Главная страница
Навигация по странице:

  • Интерлейкин – 1

  • Интерлейкин-2

  • Интерлейкин – 3

  • Қорытынды

  • Иммунология. срсп иммун 4 Интерлейкиндер. Факультет Жалпы Медицина


    Скачать 55.37 Kb.
    НазваниеФакультет Жалпы Медицина
    АнкорИммунология
    Дата21.09.2020
    Размер55.37 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файласрсп иммун 4 Интерлейкиндер.docx
    ТипДокументы
    #138880




    СОӨЖ

    Орындаған: Иманалиева А.Е.

    Факультет: Жалпы Медицина

    Топ: 202 А


    Жоспар:

    1. Кіріспе

    2. Негізгі бөлім

    • Интерлейкиндердің жалпы сипаттамасы және түрлері

    • Интерлейкиндер қызметтері

    • Интерлейкиндерді алу әдістері

    1. Қорытынды

    2. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

    Кіріспе
    Барлық жасушалар белгілі қызмет атқарады және бір- бірімен әрекеттеседі, ол биологиялық емес зат – цитокинмен – иммунды реакция реттеушісі арқылы жүзеге асырады. Цитокиндер – иммунды жүйенің әртүрлі класстары бір-бірімен ақпарат алмасып, қорғаныс координациясын жүзеге асырады. Клетканың бетіндегі рецепторларға әсер етуші цитокиндер «цитокин ортасы» - ауысып отыратын сигналдар матрицасы болып табылады. Әртүрлі тіндерде өзінің сау «цитокинді ортасы» болады. Цитокиндердің бірнеше түрі табылған.

    Цитокиндер – лимфоциттер өздерімен және де фагоциттермен әрекеттескенде басты маңызды элемент болып табылады. Т-хелпер цитокині әртүрлі клеткалардың жұмысын координациялауға көмектеседі. 1970 ж. интерлейкиндер ашылғаннан бері 20 биологиялық белсенді заттар табылған. Әртүрлі цитокиндер иммунокомпонентті клеткалардың дифференцировкасын, пролиферациясын реттейді. Мұны цитокиндердің клиникалық қолданылуында ескеру қажет.

    Цитокиндер өздерінің рецепторларының белсенуі арқылы әсер көрсетеді. Цитокиндердің бөлінуі функциясына байланысты емес, ол үшжақты структура сипатына байланысты. Олардың жарты бөлігі Т- клеткамен өндірілген. Цитокиннің басты биологиялық активтілігі- дамудың барлықө этапындағы иммунды жауаптың реттелуі.

    Цитокиндер әр түрлі үрдістерді қамтамасыз етеді:

    • Функциональды белсенді иммунокомпонентті клеткалардың пролиферациясымен дифференцировкасы;

    • Хемотаксис антиген экспрессиясы және әр түрлі маркерлердің өзгеруі;

    • Иммуноглобулин синтезінің қайта қосылуы;

    • Макрофагтардың цитотоксикалық қасиетінің индукциясы;

    • Қабыну ошағының қалыптасуы.

    Цитокиндердің негізгі топтары

    • Құрылыс ерекшеліктері мен биологиялық әсеріне қарай барлық цитокиндер бірнеше өзіндік топтарға бөлінеді:

    • Гемопоэтиндер;

    • Интерферондар;

    • Иммуноглобулиндердің супер топтык цитокиндері;

    • ФНО- тобы цитокиндері, хемокиндер.

    Иммундық жүйенің белсенділігі жоғары ерекше қан жасушалары және ұлпаларының үйлесімді қызметімен белгіленеді, ал қызметі ерекше заттармен реттеледі. Бұл заттар интерлейкиндер, иммундық жүйенің гормондары деп саналады. Қазіргі күнде интерлейкин белгілі.
    Интерлейкин

    Интерлейкиндер ағзада иммундық және қабыну реакцияларының реттегіш жүйесінің медиаторы ретінде қызмет атқарады. Интерлейкиндер әсерінің спектрі кең, соның ішінде:

    • Интерлейкин лимфоциттерді стимулдейді де иммунитеттің қажетті деңгейін қамтамасыздандырады.

    • Ағзаның температура реакциясының дамуын қамтамасыз етеді.

