Главная страница
Навигация по странице:

  • Жанама әсерлері

  • Ең тиімді әсерлі препараттар

  • Төмен әсерлі препараттар

  • Әсер ету механизмі

  • Стрептомицин және канамицин

  • Бийохинол

  • Тұмау

  • 5 теория фарс. Фармакология негіздері Сабаты таырыбы


    Скачать 1.24 Mb.
    НазваниеФармакология негіздері Сабаты таырыбы
    Дата21.05.2021
    Размер1.24 Mb.
    Формат файлаpptx
    Имя файла5 теория фарс.pptx
    ТипДокументы
    #207934
    Дисциплина : «Фармакология негіздері» Сабақтың тақырыбы; «Сульфаниламидті препараттар. Туберкулезге қарсы дәрілер. Сифилиске қарсы дәрілер.Вирусқа қарсы препараттар» - №5 Сабақтың түрі – теория Сабақтың типі: жаңа тақырыпты игеру. Сабақтың сұрақтары: 1. Сульфаниламидтердің жіктелуі, микробқа қарсы әсер ету механизмі мен спектрі, препараттарының салыстырмалы сипаттамасы, қолданылуы, жекелеген препараттарды қолдану ерекшеліктері.

    2. Туберкулезге қарсы терапия принциптері.

    3. Негізгі және резервті спирохетозға қарсы дәрілер.

    4. Вирусқа қарсы препараттар

    Сульфаниламидті препараттар

    Жіктелуі:

    1.Ас қорыту жолында жақсы сіңірілетіндер

    -қысқа мерзімді/8 сағ.дейін/-стрептоцид,этазол,сульфацил-натрия, уросульфан

    -орташа мерзімді/8-16 сағ/- сульфазин

    -ұзақ әсер ететін/24-48 сағ/-сульфапиридазин,сульфадиметоксин

    2. Ас қорыту жолында нашар сіңірілетіндер-фталазол,сульгин,фтазин

    Қолданылуы:Ас қорту жолында жақсы сің-дер- пневмония,сепсис,менингит, іріңді инфекциялар,ангина,отит,синусит.

    Ас қорыту жолында нашар сің-дер- дизентерия, гастроэнтрит.

    Жанама әсерлері: аллергия,диспепсия,қан айналым бұзылыстары.

    Туберкулезге қарсы терапияның қағидалары


    Терапия ұзаққа созылу қажет (12-18 ай және одан да жоғары)
    Терапияны үзбеу қажет (ол микобактерияның қанмен нашар қамтамасызданған ошақтарда терең орналасуымен шартталған)
    Препараттарды индивидуальды оптимальды дозамен, ерекше курспен береді
    Комбинирлеу екі немесе үш препаратты бірге қосып қабылдау, себебі монотерапия микобактерияның екіншілікті дәріге тұрақтылығын шақыру мүмкін.
    Емдеу кезінде міндетті түрде микробиологиялық бақылау жүргізу қажет

    Жiктемесi


    Ең тиімді әсерлі препараттар: изоникотин қышқылының гидразиді (изониазид, фтивазид, салюзид, метазид), рифампицин
    Орташа әсерлі препараттар: этамбутол, стрептомицин, протионамид, пиразинамид, канамицин, циклосерин
    Төмен әсерлі препараттар: ПАСҚ, тибон (тиоацетазон)

    ИНҚГ (изоникотин қышқылының гидразиді) - Изониазид Микобактерияға жоғары бактериостатикалық белсенділігі бар ең тиімді препарат


    Әсер ету механизмі микол қышқылының түзілуіне қажет көптеген ферменттерді (каталаза, дегидрогеназа, дезоксирибонуклеаза және т.б.) тежеп микобактерияның зат алмасуын бұзады  ТМБ-ның жасушалық қабырғасы бұзылады.
    Қолданылуы ересек адамдар және балалардың белсенді тбс-тың барлық түрлері.
    Жанама әсерлері: диспепсиялық көріністер, бас ауыруы, перифериялық невриттер, эйфория, ұйқының бұзылуы, жүректің ауыруы, дерматиттер. Кейде гепатит, гинекомастия, меноррагии дамиды.
    Көптеген жағымсыз әсерлер В тобының витаминдерінің, әсіресе пиридоксиннің жеткіліксіздігінен болады, себебі бұл препарат осы топтың витаминдерінің алмасуын бұзады.

    Рифампицин препараттары


    Рифампицин – кең спектрлі жартылай синтетикалық антибиотик. Туберкулез микобактериясына және лепраға, сонымен қатар грам оң бактерияларға айқын белсенді әсерін көрсетеді.
    Жоғары мөлшерде қолданғанда грам теріс бактерияларға және протейдің кейбір түрлеріне әсер етеді.

