүйені, бағдарламалық жабдықты қорғауға, рұқсатсыз енуді бақылауға, бұзушылар категориясын және қолданылатын әдістерді анықтауға арналған қорғаныс түрлері бар. Хакерлер категориясы: Хакер –дилетанттар; Хакер-мамандар(маманданған хакерлер) болып бөлінеді. Дилетант хакерлер: бағдарламаның тағайындалу мақсатын анықтау үшін қол жеткізуге тырысады; ойын бағдарламаларына қол жеткізуге ұмтылады; бұзақылық мақсатпен із қалдырып деректерді жойып жібереді. Бұл категориядағы хакерлерге түрткі болған нәрсе, эмоциялық тілегін қанағаттандырудан бастап, жүйені басқаруды жүзеге асыру. Хакерлер ісіне түрткі болатын жағдайлар: басшылық тарапынан олардың ісіне көзқарас; фирмадағы еңбегін құрметтеу жүйесіне көңілінің толмауы; ашудан туған қасақаналық. Хакердің болуының өзі жүйені қорғау мәселесіне жауапты қарауды, жүйеге рұқсатсыз енудің алдын-алып, оларды тауып жазалауды талап етеді. Хакерлер-мамандар – төмендегі мақсатты көздейтін қылмысты топтар: саяси; өндірістік тыңшы; пайдакүнем. Компьютерлік айла –шарғымен олар фирмаға үлкен материалдық залал әкеледі. Мұндай әрекеттер алдын-ала жоспарланып істі білетіндермен жүзеге асады. Қарақшылар- маманданғандар олар өзі іс әрекетіне фирманың бұрынғы және қазіргі қызметкерлерін тартады. Виустар және „трояндық ат”тәріздес қолданбаларВриустар деп-пайдаланушының жұмыс бекеттерінде белгілі бір жағымсыз функцияларды орындау үшін басқа бағдарламаларға ендірілетін зиянды бағдарламаларды айтады. Троян аты- жұмыс барысында ақпарат тарату қызметіне араласып кететін, іс жүзінде зиянды рөл орындайтын бағдарлама. Сонымен, бағдарламалық вирус-басқа бағдарламалардың құрамына өзін-өзі ендіретін және одан кейін ақпараттық есептеу жүйелерде өзінен-өзі көбейетін және өзін-өзі тарататын қабілеті бар жеке жұмыс істейтін бағдарлама. Вирустардың көбі өз жұмысын компьютердің әрбір жүктемеленуі кезінде бастайтындай етіп оның жүйелік файлдарын өзгертеді. Мұндай вирустардың көбею мүмкіндігі өте жоғары. Әдетте вирустар СОМ және ЕХЕ файлдарға жақын жүреді. Вирустарға және „трояндық аттарға” қарсы күрес тиімді вирусқа қарсы бағдарламалық қамтаманың көмегімен жүргізіледі. Вирусқа қарсы бағдарламалардың мысалы ретінде вирусқа қарсы сканерлер, мониторлар және иммунизаторлар сияқты түрлерін атап өтуге болады. „Трояндық бағдарлама” деп мыналарды айтады: функциялары пайдаланушыға мәлім бағдарламаның бір бөлігі болып келетін және оған зиян келтіру мақстында қосымша әрекет орындай алатын бағдарлама; пайдаланушыға мәлім функцияларына жасырын әрекет орындай алатын бағдарлама. Экрандық имитатор – пайдаланушылардың кодын, паролін анықтау мақсатымен қолданылатын терминалды немесе имитаторларды модельдеу бағдарламасы. Шын пайдаланушыға пароль ұсынушы экран шығады. Экрандық имитатор бұл парольді хакер файылына жазады да жұмысты тоқтатады. Қазіргі заманғы операциялық жүйелердің экрандық имитатор жұмысын тоқтататын құралы бар. |