    • Жедел фаза ақуыздарының синтезін активтендіреді. Оларды зақымданған жасушалардың аймағына тартады.

    • Қан түзу элементтерінің түзілуін стимулдейді.

    • Сүйек және шеміршек ұлпаларының жаңаруына қатысады.

    • Ағзаны ісік жасушалардың әсерінен қорғайды.

    • Орталық және шеткі жүйенің реакцияларына қатысады.


    Қартая бастағанда жұқпа мен ісік дамуы барысында және басқа патологиялық процестерде интерлейкин қатысуымен жүзеге асатын реттеу механизмдері бұзылады. Нәтижесінде қорғаныш реакциялары тежеледі. Мысалы, СПИД ауруларында интерлейкин жоқ болады. Күйік, анемия және аутоиммунды аурулардың көбісінде аллергия дамығанда интерлейкин түзілуі жоғарылайды.

    Клиникалық және эксперементтік зерттеу нәтижелерінде көрсеткендей интерлейкинді енгізген соң ағзада реакциядан, жұпалардан, септикалық шоктан, т.б. аурулардан қорғау процестері стимулденеді. Сонымен, интерлейкиндерді аурулардың диагностикасын жасағанда және оларды емдегенде тиімді пайдалану мүмкін. Сондықтан медициналық бір маңызды мақсаты интерлейкиндерді көп мөлшерде алу. Ең бірінші жақсы зерттелген 2 интерлейкин болды.

    Интерлейкиндер ағзада иммундық және қабыну реакцияларының реттегіш жүйесінің медиаторы ретінде қызмет атқарады.

    Интерлейкиндер спектрінің әсері кең, соның ішінде:

    • Интерлейкин лимфоциттерді стимулдейді де иммунитеттің қажетті деңгейін қамтамасыздандырады.

    • Ағзаның температура реакциясының дамуын қамтамасыз етеді.

    • Жадел фаза ақуыздарының синезін активтендіреді. Оларды зақымданған жасушалардың аймағына тартады.

    • Қан түзу элементтерінің түзілуін стимулдейді.

    • Сүйек және шеміршек ұлпаларының жаңаруына қатысады.

    • Ағзаны ісік жасушалардың әсерінен қорғайды.

    • Орталық және шеткі жүйенің реакцияларына қатысады.

    • Қартая бастағанда жұқпа мен ісік дамуына және басқа патологиялық процестерде интерлейкин қатысуымен жүзеге асатын реттеу механизмдері бұзылады. Нәтижесінде қорғаныс реакциясы тежеледі. Мысалы: СПИД ауруларында интерлейкин жоқ болады. Күйік, анемия және аутоиммунды аурулардың көбісінде аллергия дамығанда интерлейкин түзілуі жоғарылайды.

    • Клиникалық және эксперименттік зертттеу нәтижелері көрсеткендей интерлейкинді енгізген соң ағзада радиациядан, жұқпалардан, септикалық шоктан т.б. аурулардан қорғау процестері стимулденеді.

    Сонымен интерлейкинді аурулардың диагностикасын жасағанда және оларды емдегенде тиімді пайдалану мүмкін.
    Қызметтері:

    • ИЛ-3 полипотентті колоний стимулдеу факторы болып қызмет атқарады.

    • ИЛ-4 В-жасушаларының өсу факторы, IgE, IgG1 синтезін стимулдейді.

    • ИЛ-5 В-жасушаларының өсу және жіктеу факторы IgAсинтезін стимулдейді.

    • ИЛ-6 В-жасушалар жіктелуіне қатысады. Жедел фаза ақуыздарының синтезін стимулдейді.

    • ИЛ-7 В және Т-лимфоциттердің пролиферациясына қатысады.

    • ИЛ-8 хемотаксис, ангиогенез, супероксид радикалдың бөлініп шығуы.

    • ИЛ-9 Т-жасушалар тірі қалу қабілеттілігін үлкейтеді, бағаналы жасушаларын активтендіреді, эритропоэтинмен бірге әсер етеді.

    • ИЛ-10 цитокиннің синтезін тежейді.

    • ИЛ-11 остекластың түзілуіне қатысады. Колоний стимулдеу факторы, in vivo тромбоциттердің санын жоғарылатады, қабыну процестерін стимулдейтін цитокиндер түзілуін тежейді.