    Әсер ету механизмі Рифампицин ДНҚ-тәуелді РНҚ-полимеразамен байланысады  ТМБ және хламидияның РНҚ түзілуін тежейді  бактеряның көбеюі шектеледі.

    Монотерапия кезінде тұрақтылық дамиды, сондықтан оны изониазидпен, этамбутолмен бірге қосып қолдану қажет.

    Рифабутин (микобутин) рифампициннің туындысы, тіндерге жақсы өтеді, әсері өте жоғары, микобактерияның атипті түріне және спецификалық емес микробты флораға әсер ете алатын қасиеті бар, сонымен қатар бұл препаратты науқастар жақсы көтереді.
    Жанама әсерлері – диспепс. көріністер, бауыр және ұйқы безінің дисфункциясы, лейкопения, геморрагиялық синдром, несептің, тердің, жастың, контактты линзаның сарғыш түске боялуы.

    Стрептомицин және канамицин –аминогликозидтер тобының бірінші ұрпағына жататын кең спектрлі антибиотик. Грам+ және әсіресе грам- бактерияларды тежейді.


    Әсер ету механизмі: ТМБ ақуыз түзілуінің инициаторлы кешендерімен байланысады  и-РНК кодының қате оқылуын шақырады+ полисомдарды ыдыратып қызмет атқара алмайтын моносома түзілуін шақырады  ТМБ тынысы тоқтайды.
    Өте улы препараттар, ототоксикалық, нефротоксикалық әсер көрсетеді, жүйке-бұлшық еттік импульстің берілуін және АІЖ-нан белсенді сіңуі үрдісін бұзады.
    Инфекцияның ауыр ағымында қысқа курспен қолданады.

    Этамбутол


    Тек қана бөлініп жатқан микобактерияларды тежейді, басқа дәрілік заттарға тұрақты туберкулездің әр түрлі түрлерінде қолданады.
    Әсер ету механизмі: РНҚ және ақуыз түзілуін тоқтатады, сонымен қатар екі валентты металдармен ( медь, магний) байланысу қабілетін тежейді және рибосома құрылымын бұзады.
    Жанама әсерлері: көздің көру қабілетінің нашарлауы, түсті қабылдау қабілетінің бұзылуы.

    Сифилиске қарсы заттар


    Сифилис –бозғылт трепонемамен шақырылатын созылмалы инфекциялық ауру, ол әртүрлі тіндердің барлық жасушалық элементтеріне өте алатын және сол жерде ұзақ уақыт сақталатын қабілеті бар.
    Қарқынды антибиотикотерапияны өткізгенен кейінде қоздырғыш өзінің морфологиялық және функционалды қасиеттерін өзгертіп тіндерде сақталады.

    Негізгі препарат болып бензилпенициллин және оның туындылары жатады.


    Бензилпенициллиннің фармакологиялық әсері бактерияның жасушалық қабырғасының түзілуін тежеу болып табылады.
    Қолдану көрсеткіштері. Пенициллин препараттары сифилистің әр түрлі формаларында негізгі емі болып табылады.

    Құрамында висмут бар препараттар


    Бийохинол (Biiochinolun) – 8% нейтралденген шабдалы майындағы йодовисмутохинин қосындысы, 25% висмут, 56% йод бар.
    Бисмоверол (Bismoverolum) моновисмутвинді қышқылдың нейтралденген шабдалы майындағы негізгі висмут тұзының 7,5% қосындысы болып табылады.

    Вирусқа қарсы заттардың жіктелуі

    Клинико-фармакологиялық сипаттамасы бойынша:

    1. Герпеске қарсы (ацикловир,валацикловир,пенцикловир,фармцикловир)

    2. Цитомегаловирустарға қарсы (амантадин, римантадин,занамивир,озельтамивир)

    3. Антиретровирусты (зидовудин, фосфазид, ставудин,диданозин,зальцитабин,ламивудин)

    Ацикловир


    Таб 0,2г-0,4г 0,8г тәу 5 рет 0,2г-0,4 нан 8 сағат сайын 5күн
    Кап 0,2г тамырға 5 мг/кг әр 8 сағат с айын 7 күн. 12жасқа дейінгі 0,25г/м кв
    Сусп 0,2г -5 мл
    Ұнт. Ин арн 0,25г 0,5г 1,0г амп
    Крем 5 пай зақымданған теріге
    Май 5 пай
    Көз майы 3 пай коню қаб 5-6 рет тәу 5-10 күн

    Валакцикловир, Пенцикловир


    Таб 0,5г шыр тері герпес кез 0,5г 12 сағат сайын 5 күн .теміреткіде 1г 8сағ сайын 7-10 күн