    • ИЛ-12 Т-хелпер бір жасуша индукциясы

    • ИЛ-13 қабынуға қарсы цитокиннің түзілуін тежейді.

    • ИЛ-14 Igсекрециясын тежейді. Белсенді В-лимфоциттердің пролиферациясын стимулдейді.

    • ИЛ-15 пролиферацияны стимулдейді.

    • ИЛ-16 CD4 Т-жасушаның хемотаксисі

    • ИЛ-17 ИЛ-6,8 Г-Есф және ПГЕ2 шығуын стимулдейді.

    • ИЛ-18 НК –жасушаның белсенділігін арттырады.


    Интерлейкин – 1

    ИЛ – 1 көптегенмаңыздыфункциялардыатқарады: гипоталамусқаәсеретеді, лихорадкағаұшыратады, нейтрофильдердіңсүйеккемігіненшығуынстимулдейді, лимфоциттер мен нейтрофильдердіактивтендіреді.

    Басқажасуша – продуценті: эндотелий, фибробласт, астроциттер

    Негізгінысанажасушалары: Т-жасушалар, В-жасушалар, макрофагтар, ұлпажасушалар

    Интерлейкин – 1 1972жылы ашылған.

    ИЛ-1 функцияларына: полиморфтыядролылейкоциттердің хемотаксис реакциясыниндуцирлейді, макрофаг хемотаксисін, эндотелиальді клетка пролиферациясынжәнеостеобласттардың, В-клеткаларыныңдифференцировкасы мен пролиферациясынстимулдейді.

    Терапевтикалыққолданылуы: вакцинация кезінде адъювант ретіндеөолдануғаболады, жараныжазатынзатретінде, гемопоэз стимуляторы ретіндежәнеантиденетүзушізатретіндепайдаланады.

    ИЛ-1 екітүрліформадакездеседі:

    ИЛ-1 альфа және ИЛ-1 беттамолекулалықмассасы 17 кД, оларжақынтіркескен гендер арқылыкодталады. Адамдадоминаттытүрі ИЛ-1 бетта, ал тышқандардаболса ИЛ-1 альфа.

    Рентгенқұрылымдық анализ арқылы ИЛ-1 глобула түріндеекеніанықталған. N – және С – сондарынан тұрады. Осы участкелер арқылы центр түзіліп, оның көмегімен молекула рецептормен байланысады.

    ИЛ-1 продукциясының негізгі әртүрлі тканьдердегі фагоцит мононуклерлар, макрофагтар мен моноциттер перифериялық қандағы және перитонеальді экссудаттың, бауырдың куперов клеткалары, Лангерганс клеткалары, нерв тканьдердегі микроглиялар, эндотелиоциттер.

    ИЛ-1 рецепторлары молекулалық массасы 80 кД. 319 амиқышқылы қалдықтарынан тұрады. Клетка сыртында рецептормен байланысатын бөлік 3 иммуноглобулин тәрізді доменнен тұрады.

    Рецепторлардың бұл түріне сигналдарды сериналық протеинкиназалар жеткізеді.

    ИЛ-1 ең негізгі қасиеті Т-лимфоциттердің антиген сезгіш түрлерінің пролиферациясын стимулдеу. ИЛ-өзі Т-лимфоциттердің өсуінің факторы бола алмайды.

    ИЛ-1 бұл ИЛ-2 мен ИЛ-4-ке рецептор экспрессиясын күшейтеді.
    Интерлейкин-2

    Табиғи 2 интерлейкин гидрофобты гликопротеин, 133 амин қышқылының қалдықтарынан құралған біртізбекті полипептид, молекулалық салмағы – 15,5 кДж

    Ақуыз молекуласының құрамына кіретін көмірсу бөлігі биологиялық қызметі үшін in vitro жағдайда маңызды емес, 2 интерлейкин 153 амин қышқыл қалдықтарынан құралған ізашары түрінде түзіледі. Сигналдық пептид бөлінгеннен кейін белсенді түрге айналады.

    2 ИЛ-ді кодтайтын ген адамда 4-ші хромосомада орналасады. Адам ағзасында 2 ИЛ түзілетін негізгі жасушалары антигенмен немесе лектиннен ИЛ-1 және ИЛ-6 қатысуымен стимулденген, Т-хелпер лимфоциттер.

    2 ИЛ-діңкристалы алынады да рентген құрылымдық талдау арқылы молекуласының кеңістік құрылымы анықталынады.

    2 ИЛ молекуласы альфа спиральді ақуыз, 5 спиральді бөліктенген 2 интерлейкин құрылымы:

    Т-лимфоциттердің пролиферациясы мен дифференцияциясын активтендіреді, Т-хелпер лимфоциттердің спонтанды апоптозының деңгейін төмендетеді. Цитотоксикалық Т-лимфоциттер мен табиғи киллер жасушаларының белсенділігінің индукторы, В-лимфоциттер клондарының пролиферациясын стимулдейді және плазмалық жасушалармен иммуноглобулиндердің синтезін жоғарылатады. Басқа лимфокиндердің синтезі мен секрециясын стимулдейді.

    ИЛ-2-ді байланыстыратын рецепторы белсенді Т-лимфоциттердің сыртында орналасады және активтенген В-лимфоциттер мен макрофагтарда табылған тыныштық күйіндегі Т-жасушаларының сыртында ИЛ-2 байланыстыратын рецепторы болмайды. ИЛ-2 себінді ортада үнемі болғанда антигенмен активтенген Т-жасушалар шексіз бөлінеді. Осы жолмен әр антигенге ерекше Т-жасушалардың түрлерін цитотоксикалық Т-жасуша, Т-хелпер немесе Т-супрессор туындыларын алуға болады.

    Антиген мен ИЛ-2 әсерінен жасушалардың рецепторларының саны көбейеді, ал антигеннің концентрациясы төмендеген сайын рецепторлардың саны да төмендейді.

    Сонымен бірге жасушаның ИЛ-2 әрекеттесу қабілеттілігі төмендейді. ИЛ-2 әсерінен НК жасушалар да активтенеді, үнемі белсенді түрінде болады. Оларда антигенмен байланысатын рецепторы жоқ. ИЛ-2 байланыстыратын рецептордың 75кДж полипептидтік тізбегі үнемі түзіледі.

    ИЛ-2 В-лимфоциттердің бөлінуіне де қатысатын, антигендердің секрециясына мүмкіндік туғызады. Сонымен, интерлейкин тиімді иммундық жауап даму үшін өте маңызды қызмет атқарады. Интерлейкинді иммуностимулятор ретінде пайдаланады.

    1. Егудің тиімділігін ұлғайту үшін, себебі ағзаға антиген түскеннен кейінИЛ-2 Т-және В-лимфоциттердің клондық ұрпақталуын стимулдейді.

    2. Эксперименттік қатерлі ісіктерді ИЛ-2 көмегімен емдеуге болады.



    Интерлейкин – 3

    ИЛ-3 – цитокин, гемопоэтин группасына жатады. Қан түзуші клеткаларының бірі ИЛ-2 сияқты.

    Клеткалардың пролиферациясы мен дифференцирленуін стимудейді. Мегакариоцит, гранулоцит, моноцит және эритроциттерге айналуын стимулдейді.
    ИЛ-3 бұл өте қатты гликозирленген белок, молекулалық массасы 23-28 кД. 133 аминқышқылдарынан тұрады. 14,6кД

    ИЛ-3 гемопоэтин ретінде қызмет атқарады. Ол тек қан клеткаларының барлығына ғана емес, эритроидты клеткаға, мегакариоциттерге және ересек клеткаларға әсер етеді.

    Негізгі продуценттері ретінде активтенген Т-хелперлар роль атқарады.

    ИЛ-3 бастапқы аты – мультипотентті колонистимулдеуші фактор болып табылады.
    Интерлейкин - 6

    ИЛ-6 активтенген моноциттер немесе макрофагтармен продуцирленеді, эндотелиальді клеткамен, фибробласттармен активтенген Т-клеткалармен, сонымен қоса иммуноцит емес клеткалармен продуцирленеді.

    ИЛ-6 ИЛ-2-нің рецепторының экспрессиясының экспрессиясына жауапты, ИЛ-2-нің Т-клеткалары көмегімен жасалуын индуцирлейді.