    Пенцикловир

    Крем 1пай 2 сағ сайын күндіз, 4 күн зақымданған теріге


    Тұмау


    Тұмау немесе грипп– тыныс жолдарының жұқпалы вирустық ауруы. Аурудың қоздырғышы – ортомиксовирустар, олардың үш типі: АВС бар. Өте жұқпалы ауру. Тұмау вирусының сыртқы қабыршағының құрамында гемагглютицин (оны Н әрпімен белгіленеді) және нейраминидаза (N әрпімен белгіленеді) болады. Олар әр түрлі факторлардың әсерінен өзгеріп, тұмау вирусының жаңа вариантын түзуі мүмкін.
    Кейде ол асқынып кетіп тыныс жолын, нерв жүйесін, қан тамырды, жүректі ауруға шалдықтырады. Тұмауды қоздыратын вирустар (микробтар) тыныс жолының кілегей қабығында өсіп-өнеді. Тұмау тиген адам аурудың микробынжөтелгенде, түшкіргенде және қақырығы арқылы ауаға таратады. Сондай-ақ тұмау вирусы науқастың ыдысы, сүлгісі, қол орамалы, кітабы және т.б. арқылы жұғады

    Тұмауға қарсы препараттар


    Амантадин таб 0,1г
    Ер: 0,1г әр 12 сағ, 65 жастан үлкен: 0,1г аспау к.к
    1жастан үлкен бал: 0,15 г/тәу 2рет
    Арбидол таб 0,1г
    Кап 0,05г және 0,1г
    12 жастан үлкен бал: 0,2г 6 сағ сайын 3-5 күн
    2-6 жас бал: 0,05г 6 сағ сайын 3-5 күн
    Занамивир әр түрлі дозада 5мг нан
    Инг-ды ер 7 жастан үлкен бал: 100мг 12 сағ сайын 5 күн

    Цитомегаловирусқа қарсы химиопрепараттар


    Цитомегаловирусты инфекция қоздырғышы герпес тұқымдас вируспен шақырылған ауру, цитомегаловирус. Байқалу жиілігі 50 ден 85% ке дейін кездеседі. Ағзаға түскен цитомегаловирус ұзақ уақыт сақталады, жыныстық қатынас кезінде беріледі. Оны бір рет жұқтырып алса, жазылу мүмкін емес. Адам өзінің ауыратынын білмеуі де мүмкін. Цитомегаловирус адам иммунитеті төмендегенде ғана көрініс береді. Негізгі белгілері: орталық жүйке жүйесі зақымдалуы, тромбоцитопения, бауырдың зақымдалуы, жиі пневмония
    Бұл топқа ганцикловир, фоскарнет және цидофовир жатады.

    Ганцикловир


    Ұнт/инг арналған 0,5г флак
    Капсула 0,25г
    Тамыр ішіне көп ішке аз қолданылады шет елдерде ЖИТС адамдардағы ЦМВ ретинитті емдеуде қолданады. Арнайы дәрілік түрі: көз ішілік имплантант ретінде шығарылады.

    Антиретровирустық химиопрепараттар


    АИВ инфекциясы кезінде қолданылады. Оның 3 тобы бар
    1. АИВ кері транскриптазаның нуклеозидті ингибиторы
    2. АИВ бейнуклоезидті ингиботры
    3. АИВ протеазаның ингибиторы


    Зиводин

    Капсула 0,25г 0,1 г

    Ерітінді 10 мг/мл флак 20 мл

    Ішке ер: 0,6 г/тәу 2-3 рет

    Бала: 160мг/мкв әр 8 сағ

    Фосфазид

    Таб 0,2г, 0,4г

    Ер: 0,6-1,2г/тәу 2 рет

    Бал:10-20мг/кг/тәу 2 рет


    АИВ бейнуклоезидті ингиботры


    Ифавиренз
    Кап 0,05г 0,1гт 0,2г ішке ер:0,6г 1рет
    3 жасқа дейінгі бал: 13-15 кг 0,2г тәу15-20 кг 0,25г тәу 20-25 кг 0,3 г тәу 25-32кг 0,35г тәу 32-40кг 0,4г тәу

    АИВ протеазаның ингибиторы


    Саквинавир кап:қатты 0,2г жұмсақ0,2г
    Ішке

    Ер:қатты кап 0,6г әр 8 сағ кап жұмсақ 1,2г әр 8сағ

    Нелфинавир

    Таб 0,25г

    Ұнт/сусп ішке 50 мг/мл

    Ер: 20-30мг/кг 8 сағ сайын




    написать администратору сайта