    Бұл цитокин Т-лимфоциттердің пролиферациясын стимулдейді және гемопоэз реакциясына қатысады.
    Секреттелетін ИЛ-6 184 аминқышқыл қалдықтарынан тұрады және молекулалық массасы

    21 Кд.

    Клеткаға биологиялық әсері рецептормен байланысқанда жүзеге асады, мономер 468 аминқышқылдан тұрады.

    ИЛ-6 рецепторлары төмен және жоғары аффиндікке ие (3*10-10) әртүрлі органдар мен тканьдерден табылған. В-клеткалары, Т-клеткалар, гемопоэтикалық заттар, гепатоциттер ИЛ-6-ға әскерге жауапты.

    Алынуы:

    Адамның рекомбинатты ИЛ-2-ні культуральды ортасы штамы Sac.Serevisae ашытқысы көмегімен секреттеп алады. Ол бірнеше этаптан тұрады:

    • 6rf18-pjob штамы клеткасын фосфат құрамы төмендетілген минералды ортады өсіріледі.

    • ИЛ-2-ні СМ-целюллозалы концентрлейді.

    • ИЛ-2-ні хроматографиямен тазалайды.

    • Маннитол қатысуымен ИЛ-2-ні лиофилді кептіреді.


    Адамның рек. ИЛ-2 10-30млн. Ед/мг биологиялық активті болып келеді.
    Генді – инжнериялық әдіс арқылы ИЛ-2 өнеркәсіптің масштабында алынады. ИЛ-2 қосымша 20 аминқышқылымен клондалған болады. Сонымен, интерлейкиндер цитокиндер тобына жатады. Оларды емдегенде тиімді кеңінен пайдаланылады.

    Бұл ИЛ-2 вирустық ауруларды, иммунитет тапшылығы обырдың кейбір күрлерін емдеу үшін пайдаланылады. ИЛ-2 генін адам лимфоциттерінен E.coli жасушаларына ауыстыру негізінде ИЛ-2 алу әдісі Жапонияда өндірілген. ИЛ-2 өндірісі: гендік инженерия әдісін синтездейтін ашытқаның штаммы алынған. Рекомбинатты ИЛ-2 меншікті белсенділігі табиғи ақуыздың белсенділігіне ұқсас. ИЛ-2 препараттары моноклоналды антиденелерді пайдаланып таза күйінде алынады. Биотехнологиялық фирмалар ИЛ-2 өндірісін жүзеге асырады. ИЛ-2 дүниежүзілік нарығы 1995жылы 560млн долларға жетті.

    Қорытынды

    Қорыта келсек, цитокиндер – (молекулалық массасы 8-80 КДа) аутокринді немесе паракринді әсер ететін ұсақ белоктар. Осы жоғары белсенді молекулалардың түзілуі және босап шығуы аз уақытта жүзеге асады және қатаң реттеледі. Лимфоцитпен синтезделетін пролиферация және дифференцировка реттеушісі болып табылатын цитокиндерді , сонымен қатар иммунды жүйеде лимфокиндер деп те атайды. Олар өзіне (IL) – (Inter аралық leukins – қанның ақ жасушалары) интерлейкиндерді, интерферондарды және стимулдеуші фактор колониясын қосады IL қанның ақ жасушаларына әсер көрсетеді. Стимулдеуші фактор колониялары гематопоезді стимулдеп, ақ және қызыл қан клеткаларын айналдыру үрдісін стимулдейді. Кейбір цитокиндер жүйке клеткаларының пролиферациясын және гендердің экспрессиясын реттейді. Цитокиндер бірнеше топқа бөлінеді: Гематопоэтин, Интерферон, TNF – туысты молекулалары, иммуноглобулин және хемокин супертуыстастығының мүшелері.

    Пайдаланылған әдебиеттер:

    • Шортанбаев Ә. Ә. , Қожанова С. В. “ Жалпы иммунология ” Алматы, 2008 ж.

    • Р. В. Петров “Иммунология” Москва, 1987 ж.

    • Хаитов Р. М. “Иммунология” Москва, 2006 ж.

    • Вершигора А. Е. “Общая иимунология” Киев, 1990 ж.

    • Шортанбаев А. . А и др. “Общая иммунология” Алматы, 2009 ж.

    • Интернет сайттары: www. wikipedia. ru; www. med. ucoz. ru; www. ramler. ru;


    написать администратору сайта